Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтер


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің
шектелуінің теориялық аспектілері 5
1. 1 Бәсекелестік нарықтың негізгі элементі ретінде 5
1. 2 Монополистік қызметтерді шектеудің объективті қажеттілігі 11
2 Қазақстан Республикасында бәсекелестіктің дамуы
және монополистік қызметтердің шектелуінің ерекшеліктері 13
2. 1 Нарықта бәсекелестікті дамыту және қолдау саясаты 13
2. 2 Нарықты монополиялық реттеудің негізгі бағыттары 17
3 Қазақстандағы бәсекелестіктің дамуы және монополистік
қызметтердің шектелуі мәселесі және жетілдіру жолдары 21
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Кіріспе
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға өту жолында көптеген қиындықтар мен кедергілерге тап болуда. Оның объективтік және субъективтік себептері бар. Солардан туындап отырған қазіргі дағдарыс кезеңінен тез шығудағы маңызды шарттардың бірі - экономикалық білім беруді осы замандық деңгейге көтеріп, жоғарғы білікті кадрлар даярлау. Менің ойымша, ол үшін дамыған Батыс елдерінің тәжірибелері мен экономикалық ой-пікірлерін оқып-үйрену қажеттілігі даусыз.
Нарық механизмінде жеке-дара адам ұйымдар “нені”, “қалай”, және “кім үшін” деген үш экономикалық проблеманы шешу үшін өндірушілер мен тұтынушылар рынокта өз еркімен кездесіп, баға мен өндірістің көлемін анықтайды.
Бұл фактіні бағалау үшін нарықтық экономиканы қалыптасқан мысал ретінде алайық. Шеттен тауарлар тұрақты түрде әкелінбесе, бұл қала аштыққа ұшырар еді, бірақта жан-жақтан, тіпті шет, шалғай елдерден тауарлар тоқтаусыз әкелінеді. Сөйтіп, қала тұрғындары өмір сүруге қажетті шаруашылық процестерінің тоқтамайтынына кәміл сенеді.
Жетілмеген бәсекелес нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бір-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.
Әр түрлі, бір-бірінен ерекше тауарлар ұсынатын фирмалар нарықта азды-көпті билік орнатады. Сонымен қатар монополиялардың ұсынатын тауарлары қаншама ерекше болғанымен, бірін-бірі алмастыра алады. Сондықтан осы нарықта ұсынылатын тауарларға сұраныстың икемділігі жоғары болады.
Жетілмеген бәсекелес нарық таза бәсекелес нарық пен монополиялық нарықтарға қарағанда күнделікті өмірде жиі кездеседі. Сондықтан жетілмеген нарықтағы монополистердің өнім көлемі мен баға туралы қабылдайтын шешімдерін талдау мен түсінудің маңызы зор.
Жетілмеген бәсеке нарығы ұлттық экономика деңгейінде өте сирек кездеседі. Көп жағдайда жетілмеген бәсеке нарығын жергілікті нарықтардан кездестіруге болады. Жақын алмастырушысы жоқ тауарлар мен қызметтер де өте сирек кездеседі. Жетілмеген бәсеке нарығы, таза бәсекелі нарық сияқты шекті жағдайға жатады. Нақты нарықтық құрылымдар осы екі нарықтың ортасында болады. Соған қарамастан, таза монополия моделін талдау нарықта өзінің билігін орнатқан фирмалардың қабылдайтын шешімдерін зерттеуге, оған әсер ететін факторларды анықтауға, олардың қызметтерін мемлекет тарапынан реттеудің себебі мен мақсатын түсінуге көмектеседі.
Тәуелсіздікке қол жетуі Қазақстанның көптеген дамыған және дамушы мемлекеттермен экономикалық байланыстарын жолға қоюға, бұрынғы әріптестерімен қарым-қатынастарды қайта құруға, дүние жүзілік рынокқа кіру жолымен ілгері басуға мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру мемлекеттің бұл саладағы монополиясын жойды, кәсіпорындардың, фирмалардың және жеке тұлғалардың шетелдік әріптестерімен емін-еркін байланыстар орнатуына мүмкіндік береді, қызмет саласында бәсекелік негіздер қалады. Қазіргі кезде республикада бірлескен кәсіпорындар саны күрт көбеюде, дүние жүзіндегі аса ірі компаниялардың өкілдері ашылуда, табиғи ресурстарды бірлесе пайдалану, шикізат пен материалдарды өңдеу жобалары жүзеге асырылуда, аграрлық салада прогресті технологиялар енгізуде және тағы басқа. Менің ойымша бәсекелестік нарыққа қажетті. Енді осыған тоқталайық. Бәсеке сөзі қақтығысу, жарыс деген сөзді білдіретін латынның «соnсurrentіа» деген сөзінен шыққан. Экономикалық тілмен айтқанда, бәсеке - бұл олжалы мәміле үшін, барынша көп тиім алу үшін нарықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы күрес.
Осыдан зерттеу жұмысының терең әлеуметтік экономикалық өзектілігі айқын көрінеді.
Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің шектелуі.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер алға қойылды:
- бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің шектелуінің теориялық аспектілерін зерттеу;
- бәсекелестік нарықтың негізгі элементі ретінде қарастыру;
- монополистік қызметтерді шектеудің объективті қажеттілігін анықтау;
- Қазақстан Республикасында бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің шектелуінің ерекшеліктерін зерттеу;
- нарықта бәсекелестікті дамыту және қолдау саясатын анықтау;
- нарықты монополиялық реттеудің негізгі бағыттарына талдау жасау;
- Қазақстандағы бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің шектелуі мәселесі және жетілдіру жолдарын көрсету.
1 Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің шектелуінің теориялық аспектілері
1. 1 Бәсекелестік нарықтың негізгі элементі ретінде
Бәсекелестік бар нарықта, пайдасын көбейту үшін өндірушілер өзінің өндіріс шығындарын мүмкіндігінше төмендетуге тырысады. Осының нәтижесінде өнімділік артып, шығындар кеміп, компания өзінің бөлшек саудадағы бағасын түсіруге мүмкіндік туады. Сонымен бәсекелестіктің арқасында өндірістің тиімділігі артып, баға төмендейді. Бәсекелестік, сонымен бірге, өндірушілерді тауардың сапасын жақсартып, ұсынылатын тауар мен қызмет көрсету түрлерін тұрақты көбейтіп отыруға итермелейді.
Бәсекенің түрлеріне тоқталатын болсақ, бәсеке екіге бөлінеді:
- жетілген бәсеке, яғни таза бәсеке;
- жетілмеген бәсеке.
Жетілген бәсеке дегеніміз - фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға баға деңгейін рынок белгілейді. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндіріс көлемін іздеу арқылы көбейте алады.
Қарастырылып отырған бәсеке көңіл бөлуіміздің екі себебі бар: біріншіден, белгілі жағдайларда жетілген бәсеке ресурстарды бөлуде тиімділікке жеткізеді, қажеттілікті қанағаттандыру үшін қоғамның шектелген ресурстарын сүліктей сорады. Екіншіден, бәсекелі экономика талдауға оңтайлы, демек түсінуге оңай. Бірақ нақты дүниеде “жетілмеген” бәсеке басым, яғни ол жетілдірілген бәсеке де емес, жетелдірілмеген монополистік те емес. Мұндай бәсеке тек қана бірнеше фирманың ағымдағы баға ерекше тауарларды ұсынулары кезінде болады. Сала бойынша шоғырлануды қалай өлшейді? Бұл үшін “төрт ірі фирманың үлесі” көрсеткішін қолданады. Ол жалпы сала өндіріс көлемінде сол төрт ірі фирманың үлесіне тиетін процентін есептейді. 1987 жылы өңдеуші өнеркәсіпте жалпы өндіріс көлемінің 1/5-і жоғары шоғырланған салада өндірілді, ал мұндағы төрт ірі фирманың үлесі 60 процентке тең.
Бәсекедегі іркіліс, бөгеліс заңдар мен психологиялық факторлардың әрекетінен болады да, бәсекелестердің санын, күшін азайтады немесе бәсеке күші табиғи деңгейден төмен жағдайда кездеседі.
Бәсекенің ең елеулі кедергілеріне, бөгелістеріне заңға байланысты шектеулер мен өнімдерді саралау жатады. Біріншісіне патенттер, яғни саладағы жаңа фирмалар мен сыртқы сауданы тежейтін заңдар енеді. Патенттер өнертапқыштарға жаңа тауар шығыруға, енгізуге немесе процесске ерекше, яғни монопольдік құқық береді, сөйтіп мемлекет өнер тапқыш қызметі ынталандырады, әсіресе, ірі көлемдегі жаңалық жақтарына көңіл бөледі. Салада жаңа фирмалардың құрылуын суды, электр энергиясын, табиғи газдарды, телефон байланысын пайдалануға артықшылық беру арқылы да шектейді. Сыртқы сауданы шектеу үкіметтің шетел фирмалары өнімдеріне жоғары кеден тарифын немесе квота енгізуіне негізделген.
Әрбір тауарлардың өзінің орнын босатып, бәсекелесті тауар - субститут болатынын куәландырады. Нақтылап айтқанда, фирманың белгілі тауарлары сол саланың басқа тауарларынан сараланып бөлектелген, себебі тең баға жағдайында тұтынушылар басқалардан оларды артық бағалайды немесе керісінше, елемеуі мүмкін. Айталық, пепси-кола мен кока-кола бірдей бағамен сатылуы мүмкін, бірақ тұтынушылардың белгілі тобы бұл сусындардын біріне ғана көңіл бөледі.
Жетілмеген бәсекелестік жағдайында монополистың бағаға белгілі бір билігі бар. Баға деңгейіне бақылаудың көлемі жетілмеген бәсекенің фирмаларына байланысты әр түрлі. Бастысы монополист сапалы түрде пайда ең жоғары болатын баға деңгейін іздейді және соны белгілейді. Яғни монополист өзі өзгерте алмайды.
Жетілмеген бәсекенің үш үлгісін ерекше атап көрсеткен. Олар - монополия, олигополия, өнімдерді дифференциялау.
Монополия - өзінің саласындағы бірден-бір өндіруші және сол маңайда ондай тауар субституттарды өндіреті басқа салалар жоқ.
Монополия сөзі екі грек сөзінен шыққан -“монос”- бір және “полео”- сатамын. Нарықтық қатынастарға қатысушылардың қайсыбірі толығымен нарықты өзіне бағындырады (монополияндырады) .
Олигополия - екі түрге бөлінеді: бірінші түрдегі олигополия - кілең бір текті өнімдері бар базаның салалары және олардың кәсіпорындарының көлемі де үлкен. Екінші түрдегі олигополия - сараланған (ұқсас емес) тауарларды сататын бірнеше сатушы болғандағы жағдай.
Сараланған (дифференциаланған) өнімдер бар кезде сатып алушылар тауарлардың белгілі түрін артық көреді: дүкеннің үйге жақын болуы яғни, жұмыс орнының, тауардың сорты, сауда маркісі немесе сыртқы безендірулері, сатушылардың сүйкімділігі де мәнді рөл атқарады. Егер ұнаған тауардың бағасы тауар - субституттың бағасынан жоғары болса, сатып алушы екеуінің біреуін алады.
Өнеркәсіпті ұйымдастырудың оңды жақтары - монополия мен жетілген бәсеке. Мұнда көптеген фирмалар бір тектес тауарлар өндіреді және олардың бірде-бірі нарықтық бағаны белгілемейді.
Екі полюстың арасында жетілмеген бәсекенің аралық түрлері жатыр: бірнеше фирмалардың басымдылығы айқын олигополиямен монополистік бәсеке. Мұндай жағдайда аздаған айырмашылығы бар тауарлар өндіретін фирмалар саны көп болады. Басымдылық жағдайда үш немесе төрт фирмалар болады. әдетте мұндай салаларда өндірістің тиімділік көлемі жалпы нарықтық сұраныспен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Олигополиялық салаларда өнімнің жалпы көлемінің 20, 30 немесе 40 пайызын өндіретін фирмалар ғана ең тиімді. Өйткені тараулардағы көрсетілген бәсекенің кедергілері олигополистік құрылымдардың паида болуына әкеліп соғады.
Одан әрі талдаудың бел ортасында олигополия мінездік үш басты типі тұрады: құпия олигополия, басым олигополия және монополистік бәсеке. Бірінші жағдайда олигополистер түгелдей келісіп жұмыс істейді немесе өзара тәуелділікті жақсы түседі, нарықтық баға және өткізілетін өнімнің саны жалғыз ғана монополистік жағдайға сәйкес келеді.
Саладағы өткізу көлемінің 60-70 процентін ірі компаниялары бар рынокта бірнеше стратегиялық мүмкіндіктер қалыптасады. Ммұнда рыногтың бір бөлігін бәсекелестерге беру керек, содан кейін өзіңді нарықтық 60-80 процентін бақылайтын фирма - монополист ретінде ұстауға болады. Мұндай нарық олигополияның басымдылығы деп аталады.
Монополистік бәсеке ұқсас емес, бірақ бір-бірімен байланыстысы тауарларды сататын көп сатушылар бар жерден көрінеді. Бұл құрылымды алғаш рет Э. Чемберлин талдады. Жетілген бәсеке жағдайындағы сияқты, мұнда көптеген сатушылар мен сатып алушылар, фирманың салаға кіруі мен шығуы еркін болады және әрбір фирма басқаларының бағаларына тікелей әсер етпейді. Монополистік бәсекеде айырмашылық тауарларды дифференциалау орын алады, ол сатушыларды төмендеген сұраныс жағдайына әкеледі. Дифференциалдаудың қарсыластары тауардың түрлілігін, стандарттаудың қажеттілігін айтады. Дифференцалдауды жақтаушылар көп түрлілікті қалап, тауарлардың ұқсастығына қарсы тұрады.
Монополиялық бәсеке жағдайында әжептәуір көлімдегі бәсекенің монополиялық қысымының қосымның кішкене қосымшасымен симбиозы жүреді. Осыдан барып монополиялық бәсекенің қайсы бір ретте таза күйдегі бәсеке мен монополияның ”қорытпасынан” туған ерекше белгілері бар. Оларды қарастырайық:
Нарықта әрекет ететін кәсіпорындардың саны көп, бірақ та ол таза бәсеке жағдайларында нарықтың қатынастарға қатысушы фирмалардың санынан біршама аз. Көбінесе, бұл 20-70 фирмалар. Фирмалардың саны монополиялық бәсекенің негізгі белгілерін қалыптастыруда анықтағыш болып табылады. Монополиялық бәсекенің белгілері:
- жалпы нарық көлеміндегі әр кайсысының үлесі шамалы ғана болатындай, фирмалар едәуір көп, осыған орай әрбір фирманың бағаға бақылауы да шамалы;
- өндіріс көлемдерін шектеу мен бағаларды реттеу жөнінде фирмалардың жасырын келісім жасауы мүмкін емес дерлік.
Көбінесе фирма өзінің қаржы-экономика саясатын, бәсекелестердің жаубын ескерместен құрады, себебі бәсекелес фирмалар әжептәуір көп.
Нарықта фирмалар шығаратын өнімнің дифференциациясы келесі нысандардан көрінеді:
- сапасы бойынша қызмет көрсету параметрлері мен ерекшеліктері, материалдар, жекелеген детальдар, жасалу дизайны, жалпы жұмыс және кейбір бөліктер мен түйіндердің жасалу сапасы бойынша, беріктік пен мәңгілік дәрежесі, жұмыстың сенімділігі бойынша ерекшеліктер;
- сату жағдайлары мен сол кезде көрсететін қызметтер бойынша ерекшеліктер: қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығы, бағдарламалы сервис;
- өнімнің орналасуы мен олардың сатып алушыларға қол жетерлік дәрежесі бойынша ерекшеліктер: бұл дүкеннің немесе сауда орталығының орналасу орны бойынша, мысалы, тәулік бойы, үзіліс кезінің, демалыс күнінің болуы немесе, болмауы ерекшеліктері;
- соны орауышты қолдану белгілі сауда белгілері мен маркаларын пайдалану, жарнаманың көмегімен өткізуді ынталандырудың көмегімен жасалған тауардың алдамшы ерекшеліктері.
Бағаны бақылау дәрежесі монополиялық бәсекеге қатысушы фирмалардың біршама көп санымен шектелген.
Монополиялық бәсекелі салаға ену, көбінесе өте жеңіл жүзеге асады. Бірашама ірі капиталда қажеттілік жоқ. Алайда қаржы шығындары таза бәсекеге қарағанда көбірек, себебі өнімнің өзіндік түрін жасап шығаруға ақша жұмсауы қажет.
Бағалық және бағасыз бәсеке бір-біріне ілесіп жүреді. Бағасыз бәсекеде өзінің сауда белгісін, маркасын, таңбасын іздеу жарнамалау ерекше орын алады.
Монополистік бәсекенің белгілері ең таза түрде бөлшек саудада, жеңіл өнеркәсіпте байқалады.
Егер қандайда бір өнімнің барлық өндірісі бірнеше кәсіпорындарда шоғырланса, онда төртінші нарық үлесі олигополия - туралы айтуға болады. Оған келесі белгілер тән:
- фирмалар саны екі қиыр шет: таза монополия мен монополиялық бәсеке арасында қобалжып турады, демек, фирмалардың саны екі мен жиырманың арасында өзгеріп отырады;
- олигополиялар шығыратын өнімдер стандартты және дифференциалды болуы мүмкін. Көбінесе, өнеркәсіптік сұраныс тауарлары (шикізат, өнеркәсіп үшін материалдар, машиналар, қондырғылар) стандартталған, ал тұтыну тауарлары дифференциалданған;
- бағаны бағылау деңгейі жоғары. Бақылау әр алуан түрлерде жүзеге асырылады;
- сұраныстың сынық қисығы. Олигополиялық фирмалар бір-бірімен бәсекелес, олардың ішінде баға жөнінде келісім жоқ. Нәтиже олигополиялық нарыққа қатысушылардың бірі бағаны өзгерткен кездегі бәсекелес фирмалардың мінез-құлықтарымен анықталады.
Айталық, нарықта үш фирма әрекет ететін болсын. Қазіргі кезде фирма өнімнің бағасы ОР деңгейінде қалыптасқан болсын. Осы фирманың өніміне сұраныс қисығы қандай түрде болады? Бұл бірінші фирманың істеген баға өзгерісіне баға олигополистердің жауабына байланысты болады.
Егер олигополистердің арасында құпия келісім болмаса, онда бағаны төмендеткен жағдайда бәсекелестер оны істеген фирманың мысалына ілесетін (сонымен, оған өз есебінен сату көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермей), ал бағаны жоғарылатқан кезде оны елемейтіндігін (соның есебінен сату көлемін ұлғайта отырып, бәсекелесті нарықта ысыру) ұйғару қисынды:
- құпия келісім, не болмаса олигополиялық фирмалар арасындағы бағаны бекіту, нарықта бөлу немесе үлестіру жөніндегі келісім. Құпия келісімдердің бір түрі - картель-баға мен өндіріс көлемі жөніндегі жазбаша келісімдер үшін кедергілер де бар;
- келіскісі келетін фирмалардың шығындары мен сұранысындағы едәуір ерекшеліктер;
- фирмалардың саны көп кезінде келісу қиын;
- алаяқтық, яғни құпия, келісімде ескертілмеген бағаның төмендетілуі, жасалуы мүмкін;
- іскерлік белсенділіктің деңгейі (құлдырау, көбінесе, жасалған келісімдердің бұзылуына әкеледі) ;
- құпия келісім олигополиялық құрылымға жаңа фирманың енуі кезінде өзгеруі немесе бұзылуы мүмкін мұны болдырмау үшін қоршау қолданылады;
- құқықтық кедергілер (АҚШ-тағы трестке қарсы заңдылықтар, Қазақстандағы монополияға қарсы заңдылықтар) .
Бағадағы азаттық - бұл тура құпия келісімсіз “Фирмалар қатарласыңдар” принципі бойынша бағалық мінез-құлықтың үйлесімі. Қатысушылардың ішінен баға белгілеу сұрақтары жөніндегі озат фирма ерекшеленеді. Бұл фирма бірінші болып бағаны өзгертеді, қалғандары оның соңынан ереді. Көбінесе озат фирмалар өзінің ішкі баға белгілеуінде “шығындар қосу” принципін қолданады, оған сәйкес есеп бойынша шығындар саласына, салықтарды төлеген соң фирма алуды жоспарлайтын, шамамен алынған пайданы ескеруде мүмкіншілік беретін үстеме қосылады.
Олигополиялық салаға ену кедергілердің тұтас кешенімен шектелген. Олар:
- масштаб тиімі, оған сәйкес өнім бірлігіне төмен шығындар болуы үшін ірі өндіруші болуы қажет. Сөйтіп, салаға ену қажет капиталдың төменгі деңгеймен шектеледі;
- патенттерді иелену өзге фирмалардың енуін шектейді;
- стратегиялық шикізатты бақылау;
- жарнама шығыстары;
- өзге фирмалардың қатысуына мүмкіндік бермейтін нарық билігінің күшеюі мен нарық үлесінің артуы мақсатындағы бірігу тиімі.
Баға саясатын қалыптастырған кезде бәсекелестердің жауабы да ескеріледі, яғни баға белгілеу өрісінде келісілген әрекет жүргізіледі. Алайда бағалық келісімдер, көбінесе, олигополистерлің едәуір қаржылық мүмкіншіліктерімен сүйемелденетін бағасыз бәсекемен үйлеседі.
Олигополия машина жасау, электр техникасы, электр өндірісі саласын, маңызды металдар өндірісін қамтиды.
Монополия бәсекенің мұратын бұзғаны үшін айыпталса, бәсеке ертеден-ақ экономикалық мәселерді оңтайлы шешуге әкелетін күш ретінде қарастырылады. Алайда, таза (жетілген) бәсеке сияқты нарық құрылымы нақты өмірде ешқашан болған емес, жоқ әрі болмайды да. Бұл - нарық қатынастар әрекет етуінің мұратты үлгісі, нарықтың басқа құрылымдарының әрекет етуін бағалау белгісі. “Көрінбейтін қол”, яғни бәсеке жағдайларында қалыптасатын нарықтық бағалар, әсерімен өндіріс барынша аз орташа шығындарымен жүзеге асырылады. Демек, өндіруші ресурстарды тиімді пайдаланады. Өндіріс көлемі қаншалықты көп болса, ол соншалықты көп табыс алады. Осыған орай өндіруші өнідірістің барлық факторларын толық пайдалануға мүдделі. Пайданы қалыптасуының шегінен арттыру әдетте тек ғылыми-техникалық прогрестің есебінен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Осыдан келіп ғылыми-техникалық жетістіктерін барынша тиімді пайдалану таза бәсеке жағдайында жүзеге асады деген қорытынды жасады. Бәсекелі нарықтық механизм экономикалық мәселелерді мінсіз, ірі бизнестің немесе бюрократияның араласуын қажет етпей-ақ шешеді.
Бағаны бақылау таза бәсекелікке қарағанда нарықтық олигополиялық және монополиялық құрылымдарынды барынша тиімді. Өндірушілердің зор пайдаланылмаған өндірістік қуаттары бар және үстеме пайда алады деген жағдайда ғана бағаны бақылау оларды өндірісті ұлғайтылуына түрткі бола алады. Монополиялық құрылымдарда мемлекетке азын-аулақ ірі өндірушілерді бақылау оңай. Сонымен бірге бағаны бақылаушылар тарапынан болмай қоймайтын қателіктер тапшылық және қысқа мерзімді жоспардағы үйлеспеушілік пен ұзақ мерзімді жоспардағы тиімсіздіктің пайда болуына әкелуі мүмкін. Егер бақылау пайдалылықты азайтатын болса, монополистер мемлекеттің талаптарына іріткі салады.
Жетілмеген бәсекелі рыноктың үлгісі қоғамның барлық ресурстарын барынша ұтымды пайдалануы, өнім өндіруге жұмсалан қоғамдық шығындарды мейлінше азайтуды көздейді. Жетілмеген бәсекелі рынок жетілген бәсеке жағдайында қалыптасқан тепе-теңдік қалыптасқан ауытқуды білдіреді. Сондықтан, қоғам шаруашылық өмірдің монполиялануынан белгілі бір залал шегеді.
Түбінде монополия мәселесі жетілген бәсеке жағдайындағы жеке тауар өндірушінің еркі мен сапасынан тәуелсіз бағаға билік мәселесіне айналады. Бағаға билік (салыстырмалы және еш уақытта абсолютті болмайды) - жетілмеген бәсекелестің, ие монополистің қолындағы өте нәсіп құрал.
Егер бұл билікті сонымен қатар өндіріс көлімінде үнемдеудің нәтижесінде өнім өндіру шығындарын азайтумен, ғылыми- техникалық прогресті дамытумен рынокқа арзан бағалы өнімдерді жаппай шығарып толтырумен қосақталса, онда жетілмеген бәсеке қоғамға белгілі бір ұтыс әкеледі. Түптеп келгенде, қоғамның экономикалық дамуының объективті прогресі жетілмеген бәсекелі рынокқа алып келеді.
Бағаға билік табиғатқа билікпен салыстыруға болады. Мысалы, біз құнарсыз топыраққа, құрғақ климатқа қанағаттанбасақ, онда суландыру, жасанды тыңайту шараларын жүргізе отырып, табиғатқа билігімізді өз игілігімізге айналдырамыз. Бірақ, егер белгілі шектен өтіп, кетсек, онда біздің билігіміз қоршаған ортаны қиратумен тынады. Өкінішке орай, көбінесе бізді осындай жағдайлар орын алып келеді.
Монополиялану да осындай, бағаға бақылаудың бір дәрежесінен өтіп кетсек, ол қоғамның байлығын талқандауға жеке құртуға әкеліп соғады, тоқырауға бастайды тағы басқа.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz