Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке



Кіріспе 3
1 Кәсіпкерлік және бәсекелестік теориясы 5
1.1 Кәсіпкерліктің мәні, сипаты, түрлері, міндеттері мен қызметтері 5
1.2 Кәсіпкерліктің формалары, кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталары 7
1.3 Фирманың бәсекелестік қабілеті 11
2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік фирмалар және бәсеке 13
2.1 Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік және бәсекелестікпен байланысты заңдары 13
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік 21
2.3 Қазақстан Республикасындағы франчайзинг формаларының даму жағдайы 25
3 Кәсіпкерлікті және бәсекелестікті жетілдіру жолдары 30
3.1 Кәсіпкерлікті жетілдіру 30
3.2 Бәсекелестікті жетілдіру 31
Қорытынды 37
Қолдынылған әдебиеттер тізімі 39
Курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке».
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
1 «Аль-Пари» журналы 2009-1 (686.)
2 Ахметов К.Ғ. «Менеджмент негіздері», Ақтөбе 2005.- 430б.
3 В.С.Автономов, Э.Голдстин «Экономика для школьников» Москва, 2009.-675б.
4 Әубәкіров Я.Ә. «Экономикалық теория негіздері» Алматы-2008.- 560б.
5 К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2009ж.
6 Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2008 ж.
7 С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2008ж. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
8 Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2008ж. «Экономика».
9 Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2007ж.
10 М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»
11 А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2008ж.
12 Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2008.
13 В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 2006ж.
14 Р.Елемесов, Е. Жатқанбаев, «Государство и рынок», Алматы, «Қаржы-қаражат», 2007ж.
15 Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар», «Тұлға», 2008ж.
16 К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов, «Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы, 2009ж.
17 Б.Сабырбаев «Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі», Алматы «Қазақстан» 2007ж.
18 Н. К. Мамыров, «Менеджмент и рынок: Казахстанская модель», Алматы.2008ж.
19 Л.Ш. Лысенкер, Э.М. Лысенкер, «Основы рыночной экономики» Алматы, «Рауан».2008ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Кәсіпкерлік және бәсекелестік теориясы 5
1.1Кәсіпкерліктің мәні, сипаты, түрлері, міндеттері мен қызметтері 5
1.2Кәсіпкерліктің формалары, кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталары 7
1.3Фирманың бәсекелестік қабілеті 11
2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік фирмалар және бәсеке 13
2.1Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік және бәсекелестікпен 13
байланысты заңдары
2.2Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік 21
2.3Қазақстан Республикасындағы франчайзинг формаларының даму жағдайы 25
3 Кәсіпкерлікті және бәсекелестікті жетілдіру жолдары 30
3.1Кәсіпкерлікті жетілдіру 30
3.2Бәсекелестікті жетілдіру 31
Қорытынды 37
Қолдынылған әдебиеттер тізімі 39

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке.
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың
басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, комсомолдық
кәсіпкерлік басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол
жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде
кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның
үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны
төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы
капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып, арзан қайтарылды.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін
кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен
шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), Жеке кәсіпкерлікті қолдау
және қорғау туралы (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың
басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен
қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің
субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен
қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға
өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та
емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 –
наурыздағы №3398 Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік
қолдауды күшейту шаралары туралы және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 Жеке
және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау
туралы жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа
орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган
ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың
басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы
кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы
болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда
бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге
баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге
тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік
болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар
ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни
кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық
шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік
меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі
стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс
шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең
алдымен кәсіпорын.
Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Кәсіпкерлік және
бәсекелестік, бұл бөлімде кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, экономикалық
негізі және кәсіпкерліктің түрлері, тәуекелділіктің мәні деген тақырыптарға
тоқталдым.
Екінші бөлім аты Кәсіпкерлік фирмалар және бәсеке. Бұл бөлімде
бәсекелестік, оның түрлері, монополияға қарсы мемлекеттік реттеу,
кәсіпкерлік құпия, франчайзинг қатынастар жүйесі туралы жазылған.
Үшінші бөлім Кәсіпкерліктің жетілдіру жолдары. Бұл бөлімде
кәсіпкерлік жетілдіру жолдарының қажеттілігі, мемлекеттік кәсіпкерлік ісіне
араласу жағдайы, себептері, Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару туралы
баяндалған.
Курстық жұмыстың басты мақсаты Кәсіпкерлік фирманың түрлері және
бәсеке деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да
тоқталу. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте
болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар,
кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап
және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік
ортаға кіреді.
Курстық жұмыстың басты міндеттері:
- Қазақстандағы кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін
құру;
- кәсіпкерлік пен бәсекелестікті жетілдіру жолдарын іздестіру;
- фирманың бәсекелестік қабілетін анықтау;
- жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік
бағдар ұстау кепілін негіздеу болвп табылады.

1 Кәсіпкерлік және бәсекелестік

1.1 Кәсіпкерліктің мәні, сипаты,түрлері,міндеттері мен қызметтері

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу –
адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның
еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы
типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада
пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен
шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде
экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды
адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар
өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста
шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап
етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін
болуы керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол
өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал
жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген.
Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды,
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда
компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында
акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның
көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І
патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам
тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан
кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды
тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік
қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын
мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе
тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын барлық
табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар:
фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар,
инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге
қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық
байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы
байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1 Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2 Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер – деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте
қолданылатын барлық табиғаттың әншейін байлығы. Оған мынандай ресурстар
кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен
байлықтары, су ресурстары т.б.
Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндірілген өндіріс
құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика – зауыттар,
қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы.
Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну
тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін
тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді.
Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл
финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.
Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар
өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну
үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1 Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру
процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы
күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2 Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына
алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
3 Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді,
жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге
аянбай жұмыс істейтін кісі.
4 Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін
істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн.
Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды,
сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе
акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс факторлары
жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1 Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2 Жер, су бергеніне рента алады.
3 Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
4 Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым
екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл шығын-
өнім мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім
бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық
ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол
үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық
қамтамасыз ету қажет. Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық
ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды
жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске
қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар
еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық
тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы
бар шығын болмай, тығын болмайды деген. Қоғамның өмір сүру негізін
материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші
фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне
еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік
пайда.
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде
жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал
екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік
пайдаға.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын
даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші,
білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы
қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз
елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер
азаматтар болуы керек.

2. Кәсіпкерліктің формалары, кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталары

Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай
бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды,
сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің
құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және
ұжымдық-экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі,
онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады
және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз
жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер
шектелген жауапкершіліктер.
Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген
жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді.
Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал
қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау
пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.
Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен
кәсіпкерлердің бірлестігі.
Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс
мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының
бірлестігі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік формалары
құрылуда.
1 Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара
кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес
мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға
қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық
төлейді.
2 Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік
атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның
тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
3 Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның
міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен
жауап береді.
4 Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің
заттарымен жауап береді.
5Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7 Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ.
Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек
мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын қазына
кәсіпорны болып есептеледі.
Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ.
Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар (1-кесте).
Кесте 1- Ұжым меншігіне негізднлген кәсіпорындар
Кәсіпкерліктің Артықшылығы Олқылығы
түрлері
Бір тұлғалы Ұйымдастырудағы Капиталды көптеп
жекелеген қарапайымдылығы; қызмет тартудағы қиындықтары;
кәсіпорындар жасаудың толық еркіндігі; болған зардаптарға
нарықтық саладағы жауапкершіліктің
мінез-құлқының икемділігі; шексіздігі; барлық
қызметінің құпиялығын сақтау ұйымдық және
мүмкіндігі; барлық табыс басқарушылық
табудағы максимальды мүдделігі іс-әрекеттің
біріктірулігі
қажеттілігі.
Серіктестіктер Басқару бойынша міндеттерді Әріптестердің өзара
бөлу; қаржы тартудағы үлкен өнімсіздігінің
мүмкіндіктер; еркін және ықтималдылығы;
оперативтік іс-әрекеттің сенімсіздік арқасындағы
әріптестермен келісу кезіндегі әлеуметтік-психологиялы
шектеулілігі. қ комфортсыздық;
Әріптестердің өзара
келіспеушілігінің
арқасындағы бұл түрдің
тұрақсыздығы.
Акционерлік Қосымша капиталды тезірек және Басқарудың тым
қоғамдар кеңірек тарту мүмкіндігі; күрделілігі және оның
корпорация қызметі әртүрлі салаоперативтілігінің
шеңберіндегі капитал төменділігі;
қозғалысының еркіндігі; акционерлердің
акционерлердің шектеулі басқаруға қатысуы мен
жауапкершілігі. бақылау деңгейінің
жоғары еместігі; кәсіби
құпияның ашылу
мүмкіндігі.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі
мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің
негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік
міндеттерді шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің 0осылуы негізінде біріккен кәсіпорындар
құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, Шаруашылық
қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы республика заңдарына
кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде
болу мүмкіндігі айқындалған.
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше
миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі
белгісі бойынша сыныптау қажет (2-кесте).

Кесте 2- Кәсіпкерлік фирманың нысандары бойынша сыныптамасы
Ұйымдық-құқықтық Шаруашылық сипатынаСалалық қызметінеМеншік нысаны
нысаны бойынша қарай қарай бойынша
Картелдер, Өндірістік, Өнеркәсіп, Мемлекеттік,
Синдикаттар Саудалық, Ауыл шаруашылығы,Қазыналық,
(консорциумдар), Делдалдық, Сауда, Ұжымдық,
Трестер, Банктік, Байланыс, Жалгерлік,
Концерндер, Сақтандырушылық Көлік Кооперативтік,
Концерн-конгломераИнвестициялық, Қаржы, Акционерлік,
ттар, Инновациялық, Несиелік, Жекелеген,
Холдинг-компаниялаИнжирингтік, Мәдениет, Аралас
р, Венчурлік Өнер, (біріккен),
Акционерлік (тәуекелділік), Білім, Мемлекеттік
қоғамдар Консалтингтік, Ғылым, Денсаулық кооператив-
(корпорациялар), Аудиторлық, сақтау, тікпен бірге,
Кооперативтер, Трастолық. Тұрғын үй Ұжымдық жекемен
Серіктестіктер. шаруашылығы. бірге,
Мемлекет аралық
(біріккен
кәсіпорын)

Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде
олардың саны 7млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды
бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер
құрылады.

1.3 Фирманың бәсекелестік қабілеті

Нарықтық экономика жағдайда кез келген фирманың негізгі мқсаты –
нарыөтағы өзінінің ұстанымын сақтау және кеңейту, пайданың өсуі немесе
болмаған жағдайда оны тұрақты алу болып табылады.
Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек
және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған
деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда
ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар,
өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім
пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті
қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім
өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың
алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.
Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл
процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге
асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-
айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді
қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы -
мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.
Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-
ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.
Міне, осылардың қорытындысында:
- сатып алу - сату мәмілесін жүргізу;
- тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп
айырысулар;
- шығын мен ақырғы нәтижелер;
- жұмысшылардың саны;
- көлік жұмысының ауқымы;
- жарнама;
- коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.
Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:
- тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;
- ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға
төлем жасау;
- тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді
өткізетін сауда орындары;
- тауарларды өткізу нысандары;
- несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;
- мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті
төлемдерді өтеу.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны,
валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны
тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға өтуге
байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді,
оларға қатысушылар:
- коммерциялық банктер;
- қор биржалары;
- кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
- кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.

2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік фирмалар және бәсеке

2.1 Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік және бәсекелестікпен
байланысты заңдары

Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы Қазақстан
Республикасы Заңына, сондай-ақ Тізілімге кіргізілген, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысымен
бекітілген Белгілі бір тауар нарығында басымды (монополиялық) жағдайдағы
нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстары, қызметтеріне) бағаны
мемлекеттік реттеуді енгізу ережесіне сәйкес, монополияға қарсы органды
монопольды өндірілетін тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі
туралы және өсіру себебін растайтын құжаттарды ұсынумен оларды өсірудің
себептері туралы (мысалы, шикізатты жеткізу құнын ұлғайтқан кезде шарт
көшірмесін жіберу және т.б.) жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етуге
міндетті.
Монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге)
бекітілген бағаларды (тарифтерді) белгілеу жүргізіледі.
Егер нарық субъектілерін монополияға қарсы орган монопольды
өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның
өсуі туралы жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етпесе.
Егер бағаны арттыруға негіз жоғы туралы хабарлама алған нарық
субъектісі монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар,
қызметтерге) бағаны бұрынғы деңгейде сақтаса.
Нарық субъектілері монополияға қарсы заңнаманы күнтізбелік жыл ішінде
бәсекелестікті шектеуге бағытталған екі немесе одан да көп бұзушылық
жасаған кезде.
Мемлекеттік кәсіпорынға монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар,
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 25
тамыздағы № 61 –НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар
монопольды жүзеге асыратын қызметтерге бағаларды реттеу ережесіне .
Қызметтердің жаңа түрлеріне бағалар бекіту, қызметтерге қолданыстағы
бағаларды өзгерту, қызметтер ұсыну шарттарын өзгерту, сондай-ақ бағалардың
қолданылуының белгіленген мерзімінің өту тәртібі. Ұйым оларды енгізгенге
дейін 45 күннен кешіктірмей Уәкілетті органға бағаларды бекітуге (өзгерту)
өтініммен өтініш жасайды. Өтінімге Ережемен көзделген көлемде және
шарттарды сақтаумен қажетті нормативтік, есептік және басқа материалдар
қоса беріледі. Атап айтқанда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
кәсіпорындар монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар бекітіледі, ал жедел
басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда келісіледі.
Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқару органына және оған
бағыныстағы аумақтық бөлімшелерге (бұдан әрі – монополияға қарсы орган) іс-
қимылдар немесе мәмле жасауға келісім беру туралы өтініштер, хабарламалар
туралы өтініштер, сондай ақ қажетті құжаттарды ұсыну тәртібі Қазақстан
Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жән
ешағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 2 тамыздағы № 153
–НҚ бұйрығымен бекітілген Монополияға қарсы органға өтініштер мен
хабарламалар ұсыну және оларды қарау тәртібі туралы ереже талаптарына
сәйкес жүзеге асырылады.
Нарықтық экономикаға көшу құқықтық ортада елеулі өзгерістерге әкелді.
Нарықтық экономиканың тиімділігін арттыру үшін мемлекет тарабынан
монополияға қарсы реттеуді жүзеге асыру қажет.
Осы мақсатта 1998 жылдың екінші жартсында. Қазақстан Республикасының
Парламенті Табиғи монополиялар туралы және Жосықсыз бесекелестік туралы
Заңдарды қабылдады, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті Бәсеке
және монополиялық қызметті шектеу туралы Заңды қабылдады.
Монополияға қарсы реттеу– комплекс мемлекет жүзеге асыратын және
нарықтық бәсеке үшін жағдайды қамтамасыз етуге және нарықтық тетіктің
қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін рынокты шамадан тыс
монополияландыруды болдырмауға бағытталған экономикалық, әкімшілік және
заңнамалық шаралардың кешені.
Монополияға қарсы реттеуге:
- өндірісті шоғырландыру және монополияландыру деңгейін реттеу;
- кәсіпорындардың стратегиясы мен тактикасын реттеу;
- сыртқы экономикалық қызметті реттеу;
- бағалық және салықтық реттеу.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті
қорғау комитетінің бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу
жөніндегі уәкілетті органы мынадай қызметтерді жүзеге асыралды:
- монополиялық қызметті ескерту, шектеу және болдырмауды;
- тұтынушылардың құқықтарын мен бәсекелестіктерін қорғауды;
- монополияға қарсы заңнаманы сақтауды бақылауды;
- бағаны реттеуді;
- тауар рыноктары мен бәсекелестікті дамыту жөніндегі саясат
саласында басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
Бәсекелестікті қорғау комитеті белгілі бір тауар рыногында басым
(монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерін табу мақсатында тауарлар
(жұмыстар, қызметтер) нарығын талдауды жүргізеді.
Tауарлардың (жұмыстар, қызметтердің) тиісті рыногтарын талдау Бәсеке
және монополиялық қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 16-
тармағының, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті қорғау жән ешағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің
2001 жылғы 25 сәуірдегі № 86 –НҚ бұйрығымен бекітілген Белгілі бір тауар
нарығында басым (монополиялық) жағдайда орын алған нарық субъектілерінің
мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесінің, сондай-ақ
белгілі бір тауар шекарасын анықтау және монополистің нарық субъектісін
тану ережесінің талаптарына сәйкес.
Талдау жүргізу барысында нарықты талдайтын субъектілерден ақпарат
тікелей, сондай-ақ мемлекеттік органдардан сұратылады (Қазақстан
Республикасының статистика, құзіретті мемлекеттік органдар жөніндегі
агенттік). Талданатын нарық субъектілерінің басымдық үлесін есептеуде
ұсынылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көлемі табиғи және құндық
көріністе беріледі. Біртекті тауарлардың басымдық үлесін есептеу кезінде
(жұмыстар, қызметтер) негізге табиғы көріністегі көлем алынады (мысалы,
ұялы телефонның бір минуттағы қызметі).
Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін
бәсекелестігі.
Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар,
кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу
үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы
өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына
байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды.
Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты
болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға,
еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды
азайтуға ынталандырды.
Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы Қазақстан
Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1 Мына қоса берілген:
Монополиялық кірісті анықтау жөніндегі ереже;
Монополиялық жоғары және монополиялы төмен бағаны белгілеу жөніндегі
ереже бекітілсін.
2 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестікті қорғау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасы осы
бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының
орынбасары Ж.М. Қожахметовке жүктелсін.
4 Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1) Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері
арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы
қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың
табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2) Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық
күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі
жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп
шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі
төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда
болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі,
осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа
қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы
және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу,
өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі –
акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу
өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке
қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға
тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін
бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп
шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың
табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып
орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады,
әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия –
сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық
бәсеке, олигополия.
1 Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның
төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың
орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды;
4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ
компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары,
метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде
болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
2 Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас
тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады,
оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
3 Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар
өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда
бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес,
азғантай; полия – сату.
Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық
реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В.
Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады.
Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу.
Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша
реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру
мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік-дейді.
Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің
уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты
реттеледі деген пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген
атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж.). Оның теориялық
қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан
шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті
реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық
ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді
пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді
іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.
Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса
халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс
ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап
етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық
массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы
ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.
Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы
реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс
елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл
елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел
және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып
өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.
Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді
бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды.
Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік
бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың
қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда
бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін,
қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік
экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек
қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы
бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы
керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел
төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз
жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне
жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.
Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі.
1 Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын,
кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т.б. заңдар
жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс
субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.
2 Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық
экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
Егер мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-
әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б.
жағымсыз құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты әсер
етеді.
3 Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін
макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы ұлттық өнім, ішкі
ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, инфляция деңгейі және
жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі т.б. Ол үшін мемлекет қолда бар
барлық рычагтар мен әдістемелерді фискалдық, финанс – кредит, ғылыми-
техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.
Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол
кәсіпкерлік іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы,
егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын
берекетсіздендіреді.
- ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол
төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс
төмендейді, жұмыссыздық өседі;
- валютаны алып-сатушылық басталады;
- елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және
жалпы бағаның өсуіне әкеледі;
- тұрғындардың жинақтарының құнсыздануына;
- инвестицияның қысқаруына т.б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.
4 Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдіктьі қамтамасыз ету.
Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның
мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік
және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз
етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету;
инфляциямен байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау
т.б.
Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды
күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.
5 Бәсекелестік қорғау.
Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік – негізгі реттеу
инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында прогрестің негізі,
ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске енгізіп, өнім сапасын
арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан
мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы – қожа,
нарық – агент, ал кәсіпорын – оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы
қожалықтан, құлдыққа ауысады.
Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл
жағдайды диалектиканың бірінші заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық
күресі деуге болады.
Қоғамдық санада кәсіпкер – бүл тек адам, индивидум деген пікір берік
орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік
қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын
көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым
өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің
әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола
нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық
инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің
мәртебесі биік болады.
Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкердік ерекше сипатқа,
ерекше мәнге ие болады. Мемлекет нарықтық жүйе жолында заңды тұлға ретінде
жаңа функцияны – кәсіпкерлік қабілетті игенру қажет.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік
кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санының 23,5% құрады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігі үлесі көп
емес, бірақ, нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен
тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір
уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына
мүмкіндік береді.
Келтірілген кәсіпорындар Қазақстан Республикасында коммерциялық және
коммерциялық емес бастаулардың қосылуында жұмыс істейді.
Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш
топқа бөледі:
1 Бюджеттік (ведомстволық);
2 Қоғамдық (корпорациялар);
3 Аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер).
Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына
кәсіпорындар жатады:
1 Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке
негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)
2 Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке
негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және
т.б.).
Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі аталған кәсіпорындармен жұмысын
шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканың барлық және
мемлекеттің экономикалық әуелетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік
бюджетті айтарлықтай толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын
тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.
Оған 90-шы жылдардың ортасындағы Қазақстан Республикасы мемлекетінің
кәсіпкерлік қызметі мысал бола алады: Қазақстанның кен өндіру, отын-
энергетика және металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіп өндірістерін
төлем төлей алмаушылықтан қорғай алып, дәл уақытында шетел капиталын тарта
білді.
Қазақстан мемлекетінің кәсіпкерлік қызметінің келесі мысалы 1996
жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуроазия темір жолы
бойынша транзиттік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа мен
Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша оның
инициативасынан көрінді.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жүктері келісімдерге сәйкес Батыс Еуропа
елдеріне тасымалданады, ал осы елдерден Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне
белгілі ақыда тасымалданады.
Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтиненталды темір жол
магистральдары өтеді: Трансазия (Қытай – Қазақстан – Түркия), Еуроазия
(Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Орта Азия және Ақтау теңіз порты
арқылы Батыс магистралы. Еуропа – Скандинавия – Иран (Парсы шығанағы)
арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін
Солтүстік – Оңтүстік жоба қаралуда.
Осы аталған магистральдарды жандандыруға және қайта жаңартуға, барлық
магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, осы магистральдар
жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі
экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеумен тығыз бірлікте болады.

Нарықтық экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеу тікелей
және жанама әдістер көмегімен жүргізіледі.
Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеудің объектілері ең алдымен
экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге қарсы саясат, ақша
айналымына, инфляцияға, мемлекеттік бюджет балансын бақылау, халықты
жұмыспен қамту саясаты, монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке
жағдайына бақылау, халықты әлеуметтік қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирма мәні, түсінігі
Фирма теориясы
Кредиттік оқу жүйесі
Фирма теориясы. нарықтық қатынастар жүйесіндегі фирма
Қазақстан Республикасындағы бәсекенің даму жағдайы
ФИРМА ПАЙДАСЫ ШЫҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФИРМА ПАЙДАСЫН КӨБЕЙТУ
Фирма және кәсіпкерлік
ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бизнес – жоспарлаудың мәні мен мазмұны лекция
Фирма теориясы және оның нарықтық экономикадағы рөлі туралы ақпарат
Пәндер