Инфляция және онымен күрес



Кіріспе 3
1 Инфляцияның теориялық негіздері 5
1.1 Инфляцияның түсінігі,оның пайда болу тарихы 5
1.2 Инфляцияны өлшеу 8
1.3 Инфляцияның түрлері мен формалары 11
2 ҚР.сы экономикасындағы инфляция жағдайы 18
2.1 ҚР.да инфляцияның әлеуметтік.экономикалық салдары 18
2.2 ҚР.ның қазіргі инфляция жағдайына баға беру 21
2.3 Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат 24
3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2012 − 2013 жылдарға арналған іс.қимыл жоспары 28
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32
Осы курстық жұмыстың тақырыбы: «Инфляция және онымен күрес».
Курстық жұмыста келесі сұрақтар қарастырылған : Инфляцияның теория-лық негіздері; Инфляцияның түсінігі, оның пайда болу тарихы; Инфляцияны өлшеу; Инфляцияның түрлері мен формалары; ҚР-сы экономикасындағы инфляция жағдайы; ҚР-да инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары; ҚР-ның қазіргі инфляция жағдайына баға беру; Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат; ҚР-да антиинфляциялық саясат: мәні және негізгі бағыттары; Антиинфляциялық стратегия және тактика; Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2012 − 2013 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары
Нарық жағдайында осы курстық жұмыстың тақырыбы маңызды рөл атқарады.Өйткені,ақшаның құнсыздануы мемлекеттің экономикалық дамуына кері әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.Мұндай жағдайды болдырмау және алдын алу елдің басты мақсаттарының негізі.
Жалпы инфляция − күрделі әлеуметтік − экономикалық құбылыс. Бүгін де ол көптеген дүние жүзі мемлекеттердің үкіметтері мен орталық банкілердің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді,ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.
Осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар. Барлық елдерде ең ауыр инфляция әдетте экономиканың жаңаруы және өрлеуімен аяқталады. Сондықтан экономикалық дағдарыс пен инфляция көбінесе мемлекеттің саяси,әлеуметтік және экономикалық дамуының бетбұрыс кезеңі болып қаралады. Бұл жөнінде нақты мысал ретінде ТМД елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы инфляцияны айтуға болады. Инфляциялық құбылысқа тән қалыптасқан көзқарастар және олардың типтері, түрлері мен айқындалу белгілері бойынша жіктелімдері инфляцияның мәні мен мағынасының теориялық мәселелерінде қамтылған.
Сонымен қатар, ақша және инфляция теорияларының негіздері, олардың заман өзгерістеріне байланысты эволюциясы көрсетілген. Инфляцияның табиғаты, ақшаның сандық теориясы, монетаризм (қазіргі монетаризм), инфля-цияны таргеттеу теориялық көзқарастардың қазіргі заманға дейінгі эволюциясы талданған. Инфляцияның шығу тегі адамзат қоғамының дамуына байланысты үнемі өзгеріп отырады. XXI ғ.басынан бастап ол мемлекеттің, орталық банкінің, жалпы әр елдің экономикасының даму сатысын көрсететін процеске айналғаны көрсетіледі. Инфляция әрбір елдің экономикасында бар. Оның баяу түрі экономиканың қарқынды дамуына септігін тигізеді. Ал жоғары қарқындағы инфляция экономика құрылымында терең, әртарапты өзгерістер енгізуді, өндіріс саласында бәсекелестікті арттыруды керек екенін көрсетеді
1. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл» Алматы, 2001 ж
2.Әубәкіров Я. Ә., Байжұмаев Б. Б., Жақвпова Ф. Н., Табеев Т. П. – Экономикалық теория негіздері // оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,1999 ж
3. Сейтқасымов Ғ. С. «Ақша, несие, банктер» // оқулық Алматы : эконо-мика, 2001 ж
4. Кластерлік саясаттың дамуы есебінен экономикалық даму // ҚазЭУ хабаршысы – Алматы : Экономика, 2007. – № 2. – 128–130 бб. – 0,4 б.т
5. Осипова Г. М. «Экономикалық теория негіздері» // Алматы 2002 ж
Инфляцияның пайда болуы және оны реттеу жолдары : әлемдік тәжірибе және Қазақстан тәжірибесі // Материалы междунар. науч.-практ. конф. «Проблемы становления национальной инновационной системы и развитие научного потенциала экономики Казахстана» (16 мая 2007 г.). – Алматы, 2007, 524–536 бб. – 0,4 б.т.
6. Қабдиев Д. Қ., Оралтаев Т. Қ., Ескендіров Ә. Е., Бекмолдин С. Қ., Хабибу-лин Б. Х., Темірбекова А. Б., Беленов А. Т. «Экономикалық саясат» // Алматы : экономика 2002ж
7. Крымова В. «Экономикалық теория» - Алматы, 2003ж
8.«Кластерлік өндірістің даму мәселелері» // Материалы науч. конф. Студентов, аспирантов и молодых ученых вузов Алматы. региона «Молодое поколение – за конкурентноспособный Казахстан» (г. Алматы, 19–20 апреля 2006 г.), «ТОО Interconsult Ltd» баспасы – 2006. – 2 бөлім – 50–51 бб. – 0,3 б.т.
9. «Мировой опыт преодоления инфляции потребительских цен и финансовых активов» // Хабаршы (Еуразиялық ұлттық университет). – Астана, 2007. – № 1. – С. 306–314. – 0,4 п.л.
10. «Экономиканы несиелендіру мен қаржыландырудың банк және қор моделінің артықшылықтары мен кемшіліктері» // Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Исследования, результаты» журналы. Алматы, 2006. – № 2. – 43–46 бб. – 0,4 б.т
11. «Перспективы развития в Казахстане финансирования экономики за счет выпуска негосударственных долговых обязательств» // ҚазЭУ хабаршысы. – Алматы : Экономика, 2006. – № 5. – С. 13–17. – 0,5 п.л.
12. «Регулирование инфляции и инфляционных ожиданий: мировой опыт и практика Казахстана» // Вестн. Новосибир. гос. ун-та. – Новосибирск, 2007. –
Т. 7, вып. 3. – С. 45–51. – 0,5 п.л
13. «Синдицированное кредитование экономики Казахстана» // Материалы междунар. науч.-практ. конф. «Актуальные проблемы развития экономики и подготовки специалистов с экономическим образованием в странах СНГ»
(г. Тараз, 17 июня 2005 г.). – Алматы: Изд. Алмат. акад. экономики и статистики, 2005. – С. 184–185. – 0,3 п.л.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Инфляцияның теориялық негіздері 5
1.1 Инфляцияның түсінігі,оның пайда болу тарихы 5
1.2 Инфляцияны өлшеу 8
1.3 Инфляцияның түрлері мен формалары 11
2 ҚР-сы экономикасындағы инфляция жағдайы 18
2.1 ҚР-да инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары 18
2.2 ҚР-ның қазіргі инфляция жағдайына баға беру 21
2.3 Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат 24
3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2012 − 2013 28
жылдарға арналған  іс-қимыл жоспары
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32

Кіріспе

Осы курстық жұмыстың тақырыбы: Инфляция және онымен күрес.
Курстық жұмыста келесі сұрақтар қарастырылған : Инфляцияның теория-лық
негіздері; Инфляцияның түсінігі, оның пайда болу тарихы; Инфляцияны өлшеу;
Инфляцияның түрлері мен формалары; ҚР-сы экономикасындағы инфляция
жағдайы; ҚР-да инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары; ҚР-ның қазіргі
инфляция жағдайына баға беру; Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат; ҚР-да
антиинфляциялық саясат: мәні және негізгі бағыттары; Антиинфляциялық
стратегия және тактика; Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2012 −
2013 жылдарға арналған  іс-қимыл жоспары
Нарық жағдайында осы курстық жұмыстың тақырыбы маңызды рөл
атқарады.Өйткені,ақшаның құнсыздануы мемлекеттің экономикалық дамуына кері
әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.Мұндай жағдайды болдырмау
және алдын алу елдің басты мақсаттарының негізі.
Жалпы инфляция − күрделі әлеуметтік − экономикалық құбылыс. Бүгін де
ол көптеген дүние жүзі мемлекеттердің үкіметтері мен орталық банкілердің
басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу
қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді,ал өзінің
шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер
туғызады.
Осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Нарықтық экономиканы
құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал
ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар
экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар. Барлық елдерде ең
ауыр инфляция әдетте экономиканың жаңаруы және өрлеуімен аяқталады.
Сондықтан экономикалық дағдарыс пен инфляция көбінесе мемлекеттің
саяси,әлеуметтік және экономикалық дамуының бетбұрыс кезеңі болып
қаралады. Бұл жөнінде нақты мысал ретінде ТМД елдеріндегі, оның ішінде
Қазақстандағы инфляцияны айтуға болады. Инфляциялық құбылысқа тән
қалыптасқан көзқарастар және олардың типтері, түрлері мен айқындалу
белгілері бойынша жіктелімдері инфляцияның мәні мен мағынасының теориялық
мәселелерінде қамтылған.
Сонымен қатар, ақша және инфляция теорияларының негіздері, олардың
заман өзгерістеріне байланысты эволюциясы көрсетілген. Инфляцияның
табиғаты, ақшаның сандық теориясы, монетаризм (қазіргі монетаризм), инфля-
цияны таргеттеу теориялық көзқарастардың қазіргі заманға дейінгі эволюциясы
талданған. Инфляцияның шығу тегі адамзат қоғамының дамуына байланысты үнемі
өзгеріп отырады. XXI ғ.басынан бастап ол мемлекеттің, орталық банкінің,
жалпы әр елдің экономикасының даму сатысын көрсететін процеске айналғаны
көрсетіледі. Инфляция әрбір елдің экономикасында бар. Оның баяу түрі
экономиканың қарқынды дамуына септігін тигізеді. Ал жоғары қарқындағы
инфляция экономика құрылымында терең, әртарапты өзгерістер енгізуді,
өндіріс саласында бәсекелестікті арттыруды керек екенін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты : Инфляция және Қазақстандағы инфляциямен
күресу, олардың пайда болу көздері мен болдырмау жолдарын анықтау. Сонымен
қатар инфляциялық процестердің шет елдердің экономикасында көріну
ерекшеліктері және олардың біздің мемлекетпен салыстырғанда атқарған
шараларын толық қарастыру.
Осы курстық жұмыс міндеттері : инфляцияны өлшеу процесстерімен және
оларды болдырмау тәсілдерімен, сонымен қатар инфляциялық факторларға талдау
жасау сияқты аса маңызды көрсеткіштерімен таныстыру.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімде, жалпы инфляцияның теориялық
негіздерінің түсінігі,оның пайда болу себептері, сонымен қатар инфляцияны
өлшеу тәсілдері және түрлері мен формалары туралы мәлімделген.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның көріну
нысаны, оның тигізетін әлеуметтік − экономикалық салдарлары, ҚР-ның қазіргі
инфляция жағдайына баға беру, және ең бастысы − ҚР-ның инфляцияға қарсы
саясаты жөнінде ақпараттар қарастырылған.
Үшінші бөлімде, инфляция проблемасын алдын алу мақсатында ҚР-ның
инфляцияға қарсы 2012 − 2013 жылдарға арналған іс − қимыл жоспары
ұсынылған.

1 Инфляцияның теориялық негіздері

1.1 Инфляцияның түсінігі, оның пайда болу тарихы

Инфляция – бұл күрделі  де  көп факторлы құбылыс. Ол ақша айналым
арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар
мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда
инфляция көтерілу, қабыну дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша  айналымына
негізделген экономикаға  тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен
сипатталады.
Инфляция ең алдымен  тауар  бағаларының өсуі және  шетел валюталарының
қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша  айналымы  кезінде инфляция  болмайды, неге
десеңіз,  ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі
болған; қажетті ақша көлемі   алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз 
ақша   айналымында  жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда  қағаз ақша
 байлықтың  тек белгісі ғана.  Қағаз  ақша  қазына сақтау  қызметін толық
атқара алмайды. Қор сақтау  үшін  адамдар ақшасына құнды  заттар алуға
ұмтылады. Қор ретінде  қағаз ақша  шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың
көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға
қатты ықпал жасап,  оларды көтеріп жібереді. Батыс  елдерінде 10 %-ға
дейінгі  баяу  инфляция  қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір
жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде
түсіндіріледі. Баға өскенде  тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі
кейін ол одан да қымбат  түсетінін  біледі. Бұл, өз  кезегінде
өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық  тауарға  тез толады.
Инфляция  жағдайында  әртүрлі  салаларда  баға бір қалыпты  өспейді.
Сондықтан, инфляция  экономикада  қалыптасқан  диспропорцияларды  түзетуге 
және нарық  шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция
кезінде  бағалар  еңбекақыдан тезірек  өседі. Бұл жағдайда  өндіріс
шығындары  төмендеп, кәсіпкерлік  дамиды.
Бірақ 10 %-дан асқанда  инфляция қауіпті. Экономика  әсіресе 
гиперинфляция  кезінде  тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар
деңгейі бірнеше  пайызға емес, бірнеше  есеге өседі, ақша тез құнсызданады,
өндіріске  инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары 
айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан  қоғамға
тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды.
Алып сатарлық бизнес ұсыныстың,  өндірістің өсуіне  ықпал жасамайды,
керісінше өндіріс  тоқырауға  ұшырайды. Тоқырау мен инфляция  қосылған соң
нарықтықтың  оңды әсерлері  толық жойылып, нарық  механизмі  енді
экономикаға теріс  әсер ететін  болады. Сондықтан  стагфляциядан шығу үшін
мемлекет  тарапынан инфляцияға  қарсы жедел  және жүйелі  іс – шаралар
бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.
Инфляция – бағалардың жалпы  өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі
тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі.
Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл
тауарға  баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі 
инфляцияны  қалыптастырмайды. Инфляция – бұл рыноктардың  көбінде 
сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда 
болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың
монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық
жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі
мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның
кез − келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген
себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті,
күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады. Инфляцияны былай 
түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға  қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша
ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен,
бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен 
байланысты. Белгілі  тауар нарығында сұраныс пен  ұсыныстың сәйкестігінің 
бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі  баға  деңгейінің өсуі.
Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық  жағдайлар да  әсер етеді. Сонымен
баға өсуінің  инфляциялық  себептеріне  нені  жатқызамыз? Мысалы,
экономиканың  конъюнктуралық  ауытқуына байланысты бағалардың өсуін 
инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі
төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек
өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта шығын инфляциясы
деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі  диспропорцияға
байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып
көрелік.
Инфляцияның пайда болу себептері:
- біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалып-
тасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет
бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің
несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда
бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан  инфляцияны
қалыптастыруы  мүмкін.
- екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған
әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл
да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
- үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ
ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне
олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер,
ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне
бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да,
оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің
тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың
келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным
арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.
- төртіншіден, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүние-
жүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның
бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. Импортталған инфляциямен
күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын
арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап,
ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
- бесіншіден, инфляцияны тосу деген жағдайда байланысты инфляциялық
процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген
экономистердің пікірінше,  инфляцияны тосу психологиясын жеңу
антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
Инфляцияны тосу механизмі экономикаға қалай әсер етеді?  Мәселе
мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта
төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар
олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі
тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.
 Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір
комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция
қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі
мемлекет шығындарының өсуі, баға − еңбеқақы, инфляциялық тосу,
инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы және басқалары болды. Бұрынғы
Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау
жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.
            Инфляция − ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге
бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Ақшаның
құнсыздануы, онын сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі.
Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен
байланыстырылды. Inflatio (инфляция) − ежелгі медицина саласындағы ұғым.
Оның мағынасы латынша Inflatio− іштін қампиюы,ісініп өсуі деген түсінік
береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет
қолданған – американ экономисі А.Делмар.Ол 1864 ж.Нью-Йорк газетінде АҚШ-
тың Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (861-1865жж.) айналымға
алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар (гринбаксы − green
backs: зеленые спинки) шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен
тыс көбеюін А.Делмар Inflatio (вздутие бумажного пузыря) деп
атаған.Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа
елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің
арасында қолданып, XX ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде
орын ала бастады.
Медальдің екі жағы сияқты, ақша мен инфляция өзара тығыз байланысқан
ұғымдар. Инфляцияны кредиттік ақшаның сырқаты деп айтуға болады. Ерте
заманда инфляция өте сирек кездесетін құбылыс болған, яғни бағалар ұзақ
уақыт тұрақтылығын сақтаған.
И.Фишердің айырбас теңдеуі MV=PQ инфляцияның феноменін бірінші рет
түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған
тауар көлеміне тең болуы тиіс.
Инфляция күрделі әлеуметтік − экономикалық феномен, оның пайда болу
себептері көбінесе бір жақты айтылмайды. Бірақ инфляцияның негізгі пайда
болу себептерін экономикадағы барлық нарықтарда бір уақытта сұраныстар мен
ұсыныстарының арасындағы баланстың бұзылуынан деп есептейді. Басқа сөзбен
айтқанда, инфляция − экономикадағы баланстың жоқтығының нәтижесі, ЖҰӨ
құндық өлшемінің және оның табиғи – заттық құрамының арасындағы
сәйкессіздіктің белгісі.
Қоғамдық өнімнің құндық және табиғи − заттай құрылымы арасындағы
сәйкессіздік себептері туралы аз еңбек жазылған жоқ. Экономистердің
пікірлері бойынша Қазақстанның экономикасының макроэкономикалық құрылымы
ашық түрде инфляцияға бейімделген болатын. Бұған сол кездегі ауыр
өнеркәсіптің жеңіл өнеркәсіпке қарағанда аса зор дамуы, өндіруші
өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда үлес салмағының көп
артықшылығы,тауар өндірісінің тауар айналымынан, оны халыққа жеткізуден
үнемі алда болуы,жалпы инфрақұрылымдардың барлық түрлерінің дамуы
деңгейінің аса төмен болуы дәлел болады.
Үйлесімсіздіктер материалдық өндіріс саласындағы және ұлттық табысты
бөлудегі сәйкессіздіктің нәтижесі болып табылады. Халықтың табысы өсіп,
оларды материалдық жағынан қамтамасыз ету мүмкіндіктері артта қалып қойды.
Бұл тауарлар мен тұтыну қызметтері бағасының өсуіне және ақшаның сатып алу
қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқты.
Алайда бағаның өсуі айналымдағы тек қана ақшаның шектен тыс көп
болуынан болған жоқ. Бағаның үнемі өсу процесі XX ғасырдың басынан
байқалады. Барлық дамыған капиталистік елдерде тауарлар мен қызметтер
бағасының деңгейі XX ғасырда елеулі түрде өсті (мысалға АҚШ-та бөлшек сауда
бағасы 17 есе өсті). Ғалым − экономистер бұл құбылысты олигополистік
бағаның қалыптасуынан деп есептейді.
Бағалардың тұрақты түрде өсуіне : экономистердің айтуынша өндірістің
және сұраныстың үнемі өзгеріп, өсіп отыруы, болашақ инфляцияны күту
салдарынан тауарлық келісімшарттардың қымбаттауы, әлемдегі экономикалық
саяси ахуалдардың тұрақсыздығы себеп болды. Сонымен бағалардың өсуі бір
жағынан өндірістің даму, өсу себептерінен болса, екінші жағынан сол
тауарларға деген ұсыныстан туды. Соңғысында тауарлар мен қызметтер
бағаларының өсуі нарықтың өндіріс шығындарына және тауарлар мәмілесі
құндарының жоғарлауына жауап (реакция) ретінде болды.

1.2 Инфляцияны өлшеу

Тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының
артық қағаз ақша массасымен лық толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның
нәтижесінде – тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі; ақшаның сатып алу
қабілеттілігінің төмендеп кетуі − мұның барлығы инфляция механизімінін
айқын көріністері болып табылады.
Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процессінің алшақтықтарына және
артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысы заңы
бұзылады.Инфляция − ақша жүйесінің дағдарысты ахуалы.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
- айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
- қолайсыз төлем теңгерімі;
- үкіметке сенімнің жоғалуы.
Инфляцияны өлшеудің мәні − бағаның өзгеру серпінін (динамикасын)
анықтау. Бұл мақсатта пайдаланылатын көрсеткіштер ретінде барлық елдерде
баға индексі қолданылады (индекстік тәсіл). Соңғы 100 жылдың ішінде
индекстік тәсіл жетіліп, ол инфляцияның әлемдік өлшем іс − тәжірибесінде
өзін толық анықтады. Индекстік тәсіл − әлемнің әр түрлі елдерінде және
халықаралық саудада, бағаның өзгеру серпінін сенімді нәтижелермен
жеткілікті түрде қамтамасыз етеді.
Бағалардың мынандай индекстері (жиі пайдаланылатын) бар:
- көтерме бағалар индексі;
- бөлшек сауда немесе тұтыну бағаларының индексі;
- жалпы ұлттық өнім дефляторы;
- экспорттық және импорттық бағалар индексі.
Көтерме бағалар индексі (КБИ) − тауар өндірушілердің тауарлары мен
қызметтерінің орташа бағасының (сатылатын) өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) екі түрге бөлінеді:
- біріншісі − орташа немесе одан тұрмысы сәл төменірек деңгейдегі
халық үшін есептеледі (жұмысшылар мен қызметкерлерге). Индекстің бұл түрі
жұмысшылар мен қызметкерлердің азық − түлік қоржынына кіретін тауарлар мен
қызметтердің орташа бағасын анықтайды. Бірақ қазіргі кезде көрсетілген
индекс өзінің терминологиялық мағынасының сәтсіздігінен қолданылмайды.
- екіншісі − бөлшек саудамен сатылатын барлық тауарлар индексі (бөлшек
саудадан тыс сатылатын тауарлардан басқа). Бұл индекстер бөлшек саудамен
сатылатын барлық тауарлардың бағаларының өзгеруін анықтау үшін есептеледі.
Жалпы ұлттық өнімнің дефляторлары (ЖҰӨ) − тауарлар мен қызметтердің
баға индекстерінің бір тобы. Бұлар арқылы нарықтағы барлық маңызды тауарлар
мен қызметтердің орташа баға индекстерінің өзгерісі сипатталады. Бастапқыда
бұл индекстерді есептеудің мақсаты − өнімнің ағымдағы бағасын тұрақты
бағаға келтіру үшін есептелетін. Қазіргі кезде ЖҰӨ дефляторлары
экономикадағы бағаның серпінін сипаттайтын шешуші көрсеткіштердің бірі.
Дефлятор арқылы экономикадағы инфляцияның өсу қарқынын өлшеуге немесе
керісінше – бағаның жалпы деңгейінің төмендеу процесін (дефляцияеы)
анықтауға болады.
Көп жылдық экономикалық статистикалық тәжірибеден бағалардың базистік
және ағымдағы индекстерінің мәнін есептеудің екі формуласы шығарылды:
Ласпейрес (1871) формуласы (индексі) және Пааше (874) формуласы (индексі):

(1)

(2)

Мұндағы: − базистік жылда шығарылған тауарлардың және қызметтердің
саны;
− базистік жылдағы тауарлардың және қызметтердің
бағалар
− ағымдағы жылдағы тауарлардың және қызметтердің
саны;
− ағымдағы жылдағы тауарлардың және қызметтердің
бағалары.

Бұл екі формула мағынасы − ағымдағы жылда және есеп беру жылында
тауарлар мен қызметтердің саны (көлемі) өзгермейді деп есептеп, бағаның
өзгеруін табу. Тек Ласпейрестің формуласында базистік жылдағы тауарлар мен
қызметтер көлемі алынады, ал Пааше формуласында олардың ағымдағы жылдағы
саны (көлемі) алынады.
Ласпейрес және Пааше индекстерінің орташа геометриялық мағынасы Фишер
индексінде көрсетіледі:

(3)

Басқаша айтқанда, бұл формула екі индекстің (Ласпейрес пен Паашенің)
көбейтіндісінің квадрат түбірінен шыққан санды сипаттайды.
Қазақстанда тұтыну бағаларының индекстері (ТБИ) екі ақпарат көзінен
алынған деректер базасының негізінде жасалады:
- арнайы сауда нүктелерінде және қызмет көрсететін орындарда жинаған
деректерді тікелей тіркеу арқылы;
- өткен жылдағы үй шаруашылығындағы халықтың нақты тұтынушылық
шығындарының құрылымын зерттеу арқылы.
Тұтыну бағаларын қадағалау және ТБИ есептерін жүргізу,
Қазақстанның барлық аймақтарында бірдей жүретін процесс. Қызметтер мен
тауарлардың тізбесі 435 атаудан (позициядан) тұрады. Тізбеге халық жиі
тұтынатын,аса үлкен үлес салмағы бар өкілеттік тауарлар мен қызмет түрлері
кіреді.
Шығындар бойынша біріктіруге пайдаланылатын салмақ жүйесі өткен жылғы
үй шаруашылығы материалдарын зерттеу негізінде есептеледі:

(4)

(5)

мұндағы: − екі кезеңді (n және o) салыстырғандағы баға
индексі;
− базистік (o) кезеңдегі j тауар бағасы;
n кезеңіндегі j тауар бағасы;
− базистік (o) кезеңіндегі j тауарлар
саны.

ТБИ есептеуге Ласпейрестің түрлендірілген (модифицированная)
формуласын қолданады. Бұл формула тұтыну шығындарының тұрақты құрылымы
арқылы салмақтанған (взвешенные через постоянную структуру потребительских
расходов) өткен кезеңмен салыстырғандағы бағалардың өзгерісін көрсетеді.
Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндірісті дамыту
барысында елеулі түрде өзгереді. Осыған байланысты инфляцияны кейбір
елдерде орын алатын жергілікті инфляция, барлық елдерді қамтитын
бүкіл әлемдік инфляция, елде бір ішкі экономикалық факторлардың
әсерінен болатын индуцироланған инфляция , мөлшерден тыс несие
экономикасынан туындайтын несие инфляциясы , сыртқы себептерден
туындайтын сырттан әкелінген және сыртқа шығарылатын инфляция,
инфляциялық процестің бір қалыптылығы еместігімен байланысты болатын
сатылы инфляция деп ерекшеленеді.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің
көрсеткіші пайдаланады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен
қызметтердің белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық
кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың,
бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен
жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі :

Инфляция қарқыны = Iб1 – Iб0 ⁄ Iб0 *100
(6)

1.3 Инфляцияның түрлері мен формалары

Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептерін және
оларды дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторларды талдай отырып,
экономистер инфляцияны сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы деп екі
типке бөледі.
Инфляцияның себептері әр түрлі.Оған кіретіндері:
- жабу үшін қағаз ақшалар шығарылатын мемлекет бюджеттерінің
тапшылығы;
- мемлекеттің өндірістік емес шығындарының жоғары деңгейі;
- тауарлық тапшылық;
- өздерінің тауарлары мен қызметтеріне негізсіз баға көтеруіне
мүмкіндік беретін кейбір тауар өндірушілердің монополистік жағдайы;
- өндірістің тоқырауы және т.б.
Инфляцияның келесі нәтижелері мынандай:
- біріншіден, мыналардың пайдасына қоғамдық табысты елеулі қайта бөлу:
а) монополист кәсіпорындарға;
ә) қаржылық құрылымдарға (күйреткіш пайыздар мен ақша алып −
сатарлығының көмегімен арам жиналған);
б) көлеңкелі экономика
в) кейбір адамдар және кейбір басқа салаларға. Сонымен бірге,мұндай
жағдайда белгіленген табысты барлар (зейнеткерлер, студенттер, бюджеттік
салада істейтіндер) басқалардан гөрі көп зиян шегеді.
- екіншіден, инфляция күшті болған жағдайда,қалыпты әлеуметтік −
экономикалық қатынастар бұзылады. Ақшалардың құны кетеді және өзінің
қызметін толық атқарудан қалады. Тауар айырбас үдерісі ыдырайды. Өндіріс
қысқарады. Шаруашылық байланыстары үзіледі. Қаржылық алып − сатарлық
күшейіп, қоғамдық − саяси тәртіпсіздіктер болады және т.б.
Сұраныс инфляциясы мен шығын инфляциясының тұжырымдамасы инфляцияның
әр түрлі себептерін құрастырады.
Сұраныс инфляциясы – айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар
мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін айтады. Ол өндірістің
макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым
талаптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда болатын үрдіс. Сұраныс
инфляциясының басқа да себептері болуы мүмкін. Ол әр елдің экономикасының
дамуына байланысты. Қазақстанда қазіргі кезде сұраныс инфляциясының негізгі
көзі болып отырғандар: шетел валюталарының елге көп келуі (мұнай, газ,
минералды шикізаттар сатудан), банк секторының, үлкен өндірістік
бірлестіктердің сыртқы қарыздарды көп алуы, екінші деңгейдегі банкілердің
шектен тыс валюта айырбасын жүргізуі сияқты себептер. Бұл экономиканың
біржақты, шикізат өндірумен дамып келе жатқандығының белгісі.
Сұраным инфляциясы жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе −
теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет
шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған
жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және
тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы
мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып,
жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған
жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап
болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Ақша массасының өсуі
жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және
экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3)
үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция
қалыптасады. Өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай
жылжиды (AS2  − AS1), баға деңгейі өседі (Р1 – Р2) өндіріс көлемі
қысқарады (Q2 – Q1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі
тұрғындардың нақты табысын төмендетеді.
Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы
талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға
мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі
салалары үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты
индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды. Инфляцияның әр түрін оның
басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде
қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі
ретінде көрінуі мүмкін.     ХХ – ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық
қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы
әлемнің бірде – бір елінде  қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде
бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 жылдардың соңынан бастап
экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында 
бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс
экономикада стагфляция деп аталады.
Мемлекет сұранымды шектеу  мақсатында  инфляцияға  қарсы  іс –
шаралар  жүргізуі қажет.  Жаңа классикалық экономистердің айтуынша 
өндірістің  өсуін ынталандыру  және жұмыссыздықты қысқарту  саясаты
инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция  осы
күнгі  нарықтық  экономиканың  табиғатына  сай келеді, инфляция
жағдайларын  (бюджет тапшылығы,  монополия, қағаз ақша, т.б.) толық  жою
мүмкін емес. Осыған байланысты  инфляцияны толық жою  мүмкін  еместігі
өзінен − өзі  және алдын ала  белгілі. Сондықтан  да көп елдерде инфляцияны
жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Шығын инфляциясы − шығарылатын өнім мен көрсетілетін өнім өлшемінің
қымбаттауына байланысты тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін айтады.
Ол XX ғасырдың барлық капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына және
оның қалыптасуына олигаполиялық орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың пайда
табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.
Ұсыныс инфляциясы − өндіріс шығынының (еңбекақы, шикізат, материалдар
және т.б.) көбеюі нәтижесінде пайда болған бағаның өсуіне тәуелді.
Ұсыныс инфляцияциясының екі түрі бар:
1) Жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция;
2) Ұсыным экономикасы механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда
болатын инфляция.
Кейде макроэкономикалық деңгейде инфляцияның үш типі қарасты-рылады:
Классикалық инфляция − қағаз ақшалардың аса көп шығарылуына байланысты
айналым саласында олардың шектен тыс көбеюін айтады.
Нарықтық инфляция − шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған
жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады.
Тепе − теңсіздік инфляция − экономикалық дамудың циклдік сипатынан
шығатын макро және микродеңгейде қалыптасқан үйлесімсіздіктерден туатын
баға деңгейінің өсуін жатқызады.
Сұраныс және шығын инфляциясы экономиканың дамуына, әсіресе оның макро
және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы
факторларының тұрақтылығына байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұл өз
кезегінде инфляцияны келесі үш негізгі түрге жіктеуге құқық береді:
Баяу инфляция − тұтыну бағасының орташа жылдық өсімі 8 − 10 %-ға
дейінгі инфляция жатады. Мұндай инфляция нарық экономикасы дамыған елдердің
көбіне тән.
Қарқынды инфляция − тұтыну бағасының орташа жылдық өсу қарқыны 10-нан
100 %-ға дейін шектеледі. Инфляцияның бұл түріне бағаның қарқындап,
бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып,инфляцияны тізгінде ұстап,
басқарып отыру өте қиынға түседі.
Ұшқыр инфляция (гиперинфляция) − әр елде ұшқыр инфляцияның критерийі
әр түрлі. Нарық экономикасы дамыған елдерде гиперинфляция деп бағаның
жылына 100 %-дан аса жоғарлауын айтады. Ал экономикасы тұрақсыз, даму
үстіндегі немесе өтпелі кезеңдегі елдер үшін гиперинфляцияның басталу
деңгейі бұдан да жоғары. Гиперинфляция − экономикадағы терең дағдарыстың
белгісі. Ақшаның құнсыздануы сонша тез болғандықтан, бағалар күн сайын ғана
емес, кейде тіпті күніне бірнеше рет қайта есептелуі мүмкін. Гиперинфляция
өндірісті баяулатады, банк жүйесін, нарық механизмдерін бұзады.
Нарықтық экономикада инфляция айқындалу формалары бойынша алты түрге
бөлінеді:
Ашық инфляция − жинақталған ұсыныс пен жинақталған сұраныс арасындағы
теңсіздіктен туатын және бағаның жалпы деңгейінің өсуімен айқындалатын
инфляция. Бағаның өсу қарқынына байланысты бұл инфляция: баяу,қарқынды
немесе ұшқыр инфляцияға айналуы мүмкін.
Тұқыртылған (байланған) инфляция − баяу немесе қарқынды инфляция
формаларымен айқындалады. Орталықтандырылған экономикада тұқыртылған
инфляция тауар тапшылығымен,қажетті тауарларға бағаның өсуімен, алып −
сатар нарықтардың пайда болуымен айқындалады. Осының бәрі ақшаның
құнсыздануына, тұқыртылған инфляцияның дамуына әкеледі.
Сырттан әкелінген (импортпен келетін) инфляция − елдегі шектен тыс
тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел валютасының көп құйылуына
байланысты. жергілікті тауарлардың тапшылығына байланысты шетелдің тауар
өндірушілері өз тауарларына бағаны жоғарылатады да, импортталған
тауарлармен нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді. Сонымен қатар
импорттық тауарларды шоп − туристер де әкеледі. Бұл да ішкі нарықтағы
тауарлардың бағасының өсуіне ықпалын тигізеді.
Күтілетін инфляция − болашақ шығындардың өсуін күту нәтижесінде
тауарлар мен қызметтердің ағымдағы бағасын өсіріп сату. Бұл инфляция тауар
өндірушілерге болашақта сатып алынатын шикізаттар, материалдар, жабдықтаушы
құралдардың өсім бағасын ағымдағы сатылатын тауар мен қызметтердің бағасына
қосып сатуға мәжбүр етеді.
Страгфляция − тауарлар мен қызмет бағаларының жалпы деңгейінің
жоғарлауымен қатар, өндіріс өнімдерінің, көрсетілген қызметтердің көлемі
төмендейді, яғни олар қарама – қарсы бағытта өзгереді. Экономистер
страгфляция себептерін әр түрлі түсіндіреді. Соған қатысты мынандай
пікірлер бар:
1) Экономиканың құрылымдық жағынан жетілмеуі.
2) Фирмалардың монополизмі және олардың нарықтың үстінен қарауы.
3) Тауар өндірушілердің болашақта инфляцияның әсерінен табыс
азаятындықтан бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетуі.
Баға біркелкі өсетін (балансталған) және біркелкі өспейтін (баланстан

баған) инфляция − біркелкі және біркелкі емес өсетін инфляцияда тауарлар
мен қызметтерге жалпы бағалар бір уақытта бір деңгейге өседі.
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс
кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп
мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі − үш онжылдықта көптеген елдерде
инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика
теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер
инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор
ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным)
жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
        Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10 % дейін болады.
Бұл экономикаға  қауіп туғызбайды.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10 % − 200 %-ға дейін өсу түрі) –
экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі
қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке ( Кэган
бойынша айына 50 % ) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде
бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе
артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша
шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға
қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және
баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес пайыз кесімі
(ставкасы) да өседі. Нарықта тепе − теңдік (тұрақтылық) сақталады.
Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты
емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн.
Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады немесе оны үкімет арнайы
мақсатпен жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез
өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу
мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың
кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының инфляциялық тосу психологиясын
туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған
елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы
тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды 
және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі
әбден мүмкін болатынына сенеді, сондықтан олар бағаның түсуін күтіп,
табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның
қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың
деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.
Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында
пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын Пигу әсері
немесе нақты кассалық қалдықтың әсері деп аталатын құбылысты суреттедік.
Айта кететін тағы бір ескертпе, Пигу әсері икемді бағалар мен икемді
пайыз жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен.
Біраз батыс экономистерінің пікірінше, Пигу әсері экономикада нақты
болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай – күйі. Ақшаның құнсыздану-
ына мына факторлар себепші болады :
- айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
- қолайсыз төлем балансы;
- үкіметке сенімнің жоғалуы.
Инфляция әлемнің көптеген елдеріндей экономиканың қазіргі
дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Инфляцияның көріну нысандары :
- тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне
бірқалыпты
емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу
жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады;
- ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты
бағамының
төмендеуі;
- ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағамының
көтерілуі.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын ( себептерін )
айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және
ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары –
бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономикалық циклдің дамуы,
өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі. Ақшалай
факторларға: мемлекеттік қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы,
мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, кредит жүйесінің кеңеюі.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар ( шикізат , энергетика,
валюта дағдарыстары ), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға
бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтында, валютаны жасырын
экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Жалпы теңгенің тарихын мынадай кезеңдерге бөлуге болады :
1–кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы
рыноктарының қалыптасуы ( 1993 – 1996 жылдар) 1995 жылдың аяғында
8,2 % болған ЖІӨ өсу қарқыны төмендеуінің сақталуына қарамастан,
осы кезеңнің аяғында инфляцияның деңгейін 60,3 %-ға дейін
төмендетуге қол жетті.
2–кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк
жүйесін жедел түрде реформалау 1997 – 1999.Экономикалық
реформаларды жалғастыру нәтижесі 1999 жылы ЖІӨ - нің 2,7 % өсуі,
инфляция деңгейінің 17,8 % -ға төмендеуі және нақты жалақының
индексінің 13,1 % жоғарлауы болды.
3–кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды
дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше
бастауы (2000 жылдан бастап ).
Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер
ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтірудің ең
бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады : нуллификация ,
реставрация ( ревальвация ), девальвация және деноминация.
- Нуллификация – ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа
валютаны енгізу әдісі.
- Реставрация − ол ақша өлшемінің бұрынғы алтын ақша өлшемінің
бұрынғы алтын құрамын қалпына келтіру әдісі.
- Девальвация − ол ақша өлшемінің алтын құрамын төмендтету.
- Деноминация − ол нольдерді сызу әдісі, яғни баға масштабын
ірілендіру.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның
түрлерін мынадай критерийлер ажыратылады бағалар өсуінің қарқыны
бойынша :
Баяу – бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік
тәуекел болмайды.
Өршімелі – баға 100 пайыз шегінде өскенде, ақшаның затталынуы
өседі.
Әсіре – баға жүздеген пайызға өскенде, баға мен табыстардың
арасындағы алшақтық ұлғая бастайды.
Бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша
теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция.
Теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір –
біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде
олардың бір – біріне арақатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне
әр түрлі үйлесімде.
Болжаулық (болжап айтушылық ) дәрежесіне байланысты :
Күтілген , болжамды және күтілмеген шығу немесе пайда болу орнына
қарай : импортталынған және экспортталынған;
Сондай – ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы , баға
шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған , бірақ тауар тапшылығы күшейген
кезде тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты
Инфляция - экономикалық категория ретінде
Инфляция, инфляцияның себептері
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі
Ақша теориялары және инфляция
Жұмыссыздық, инфляция
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы
Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары
Пәндер