Монополиялық нарық құрылымы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1

1. 1

1. 2

1. 3

2

2. 1

2. 2

3

3. 1

Кіріспе

Монополиялық нарық - нарық ерекше саласы

Монополия: түсінігі, белгілері және түрлері

Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіру және монополиялық тепе-теңдік

Ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік

ҚР дағы монополия: ахуалы және оны реттеу

ҚР ның «монополияға қарсы күрес және бәсекелестікті қорғау заңы

ҚР ң монополияға қарсы күрес және бәсекелестікті қорғау агенттігі: құрылымы және қызметтері

ҚР дағы бәсекелестікті қорғауды жетілдіру жолдары

Бәсекелестікті қорғауды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

3

4

4

7

9

13

13

15

21

21

25

27

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Монополиялық нарық құрылымы». Ең алдымен монополия деген не екенін айтып өтейін.

Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның ұсыныс қисығы бір мезгілде нарықтың ұсыныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағада әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсеін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

Курстық жұмыстың 1-тарауында, егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді, міне осындай сияқты мәселелер шешіледі. 2-тарауда қазақ КСР-нің 1991 жылғы 11 маусымдағы «Бәсекені дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы» Заңына сәйкес бәсеке шаруашылық жүргізетін субъектілердің жарысы ретінде анықталған, ол белгілі бір рыноктағы тауарлардың айналымына әр субъектінің жеке ықпал жасауын шектейді, тұтынушыға қажет тауардың өндірілуіне жағдай тудырады, яғни заңдық қағидалар туралы. 3 - тарауда қазіргі рыноктың өте күрделі құрылым, оны жаңа орында құру үшін ұзақ уақыт, көп күш керек. Тауар өндірушілердің Қазақстанда өркениетті бәсекелестігін ұйымдастыру үшін мемлекеттің экономикалық саясатын түбірімен өзгерту қажет, себебі ол соңғы кезге дейін мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында өктем монополист болып келгені жөніндегі жағдайлар.

Курстық жұмыстың мақсаты мынадан тұрады: рынокты бөлу, басқа кәсіпкерлерді ығыстыру туралы және бәсекелестікті жоюға немесе елеулі шектеуге бағытталған қызметтің басқа да жағдайлары жайында бәсекелестер арасында қандай да бір келісім жасалуына және оны орындауға тиым салу, нарықтық қатынастың бір деңгейдегі субъектілерінің бірігуіне жол бермеу, себебі мұндай әрекет бәсекені жояды немесе елеулі шектейді, ал ондай жағдайға жол берілмеуі тиіс.

1 Монополиялық нарық - нарықтың ерекше саласы

1. 1 Монополия: түсінігі, белгілері және түрлері

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.

Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдына бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді. Бұл 1 суретте бейнеленген.

Сурет 1 − Монополияның ерекшеліктері

Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсеін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнің барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.

Бұл шектеулер төмендегідей:

  1. ірі өндірістің басымдылығы;
  2. легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше құқықтар) ;
  3. бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.

Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге, нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.

Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны алуға болады.

Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің ең көп тараған түрі - жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса - құқығың бар, ал патент жоқ болса - құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтанда бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.

Легальды тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арап-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.

Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі - демпинг - бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар - олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма шыдамай нарқтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.

Таза монополия - жақын алмастырушысы жоқ тауар өндіретін немесе сататын жалғыз фирма жұмыс істейтін жағдай. Таза монополия нарығы ұлттық экономика деңгейінде өте сирек кездеседі. Көп жағдайда таза монополияны жергілікті нарықтардан кездестіруге болады. Жақын алмастырушысы жоқ тауарлар мен қызметтер де өте сирек кездеседі. Таза монополия, таза бәсекелі нарық сияқты шекті жағдайға жатады. Нақты нарықтық құрылымдар осы екі нарықтың ортасында болады. Соған қарамастан, таза монополия моделін талдау нарықта өзінің билігін орнатқан фирмалардың қабылдайтын шешімдерін зерттеуге, оған әсер ететін факторларды анықтауға, олардың қызметтерін мемлекет тарапынан реттеудің себебі мен мақсатын түсінуге көмектеседі.

Монополияның түрлері оның пайда болу себептеріне байланысты. Таза монополияның пайда болуына салаға немесе нарыққа кіруге қойылған кедергілер себеп болады:

  1. фирмалар жеке тауарлар мен қызметтерді өндіруге мемлекеттен ерекше құқық алады;
  2. кейбір фирмалар патенттер мен авторлық құқықты қолдана отырып, нарықта жеке тауарлар мен қызметтерді өндіруге немесе жаңа технологияны қолдануға жеке дара ие болады;
  3. егер тауарларды өндіруге қажетті экономикалық ресурстар бір ғана фирманың иелігінде болса, ол нарықта монополиялық билік орнатуға мүмкіндік алады;
  4. кіші өндірістерге қарағанда ірі өндірістердің шығындары төмен болады, сондықтан олар осы артықшылықты қолдана отырып, басқа фирмаларды нарықтан ығыстырып шығаруға және жаңа фирмаларды нарыққа кіргізбеуге мүмкіндік алады.

Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады: жабық, ашық және табиғи.

Егер фирманың монополиялық билігі заң жүзінде қорғалған болса, оны жабық монополия дейді. Ол бәсекелістіктен заңды шектеулер көмегімен қорланған. Патенттер мен авторлық құқықты немесе жаңа технологияны қолдана отырып, нарықта билік орнатқан фирмаларды ашық монополистер дейді. Олардың нарықтағы билігі уақытша болады. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай. Кейбір өнімдер мен қызметтерді (халықты ыстық сумен, жылумен, газбен қамтамасыз ету қызметтері) көлемі үлкен жалғыз фирмаларда өндірген арзанға түседі. Ол өндіріс көлемінің үнемділігінен туындайды. Сондықтан жеке фирмалар мемлекеттің бақылауымен сондай өнімдер мен қызметтерді өндіруге ие болады. Оларды табиғи монополистер дейді. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.

1. 2 Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіру және монополиялық тепе-теңдік

Пайданы ең жоғары деңгейге көтеретін өнім көлемін анықтау үшін шекті табыс шекті шығынға тең болуы керек (MC=MR) . Бірақ монополист фирманың шекті табысы сататын тауар бағасынан төмен (MR<P) . Монополист пайданы ең жоғары деңгейге көтеру үшін шекті табыс пен шекті шығынды теңетіруі керек (MC=MR) . Өндіріс процесін оңтайландыру үшін кез келген өндіріс көлемінің шекті табысы нольден жоғары және жоғарыда аталғандай сұраныс бағаға икемді болуы қажет. Осыдан көретініміз: шекті табыс нольден жоғары болады, егер монополистің өніміне сұраныс икемді болса. Егер сұраныс икемсіз болса, онда шекті шығын мен шекті табыстың тең болуы мүмкін емес. Яғни, монополист фирма сұраныс икемді болған жағдайда ғана өндіріс көлемін ұлғайта алады.

P экономикалық пайда

MC

Pm A AC

ACm

E B D

MR

0 Q

Q max

Сурет 2 − Монополист фирманың пайданы көтеруі

Монополист фирмаға пайданы мейлінше көтеру үшін екі мәселені шешуге тура келеді. Біріншісі - пайданы мейлінше көтеруге мүмкіншілік беретін өндіріс көлемін анықтау. Екіншісі - сататын өнімге баға белгілеу. Осы мәселелердің шешу жолдарын 1 суретіндегі графиктің көмегімен талдауға болады. Пайданы көтеретін өндіріс көлемі Q max Е нүктесіндегі шекті табыс пен шекті шығынның теңдігімен анықталынады.

нүктесінен сұраныс қисығына қарай (Е нүктесінен А нүктесіне қарай) тік сызық жүргіземіз. Содан кейін А нүктесінен абсцисс осіне қарай тізу сызық жүргізу арқылы бағаны анықтаймыз. Q max өнім көлеміне сұраныс туғызу үщін фирма өзінің көлеміне Pm бағасын белгілейді. Баға белгілі болғаннан кейін оны орташа шығынмен салыстырамыз.

Орташа шығынның мөлшерін анықтау үшін А нүктесінен өнім көлемінің осіне қарай жүргізілген түк сызықтың орташа шығынның қисығын қиып өтетін В нүктесін белгілейміз. Енді осы В нүктесінен абсцисс осіне қарай түзу жүргізу арқылы АСm мөлшері анықталынады. АСm бағадан төмен. Демек, Qmax өнім көлемін Pm бағасымен сата отырып, монополист фирма әрбір өнімнен (Pm-АСm) экономикалық пайда алады. Әрбір өнімнен түскен пайданы жалпы сатылған өнім көлеміне көбейтсек, фирманың жалпы пайдасын анықтаймыз: (Pm−АСm) ⋅Qmax.

Сонымен, монополист фирманың қысқа мерзімде экономикалық пайда алуының алғы шарты:

(MC=MR) < P>АС (1)

Егер монополист өзінің өніміне Pm бағасынан жоғары баға белгілесе, фирманың шекті табысы шекті шығыннан артық болады. Бұл пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтайтын ережеге сәйкес келмейді (MC=MR) . Шекті табыстың шекті шығыннан артық болуы фирманың өніем көлемін өсіаруге әлі де мүмкіншілігінің бар екенің көрсетеді. Яғни, фирма өнім көлемін өсіре отырып, жалпы пайданы өсіре аладыү Ал, егер фирма өніміне Pm бағасынан төмен баға белгілесе, шекті шығын шекті табыстан асып кетеді. Бұл жағдайда пайдасын мейлінше көтерем деген фирмаға өнім көлемін қысқартуға тура келеді.

Егер фирманың өніміне сұраныс қысқарса немесе фирманың шығыны өссе, монополистің зиян шегуі де мүмкін. Оны 2 суретіндегі графиктен көруге болады.

Баға, шығындар Экономикалық

зиян

МС AC

ACm А

Pm В

Е D

MR

0 Q

Q max

Сурет 3 − Монополист фирманың зиян шегуі

Нарықтағы сұраныс қысқарса, оның қисығы орнын төмен солға ғарай жылжытады. Сұраныс қисығымен бірге шекті шығынның қисығы да орнын төмен қарай өзгертеді. Шекті табыс пен шекті шығынның теңдігіне (MC=MR) сәйкес келетін Qmax өнім көлемінде пайда алу үшін сұраныс жеткіліксіз және АСm > Pm. Сондықтан фирманың зияны АСmАВPm төртбұрышының көлеміне тең. Демек, қысқа мерзімде (MC=MR) < P>АС жағдайында монополист фирма экономикалық зиян шегеді.

Сонымен, нарықтағы монополиялық билік туралы мынадай тұжырымдар жасауға болады:

  1. Монополист фирма нарықта өзінің билігін орната отырып, өніміне ең

жоғарғы баға балгілей алады деген ой туындамауы керек. Ең жоғарғы баға белгілей отырып, барынша көп пайда алуға сұраныс қисығының еңкіш болуы жол бермейді.

  1. Нарықта монополиялық билік орнату үнемі экономикалық пайда алуға кепілдік бермейді. Экономикалық пайда тен қана баға емес, сұраныс пен шығынға да байланысты.
  2. Нарықта монополиялық билік орнатудың шегі болады. Мемлекет тарапынан қойылатын бақылау, бәсекелес фирмалардың пайда болу мүмкіншілігі, нарықта субституттардың пайда болуы және тұтынушылардың сұраныстарының өзгерісі сияқты факторлар монополистердің нарықта орнататын билігін шектейді.

1. 3 Ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік

Ұзақ мерзімді монополист фирма өндірістің көлемін шекті табыс (MR) ұзақ мерзімдегі шекті шығынға (LRMC) теңескенге дейін өсіреді. Егер монополист осы теңдікке сәйкес белгіленген бағамен экономиикалық пайда алатын болса, басқа фирмалардың нарыққа кіруі мүмкін емес. Осындай жағдайда таза монополист ттек қана қысқа мерзімде ғана емес, ұзақ мерзімде де экономикалық пайда алады.

Ұзақ мерзімде монополист фирма өндіріс ауқымын өсіре алады. Ескі өндіріс қуатын кеңейту немесе жаңа кәсіпорындар салу арқылы өнім көлемін өсіруге болады. Оны 3 суретінен көреміз. Егер монополист бір зауыттың шеңберінде жұмыс істейтін болса, ұзақ мерзімдегі ұтымды өнім көлемін (Qm) шекті табыс (MR) ұзақ мерзімдегі шекті шығынға (LRMC) теңескенге дейін өсіреді. Сұранымға байланысты шекті табыс қисығы LRMC қисығын LRАC қисығынан төмен жатқан нүктесінде қиып өтеді (LRMC<LRАС) . Қысқа мерзімде АС 1 MC 1 шығындары бар зауытта ұзақ мерзімдегі орташа шығын өзінің ең төменгі деңгейіне жеткен жоқ. Демек, өндіріс ауқымы өсуінің ұлғаймалы әсерінен алатын ұтысты бір ғана зауыттың шеңберінде толық қолдануға мүмкіндік жоқ.

Р,

шығындар

M C 1 {MC}_{1} M C 1 {MC}_{1} LRMC

Pm 1 _{1} 1 _{1} LRAC

LRAC

min

D

MR

0 Qm Q

Сурет 4 − Бір зауыты бар монополия

5 суретінде сұраныстың деңгейіне байланысты шекті табыс ұзақ мерзімдегі шекті және орташа шығындарға тең (MR= LRMC= LRАС) . Фирма қысқа мерзімде МС және АС шығындары бар зауыттың шеңберінде өнімді ұзақ мерзімдегі ең төменгі орташа шығынмен өндіреді:

MR=LRMC=LRACmin (2)

Ұзақ мерзімдегі тепе - тең жағдайда (MR=LRMC=LRACmin) монополист фирма өндіріс көлемінің өсуінің ұлғаймалы әсерінен алатын ұтысты толық қолдану мүмкіндігінше ие болады. Бірақ монополист өнімінің бағасы (Pm) ұзақ мерзімдегі LRMC және LRАСmin шығындарынан жоғары. Монополист фирма бәсекенің жоқтығынан, бағаны ұзақ мерзімдегі ең төменгі шығыннан жоғары белгілейді. Яғни, ең төменгі шығынмен өндірілген өнімнен тұтынушыларға ешқандай пайда түспейді.

Р,

шығындар LRMC

МС

Pm LRAC

АС

LRAC

min D

MR

0 Qm Q

Сурет 5 − Ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік

Өнім көлемінің өсуі ұзақ мерзімдегі орташа шығынның төмендеуіне әкелетін болса, монополист бір ғана зауытпен жұмыс істейді. Егер өндіріс көлемін ұлғайту ұзақ мерзімдегі орташа шығынның өсуіне аәкелетін болса, монополист екінші зауыт салуға тырысады. Екі зауыттың шеңберінде монополист өнімді ұзақ мерзімдегі ең төменгі орташа шығынмен өндіреді. Өнім көлемі екі есе көбиеді және ұзақ мерзімдегі пайда өседі. Ө$нім көлемін екі немесе бірнеше зауыттың шеңберінде көбейту, монополистің орташа және шекті шығындарының өсуіне әкелмейді. Шекті табыс ұзақ мерзімдегі шекті шығынға, ал ол ұзақ мерзімдегі орташа ең төменгі шығынға тең болады (MR=LRMC=LRACmin) .

Сонымен, монополист фирма бағаны өзі белгілейтін болғандықтан, баға мен монополистің ұсынысының арасында тура байланыс жоқ. Нарықтағы сұраныстың өзгерісі, монополистің өндіріс көлеемі туралы қабылдайтын шешіміне көп ісер етпейді. Монополист үшін сұраныс икемділігінің дәрежесі мен шекті табыс қисығы орнының өзгеркуінің меңызы зор. Оны 5 суретінен көруге болады.

P

B MC

P 2 P_{2} P 2 P_{2}

A

P 1 P_{1} P 1 P_{1}

E

D 1 D_{1} D 1 D_{1}

MR1 D 2 D_{2} D 2 D_{2}

MR2

0 Qm Q

Сурет 6 − Сұраныс өзгерісі мен монополияның ұсынысы

6 суретінде көрсетілгендей, монополист офирманың өніміне сұраныс D 1 -ден D 2 -ге өзгереді. Сұраныс өзгергенгеи дейін фирма Е нүктесінде (MR=MC ) сәйкес келетін Qm өнімін өндіруге шешім қабылдайды. Осы өнім көлемін сату үшін монополист А нүктесі арқылы анықталатын Р 1 бағасын белгілейді. Сұраныс өзгерсе, онымен қатар шекті табыс та өзгереді. Бірақ MR 2 шекті шығын қисығын (MC) Е нүктесінде қиып өтеді. Сондықтан пайданы көтеретін өнім көлемі Qm сол бұрынғы мөлшерде қалады. Сұраныс өскеендіктен монополист өзінің өніміне D 2 сұраныс қисығының бойындағы В нүктесімен анықталатын Р 2 бағасын белгілейді (Р 1 > Р 2 ) . Сонымен сұраныс өссе, монополист ұсыныс мөлшерін өсірудіңорнына бағаны көтереді. Монополист фирманың ұсынысына әсер ететін негізгі фактор сұраныс қисығының қозғалысы емес, шекті табыс қисығының орнын ауыстыруы болады.

2 ҚР-ғы монополия: ахуалы және оны реттеу

2. 1 ҚР-ның «Монополияға қарсы күрес және бәсекелестікті қорғау» заңы

Нарықтық қатынастың болуының міндетті шарттарының бірі − бәсекелестік күрес, ол тиісті экономикалық, технологиялық және әлеуметтік алғышарттардың болуын талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсеке - негізгі нарықтың элементі
Бәсеке және монополия
Баға бәсекесі
Қазақстан Республикасында монполияға қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны
Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы
Бәсеке - нарықтың негізгі элементі
Нарықтық экономикадағы өндіріс және шығындар
Кәсіпорынның баға стратегиясы
Монополистік бәсеке түсінігі
Нарықтық экономика туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz