Картоптың жаңа сорттары мен будандардың экологиялық иілімділігін бағалау


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды облысы «Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми зерттеу институты» ЖШС-гі картоптың жаңа сорттары мен будандардың экологиялық иілімділігін бағалау

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Қазақстанда картопты өсіру жағдайы және ерекшеліктері
3: 5
:
Кіріспе:
  1. Ботаникалық ерекшеліктері
3: 6
:
Кіріспе:
  1. Морфологиялық ерекшеліктері
3: 8
:
Кіріспе:
  1. Биологиялық ерекшеліктері
3: 9
:
Кіріспе: 1. 4 Орталық Қазақстанда картопты өсіру технологиясы
3: 11
: 2
Кіріспе: Шаруашылықтың жағдайы
3: 22
: 3
Кіріспе: Зерттеулер әдістемесі және бағдарламасы
3: 23
:
Кіріспе: 3. 1 Топырақ - климат жағдайлары
3: 23
:
Кіріспе: 3. 2 Шаруашылықтың топырағы және ауа - райы жағдайы
3: 24
:
Кіріспе: 3. 3 Зерттеулердің әдістемесі және бағдарламасы
3: 26
:
Кіріспе: 3. 4 Қолданылатын сорттардың сипаттамасы
3: 28
: 4
Кіріспе: Экологиялық сынау жөніндегі зерттеулер әдістемесі
3: 30
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 32
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 33

Кіріспе

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде картоптың потенциалды мүмкіндігін зерттеуге көп назар аударылады. Осымен қатар зерттеулердің негізгі мақсаты - осы бағалы ауыл шаруашылығы дақылынан өнімі жоғары және тұрақты өнім алу. Көптеген елдерде картоп өсірудің жинақталған тәжірибесі - картоп өнімдерінің өндірісінің дамуы мен өсуі әлемдік іссанада келесі факторларға байланысты екенін дәлелдеді: селекцияның даму деңгейіне; отырғызу материалдарының сапасына; картоп өсіру технологиялық үдерістің механикаландыру деңгейіне; суармалы егіншілікті жеткіліксіз су қамтамасыз етілген аймақтарда егістік көлемін кеңейту.

Қазіргі уақытта Қазаққстанның көптеген аудандарының өндірістік егістігінде картоптың отандық селекциямен шығарылғандары кең қолданылады. Көптеген сорттар бірқатар шаруашылық - пайдалы белгілерімен сипатталады: фитофторозға және вирусты ауруларға төзімділігімен. Айта кететін жәйт, отандық картоп сорттары әр түрлі топырақ - климат жағдайларында тұрақты және жоғары өнім береді, өзінің өнімділігі жөнінен және басқа көрсеткіштері бойынша шетел сорттарынан қалыспайды. Бірақ, қазіргі кезде отандық селекцияда күрделі және қиын шешілетін мәселелер туындап отыр. Олардың арасында вирустық, бакттериялық және саңырауқұлақ ауруларына, зиянкестерге қарсы кешенді төзімділігі бар жоғары өнімді сұрыптарды шығару - ол маңызды болып тұр.

Соңғы жылдары картоптың отандық селекциясында өнімділігі мен иммуногиялогиялық сипаттамасының артуымен бірге селекционерлер оның сапалық тұтынушылық қасиеттеріне үлкен көңіл аударуда. Себебі, қазіргі уақытта нарықтағы нарықтағы картоптың сұранысы мен бағасын көбінесе түйнектің қызықтыратын сыртқы түрі және сүйкімді сыртқы пішінін анықтайды. Сатып алушы картоптың мынадай сорттық ерекшеліктерімен белгілеріне көңіл аударатын болған: қабығының түсіне, түйнектің жұмсақтық түсіне, тереңдігіне, дәмдік сипатталғанын, сонымен бірге селекциялық жұмысында басты көрсеткіші - шығарғанда түйнектегі құрғақ заттар мөлшері, крахмалдылығы және әр түрлі картоп өнімдерін шығаруға жарамдылығы. Қазақстанда бұл мәселелерді селекционерлер еш қиындықсыз шешті. Бүгінгі күні еліміздегі шығарылған жаңа сорттар өзінің тартымдылығы мен тауарлық өнімнің сапасы жөнінде шетел сорттарынан кем түспейді.

Тұқым шаруашылығында сорттық сорттық көбейту тәсіліне тәуелсіз кейбір ауылшаруашылық дақылдарының сорт қасиеттерін қолдану үшін басқа түрлері болсын, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері жөнінде қатаң сұрыптау қажет және ұрпақтары бойынша сұрыптап алынған өсімдіктерді сынау керек. Сауықтырылып жатқан сорттарды қайта қалпына келтіру және қолдау үшін ауруларға және стрестерге, бастапқы генотиптің деңгейінен төмен емес экологиялық далалық төзімділігі бар ең өнімді, аталмыш типке қалыпты, тіршілікке қабілетті клондарды сұрыптап алу керек. Осының барлығын бірнеше рет сұрыптап, екі және одан көп жыл бойы алынған клондардардың ұрпақтарын тексеріп қол жеткізуге болады.

Мен өндірістік іссананы Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми зерттеу институтында мамыр айының 13 - нен бастап 30 аралығында және де тамыз айының 1 - інен бастап, қыркүйек айының 15 - не дйінгі аралықты өттім.

Экологиялық сынақта зерттеу нысандары ретінде Қазақ картоп шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының 20 будандары және отандық шетел селекциясының 8 сорты зерттелді.

Зерттеулердің мақсаты : картоптың жеке сорттары мен будандардың экологиялық иілімділігін бағалау.

Зерттеулердің міндеттері:

- Орталық Қазақстан жағдайында картоптың сорттары мен будандарының даму ерекшеліктерін зерттеу;

- Орталық Қазақстанда картопта негізгі таралған аурулары мен зиянкестерге қарсы төзімділігін зерттеу;

- картоп өнімділігінің құрылымын, өнімділігін, тез пісуін, крахмалдылығын анықтау;

- мемлекеттік сорт сынауға жіберу үшін шаруашылық - бағалы белгілері бойынша картоптың үздік сорттары мен будандарын бөліп алу.

1 тарау. Қазақстанда картопты өсіру жағдайы және ерекшеліктері

Картоптың шыққан тегі - Оңтүстік Америка, ол біздің жыл санауымыздан, 1-2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Европаға (Испания) картоп 16-ғасырда әкелінген. Бұл дақылдың Ресейде таралуын дәнді дақылдардың егін өнімінің жиі түрде төмен болғандығымен және 18-ғасырдың екінші жартысымен түсіндіріледі.

Картоп өндірісінің айтарлықтай өсуі бұл аймақта тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты болды. Бұл кезде ауыл және қала тұрғындарының көбеюі картоп шаруашылығының берік базасын жасауды талап етті. Бұл күндері Солтүстік Қазақстанның төрт облысы мен Орталық Қазақстанда (Қарағанды обл. ) Республикамыздағы бүкіл картоп егістігінің 60 % (шамамен 170 мың га) шоғырланған (Кесте 1) .

Кесте 1. Облыстар бойынша картоп егістігінің аумағы (2004 ж., мың га)

Облыстар, қала: Облыстар, қала
Барлық шаруашылық категориялары: Барлық шаруашылық категориялары
Оның ішінде: Оның ішінде
Облыстар, қала: ауыл шаруашылығы мекемелері
Барлық шаруашылық категориялары: шаруа (фермер) шаруашылықтары
Оның ішінде: үй шаруашылығы
Облыстар, қала: Қазақстанда
Барлық шаруашылық категориялары: 169, 1
Оның ішінде: 6. 4
26
136. 7
Облыстар, қала: оның ішінде Ақмола
Барлық шаруашылық категориялары: 16, 9
Оның ішінде: 0, 7
0, 1
16, 1
Облыстар, қала: Ақтөбе
Барлық шаруашылық категориялары: 6, 1
Оның ішінде: 0, 3
0, 5
5, 3
Облыстар, қала: Алматы
Барлық шаруашылық категориялары: 34
Оның ішінде: 0, 8
13
20, 2
Облыстар, қала: Атырау
Барлық шаруашылық категориялары: 1
Оның ішінде:
0, 2
0, 8
Облыстар, қала: ШҚО
Барлық шаруашылық категориялары: 27
Оның ішінде: 0, 6
1, 9
24, 5
Облыстар, қала: Жамбыл
Барлық шаруашылық категориялары: 6
Оның ішінде: 0, 4
1, 8
3, 8
Облыстар, қала: БҚО
Барлық шаруашылық категориялары: 4
Оның ішінде:
0, 5
3, 5
Облыстар, қала: Қарағанды
Барлық шаруашылық категориялары: 10, 3
Оның ішінде: 1, 6
1, 2
7, 5
Облыстар, қала: Қостанай
Барлық шаруашылық категориялары: 9, 9
Оның ішінде: 0, 4
0, 7
8, 8
Облыстар, қала: Қызылорда
Барлық шаруашылық категориялары: 7, 9
Оның ішінде: 0, 1
0, 2
7, 6
Облыстар, қала: Павлодар
Барлық шаруашылық категориялары: 12, 1
Оның ішінде: 0, 4
1, 9
9, 8
Облыстар, қала: СҚО
Барлық шаруашылық категориялары: 22, 5
Оның ішінде: 0, 5
0, 5
21, 5
Облыстар, қала: ОҚО
Барлық шаруашылық категориялары: 10, 2
Оның ішінде: 0, 3
3, 5
6, 4
Облыстар, қала: Астана қ.
Барлық шаруашылық категориялары: 1, 1
Оның ішінде: 0, 3
0, 8
Облыстар, қала: Алматы қ.
Барлық шаруашылық категориялары: 0, 1
Оның ішінде:
0, 1
Облыстар, қала: Барлығы
Барлық шаруашылық категориялары: 166, 8
Оның ішінде: 5, 7
22, 2
138, 9

Солтүстік Қазақстанда картоп салыстырмалы түрде жаңа дақыл. Оның алғашқы алқаптары 19-ғасырдың орта шенінде орыс көшпенділерімен салынған және 20-ғасырдың 30-жылдарына дейін егістік аумағы шамалы болды және тауарлы сипатқа ие бола алмады.

Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсіріледі, жалпы егіс аумағы шамамен 23, 0 млн гектарға тең. ТМД елдеріндегі жалпы картоп түсімі бүкіл дүниежүзілік өндірістің үштен бірін қамтиды (негізгі өндірушілері Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Балтық бойы елдері, Қазақстан ж. б. ) .

Қазақстанда картоп өнімі 2004 жылы орта есеппен барлық шаруашылық нысандарында 134, 0 ц/га болды (Кесте 2)

Дүние жүзінде барлық өндірілген картоптың 60% азық-түлікке жұмсалады, ал ТМД елдерінде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Біздің елімізде жекелеген жылдары өндірілген картоптың үштен бірі ғана азық-түлікке пайдаланылады, көп бөлігі шығынға ұшырайды, ал дамыған АҚШ-да картоп шығыны 5% ғана құрайды екен.

Кесте 2. Облыстар бойынша картоптың өнімділігі (2004 ж., ц/га)

Облыстар: Облыстар
Барлық шаруашылық категориялары: Барлық шаруашылық категориялары
Оның ішінде: Оның ішінде
Облыстар: ауыл шаруашылығы мекемелері
Барлық шаруашылық категориялары: шаруа (фермер) шаруашылықтары
Оның ішінде: үй шаруашылығы
Облыстар: Қазақстанда
Барлық шаруашылық категориялары: 134
Оның ішінде: 121, 1
148, 6
131, 8
Облыстар:

оның ішінде

Ақмола

Барлық шаруашылық категориялары: 107, 1
Оның ішінде: 56, 9
78, 6
109, 5
Облыстар: Ақтөбе
Барлық шаруашылық категориялары: 115
Оның ішінде: 60, 7
111, 9
118, 6
Облыстар: Алматы
Барлық шаруашылық категориялары: 154, 8
Оның ішінде: 130, 6
153, 4
156, 7
Облыстар: Атырау
Барлық шаруашылық категориялары: 107, 8
Оның ішінде: 61, 2
103, 6
111, 3
Облыстар: ШҚО
Барлық шаруашылық категориялары: 135, 9
Оның ішінде: 110, 1
103, 9
138, 9
Облыстар: Жамбыл
Барлық шаруашылық категориялары: 170
Оның ішінде: 89, 5
188, 4
167, 2
Облыстар: БҚО
Барлық шаруашылық категориялары: 83, 4
Оның ішінде: 64, 2
94, 2
82, 2
Облыстар: Қарағанды
Барлық шаруашылық категориялары: 164, 2
Оның ішінде: 183, 3
167, 2
159, 8

Жан басына шаққанда картоптың пайдалануы ТМД елдерінде - 120 кг, АҚШ-да - 60 кг, Қазақстанда - 90 кг.

  1. Ботаникалық ерекшеліктері

Ботаникалық сипаттамасы . Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі (Сурет 1) .

Оны вегетативті түрде (түйнек, көз-ше, бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен - қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі - көбейтіледі. Тұқыммен көбейтіл-генде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбей-тілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құра-лады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптас-тырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш - 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында орналасқан.

Т

Ө

Картоп жуандаған столон қалыптастырады, ол түр өзгерісіне ұшырған жер асты сабағы болып табылады, ұштары жуандап түйнекке айналады. Түйнектерде көзшелер бұранда тәртібімен орналасқан (кеңірдектелген жапырақтар) . Картоп түйнегі маңызды биологиялық қасиеті - тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде сақтауға мүмкін береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Ортадан кеш пісетін және кеш пісетін сорттарының тыныш-тық күйі ерте және орташа мерзімде пісетіндерге қараған-да ұзағырақ. Қысқы сақтау ережесін (тәртібін) дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы көктемей жақсы сақталады.

Түйнектер өне бастағанда тыныштық күйдегі өркен-көзшелерден өскіндер түзіледі, олар жарықта қысқа және жасыл, ал қараңғыда - ұзын және түссіз болады. Өскіндерден картоп бұтасы пайда болады, ол бірнеше сабақтарды біріктіреді (Сурет 2) Картоп басқа танаптық дақылдар сияқты өзінің тіршілік үрдісінде үнемі қоршаған ортамен байланыста болады. Қалып-ты өсіп-дамуына, мол өнім алуда өсімдіктерді барлық тіршілік факторларымен (су, жылу, жарық, ауа, қоректік заттармен) бір мезгілде, үздіксіз және қажетті мөлшерде қамтамасыз ету қажет.

Картоп өсімдігінің қоршаған орта факторларына талабы тіршілігінің әр кезеңінде бірдей емес. Оның үстіне, әр фактор басқа жағдай қалыптасқанда басқаша әсер етеді, міне сондықтан өсу жағдайларына қоятын талаптарын тереңірек оқып-үйреніп және өсімдіктердің оларға қажетсінуін ескеру абзал.

1. 2 Морфологиялық ерекшеліктері

Картоптың биіктігі 40 - 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 - 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп түқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады.

Жаз ортасында картоп гүлдейдi. Гүлшоғыры әдетте үлкен гүлдерден тұрады. Гүлiнiң құрылысы барлық алқа тұқымдасына жататын өсiмдiктерге тән. Насекомдар картоп гүлдерiне көп қонбайды, өйткенi шырындығы жоқ, тозаңдары аз. Гүлдерi өздiгiнен тозаңданады. Күзге таман жемiстерi пiсiп жетiледi. Жасылдау- ақ түстi жидектер орман жаңғағынан сәл үлкендеу. Картоптың тұқымынан жаңа өсiмдiк өсiп шығады. Бiрiншi жылы топырақта кептердiң жұмыртқасынан үлкен болмайтын ұсақ түйнектерi жетiледi. Жаңа сорттар шығару мақсатында ғана картопты тұқымы арқылы көбейтедi. Әдетте картоп түйнектерi арқылы вегетативтiк жолмен көбейедi.

Картоп түйнектерi түрi өзгерген жер асты өркендер. Олардың сабақтарында көп мөлшерде крахмалдың артық қоры жиналады. Крахмал жапырақтың хлоропласттарында фотозинтез процесi нәтижесiнде түзiлетiн қанттан пайда болады. Картоп түйнегiнiң 75-80% су, 25% құрғақ заттар. Осы құрғақ заттардың 14-22% крахмал түзедi.

Картоп түйнегi витаминдерге бай, әсiресе витамин С көп болады. Картоп түйнегiнде капустаға, томатқа, сәбiзге, пиязға қарағанда витамин В, әлде қайда көп жиналады. Сонымен бiрге картоп түйнегiнде витамин А, В, В, Н, К және тағы басқалары болады.

Картоптың шыққан жерлерi Чилидiң жағасы мен Перудiң таулары. Картоп таудың жоғары белдеулерiнiң салқынына төзiмдi келедi. Қазiргi кезде Перуандықтардың негiзгi азығы картоптың көптеген сорттары бар. Шаруашылықта қолданылуына, биологиялық ерекшелiктерiне қарай картопты мынадай төрт топқа бөледi: асханалық, зауыттық, малазықтық, жанжақты сорттар. Картоптың асханалық сорттарының түйнектерi дәмдi, тез пiсетiн және үгiтiлмейтiн болуы шарт. Асханалық сорттарға әдетте ерте пiсетiн және пiсетiн уақыты орташа болып келетiн картоптар жатады.

Зауыттық сорттарға түйнегiнде крахмалы көп (18 % кем болмайтын), жақсы ашитын, спирттi көп беретiн картоптар жатады. Зауыттық сорттарға әдетте кеш пiсетiн және ұзақ сақталатын картоптар жатады.

Малазықтық сорттарға түйнегiнде құрғақ заттары мен ақуызы (белогi) көп болатын, крахмалы аз дәмсiз картоптар жатады.

Жанжақты сорттарға түйнегiнiң сапасы жағынан асханалық және зауттық сорттардың ортасында болатын картоптар жатады. Бұларды тамаққа да, зауытқа да пайдалануға болады.

Көлеңкелi жерлерге отырызылған картоптың түйнектерiнiң өнiмдiлiгi аз болады. Шығу тегi жағынан картоп қоңыржай климатты аймақтың өсiмдiгi. Ауа райы ашық, салқындау, жаңбыры жиi болғанымен, жерге түсетiн ылғалдың мөлшерi онша көп болмайтын жерлерде картоптың өнiмдiлiгi жоғары болады.

Картопты көктемде отырғызады. Отырғызуға картоптың орташа салмағы 60-80 гармм болатын түйнектерi таңдап алынады. Отырғызудың алдында картоп түйнектерiн 30-40 күн бойы жарығы мол, температурасы 12-16º С болатын бөлмеде өсiредi. Түйнектердi бұлай өсiру картоптың дамуын жеделдетедi және өнiмдiлiгiн арттырады. Түйнектердiң үстiндегi бүршiктерiнен жер бетi өркендерi пайда болады. Арам шөптерден тазартып, картопты түптеген соң, жаңа қосалқы тамырлары мен жер асты өркендерi - сталондары пайда болады. Осы сталондардың үстiнде күзде көптеген түйнектер жетiледi.

1. 3 Биологиялық ерекшеліктері

Картоп айтарлықтай жылу сүйгіш өсімдік. Тыныштық күйден күйден өткен және температурасы 3 - 5 0 С - дан төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7 - 8 0 дейін көтерілгенде түйнекте қалыпты өну байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура +16 - 18 0 деп есептеледі.

Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5 - 6 0. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17 - 22 0 температурада байқалады. +25 0 - тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42 0 - тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. - 1 - 1, 5 0 суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бүл кезеңдегң топырақ температурасы +16 - 18 0 немесе +22 - 25 0 ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6 0 - тан төмен және +23 0 - тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26 - 29 0 - та түйнектің түзілуі мүлде тоқтайды.

Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы ( +10 0 - тан жоғары ) пісу мерзімі ерте және одан ерте пісетін сорт үшін 1400 - 1600 0 , орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600 - 1800 0 ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін 1800 - 2000 0 . Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800 - 2200 0 аралығында, ал негізінен 1600 0 - ден 2600 0 - қа дейін өзгереді. Сондықтан ортадан кештеу және кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.

Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есесбінен қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ жапырақтар қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдіктің ылғалға өажетсінуі шамалы, өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес және осы кезеңде олар қуаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе келе ылғалға қажетсінуі арта түседі де барынша қажетсіну жаппай қауыздану - гүлдену кезеңіне сәйккес келеді, бұл кезде олардың жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жоғары. Бұл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан ылғалмен үздіксіз түрде қамтамасыз ету жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі. Бұл кезеңдегң судың жетімсіздігі тургордың төмендеуі мен жапырақтың солып қалуына әкеліп соғады, ал мұның өзі фитосинтезге теріс әсерін тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді. Тамырлардың негізгі массасы тараған алаңда осы топырақтың ылғалдылығын ТДЫ 70 - 80% дәресінде ұстағанда өнімнің қорлануына ең қолайлы жағдайлар жасалады.

Өсіп өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектің өсуі төмендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға қажетсінуі кемиді. өсіп өну кезеңінің соңына қарай қалыптасқан жылы әрі құрғақ ауа райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі қалың қабақтың пайда болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде өнімді жинаған кезде түйнектер аз жарақаттанады да қыста жақсы сақталады. Керісінше, жауын - шашынды ауа райы түйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда әлсіз, жұқа қабық түзіледі, жинаған кезде олар жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады.

Топырақтағы ылғалдың мөлшері, оның жөтімсіздігі сияқты картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі, крахмал мөлшері азаяды, бактериялық және саңырауқұлақ ауруларымен заладану артады.

Метеорология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру әдістеріне байланысты картоптың транспирациялық коэффициенті 330 - 700 өлшем бірлігіне өзгереді. Орта есеппен 1 кг. Картоптың түйнегін алу үшін 150 л. су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ құнарлылығы мен механикалық құрамына байланысты өзгереді: құнарлы саздақ топырақта 85 - 100 л, құнарсыз құмдақ топырақта 160 - 200 л. дейін көтеріледі.

Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған картоп сорттарының көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің аяғы мен тамыздың бас кезінде болады, бұл жаздың ылғал мол түсетін кезіне сәйкес келеді де өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа - райы қалыптасса ( қуаңшылық, қолайсыз температура ), өсімдіктер қысылып өседі әрі жекелеген жағдайларда виркһустық аурулар да етек алып кетеді.

Картоп жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондықтан алқапта өсімдікті дұрыс орналыстыру арқылы бұтаның жан жақты жарықталуын қамтамасыз еті қажет, ал бұл фитосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мүмкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа. Отырғызылатын материал көлеміне, ылғалмен қамтамасыз етілуі мен топырқ құнарлылығына байлынысты.

Нақты жағдайда бір гектарда 40 - 50 мың м 2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең қолайлы деп есептеледі. Картоптың көптеген сорттары сабақ - жапырақтары мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктерге жатады.

Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап қояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптың тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режимі тығыздығына 0, 9 - 1, 1 г/см 3 қара және қоңыр топырақта жасалады.

1. 4 Орталық Қазақстанда картоптың өсіру технологиясы

Картоп өсірудің технологиясы төмендегідей негізгі элементтерді қарастырады:

  1. картоп плантациясын дұрыс орналастыру;
  2. топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін жасау;
  3. органикалық және минералды тыңайтқыштардың жеткілікті мөлшерін енгізу;
  4. алдын - ала қырқалар тілу;
  5. отырғызыларын түйнектерді сапалы дайындау;
  6. жоғары өнімді картоп отырғызытын машиналарды пайдаланып дер кезінде және сапалы түрде түйнектерді отырғызу;
  7. уақытында күтіп - баптау;
  8. шабу немесе десикациялау арқылы дер кезінде сабақ жапырақ массасын аластату;
  9. сапалы жинау және түйнектерді жинағаннан кейін сақтауға дайындау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Селекциялық ауыспалы егістер
Гетерозис құбылысы жəне оның селекциялық маңызы
Экологияның техникалық дақылдарға (қант қызылшасы, қартоп) тигізетін әсері
Сомалық будандастырудың негіздері
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
Түр аралық будандастырудан алынған будандардың селекциялық генетикалық ерекшеліктерін зерттеу
Алшақ будандастыру
Клеткаларды сұйық қоректік ортада өсіру
Жоңышқаның құнды белгілері мен қасиеттері және селекция әдістері мен нәтижелері
Жүгерінің отандық және шетелдік сорттары мен будандарын Солтүстік Қазақстан жағдайында экологиялық сортсынау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz