Ауыл шаруашылығы өнімдері, сапасы туралы түсініктер


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Өнімдер сапасы туралы түсініктер мен түсініктемелер
  2. Өнімдердің сапа көрсеткіштері мен тұтынушылық қасиеттерінің номенклатурасы
  3. Өнімдердің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері
  4. Өнімдердің сапасын бақылау. Бақылаудың түршелері.
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Сапа - философиялық категория. Бұны алғаш рет б. ғ. д 3-ші ғасырда Аристотель белгілеген деп саналады. Сапа тұрмыс пен үйлесімді, сондықтан «анау бірдеме», сол сапа күйінен айырылса, ол «бірдеме» болудан қалады деп сапаның философиялық анықтамасын Гегель ( ХІХ- ғасыр) берген болатын. Осыған ұқсас қазіргі философиялық анықтама да бар. Сапа категориясы обьективті іс-әрекеттің маңызды жағы-анықталығын қамтитынын айтуымыз керек. Обьектінің сапасы, оның жекелеген қасиеттері мен ғана бағаланбайды, оның өзімен тұтас болады да, толық қамтып, одан ажырамайды, сондықтан сапа түсінігі заттың негізімен байланысады. Адам іс-саласында құбылыстар мен нақты қоршаған орта обьектілерінің шексіз әрі алуандығынан күнеделікті сапа түсінігін толық емес, бірақ жағдайларға байланысты қоғамның нақты тұтынуға жарамды болуы керек.

Сапа түсінігінің өзгеруі (динамикасы)

Туындыгер
Сапаның анықтамасын тұжырымдау
Туындыгер:

Аристотель

(б. з. д. ІІІ-ғасыр)

Сапаның анықтамасын тұжырымдау: Заттар арасындағы өзгешеліктерді «Жақсы», «жаман» деген белгілері бойынша бөлу
Туындыгер: Гегель (ХІХ ғасыр)
Сапаның анықтамасын тұжырымдау: . . Сапа алдымен тұрмыспен тепе-тең анықтама себебі ол өзінің сапасын жоғалтса, ол өзінде жоғалтады.
Туындыгер: Қытай болжамы
Сапаның анықтамасын тұжырымдау: . . . Сапаны белгілейтін иероглиф екі элементтен- «тепе-теңдіктен» және «ақшадан»- (сапа тепе-теңдік+ақша) тұрады, сондықтан сапа жоғары, сапалы «қымбат» деген түсініктерге пара-пар
Туындыгер: Шухарт (1934)
Сапаның анықтамасын тұжырымдау:

. . . Сапаның екі қыры бар:

. . . Обьективті физикалық сипаты;

. . . Субьективті жағы-қаншалықты «зат» «сүйкімді»

Туындыгер: Исикавак (1950)
Сапаның анықтамасын тұжырымдау: . . . Сапа тұтынушының іс жүзінде қанағаттандыратын қасиет
Туындыгер: Джуран Дж. М. (1979)
Сапаның анықтамасын тұжырымдау: . . . Пайдалануға жарамды болуы- субьективті жағы- сапаның бұл тұтынушыны қанағаттандыратын деңгейі (сапасын іске асыру үшін өндіруші тұтынушының талабын білуі керек және өзінің тауары осы талаптарды қанағаттандыра алатынына көңіл бөлуге тиіс.
Туындыгер: Мемлекеттік үлгіқалып (МҮҚ 15467-79)
Сапаның анықтамасын тұжырымдау: -Өнім сапасының өзінің міндетіне сәйкес белгілі бір қажеттілікке жарамдығын көрсететін қасиеттер жинағы
Туындыгер: Халықаралық үлгіқалып (ИСО 8402-86)
Сапаның анықтамасын тұжырымдау: . . . Сапа- өнімінің немесе қызметтің, оларға міндетті немесе болашақ тұтынушылығы қанағаттандыру мүмкіндігін сипаттайтын қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы

1986 жылы Халықаралық үлгі қалыптау ұйымы (ИСО) сапаның бизнес пен өндіріс салаларының барлығына тән атауларын тұжырымдады.

1994 жылы атаулар егжей-тегжей нақтыланды. Сапаның мынадай анықтамлары үлгіқалыпталынды: сапа-обьектінің белгіленген және болашақта тұтынылатын мүмкіндіктерін қанағаттандыра алатын сипатының жиынтығы.

Егер атауларды сапалық түсінігінің ұқсастығы бойынша орналастырсақ онда мынадай қатар туындар еді: «сипаттама», «қасиет», «сапа».

«Сипаттама» - бұл мәтін кесте математикалық формула түрінде белгіленетін бағынышты және бағыныссыз өзгерістердің өзара байланысы. Техника және көрсеткіштер (вольт-амперлік сипаттама, диференциалдық теңдеудің сипаттамасы) емес, қызметі сипатталынады.

« Қасиет», «сапа » сияқты философиялық категория, заттың ерекшелігі жағын немесе басқа заттармен бірлігін көрсетеді және оның оларға қатынысы.

« Сапа » анықтамасында түсінік беруді қажет ететің тағы да атау бар: қажеттілік және «обьект» деген. Қажеттілік ағзаның (оның ішінде қоғамның) бірқалыпты тіршілігіне қажет талабы туындайды және осы қанағаттанбаушылықты жоюға бағытталынады. Қоғам қажетін қанағаттандыру үшін эканомикалық іс-әрекет қажет оны экономикалық қажеттілік деп атайды. Экономикалық қажетті қанағаттандыру және әлеуметтік байқалу түрлері негізінен қоғамдық- экономикалық құрылысқа жеке мүлікке қатысты анықталады. Нарық тұтынушылардың қажеттілігін жай қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге сатып алушылардың қажеттілігінен туындаған талабы да қанағаттандыруға (төлей аларлық талап) бағытталынған.

Сапа анықтамасында қажеттілік түсінігі негізгі болып саналады. Олардың сипаттамасы обьекті сапасының сипаттамасына сәйкес болуы керек шартты жасаспаған жағдайда нарықта маңызды рөлді субьективтік түсік пен сапаны қабылдау атқарады- бұл «қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі» немесе «сапа»бұл не үшін ақша төленетінін білдіреді. Дұрысында да, сатып алушының сапа жөніндегі түсінігі өзгермелі, ол тауарды қажеттілігіне, оның жаңалығына, сәндігіне, жарнамаға, экономикалық тиімділігіне, беріктілігіне ж. т. т байланысты сатып алады. Сапа жөніндегі түсінік уақыт өткен сайын өзгереді, ол обьект жайындағы ақпараттың деңгейіне, обьектіні табуға көмектесетін техникалық құралдарға байланысты болады. Айтайық, микроскопы бар маман, обьектінің жай көзбен көрінбейтін сипатын байқайды. Даярлаушының (дайындаушы, жасаушы) немесе сатушы мен тұтынушының, сатып алушының сапа жөніндегі қарым-қатынасы әр алуан, күрделі және осы курс аумағына шығып кетеді: олар әдетте маркетинг курстарында қарастырылады.

Сапа түсінігіне «обьект» атауы кіреді. «Обьект»- жеке қарауға және сипаттауға болатын философиялық термин. Обьектіге, айтайық, іс-әрекет немесе үдеріс, өндірім, ұйым, жүйе немесе жеке адам, сондай-ақ осылардын кез келген қисындастырылғандары жатады.

«Үрдіс» атауының үлгіқалыпты анықтамасы - өзара байланысты қорлар мен іс-әрекеттің жиынтығы кіретін элеметтерді шығатындарға өзгертетінін білдіреді. Ресурстарға қызметшілер қызмет көрсету құралдары, жабдық, технология және әдіснама жатады.

«Өндірім» атауының үлгі қалыптты анықтамасы- бұл іс-әрекеттің немесе үрдістің нәтижесі екенін білдіреді. Өндірім қызмет көрсетудің (жабдықтаушы мен тұтынушының өзара қарым-қатынасының тікелей жиынтығы және жабдықтаушының тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін атқаратын тиісті іс-әрекеті), жабдықтың өңделетін жадығаттардың, бағдарламалық қамтамасыз етілудің немесе олардың қисындастыруларының нәтижесі болуы мүмкін.

« Сапа» атауының үлгіқалыпталынбаған (тұрмыстық, жарнамалық) « жақсы-жаман», «жақсырақ- нашар», «жоғары-төмен», кейде обьектінің шығу тегіне байланысты («американдық сапа», «нағыз сапалы», «сапалы киім», «саланы жақсарту» ж. т. т) деген түсініктері кең қолданыс табуда. Техникалық бағалауды өткізгенде басымдылық деңгейін және сандық сипаттарды білдіру «сапа» атауы оңаша қолданылмайды: аталған мағыналарды білдіру үшін сын есімнің сапалық шырайлары немесе тұтынушылық құнының жалпылаушы өлшемі қолданылады. Мысалы, мынадай атаулар қолданылуы мүмкін:

а) салыстырмалы сапа обьект басымдылығына байланысты жіктелгенде немесе салыстырмалы мағынада болғанда;

б) «сапа деңгейі» сандық мағынада (статистикалық қабылдау кезіндегі бақылауда қолданылады) және «сапа шегі», техникалық дәл бағалау өткізгенде қолданылады.

Кейбір анықтамаларда сапа «пайдалануға жарамды» немесе «мақсатқа сай» немесе «тұтынушының мұқтаждығын қанағаттандырады» немесе «талапқа сай» деп көрсетіледі. Обьектінің сапасын ұқсас обьекті сапаның әлемдік деңгейімен саралау арқылы салыстыру немесе обьектінің сапасы бойынша аттестациялап « сапа белгісін» беру өткен шақ саналады. Сапа мен сан көрсеткіштерін біріктіруге әрекеттенуде (кваливал, яғни сапа мәні оның санына әсер етуі бойынша белгіленген, мысалы тракторлардың жетілген түрлерін бұрынғы маркаларының орындаған жаңа маркалы тракторлардың аз санымен орындауы бойынша бағалау) болған. Сапа түсінігі, сондай-ақ «сапа жүйесі» атауында қолданылады: сапа жүйесі -жалпы басқаруды іске асыру үшін қажет ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, үрдістер мен қорлардың жиынтығы ( сапаны әкімшілікпен басқару) .

Сапа облысының саясаты - жоғары басшылықпен жоғары қалыптастырылған сапа облысының негізгі бағыты және ұйыдастырдың мақсаты.

Сапаны жоспарлау - сапаның мақсаты мен оған қойылатын талаптарды және сапа жүйесінің элеметтерін қолдануды белгілейтін іс әрекет.

Сапаны қамтамасыз ету - сапа жүйесінің аумағында жоспарланған және жүйелі түрде іске асырылатын іс-әрекеттер, сондай-ақ сапаға қойылатын талаптарды обьектінің орындай алатындығын дәлелдейтінін (қажет болғанда) сенімділікті қалыптастыру,

Сапаны жақсарту - ұйымда іс-әрекеттің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру мақсатында және әр ұйым, әрі тұтынушылар пайда түсіретін үрдістерді қолдану шаралары.

«Сапа» атауының басқа түсініктерге, айтайық шеберлікке, тәрбиелеуге, білім алуға, тіпті «өмір сапасына» дейін кеңінен қолдану іссанасы бар.

Өмір сапасын бағалау (1994 ж)

Басымдылық
Ел
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас)
Білім деңгейі
Бір адамға келетін ІЖӨ
АДИ
Басымдылық: 1.
Ел: Жапония
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас): 78, 6
Білім деңгейі: 2, 87
Бір адамға келетін ІЖӨ: 17, 616
АДИ: 983
Басымдылық: 6.
Ел: АҚШ
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас): 79, 9
Білім деңгейі: 3, 00
Бір адамға келетін ІЖӨ: 21, 449
АДИ: 976
Басымдылық: 37.
Ел: Ресей
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас): 69, 3
Білім деңгейі: 2, 61
Бір адамға келетін ІЖӨ: 7, 968
АДИ: 862
Басымдылық: 101.
Ел: Қытай
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас): 70, 1
Білім деңгейі: 1, 75
Бір адамға келетін ІЖӨ: 1, 990
АДИ: 556
Басымдылық: 134
Ел: Үнді
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас): 59, 1
Білім деңгейі: 0, 93
Бір адамға келетін ІЖӨ: 1, 072
АДИ: 309
Басымдылық: 170
Ел: Буркино Фасо
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас): 48, 2
Білім деңгейі: 0, 00
Бір адамға келетін ІЖӨ: 0, 618
АДИ: 074
Басымдылық: 171
Ел: Ауғаныстан
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас): 42, 5
Білім деңгейі: 0, 33
Бір адамға келетін ІЖӨ: 0, 714
АДИ: 065
Басымдылық: 172
Ел: Сьера-Лионе
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас): 42, 0
Білім деңгейі: 0, 13
Бір адамға келетін ІЖӨ: 1, 086
АДИ: 065
Басымдылық: 173
Ел: Гвинея
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас): 43, 5
Білім деңгейі: 0, 20
Бір адамға келетін ІЖӨ: 0, 501
АДИ: 045
Басымдылық: А
Ел: В
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас): С
Білім деңгейі: Д
Бір адамға келетін ІЖӨ: Е
АДИ: Н
Басымдылық:
Ел:
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жас):
Білім деңгейі:
Бір адамға келетін ІЖӨ:
АДИ:

Ескерту :

1. АДИ-і бойынша алғашқы он ел: Жапония, Канада, Норвегия, Швейцария, Швеция, АҚШ, Австралия, Франция, Нидерланды, Англия

2. Гонконг №24, О-Корея-№33.

Н -173 мемлекет бойынша БҰҰ даму бағдарламасы шегінде даярлаған адамзаттың даму индексі (АДИ)

С-туғанда мүмкін өмір ұзақтығы

Д - мектепте болған орташа жылын ескергендегі ересек тұрғындардың сауаттылық деңгейі.

Е -ІЖӨ-ішкі жалпы өнім (ЖҰӨ-жалпы ұлттық өнімнің қысқа мағұлыматы) .

Сапа мәселесімен айналысатын ғалымдар мен мамандар, өндірім сапасының асыра өндіру үрдістеріне, жеке тауарлардың және жеке тауар өндірушілердің экономикаға тигізетін әсетінің бағытын білгеннен соң, сапаның қоғамның дамуына, оның өндіріс күштеріне, ұлттық байлықтың жиналуын және экономикалық әлеуметтік тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жағымды рөлін айтқан болатын. Қазіргі ғылым зерттелетін обьектіні толық және жан-жақты түсініп қамтуға әрекеттенуде. Осыған ұқсас үрдіс өндірімнің сапасы бойынша да жүргізілуде. Осы үрдістің лайықты көрсеткіші болып тауарды бір жақты саяси экономика (бағасы) немесе тауар тану (тұтыну бағасы) тұрғысынан қарастырудан бастарту саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудандағы шаруа қожалықтарының жұмысын тиімді арттырудың негізгі жолдары, жергілікті мемлекеттік органдардың рөлі
Тамақ өнеркәсібі туралы толық танысу
Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Фирманы басқару жүйесіндегі маркетинг негіздері
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Тамақ өнімдерінің құжаттары мен үлгілерін тексеру
Мал шаруашылығы халқымыздың ата кəсібі, республика экономикасының басты саласы
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz