Микроэкономиканы зерттеу әдістері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Экономикалық теорияның дамуы
3: 5
: 1. 1
Кіріспе: Экономиканың алғашқы ой пікірлер
3: 5
: 1. 2
Кіріспе: Экономикалық мектептер
3: 9
: 2
Кіріспе: Микроэкономика теорияның дамуы
3: 14
: 2. 1
Кіріспе: Маржиналистік мектептер
3: 14
: 2. 2
Кіріспе: Микроэкономика пәні, мазмұны
3: 17
: 3
Кіріспе: Микроэкономика теорияның зерттеу әдістері
3: 20
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 23
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 25

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы микроэкономика пәні, зерттеу әдістері. Осы тақырып бойынша мен келесі сұрақтарды қарастырдым. Экономикалық теорияның әдісі мен пәнін, экономикалық түсініктердің негіздерін, экономикалық санаттар мен заңдарын талқыладым.

Курстық жұмысымның бірінші бөлімде мен Экономикалық теорияның даму тарихын, негізгі экономикалық түсініктерді: тұтынушылық, экономикалық игілікті, баламалы шығындарды айттып өтемін.

Екінші бөлімде микроэкономика теорияның дамуын, маржиналистік мектептерін, яғни Кембридж мектебі және Австрия мектебінің өкілдері.

Үшінші бөлімде микроэкономика зерттеу әдістері. Оларға жеке-жеке тоқтауы.

Курстық жұмыстың мақсаты: Микроэкономиканың әдістерін тану, экономикалық заңдарды талқылау.

Курстық жұмыстың әдістемелік нұсқауларын мен көбінесе кітаптардан, журнал-газеттерден, электронды ақпараттардан, интернеттен, форум сайттарынан, статьялардан алдым.

Микроэкономика экономикалық теорияның жалпы ғылыми әдістерін қолданады. Микроэкономика методологиясының негізгі құрамдас бөліктері болып экономикалық теориялар, экономикалық заңдар мен категориялар, экономиканың әрекет етуінің негізгі қағидалары (принциптері) табылады. Экономикалық құбылыстар диалектикалық тұрғыдан қарастырылады, яғни олардың дамуының сапалық және сандық жақтарын айқындау қажет. Жалпы алғанда, микроэкономиканың заңдылықтарын танып білу - бұл жалпыдын жекеге айналу, абстрактіліден нақты құбылысқа қозғалу.

Зерттеудің мақсаты:экономикалық теорияның даму кезеңдерін, ерекшеліктерін қарастыру, микроэкономиканың басты қағидаларына назар аударып, оның экономикалық теорияда алатын орнын айқындау. Экономикалық теорияның басты қызметтерін, заңдарын, арқау болар әдіс-тәсілдерін көрсетіп, қарастырылып отырған нысанның өзектілігіне жіті көңіл бөлу. Микроэкономиканың үлкен жүйе ретінде қазіргі таңда атқарып отырған міндеттеріне ден қою.

Зерттеу нысаны : экономикалық теорияның дамуы: микроэкономика

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру келесі міндеттерді шешуге жол ашады:

-тақырыптың көкейкестілігіне баса назар аудара отырып, ғылыми-зерттеушілік бағыттағы жұмыс ретін негізгі мәселені ашуға бағыттау; актив операцияларды жандандырудың негізгі мәселелерін анықтау.

-зерттеудің ақпараттық базаларын негізге алу;

-негізгі тақырыпты ашу; деректер жинақтау; ғалымдар, зерттеушілердің еңбектеріне ден қою; өзіндік пікір-пайым қалыптастыру. Ізденіс нәтижесінде нысан еткен тақырыпты жан-жақты қарастыруға көңіл бөлу. Деректерді, ғалымдардың, зерттеушілердің еңбектерін саралау.

Зерттеу көздері: 1) тақырып аясында ғалым-зерттеушілердің еңбектері; 2) зерттеліп отырған тақырып бойынша ғылыми, тарихи деректер, монографиялар; Курстық жұмысты жазу үшін отандық және шет елдік мамандардың жұмыстары қолданылды, сараптау шолулары мен статистикалық деректер, Қазақстанның мерзімдік басылымдары және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттары қолданылды.

Зерттеудің ғылыми болжамы:Тақырып өзекті екендігі атап өтілді. Болашақта осы мәселені кеңейтіп, басқа қырынан қарастырып, келелі жұмыстар жазуға болады. Сол сияқты курстық жұмысты жазу арқылы ғылыми-зерттеушілік бағытта еңбектенудің де тақырыптың өз мәнінде ашылуына түрткі болды.

Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілді.

1Экономикалық теорияның дамуы

  1. Экономиканың алғашқа ой пікірлер

Экономикалық теорияның қалыптасу кезені пікір қайшылықтары. Қазіргі жағдайда «экономика» сөзі көп мағыналы мәнге ие болуда. Біріншіден, «экономика» сөзімен өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы түсіндіріледі және онда игіліктер мен қызметтер көрсетіледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы түсіндіріледі. Ол қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрайды, онда идеалогиялық және саяси қондырма орналасады. Екіншіден «экономика» сөзімен ғылым саласының экономикалық қатынастардағы қызметтік немесе салалық аспектілерін қарастыру түсіндіріледі. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро- мен микроэкономикасың және интерэкономикасың бөліп қарағанда да «экономика» ұғымын түсінген. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипатайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрін бөліп қарайды: дәстүрлі, нарықтық, еркін, бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары. Үшіншіден «экономика» сөзі ретінде экономикалық ғылымды және теорияны түсінеді. Ең соңында, «экономика» сөзімен оқыту пәні түсіндіріледі. Қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқада қоғамдық, өмір саласының мазмұның аңықтайды. Экономикалық саясат экономиканың шоғырланған мағынасын білдіреді. Генетикалық қөзқарас тұрғысынан алғанда саясат экономикадан өрбиді деген сөз.

Экономикалық ғылым-ең ертедегі ғылымның бірі. Алғашқы рет «экономия» («ойкономия») термині біздің дәүірімізге дейін 3-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б. д. д 430-355 жж. ) және Аристотель (б. д. д 384-322 жж. ) еңбектерінде пайда болды.

«Ойкономия» (экономика) сөзі ретінде - (үй, шаруашылық) деп Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген. Кейінірек, осы бір талаптарға сүйене отырып феодалдық иелікті жүргізу үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттін пайда болуына әсе етті. Сол кездері жеке игіліктерді жүргізумен шектелмейді жалпы ұлттық, мемлекеттегі барлық шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесін аңықтаудың алғашқы талпыныстары пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономика» деген атаққа ие болды. Алғашқы рет «саяси экономика» деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан Мокретьен қолданды. Ол 1615 ж. «саяси экономика» трактаты кітабын жазып, онда Франция елінің шаруашылығын мемелекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде қарастырады. Бірақ мұңы әліде ғылым деп айтуға болмайтың еді. Жалпы экономикалық теория ғылым ретінде 16-17 ғғ. тоғысында пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зертеудің бастауы болып табылды.

Қазіргі батыстағы жалпы экономикалық теория негізінен төрт ірі ағыммен сипатталады:

- бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне қазіргі «монетаризім» және «неолиберализм» теориялармен жұптасады. Неоклассиктер - А. Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер рыноктық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызымет атқарған болар еді;

- екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж. Кейнс (1883-1946 ж. ж. ) болып табылады;

- үшінші ағым «институциолизм» теориясымен айқындалады. Оның негізін қалаушы американ ғалым- экономисі Торстейн Веблен (1857-1929 ж. ж. ) болып табылады. Оның 1899 жылы «парықсыз топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т. Вебленнің ізбасарларына «индустриалды қоғам» теориясын жасаған американ ғалым- экономисі Дж. Гэлбрейтті (1908 ж. ) және «конвергенция» теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (1915ж. ) айтуынша, бұл теориияда «аралас экономиканың» түп-тұлғасы қарастырылады.

- төртінші ағым әлеуметтік бағытталған рыноктық шаруашылық теориясымен айқындалады. Осы теорияның негізін қалаушылар- неміс ғалымы, мемлекеттікқайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977ж. ж. ) және германияның ғалым-экономисі Вальтер Ойкен (1891-1950ж. ж. ) болып табылады.

Сонымен «саясит экономика», әлде «жалпы экономикалық теория» ма? Экономикалық теория үш ғасыр бойы (17-19 ғғ. ) саяси экономика ретінде дамыды. Экономикалық теория анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К. Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды. Осы ұғымды алғаш рет француз-жазушысы әрі король Людвигтің сарай қызыметкері Антуан Монкретьен өзінің экономикалық ілімінің айналымына еңгізіп, ол «Саяаи экономия трактаты» атты кітабын 1615 жылы жазған болатын.

А. Маршал өзінің «Саяси экономия принцептері» (1890 ж. ) жұмысында мынадай ойды қорытындылаған: Д. Рикардо мен К. Маркстың еңбектің құндық еңбек теориясы мен шекті пайдалылық теориясы («маржинализм») ары қарай бірдей дамымайды, сондықтан оларды синтездеуді жүзеге асырды. Шекті пайдалылық теориясы мен классикалық құнның еңбек теориясын біріктіру арқылы ғылыми құн теориясын құруға жол ашты. «Өндіріс шығындары, сұраным интенсивтілігі, өндіріс шектеулігі және өнім бағасы, -деп жазды А. Маршалл, - бірі-бірін өзара реттейд». Осы уақытқа дейін алайда бұл екі теорияның синтезделуі оқулық пен оқу құралында толық қолданылған жоқ. Бірақ Д. Рикардо менг К. Маркстың еңбектің құндық теориясы - қосымша құн өндірісі механизімін ашты. Онсыз бірде-бір қоғам дами да өсе де алмайды.

Шекті пайдалық теориясы орташа мөлшерден шекті шағын шамаға өту мүмкіндігін жасады және олардың сұраным мен ұсыным мөлшеріндегі, көлеміндегі, сондай-ақ шығындардағы өзгерістерге алып келді. Бұл талдау техникасы процесі үшін өте үлкен мәнге ие болды. Экономикалық теорияда математикалық тәсілді қолдануға жол ашылды.

Бүгіндері экономикалық теорияның мазмұны бұрынғы саяси экономия шеңберінен әлде қайда шығып кеткен - ол жалпы экономикалық теорияға және әртүрлі экономикалық мектептер мен бағыттардың экономикалық ойлар жетістігі жиынтығында трансформацияланды.

Жалпы экономикалық теория- бұл фундаменталды экономикалық ғылым, гуманитарлық, әлеуметтік және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан жалпы экономикалық теорияны байлық туралы ғылым, экономикалықм қатынастар және экономикалық заңдар ретінде анықтауға тура келеді.

Алғашқы рет жалпы экономикалық теория ғылым ретінде зерттеудің пәнін экономикалық теорияның классикалық мектебінің өкілі А. Смит жасаған. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материялдық игіліектерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыру қажет. Сондай-ақ әртүрлі таптар мен адам топтарының арасындағы өнімді бөлудің табиғи тәртібінің және онымен байланысты бөлу қатынастарын да қарастырады.

Қазіргі уақытта шет елде кең тараған «Экономикс» оқулығының аваторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді:

1) Экономикалық теория- деп жазады ол, - бұл қызымет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекетке байланысты.

2) экономикалық теория адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын (өндірістік мақсатқа бағытталған жер, еңбек, тауарлар; мысалы, машина мен техникалық білімдер) қолдану туралы және әртүрлі тауарларды өндіру мен тұтыну мақсатында оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.

3) Экономикалық теория адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және осы жолды қолдану туралы ғылым.

4) Экономикалық теория адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналысатыны туралы ғылым.

5) Экономикалық теория байлық туралы ғылым.

Жалпы экономикалық теория ғылымы танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген ғылыми зерттеудің методологиялық негізі-диалектикалық танып білу әдіс болып табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың даму тұрғысынан - жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарғысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген тәсілдерін қолданады. Танып білудің диалектикалық әдісі барлық ғылымда қолданылатын жалпы тәсіл болып табылады. Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып, жалпы экономикалық теория өзіне тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде қолданылады.

Жалпы экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы- ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан тыс және тек ойда, елес ретінде түсіндіріледі.

Экономикалық ой ежелгі дәуірде туындап, даму мен қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономика ғылымы туралы алғашқы ғылыми ой ретінде - Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон тәрізді ежелгі дәуірдің ойшылдарында пайда болған.

Ежелгі Грек және Рим экономикалық ойлары. Құлдық құрылыстың элементтері Ежелгі Грекияның құғамдық - экономикалық өмірінің барлық салаларына таралып өндірушілерді қанаудың негізі формасна айналды. Құл иеленуші құрылыстың генезисі гүлденуы және дағдарысы кезеңінің экономикалық мәселелері оның экономикалық ойларынан көрініс тапты.

Бай Афин аристократтарының өкілі - Ксенофонд, Афинаның саяси және экономикалық құрылысын айыптап аграрлық Спартаның тәртібін идеал ретінде қарастырды. Өзінің трактаты «Домострой» да ол егіншіліктің артықшылықтарын мадақтап қолөнер және саудамен айналысуды пйыптады. Оның идеялы жабық автаркиялық натуралды шаруашылық еді. Алайда, ол құл иеленкшілердің баюы үшін сауданы пйдалану мүмкіндігін жоққа шығармады.

Құлдықты Ксенофонд қанудың табиғи түрі деп санады, ал құралдарды сөйлейтін құрал ретінде қарастырады. Бірақ ол құлдардың еңбек өнімділігінің төменділігін түсінді, сондықтан құл иеленушілерге кім өзінің ынтасымен көзге түссе оларға материалдық стимулды кеңірек қолдануға кеңес берді.

Натуралды шаруашылық концепциясы Ертедегі Грекияның көрнекті ғалымы Платонның экономикалық көзқарастарына да тән болды. Бұл туралы оның «Мемлекетті » және « Заңдар » деген шығармалары куәлік етеді. Олардың біріншісінде идеалды мемлекеттік құрылыстың жобасы, ал екіншісінде нақты шындыққа неғұрлым жақын мемлекет көрсетілген. Платонның пікірі бойынша мемлекеттік адамдардың қажеттіліктерінің көп түрлілігі мен олардың қабілеттерінің қабілеттілігінің арасындағы қарама қайшылықты шешетін нысан рөлін атқарады.

Платонның идеалы мемлекетінде үш тап: 1) қоғамды басқаратын философтар; 2) күзетшілер (әскрлкр) ; 3) егіншілер, қолөнершілер және саудагерлер бар. Құлдар ешбір тапқа жатпады.

Платонның пікірі бойынша философтар мен әскерлерде ешқандай меншік болмауы керек. Бұл таптың өкілдерінде алтын мен күміске ие болуларына тиым салынады. Жеке меншікке, саяси қызметке қабілетсіз адамдар, яғни үшінші таптың өкілдері ғана ие бола алатын болды. . Олар тұтынулары қанағаттанарлық дәрежеде ұйымдастырылатын философтар мен әскерлерді барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуге міндетті болды. Платон, қажеттіліктерді ең ұтымды қанағаттандыру кең еңбек бөлінісі жағдайында ғана мүмкін екенін дәлелдеді.

Тауарлы өндірістің сұрақтарын қарастыра отырып, Плато бір қатар ерекше ережелер айтты. Ол айырбас үдерісінде бір өлшемдегі емес және әртүрлі тауарлардың « бір өлшемге және біртектілікке» келуі орын алатынына көңіл аударды. Платонда ақша тек айырбас құралы және қор жинау функцияларын ғана емес, сонымен бірге құл өлшемі фукциясында орындайды деген боғаның боллжам болды.

Антикалық экономикалық ойлар тарихында, Платон, бағаның деңгейі мен негізі туралы сұрақты қойған алғашқылардың бірі болып табылады.

Ол бағаны мемлекеттік реттеуі керек деп есептеді және оның негізіне бір шаматабыс табуға мүмкіндікті қамтамасыз ететін баға алынуы тиіс.

Ежелгі Грекияның экономикалық ойларының дамуындағы маңызды қадам ұлы ғалым Аристотельдің есімімен байланысты. экономикалық сұрақтар бойынша ойлар бар, оның негізгі шығармалары болып « Никомахтың этикасы» және « Саясат » табылады.

Ол бағаны мемлекет ретеуі керек деп есептеді және негізіне біршама табыс табуға мүмкіндікті қаматамасыз ететін баға алынуы тиіс.

Экономика саласына адаидардың негізгі қажеттілік заттарын тұтынуды қанағаттандыруға керек болғандықтан шағын сауда да жатқызылды.

Экономикалық ғылымның дамуында ол өзінің құн формаларын талдауымен үлкен үлес қосты. Ол зат екі түрлі жолмен : белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшінжәне айырбас үшін пайдалануымүмкін деп атап көрсетті.

1. 2 Экономикалық мектептер

Экономикалық теория әдістемелік ғылым болып табылады, өйткені ол басқа нақты экономикалыөқ ғылымдарды экономикалық құбылыстарды зерттеудің әдіс-тәселдермен қаруландырады. Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.

Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Ең алғаш рет б. д. д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.

Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды. Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті. Экономикалық білімнің элементтері, оның әр түрлі формалар мен шаруашылық қызметтерінің тәсілдері туралы біздің дәуірімізге дейінгі 9-шы және 5-ші ғасырларда Көне Қытайда, Индияда, Римде, Грецияда жекелеген оқымыстылар (Ксенофонт, Аристотель, Конфуций және басқалар) пікірлерін баяндады.

«Экономика» термині сонау Ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының авторы ежелгі грек философы Ксенофонт.

Экономика ғылымы ұланғайыр. Ол қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған әр түрлі мектеп, бағыт, адамдардың әрқайсысы экономикалық теорияның пәні мен оның зерттеу мақсаттары туралы өз анықтамаларын беріп келген.

Экономика ойларының даму тарихынан:

1) Аристотель (б. д. д. 384-322 жылдар) - ежелгі грек философы, энциклопедиялық оқымысты, логика ғылымының, сондай-ақ, көпетеген арнайы білімдер салаларының негізін салушы.

2) Ксенофонт (б. д. д. 430-355) - ежелгі грек тарихшысы, саяси қайраткер, өзінің саяси көзқарасы бойынша - агриндік демократияның қарсыласы, аристократиялық Спартаның жақтаушысы.

3) Конфуций (б. д. д. 551- 479 жылдар) - Көне Қытайдың алғы лектегі идеялық ағымдарының біріне негіз қалаушы, оның көзқарасы «Лунь юй» («Сұхбаттар мен пайымдаулар») деген кітапта баяндалған. Оның ілімі адамдарды сүю тұжырымдамаларына құрылған.

4) Шерман Дж. - сенатор, Шерман заңы деп аталатын заң жобасының авторы, жұмысшылар мен фермерлердің антимонополистік қозғалысының қысымымен қабылданған «Антитрест заңы» трест формасында немесе басқадай формалардағы бірлестіктерді, сондай-ақ сауданы шектеуге бағытталған қандай да болмасын келісімдерді заңсыз деп жариялады.

5) Маршалл Альфред (1842-1924) - баға теориясының авторы және негізін салушы, экономика ғылымының классигі, Кембридж мектебінің негізін қалаушы. Шекті тиімділік теорияларының принциптерін жасаушы. «Сұраныстың икемділігі» терминінің авторы.

6) Гэлбрейт Джон Кеннет (1908 ж) - америка экономисі, теңгеру күштері тұжырымын жасаушы, «Жаңа индустриалды қоғам» (1967) деген еңбегінде монополистік сипаттама береді. Ол корпорациялар мемлекеттік қызметтің реттеушілігін қажет етеді деп санаған.

7) Шумпетер Иозеф (1883-1950) - көрнекті экономист. Тиімді бәсекелестік тұжырымдамасын шығарған, ол өндірістік цикл экономикалық өсу моделіндегі табиғи құбылыс деп санаған, экономикалық дамуда инноваторлардың рөлін айрықша бағалап отырған.

8) Фридмен Милтон (1912 ж) - көрнекті экономист. Мемлекеттің экономикаға араласпауын жақтаушы. Қазіргі монетаризмнің Чикаголық мектебінің өкілі. Экономика жөнінде Нобель сыйлығының лауреаты (1976) .

Экономикалық теорияның негізгі 4 қызметтерін бөлуге болады: танымдылық, әдістемелік, білімділік, тәжірибелік. Мұның ішіндегі ең біріншісі - танымдылық қызметі: бұ қоғамдағы экономиканы зерттеу мен мәнісін түсіне білу және алған білімін теориялық түрде, яғни жалпы және жүйелі түрде көрсете білу. Екінші қызметі - әдістемелік. Бұл барлық экономикалық ғылым жүйесіне арналған теориялық және әдістемелік базаларында қызмет істейді. Білімділік қызмет арқылы экономикалық теорияда, әр түрлі маманды адамдардың көбі экономикалық мәдениетпен таныса алады. Қазіргі кездегі адамдардың өмірі экономикамен тығыз байланысты, сондықтан да жоғары оқу орындарының бағдарламалары - оның заңдары мен үрдістерін зерттеуге бағытталған. Тәжірибелік қызметі, ұтымды шаруашылықтандырудың тәсілдерін және үрдістерін қалыптастыруға, ал ғылыми ұстанымдарда мемлекеттің тиімді саясатын жүргізуге бағытталған.

Экономика әртектес экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі болып табылады. Қатынастардың үш тобы ажыратылады:

1) техника және өндіріс технологиясына тәуелді техникалық - экономикалық қатынастар;

2) өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға, экономиканың институционалдық құрылымына тәуелді ұйымдық-экономикалық қатынастар;

3) әлеуметтік-экономикалық қатынастар (меншік және табыстарды үлестіру қатынастары) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
Қазіргі микроэкономика пәні
Экономикалық факторлар және мемлекеттің төлем балансы
Кейнстің экономикалық ілімі
Сакура тігін фабрикасының экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Микроэкономика пәні, методологиясы, әдістері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ МАКРО –ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКIШ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI
Қоғамдық өндіріс. Қоғамдық өндірістің негізгі принциптері
Отандық өндірістің қалыптасуы мен дамуындағы басты мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz