Казақстан республикасындағы шағын және орта кәсіпорындардың ұйым-заңды формалары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар туралы 5
2 Негізгі ұйымдық.құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
9
3 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпорындардың ұйым.заңды формалары
15
3.1 Толық серіктестік 15
3.2 Сенім серіктестігі 17
3.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 17
3.4 Акционерлік қоғам 26
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ӘДЕБИЕТТЕР 38

КІРІСПЕ
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік баска меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы коғамның экономикалық даму стратегиясының қалыптасуы, экономиканың салалық құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға барытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді. Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.
Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздеңдіру мен жекешелендіру процесінің басталуы – мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ, коғамдык өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны кұрып, оны тұрғындардың сұранымын канағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40% шеңберінде бекітіледі.
Жеке меншіктің дамуы ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі «жеке» термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.
Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және енбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер учаскісі табысы мен жалға берілген басқада козғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдем ақы, стипендия, зейнет ақы және т.с.с.) есебінен жасалады.
Жеке меншіктің даму кезеңіңде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс тұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік – бұл билеп-төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердін (иегердің өз еркі ғана бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің араласуы қажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлқының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндіру экономикалық дағдарысын ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда.
Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, мағынасы өзгерді. Қазіргі уакытта жеке меншік жекеленген (енбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай-ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және кооперативтік түрде – меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.
Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік – колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын-үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Қазіргі жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен толықтырылды.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Горфинкель В.Я., Швандар Б.А. Кәсіпорын экономикасы, Москва, ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
2. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2001.
3. Қалдыбаев О., Темірбаев А. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. - Алматы, «Санат», 1997.
4. Оқаев Қ.О., Дюнова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. - Алматы, 1994.
5. Раицкий К. А. Кәсіпорын экономикасы, Москва, 1999.
6. Сейітқазиева А.М., Бекназарова А.Т. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік. Оқу құралы, - Алматы, «Тұран», 2001.
7. Сейтқазиева А.М. және басқалар. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.- Алматы, «Экономика», 1998.

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Казақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпорындардың
ұйым-заңды формалары
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар туралы
5
2 Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері 9
3 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпорындардың
ұйым-заңды формалары 15
3.1 Толық серіктестік 15
3.2 Сенім серіктестігі 17
3.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 17
3.4 Акционерлік қоғам 26
Қорытынды 35
Әдебиеттер 38
Кіріспе
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік
баска меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның
атқаратын қызметімен: жалпы коғамның экономикалық даму стратегиясының
қалыптасуы, экономиканың салалық құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде
адамға барытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы
сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз
тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді. Ол
экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға
үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және
тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою
емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.
Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздеңдіру мен жекешелендіру
процесінің басталуы – мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның
монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ, коғамдык өндірістің
тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны кұрып, оны тұрғындардың
сұранымын канағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-
40% шеңберінде бекітіледі.
Жеке меншіктің дамуы ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін
жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен ХІХ-шы ғасырдың екінші
жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік
немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық
меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі жеке термині ретінде кез-
келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.
Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және
енбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған
жер учаскісі табысы мен жалға берілген басқада козғалмайтын мүлік, банкке
салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдем ақы, стипендия, зейнет ақы
және т.с.с.) есебінен жасалады.
Жеке меншіктің даму кезеңіңде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке
кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе
жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс
тұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік –
бұл билеп-төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердін (иегердің өз еркі ғана
бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің
араласуы қажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-
құлқының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндіру
экономикалық дағдарысын ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік
жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда.
Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, мағынасы өзгерді.
Қазіргі уакытта жеке меншік жекеленген (енбектік және еңбектік емес) ғана
емес, сондай-ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және кооперативтік түрде –
меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.
Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік –
колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын-үй, құрылыс
және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Қазіргі жағдайда ол
акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен
толықтырылды.
1 Экономикалық және әлеуметтік құқықтар
мен бостандықтар туралы
Адамға бостандық пен экономикалық құқық өзінің мүмкіндіктерін
материалдық өндіріс пен оны пайдалану тұсында қажет. Ал әлеуметтік құқық
пен бостандық оның жеке басының рухани және басқа қоғамдық қажеттігін өтеуі
үшін керек.
Қазақстан социалистік экономикадан нарықтық экономикаға енді. Осыған
орай Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі нұсқалары
мыналар:
– қоғамның қажетін қанағаттандыру үшін мемлекеттік пен жеке
меншікке негізделген экономика құру;
– кәсіпкерліктің кез келген түрін қолдау, солардың ішінде әсіресе
материалдық игіліктерді өндіретін салаларына, құрылыс, тасымал,
жеке сауда салаларына артықшылық беру.
Нарықтық экономика жеке меншік иелерін, өндіріс құралдарына жеке
меншікті қалыптастырады. Марксизм-ленинизм жеке меншікті адамды адам
қанауының қайнар көзі ретінде танып, оған үзілді-кесілді қарсы шығады.
Бірақ Кеңес Одағы кезінде мемлекеттік меншік те адамды адам қанаудан
құтқара алған жоқ. Бұл меншіктіктен негізінен партия мен мемлекеттің
номенклатуралық қызметкерлері пайда көрді.
Қазіргі заманғы экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің
тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекет реттеп отыруға тиісті жеке
меншікті бет-бетіне, өз алдына, қалай болса солай жіберуге болмайды.
Мемлекет қоғамның экономикасын дамытуға мүмкіндік туғызу үшін кәсіпкерлік
пен жеке меншіктің қорлануына бағытталған қолдауды қуаттайды. Сонымен бірге
мемлекет демократия мен саяси-әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығына және
адамдардың жақсы тұрмысының негізі болып табылатын "орта" тапты
қалыптастыру үшін жеке меншіктің көп болуына мүмкіндік жасап отырады.
Осыған орай Қазақстанда мемлекеттік меншіктің басым бөлігін
жекешелендіру (приватизация) едәуір мөлшерде жүргізілді.
Жекешелендірудің мақсаты – әрбір азаматқа мемлекеттік мүліктің белгілі
бір бөлігін бөліп беріп, мемлекет меншігінен алатын өз үлесін растайтын
тиісті құжатын беру.
Сөйтіп әрбір азамат белгілі бір мөлшерде жеке меншіктің иесі болып
есептеледі. Әркімге алғашында бірдей мөлшерде үлес тиюді қамтамасыз ету –
игі іс. Одан әрі қарай бұл іс басқа да факторларға байланысты болмақ.
Кеңестік Конституция азаматтың өз жеке басының өзіндік меншігін ғана
қамтамасыз етті. Бұл меншік азаматтың жалақысы негізіне құрылып, жүзеге
асты. Жеке меншікке келетін болсақ, мұның өзі – баюдың қайнар көзі.
Сондықтан жеке меншіктік құқық жеке бастың өзіндік меншігінен әлдеқайда
артық екені мәлім.
Меншік иесінің құқықтары қандай? Меншік құқығы үш бөлшектен тұрады: а)
ие болу құқығы, яғни жыл-жымалы және қозғалмайтын мүліктерге заңды түрде ие
болу құқығы; ә) пайдалану құқығы, яғни жекеменшік объектіден пайда табу,
техника мен технологияны пайдалану құқығы; б) өз еркінше пайдалану құқығы,
яғни өз меншігіндегі әр алуан мүлікті сату, жалға беру, мұра етіп қалдыру,
әлдекімге қайтарымсыз сыйлау құқығы.
Жеке меншік иелері өзінің меншігіндегі мүліктерді заңға байланысты өзі
жұмсап отыруға құқылы. Мұның өзі меншік иесі өзінің мүліктерін жеке
адамдарға, қоғамға, мемлекетке, қоғамдық бірлестіктерге зиян
келтірмейтіндей етіп жұмсауға тиіс деген сөз. Жеке меншік мүліктер әр түрлі
жолдармен: материалдық өндіріс негізінде, мұрагерлік жолымен алынған рухани
байлықтар, сыйлықтар, бағалы қағаздар т.б. заттар болып табылады. Егер жеке
меншік мүліктері заңды негізде алынған болса, онда оны мемлекет қорғайды.
Мемлекет өз азаматының жеке меншіктік құқығын ел ішінде де, сондай-ақ
елден тыс жерлерде, біріншіден – қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлау, талан-
таражға салу, бүлдіру), екіншіден – басқа да кез келген зиян келтіретін
әрекеттерден қорғайды. Жеке меншікке қол сұғушылықпен айналысқан қылмысты
адам материалдық жағынан да жауапқа тартылады. Сондай-ақ Заң жеке меншікті
мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың заңсыз қол сұғушылығынан да
қорғайды. Егер мемлекеттік орган азаматтың мүлігін жоюға шешім қабылдаса,
ол мүлігіне зиян келтіргені үшін оны қалпына келтіріп беру жөнінде сотқа
арыздануға құқылы.
Жеке кәсіпкерлік – азаматтың экономикалық бостандықты іске асыруының
бір түрі, нысаны. Нарықтық экономикаға көшуді қамтамасыз етудің негізгі
жағдайының бірі – жеке кәсіпкерлік. Кеңестік кезеңде жеке кәсіпкерлікпен
шұғылданғысы келген адамдарды тежеп отырды. Мұндай әрекет заңсыз баюдың
қайнар көзі, мещандық, тоғышарлық идеологияның көрінісі, адамгершілік
қасиеттің төмендеп кетуі деп есептелді. Соның салдарынан жеке кәсіпкерлік
жойылып жіберілді. Осылардың әсерінен ежелгі ұлттық дәстүрлі қолөнерді
дамыту мүмкіндігі болмады (мысалы, қолдан кілем тоқу, зергерлік бұйымдар
жасау т.с.с.). Мұның өзі адамның шаруашылық өміріне зор зиянын тигізді,
жеке кәсіпкерлік құлшынысы тежелді, еңбек дағдысының жойылуына әкеліп
соқтырды. Мұндай саясаттан мемлекет те, қоғам да, халық та және жеке
адамдар да зардап шекті.
"Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды
кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар..." (Конституция, 26-
бап).
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау
жөніндегі заңы қабылданды. Онда жеке кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен
қорғау және қолдау әдістері қарастырылған. Мемлекеттің және оның органдары
толық жұмыс еркіндігі берілген жеке кәсіпкерлердің жұмысына тікелей
араласуға құқығы жоқ. Егер лауазымды адамдар жеке кәсіпкерлердің құқығын
бұзатын болса, онда жауапқа тартылады.
Жеке кәсіпкерлік – түрлі тарауларға (қызметке, көмекке) сұранымда
қанағаттандыруға бағытталған азаматтардың қызметі. Мұндай жұмысты азамат
өзі немесе өзінің жолдастарымен, туыстарымен бірге атқаруы мүмкін. Әрине,
кәсіпкерлікпен шұғылданған адам осынау әуресі мен азабы мол жұмыстың бүге-
шігесіне дейін егжей-тегжейлі білуі шарт. Әрбір адам өзі қолға алған ісі
үшін, мүлкі үшін өзі жауап беруге тиіс. Егер жеке кәсіпкерлікпен
шұғылданған адам басқа бір адамға қарыз болса, немесе оның ісіне нендей бір
зиян келтірген болса, онда бұл іске мемлекет те, оның органдары да жауап
бермейді, тек кәсіпкердің өзі ғана жауапты болады.
Сонымен бірге кәсіпкердің дүние-мүлкін және оған ешкімнің қол сұқпауын
заң қорғап отырады. Тек заңда көрсетілген жағдайда ғана кәсіпкерлікті
шектеуге, дүние-мүлкін алуға жол беріледі. Мәселен, кәсіпкерлікті қоғам мен
азаматтардың қауіпсіздігін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік
ережелерін сақтау т.б. шектеуге болады. Былайша айтқанда, азаматтарға,
қоршаған орта (жерді бүлдіру, суды ластау т.б.) мен қоғамға зиян келтіретін
кәсіпкерлікпен айналасуға тыйым салынады.
Кәсіпкерлікпен жеке адам немесе бір топ адам шұғылдана алады. Мемлекет
кәсіпкерлікке көптеген жеңілдіктер жасап отыр. Оларға мемлекет қорынан
қарыз беріледі, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі т. с. с.
Мұндай көмек ең алдымен материалдық құндылықтар өндіретін кәсіпкерлерге
беріледі. Мұның өзі түсінікті де, өйткені кәсіпкерлердің қызметі
экономиканы дамытуға, халықты қажетті тауарлармен, азық-түлікпен қамтамасыз
етуге бағытталған. Тікелей өндіріспен шұғылданатын кәсіпкерлерді (фермерлер
мен тұтыну тауарларын өндірушілерді) қолдайтын және бәсекелестік
ұйымдастырып, материалдық жағынан көмек көрсететін қор ұйымдастырылған.
Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы 2006 жылғы
қаңтардың 31-і, №124.ІІІ. Осы Заң жеке және мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге байланысты туындайтын қоғамдық
қатынастарды реттейді. Қазақстан Респбуликасындағы жеке кәсіпкерліктің
еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық экономикалық және әлеуметтік
жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.
Осы Заңның 1-ші наурызында жалпы ережелер заңда пайдаланатын 15
негізгі ұғымдар анықталған. Осы тараудың 2-баптағы Қазақстан
Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді және Азаматтық Кодекстен, осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасының ретификацияланған халықаралық шартта
осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық
шарттың ережелері қолданылады.
Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.
Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазакстан Республикасының заңдарына сәйкес
мемлекеттің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы
мүмкін.
Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына
тиім салынады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:
– жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен
қолдауды қамтамасыз ету;
– кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің теңдігі;
– жеке мешікке қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі;
– Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті дамытудың
басымдылығы;
– Жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық
актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің қатысуы болып табылады.
Сараптамалық қортындыларды мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде
ауылдық деңгейде – шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық
бірлестіктер табыс етеді.
2 Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері
қаржысының ерекшеліктері
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен
шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың
дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың
қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына,
өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылықты жүргізудің
нәтижелеріне әкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын
қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың
қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер
(амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелері;
бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда
қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс
қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде – кооператив
мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің
аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың
аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы
активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде
қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік
акционерлік қоғамдарда да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем –
жалға берілген мүлік құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру
мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге
беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан
түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін
жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық
қызметтің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: жалпы
табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік
кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың –шаруашылық
серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын
ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған
табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің
ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен
қатысушылары өздерінің салымдарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі
түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікгі
құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық)
меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері
туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі-жарғылық
капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген,
өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға
болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылык, серіктестіктің мынадай
нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестігі;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам.
Толық серіктестіктің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер
құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше
белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің
мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестікте де осылай бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар
шығаратын заңи тұлға акционерлік қоғам деп танылады.
Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір
ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді
қаржылаңдыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар
қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы (халықтық акционерлік қоғам)
мүмкіндік тұғызады. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларының
(кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың
акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, жай акциялар) әр алуандығы
әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған
тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның
қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде
бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының
шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде
тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан
болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін – акция ұстаушыларды
қазіргі кезеңде кәсіпорындардың немесе салалардың қаражаттарып неғұрлым
тиімді қалыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы ресурстарының
қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылымына мүмкіндік жасайды.
Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке
қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру
мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек оның нарықтық
сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктың даму перспективаларымен
ғана сәйкестенеді.
Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады. Бұл секторда
кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:
1) шаруашылык, жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық
мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету құқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге
асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
2) жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын)
кәсіпорындар. Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз
қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына
сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану
және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
1) республика меншігіндегі кәсіпорындар - республикалық мемлекеттік
кәсіпорындар;
2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындар болып бөлінеді.
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес
мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырмасын орындау міндетті
болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты
(арналымы) қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқыңдалатын мынадай
әлеуметтік-экономикалық міңдеттерді шешу болып табылады, олар:
1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету
және қоғам мүддесін қорғау;
2) экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз
қамтылған қоғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші
қажеттіктегі тауарларды өндіру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы
болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.
Кәсіпорынға қатысты уәкілді орган меншік иесінің және мемлекеттік
басқару органдарының басқару функцияларын орындайды.
Меншік иесі кәсіпорынды құру, оның қызметінің предметі мен мақсаттары,
қайта ұйымдастыру және тарату, мүліктің сақталуын бақылау мәселелерін
шешеді. Меншік иесінің кәсіпорын мүлкін пайдаланудан түскен таза табыстың
бір бөлігін алуға құқығы бар.
Меншік иесіне аударуға жататын таза табыстың үлесі уәкілді органның
Қаржы министрлігімен келісілген пайданы бөлудің жыл сайын анықталатын таза
табысты бөлу нормативінде белгіленеді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін негізгі құрал-жабдықтар мен айналым
қаражаттары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген
құндылықтар құрайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі оған меншік иесі
берген мүліктің, өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті (ақшалай
табыстарды қоса), зандармен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
қалыптасады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан
алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.
Кәсіпорын өндіретін тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық
өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды
қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін және
өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын уәкілді
органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып
белгілейді.
Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын өзі дербес белгілейді.
Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады.
Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада кезделген тәртіппен беріледі.
Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс табыстың (пайданың) үлесі жыл сайын
уәкілді орган Қаржы министрлігінің (тиісінше – оның жергілікті
органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде
көрсетіледі және тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық
болып табылады.
Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы
жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан
қорғау;
2) заңнамада қаржыландырудың арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік
автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің жүйесін ұстау
мен дамыту;
3) пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және
халықаралық байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;
4) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу;
5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау,
ғылым және мәдениет сферасында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру
үшін құрыла алады. Қазыналық кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың
(атқаратын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын уәкілді орган
белгілейді. Қазыналық кәсіпорындардың қызметі уәкілді орган бекітетін смета
бойынша өз табысының есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорынның меншікті
табыстары оның шығындарын жабуға жеткіліксіз болған жағдайда қажетті
жетпеген қаражаттар тиісті бюджеттен бөлінеді.
Қазыналық кәсіпорынның сметадан тыс алған табыстары тиісті бюджетке
аударылуға жатады.
Еншілес кәсіпорын – өз мүлкінің есебінен басқа мемлекеттік кәсіпорын
құрған заңи тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу
құқығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Еншілес кәсіпорындар негізгі кәсіпорынды, соның ішінде монополияға
қарсы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау, негізгі кәсіпорынның
филиалдарын дербес заңи тұлға етіп қайта құру, негізгі өндірістің
тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс құру,
негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату
мақсатында құрылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының
бірі шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады.
Бірлескен кәсіпорындардың мүлкі шартта анықталған мөлшерде қатысушылардың
салымдары (жарналары) есебінен құрылады. Бірлескен кәсіпорындар заңнамамен
белгіленген салықтарды төлейді, бірлескен кәсіпорын жойылғанда оның
резервтік капиталының пайдаланылмаған сомасына қолданыстағы мөлшерлемелер
бойынша салық салынады. Республикада шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен
кәсіпорындарды құрудың және олардың іс-әрекет етуінің тәртібі заңнамамен
белгіленген. Кәсіпорын капиталындағы үлес уағдаластық бойынша анықталады.
Әріптестерге қажетті кепілдіктер, соның ішінде олардың салықтарды
төлегеннен кейін қалған табысының (пайдасының) бір бөлігін валюта түрінде
шет жаққа аударуға, ұлғаймалы өндіріске жұмсалымға салу мүмкіндігіне,
басқаруға қатысуға, республика аумағында олардың меншігін құқықтық қорғауға
кепілдіктер беріледі.
Экономиканың кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені
буындарының бірі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында
меншік нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылықты
жүргізудің бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлі
салаларда оның кеңеюіне кең жол ашты.
Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің екі негізгі
тұрпаты – өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.
"Өндірістік кооператив туралы" занда өндірістік кооператив
азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың
жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін)
біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік
кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық
жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.
Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңи тұлға болып
табылады. Ол жеке кәсіпкерлік үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған
кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.
Өндірістік кооператив мүлкін жарғы салымдары, оның қызметінен алынған
табыстар, заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер құрайды.
Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен
резервтік капитал құра алады, ол кооперативтің несие берушілер алдындағы
міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды
өтеуге арналады.
Өндірістік кооперативтің пайдасы жыл қорытындысы бойынша анықталады.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдер төленгеннен
кейін қалған пайда кооперативтің толық қарамағында қалады және оның
мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай құжаттарында
көрсетілген мақсаттарға бөлінеді.
Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көрсету арқылы
өзінің мүшелерін және басқа азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырып
отырады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес селолық тұтыну кооперативі
мүшелік негізде оның мүшелерінің (пайшыларының) материалдық және өзге де
қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын
біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі деп
танылады.
Заңи тұлға да селолық тұтыну кооперативіне мүше бола алады.
Селолық тұтыну кооперативтері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады
және кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес
келетіндей дәрежеде ғана айналыса алады.
Селолық тұтыну кооперативтері сауда, дайындау, өткізу, өндеу, қызмет
көрсету, жабдықтау қызметін және заңнамаларда тиым салынбаған өзге де
қызметті жүзеге асыру үшін мүліктік (үлестік) жарналар есебінен құрылады.
Пәтерлер иелерінің тұтыну кооперативтері – ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық
түр болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен
және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиіс.
3 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта
кәсіпорындардың ұйым-заңды формалары
3.1 Толық серіктестік
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары
оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап
беретін шаруашылық серіктестігі толық серіктестік деп танылады.
Толық серіктестікке қатысушылардың:
– осы Жарлықта және серіктестіктің құрылтай құжаттарында
белгіленген тәртіп бойынша толық серіктестікті басқаруға, соның
ішінде серіктестік алған пайданы бөлуге қатысуға;
– толық серіктестіктің қызметі туралы толық ақпарат алуға, соның
ішінде серіктестіктің бухгалтерлік және басқа да құжаттамасымен
танысуға;
– егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық
серіктестіктің мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне қарай оның
қызметінен пайда алуға;
– белгіленген тәртіп бойынша толық серіктестіктен шығуға;
– толық серіктестік таратылған жағдайда серіктестіктің
кредиторлар-мен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлкіндегі немесе
оның құнындағы өзінің үлесіне сәйкес толық серіктестік мүлкінің
бір бөлігін алуға құқығы бар.
Толық серіктестіктерге қатысушылардың осы Жарлыққа, басқа заң
актілеріне және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да
құқықтары болуы мүмкін.
Осы Жарлыққа және басқа заң актілерінде толық серіктестікке
қатысушылар үшін көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, оның
ішінде серіктестікке (атысушылардың келісімі бойынша шектеу жарамсыз болып
табылады.
Толық серіктестікке қатысушылар:
– толық серіктестіктің құрылтай құжаттарын сақтауға;
– толық серіктестіктің қызметіне құрылтай құжаттарында
белгіленген тәртіп бойынша қатысуға, соның ішінде серіктестіктің
атынан іс жүргізуге немесе қызметін жүзеге асыруда оған көмек
көрсетуге;
– толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен,
тәсілмен және мөлшерде салым салуға;
– өз атынан және өз мүддесі үшін серіктестік қызметінің мәні
болып табылатын істермен біртектес мәмілелер жасаудан тартынуға;
– толық серіктестік құпия деп жариялаған мәліметтерді
жарияламауға міндетті.
Толық серіктестікке қатысушылар осы Жарлықта және басқа заң актілері
мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттер қабылдай алады.
Толық серіктестікке қатысушыларды осы Жарлықта, басқа заң актілері мен
құрылтай құжаттарында көзделген міндеттерге кірмейтін іс-әрекет жасауға
міндеттейтін олардың келісімдері жарамсыз болып табылады.
Толық серіктестікке қатысушы осы Жарлықта, басқа заң актілері мен
құрылтай құжаттарында көзделген міндеттерін орындамаса, соның салдарынан
серіктестікке немесе оған қатысушыларға зиян келтірілсе, басқа қатысушылар
мұндай қатысушыдан зиянды өтеуге, ал елеулі зиян келтірген жағдайда оның
серіктестіктен сот арқылы шығарылуын талап етуге құқылы.
Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы
көрсетілуге тиіс, онда:
– барлық қатысушылардың есімі, сондай-ақ толық серіктестік
деген сөздер, не болмаса;
– "және компания" деген сөздер қосылған, бір немесе бірнеше
қатысушының есімі, сондай-ақ "толық серіктестік" деген сөздер
болуы керек.
Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында осы Жарлықтың 4-бабының 7
және 8-тармақтарында көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Толық серіктестіктің қатысушылары жарғылық қор қурады, оның мөлшері
қатысушылар жарғылық капиталға үлес қосқан сәтте Қазақстан Республикасында
заңдармен белгіленген есептік көрсеткіштің жиырма бес мөлшерінен кем
болмауы керек.
Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері, оны құрау тәртібі
мен мерзімі серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Қатысушылардың толық серіктестік мүлкіндегі үлесі осы Жарлықтың 7-
бабындағы ережелермен анықталады.
Толық серіктестіктің жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып
табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық
қатысушылардың ортақ келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай
құжаттарында қатысушылардың көпшілік дауысымен шешім қабылданатын реттер де
көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын
анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір қатысушысы
бір дауысқа ие болады.
Құрылтай құжаттарында қатысушылар ие болатын дауыс санын олардың
серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне қарай белгілеу көзделуі
мүмкін.
Толық серіктестікті басқаруда осы баптың 1-тармағының ережелерін
ескере отырып толық серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады.
Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзыры
құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Толық серіктестікке қатысушының өзге қатысушылардың келісуінсіз өз
атынан және өз мүдделері немесе үшінші тұлғаның мүдделері үшін серіктестік
қызметінің мәнімен біртектес мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже
бұзылған жағдайда серіктестік өз қалауы бойынша мұндай қатысушыдан не
серіктестікке келтірілген шығынның орнын толтыруын, не осындай мәмілелерден
тапқан бүкіл пайданы серіктестікке беруін талап етуге құқылы.
Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестік органдары
қатысушылардың талап етуі бойынша олардың бәріне өз қызметі жайында толық
ақпарат беріп отыруға міндетті.
Өкілеттігі болмаса да орталық мүдделер үшін іс-әрекет жасаған
қатысушы, оның іс-әрекетін қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер
ол, өзінің іс-әрекеті арқасында серіктестік құны жөнінен серіктестік шеккен
шығыстардан асып түсетін мүлікті сақтап қалғандығын немесе тиісінше сатып
алғандығын дәлелдейтін болса, серіктестіктен өзі жасаған шығыстардың орнын
толтыруды талап етуге құқылы.
3.2 Сенім серіктестігі
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық
серіктестерімен) ортақтасып жауап беретін бір немесе одан да көп
қатысушылармен қатар, жауапкершілігі серіктестіктің (салымшылардың)
жарғылық капиталына өздері салған салым сомасымен шектелетін және
серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын бір немесе
одан да көп қатысушылардан тұратын шаруашылық серіктестігі сенім
серіктестігі деп танылады.
Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктестердің құқықтық жағдайы
және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық
серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді.
Осы Жарлықтың толық серіктестік туралы нормалары сенім серіктестігіне
қолданылады, өйткені бұл осы тараудың ережелеріне қайшы келмейді.
Сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы
көрсетілуге тиіс, онда:
– толық серіктестердің бәрінің есімі, сондай-ақ сенім
серіктестігі деген сөздер не болмаса;
– "және компания" деген сөздер қосылған кемінде бір толық
серіктестің есімі, сондай-ақ "сенім серіктестігі" деген сөздер
болады.
Сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында сондай-ақ осы Жарлықтың 4-
бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген мәліметтер болуы керек.
Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады.
Сенім серіктестігінің ісін оның толық серіктестерінің басқаруы мен
жүргізуінің тәртібін олар толық серіктестік туралы ережелер бойынша
белгілейді. Салымшылардың сенім серіктестігінің ісін басқаруға қатысуға,
сондай-ақ сенімхатсыз оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенім
серіктестігі салымшыларының толық серіктестердің серіктестік ісін басқару
жөніндегі іс-әрекетін даулауға құқығы жоқ.
3.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының
құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде
мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға
дейін:
– бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе,
осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап
серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген
жағдайда;
– серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен
белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым
қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін
тоқтатылған жағдайда:
– жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар,
заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса
мүліктік құқық және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің
құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы;
– осы Заңның негізінде жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның
тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып,
осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс.

тоқтатылған жағдайда, егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса,
серіктестікті құруға болады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас тартуға
себеп болған мән-жайлар ескерілуге тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартыңда мыналар
болуға тиіс:
– серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан
жері;
– серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік
реквизиттері немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын
құжат деректері көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;
– серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты
құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестік-терді
құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған
адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын
серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың
өкілеттігін анықтау;
– серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
– серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша
салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не
мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы
мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы
шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына
салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;
– құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке
қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;
– серіктестік жарғысын бекіту;
– серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.
Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға
және оның қызметіне қатысты осы Заңға және басқа да заң актілеріне қайшы
келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның
қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін.
Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар
құрамына кіреді, мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ
үшінші жаққа серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде
белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиіс.
Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету
талап етілмейді.
Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін,
сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа
қатысушылар үшін міндетті болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты әрбір
құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы
жасалады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда
жасалады.
Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды. Құрылтайшылар
өкілдерінің серіктестікті құруға және құрылтай шартына қол қоюға құқық
беретін тиісті өкілеттігі болуға тиіс.
Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды
тұлға атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін.
Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды
білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде
көрсетуге болмайды.
Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді.
Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық
құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде керсетілуге тиіс.
Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.
Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік
тіркеуден өткек соң серіктестіктің қатысушылары болады.
Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның жеке өзі
қабылдаған шешімнің негізінде құрылады. Бұл жағдайда құрылтай шарты
жасалмайды.
Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын
осы серіктестікті құрған адам бекітеді.
Жалғыз қатысушысы бар серіктестікті мемлекеттік тіркеу жауапкершілігі
шектеулі серіктестікті тіркеу үшін белгіленген жалпы тәртіп бойынша
жүргізіледі.
Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік салымды
бөлу немесе жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жаңа қатысушылармен
толықса, олар осы Заңның 15-бабында көзделген ережелер бойынша құрылтай
шартына қол қоюға міндетті.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды
тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты
ретінде қаралады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:
– серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
– серіктестікке қатысушылардың олардың атауы, орналасқан жері, мекен-
жайы, банк реквизиттері немесе аты-жөні, тұратын жері және жеке басын
куәландыратын құжаттың деректері көрсетілген тізбесі;
– серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
– серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;
– серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері
болуға тиіс.
Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен
табыста бөлу тәртібі де белгіленеді. Жарғыда Қазақстан Республикасының
заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін. Серіктестіктің
жарғысында оның қызметінің мәні мен мақсаттары кезделуі мүмкін.
Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітуге тиіс және
оған барлық құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
Серіктестіктің жарғысын нотариат куәландыруға тиіс.
Серіктестіктің нотариат куәландырған жарғысында даналары, сондай-ақ
оның кейінгі өзгерістері туралы барлық құжаттар серіктестікті мемлекеттік
тіркеуді жүзеге асырған органда сақталады. Барлық мүдделі адамдар
серіктестік жарғысымен танысып шығуға құқылы.
Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысының негізінде жүзеге
асыруға құқылы. Бұл жағдайда серіктестікті мемлекеттік тіркеу барысында
жарғыны табыс ету талап етілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту жалпы
жиналыстың осы Заңның 48-бабы ережелеріне сәйкес қабылданатын шешімі
бойынша жүзеге асырылады.
Серіктестік жарғының өзгертілгені туралы серіктестікті мемлекеттік
тіркеуді жүзеге асырған органға бір айдың ішінде хабарлауға міндетті. Бұл
мерзім өткен соң кез келген мүдделі адам заңды тұлғалардың мемлекеттік
тізіліміне жарғының өзгерістеріне сәйкес өзгерістер енгізуді сот тәртібімен
талап етуге құқылы.
Серіктестік пен оған қатысушылар үшінші жақпен қатынастарында
серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган осы баптың 2-
тармағында көзделген хабарламаны алған кезден бастап не сот шешімі
негізінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген
кезден бастап он бес күн өткеннен кейін серіктестік жарғысындағы
өзгерістерге сілтеме жасауға құқылы. Алайда үшінші жақ аталған мән-жайлар
мен мерзімдер басталмай түрып та осы өзгерістерді ескере отырып іс-қимыл
жасауға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ол мемлекеттік тіркеуден өткен
кезден бастап құрылған болып есептеледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді әділет
оргаңдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен
жүзеге асырады.
Мемлекеттік тіркеудің деректері, оның ішінде серіктестіктің фирмалық
атауы, жарғылық капиталының мөлшері, құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы
органдары, оның орналасқан жері туралы мәліметтер жалпыға бірдей танысу
үшін ашық заңды тұлғалардың бірыңғай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz