Turbo pascal тілі



Жоспар:
1. Turbo Pascal . программалау тілі. Берілгендер типі
1.1Turbo Pascal туралы тарихи анықтама
1.2 Тілдің алфавиті
1.3 Қызметші сөздер
1.4 Идентификатор
1.5 Берілгендер типтерінің классификациясы:
1.5.1 Бүтін тип
1.5.2 Логикалық тип
1.5.3 Символдық тип
1.5.4 Нақты тип
1.6 Тұрақтылар.
1.7 Айнымалылар.
1.8 Стандартты функциялар.
1.9 Арифметикалық өрнектер
2. Turbo Pascal тіліндегі программа
2.1Программа құрылымы
2.2 Программа бөлімдері.
1. Turbo Pascal – программалау тілі
Берілгендер типі

1.1 Turbo Pascal туралы тарихи анықтама

Turbo Pascal – жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдың құрметіне Паскаль деп атаған.
Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті.

1.2 Тілдің алфавиті

Кез-келген тілді үйрену оның алфавитінен басталады. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфавиті дейміз. Turbo Pascal тілінің алфавиті мына символдардан тұрады:
1) Латын алфавитінің бас және кіші әріптері;
2) орыс, қазақ алфавитінің әріптері программада түсіндірме мәндерді жазуда пайдаланылады;
3) Араб цифрлары 0-9;
4) Арнайы символдар. Оларды белгілі бір функцияларды атқаруына сәйкес төмендегі топтарға жіктеуге болады:
а) Айыру белілері: _ (бос орын), “.”, “,”, “;”, “:”, (), [], “’-дәйекше“, “#-тор“;
ә) Арифметикалық амалдар таңбалары: +, -, *, /, div (бүтін бөлу), mod (бүтін қалдықты
анықтау);
б) Қатынас таңбалары: <, >, =, :=, <>, <=, >=;


1.1.-кесте Паскаль тіліндегі тыныс белгілер
Белгі Қолданылуы
{ } Программаға түсініктеме беруде
(* *) Программаға түсініктеме беруде
[ ] Массив өлшемін белгілеуде
(. . ) Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеуде
‘ Символдар мен жолдық тұрақтыларды белгілеуде
:= Айнымалы мәнін меншіктеуде
; Программаның жолдарын, операторларды, хабарламаларды айқындауда
: Айнымалылар типтерін айқындауда, (белгі мен оператор арасына)
= Тұрақтымен оның мәнінің арасын бөлуде
, Тізім элементтерінің арасын айыруда
.. Диапазон типін беруде
. Программа соңында
^ Көрсеткіш типін анықтауда
@ Айнымалылар адерсін, қосалқы программаны белгілеуде
# Символды оның коды бойынша белгілеуде
$ Компилятор мәліметін белгілеуде
Интернет
Е. А. Зуев. Программирование на языке Turbo Pascal 6.0, 7.0, М.:Веста,Радио и связь, 1993, — С.376, ISBN 5-256-01218-5
Турбо Паскаль программасы

Жоспар:
1. Turbo Pascal - программалау тілі. Берілгендер типі
1.1Turbo Pascal туралы тарихи анықтама
1.2 Тілдің алфавиті
1.3 Қызметші сөздер
1.4 Идентификатор
1.5 Берілгендер типтерінің классификациясы:
1.5.1 Бүтін тип
1.5.2 Логикалық тип
1.5.3 Символдық тип
1.5.4 Нақты тип
1.6 Тұрақтылар.
1.7 Айнымалылар.
1.8 Стандартты функциялар.
1.9 Арифметикалық өрнектер
2. Turbo Pascal тіліндегі программа
2.1Программа құрылымы
2.2 Программа бөлімдері.

1. Turbo Pascal - программалау тілі
Берілгендер типі

1.1 Turbo Pascal туралы тарихи анықтама

Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдың құрметіне Паскаль деп атаған.
Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы СРМ операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті.

1.2 Тілдің алфавиті

Кез-келген тілді үйрену оның алфавитінен басталады. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфавиті дейміз. Turbo Pascal тілінің алфавиті мына символдардан тұрады:
1) Латын алфавитінің бас және кіші әріптері;
2) орыс, қазақ алфавитінің әріптері программада түсіндірме мәндерді жазуда пайдаланылады;
3) Араб цифрлары 0-9;
4) Арнайы символдар. Оларды белгілі бір функцияларды атқаруына сәйкес төмендегі топтарға жіктеуге болады:
а) Айыру белілері: _ (бос орын), ".", ",", ";", ":", (), [], "'-дәйекше", "#-тор";
ә) Арифметикалық амалдар таңбалары: +, -, *, , div (бүтін бөлу), mod (бүтін қалдықты
анықтау);
б) Қатынас таңбалары: , , =, :=, , =, =;

1.1.-кесте Паскаль тіліндегі тыныс белгілер
Белгі
Қолданылуы
{ }
Программаға түсініктеме беруде
(* *)
Программаға түсініктеме беруде
[ ]
Массив өлшемін белгілеуде
(. . )
Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеуде
`
Символдар мен жолдық тұрақтыларды белгілеуде
:=
Айнымалы мәнін меншіктеуде
;
Программаның жолдарын, операторларды, хабарламаларды айқындауда
:
Айнымалылар типтерін айқындауда, (белгі мен оператор арасына)
=
Тұрақтымен оның мәнінің арасын бөлуде
,
Тізім элементтерінің арасын айыруда
..
Диапазон типін беруде
.
Программа соңында
^
Көрсеткіш типін анықтауда
@
Айнымалылар адерсін, қосалқы программаны белгілеуде
#
Символды оның коды бойынша белгілеуде
$
Компилятор мәліметін белгілеуде

1.3 Қызметші сөздер

Pascal тілінде алдын ала қызметі тағайындалған сөздер тобы қолданылады. Оларды Pascal-дың қызметші сөздері деп атайды. Бұл сөздер ағылшын тілінде берілгенімен, мағынасы атқарылатын іс-әрекетті баяндайды.
Мысалы: Progarm - сөзі программаның тақырыбын, begin - программаның басын, end - программаның соңын сипаттауға пайдаланылады.

1.2. кесте. Қызметші сөздер
Қызметші сөз
Мағынасы
Қызметші сөз
Мағынасы
Abcolute
абсолюттік
Label
белгі
And
және
Library
библиотека
Array
массив
Mod
бүтін қалдық
Asm
ассемблер
Nit
бос ссылка
Begin
басы
Not
терістеу
Case
таңдау
Object
объект
Const
тұрақты
Of
тип анықтау
Constructor
конструктор
Or
немесе
Destructor
деструктор
Packed
жинақталған
Div
бүтін бөлу
Procedure
процедура
Do
орында
Program
программа
Downto
кеміту
Record
жазба
Else
әтпесе
Repeat
қайталау
End
соңы
Set
көпшелеу
Export
экспорт
String
жол
External
сыртқы
Then
онда
File
файл
To
дейін
For
үшін
Type
тип
Function
функция
Unit
модуль
Forward
оздыру
Until
соған дейін
Goto
көшу
Uses
пайдалану
If
егер
Var
айнымалы
In
құрамында
While
әзір
InLine
негізгі
With
жазба басы
Interface
интерфейс
Xor
немесе кері
Interrupt
үзу

1.4 Идентификатор

Pascal тілінде атауды идентификатор деп атайды, яғни, идентификатор программаның кез-келген элементтіне (айнымалылар, тұрақтылар, функциялар, файлдар, жиындар, т.б.) берілген атау. Олар стандартты және пайдаланушылар идентификаторы болып екіге бөлінеді.
Стандартты функциялар, қызметші сөздер, т.с.с. стандартты объектілер атаулары стандартты идентификатор тобына жатады. Олардың көпшілігі алдын ала орындалатын операция немесе белгіленген элемент туралы мағлұмат беріп тұрады. Мысалы: Real (нақты сан), Writeln (шығару), Begin (басы), End (соңы).
Пайдаланушылар идентификаторы ретінде әріптер мен цифрлар тізбегі алынады. Программалаушы идентификатордың төмендегі жазылу ережелерін білуі қажет:
* идентификатор міндетті түрде әріптен басталатын латын әріптері мен цифрлардан тұрады;
* Оның құрамында орыс алфавитінің әріптері, арнайы символдар, , әсіресе бос орын болмауы қажет;
* қызметші сөздер пайдаланушылар идентификаторы бола алмайды;
* Идентификатордың максималь ұзындығы - 127 символ болғанымен, оның тек 63 символы ғана оқылады.
Идентификатор қысқа, әрі түсінікті болғаны дұрыс. Себебі, оның мағынасы болмағаны қателік туғызбаса да, белгіленген программа элементті туралы мәлімет беруі тиімді екенін ескерген жөн. Мысалы, metka12, blok, window1, т.с.с.
Бір программада бірнеше объектіге бір ғана атау беруге болмайды. Бұл шарт орындалмаған жағдайда экранда төмендегідей хабарлама шығады: Error 4: Duplicate identifier (Қате 4: Қайталанған идентификатор).
Идентификатор тағайындауда программалаушылар тарапынан жиі жіберілетін қателіктер:
3А - цифрдан басталған;
Nomer.Do - құрамында нүкте бар;
Blok# - арнайы символ қойылған;
My Program - құрамында бос орын бар;
Mod - қызметші сөз қолданылған.

1.5 Берілгендер типтерінің классификациясы

Программаның негізгі объектілері айнымалылар мен тұрақтылар болып табылады. Программа құру барысында, программалаушы олардың типтерін алдын-ала анықтауы қажет. Айнымалылар мен тұрақтылардың типтері - олардың мәндерін және оларға қолданылатын әртүрлі өңдеу амалдарын белгілейтін - басты көрсеткіш.
Pascal-да берілгендердің типтерін екі үлкен топтарға жіктеуге болады:
* Қарапайым типтер (скалярлық);
* Құрылымдық типтер (структуралық)

Берілгендер тптері

Қарапайым (скалярлық)

Құрылымдық (структуралық)

Стандарт-ты

Пайдала-нушылар

Жазабалар

массивтер

файлдар

жолдар

Бүтін

Нақты

Символ-дық

Логика-лық

1.5.1 Бүтін тип

Паскаль тілінің стандартында бүтін типтің Integer бір ғана түрі анықталса, Turbo Pascal-да стандартты бүтін типтің бес түрі бар: Shortint, Integer, Longint, Byte, Word

Тип
Диапазон
Форматы
Көлемі
(байт)
Shortint
-128 ... 127
таңбалы
1
Integer
-32768 ... 32767
таңбалы
2
Longint
-2147483648 ... 2147483647
таңбалы
4
Byte
0 ... 255
таңбасыз
1
Word
0 ... 65535
таңбасыз
2

1.5.2 Логикалық тип

Паскальда стандартты логикалық тип - boolean (көлемі 1 байт). Логикалық типтің бұл атауы, атақты математик Джордж Буль есіміне байланысты Boolean деп аталады. Логикалық типтегі элемент тек екі мәнді қабыладай алады: true(ақиқат), false (жалған). Логикалық типтің мәні true болғанда 1 санына, false болғанда 0 санына тең болады.
Логикалық типтегі берілгендер программада шартты тексеруде қолданылады. Логикалық шарт мына қатынас таңбалары: , , =, =, , = арқылы жазылады. Мысалы, 1230- true, 12=30 false.
Логикалық типтегі берілгендерге логикалық амалдар қолданамыз. Логикалық амалдар арқылы логикалық өрнектер ұйымдастыруға болады. Логикалық өрнектің нәтижесі әрқашанда екі мәннің true, false біріне тең болады.

1.5.3 Символдық тип

Символдық (литерлік) тип Char ASCII (American Standart Code for Information Interchange) кодының барлық түріне сәйкес келетін символдарды анықтайды. Char типтегі көрсеткіштердің кодын ORD функциясымен алуға болады. Осы кодтары арқылы символдық типтегі көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыруға болады.
Белгілі бір іс-әрекетті атқаратын, басқарушы символдарға 0-ден 31-ге дейінгі код тағайындалған. Символдық тип айнымалылар мәні `(дәйекше) таңбасына алынады. Мысалы: `A', `$', `2', т.с.с.
Символдық типтің кеңейтілген түсінігі жолдық тип String болып табылады.

1.5.4 Нақты тип

Паскальдың стандартында нақты типтің бір ғана түрі Real анықталса, Turbo Pascal-да нақты типтің 5 түрі қолданылады: Real, Single, Double, Extended, Comp

Тип
Диапазоны
Формат
(цифр саны)
Көлемі
(Байт)
Real
2,9*10-39 ... 1,7*1038
11-12
5
Single
1,5*10-45 ... 3,4*1038
7-8
4
Double
5*10-324 ... 1,7*10308
15-16
8
Extended
3,4*10-4932 ... 1,1*104932
19-20
10
Comp
-263+1 ... 263-1
19-20
8

Мұндағы Single, Double, Extended, Comp типтерін компьютердің жетілген, соңғы түрлерінде жұмыс істегенде қолданған тиімді. Себебі бұл нақты типтің түрлерін пайдаланғанда компьютердің қосымша процессоры болғаны жөн.
Нақты типтегі сандарды жазудың екі тәсілі бар: әдеттегідей және экспоненциал.
Өте үлкен және өте кіші нақты сандарды жазуда 10 санының дәрежесін қолданған ыңғайлы (12*10-16, 3*108). Осындай сандарды экспоненциал түрге келтіру үшін 10-ның орнына Е символы және дәреже көрсеткіші жазылады.
12*10-16 12Е-16
3*108 3Е+8
Кез-келген нақты типтегі сан компьютер жадысында экспоненциал түрде сақталынады. Программа нәтижесі нақты сан болса, бұл сан экранға экспоненциал түрде шығады.

1.6 Тұрақтылар.

Программада қолданылатын берілгендердің элементіне тұрақты немесе айнымалы жатады. Программаның басында мәні анықтал,ан және программаның орындалу процесінде осы мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты деп аталады.
Turbo Pascal-да тұрақтылардың сандық, логикалық, символдық, жолдық түрлері қолданылады. Сандық тұрақтылардың мәні нақты және бүтін сандар болады. Логикалық мазмұндағы ақиқат-жалған немесе 0-1 сигналдарын қабылдай алатын тұрақтылар логикалық тұрақты деп аталса, символдық және жолдық тұрақтылар жеке символдан және олардың жиынтығынан тұрады.

1.7 Айнымалылар.

Программаның орындалу барысында мәні өзгере алатын шама - айнымалы деп аталады. Программадағы айнымалы ұғымы түсінікті болу үшін оны компьютердің аты аталған (идентификаторы) ұяшығы деп қарастырайық. Мысалы: c:=2 яғни, с атаулы ұяшыққа 2 саны орналастырылды дейік. c:=c+4 амалы орындалғаннан кейін с ұяшығындағы 2 санына 4 қосылып, c:=6 болады. Ұяшыққа жазылған соңғы мәлімет бастапқы мәліметтерді өшіріп отырады. Мысалдан көргеніміздей, әр түрлі өңделуден кейін ұяшық ішіндегі мәлімет өзгереді. Ал ұяшық, яғни айнымалы атауы сол қалпында қалады. Айнымалының соңғы мәні ағымдағы мән деп аталса, айнымалы әр уақытта бір ағымдағы мәнге ие болады.

1.8 Стандартты функциялар.
Паскаль тілінің стандартына қарағанда Turbo Pascal-да стандартты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Turbo Pascal программалау тілі
Turbo Pascal жүйесінде қайталанатын процестерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль ортасында жұмыс
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Турбо Паскаль тілінде программалау
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal тілінде циклдармен жұмыс
Пәндер