Сақтау шартының жекелеген түрлерінің құқықтық реттелуі


Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ . . .
1. 1 Сақтау шартының ұғымы, тарихы және шарт жасасу тәртібі . . .
1. 2 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар . . .
1. 3 Сақтау шартын өзгерту және бұзу . .
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ . .
2. 1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі . . .
2. 2 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы . .
2. 3 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1. 1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі
Сақтау шарты туралы жалпы жағдайлар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінде көрсетілген.
Сақтау шарты бойынша бір тарап(сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді. Сақтау шарты екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құкығы (несие беруші), екіншіснде - сол құқыққа икемделген міндет (борышқор) болады.
Сақтау шартын рим құқығы үш түрлі мағынада: кұқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады .
Сақтау шарты ұғымының пайда болуы және дамуына тоқталатын болсақ, азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болып, дамуы Ежелгі Рим құқығынан шыққандығын айта кету керек. Рим құқығы шамамен мың жыл, біздің эраға дейінгі 450 жылдан біздің эрадан кейін 350 жыл аралығында дамыған. Міне, осы даму кезеңінде азаматтық құқық қатынастарының ішіндегі міндеттемелік құқықтық қатынастың туындауына ықпалын тигізетін құқықтық қатынас болып табылатын шарттың да дамуы көрініс алады.
Қазақстан отар болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпаннан -ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңын енгізуді қолға алды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша үкіметі жанын салып бақты, сөйтіп, орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді.
Ақырында, отаршылдық саясат дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дей тұрғанмен, қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты. Демек, қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүйесі де қолданылып келді.
Кеңес дәуірінде әдет-ғұрып құқықтардың дерекнамасы деп саналды.
Кейіннен, XIX ғасырдың 60 жылдары Қазақстанның Ресей империясының заңдары Қазақстанда қолданыла бастады. Қазақтарға жаңа капиталистік қатынастар жағдайында орыс құқықтарының нормаларымен есептесуге тура келді
Міне, осы кезеңдерден келісім шарттың жаңа түрлері мен нысандарының пайда бола бастағанын көреміз. Соның ішінде сақтау шартының да элементтері бар шарттық-құқықтық қатынастар пайда бола бастады.
Кеңес Одағының құрамында болған алғашқы кезеңдерде Қазақстандағы сақтау шартының дамуы социалистік заңдылық негізінде болды. Онда мүліктік қатынастардың негізі социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құрал-жабдықтарына социалистік меншік екендігі бекітілді. Сондықтан да бұл кезеңде азаматтық - құқықық шарт кең ауқым ала алмады. Шарттың жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың арасында жасалынуына көпшілік жағдайда мемлекет ықпал етіп отырды. Өйткені, жеке меншікте тек адамның өзінің жеке қажеттіліктеріне қолданатын ғана болды. Қалған мүліктің бәрі мемлекет меншігінде болды және азаматтық айналымға қатыспады .
Ал, барлық капиталистік елдерде шарт міндеттеменің пайда болуының басты негізі болып табылды және осы шарт, келісім міндеттемелік құқықтың орталық институты болып есептелді. Континентальдық жүйеге кіретін Европа елдерінің азаматтық құқығындағы шарт анықтамасында негізгі акцент тараптардың келісімі болды.
Шарттық құқықтық коцепциясы жалпы соттармен жүзеге асатын англо-амрикандық құқықта шарт уәде беру түрінде жасалды немесе кепіл яғни бір тарап екінші тараппен қарым қатынасқа түседі. Бүл уәде ету құқықтық сипат алу үшін ол екінші тарапқа тиімді болу керек. Шарт түсінігін Англия және АҚШ - тың жаңа доктринасы мен заң шығаруы шарт анықтамасында міндетті элемент сапасында енгізді. Шарттың құқықтық институт болып қалыптасуы шарттық құқықтың нормаларының дамуына сәйкес ең негізгі сипаты- сауда айналымымен тығыз байланысты. Капиталистік экономика жағдайларында айырбас шарты ең негізгі құқықтық нысанда болды.
Шарт нысанында болатын бұл құқықтық қатынас - заңмен бекітілген немесе бекітілмеген жағдайда да экономикалық сипаттағы ерікті қатынас болып табылады.
Кейіннен Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз Қазақстан Республикасы болған соң, меншіктің көп түрлілігі мен олардың теңдігі қамтамасыз етілген кезеңде, Қазақстанның заң жүйесінде де үлкен реформалар болып өтті. Соның нәтижесінде құқық салаларының барлық түрлері түбірімен өзгерді.
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылымын жетілдіру мен мүлде
жаңа демократиялық, нарықтық қатынастарды реттеуге бағытталған заңдар
қабылданып, соның ішінде Азаматтық Кодексі нормалары да жаңадан
қабылданды. 'Қазіргі кезеңдегі сақтау шарттық қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен реттеледі.
1999 жылдың 1-шілдесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енді. Бұл өз мәнінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың ірі біріктірілуі (немесе жүйеленуі) болып табылады. Жаңа Азаматтық Кодексті қоғамдық қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде бағалау қажет, оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт сынынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілердің ережелері енген. Бұны оңды құбылыс ретінде бағалауға болады, дегенмен, Азаматтық Кодексті толықтай айыптайтын көзқарастар да кездеседі. Себебі, онда сатып алу-сату, мүлік жалдау және тағы басқа да шарттардың көптеген түрлері қарастырылған. Соның ішінде сақтау шартының да құқықтық реттелуі сипат алған.
Сақтау шартының категориялары қоғамдық өмір шеңберінде көптеп
қолданылады. Мысалы, экономика әлеуметтік қатынастарда, мәдениет шеңберінде, саясатта т. б. Сақтау шарттарының көпшілігі өздеріне тән жалпы қасиеттермен қатар, оларды өзара бір-бірінен ажырататын белгілерге де ие. Көптеген және әр түрлі сақтау шарттарын дұрыс жасау, қолдану үшін олар жекеленген түрлерге бөлінген. Сақтау шартын жекелеген түрлерге бөлудің маңызы теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де зор болып отыр. Сақтау шартын жекелеген түрлерге бөлу азаматтық қатынастың субъектілерінің өз іс-әрекетінің неғүрлым елеулі жағдайларын дұрыс ескеріп, тәжірибе жүзінде өз қажеттілігін толық қанағаттандыратын сақтау шартын жасауына себебін көптеп тигізеді.Сақтау шартын топтастыру әртүрлі негізде жүргізіледі. Міндеттемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыруда, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқты шарттарға да қолданылуы мүмкін.
Егер, заң актілеріне сәйкес сақтау шарты жасалу үшін мүліктің сақтауға берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады .
Сақтау шартының көпшілігі консенсуалдық, болып табылады, яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті.
Сақтау шартының консенсуалдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі.
Нақты сақтау шарттарында тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы, сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндетті яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туындайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек.
Сақтау шарты бойынша тараптар өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл шарт ақылы шарт болып табылады. Кей жағдайларда ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған сақтау шарты ақысыз шарт болып табылады(Мыс, ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау) .
Ақылы және ақысыз сақтау шарттарының арасындағы айырмашылық- сақтау шарты бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну -ұсынбауында. Сақтау шартыньң көпшілігі ақылы.
Сақтау шарты заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін. Сондықтан да, Азаматтық Кодекстің 284-бабында қандай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.
Азаматтық айналымда ақысыз сақтау шарттарының бар болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Сақтау шарты ауызша немесе жазбаша нысанда жасалады. 3аңдармен немесе тараптардын, келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген сақтау шарты атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын сақтау шарттарының бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Мұндай шарт адамның мінез- құлқынан оның шарт жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгілер арқылы расталған сақтау шарты, егер зандарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Сақтау шартын жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің ережелері бойынша анықталады. Тараптар өзара келісіп, сақтау шартын жасасуы үшін олардың біреуі шарт жасасу жөнінде ұсыныс жасауы, ал екіншісі сол ұсынысты қабылдауы тиіс.
Сақтау шартын жасасу екі кезеңнен тұрады. Сақтау шартын жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт) . Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.
Азаматтық Кодекстің 395-бабына сәйкес офертада бірнеше нысандар болуға тиіс :
- ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге ;
- мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерініңбарлығын қамтуға;
- белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс;
Егер ұсыныс жалпылама, ол оферта емес тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға сақтау шартын жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады.
Сақтау шартын жасасқан жерді анқытаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталғандығын белгілейді. Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен онын, тұрғылықты жері деп танылады. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жері оның тұрған жері болып табылады.
Жалпы ереже бойынша сақтау шартын жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарын тараптардың өздері шешеді, оларды соттың қарауына бермейді. Егер ол қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды. Азаматтық Кодекстің 400-бабына сәйкес шартқа дейінгі дауларды сотта қарауға болатын тек екі жағдай бар: сақтау шартын жасасудан бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті болғанда; пікір қайшылығын сот (мемлекеттік немесе төрелік) қарауына беру жөнінде тараптардың келісімі болса. Мұндай келісім пророгациялық немесе төрелік деп аталады. Пікір қайшылығы сотта қаралғанда, сақтау шарттының тараптар келісе алмаған ережелерін сот анықтайды, ол шешімге тараптар бағынуға тиіс. Сақтау шарты алдындағы даулар бойынша сот шешімдері мәжбүрлеп орындату жөнінде ешқандай әрекеттерді керек етпейді, онда тек құқық құрушы маңыз бар.
1. 2 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар
Заңдық факт деп саналатын сақтау шартының мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды. Сақтау шартының ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.
Сақтау шартының ережелерін анықтаудың жалпы қағидасы шарт еркіндігінен туындайды.
Азаматтық Кодекстің 382 - бабының 1-тармағында императивтік және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.
Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар олнормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан, оны олар заңда көрсетілген қалпында орындауға міндетті.
Егер сақтау шарты ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса, тараптар оны қолданбауға немесе оларды өзгеше белгілеуге құқылы.
Мысалы, Азаматтық Кодекстің 285-бабына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі. Сондықтан, тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.
Егер тараптар сақтау шартында осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса, онда заңмен белгіленген норма қолданылады.
Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол сақтау шартының еркіндігіне сүйене отырып, тараптардың оның барлық ерекшеліктерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар сақтау шартына кез-келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.
Қандай да бір ережені сақтау шартының тараптарының өздері де, диспозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскерлік айналым дағдысы бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.
Дегенмен, мүндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашан да дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.
Сақтау шартының жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Сақтау шартының жарамды болу жағдайларына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдіруінің сәйкестігі, нысанын сақтау. Сақтау шарты шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс; яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған сақтау шарты жарамсыз болып табылады.
Сақтау шарты ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан сақтау шартын жасауға қабілетті деп саналады.
Сақтау шартының жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік шартты жарамсыз етіп көрсетеді. Шарт оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған шартты нотариалдық куәландыру мен тіркеуді айтуға болады. Сонымен, шарттың жарамдылығын қамтамасыз ету үшін оның еріктілігіне, субъектісіне, объектісіие нысанына қойылатын талаптар сақталуы тиіс.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. Азаматтық Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылданған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
Сақтау шартының еркіндігі туралы норма азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережеге негізделген. Сақтау шартының еркіндігі Азаматтық Кодексте бекімін тапқан кәсіпкерлік кызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігі құқығымен үйлестікте болады.
Сақтау шартының еркіндігі принципі тараптардың зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады. Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген сақтау шартының түрлеріне арналған.
Сақтау шартының еркіндігі азаматтық құқықтың аса маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Бұл кез келген адам өз қалауы бойынша және сырттан мәжбүрлеусіз мыналарды атқаруға құқылы екенін білдіреді:
- сақтау шартын жасасуға немесе жасаспауға;
- өзі сақтау шартын жасасуды қалайтын серіктесін тандауға;
- сақтау шартының түрін тандауға:
- сақтау шартының жағдайларын анықтауға.
Бұл арада шарттас серіктестің де осындай құқықтары болатынын ескеру керек. Сондықтан ерікті түрде және өзара қабылданған келісім ғана шынайы азаматтық - құқыктық сақтау шарты ретінде танылуы мүмкін. Сақтау шартын жасаса отырып, оған қатысушылар өздеріне қабыл алған шектеулерді шарттың еркіндігі принципімен шатастыруға болмайды. Өзіне - өзі қоятын мұндай шектеулер міндетті болып шығады және олардан біржақты бас тартуға болмайды. Шарттар орындалуға тиісті.
Сақтау шартының объектілері болып азаматтық айналымда еркін жүретін, егер арнайы мемлекеттік органның рұқсаты бар болса айналымы шектелген объектілер бола алады.
Сақтау шартының объектілерінің негізгілерінің бірі - мүлік.
Материалдық заттарда мүліктің немесе мүліктік игіліктің қасиеті -бұл оларға табиғаттан емес, қоғамдық қатынастардан берілген қоғамдық, заңдық қасиет. Құқықытық субъектінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын және азаматтық құқықты реттейтін қатынастар саласына тартылатын материалдық заттар мен өзге де құндылықтарды ғана мүлік деп түсіну керек. Табиғат ресурстары болып табылатын табиғат объектілері ғана, яғни адам әрекетінің объектілері болатындықтан, зандарда меншік объектілері ретінде танылатын себепті мүліктік игіліктерге жатады.
Шарттың объектілеріне қатысты мүліктің мынандай түрлерін атап көрсетуге болады:
- Заттар.
- Ақша және бағалы қағаздар.
- Мүліктік кұқықтар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz