Өсімдік шаруашылығы-ғылыми пән


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I. Кіріспе . . . 3

Өсімдік шаруашылығы-ғылыми пән . . . 4

Өсімдіктердің маңызы . . . 5

II. Негізгі бөлім

2. 1 Өсімдіктерді қорғау жолдары . . . 7

2. 2 Өсімдік ресурстарының бастысы-орман . . . 8

III. Қорытынды . . . 10

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өсімдіктерді суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады. Топырак, өсімдіктері - бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ кұнарлылығын көтеруде маңызды рөл аткарады. Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі және 3км тереңдікте болады. Жер беті өсімдіктерінің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады, жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор рөл аткарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау - басты міндеттің бірі. Өсімдіктер жердегі өмірдің бірінші кезі. Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез - күрделі биологиялык процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті - хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді. Осының нәтижесінде мол органикалық косылыстар түзеді. Мұның өзі күн көзінің энергиясын химиялык байланыстар энергиясына айналдырады.

Бүл құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда, жасыл өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің дамуы, гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара-пар. ІІІамамен алғанда кұрлықтың өсімдіктер қабаты жыл сайын 20-30 млрд т. көміртегін пайдаланады. 300 жылдың ішінде өсімдіктер жұтатын көміртегі мөлшері атмосферада және суларда болатын көміртегіне тен. Жер шарының өсімдіктері жыл сайын фотосинтез процесі кезінде 177 млрд т органикалық заттар құрады. Олардын өсімдіктер үлесіне тиеді.

Жыл ішіндегі фотосинтез өнімінің химиялық энергиясы дүние жүзіндегі электростанциялардың қуатынан 100 есе асып түседі. Фотосинтез миллиардтаған жылдар ішінде жүзеге асып келеді. Бұл уақыт ішінде көптеген органикалық заттар жинақталды, олардың бірқатары мұнай, жанатын газ, тас көмір, торф, т. б. . Көмір, мұнай күйінде кездесетін көміртегінің өзі барлық тірі организмдерде кездесетін көміртегінен 50 есе көп. Өсімдіктер құрамына кіретін химиялық элементтер де көп. Бұған қосымша өсімдіктердің табиғатқа, адам өміріне, өндіргіш күштердің дамуына тигізетін пайдалы әсерін ескерсек, өсімдіктерсіз өмір жоқ деген қорытынды жасауға болады. Өсімдіктер табиғат биоценозында үлкен рөл атқарады. Ол топыраққа, жануарлар дүниесіне, микроорганизмдерге пайдалы.

Өсімдік шаруашлығы- ғылыми пән

Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған үлкен міндеттерді шешуде өсімдік шаруашылығының ғылыми пән ретінде атқаратын рөлі зор.

Өсімдік шаруашылығы ғылыми пән ретінде 18-ғасырдан бастау алады және оның дамуына үлкен үлес қосқан жақын шетел ғалымдары, оның ішінде М. В. Ломоносов (Ресей ғылым академиясында «егіншілік сыныбын» ашқан ғалым), И. И. Комов («Егіншілік жөнінде» атты кітап жазған), ал 19-ғасырдың басында А. Т. Болотов (топырақ өңдеу, тыңайтқыш енгізу мәселелерін зерттеген, құнды ұсыныстар жасаған) сияқты Ресей ғалымдарын атап өтуге болады. Алайда өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қарқынды зерттеу, ғылыми жетістіктерді жарнамалау мақсатында ірі ғылыми жұмыстар жазу бағытында жемісті еңбектерімен 19-ғасыр мен 20-ғасырдың басында Ресейдің ұлы ғалымдары К. А. Тимирязев, И. А. Стебут, Д. Н. Прянишников, Н. И. Вавилов іске асырды. К. А. Тимирязев фотосинтез ілімін жасауда ірі эксперименттік зерттеулер жүргізіп, солардың негізінде әлемге әйгілі «Өсімдіктер тіршілігі» т. б. классикалық ғылыми еңбектер жазып қалдырған. И. А. Стебут тұңғыш рет танаптық дақылдарды өсіру жөніндегі шашыраңқы материалдарды біріктіріп, ірі-ірі ғылыми еңбектер жазған. Д. Н. Прянишников өсімдіктердің қоректенуі және тыңайтқыштар қолдану мәселелерін зерттеген. Н. И. Вавилов өсімдік шаруашылығы, мәдени өсімдіктердің биологиясы, систематикасы және таралу географиясы жағынан баға жетпес құнды үлес қосқан (оның «Мәдени өсімдіктердің дүниежүзілік шығу орталықтары», «Гомологтық қатарлар заңдары» ілімін әлем мойындаған) .

Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде дамуына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар:

А. Ж. Жұматов-белгілі өсімдік шаруашылығы ғалымы, дәнді және басқа дақылдардың өсіру технологиялары мәселелерімен айналысқан.

К. М. Мыңбаев-ірі өсімдік шаруашылығы ғалымы, селекционер-генетик, ғылым докторы, кезінде Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Қазақ филиалы президиумының алғашқы төрағасы.

М. Н. Ерлепесов көп жылдар бойы Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтының директоры болған, ғылым докторы, профессор, ҚазССР-ның ғылымға еңбегі сіңген қызметкері, көптеген орден, медальдардың иегері.

Р. А. Оразалиев-есімі әлемге әйгілі селекционер, ғылым докторы, профессор, Ресей АШХА, Украина ҒА, ҚР ұлттық ҒА академигі, Triticum туыстығының 30-дан астам өндіріске енгізілген сорттарының туындыгері.

Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы зор . Ол әртүрлі тамақтық өнімдердің, техникалық және дәрілік шикізаттың, құрылыс материалдарын өндірудің негізгі көзі. Жерді күшті су ағыстарынан қорғайды, құнарлы жерлерді құм басудан сақтайды. Өсімдік адам баласына психогигиеналық әсер етеді.

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы - саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы - қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы - жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4, 8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн - эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki мен қырықбуынға жататын - Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.

Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 - 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 - 35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 - 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан.

Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi бiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.

Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ - республика жер аумағының 2, 04%-ын алып жатыр, 54Әс. е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т. б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi - сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi - қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.

Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110, 2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i - эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және оңтүстік қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн - бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем-күңгiрт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем - ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала. Шөлдi аймақ - жалпы аум. 124, 6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi, 2500 - 2800 түр бар, олардың iшiнде 200 - 215 түрi - эндемиктер. Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер - аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының 14, 7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты - жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер - аум. 51, 2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18, 9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3) оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер - аум. 30, 3 млн. га, немесе Қазақстанның 11, 1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты - жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi - эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер - аум. 3, 2 млн. га немесе Қазақстанның 1, 2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер - аум. 11, 6 млн. га, немесе республиканың 4, 3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән.

Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18, 6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 - 5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 - 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 - 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 - 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша) ; май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай) ; қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) - жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы - пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiрушiлiк 700 - 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар.

Өсімдіктерді қорғау жолдары.

Өсімдіктер қоры таусылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небәрі 26% ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес, ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек. Біздің ормандарымызда жыл сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі де 460 млн га кесіледі. Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отыруы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде), ағаш кесу әрбір 80-100 жылда қайталанып отыруы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына келуіне, мүмкіндік бермейді.

Қазіргі кезеңде өсімдік шаруашылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманғы ғылыми жетістікке сүйенген оңтайлы технологияны қолдану, қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ анағұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалу керек. Халықтың өскелең талабы, өнеркәсіптік өркендеуі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің үздіксіз ұлғаюын талап етеді. Өсімдік шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс -жидек, жүзім, гүл шалғындық орман шаруашылықтарын біріктіреді. Алайда ғылыми пән ретінде тек қана танаптық дақылдарды- дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты дақылдары т. б. қарастырады. Өсімдік шаруашылығында барынша ауқымды егістік аумағы дәнді дақылдардың үлесінде. Елімізде жыл сайын 15 млн. гектардан астам жерде дәнді дақылдар өсіріледі. Дәнді астық дақылдарының ішінде бұрынғысынша жоғары егістік аумағын алып жатыр. ол жыл сайын 12-14 млн гектар алқапта өсіріледі және негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстанның облыстарында шоғырланған. Егістік аумағы және жалпы түсімі бойынша 2-ші орынды арпа иеленеді-жыл сайын 1, 6-1, 9 млн. га өсіріліп жалпы астық түсімі 1, 8-2, 1 млн. тонна құрайды. Астық дақылдардан елімізде майлы дақылдар кеңінен өсіріледі . Өсімдік майы тамақ өнеркәсібінде, медицина, техникалық және басқа мақсаттарда кеңінен пайдаланады . Соңғы жылдары өсімдік шаруашылығындағы диверсификацияға байланысты майлы дақылдардың егістік аймағы күрт өсті . Атап айтқанда, 1996 - 2000 жылдары майлы дақылдар жыл сайын 371 мың га өсірілсе, 2006 - 2007 жж ол көрсеткіш 715 мың га жетті, ал 2009 ж -1, 0 млн. га-дан асты . Тиісінше майлы тұқымның жалпы түсімі мен өнімі артты . Майлы дақылдардың үлкен егістік аумағы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының еншісінде негізінен күнбағыс дақылы және соңғы жылдары майлы дақылдардан рапс егістігі күрт артып келеді . Талшықты дақылдардан Қазақстанда мақта өсіріледі . Оның егістік аумағы орта есеппен жалпы түсімі 415 мың тоннадан асты .

Негізгі қант беретін дақыл - қант қызылшасы еліміздің Алматы, Жамбыл облыстарында өсіріледі, алайда бұл тәтті түбірдің егістік аумағы мен өнімі халықтың өскелең талабын қанағаттандырған жоқ.

Бір айта кетерлік жәйт, елімізде негізгі ауыл шаруашылығы дақылдардың өнімінің соңғы жылдары біршама артып келе жатқаны байқалады. Оған қолайлы ауа-райы жағдайлары мен қатар егіншілік мәдениетінің арта бастағаны, жаңа техника, құрал-жабдықтардың қолданыла бастауы, мемлекеттік қолдаулар да әсер етуде. Дегенмен, астық, мал азығын және басқа өсімдік өнімдерін өндіру мен олардың сапасын арттыру мәселесі (проблемасы) баяу шешілуде. Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған «Аграрлық - Өндірістік кешенді АӨК» көрсетілгендей, өсімдік шаруашылығы саласында АӨК-ді одан әрі дамыту кластерлік жүйе есебінен іске асырылуға тиіс астық өндірісі мен оны тереңдете өңдеу (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында) және т. б (Қызылорда облысында), мақта (Оңтүстік Қазақстан облысында) және т. б кластерлерін дамытудың болашағы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энтомологияның қысқаша тарихы
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер
Ақпараттық оқыту технологиялары
Егістік ноғатық
Тұқымның тіршілік ұзақтығы
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері арасында экспорт бойынша мақта екінші орында
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz