Лингвистикалық практика



1. Қазақ тілі лингвистикасының логикалық философиялық
негіздері
2. Лингвистикалық логика
3. Морфонология және оның нысандары
4. Қазақ тілі морфонологиясының зерттеу обьектісі мен міндеттері
5. Грамматиканың шығу тарихы

Жалпы грамматиканың шығу тарихы

6. Қазақ тіл білімінің тарихына шолу
7. Ресей және Батыс Еуропа түркітанушыларының
зерттеулеріне шолу
8. Қазақ тіл білімінің Кеңес дәуірінде зерттелуіне шолу
Ғылыми әдебиетте тіл онтологиясына, тілдің философиялық мәселелеріне арналған зерттеулер мол. Дегенмен тіл құбылысы, жалпы тілдің табиғаты толық зерттеліп болды дей алмаймыз. Жер бетіндегі тілдердің табиғаты мен дамуы туралы әрқилы көзқарас қалыптасқан. Ертеде тіл құдіретті сый ретінде танылса, бүгінгі ғылым оны адамның санасында пайда болатын күрделі жүйе деп бағалайды. Алайда тілдің болмысын нақты тіл деректерін пайдалана отырып айқындайтын, бірізді әрі қисынды лингвистикалық тұжырым жасалмаған екен. Батыс тіл біліміндегі тілдердің туыстығы туралы тұжырымдар, негізінен, герман-роман тобындағы тілдерді көне санскрит, еврей тілдерімен салыстыра зерттеу негізінде жасалған. Түркі тілдері болса, сол деңгейде де зерттелмеген екен. Тарихи зерттеулерде археология ғылымым анықтаған ежелгінің материалдық мәдениеті негізге алынады. Көшпелілік пен отырықшылық рухани-мәдени сала үшін маңызды болмайды. Бірақ, қазіргі қазақ этнологиясы түркілердің мәдени болмысын көшпелі өмір сүру салтымен өлшеп келеді. Ал тіл, жазу, дін және т.б. қоғамдық құбылыстар назардан тыс қалып жатады.
Тілдің философиясы тіл жүйесінің логикалық және абстрактылы сипатын анықтайтыны белгілі. Тілдік зерттеу мынадай принциптер ұсынады: тілдің белгілі бір жүйесі болады және тілдің дамуындағы тарихи кезеңдер шартты түрде белгіленеді. Осыдан да қазіргі тілдердің ортақ тегін анықтаудың қиындығын аңғаруға болады.
Тілдік жүйенің қалыптасуында белгілі бір дүниетаным маңызды болады деген пікір негізсіз. Бүгінгі таңда тілдің табиғаты фонетикалық құбылыстардың негізінде анықталуы да біраз тілші ғалымдарды «дыбыстық фетишизмге» ұрындырып келеді. Сондықтан да біз фонетикалық өзгерістің табиғатын, тілдік жүйенің семантикалық, концептологиялық, типологиялық және семиотикалық қырларынан іздеуді ұсынып отырмыз.
Қазақ тіл білімі үшін тіл философиясы әзірше таңсық сала деуге болады. Түркі (қазақ) тіл білімінде тілдің болмысын семантика-семиотикалық, философиялық тұрғыда қараған зерттеулер жоқтың қасы. Алғашқы қауым тілін анықтауға талпынған: ым тілі, дыбысқа еліктеу, еңбек, қоғамдық келісім т.б. болжамдар, негізінен фонологиялық сипатта болғандықтан нәтиже бермегені белгілі. Бұл тілдің тамырын тым әріден іздеу жемісті болмайтынын көрсетіп отыр. Аталған теорияларды нақты тілдік деректер арқылыы тексере де алмаймыз.
«Қазақ тілі лингвостилистикасының логика-философиялық негіздері». Тіл мен ойлаудың байланысы, олардың өзара әрекеттесуі барлық лингвистикалық және философиялық бағыттарда мойындалып, қай уақытта да түрлі қырынан қарастырылып келеді. Бірақ стилистиканың философиялық негіздері мен ол байланыстың сипаты, маңыздылығы жөнінде қазақ тіл білімінде терең сөз бола қойған жоқ. Ал шындығында, стилистиканың философиялық негіздерін тану арқылы тіл мен ойлау мәселесінің тағы бір арнасы анықталып, стилистиканың теориялық бір тамыры анықталады және аса маңызды тұсы – адамның дүниетанымындағы тілдің түпмәні, адамзат қоғамы мәдениетінің мәртебесі айқындалады.
В. фон Гумбольдттың тіл мен ойлаудың өзара тығыз қарым-қатынасы туралы концепциясына сүйенетін болсақ, мынадай мәселелер ерекшелініп алынуы керек деп санаймыз. В. фон Гумбольдт ең алғаш рет тілді тек адамдардың қарым-қатынас құралы ғана емес, дерексіз, топтастырылған
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі:

1. Т. Қордабаев Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары, Алматы 1987 ж

2. І. Кеңесбаев Ұлы октябрь және қазақ тіл білімі // Қазақстан коммунисі, 1967 ж

3. І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы, 1975 ж

4. М. Абақан, Тілдің мәдени философиясы, Алматы «Айкос» 2000 ж

5. А. Айғабылұлы, Қазақ тілі морфонологиясы, автореферат. Алматы 1997 ж.

6. К. Аханов, Тіл білімінің негіздері, Алматы «Санат» 1993 ж

7. Ә. Хасенов, Тіл білімі, Алматы «Санат» 2003 ж

8. Ш. Бектұров, М. Серғалиев, Қазақ тілі. Алматы «Білім» 1994 ж

9. Р. Сыздық, Қазақ әдеби тілінің тарихы, Алматы «Арыс» 2004 ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан білім және ғылым министрлігі Қарағанды
Болашақ университеті

Тақырыбы: Лингвистикалық практика

Орындаған: Омирбекова Д.Ш
К – 11 – 1
Жетекші: Маретбаева М.Ә

Қарағанды 2012
Қазақ тілі лингвистикасының логикалық философиялық
негіздері

Адам
баласы адам сиқына
келгенше біраз мерзім
өтіп кетеді емес пе?
Құран, Инсан сүресі, 1 аят.

Сократ: ... тек адам ғана
өз есіміне лайықты аталған:
антропос – көз алдындағысын
зерттеуші.
Платон. Кратил.

Ғылыми әдебиетте тіл онтологиясына, тілдің философиялық мәселелеріне
арналған зерттеулер мол. Дегенмен тіл құбылысы, жалпы тілдің табиғаты толық
зерттеліп болды дей алмаймыз. Жер бетіндегі тілдердің табиғаты мен дамуы
туралы әрқилы көзқарас қалыптасқан. Ертеде тіл құдіретті сый ретінде
танылса, бүгінгі ғылым оны адамның санасында пайда болатын күрделі жүйе деп
бағалайды. Алайда тілдің болмысын нақты тіл деректерін пайдалана отырып
айқындайтын, бірізді әрі қисынды лингвистикалық тұжырым жасалмаған екен.
Батыс тіл біліміндегі тілдердің туыстығы туралы тұжырымдар, негізінен,
герман-роман тобындағы тілдерді көне санскрит, еврей тілдерімен салыстыра
зерттеу негізінде жасалған. Түркі тілдері болса, сол деңгейде де
зерттелмеген екен. Тарихи зерттеулерде археология ғылымым анықтаған
ежелгінің материалдық мәдениеті негізге алынады. Көшпелілік пен
отырықшылық рухани-мәдени сала үшін маңызды болмайды. Бірақ, қазіргі қазақ
этнологиясы түркілердің мәдени болмысын көшпелі өмір сүру салтымен өлшеп
келеді. Ал тіл, жазу, дін және т.б. қоғамдық құбылыстар назардан тыс қалып
жатады.
Тілдің философиясы тіл жүйесінің логикалық және абстрактылы сипатын
анықтайтыны белгілі. Тілдік зерттеу мынадай принциптер ұсынады: тілдің
белгілі бір жүйесі болады және тілдің дамуындағы тарихи кезеңдер шартты
түрде белгіленеді. Осыдан да қазіргі тілдердің ортақ тегін анықтаудың
қиындығын аңғаруға болады.
Тілдік жүйенің қалыптасуында белгілі бір дүниетаным маңызды болады
деген пікір негізсіз. Бүгінгі таңда тілдің табиғаты фонетикалық
құбылыстардың негізінде анықталуы да біраз тілші ғалымдарды дыбыстық
фетишизмге ұрындырып келеді. Сондықтан да біз фонетикалық өзгерістің
табиғатын, тілдік жүйенің семантикалық, концептологиялық, типологиялық және
семиотикалық қырларынан іздеуді ұсынып отырмыз.
Қазақ тіл білімі үшін тіл философиясы әзірше таңсық сала деуге
болады. Түркі (қазақ) тіл білімінде тілдің болмысын семантика-семиотикалық,
философиялық тұрғыда қараған зерттеулер жоқтың қасы. Алғашқы қауым тілін
анықтауға талпынған: ым тілі, дыбысқа еліктеу, еңбек, қоғамдық келісім т.б.
болжамдар, негізінен фонологиялық сипатта болғандықтан нәтиже бермегені
белгілі. Бұл тілдің тамырын тым әріден іздеу жемісті болмайтынын көрсетіп
отыр. Аталған теорияларды нақты тілдік деректер арқылыы тексере де
алмаймыз.
Қазақ тілі лингвостилистикасының логика-философиялық негіздері. Тіл
мен ойлаудың байланысы, олардың өзара әрекеттесуі барлық лингвистикалық
және философиялық бағыттарда мойындалып, қай уақытта да түрлі қырынан
қарастырылып келеді. Бірақ стилистиканың философиялық негіздері мен ол
байланыстың сипаты, маңыздылығы жөнінде қазақ тіл білімінде терең сөз
бола қойған жоқ. Ал шындығында, стилистиканың философиялық негіздерін тану
арқылы тіл мен ойлау мәселесінің тағы бір арнасы анықталып, стилистиканың
теориялық бір тамыры анықталады және аса маңызды тұсы – адамның
дүниетанымындағы тілдің түпмәні, адамзат қоғамы мәдениетінің мәртебесі
айқындалады.
В. фон Гумбольдттың тіл мен ойлаудың өзара тығыз қарым-қатынасы туралы
концепциясына сүйенетін болсақ, мынадай мәселелер ерекшелініп алынуы керек
деп санаймыз. В. фон Гумбольдт ең алғаш рет тілді тек адамдардың қарым-
қатынас құралы ғана емес, дерексіз, топтастырылған ойлаудың аса қажетті
шарты екендігін дәлелдеді. Ақыл-ой әрекеті – тек қана рухани әрекет, онда
да терең тамырдан тыныс алатын дыбыстық тілмен білінбейтін, тек сезімдік
қабылдауда ғана түсінілетін құбылыс болып табылады. Соның негізінде ғана
тіл мен ойлау әрекеті айрылмас тығыз бірлікте болып танылады. Адамның өз
ішінен ойлау барысы деген құбылыстың өзі тек қана тілдің көмегі арқылы
жүзеге асырылады. Тіл – ойлауды ұйымдастыратын орган болып табылады.
Тіл ойлауға шешімділік жағынан ықпал ететін құбылыс. Сол жағынан
қарайтын болсақ, тіл адам ойының танымдық әрекетін, оның бағыты мен
мазмұн сипатын анықтайтын күшке ие болып келеді. Сөз сыртқы заттың
(предметтің) жай ғана таңбасы емес. Сөз – сол заттың адам жанында
орналасатын бейнесі. Жеке адамның сөйлеген сөзінде сыртқы заттың тікелей
бейнесі емес, оған араласқан сөйлеушінің жан дүниесінің қабылдау
мүмкіндіктерінің нәтижесінде жаңадан дерлік пайда болған бейнелер
қолданылатынын осылай танытқан В.Гумбольдттың бұл концепциялары
стилистиканың негізгі заңдылықтарына алынуы тиіс.
Ахмет Байтұрсыновтың сөз өнеріне байланысты философиялық дүниетанымына
мән берсек, мәдениеті жоғары екен деп сол жұрттың сөз қорын пайдалана
беруге қарсы. Бұл мәселеге ол үлкен сақтықпен карайды; ана тілі мен жат
тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін
білмей айрылып қалуы ықтимал деуі бізді де үлкен ойға қалдыруға тиіс.
Егер біз ойлау объектісі ретінде тіл туралы ғылымда қолда бар ұғымдарды
қарастырсақ, онда бұл ұғымдардың тілдің әр түрлі „теориясымен тең емес
екенін көреміз.
Екі мың жылдан астам тілді зерттеудің еуропалық дәстүрлерінде тілдің
философиялық және эмпирикалық теорияларын қатаң ажырату болған жоқ (мысалы,
Платонның "Кратил" диалогы лингвистика бойынша Европадағы бірінші арнайы
шығарма болып табылады), тек соңғы екі жүз жылдықта ғана тәсілдердегі
айырмашылықтар философияда да, позитивті ғылымда да зерттеудің дербес
обьектісіне айналды.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл философиясына байланысты көзқарастарының
қалыптасуына не әсер етті деген сауалға жауап іздесек, ол Европа
мәдениетімен салыстыра келе мынадай тұжырым жасайды: қазақ ақындарының
өздерінің де, сөздерінің де міндері, кемшіліктері, жаман әдеттері өнерпаз
Европа жұртының сындар әдебиетін көргеннен кейін байқалып, көзге түскен.
Сонан кейін ғана Европа әдебиетінен тұқым алып, қазақ әдебиетінің
сүйегін асылдандырып, тұлғасын түзетушілер шыға бастаған". Демек, біздің
ойымызша, А. Байтұрсынов Европа әдебиетімен жақсы таныс болған. Ал
жоғарыда аталған түзетушілер қатарына А. Байтұрсынов Абайды жатқызады,
сөйтіп қазақ әдебиетінің сындар дәуірін Абайдан бастайды. Абай тілі қазақ
тіліне үлкен байлық әкелген, сондықтан А.Байтұрсынов осы тілді өзі де жақсы
меңгеру нәтижесінде тіл мен ойға қатысты өз тұжырымдарын жасаған деп
түсінеміз. Баяғы заманда тілді сый ретінде таныса, қазіргі ғылым оны адам
санасында пайда болатын күрделі жүйе деп есептейді. Тіл философиясы тіл
жүйесінің логикалық және абстрактылы сипатын айқындайды. Тілдік зерттеу
мына принциптерді басшылыққа алады: тілдің белгілі бір жүйесі болады және
тілдің дамуындағы тарихи кезеңдер шартты түрде белгіленеді. Сондықтан
қазіргі тілдердің ортақ тегін анықтауда қиындықтар бар.
Тілді жинақтаудың бір жолы — оны мен-геру, сол тілде сөйлеу. Солай бола
тұрса да біз бұл жерде басқа, қандай да тілге көзқарасты жинақтайтын
синтетикалық жолды түсінеміз немесе қысқаша айтсақ, тіл философиясын
айтамыз. Тіл философиясының болуы мүмкін бе және ол не? Бір тіл жүйесінің
басқа тілдің жүйесінен айырмашылығы болатыны - факт.
Тіл адамның ойлау үрдісін жүзеге асыратын қажетті құрал емес деген
қөзқарасқа сәйкес 1)тіл бірліктерінің материалдық, белгілік жақтары адам
ойлауының міндеті, органикалық компоненті бола алмайды; 2)бұл тіл
бірліктерінің идеалды жақтарын қолданбай таза түсінікті формада (әсіресе,
соған сәйкес келмейтін сөздің мағынасы) жүзеге асады; 3)тіл бірліктерінің
сәйкес ойлау бірліктері мен байланысының таза сыртқы, ассоциативті мәні
бар. Осы ережеден түсінетініміз, егер тіл адам ойының пайда болуында және
дамуында қандай да бір роль атқарса, онысы тек ақпаратпен алмасуды
қамтамасыз етуі болып табылады . Мәселені осылай қойғанда, тіл ойлауға
қандай да бір кері әсер етеді деген ой болмауы керек, демек ойлау мен тіл
ара-сындағы өзара әрекет бір бағыт ретінде қарастырылады, яғни, тек ойлау
тілге әсер етеді, біреқ кері орны болмайды. А.А. Потебняның пікірі бойынша
ғойдың жетілуі тек оны сөз арқылы ғана көрсетумен мүмкін болса, ал сөз тек
ой жетілгенде ғана пайда болады немесе сөзге айналады" . Осы позиция
тұрғысынан қазіргі халықтардың түсіндірмелік ойлау жиынтығы бір деңгейдегі
әлеуметтік және ру-хани дамуға жеткенімен, олардың тілдері өз семантикасы
жағынан бір-бірінен айырмашылығы болады. Тіл білімінің философиялық
мәселелері бойынша жазылған еңбектерге қарағанда тіл мен ойлау үрдісі
арасындағы өзара байланысты алғаш рет ғылыми түрде қарастырған неміс ғалымы
Вильгельм фон Гумбольдт.
Тілді ойдан, адамды ойлау үрдісінен тыс қарастыруға болмайды әрі
олардың арасындағы табиғи байланыстың бар екенін де ұмытпау керек. Өйткені,
сыртқы қоршаған орта алғы шарттарына және адамзат рухына негізделе отырып,
тіл адам мен сыртқы орта арасындағы аралық ой әлемін жасайды .
Адамзат баласының саналы іс-әрекетінің жемісі — ой әлемі болғандықтан,
ой дүниесі әлемнің жалғыз бейнесі ретінде қабылданады, сондықтан ойлау тек
тілдік жаратылысқа ғана тән құбылыс. Тілдің философиялық мәні рухани
дүниенің күші ретінде көрінеді.
Тіл онтологиясы болса – сана мен тілдің арақатынасы. Тілдің дамуындағы
әлеумет пен психологияның ролі, грамматикалық категормялардың пайда болуы,
тілдердің типологиясы т.б. өзегінде жатқан күрделі мәселе. Тіл алдын-ала
белгілі шартқа бағына ма, әлде өздігінен дами ма? Бүгінгі тіліміз қай
тарихи кезеңде қалыпқа түсе бастады? Тілдің дамуына саналы ойдың жемісі
ретінде таңба, сан, есеп, жалпы жазу мәдениетінің ықпалы болды ма? - деген
көптеген сауалдарға әзірше жауап қайтарылмай отыр.
Ежелден тіл ғылымы философиямен тығыз байланыста дамып келген. Тіл
туралы алғашқы дәйекті пікірді де гректің әйгілі философы Аристотель
айтқан. Сондықтан, тіл білімін жер бетіндегі ең көне ғылым ретінде тануға
негіз бар. Онда тілдік деректер негізінде таза эмпирикалық қисындармен
бірге тілдің болмысына қатысты метафизикалық (философиялық) қисындар
жасалған. Қазіргі ғалымдар өз бастауын философиядан алса, олардың арасында
лингвистика философиясымен етене араласып, өз кезегінде философияның
дамуына да өз ықпалын тигізген. Өйткені адамның сана-сезімі мен абстрактылы
ой түю жүйесінің тілмен тікелей байланысы бар.
Кез келген философиялық зерттеу, алдымен батыс философиясында
жасалған тұжырымдарға сүйенеді. Байырғы ион-грек философиясында болмыс
туралы Парменидтің (б.д.д. V-IV ғ.ғ.) айтқан ілімі бар. Даму мен танымды,
ой еркіндігі жоғары бағалаған оның замандастары бұл ілімді аса құптай
қоймаған. Бұл арада ғарыш пен болмыс туралы ұғымның ежелгі замандардан бері
келе жатқан түсінік екенін ескерте кеткен жөн.
Тілдің философиясы мен тілдің болмысы, тілдік жүйенің құрылымы мен
дамуы – күрделі, үлкен зерттеуді қажет ететін мәселе. Қазақ тіл білімінде
бұл мәселеге арналған зерттеулер аса көп емес. Кез келген философиялық,
лингвистикалық зерттеу бұл мәселені айналып өтпеген. Әлемдік лингвистикада
тілдің грамматикалық сипатымен қатар, диахрониялық, тарихи,
лингвофилософиялық зерттеулер мол.

Лингвистикалық логика

Лингвистикалық салыстырмалылық болжамын қалыптастырған Сепир – Уорф
теориясын басшылыққа алатын болсақ, онда мінез-құлық пен ойлаудың тілге
қатысы терең тануды қажет ететін мәселе екенін айқын түсінеміз. Әрине, бір
қарағанда, Сепир – Уорф теориясы жалпыадамзаттық ойлау бірліктерінің бар
екенін жоққа шығарғандай болып көрінуі ықтимал. Ал шын мәнінде, Сепир –
Уорф болжамы бойынша, ұлттық ойлау мен ұлттық сөйлеудің қарым-қатынасын
тану арқылы ғана жалпыадамзаттық логикалық категориялар танылуы мүмкін деп
түсінуіміз керек [11].
Тілді логикалық тұрғыдан талдап-танудың негізгі мақсаты мен міндеті –
тілдің ойды құраудағы, сыртқа білдірудегі қызметі қалай, қайтіп, қандай
жолмен жүзеге асырылатынын анықтауға ұмтылу болып табылады. Жалпылама түрде
айтар болсақ, тілдегі сөздер, сөз тіркестері қалай да бір шындық
болмыстағы заттарды білдіріп, соларды таңбалауға қызмет етеді. Яғни сыртқы
дүниедегі заттардың адам санасындағы ерекше бір өкілі іспетті қызмет
етеді. Осымен де байланысты, логиканың міндеті – сол сыртқа білдірілу
процесінің ерекшеліктерін (тіл элементтері мен олардың байланысын) және
сыртқы дүниедегі заттардың өзара байланысын тану болып анықталады. Бірақ
бұл жерде ерекше есте тұтар мәселе бар, ол – тіл мен оның таңбалап тұрған
заттарының арасында тікелей байланыс бар деп саналмауы. Тілдің басты
механизмдері ойдың, оймен бөлшектеп танудың, Абайша айтқанда, тұтасты
қырыққа бөліп танудың қызметін атқаратынын мойындай отырып, сыртқы ерекше
дүниенің ішкі ерекшелікке ауысуындағы заңдылықтарды тану логикалық
талдаудың негізгі мақсаты болып келеді.
Табиғи тілді логикалық талдаудың нәтижесі арнайы формалдық тіл жасауға
алып келетіні белгілі. Сол арнаулы формалдық тіл негізінде логика мен
тілдің байланысын тануға, соның негізінде стилистиканың логикалық негізін
тануға мүмкіндік болады. Тілдің таным құралы ретіндегі қызметі
философияның, логиканың негізгі нысаны бола отырып, сол таңбалар өздері
таңбалайтын нәрселермен қандай байланыста болатыны және ол байланыстың
сипаты мен ерекшелігі неде екендігін анықтауға мүдделі болады. Табиғи тіл,
осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, таңбалар жүйесін құрайды. Сонда тілді –
таңбалар жүйесі деп қарастырғанда, тілдің стилистикасы негізгі орында
тұрады. Өйткені, адам өзінің ойын түрліше білдіруде тілді (таңбаларды)
түрлендіре қолдану арқылы өз ойын түрлендіріп отырады. Осыған байланысты
тілдік таңбалардың стилистикалық мүмкіншіліктерін тереңірек танудың
синтаксистік, семантикалық, прагматикалық аспектілерінің ерекшеліктері
айқындалады.
Адамның ойлауы мен тілдік құдіретінің арқасында ғылым да, көркем
әдебиет те дамып-жетіліп келеді. Сондықтан да стилистиканың теориялық
негіздері ретінде философия мен логика ғылымдарын алудың өзі –
стилистикалық мүмкіншіліктердің тамырларында тұнып жатқан құпиялар мен
сырларды тануға негіз болады.

XX Ғасырдағы тіл біліміндегі жаңа бағыттар, салалар, олардың ғылыми
негіздері.
XX ғасыр лингвистикасында тіл - қарым –қатынас пен таным құралы ретінде
ғана емес, ұлттық мәдени код ретінде қарастыру қарқынды бағытта дамып
келеді.
Бүгінгі лингвистика тілді тек қана өз ішіміздегі құрылымдарды
зерттейтін ғылым болудан қалып, антропоцентристік лингвистикаға яғни,
адамды, оның ой-санасын, рухани тәжірибелік т.б әрекеттерін тіл арқылы
зерттеуге бағыт ашуда.
Тілді антопоцентристік бағытта зерттеу: 1) тіл және адамың рухани
белсенділігі; 2) тіл және ойлау; 3) тіл және адам физиологиясы; 4) тіл және
индивид психологиясы; 5) тіл және таным; 6) тіл және қоғам; 7) тіл және
мәдениет;8) тіл және этнос т.б. сияқты мәселелерді алға қойды.
Адам санасы – индивиттен тыс белгі мен мағына формасында қалыптасқан
интерпсихикалық құбылыс болып табылады. Демек когнитивтік лигвистика –
осындай антопоцентристік бағыт шеңберінде қалыптасқан тіл білімінің жаңа
саласы. Адамның зердесі , ойлау қабілеті мен ментальді әрекеттері
когнитивтік ғылымс саласынан көрініс табады. Ол ширек ғасырдан бері шетел,
Ресей және Қазақстан ғалымдарының зерттеу көздеріне айналуда. Бұл ғылым
саласы тек қана лигвист ғалымдардың ғана емес , философ , психолог,
физиолог , математик т.б ғалымдардың зерттеулері нәтижелерінің ортақ
қорытындыларын өрбіген.
Когнитивті лингвистика - мәліметтердің адам танымна өрбітіп адам
санасында қалыптасқан тілдік формадағы білімдер жиынтығы. Сонымен қатар,
дүние бейнесін модельдеуге, тілдік сананың құрылымын модельдеуге
бағытталады.
Когнитивті лингвистка тіл адам ақыл – ойының бөлінбейтін және
органикалық бөлігі ретінде, универсалды білім, қабылдау, түсіну, ойлау және
т.б. қатар тұратын құрылым ретінде қарастырылады.
Кониктивті лингвистика алғашында нейролингвистика, жасанды интеллект
және компьютерлік ғылымдар аясында зерттеле басталды. Ғалымдар оның адамзат
баласының дүниетанымын, парасат – пайымын, ойлау деңгейін тілдік бейнесін
де, қарастыратындығына көз жеткізген болатын. Бертін келе адамның танымын,
білімін, ойлау құбылыстарының сан қырын ашу бұл ғылымның маңызды
аспектілеріне айналды.
Қысқаша когнитивтік терминдер сөздігінде когнитивтік лингвистикаға
мынадай анықтама беріледі: Когнитивная лингвистика –это лингвистическое
направление, в центре внимания которого находится язык как общий
когнитивный механизм, как когнитивный инструмент –система знаков, играющих
роль в репрезенции и трансформировании информации.
Сонымен тіл табиғатының қыр – сырын толық білу үшін оны басқа ғылым
салаларымен (философия, анропология, мәдениеттану, психология, мифология,
этнография т.б.) тығыз қарым – қатынас танып – зерделеу қажет.
Ұлттық тілдің болмысын толық тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын
білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этносын ғасырлар
бойы тарихымен, тұрмыс-салтымен, мәдениетімен, дәстүрлі менталитетімен
тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан да ұлттық тілді сол этностың
дүниетанымымен, мәдениетімен, ой - танымымен, тарихымен біріктіре қарау
мәселесі тіл ғылымында дамып келе жатқан когнитивті лингвистика,
этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика сияқты жаңа
бағыттардың тууына себепші болды.
Жалпы тіл біліміне таным мәселесін тіл тұрғысынан қарастыру бүкіл
әлемнің гуманитарлық ғылымында өткен ғасырдың 50 – 60 – жылдары жүріп өткен
когнитивті революцияның ықпалымен келді. Қазақ тіл білімінде бұл бағыт
бойынша зерттеулер тек егемендікке қол жеткелі ғана басталды.

Морфонология және оның нысандары

Морфонология – морфеманың фонологиялық құрылымын және фонеманың
морфологиялық қызметін зерттейтін тіл білімі саласы. Морфонологияның
зерттеу нысаны ретінде морфемалар жігіндегі дыбыстық алмасулар (сеп-сеуіп)
мен дыбысталудың түрлі нұсқалары (мұнда-бұнда) танылады. Зерттеушілер
морфонологияны фонетика мен морфологияны жалғастырушы буын ретінде
қарастырады кейде морфологияның бір саласы деп таниды. Қазақ тіл білімінде
морфема жігінде болатын дыбыстық өзгерістерді дыбыстық алмасу, қыстырма
дыбыс қосу, ықшамдау деп үшке бөледі. Дауысты дыбыс редукциясы, дауыссыз
дыбыстардың түсіріліп айтылуы, апакопа, гаплология құбылыстары
морфонологияға жатады. Мысалы, ағайын, әкел, әпер, қарлығаш, бүгін, былтыр,
сәресі, сексен. Дыбыстық алмасулар фонетикада қарастырылғанымен, олардың
барлығы тек фонетикалық тұрғыдан түсіндіруге келмейді, себебі дыбыс
өзгерістері морфемалар жігінде пайда болып, Морфонологияның зерттеу нысаны
болады. Морфонология тар және кең мағынада қолданылады: алғашқы мағынасында
бір морфема морфтар құрамындағы фонемалардың алмасуын зерттейді. Кең
мағынасында: морфемалардың дыбыстық құрамын, оларды ажыратуды; сөзжасамда
морфемалар жүйесін қарастырады.
Ықшамдалудың барлық түрі морфонологиялық құбылысқа жатады. Өйткені олар
сөйлеу дәстүрінің қалыптасуына байланысты ықшамдалып, сөздің бұрынғы толық
қалпымен жарыса айтылады. Бұған дауысты дыбыстардың редукциясы (орын орны,
ауыз - аузы, жеңеше -жеңше), дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы
(недәуір - едәуір, жубану - жуану, суғару - суару, бірдеңке бірдеңе,
барғансын - барғасын), апокопа (ерсілі-қарсылы - ерсіл-қарсыл, келеді -
келед, барамын - барам), гаплология (әнәугүгүні - әнәугүні, Мәмедәлі -
Мәдәлі, Мәметжан - Мәтжан) жатады.
Бір морфема құрамында алмасып отыратын фонемалар морфонема деп аталады.
Морфонологияның қалыптасуына И.А. Бодуэн де Куртене (19 ғасырда), Н.В.
Крушевский, Н.С. Трубецкой, А.А. Реформатский, Е.Курилович, т.б. ғалымдар
үлес қосты. Қазақ тіліндегі Морфонологияны А.Байтұрсынұлы, А.Қалыбаева,
Х.Кәрімов, А.Айғабыловтар зерттеді.

Қазақ тілі морфонологиясының зерттеу обьектісі мен міндеттері

Осы кезге дейін сөз не морфема дыбыстық өзгеріске түссе болды, оны
фонетикалық құбылыс деп есептеп келдік. Шындығында, бір морфеманың түрлі
морфы пайда болғанда, ол фонетика заңымен де, фонетика заңымен түсіндіруге
келмейтін басқа жолмен де пайда болуы мүмкін. Демек, морфонологиялық
құбылыс соңғы жолмен пайда болған өзгерістер арқылы жүзеге асады.
Қазақ тіл білімінде морфемалардың түрлі морф түрінде қолданылуын
бұлайша жіктеп, түсіндіру болған жоқ. Фонетикалық өзгерістер (сингармонизм,
ассимиляция, диссимиляция) арқылы пайда болып, қолданыста нормаға айналған
морфема варианттар морфонология обьектісі болып табылады деген түсінік
М.З.Закиев, А.А.Юлдашев, Ф.Жалилов, А.Қалыбаева, Т.Садықов еңбектерінде
баяндалғаны белгілі.
Егер осылайша фонетика мен морфонологияның обьектісін ажыратпай
қарайтын болсақ, бұл екі саланы бөліп қарастырудың мәні де болмайды.
Сондықтан біз қазақ тілі фонетикасында комбинаторлық өзгеріс ретінде
қарастырылып келген фонетика саласында негізсіз жүргеніне қөзіміз жетті.
Оның басты белгісі ережеге қайшы келетін мысалдардың болуы.
Біз төменде І. Кеңесбаева жазған оқулықтан осы ережелерді келтіріп
көрейік (І. Кеңесбаева, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі 1962).
1. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді дыбыс болса, оған жалғанатын
қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы, көбінесе, ұяң не үнді болып келеді.
Мысалы, бала-ға, бала-ны, сал-ма, жүр-ді, бірақ бала-қан, бала-пан,
бота-қан, қыр-қа, ұн-тақ, бұзау-қан, сұм-пай, шай-қа, кел-тір, өл-тір
т.б.
2. Алғашқы сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді болып, одан кейінгі сөздің
басқы дыбысы қатаң қ, к болса, айтуда (жедел сөйлегенде) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Аударма теориясы
Лингводидактика ұғымы
Авторлық аударма түпнұсқа мәтінді аударған авторлық аударма
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Тіл меңгеру деңгейлері
Лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру барысында жоба әдісін қолдану
Жартышарлардың ассиметрия мәселесі. Cөйлеу кезіндегі сол (доминант) және оң (субдоминант) жартышарлардың рөлі
НЛБ-ның негізін салуышылар
Пәндер