Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика


Мазмұны
Кіріспе
Осы курстық жұмысымның тақырыбы: «Экономикалық теория негіздері. Микроэкономика»
Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.
Жалпы алғанда, экономикалық теория - бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады.
Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғашқы рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын.
Экономикалық теорияның әдістері: экономикалық санаттар мен заңдар, формальдық логика, материалистік диалектика, экономикалық модельдер және сынақтар.
Микроэкономика - адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.
Курстық жұмысымның тақырыбын айқын ашу үшін мен, өздеріңізге ұсынып отырған бөлімдер тақырыптарына жеке дара қысқаша тоқталып өтейін.
Бірінші бөлімінде: экономикалық теория негіздеріне жалпы түсінік, экономикалық ой - пікірлердің және мектептердің қалыптасуы, негізгі бағыттардың танымдары, экономикалық теорияның ғылым ретінде микроэкономикадағы орны.
Екінші бөлімінде: микроэкономика ғылымының пайда болуы, ондағы Австрия және Кембридж мектептерінің өкілдері, олардың микроэкономика пәніне қосқан үлестері.
Үшінші бөлімінде: микроэкономиканың зерттеу әдістері, және оларға жеке дара сипаттамалар.
Менің осы тақырыпты алу себебім:экономикалық теорияның ғылымының адамзат, қоғам өміріне қандай қатысы бар?Басқа елдерде бұл экономика саласы қалай дамыған? - деген сұрақтар қызығушылықты туғызды.
Сонымен, курстық жұмысты орындау барысында мен экономикалық теория экономикалық теорияның, микроэкономиканың түсінігі жалпы мағлұматтар алдым, олар туралы қалыптасқан ой пікірлермен таныстым, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігімен, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістермен таныс болып, оларға жетік ұйғарым жасаймын.
Курстық жұмыстың мақсаты: экономикалық теорияның, микроэкономиканың түсінігі, мазмұны мен міндеттерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:экономикалық теория ойларының қалып-тасу тарихын, оның ғылым ретінде дамуын, сонымен қатар микроэкономика ғылымының дамуы мен пайда болуын анықтап, микроэкономикалық теорияның зерттеу әдістеріне талдау жасау.
Курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі:бұл экономикалық- әлеуметтік салада микроэкономика ғылымының белсенді рөл атқаратын-дығында.
Осы курстық жұмыс барысында: экономикалық теория әдістерімен, бұл ғылымға өз енбектерін енгізген ғұлама экономикалық өкілдерімен, қоғамдағы негізгі экономикалық мектептермен, микроэкономиканың пайда болу мен даму сатысының негізгі мәліметтерімен және оның зерттеу әдістерімен таныстым.
Курстық жұмыстың материалдарын мен көбінесе кітаптардан, журнал-газеттерден, электронды ақпараттардан, интернеттен, форум сайттары-нан, статьялардан аламын.
1 Экономикалық теория негіздері
1. 1 Экономикалық теория ойларының қалыптасу тарихы
Мұндай үрдістер салық төлеушілері мен жауынгерлерін жоғалта бастаған мемлекеттің әлсіруіне алып келді. Бұл аймақтың экономикалық ойларының ескерткіштері, мемлекеттің заңдық шаралардың көмегімен дербес өндірушілердің стратының жойылуын тоқтатуға әсер жасағаны туралы көптеген мысалдар береді. Олардың ішіндегі ең танымалы Ежелгі Вавилонның патшасы Хаммурапидің заңдар кодексі (б. э. д. ХХІІІғ. ) Заңдардың негізгі тақырыбы - «күшті әлсізге қысым жасамайтын» жағдай жасау. Мысалы, қарыздары үшін патшанынң жауынгерлері мен Вавилон азаматтарының басқа да санаттардың жер төлемдері тартып алынып сатылуына тыйым салынды, ал қарыздық құлдық қарыздардың көлеміне қарамастан үш жылмен шектелді. Өндірушілердің жеке басының құқытарын қорғаумен қатар, кодекс жеке меншік, (соның ішінде жер телімдерінің де) құқығын да таныды. Жеке құқықтық келісімдер әр жақтың мүдделері қорғалды. Мысалы, егер жалға алушы қажетті жұмыстарды орындамаса да, ол жер телімінің иесіне көрші телімдегі өнімгесәйкес астық беруге тиіс болады. Жеке меншікке қастандық жасау экономикалық жауапкершілікті туындатады.
Хаммурапи кодексін шығару ежелгі Вавилон қоғамын біріктіруде маңыздышаралардың бірі болды. Ол мемлекетті, соның ішінде оның экономикалық өмірін құқықтық нормалар жүйесінің көмегіменбасқаруға ұмтылған талпыныстың алғашқы мысалдарының бірі болып табылады.
Ежелгі Үндістанның қоғамдық ойларының ірі ескерткіші болып, патша Чандрагуптаның кеңесшісі Кайтилья жазды деп есептелетін мемлекетті басқару және саяси шеберлік туралы трактат - «Артхашастра» табылады.
«Артха» - сөзі пайда, материалдық табыс, ал «шастра» - ғылым, ғылыми шығарма деген ұғымды білдіреді. (төрт каста: бархмандар, кшатрийлер, вайшьийлар, шудралар) .
«Артхашастра» ежелгі Үндістан мемлекеті елінің шаруашылық өміріндегі үлкен рөлін көрсетеді. Мемлекет басшысы жігерлі іскер болуы және күн мен түннің ағымында өзінің жұмысының қатаң тәртібін орнатуы керек. Мемлекеттік аппаратты ел шаруашылығының осы не басқа салаларын бақылайтын шенеунік-бақылаушылар құрады. Материалдық өндірістің негізгі саласы ауыл шаруашылығы, соның ішінде ең алдымен егін шаруашылығы ерекше жағдайда болды. Мемлекет жаңа аймақтарды жөнге салып халықты орналастыруға міндеттеді. Каутильға егін шаруашылығының қаншалықты маңызды болғаның оның тіпті тек қолөнер кісібімен ғана айналысуға рұқсат етілген шудраларды да егіншілікке тартуға кеңес беру фактісі білдіреді. Жер қоныстанушылардың жеке пайдалануына салық төлеген жағдайда ғана беріледі. Ал егін шаруашылығына жарамсыз жерлерді Каутилья жайылымға айналдыруға кеңес береді.
Мемлекеттің қаржы мәселесін шешуге каутилья үлкен маңыз берді. Оның пікірі бойынша қаржы ведомствасының жетекшісі болып, мемлекеттік шаруашылықтың басқа да бөлімдерінбасқаратын «басты табыс жинаушы» тағайындалуы керек. Мемлекеттің табысы мемлекеттік шаруашлықтардың өз табысынан және әртүрлі салықтар мен баж алымдарынан құралады. Трактаттың «шығындар тармағына» қарағанда мемлекет өнеркәсіптің, сауданың дамуына және қоғамдық жұмыстарды жүргізу үшін қаражат бөлуі керек. Мемлекттік шаруашылық және салық жүйесімен тығыз байланыстағы қаржы ведомствосы дұрыс жұмыс істеуі үшін, Каутилья табыс пен шығындарды қатаң документальді есепке алу қажет деп санады. Патша шенеуніктердің қазынаға қол сұғуын кесуі керек.
Ежелгі қытайдың қоғамдық ойларының негізгі ағымдары конфуциандық, легизм және доасизм. Конфуцийдің, немесе Кун-цзының негізгі бастауы, оның оқушылары жазып алған «Лунь юй» (Кеңестер, сұхбаттар) және ой пікірлер (пайымдаулар) және ой-пікірлер (пайымдаулар) жинағы.
Сол уақыттағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық құрылысын тұрақтандыру мақсатында Конфуций адамды моральдық жағынан жетілдіру бағдарламасын ұсынады. Үлкендерге құрмет көрсету ойшылдың өнегелі «өнегелі (игі ниетті адам) моделінің негізгі қасаитеттерінің бірі. Ол ұлдың құрмет көрсетуі және аға-інілердің арасындағы достық мемлекетті басқару деп есептеді. Ал патриархалдық қатынастарды реттеу (тәртіпке келтіру) мемлекеттік құрылысты нығайтуға қызмет етеді. Сондықтан оның мемелекетті үлкен отбасы, ал басшыны «халықтың әкесі» ретінде қарастыруы кездейсоқтық емес. Оның пікірі бойынша байлықты неғұрлым біркелкі үлестіру (бөлу), салық ауыртпалығын жеңілдету және халықты еңбектік міндеттерін орындауға егін шаруашылығы жұмыстраының циклін бұзбай тарту қажет.
Ежелгі конфуциандық ілімінің екінші өкілі болып Мэн-цзы немесе ұстаз Мэн табылады.
Мэн-цзы «мемлекетте халық бірінші орынды, одан кейін жер мен астықтың рухтары, ал билеуші ең соңғы орынды алады» деп есептеді. Қытай қоғамының «басқарушылар мен басқарылатындарға» анық бөлінуін қолдай отырып, Мэн-цзы аспан қарапайым халыққа билеуші тапты асыруға үкім етті деп санады. Осыған байланысты, ойшыл, қауымдық жерді тең тоғыз бөлікке бөлу туралы ерекше аграрлық жоба ұсынады «Қоғамдық егін даласы» тоғызыншы телімді барлық шаруалар бірігіп өндеуге тиіси болды, ал өндірілген астық мемлекеттік шенеуніктердің өкілеттілігіне өтеу керек. Аса дана билеуші халықтан алынатын слаықтың ауыртпалығын жоғарлатпауы және егіншінің өзінің егін даласында жұмыс істеуіне қажетті уақытын алмауы керек.
Ежелгі Қытайдағы конфуциандық идеологияның басқа ірі өкілі Сюн-цзы. Сюн-цзы адамның бастапқы «табиғатты қатыгез» және тек тәжәрибедегі іс-әрекетті қайырымдылық туындатады деп есептеді. Сюн-цзы мемлекеттің баюын жақтады. Ол адамдардың байлыққа талпынысын, егер олар заң шеңберінде әрекет етсе айыптамады. Ол адам «бір мезгілде көптеген өнерді игеруі мүмкін емес» деп есептеді. Ослай ол еңбек бөлісінің қажеттілігі туралы идеяға келді.
Сюн-цзының пікірі бойынша мемлекеттің экономикалық саясаты басты үш принципке шығындарды үнемдеу, халыққа молшылықты қамтамасыз ету, артық қалған өнімді сақтау қажеттілігіне негізделуі керек. Молшылық ретінде адамның әлеуметтік шеніне сәйкес қажеттіліктер деңгейін қанағаттандыру қарастырылады.
Б. э. д. VI-III ғасырларда конфуциандық идеологтардың күшті оппонентері, легистер пайда болды. Легизм Ежелгі Қытайдағы мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюімен және императорлық - бюрократиялық басқару жүйесінің қалыптасуымен байланысты шаруашылықтың дамуындағы жаңа үрдістерді өз бойынша бейнелеп көрсетеді. Легистер мемлекетті дәстүрдің көмегімен емес заңдар арқылы басқаруды жақтады және ру аристократтырының билігі мен патриархарлдық-қауымдық қатынастарды құлатуға бағытталған реформаларды жүргізеді. «Заңгерлер» мемлекетті саяси орталықтандырудың жақтастары болды.
Легистер мектебінің ірі өкілі болып Қытай тарихында Шан ян деген атпен белгілі, Цинь патшалығының Шан облысының билеушісі Гуньсунь Ян табылады. Шан Янның экономикалық көзқарастары б. э. д. IV ғасырдың аяғында ІІІ ғасырдың бірінші жартысында оның оқушылары құрастырған «Шан обьлысының билеушісінің кітабы» деген шығармада баяндалған.
Шан Янның концепциясында ауыл шаруашылығына, дәлірек айтқанда астық өндіруге осы уақытқа дейін болмаған рөл берілген. Оның бүкіл мемлекетті қайта құру жобасы астық мәселесін шешумен байланыстырылған. Билеушінің алдына шенеуніктерді қанағаттандыру және экспансионистік соғыстарды жүргізу үшін азық- түліктің үлкен қорын жасау міндеті қойылды. Шан Ян мемлекеті өркендеуге екі жолмен, егіншілік және соғыстың көмегімен жетеді деп атап көрсетті. Осыған байланысты Шан ян мемлекетте шаруалардың түтін басы бойынша жалпы санағын жүргізуді және жиналған астықтың көлеміне бірыңғай салық енгізуді заң жүзінде енгізуді ұсынды.
Шан Ян шаруалардың ауылшаруашылығының өнімдерін сатуына және ірі астық сатушылардың іс-әрекетіне қарсы болды. Ол бағаны тұрақтандыруды жақтады және астықты арзан бағаға сатып алып қуаңшылық жылдары алып-сатарлықпен айналысуға қарсы болды.
Салық төлеуші еркін халықтың жалға алушыларға, жалдамалаы жұмысшыларға және құлдарға айналуына қарсы шыға отырып Шан Ян жері аз және кедей шаруалардың қауымнан шығуына тиым салуды түрлі жолдармен жүзеге асыруды ұсынды.
Ежелгі Қытайдың экономикалық ойларының тарихында «Гуань-цзы» трактаты ерекше орын алды. Мұнда өз уақытына сай шаруашылықты мемлекеттік реттеудің толық жүйесі дайындалған.
Трактаттың авторлары легистерге қарағанда тауарлы - ақшалай қатынастардың дамуын шектеуге ұмтылмады, керсінше оларды зерттеп шаруашылықты тұрақтандырудың жеткілікті дәрежедегі қызығарлық механизімін жасауда пайдалануды ұсынанады. Трактатта халық шаруашылығын нарық аласапранынан (стихиясынан) тауар бағаларын түзету арқылы қорғау мәселесі өткір қойылған. «Нарық бұл шаруашылық жағдайындағы қалыпты дамуды не бей-берекетсіздікті білуге болатын нәрсе» мүмкіндіктерін өз қолында ұстаса, онда бүкіл мемелкет тұрақты жағдайда болады.
Экономиканы тұрақтандырудың маңызды шарты болып «егіншілікті күшейту» және сонымен бірге мемлекеттің тұрақты астық қоймаларын салуы табылады. Бірақ легистер есептегендей сауда да, қолөнер де пайдасыз іс-әрекет деп саналмады. «Жерді басқару» үшін мемлекет жердің табиғи қаситеттерін білу қажет. Сонымен бірге егін егетін телімдерді неғұрлым біркелкі бөлу керек және шаруалардың егіншілік жұмыстарын жүргізуге кедергі жасамау керек. Салық жүйесі икемді, ал салық кадастарын жасау туралы әңгіме борлып отыр. «Гуань-цзы» борыштардың сандық нормасын еңгізуді және оларды елдегі жағдайға байланысты өзгертіп отыруды ұсынды. Трактатта мемлектті қаржыны тікелей салықсыз құру идеясы да бар. Бұл ретте қазынаға түсетін салықтарды табиғи ресурстарды пайдыланғаны үшін акциз түрінде алу қажет. «Гуань-цзы» «қазынаға таулар мен теңіздерді алуға» кеңес берді. Тракттар мемлекеттің алдына маңызды бір шарт - бағаларды бүкіл мемлекет бойынша біркелкі реттеу және «бағаларды бақылау мүмкіндігінің саудагерлер мен алыпсатарлардың қолына өтеу жолдарын жоюды» қояды.
«Гуань-цзы» «шаруашылықты теңестіру қағидасын» ұсынады. Бұл үшін билеушінің қолында астықтың жартысына дейінгі қоры жиналуы қажет. Ол «тұтыну қаражаттарын басқарады, олардың артықшылығын реттейді және жеткіліксіздігін өтейді». Мемлекет қорды азық-түліктің арзан кезінде жинауы керек және оларды тауар айналымына қымбатшылық кезінде шығарып кезінде қазынаға қосымша табыс алуы қажет.
«Гуань-цзы» трактатты Ежелгі Қытайдың экономикалық ойының қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Экономикалық құбылыстарға сандық талдау жүргізумүмкіндігі және натуралды шаруашылықты ұйымдастыру үшін нормативті дайындау туралы жемісті идеялар ұсынады.
Трактаттың авторлы тауарлардың бағалары мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысын көрсетіп қана қоймай сонымен бірге шаруашылықты тұрақтандыру үшін ақша белгілерінің нормаланған эмессиясын қолдануды ұсынады.
Дао немесе «жол» (заттардың) туралы ілім б. э. д. VІ - V ғғ. Қытайда пайда болды. Даосизм Ежелгі Қытайда идеологиясының тарихында үлкен ықпал етті. Доасизмнің негізін қалаушы болып, жаратылыс заңдары бойынша өмір сүруге, табиғатқа ілесіп отыруға шақырған ежелгі қытай ойшылы, Конфуцийдің замандасы Лао-цзы (Лаоцзы) есептеледі. Оның негізгі идеялары «Дао де цзин» кітабында баяндалған. Барлық заттар өзінің «жолы» дао арқылы туындайды және олардың барлығы өзгеру үрдісінде өзінің қарама-қарсы күйіне өтеді.
Лао-цзы билеушілерге мемелкетті білімнің көмегінсіз басқаруға және олардың көптілігінен «халықтың кедей болуына» байланысты тиым салатын заңдарды алып тастауға кеңес берді (А. Смиттің көзқарасын қара) . Даосизм үстемдікке және қанауға қарсы шығып, алғашқы қауымдық өмірге оралуға шақырды (Батыс Европадағы экономикалық романтизімді қара) .
Ежелгі Грек және Рим дәуірінің экономикалық ойлары
Құлдық құрылыстың элементтері Ежелгі Грекияның қоғамдық-экономикалық өмірінің барлық салаларына таралып өндірушілерді қанаудың негізгі формасына айналды. Құл иеленуші құрылыстың генезисі гүлденуі және дағдарысы кезеңінің экономикалық мәселелері оның экономикалық ойларынан көрініс тапты.
Бай Афин аристократтарының өкілі - Ксенофонт, Афинаның саяси және экономикалық құрылысын айыптап аграрлық Спартаның тәртібін идеал ретінде қарастырды. Өзінің трактаты «Домострой» да ол егіншіліктің артықшылықтарын мадақтап қолөнер және саудамен айналасуды айыптады. Оның идеалы жабық автркиялық натуралды шаруашылық еді. Алайда, ол құл иеленушілердің баю үшін суданы пайдалану мүмкіндігін доққа шығармады.
Құлдықты Ксенофонт қанаудың табиғи түрі деп санады, ал құлдарды сөйлейтін құрал ретінде қарастырды. Бірақ ол құлдардың еңбек өнімділігінің төменділігін түсінді, сондықтан құл иеленушілерге кім өзінің ынтасымен көзге түссе оларға материалдық стимулды кеңірек қолдануға кеңес берді.
Егіншілікті мадақтай отырып ол дене жұмысымен тек құлдар ғана айналысуы, ал еркін адамдар тек басқару және бақылау функцияларын атқаруы керек деп атап көрсетті.
Экономикалық ілімдер тарихына Ксенофонт еңбек бөлісін талдаған алғашқы ғалымдардың бірі ретінде кірді. Өзінің «Криопедия» деген шығармасында ол «кім ең қарапайым жұмысты орындаса, сол оны ең жақсы орындайды» деп тұжырымдады. Сонымен бірге Ксенофонт еңбек бөлінісінің нарықтың көлеміне тәуелділігінің дәрежесін түсінді.
Ксенофонттың еңбегі болып оның «құндылық» туралы айта отырып, құндылықты тұтыну құны мағынасында да және айырбас құны мағынасында да қарастыруы табылды. Іс жүзінде ол тауардың екі жағы туралы сұрақ қойғандардың алғашқыларының бірі болып табылады. Ксенофонттың ақша туралы ойлары көңіл аударады. Оның саудаға және ақша шаруашылығына деген теріс көзқарасына қарамастан ол ақшаның экономикалық молшылық кезеңінде де, ашаршылық жылдарында да пайдалылығын таныды. Ксенофонт ақшаның (күміс) ерекше тауар екендігін түсінді. Себебі «ешкім оның одан да көп болғанын қалағысы келмейтіндей, соншама мөлшердегі ақша ие емес» ал басқа тауарларды қолға түсіруде белгілі бір шек бар. Ақшаның барлық қызметтерінің ішінде Ксенофонт тек екуін; ақшаның қор ретіндегі және айналым құралы ретіндегі функцияларын таныды. Бірақ ол өсімқорлықты яғни ақшаны несие капиталы ретінде пайдалануды айыптады.
Натуралды шаруашылық концепциясы Ертедегі Грекияның көрнекті ғалымы Платонның экономикалық көзқарастарына да тән болды. Олардың біріншісінде идеалды мемлекеттік құрылыстың жобасы, ал екіншісінде нақты шындыққа неғұрлым жақын мемлекет көрсетілген. Платонның пікірі бойынша мемлекет адамдардың қажеттіліктерінің көп түрлігі мен олардың қабілеттерінің біртектілігінің арасындағы қарама-қайшылықты шешетін нысан рөлін атқарды.
Платонның идеалды мемлекетінде үш тап:
1) қоғамды басқаратын философтар;
2) күзетшілер (әскерилер) ;
3) егіншілер, қолөнершілер және саудагерлер бар.
Құлдар ешбір тапқа жатпады.
Платонның пікірі бойыншафилософтар мен әскерилерде ешқандай меншік болмауы керек. Бұл таптың өкілдеріне алтын мен күміс ие болуларына тиым салынады. Жеке меншікке, саяси қызметке қабілетсіз адмдар, яғни үшінші таптың өкілдері ғана ие бола латын болды. Олар тұтынулары қанағаттанарлық дәрежеде ұйымдастырылатын философтар мен әскерилерді барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуге мүмкін болды. Платон, қажетіліктерді ең ұтымды қанағаттандыру кең еңбек бөлінісі жағдайында ғана мүмкін екенін дәлелдеді.
Тауарлы өндірістің сұрақтарын қарастыра отырып, платон бірқатар ерекші ережелер айтты. Ол айырбас үрдісінде бір өлшемдегі емес және әртүрлі тауарлардың «бір өлшемге және біртектілікке» келуі орын алатынына көңіл аударды. Платонда ақша тек айырбас құралы және қор жинау функцияларын ғана емес, сонымен бірге құн өлшемі функциясын да орындайды деген болжам болды.
Антикалық экономикалық ойлар тарихында, платон, бағаның деңгейі мен негізі туралы сұрақты қойған алғашқылардың бірі болып табылады.
Ол бағаны мемлекет реттеу керек деп есептеді және оның негізіне біршама табыс табуға мүмкіндікті қамтамасыз ететін баға алуы тиіс.
Ежелгі Грекияның экономикалық ойларының дамуындағы маңызды қадам ұлы ғалым Аристотельдің есімімен байланысты. Экономикалық сұрақтар бойынша ойлар бар, оның негізгі шығармалары болып «Никомахтың этикасы» және «Саясат» табылды.
Байлық және қанағат алу жолдары туралы пайымдай отырып Аристотель экономиканы және хрематистиканы бөліп көрсетті. Экономиканың мақсаты өмірге, үй шаруашылығына, сонымен бірге мемлекетке қажетті тұтыну құндарын өндіру.
Экономика саласында адамдардың негізгі қажеттілік заттарын тұтынуды қанағаттандыруға керек болғандықтан шағын сауда да жатқызылды.
Хрематистика-бұл сауда рақылы байлық жинау өнері. Аристотель «байлық жинау өнерінде мақсатқа жетуде ешқандай шек болмайды, ал бұл жерде мақсат болып байлық пен ақшаға ие болу табылады» деп атап көрсетті.
Хрематистиканың экономикадан айырмашылығы оның қажетті болып табылмауында және табиғат заңдарына сай келмеуінде. Сондықтан Аристотель эконмика «мадақтауға тұрарлық» ал хрематистика «әділдік боыйынша айыптауға лайық» деп жазды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz