Экологиялық факторлар туралы түсінік
Жоспар
I.Кіріспе
Экологиялық факторлар туралы түсінік 2
II.Негізгі бөлім: 3
1. Абиотикалық фактор түрлері 3
2. Биотикалық факторлар 5
3. Антропогенді фактор 9
III. Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер 14
I.Кіріспе
Экологиялық факторлар туралы түсінік 2
II.Негізгі бөлім: 3
1. Абиотикалық фактор түрлері 3
2. Биотикалық факторлар 5
3. Антропогенді фактор 9
III. Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер 14
Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз.
Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпалын тигізетін күштерді немесе жағдайларды фактор деп атайды. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Тіршілік иелері бейімделу реакцияларымен жауап қайтаратын кез келген орта жағдайының ішкі және сыртқы күшін экологиялық фактор дейді. Экологиялық фактор организмдегі және экожүйелердегі процестердің жылдамдығы мен бағытын реттеп отырады.
Экологиялық факторлар мынадай түрлерге бөлінеді:
- тіршіліксіз орта факторлары немесе абиотикалық факторларға;
- биотикалық – тіршілігі бар ортаның факторлары;
- антропогендік – адамның шаруашылық қызмет қарекетінен тікелей немесе жанама түрде туындайтын фактор.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ақбасова А.Ж. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы. 2003.-292 бет.
2. Бейсенбаева А. С. Экология, Алматы, Ғылым, - 2001
3. Қуатбаев А.Т. Жалпы экология: оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 2012.- 376 бет.
4. Оспанова Г.С. Экология: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2002.- 405 бет.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар - топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз -- организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз.
Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпалын тигізетін күштерді немесе жағдайларды фактор деп атайды. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Тіршілік иелері бейімделу реакцияларымен жауап қайтаратын кез келген орта жағдайының ішкі және сыртқы күшін экологиялық фактор дейді. Экологиялық фактор организмдегі және экожүйелердегі процестердің жылдамдығы мен бағытын реттеп отырады.
Экологиялық факторлар мынадай түрлерге бөлінеді:
тіршіліксіз орта факторлары немесе абиотикалық факторларға;
биотикалық - тіршілігі бар ортаның факторлары;
антропогендік - адамның шаруашылық қызмет қарекетінен тікелей немесе жанама түрде туындайтын фактор.
Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар - химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер т.б.) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жел, радиация т.б.) деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялык және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер, т.б. факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.
Абиотикалық фактор деп тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсерін тигізетін бейорганикалық табиғаттың құбылыстары мен құрамды бөліктері. Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.
Жарық. Белгілі француз астрономы К. Фламмарион : Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған - деді. Биосферадағы ең маңызды процесс - фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге асырылады. Тірі ағзалардың жарыққа қатынасын екі жақты қарастыруға болады: бір жағынан жарықтың тікелей жасуша протоплазмасына әсері ағзаны жойып жіберуі мүмкін, ал екінші жағынан - жарық тіршілікке қажетті энергияның бірінші ретті көзі.
Жарықтың мөлшері радиация жиынтығымен анықталады. Полюстерден экваторға қарай жарықтың мөлшері артады.
Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер, сциофиттер және факультативті гелиофиттер.
Жарық сүйгіш түрлер (гелиофиттер) - жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі. Фотосинтез процесінің тыныс алудан басымдылығы тек жоғары жарықтың жағдайында орын алады.
Күнбағыс, итошаған, қойжелкен тәрізді жарық сүйгіш өсімдіктердің гүлдері жарыққа қарай күн бағытымен бұрылып отырады.
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) - күшті жарықты көтере алмайды, үнемі көлеңкеде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папоротниктер, мүктер).
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) - жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көреді (орманның көптеген өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары).
Ормандарда көлеңкеге төзімді ағаштар қалың, бірігіп өседі. Олардың көлеңкесінде анағұрлым көлеңкеге төзімді ағаштар мен бұталар, ал төменгі белдеуінде - көлеңке сүйгіш бұталар мен шөптесін өсімдіктер өседі.
Кеңістікті бағдарлау құралы ретінде жарық жануарлар өмірінде де маңызы зор. Қарапайым жануарлар өзінде жарық сезгіш органеллалар пайда болады. Жасыл эвглена жарық сезгіш көзшенің көмегімен ортаның жарық дәрежесіне жауап береді.
Жануарлар күндізгі, түнгі және қас қарайғанда тіршілік ететін жануарлар болып бөлінеді. Сонымен қатар жарық күнді көре алмайтын, тек қараңғыда тіршілік ететін (топырақ жануарлары, үңгірлер мен терең жерлерде мекендейтін) жануарлар, жануарлар мен өсімдіктердің ішкі паразиттері де бар.
Биолюминесценция дегеніміз тірі ағзалардың жарық шығаруға қабілеттілігі. Бұл қоршаған ортадан түсетін тітіркендірулерге жауап ретінде катализатордың әсерінен күрделі органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде болады.балықтар, бесаяқты былқылдақденелілер және басқа да гидробионттардың, сондай-ақ шілделік тұқымдасының қоңыздары жарық сигналдарын шығаруға қабілетті.
Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың бірі - температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Ылғалдылық жетіспейтін жоғары температуралы белдеулерде тарихи даму барысында жапырақ бетінің ауданы кіші немесе жапырақтары болмайтын өсімдіктердің морфологиялық типі қалыптасқан.
Көптеген шөл өсімдіктерінде ақшыл-түкті жабыны болады. Бұл бейімделушілік күн сәулелерін шағылыстырып, өсімдікті шектен тыс қызып кетуден қорғайды (құм қарағайы).
Жануарларда ағзаны қолайсыз температуралардың әсерінен қорғауға бағытталған морфологиялық бейімделулер қалыптасқан. Неғұрлым жануар ірі және денесі шағын болған сайын оған тұрақты температураны ұстап тұру жеңіл. Ал неғұрлым жануар ұсақ болса, оның салыстырмалы ауданы жоғары және жылу жоғалтуы да, зат алмасу деңгейі де, энергия жоғалтуы да жоғары.
Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың экологиялық екі типін бөліп көрсетеді: пойкилотермді (салқын қанды) және гомойтермді (жылы қанды).
Пойкилотермді ағзалардың зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу ретту механизмдері жоқ дерлік. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Оларға омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады.
Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура ауытқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады.
Гомойтермді ағзаларға - зат алмасу деңгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады.
Пойкилотермді және гомойтермді жануарлардың арасында аралық жағдайда гетеротермді жануарлар орналасады. Оларда белсенді жағдайда дене температурасы салыстырмалы түрде жоғары және тұрақты болса, ал тыныштық күйінде дене температурасының сыртқы орта температурасынан айырмашылығы болмайды. Оның өкілдеріне - сарышұнақ, кірпі, жарғанат, аю, түрпітек, кенгурулар кіреді.
Ылғалдылық. Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық фактор және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады. Мысалы, балдырлар денесінің 96-98 пайызын, шөптесін өсімдіктер жапырағының 83-86 пайызын, мүктер мен қыналардың - 5-7 пайызын, былқылдақденелілердің 80-92 пайызын, бунақденелілердің 46-92 пайызын, қосмекенділердің - 93 пайызын, сүтқоректілердің 68-83 пйызын су құрайды.
Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің, әр түрлі даму кезеңдерінде суға деген қажеттілігі әр түрлі болады. Ол ауа райына, топырақ типіне байланысты.
Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындарының өткізгіштігі маңызда рөл атқарады. Су режиміне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынадай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдылықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады.
Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. гидатофиттер - су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығынан суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл және т.б.).
2. гидрофиттер - құлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ).
3. Гигрофиттер - ылғалдығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда, батпақтарда - батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.
4. Мезофиттер - қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, арамшөптер жатады.
5. Ксерофиттер - құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер.
Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:
1. Гидрофилдер - ылғал сүйгіш жануарлар (құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялар).
2. Мезофилдер - орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).
3. Ксерофилдер - жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырмен жорғалаушылар). Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері пайда болған. Мысалы шөл тасбақалары суды қуығында қор жинайды. Кейбір сүтқоректілер май қабатының тотығуы нәтижесінде пайда болған метоболиттік суды пайдалануға бейімделген.
Биотикалық факторлар дегеніміз - тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестср жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-катынаста болады. Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.
Биотикалық факторларға тірі организмдердің ортаға тікелей не аралық ықпалын тигізетін факторлар тобы жатады. Биотикалық факторлар дегеніміз бір организм тіршілігінің екінші организм тіршілігіне, сондай-ақ өлі мекен ортасына тигізетін әсер-ықпалының жиынтығы. Биотикалық факторларға зоогенді (жануарлар әсері), фитогенді (өсімдіктер әсері), микробогенді (микроорганизмдердің әсері) факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер газ тәрізді заттектер бөліп шығарады, ол микроорганизмдерге жойғыш әсер етуімен қатар табиғи ортаны сауықтырады және тұрақтандырады. Ал неше түрлі вирустар мен микроорганизмдер өсімдіктердің жұқпалы ауруларын кең таратады.
Организмдер арасындағы қарым-қатынас өте күрделі және алуан түрлі, оларды шартты түрде тікелей немесе жанамаға бөлуге болады. Тікелей байланыс қоректену жолымен анықталады: өзінің тіршілігіне энергияны кейбір жануарлар өсімдіктерді немесе басқа жануарларды жеу арқылы алады. Жыртқыш-құрбан немесе ие-паразит жүйелеріндегі қарым-қатынас нәтижесі табиғи іріктелуді және икемделінгендердің сақталуын қамтамасыз етеді, популяция санының динамикасын анықтайды. Жанамалық қарым-қатынаста бір организмдер екіншілерге ортатүзушілік рөлді атқарады.
Өсімдіктер басқа организмдердің тіршілік ортасына жатады. Мысалы, ағаштардың қабығында, тамырында, жапырақтарында, жемістерінде құрт-құмырсқалар мен омыртқасыздар тіршілік етеді.
Биотикалық факторлар тірі ағзалардың өзара әсерімен және өзара ықпалдасуымен байланысты. Тірі организмдердің бір-біріне әрекет жасауын жіктеу олардың өзаралық реакцияларына негізделеді. Реакциялар гомотиптік, яғни бір түрге жататын жеке немесе организм топтарының өзара қатынасы, және әр түр өкілдерінің қарым-қатынасына негізделген гетеротиптікке бөлінеді.
Гомотиптік реакциялар бір түрдің дараларының арасында байқалады. Гомотиптік реакциялардың ішінен экологиялық маңызды түрлеріне топ пен масса, түршілік бәсекелестік эффектісін атауға болады.
Топтық эффект - топ құрып тіршілік ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез - құлқына, физиологиясына, даму мен көбеюіне әсері.
Көптеген бунақденелілілердің (тарақандар, қанатты шегірткелер және т.б.) топта жеке тіршілік етуге қарағанда зат алмасуы, өсуі мен дамуы жылдам жүреді.
Көптеген жануарлардың түрлері тек үлкен топқа біріккенде ғана қалыпты дамиды. Мысалы, африка пілдерінің өмір сүруі үшін үйірде 25 дарадан кем болмауы керек, ал солтүстік бұғыларының өнімділігі жоғары үйірлері 300 - 400 дарадан кем емес. Топтанып өмір сүру жануарларлың азығын іздеуі мен табуын, жауларынан қорғауын оңайлатады. Қасқырлар үйірі ірі жануарларға шабуыл жасайды, ал жеке даралар мұны жасай алмайды. Бірқазандардың үйіріне балықтарды таяз суға айдап ұстау оңай.
Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабылетін артуына әкелектін физиологиялық процесстердің тиімділігін топтық эффект деп атайды. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психо-физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы, қой жеке болса тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процестер қалпына келеді. Жалғыз қыстайтын жарқанаттардың зат алмасу деңгейі, колониямен салыстырғанда жоғары болады. Бұл энергияны көп жоғалтуға, нәтижеде өліммен де аяқталуы мүмкін. Көптеген жануарлардың топтан тыс өнімділігі іске аспайды. Көгершіндердің кейбір түрлері егер басқа құстарды көрмесе жұмыртқа салмайды.
Топтық эффект жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды бірге тұруға мәжбүр етсе, олардың көптеген көрсеткіштер қалыпты шамадан ауытқиды. Мысалы, құлақты кірпілерді топта ұстаса жеке кірпімен салыстырғанда 134 %-ға оттегін көп пайдаланады.
Даралар санының шектен тыс артуы мен популяция тығыздығының артуы арқылы массалық эффекті қоршаған ортаны өзгертеді. Масса эффектісі өнімдік өсу жылдамдығы жануарлардың өмір сүру жасы кері әсер етеді. Мысалы, ұндағы ұн құртының популяциясының дамуы барысында экскременттер түлеу өнімдері жиналып, ұнның мекен ету ортасы ретіндегі қасиетін нашарлатады. Бұл осы бунақденелілер популяциясындағы өнімділіктің төмендеуі мен өлімнің артуына әкеледі.
Табиғатта топтық эффект пен массалық эффект бір уақытта байқалып отырады.Әрбір жануардың түрі бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оитималды тығыздығы болады (Олли принципі).
Гомотиптік реакцияларға түрішілік бәсеке де жатады. Себебі, неғұрлым бәсекелестердің қажеттіліктері ұқсас болса, бәсекелестік жоғары болады.
Гетеротиптік қарым-қатынастың ең көбірек тараған түрі - жыртқыштық, бір түрдің екінші түрді аңдуы мен оларды ұстап жеуі, мысалы, құстардың құрт-құмырсқаны,балықтар және т.б.
Екінші түрі - паразитизм. Организм - паразит басқа жануардың немесе өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде немесе ұлпаларында тұрақты не белгілі бір кезеңде мекендеп, оның есебінен өзіне қажетті заттармен қоректенеді. Организм - иесінің сыртында тіршілік ететін жануарларды, өсімдіктерді немесе микроорганизмдерді эктопаразиттер деп, ал организм-иесінің ішінде тіршілік ететіндерді эндопаразиттер деп атайды.
Организмдер арасындағы қарым-қатынастың басқа түрлерінің ішінде жақсы таныс болып организмдер арасындағы тиімді қатынастар:
1. мутуализм (әр түрлі қоректік деңгейдегі организмдер - өсімдіктер мен бактерия - селбеспе қоректілер, сондай-ақ адам мен мәдени ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz