Жүгерінің отандық және шетелдік сорттары мен будандарын Солтүстік Қазақстан жағдайында экологиялық сортсынау



Кіріспе 3
1 Қазақстанда жүгеріні өсіру жағдайы және ерекшеліктері 4
1.1 Ботаникалық ерекшеліктері 5
1.2 Морфологиялық ерекшеліктері 6
1.3 Биологиялық ерекшеліктері 8
1.4 Жүгеріні өсіру технологиясы 11
2 Шаруашылықтың жағдайы 16
3 Зерттеулер бағдарламасы 18
3.1 Топырақ . климат жағдайлары
3.2 Шаруашылықтың топырағы және ауа . райы жағдайы
3.3 Зерттеулердің әдістемесі және бағдарламасы 19
4 Экологиялық сынау жөніндегі зерттеулер әдістемесі 23
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе

Жүгері – әлемдік жер шаруашылығында кеңінен тараған өнімнің бір түрі. 2009 жылы жүгері егілген жалпы жер көлемі 158 млн. га жетті, бұл бидай егілген жермен салыстырғанда екінші орынды иеленіп отыр және бидай өнімдері арасында жалпы өнім жинауда көшбасшы болып келеді. Өнімнің егу алаңының көлемі өсімдіктің пайдалану шекарасы және қолайлы жағдайда оның өнімділігімен анықталады.
Аграрлық өндірістің бекемділігі – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Қабылданып отырған шаралардың бірі және күтілетін нәтиже – жүгерінің мол өнім беретін жаңа сұрыпын сынақтан өткізу және жергілікті жағдайға бейімдей отырып, оның ішінде – жүгері өндірісн арттыру.
«А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жүгері өнімін өсірудегі зерттеу бағдарламасында негізгі басымды бағыттар белгіленіп отыр:
- жергілікті табиғат жағдайында шет ел селекциясын пайдалана отырып, экологиялық сұрыпсынама өткізу;
Шараның мақсаты – жүгерінің өнімділігін арттыра отырып, Қазақстанның мал шаруашылығы саласында калориясы мол жем-шөптік мал азығына сұранысты қанағаттандыру, бұл шет елдік жүгері аралас тұқымының және экологиялық тұрғыдан сыналған сұрыптары негізінде жүргізілмек.
Зерттеу нысаны отандық және шетелдік селекцияның жүгерісінің 11 буданы болып табылады.
Іс-шараның мақсаты – шетелдік селекцияның жүгері будандары мен сорттарын экологиялық сорт сынау негізінде Қазақстанда мал шаруашылығының калориялы жем-азықтарының қажеттілігін қанағаттандыру және астықтың тұрақты өндірісі үшін жүгерінің әлеуеттік өнімділігін арттыру.Кезеңнің мақсаты – Ақмола облысы жағдайында отандық және шетелдік селекция жүгері будандарын зерттеу.
Зерттеу әдістері – далалық және зертханалық тәжірибелер.
Зерттеу жаңалығы шетелдік және қазақстандық селекцияның жаңа материалының замануи жағдайларда зерттелуінде.
Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Әрінов Қ.Қ., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.Ә., Нұрғалиев А.Н., Рахымбеков Т.С., Иванников А.В. «Өсімдік шаруашылығы практикумы» Ақмола 1996 жыл; 156-163 б

2. Қ. Жаңабаев , С . Арыстанғұлов « Агрономия негіздері» Астана 2010жыл; 248-255б

3. С. Арыстанғұлов, А. Елшібаев, Б. Уызбеков, А. Күлдеев «Өсімдік шаруашылығы» Астана 2008; 24-26б

4. Қ. Әубәкіров, Т. Атақұлов, А. Ахмет « Мал азығын өндіру» Алматы 2011ж; 221-228б

5. Әрінов Қ.Қ., Можаев Н.И., Нұрғалиев А.Н. «Өсімдік шаруашылығы» Ақмола 1993жыл; 189-212б

6. Қ.Ш. Жанабаев «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Алматы 1994ж; 106-125б

7. Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. «Агрономиядағы ғылыми зерттеу негіздері» Астана 2011ж;

8. Қ.Қ. Әрінов, А.К. Апушев, С.С. Арыстанғұлов « Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау» Астана 2001ж; 138-146

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

“С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ

ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

Өндірістік іс – сана туралы есеп

ТАҚЫРЫБЫ:

А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығы ЖШС-
гі жүгерінің отандық және шетелдік сорттары мен будандарын Солтүстік
Қазақстан жағдайында экологиялық сортсынау

Кіріспе

Жүгері – әлемдік жер шаруашылығында кеңінен тараған өнімнің бір түрі.
2009 жылы жүгері егілген жалпы жер көлемі 158 млн. га жетті, бұл бидай
егілген жермен салыстырғанда екінші орынды иеленіп отыр және бидай
өнімдері арасында жалпы өнім жинауда көшбасшы болып келеді. Өнімнің егу
алаңының көлемі өсімдіктің пайдалану шекарасы және қолайлы жағдайда оның
өнімділігімен анықталады.
Аграрлық өндірістің бекемділігі – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі және
әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Қабылданып отырған шаралардың бірі және
күтілетін нәтиже – жүгерінің мол өнім беретін жаңа сұрыпын сынақтан өткізу
және жергілікті жағдайға бейімдей отырып, оның ішінде – жүгері өндірісн
арттыру.
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы
жүгері өнімін өсірудегі зерттеу бағдарламасында негізгі басымды бағыттар
белгіленіп отыр:
- жергілікті табиғат жағдайында шет ел селекциясын пайдалана отырып,
экологиялық сұрыпсынама өткізу;
Шараның мақсаты – жүгерінің өнімділігін арттыра отырып, Қазақстанның мал
шаруашылығы саласында калориясы мол жем-шөптік мал азығына сұранысты
қанағаттандыру, бұл шет елдік жүгері аралас тұқымының және экологиялық
тұрғыдан сыналған сұрыптары негізінде жүргізілмек.
Зерттеу нысаны отандық және шетелдік селекцияның жүгерісінің 11 буданы
болып табылады.
Іс-шараның мақсаты – шетелдік селекцияның жүгері будандары мен сорттарын
экологиялық сорт сынау негізінде Қазақстанда мал шаруашылығының калориялы
жем-азықтарының қажеттілігін қанағаттандыру және астықтың тұрақты
өндірісі үшін жүгерінің әлеуеттік өнімділігін арттыру.Кезеңнің мақсаты –
Ақмола облысы жағдайында отандық және шетелдік селекция жүгері будандарын
зерттеу.
Зерттеу әдістері – далалық және зертханалық тәжірибелер.
Зерттеу жаңалығы шетелдік және қазақстандық селекцияның жаңа
материалының замануи жағдайларда зерттелуінде.

1-тарау. Қазақстанда жүгеріні өсіру жағдайы және ерекшеліктері

Елімізде жүгері өсіру Н. Хрущевтың 1958 жылы АҚШ-қа жасалған әйгілі
сапарынан кейін қолға алына бастағаны белгілі. Ол жүгері өсіруді зорлап
енгізгендей болғанын тарих парақтарынан білеміз. Бірақ кейіннен оның
пайдасын да көрдік. Жүгері – басқа бидай, арпа, рапс, қызылша, картоп сынды
дақылдарға қарағанда ең көп өнім беретін дақыл. Оны жақсылап күткен
жағдайда әр гектарынан 12-14 тоннаға дейін таза дән, 30-40 тонна
төңірегінде сүрлем алуға болады.
Жүгері- маңызды астықтық және мал азықтық өсімдік. Жүгерінің техникалық
дақыл ретінде де маңызы зор. Жер шарында жүгері астығының 20% азыққа, 15-20
% техникалық мақсатқа жаратады. Бұл дақыл астығының аз бөлігіне жуығы мал
азығына қолданылады.
Жүгерінің отаны – Орталық және Оңтүстік Америка. Ғалымдардың пайымдауынша,
жүгері– планетамыздың ең ежелгі нан өсімдігі екен. Перу жеріне жүргізілген
зерттеулер барысында б.з.д. бесінші мыңжылдыққа жататын жүгері собығының
табылуы оның ең ежелгі өсімдік екендігіне дәлел бола алады.

Археологтар 1950 жылы Мексика жеріндегі Рио-Гранда аңғарынан жүгерінің 750
дана собығын тауып алды. Алайда, табылған собықтар заманауи сорттардың
қабығынан ерекшеленеді: көлемі аса үлкен емес, дәндері тым майда, үштен бір
бөлігі ғана жапырақпен қапталған. Аталған олжа жүгері шаруашылығының тым
ерте пайда болғандығына нұсқайды, ғалымдардың сөзімен айтсақ, адамдар
жүгеріні осыдан 10 мың жыл бұрын танитын болған.

Америкада жүгеріні маис деп атайды. Мұндай атауды ойлап тапқандар
ежелгі майя тайпалары екен. Ал майя тайпаларының маистың бірнеше сортын
өсіргені белігілі, оның ішінде тез пісуге бейім Қораз әні деген түрі бар.
Қораз әні  сорты көктеу басталысымен екі айда пісіп-жетілсе,Маис-
қыз сорты үш айда жеуге жарамды болады. Сондай-ақ, майялықтар 6-7 айдан
кейін пісіп-жетілетін Маис-кемпір  атты жүгері түрін өсірген.

Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде маис деп аталатын, осы
күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін
Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне
сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған.
Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де
себепші болды.

1.1 Ботаникалық ерекшеліктері

Ботаникалық сипаттамасы. Жүгері (Zea mays L.)қоңырбастар тұқымдасына
жатады, бірақ морфологиялық белгілері мен биологиялық қасиеттері бойынша
осы тұқымдастың басқа дақылдарынан көп айырмашылықтары бар. Оның жалғыз
мәдени түрі белгілі, жабайы түрлері табылған жоқ.

Жүгері дәнінде 9-10% ақсыл, 4-8% май, 65-70% азотсыз экстрактивті заттар
бар. Оны ұн, жарма, жүгері үлпегін алуға өңдейді. Жүгері астығынан алынған
өнімдерден әр түрлі азық дайындалады: печенье, торт, шоколад, сусын және
тағы басқалары.
Мал азығына жүгері Қазақстан Республикасында 2,2млн. га шамасында өсіріледі
,немесе мал азықтық дақылдар егістігі көлемінің 19,0%. Солтүстік
Қазақстанның алты облысында мал азығына жүгері 1,5млн.га жерге орналасқан
(барлық мал азықтық дақылдардың 25,1%) ,соңғы жылдардағы көк балауса
өнімдері 172-ден (Солтүстік Қазақстан облысы ) 97цга дейін (Павлодар
облысы ) өзгерді.
Жүгері өнімі жөнінде өте жоғары потенциялды мүмкіндіктермен ерекшеленеді.
Сүрлемге өсіргенде ол далалық және орманды-дала аймақтарының суарылмайтын
жағдайында 150-300, ал суармалы жерлерде 600-850 цга дейін өнім береді.
Жүгері астығының 1кг 1,34 а.ө. тең. Жүгері малдың барлық түріне бағалы
азық болып табылады. Собығын сүттене балауызданып және балауызданып піскен
кезеңінде жеке өзін және жапырағы мен сабағын қосып сүрлеуге болады. Осылай
дайындалған сүрлемнің мал азықтық құндылығы өте жоғары болады. Мұндай
сүрлемнің 100кг 21-28 а.ө. және 180 г дейін қорытылғыш протеин береді.
Жүгерінің жасыл жапырағы мен сабағы мал азығына көк балауса күйінде де
пайдаланылады. Оларда сүрлегенде алынатын азықтың ақсылдық теңгерімін
жоғарылату үшін бұршақты шөптер немесе атбас бұршақты араластыру тиімді.
Жүгерінің құрғақ жапырақтары мен сабақтарын үгітілген күйінде , әсіресе
шырынды азықтармен қосып малға беруге болады.
Жүгеріні өнеркәсіптің әр түрлі салаларында кеңінен қолданады. Астығынан
спирт, крахмал, патока, глюкоза, өсімдік майын алады, сабағынан, собық
діңгегінен және орамынан линолеум, кинопленка, қағаз, төсем және тағы
басқалар жасалады.
Отамалы дақыл ретінде жүгері өзінен кейін танапты борпылдақ және арамшөптен
таза күйінде, органикалық заттарды тамыр және сабақ қалдықтары күйінде мол
мөлшерде қалдырады. Сондықтан ол басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл
саналады.
Жүгері морфологиялық белгілері және биологиялық ерешеліктері бойынша
қоңырбастар тұқымдасының басқа дақылдарынан әжептәуір өзгешеленеді.

1.2 Морфологиялық ерекшеліктері

Солтүстік Қазақстанда жүгері негізгі сүрлемдік дақыл болып табылады
,Республиканың оңтүстік аудандарында жемазықтық дақыл ретінде үлкен маңызы
бар. 100кг жүгері дәнінде 120-130 азықтық өлшем, 100кг көк балаусасында
өсіп-өну кезеңіне байланысты 12-ден 26 азықтық өлшем, 100кг сүрлемде 16-22
азықтық өлшем және 1,2-1,4кг сіңімді протеин бар.
Жүгері- ең маңызды және барынша өнімді жемазықты дақылдардың бірі. Соңғы
жылдардағы орташа астық өнімі Қазақстан Республикасында 40-
42ц\га.Жемазықтық дақылдарының өндірісін ұлғайту жолдарының бірі – жүгері
дәні пісетін аймақтардағы егістік құрылымын жақсарту және оның көлемін
ұлғайту,оған қоса Солтүстік аудандарға қарай ерте пісетін будандарын
орналастырған дұрыс.Астыққа өсірілетін жүгері егістігінің жалпы көлемі
Қазақстанда 120 мың га.
Құрғақ заттар мөлшері өсіп-өну кезеңдері мен жинау мерзіміне байланысты
және 8-ден 27% дейін өзгереді, осыған сәйкес 100кг көк балауса мен одан
алынған сүрлемде өсімдіктердің пісу кезеңіне байланысты 12-16 астық өлшем
(собық түзілгенше) және 17-26 астық өлшем (собық пайда болғаннан кейін)
болады.
Өсімдік табиғатында мынадай заңдылық бар: ең өнімді сорт немесе будан
әдетте –кеш піседі, ал ерте пісетіндер өнімділігі төмен өсімдіктер.
Жүгерінің көп балаусасы мен сүрлемнің бір азықтық өлшемнің протеинмен
қамтамасыз етілуі 60-70г аспайды, ал зоотехникалық норма 105-110г , белок
сапасы да төмен.
Жүгерінің тамыр жүйесі, басқа астық тұқымдастар сияқты, шашақты , топырақта
2-3 м тереңдікке дейін бойлайды. Жүгерінің тамырлары өркен шыққаннан кейін
алғашқы кезеңде қарқынды дамиды да, үшінші жапырақ пайда болғанда 30-50 см
тереңдікке жетеді. Жүгеріде бес тамыр түрлері ажыратылады. Ұрықтық,
гипокотильді, түйінді және сүйеніш тамырлар төрт қабат құрады. Ұрықтық
тамырлар егін көктегеннен кейін алғашқы 20-30 күнде өсімдіктерді су мен
қоректік заттармен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады, алайда олардың
рөлі шашақтануға дейін сақталады. Жүгерінің түйін тамырлары 3-4 жапырақ
пайда болғаннан кейін түзіле бастайды.
Топырақтың 0-20 см қабатында тамырдың 55-60% шоғырланады, тарқатарлы
егістерде кең қатарлыға қарағанда жүгерінің тамыры топыраққа тереңірек
бойлайды, мұның өзі ең әуелі топырақтың су режімі ерекшеліктерімен
байланысты. Бұл уақытта тамырдың тереңдеп өсуімен жер үсті бөлігінің
биіктеп өсуі арасындағы байланыс 2:1 қатынасындай болады. Мәселен, 10-11
жапырақтар түзілгенде өсімдіктің орташа биіктігі 60-70 см жетеді де
тамырлар 1 м аса тереңдікке бойлайды. Егер мұндай жүгеріні суармаса, онда
шашақтану кезеңінде тамырлар 2 м дейін, ал сүттене – балауыздана піскен
кезде олар 2,5 м және одан жоғары тереңдікке кетеді. Егер суаруды ерте
жүргіссе, онда тамырлардың тереңдеуі саябырлайды да негізінен 0-70, 0-100
см қабатта шоғырланады.
Жүгерінің сабағы тік тұрады, биіктігі 0,5-2,5 м , мұның өзі ылғалдану
жағдайы мен агротехникаға байланысты. Жақсы ылғалданған жағдайда немесе
суармалы жерлерде өсімдіктердің биіктігі 13-14 жапырақтың пайда болу
кезеңінде негізгі биіктіктің 40-50%, 17-18 жапырақта 60-65% және шашақтану
басталғанда 82-85% шамасында болады. Сабақтың өзегі, борпылдақ, кеуекті,
жас кезінде 5% дейін қант болады. Сабақтың жуандығы 1,5-2,5 см, ал сирек
сабақ жиілігінде 3,0-3,5 см дейін жетеді. Сабақ түйіндерден тұрады, олардың
саны сорттарына байланысты 8-ден 30-ға дейін жетеді. Соңғы 3-4 түйін
аралығы барынша ұзын болады, кейде өсімдіктің жалпы биіктіктігінің 13
жетеді. Сабақта орта қабаттағы жапырақтардың қолтығында собықтар түзіледі.
Көптеген будандардың өсімдіктеріне әдетте 1-2 сабақ түзіледі, кейде көп
сабақты өсімдіктер де кездеседі.
Төменгі жапырақтардың қолтығындағы бүршіктерден кейде бүйір бұталары өсіп
шығады, әдетте олар жақсы қоректену жағдайына байланысты түзіледі, сорттық
ерекшеліктеріне байланысты.
Жүгерінің жапырағы кең сызықты.Өсіп-өну кезеңін ұзақтығы,әртүрлі жүгері
сорттары жапырақ санымен де ажыратылады:ерте пісетін сорттардың
жапырақтары мен түйін саны аз болады.
Сібірлік ультра ерте пісетін сорттардың өсімдіктерінде 8-10, ал кеш пісетін
сорттарында 23-25 жапырақ болады. Солтүстік Қазақстанда 12-16 жапырақ
түзетін орташа мерзімде пісетін және 17-19 жапырақ түзетін ортадан кеш
пісетін сорттар аудандастырылған.
600 цга көк балауса өнімін қалыптастыру үшін әр гектардағы жапырақ бетінің
ауданы 40-50 мың м2 болу керек деп есептейді, алайда мұндай дәреже суармалы
жағдайда жапырақ бетінің ауданы 85-90 мың м2 га жетті , әр гектардағы
өсімдік саны 120мың болды да 850 цга көк балауса өнімін берді. Табиғи
ылғалдану жағдайында жапырақ бетінің ауданы 20-40 мың м2га болды. Жапырақ
беті ауданы сабақ бітіктігінің жиілігі , будандардың пісу мерзімі әсер
етеді. Біздің тәжірибелерімізде табиғи ылғалдану жағдайында ортадан кеш
мерзімде пісетін будандар әр гектар жерде 25-30мың м2, ал ерте пісетін
будандар 12-16 мың м2 жапырақ бетінің ауданын қалыптастырады, көк балауса
өнімі тиісінше 280-300 және 180-220 цга болды.
Жүгері дәні бір тамыршамен өнеді. Екі-үш жапырақ кезеңінде түптену буынан
буындық тамырдың бірінші қат-қабаты, бес-алты жапырақ кезеңінде екіншісі,
сөйтіп әрі қарай өте береді. Осылай қат-қабатты қуатты тамыр жүйесі
қалыптасады. Өнімнің деңгейі оның дамуына байланысты болады. Оңтайлы
жағдайда жүгерінің тамыры топыраққа 2-3 м бойлайды, ал жан-жағына 1-1,5 м
жайылады. Тамырдың негізгі массасы топырақтың 30-60 см қабатын шоғырланған.
Төменгі сабақтың буынынан ауалық тамырлар өсіп шығады. Топыраққа бойлай
тереңдеп олар өсімдіктің жатып қалуға тұрақтылығын арттырады және
қоректенуін жақсартады. Терең бойлайтын қуатты тамыр жүйесінің дамуы –
астықтың және көк балаусаның жоғары өнімін алуда маңызды кепілі.
Жүгерінің сабағы қуатты, биіктігі 60 см-ден 6м, жуандығы 1,5-7 см дейін,
тегіс, іші паренхима ұлпасымен толтырылған. Жапырақтары ұзын, ірі, шеттері
кірпікшелі, жапырақ тақтасының үстіңгі жақ беті түкті. Тілшесі қысқа,
мөл... құлақшалары жоқ. Жапырақ саны 7-ден 45-ке дейін болады. Гүлдеу
кезеңінің соңында бір өсімдіктің жапырақ ауданы 0,3-1,5 м2 жетеді.
Жүгері- бір үйлі, бірақ қос жынысты өсімдік. Аталық гүл шоғыры-шашақ
сабақтың жоғарғы ұшында, аналығы- жапырақ қолтығындағы собық. Собық түрі
өзгерген жапырақтардың бірнеше қабатымен оралған.
Жүгері түр тармақтарының кпшілігінің дәні ірі. 1000 дәнінің массасы 350г.
Дән шығымы собықтың 75-85% тең болады.

1.3 Биологиялық ерекшеліктері

Жүгері желмен тозаңданатын өсімдік . Өсу-даму кезеңі 70-180 тәулікке
жетеді. Өскін пайда болғаннан кейін 3-4 жұма бойы жүгері баяу өседі. Осы
кезде жақсы баптап күту қажет және уақытында арамшөпті жою қажет, себебі
өскіндерді арамшөптер басып кетеді, нәтижесінде жас өсімдіктерге үлкен зиян
келтіріп қоймайды сонымен бірге олардың одан әрі өсуіне және дамына кері
әсерін тигізеді. Жүгерінің қарқынды өсуі буынаралықтың өсуінен шашағының
жапырақ қолтығынан шығуына дейін жалғасады. Шашақтануына дейін 10күн және
гүлдеуінен 20 күн өткенге дейін өсімдік органикалық заттардың 75%
құрастырады.
Жүгері – жылу сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы 8-100С өне бастайды. Бірақ бұл
температура біркелкі және мықты өскін алу үшін жеткілікті емес. Жүгеріні
аса жылымаған топыраққа сепсе тұқымның басым бөлігі ауруға шалдығып, өліп
қалады, нәтижесінде өскіндер сирек және әлсіз болады. Өскіннің пайда болуы
үшін оңтайлы температура 16-200 С, өсімдіктің өсуі және дамуына 20-280С
температура 120С дейін төмендесе өсімдіктің өсуі баяулайды, сарғаяды жіне
ауруға шалдығады. Температура 30С төмен болса жүгері өскіні өліп қалады.
Жүгерідегі себуден піскенге дейін сорттар мен будандардың пісу мерзіміне
байланысты белсенді температура жиынтығы 2100-30000 . Өнімділік пісу
жылдамдығына кері пропорционалды тәуелділікте , будан неғұрлым кеш пісетін
болса, соғұрлым ол өнімдірек және көбірек жапырақ түзеді.

Солтүстік Қазақстанда кең тараған будандардан ерте пісетін топқа Молдавский
216СВ, Молдавский 257 СВ, Днепровский 141Т және олар мұнда астық
технологиясымен өсіруге ұсынылған : орташа мерзімде пісетін будан тобына
Одесский 80МВ, Одесский 86МВ,Днепровский 247МВ, Жеребковский 86МВ жатады;
ортадан кеш мерзімде пісетін топқа Казахстанкий 5 ТВ кіреді.
Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері мамырдың екінші онкүндігінде себіліп
және тамыздың үшінші онкүндігі кезеңіндежиналғанда орта есеппен 1700-18000
белсенді температура жиынтығын алады, қыркүйектің ортасында жиналғанда ғана
қосымша 250-3000 жылу немесе 1950-21000 жиынтық температура алады, мұның
өзі алғашқы күзгі бозқырау кеш- қыркүйектің ІІ-ІІІ онкүндігінде түскен
жылдары ғана мүмкін.

Шілде-тамыз айларында айтарлықтай жоғары температура болған және күзгі
бозқырау кеш түскен жылдары орташа мерзімде және ортадан ерте пісетін
жүгері будандары сүттене-балауыздана пісу кезеңіне жетеді және себу
мерзімінен (20-25мамыр) егін жинауға дейінгі (20-25 қыркүйек) кезеңнің
ұзақтығы 120-125 күн.

Жүгерінің ең ерте және ерте пісетін будандары республиканың солтүстік
облыстарының үсіксіз кезеңіне ойдағыдай келеді, алайда олар собық түзе
отырып, көк балаусадан аз өнім береді.
Тез пісетін сорттарының пісіп –жетілуіне 1800-2100 0С, кеш пісетіндеріне
2500-30000С белсенді температура жиынтығы қажет.
Жүгері құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Ол ылғалды үнемді
пайдаланады және бір өлшем құрғақ зат қалыптастыруға, басқа астық
дақылдармен салыстырғанда суды азырақ шығындайды. Оның транспирациялық
коэффиценті 170-406 , бірақ бір өлшем жерден , бірақ басқа астық
дақылдарына қарағанда едәуір жоғарырақ өнім қалыптастыратындықтан жүгеріге
молырақ су қажет. Өсу-даму кезеңінде бір гектар егістіктен 3000-6000м3 су
шығындайды. Өскін пайда болғаннан түтікке шыққанша жүгері ылғалды аз
пайдаланады, содан кейін оған деген талабы арта түседі. Оның суды ең көп
шығындайтын кезеңі шашақтанудан 10 күн бүрын және шашақтанғаннан 20 күн
өткен аралық . Осы кезеңде су тапшылығы өнімнің күрт төмендеуіне әкеледі.
Агротехника деңгейі жоғары болғанда жүгері топырақ және ауа тапшылығына
біршама төзе алады. Мұны ылғалды мол пайдаланатын кезеңде жүгерінің жақсы
дамыған, өсімдікті терең қабаттан сумен қамтамасыз ететін тамыр жүйесі
болатынымен түсіндіріледі. Сонымен бірге жүгері ауадан су буын қосымша қор
ретінде пайдалана алады. Бірақ жүгері құрғақшылыққа төзімділігі бойынша
тары мен шай жүгеріден кейін тұрады.
Топырақтың ең төмен сыйымдылығы 75-80% деңгейінде болғанда тамыр жайылатын
қабатта жүгері үшін дымқылданудың оңтайлы жағдайы қалыптасады.
Жүгері жарық сүйгіш, қысқа күндік өсімдік. Күннің жарығы, әсіресе
өсімдіктің жастық шағында, оның өсуіне және дамуына жақсы ықпал жасайды.
Егістіктің тым жиілігі, арамшөп басуы өсу процесіне тежегіш әсер етеді:
жеміс бойлану мүшесінің қалыптасуы тежеледі, аталық және аналық гүл
шоғырларының гүлдеу кезеңлері қабыспайды және жеміссіз өсімдіктердің саны
аса түседі. Жүгерінің агротехникалық шараларын әзірлегенде мұны ескерген
жөн. Ұзақ күн жүгерінің өсуін ұзартса, қысқы күн-қысқартады.
Жүгері топырақ құнарлығына зор талап қояды және тыңайтқышқа өте ықыластылық
көрсетеді. Ол ең мол өнімін құнарлы топырақтарда агротехника деңгейі жоғары
болғанда береді.
Құрылымды қара топырақта және күңгірт қоңыр торырақта жүгері сәтті келеді,
сондай-ақ құнарлылығы жоғары және ауа өткізгіштігі жеткілікті өзен
арнасының топырақтарында да . Бұл дақылдың жоғары өнімін топырақ ауасында
оттегінің мөлщері 18-20% кем болмағанда алады. Ол үшін торыпақ тығыздығы
1,2-1,3 гсм3оңтайлысын алады.
Жүгері өсірілетін топыраққа толығымен қажет мөлшерде органикалық және
минералды тыңайтқыш енгізілген болу керек: өңдеу қабаты терең, жақсы
құрылымды, қажетті мөлшердегі ылғал қоры мен қоректік заттары болғаны
дұрыс. Бұл дақыл үшін топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарапқа жуық
болғаны pH6,5-7,5 жақсы . Қышқыл, сортаң және батпақтануға бейім топырақтар
жүгеріні өсіруге жарамайды.

1.4 Жүгеріні өсіру технологиясы

Аймақтық ерекшеліктеріне байланысты жүгеріні ауыспалы егісте күздік және
жаздық астық дақылдарынан, дәнді бұршақ дақылдарынан, картоптан, бақшалық
дақылдардан және т б кейін орналастырады.
Жүгері топырақты терең қабатқа құрғататын кұнбағыстан, қант қызылшасынан ,
судан шөбінен және коп жылдық шөптерден кейін орналастыруға, әсіресе
құрғақшылық жылдары , сондай-ақ жүгерімен ұқсас зиянкестері –жүгері
көбелегі бар тарыдан кейін орналастыруға болмайды. Жоғары агротехникада
және тыңайтқыш енгізілгенде жүгеріні бір танапта өнімділігін кемітпей
бірнеше жыл бойы өсіруге болады. Жүгері жаздық дақылдар үшін жақсы алғы
дақыл бола алады, ал көк балауса жемге өсіргенде күздік дақылдарға да.
Ферма маңындағы ауыспалы егісте жүгеріні ауысымсыз өсіреді немесе дәнді
дақылдармен кезектестіріп себеді. Ең дұрысы оны сүрлейтін жеріне жақын
өсіру.
Екі танапты ауыспалы егісті- жүгері –арпа енгізгенде, арпа үшін топырақты
механикалық өңдеу барысында, егуге дейінгі ұзақ мерзімді дұрыс пайдаланып ,
арпаны маусымның 2-5 жұлдызында егіп, сондай-ақ арпа егістігінде
гербицидтерінде қолданып танаптың арамшөптермен ластануын күрт төмендетуге
болады.
Жел эррозиясына ұшыраған топырақтарда жүгеріні көп жылдық шөптермен
кезектестіріп , жолақтарда өсіреді. Мехикалық құрамы жеңіл топырақтарда
жолақтардың енін 50 м асырмай, басым жел бағытына көлденең орналастырады.
Жүгері үшін топырақты мұқият дайындайды. Өсіру жағдайына байланысты
топырақты аударып жыртады немесе жазықтілгішпен өңдейді.
Солтүстік Қазақстанда өңдеу тәсілін алғы дақылға, танаптың арамшөппен
ластануына, ылғал қорына, органикалық тыңайтқыштарды енгізудің сәттілігімен
және оларды мұқият араластыруға байланысты анықтайды.
Жүгеріні қоңырбастардан кейін орналастырғанда, әсіресе жел эррозиясына
ұшыраған аудандарда топырақтың жазықтілгіштермен өңдеу тиімді, ал құрғақ
жылдары тілгішпен өңдеген дұрыс .
Қарқынды технология тиімді гербицидтерді, аурумен зиянкестермен күресу зат
тарын қолдануды , өсім діктерді минералды қорекпен толығымен қамтамасыз
етілуін , жоғары өнімді будандарды және қазіргі жоғары өнімді минералды
қолдануды , агротехникалық шаралардың бүкіл кешенін жоғары жағдайда
атқарылуын қарастырады.
Топырақты егу алдында өңдеу ылғалды сақтауға , армшөптерді жоюға
бағытталған. Ол ерте көктемгі тырмалаудан, 2-3 рет культивациялаудан және
бірнеше тырмалаудан тұрады. Бірінші культивацияны ертерек 10-12 см .
Еліміздің құрғақ аудандарында себу алдында немесе сепкеннен кейін тығыздау
өте тиімді.
Ғылыми негізделген агротехникада жүгерінің өнімділігі өте жоғары. Бұндай
өнім қалыптастыруға ол, бірінші топтың астықтарына қарағанда өте көп
қоректік заттарды шығындайды. 1 гектардан 5-6 тонна астық немесе 50-60
тонна көк балауса жиналғанда жүйелі топырақтан 150-180 кг азот,60-70 кг
фосфор және 160-190 кг калий сіңіреді. Бұлардың жартысынан көбін даму
кезеңінің екінші жартысында тұтынады. Сондықтан жаздағы үстеп
қоректендіріудің маңызы өте зор,ал кең қатарлы және ұялап себу тәсілдері
өсу-даму кезеңінде тыңайтқыш енгізуге мүмкіндік береді.
Жүгері егістігіне тыңайтқыш жүйесін қолдану негізгі отырғызу кезінде және
үстеп қоректендіруден тұрады. Негізгі тыңайтқышты сүдігер көтергенде
енгізеді.Бір гектарға тыңайтқыштың шамалы мөлшерін, айтайық шамамен 5-10 кг
әсер етуші затын дән ұясынан 4-5 см қашықтықта және 2-3 см тереңірек
енгізсек, оның әсері культивация астына тыңайтқыштың 20-30 кг әсер етуші
затын енгізгендей болатынын зерттеулер дәлелдеп берді.
Тұқымның танаптық өнгіштігінің төмендеуін болдырмау үшін жоғарыда
айтқанымыздай тыңайтқышты ұядан алшақтау орналастыру және оны
қарашіріктермен араластыру керек. Мұндайда астықтың өнімі гектарына 5ц
артады.
Тыңайтқыш мөлшерін топырақтың сапасына, алғы дақылына , бұрынырақ
тыңайтқыштың қолданғанына, климат жағдайына, топырақтың химиялық құрамына
және жоспарланған өнімділігіне байланысты анықтайды.
Шаруашылықтар жүгері тұқымын арнаулы зауыттардын, егуге толығымен дайын
күйінде алады. Тұқымның өнгіштігі 95% кем болмау керек. Олардың өнгіштігін
жоғарылату үшін себуден бұрын 3-5 тәуліктей жылы ауамен өңдейді.
Себу мерзімін қатаң сақтаудың маңызы зор. Тұқымды тым ерте ,жылынбаған
топыраққа сепкенде өскіннің пайда болуы баяулайды, ал тұқымдар көбінесе
ауруға шалдығады. Тым кеш егу топырақтың ылғалын жоғалуына әкеледі, ол
өнімнің төмендеуіне себеп болады. Әдетте жүгеріні топырақтың тұқым сіңіру
қабатында 10-120С жылынғанда еге бастайды. Жеңіл топырақтар тезірек
жылынады,сондықтан егуді ауыр топырақпен салыстырғанда ертерек бастайды.
Сонымен себу мерзімін реттей отырып, өсімдіктің қажет сабақ жиілігін
қалыптастыруға және де мұндайда тұқымның артық жұмсалуын болдырмай,
танаптың арамшөппен ластану деңгейіне байланысты егуге дейін арамшөптермен
тиімді күресу шараларын іске асыруға болады.
Жүгеріні сүрлемге нүктелеп немесе кең қатарлап себеді, ал кейде жай
қатарлап та себуге болады. Гектардағы өсімдік жиілігі артқан сайын жүгері
балаусасының, сондай-ақ құрғақ заттардың өнімі арта түседі.
Жүгеріні шаршы-ұялап егу үшін қатар аралықтары 70см СКНК-8, СКНК-6 нүктелеп
СУПН-8,СУПН-6, СКПГ-4, СБК-4 тұқым сепкіштерін қолданады.
Қазақстан жағдайында суландырусыз жүгері отамалы дақыл ретінде кең қатарлап
себу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Жүгері биохимиясы
Жүгері өсірудің фитосанитарлық технологиялары
Жүгері дақылының биологиялық ерекшеліктері
Жүгерінің тауар айналымы
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы ақпарат
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және оны зерттеу
Картоптың жаңа сорттары мен будандардың экологиялық иілімділігін бағалау
Алматы облысының жазық бөлігінің қоңыр топырағының құнарлығымен жүгері өнімділігіне тыңайту жүйелерінің әсері
Пәндер