Өндіріс шығындары және табыс


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Өндіріс шығындарының мәні мен рөлі 4

1. 1 Кәсіпорындарды ұтымды басқару өнiм өндіріс шығындарына

тигізетін әсері 4

1. 2 Өндіріс шығындарын есептеу коэффициенттері мен көрсеткіштері 10

1. 3. Өнiм өндiрiсiнiң түрлерi 12

2 Нарық жағдайындағы өндіріс шығындарына әсер ететін фактолар

мен көрсеткіштер 14

2. 1. Өнiм өндiрiсiн ұйымдастыру 14

2. 2 Өндіріс шығындарының кәсіпорынға тигізетін әсерін талдау 20

2. 3 Өнiмдi өндiру мен талдау 23

3 Табыс түрлері 33

Қорытынды 36

Қолданылған әдебиеттердің тізімі 37

Кіріспе

Нарық жағдайында өнiм өндiрiс шығындарына әсер ететін факторлар мен көрсеткіштер.

Өнiм өндiрiс шығындарының кәсiпорынға тигiзетiн әсерiн талдау

Кәсiпорының пайда алуы, өндiрiс шығындарының маңызы.

Осы тақырыптың мақсаты нарықтық экономика жағдайында өндіріс шығынының артуы іздестіруі болып табылады. Себебі бұл шаруашылық субъектінің әрекетін кеңейтуге кәсіпорындар бәсекелестік денгейін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа сәйкес кәсіпорын өнім өндіріс шығынының жоғарлатуымен бірге пайда денгейін ұғайтуы мүмкін.

Кәсiпорын әрекетiн нәтижесiмен шығындардың ара қатынасы бұл тиiмдiлiк.

Экономикалық тиiмдiлiк - бұл шаруашылық әрекетiн нәтижесiн мәнездейтән көрсеткәш. Бұл абсолюттi немесе көлемдi көрсеткiш. Өндіріс шығындарының мәнi мен рөлi және есептеу коэффиценттерi курстық жұмыстың бiрiншi бөлiмiнде қарастырылған.

Курстық жұмыстың екiншi бөлiмiнде кәсiпорынның өндiрiс шығындарына әсер ететiн факторлар қарастырылған. Осы бөлiмiнде өндiрiс шығындарына әсер ететiн негiзгi бiр фактор ретiнде маркетингтiк саясат арқылы тауарды нарыққа жылжытуды жарнама арқылы өндiрiс көлемiн ұлғайтуға болады. қарастырылған.

Үшiншi бөлiмде кәсiпорының пайдасы шығын факторы ретiнде қарастырылған. Өйткенi, пайда соңғы қаржылық нәтиженi көрсетедi. Сонымен қатар, пайда көлемiне немесе оның динамикасына кәсiпорынның әрекетінде тәуелдi немесе тәуелсiз факторлар әсер етедi. Ондай факторларға нарықтың каньюктурасы, материалдық шикiзат жән отын-энергетикалық рсурстарын пайдаланудағы баға деңгейi мен амортизациялық төлемдер болады. Пайда нормасы тауарды сату жылдамдығына тәуелдi. Бұл маркетингтiк саясатпен байланысты екенiн көрсетедi.

1 Өндіріс шығындарының мәні мен рөлі

  1. Кәсіпорындарды ұтымды басқару өнiм өндіріс шығындарына тигізетін әсері.

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады.

Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процесс түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша қызмет көрсету, басқару және т. б. жұмыстарын іске асырады.

Дайын өінмді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түр-түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

Өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысын кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды.

Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік құрылым бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.

Өндірістің құрылымына әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

- шығарылатын өнімніњң және оның номенклатурасының сипаттамасы;

- өндірістің ауқымы;

- кооперациялау деңгейі.

Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды.

Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады.

Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістер қолданылуы мүмкін.

Кооперациялаудың деңгейді сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал ететін, ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым. Ұйымдық техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорынның кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көрсетеді.

Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштер арқылы анықталады.

Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері, олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны.

Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және міндетіне сай келісетіндей болса тиімді жұмыс істей алады.

Ұйымдық құрылымы еңбек бөлінісіне қарай деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады. Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушылық өз ісінің саласында тиімді басқару мүмкіншілігі анықтайды.

Сатылы еңбек бөлінісі басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін құрайды.

Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін дайындайды немесе өндіріс процессін орындайды.

Цех бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.

Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың ішіндегі негізгілері:

- оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;

- бөлімшелер қызметкерлерінің саны;

- жабдықтардың қуаты;

- өндірістік қорлардың құны;

- өнім шығару көлемі;

- мамандандыру және механикаландыру;

- күрделі қаржының құрылымы.

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістік тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау.

Сонымен өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек.

Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы жєне шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз етеді.

Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

- өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;

- кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың үйлесуі;

- өндірістің барлық бөліну қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;

- өнделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;

- өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.

Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс болып табылады.

Жеке дара өндіріс шығарылатын өнімнің номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.

Сериялы өндіріс жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды.

Өнімді шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты сериялы орта сериялы және ірі сериялы өндіріс болып бөлінеді. Жаппай өндіріс ұзық уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.

Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден байқалады:

- мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік процестерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану;

- жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;

- өндіріс процестерінің ұзақтылығын қысқарту еңбек өнімділігін және оның сапасын арттыру;

- өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және өнімнің өзіндік құнын елеулі кеміту.

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды.

Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелердің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады.

Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады.

Өндірістік қуат экономикалық санаты ретінде ең көп өнімді шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері машиналар және жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын қамтиды.

Кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:

- нақты жағдайларда ең жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін машиналар техникалар және жабдықтарды таңдап алу:

- қажетті құрал жабдықтардың қолайлы құрамын табу.

Қазіргі кезде қандай да болмасын жұмыстардың өнімділігі жоғары техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды.

Сондықтан белгіленген жұмыс бағдарламасын әрі сапалы, әрі өз уақытында орындалуын қамтамасыз еткен жөн.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдастыру және қалыптастыру процестері күрделі және көптеген факторларға тәуелді.

Өндірістің өсу ауқымы және оның шығындарының артуы резервтерді көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын пайдалануды жақсартуды іздестіру міндетін қояды.

Сондықтан да, қолданыстағы кәсіпорынның өндірістік қуатын және оны пайдаланудың мөлшер деңгейін анықтауға қажет етеді.

Онда шарттасқан екі фактор ықпал ететін біріңғай объектісі кәсіпорынның өндірістік қуаты.

Бұлардың арасындағы айырмашылық факторлардың бір бөлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші бөлігі оны пайдалануды жақсарту резервтерін анықтайды.

1. 1- Кесте Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануға ықпал ететін факторларлар

Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал ететін факторлар: Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал ететін факторлар
Өндірістік қуатты пайдалануға ықпал ететін факторлар: Өндірістік қуатты пайдалануға ықпал ететін факторлар
Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал ететін факторлар:
  • машиналар саны және олардың техникалық деңгейі;
  • өндіріс алаңдарының мөлшері;
  • машиналар топтары арасындағы өткізу мүмкіндігінің үйлесімдік деңгейі;
  • үйлесімді технология;
  • механикаландыру және автоматтандыру;
  • материалдардың сапалылығы, бұйымдарды жетілдіру конструкциясы, стандарттау және сәйкестендіру дәрежесін арттыру;
  • жұмысшылардың техникаларды игеру дәрежесі.
Өндірістік қуатты пайдалануға ықпал ететін факторлар:
  • өнімді қажетсіну;
  • кәсіпорындарды материалдық - техникалық жабдықтау;
  • кәсіпорынның жұмысшылармен қамтамасыз етілуі;
  • жаңа қуаттарды кешенді түрде іске асыру;
  • энергетиаклық ресурстармен қамтамассыз етілуі;
  • жабдық жиынтығының құрылымы;
  • жабдықтардың жөндеуде тұрғандағы нормативтен тыс бос тұруы;
  • жабдықтардың ауысымдық жұмысының артуы;
  • өндірістік қызметті ұйымдастыру;
  • өндірісті және жабдықтарды жүктемелеуді жоспарлауды жетілдіру дәрежесі;
  • еңбекті ұйымдастыру және оны ынталандыру.

Өндіріс белгілі бір қажеттілікті өтеу үшін өнім жасап шығару мақсатында шикізат, материалдық емес ресуртар, машина құрал, қуат басқа шығындарды пайдалануға байланысты адамның қызмет процесі. Өнім белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорыннан өнеркәсіп саласының немесе бүкіл халық шаруашылыѓының жасап шығарған өнімнің жиынтығы. Өндіріс процесі деп өндіріс операцияларының жиынтығы деп атауға болады.

Өндіріс шығындары деп қазіргі уақыттағы кәсіпорындағы әрекет нәтижесі мен шығындардың ара қатынасын айтамыз. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндіріс шығындарын жоғарлату өндірістік қызметті ұтымды басқарумен байланысты. Жалпы өндіріс деп шикізат пен материалдарды өңдеп қайта өңдеу жинастыру жұмыстарының нәтижесінде өнім етіп шығару процесі деп айтамыз. Өндірісте түрлі факторлар пайдаланылады. Олар жұмысшылардың еңбегі, машина, құрал, қуат және тағы басқалар болып табылады. Өндіріс шығындарының кәсіпорындағы ролі өте маңызды болып келеді. Өйткені өндіріс тиімділігін тиімді қолдану арқылы кәсіпорын өзінің уақытын, шығындарын азайтып, сапалы өнім шығаруға және үлкен көлемде пайда алуына болады. Өндіріс тиімділігінің кәсіпорында жоғары болу үшін кәсіпорын біріншіден өте ұтымды, әрі тиімді басқарылуы қажет.

Менеджмент «кәсіпорын» тәуелсіз қызмет ететін және өзін өзі басқаратын әлеуметтік-экономикалық жүйесіне жататын ұйым деп танылады. Файоль кәсіпорынды сипаттайтын алты негізгі функциялары анықталған. Олар техникалық, коммерциялық, қаржы, сақтандыру, есеп операциялары және әкімшілік функциялары. Осы функциялар іске асыруда Файоль басқару қызмет деп атаған. Сонымен қорытып айтқанда техникалық өндіріс функциялары менеджерлердің басқару объектісі де және ол менеджмент пәні болып есептелінеді. Өндіріс процесіне басқару көзқарасты өзінің ерекшеліктерін байқатады. Оның бір жағы нақтылы өндірістік технологиясының ерекшеліктері. « Технология» деген сөз грек сөзінен өнер, кәсіп, шеберлік мағынасын білдіреді. Технология белгілі бір шеберлік, кәсіптік туралы ілім және белгілі бір өндіріс процесін іске асыру, материалдар бұйымдарды өңдеу жөніндегі жұмыстардың жиынтығы.

Технология өндіріс процесін және өндіріс сфераның соның ішінде басқару процесін қарастырады. Кәсіпорын деген терминнің атауы Азаматтық кодекс қабылданғаннан кейін мәні өзгерді. Осыған сәйкес кәсіпорын деп тек қана мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарды атауға болады, ал қалған заңды тұлғалар ұйымдар деп танылады. Ұйымдар нарықтық жағдайда табысты қызмет ету үшін дербестілігіне ие болуы қажет.

Нарықтық жағдайда басқару сферасы мен өзін - өзі кеңейтуді жүзеге асыру менеджерлердің атқаратын қызметтерінің көлемін көбейтіп және оны күрделендіруді талап етеді. Өндірістік менеджмент түсінігіне өндіріс процессін ұтымды басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және өндіріс процесіне қатысушыларды мотивациялау туралы білімнің жиынтығы кіреді.

Нарық жағдайында кәсіпорын тек қана өнім өндіру емес, өзінің өндіріс тиімділігін ұтымды басқаруын іске асыратын экономикалық қатынастың жаңа негізгі субъектісі болып келеді. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндіріс тиімділігін жоғарлату кәсіпорынның өндірістік қызметін ұтымды басқарумен байланысты. Ұйымның толық өндіріс қызмет жүйесі операциялық өндірістік жүйе болып аталады. Ол үш негізгі бөлімнен құралады: біріншіден өңдеу жүйесі, екіншіден қамту жүйесі, үшіншіден жоспарлау және бақылау жүйесі. Өндіріс жүйесі басқа да әлеуметтік-экономикалық жүйелер сияқты басқаруды талап етеді. Сонымен байланысты өндіріс функциясы деген ұғым пайда болады. Өндіріс функциясы деп сатуға болатын тауарды өндіру және оған қажетті маркетингтік ақпаратты пайдалануға жауап беретін функция. Өндіріс функцияларына тауарды өнідіріп, оларды сыртқы ортаға шығаруға байланысты атқарылған қызметтер жатады. Ұйымның жұмысы нәтижелі болу үшін ұйым жетекшілері барлық факторлардың әсерін анықтап ұйымды шешім қабылдап іскерлікпен басқара білулері қажет. Ұйымның басқару жүйесі үш салаға бөлінеді: ресурстарды басқару, ішкі факторларды меңгере отырып басқару. Басқарудың барлық түрі тығыз байланыста істерінің нәтижелілігі басқарудың тиімділігіне тәуелді.

Менеджмент бес негізгі факторды сипаттайды:

- меншік түрін;

- мемлекет;

- нарық толымдылығын;

- халықтық, ұлттық белгі ерекшелігі;

- басқару жүйесіндегі теориялық дайындық деңгейі, менеджмент шешуге тиісті кезекті міндеттер;

- қызметкердің серіктес жұмыс істеу икемділігін үнемі тарттырып дамыту;

- олардың өз қабілеттерін толық пайдалануға мүмкіндік жасау;

- ортақ мақсатқа орай жұмыс істеу, ұйымдастыру, мақсат-мүдде ортақ, ұжым берік, сенімді болуы шарт.

- әр қызметтес адамның қажеттілігін дамытып, оны қанағаттандыруға жол ашу, еңбегі үшін ақша алып қана қоймай еңбекпен шығармашылық ізденіс, эстетикалық рахат алып, демалуға үйрету;

- серіктестіктерінің кәсіптік деңгейінің артуына жағдай жасау. Әр кәсіпорында осы қойылған міндеттермен айналысатын адамдар менеджмент деп аталады, менеджер ұйым айналысатын істің қыр-сырын білетін экономикалық - әлеуметтік психологтың, педагогтың дайындығы жоғары адам, үнемі жетекші рөл атқарады.

Менеджер жауапкершілігі үшке бөлінеді: бірінші техникалық -өнім шығару, мақсат қоя білу, қаржы мәселесін шешу, екінші әкімшілік- ұйым мақсатына жету үшін қызметтерді жұмылдыра білу, үшінші институционалдық сыртқы ортамен байланыс.

Карл Маркс өзінің «капитал» деген еңбегінде былай деп жазды: «капиталист өзінің жеке меншігіндегі кәсіпорынды басқару оның тиімділігін арттыру үшін арнайы адам жалдап еңбек ақы төлейді». Қазіргі өнеркәсіп коорпорациясында басқару қызметкерлерін үш топқа бөлуге болады: бірінші менеджмент басқарудың жоғарғы буыны жыл сайынғы анықтамалық басылымдар, оған директорлар кеңесі, президенті, аға вицце президенттерін, сондай-ақ бақылаушыларды жатқызады.

Компанияның жалпы стратегиясын жасаумен, болжаумен және ұзақ мерзімді жоспарлаумен кадр саясаты мәселелерінің шешімі сыртқы кәсіпорындармен байланыс орнатуымен шұғылданады. Осы деңгейдегі өнім ассортиментінің өзгеруі нарық өнімі өріс қуатын ұлғайту шетел бөлімдерін ұйымдастыру. Екінші мегде менеджмент өндіріс бөлімшелерінің функциялық қызметін ортанғы меңгеруші басшылары зауыт директорлары олардың орынбасарлары тағы басқалар.

Оперативтік жұмыстарға ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыруға өндіріс және өткізуге есеп пен басшылауды жолға қоюға кадр саясатын жүзеге асыруға жауап береді.

Үшінші лобер менеджмент басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар цех жетекшісі, өндірістік учаскі бастығы мастерлер функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары - жұмысшылар мен қызметкерлерге тікелей басшылық етеді. Олардың алдында тұрған негізгі міндеттер жұмыскерлерді компанияға адал болуға тәрбиелеу, әр түрлі әлеуметтік жанжалды болу, компания мақсатына жету үшін тек жеке күшін ғана емес, ақыл ой энергиясында жұмылдыра білуі тиіс. Менеджерлердің міндеттері: қолда бар ресурстарды пайдалану нағыз тұтас өндірістік бірлік құру.

Ұйымдастыру қызметінің міндеті еңбек әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің рөлі мен орнын белгілеу оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппараттағылардың барлығының жекелеген қызметкерлер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Ұйымдастыру бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі оның өзі адамдардың өз мақсатына жету үшін тиісті жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бағдарламалық мақсаттың әдістемелердің дамуына байланысты басқару жүйе құрылымының тағы бір типі қарастырылады. Бұл бағдарламаның мақсаттық құрылым мұндай құрылым тұтастай ұйымдыќ жүйе сондай-ақ басқару жүйесі болып саналады.

Әдетте олар күрделі техникалық жүйені құру үшін ұйымдастырылады. Егер мақсатқа сай басқару мамандадырылған бөлімшелерді басқарумен үйлесетін болса, онда ұйымдастыру жүйедегі басқару жүйесі тиімді жұмыс істейтін болады. Басқару ісінің мазмұны басқару жүйесінің екінші маңызды элементі болып табылады. Менеджер жұмысының мақсаты ұйымдастырудың жүйе ретінде жаңа сапалы жүйеге көшуін қамтамасыз ету.

Басқарудың функциялары:

-жоспарлау, ол басшының іске анализ жасай отырып, қабылданған ауқымды істер шешімінің әрекеті;

-ұйымдастыру, басшысының жұмыс көлемін анықтай отыра оны бөлшектер қызметкерлерді жұмылдыру;

- себеп-дәлел, басшысының қызметкерлерге мақсатқа жету, қозғау салу;

- бақылау, басшысының үлгі стандарт орнату арқылы жетістікті салыстыру өндірілген шешімдер қабылдау.

Менеджменттің барлық жұмыс істері өзара байланысты:

- шешім қабылдау;

- мәлімет жинау;

- барлық әрекет біртұтас логикада жүзеге асыру;

- классификациялау;

- ең басты нәрсені анықтау;

- болжам жасау;

- жаңа байланыстар орнату;

- нақтылау;

- мәлімет беру.

1. 2 Өндіріс шығындарын есептеу коэффициенттері мен көрсеткіштері

Өндіріс әрдайым тоқтамауы керек Өндірілген материалдық және рухани игіліктер тұтынылады. Адамдар өмір сүру үшін, еңбек істеуі үшін тағам өнімдеріне, киімге, тұрғын үйге және тағы басқаларға ие болу қажет.

Қоғам өндірісті бір жылға ғана емес, бір айға тоқтатса, онда оның жойылуы әбден мүмкін. Өндірістің ең басты міндетіне айқындылығына оның үздіксіздігі және тұрақты түрде түрленуінде. Өндіріс процессінің қоғамдық түрі қандай болмасын ол алдыменен үзіліссіз болуы керек, яғни белгі бір сатылары кезеңмен қайталанып және қайта қайталанып жүріп отыруы қажет. Өндіріс процессінің тұрақты қайталануы және үзіліссіз жаңғыруы ұдайы өндіріс деп аталады.

Ұдайы өндіріс процессінің құрылыс бөлігі.: Ұдайы өндіріс процессінің құрылыс бөлігі.
Материалдық қызметтер және игіліктер: Материалдық қызметтер және игіліктер
:
Рухани игіліктер: Рухани игіліктер
Жұмыс күші: Жұмыс күші
:
Өндіріс құралы: Өндіріс құралы
:
Табиғи ресурстар: Табиғи ресурстар
:
Өндірістік экономикалық қатынастар: Өндірістік экономикалық қатынастар
Өндіріс күштерін ұдайы өндіру: Өндіріс күштерін ұдайы өндіру
:
Өндірістік экономикалық қатынстарын ұдайы өндіру: Өндірістік экономикалық қатынстарын ұдайы өндіру

1. 1 - Сызба. Ұдайы өндіріс процесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар аудиті
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және шығындары
Фирма экономикасының теориялары
Дебет 8410 Үстеме шығыстар
Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы
Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі
Кәсіпорынның шығындарының мәні, маңызы және ұйымдастырылуы
Кәсіпорын шығындарының есебі
Кірістер мен шығыстар
Шығындар есебінің аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz