Мектепке даярлық тобындағы негізгі қозғалыстар



Жүру. 7 жасқа аяқ басқан балалардың жүрісі жеткілікті түрде үнемді және әдемі. Балалардың көпшілігіне жоғары талаптар қоюға болады: денені жай, бос, кеудесі мен басы тік, иықтарын сәл артқа керіңкі ұстайды, қол мен аяқтың қимылы еркін және табиғи, олар алма-кезек кезектесіп отырады; серпілетін аяқ арт жағынан түзуленеді, итере басқаннан кейін тізеден бүгіліп, алға қарай шығады да, өкшесімен «жұмсақ» қадам жасап, бірте-бірте табанын толық басады, аяғын жерге тигізген кезде тізесі ептеп бүгіліп, серпілу жұмсарады. Барлық қимыл жеңіл, дәл және жігерлі жасалады. Тек кейбір балалардың жүрісінде ғана жекелеген кемшіліктер байқалады. Олардың негізгілері: денені қалай болса солай бос ұстау, қолдың баяу қозғалуы және табандарының дұрыс қойылмауы болып табылады, қол мен аяқтың үйлесінсіз қозғалыстар өте сирек кездеседі. Табанын аяғының ұшына қойып жүру дағдылары меңгеріледі. Бұрынғыдай барлық жаттығулар түгел топ немесе оның бір бөлігі үшін бір мезгілдік, ұжымдық тапсырмалар түрінде өткізіледі. Тәрбиеші мектепке дайындық тобындағы балаларға қалай дем алу керек екенін түсіндіреді. Дем алу режимі шамамен мынадай болуы керек: ішке қарай демді терең алу мұрын арқылы анағұрлым тез жасалады, дәл осы кезде бірден демін сыртқа шығару басталады. Демін сыртқа шығару ұзағырақ (4-5 адым ішінде) мұрын арқылы, ал жиі дем алғанда мұрын және ауыз арқылы бірге жасалады.
Жүгіру. 7 жасқа аяқ басқан балалардың жүгірісі белгілі дәрежеде дұрыс та әдемілене түседі. Жүгірген кезде денесін еркін ұстайды, басын сәл көтеріңкі, иықтарын бір қалыпты түзу ұстайтын болады. Аяқтары мен қолдарының қимылдары жақсы үйлескен. Бала жүгірудің әр түрлі тәсілдерін меңгерген. Жүгіру адымдары бір қалыптығымен, жігерлілігімен сипатталады. Жүгіру салыстырмалы түрде жеңіл және жылдам бола бастайды. Үйретудің негізгі мақсаты – жүгіру адымын қалыптастыру үшін жұмысты жалғастыру. Адымдағыш аяғының тізесі мен жіліншігін алға шығару және сүйенетін аяғын табанының ұшымен жерге жұмсақ қоюды үйренеді, адымдағыш аяғының жіліншігін алға шығарудың алдында артқа қарай тастау үйретіле бастайды. Қимылдың осы бір элементін үйрену үшін балаларға өздерінің қимылдағыштығына және әсерлілігіне қарай тез итеріп алатын біраз оңай жаттығулар қолданылады, масалы, тізелерін бүгіп, өкшелері бөкселеріне тиетіндей етіп қатты серпіле артқа қарай жүгіру тапсырылады. Бұл тапсырма екі тәсілмен орындалады: 1) тізесін төмендетіп, тіпті жамбасын біршама артқа жылжытады; 2) жіліншігі артқа қарай қозғалған кезде тізесі аздап алға қарай көтеріледі. Бұл жаттығулар көп күш жұмсауды керек етеді, оларды орындай арасында аз үзіліспен 3-4 рет қайталанатын 10-15 қадаммен шектеледі. Дайындық тобында жүгіруге үйрету кезіндегі маңызды тапсырмалардың бірі жүгіру жылдамдығын арттыруға көмектесетін қолмен белсенді қимылдар жасап
Дене тәрбиесінің әдістемесі Осокина И.Т.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке даярлық тобындағы негізгі қозғалыстар

Жүру. 7 жасқа аяқ басқан балалардың жүрісі жеткілікті түрде үнемді және әдемі. Балалардың көпшілігіне жоғары талаптар қоюға болады: денені жай, бос, кеудесі мен басы тік, иықтарын сәл артқа керіңкі ұстайды, қол мен аяқтың қимылы еркін және табиғи, олар алма-кезек кезектесіп отырады; серпілетін аяқ арт жағынан түзуленеді, итере басқаннан кейін тізеден бүгіліп, алға қарай шығады да, өкшесімен жұмсақ қадам жасап, бірте-бірте табанын толық басады, аяғын жерге тигізген кезде тізесі ептеп бүгіліп, серпілу жұмсарады. Барлық қимыл жеңіл, дәл және жігерлі жасалады. Тек кейбір балалардың жүрісінде ғана жекелеген кемшіліктер байқалады. Олардың негізгілері: денені қалай болса солай бос ұстау, қолдың баяу қозғалуы және табандарының дұрыс қойылмауы болып табылады, қол мен аяқтың үйлесінсіз қозғалыстар өте сирек кездеседі. Табанын аяғының ұшына қойып жүру дағдылары меңгеріледі. Бұрынғыдай барлық жаттығулар түгел топ немесе оның бір бөлігі үшін бір мезгілдік, ұжымдық тапсырмалар түрінде өткізіледі. Тәрбиеші мектепке дайындық тобындағы балаларға қалай дем алу керек екенін түсіндіреді. Дем алу режимі шамамен мынадай болуы керек: ішке қарай демді терең алу мұрын арқылы анағұрлым тез жасалады, дәл осы кезде бірден демін сыртқа шығару басталады. Демін сыртқа шығару ұзағырақ (4-5 адым ішінде) мұрын арқылы, ал жиі дем алғанда мұрын және ауыз арқылы бірге жасалады.
Жүгіру. 7 жасқа аяқ басқан балалардың жүгірісі белгілі дәрежеде дұрыс та әдемілене түседі. Жүгірген кезде денесін еркін ұстайды, басын сәл көтеріңкі, иықтарын бір қалыпты түзу ұстайтын болады. Аяқтары мен қолдарының қимылдары жақсы үйлескен. Бала жүгірудің әр түрлі тәсілдерін меңгерген. Жүгіру адымдары бір қалыптығымен, жігерлілігімен сипатталады. Жүгіру салыстырмалы түрде жеңіл және жылдам бола бастайды. Үйретудің негізгі мақсаты – жүгіру адымын қалыптастыру үшін жұмысты жалғастыру. Адымдағыш аяғының тізесі мен жіліншігін алға шығару және сүйенетін аяғын табанының ұшымен жерге жұмсақ қоюды үйренеді, адымдағыш аяғының жіліншігін алға шығарудың алдында артқа қарай тастау үйретіле бастайды. Қимылдың осы бір элементін үйрену үшін балаларға өздерінің қимылдағыштығына және әсерлілігіне қарай тез итеріп алатын біраз оңай жаттығулар қолданылады, масалы, тізелерін бүгіп, өкшелері бөкселеріне тиетіндей етіп қатты серпіле артқа қарай жүгіру тапсырылады. Бұл тапсырма екі тәсілмен орындалады: 1) тізесін төмендетіп, тіпті жамбасын біршама артқа жылжытады; 2) жіліншігі артқа қарай қозғалған кезде тізесі аздап алға қарай көтеріледі. Бұл жаттығулар көп күш жұмсауды керек етеді, оларды орындай арасында аз үзіліспен 3-4 рет қайталанатын 10-15 қадаммен шектеледі. Дайындық тобында жүгіруге үйрету кезіндегі маңызды тапсырмалардың бірі жүгіру жылдамдығын арттыруға көмектесетін қолмен белсенді қимылдар жасап үйрену болып табылады. Тәрбиеші дұрыс қимылдарды жасап көрсетіп, түсіндіреді. Жүгіріп келе жатқан адамның қолдары алға-жоғары қарай шамамен кеудесіне немесе иығының тұсына дейін көтеріле жылжиды. Саусақтары бүгілген қолдары аздап ішке қарай жүгірудің орта сызығына қарай бағытталады. Алға қарай сермегеннен кейін қолдарын тез артқа алып кетулері керек. Шынтақтарын жан-жаққа аздап жазып созады. Балалар бұл жаттығуды бір орында сапта тұрып, одан соң залдың ішінде ары-бері жүгіріп өткенде жасап көреді. Жүгіріс жылдамдығын дамыту үшін 20-30 м. жерге қайталап тез жүгіру қолданылады; 30м.жерге біртіндеп екпіндей жүгіру, топ-тобымен жарыса жүгіру; дөңгелене жүгіру. Жүгірістің жылдамдығы біртіндеп өткізілетін жаттығу сабақтарының барлық жүйесінің негізінде жетілдіріледі. Балалар бақшасында жүгіру техникасын үйретпей, оның жылдамдығын қалыптастыруға болмайды.
Секіру. Балалар қимылдарының жеңілдігі мен ырғағын жетілдіре отырып, секірудің әр түрін жасап жаттығады. Секіруді көп жағдайда басқа қимылдармен жасалатын жаттығулар аяқтайды. Бұдан басқа, балалар жоғарыдан секірген кезде белгілі бір жерде, мысалы, балалар үстінен секіретін орындықтың немесе басқа заттың алдынан 15-20 метр жерге сызылған сызықтың ар жағына немесе жіптен жасалған шеңбердің ішіне дәл секіріп түсуге үйренеді. Мұндай тапсырмалар балалардан итеру күшін ара қашықтықпен секіретін қашықтықтың ұзындығымен салыстыра білулерін, белгілі жерге дәл секіруді талап етеді. Балалар секіріп түсетін заттардың биіктігі 30-40 см-ден жоғары болмау керек.
Бір орыннан ұзындыққа секіруге өне бойы жаттығу жақсы нәтижелерге жетуге көмектеседі. Секіру әдісінің кейбір қосымша элементтері одан әрі жалғастырылады. Тәрбиеші секіру үшін қолайлы бастапқы қалып, мысалы, аяқтарын бірінен-бірі алыстау ұстап, аздап бүгіп, тізелері мен аяқтарының басы бір сызықтың бойында болатындай етіп тұру қолайлы екендігін көрсетеді. Балалар жаттығу кезінде өздері және тәрбиешінің көмегімен тұрған қалыптарының дұрыстығын тексеріп отырады. Дайындық тобындағы балалардың алғаш орнынан тебініп қозғалған кезіндегі қол және аяқтарының қимылдарының үйлесімділігі мен жігерлілігі анағұрлым жақсарады, секірудің биіктігі мен ұзындығы артады. Секірудің нәтижесі көп жағдайда екі аяқты бірдей алға қарай қатты адымдай шығаруға байланысты болады. Бүкіл денесі мен қолдарының секіру бағытына қарай ұмтылуы және басты еркін ұстай білудің де мәні зор. Балаларды жерден қаттырақ итеріліп алысқа секіруге үйрету үшін әр түрлі бағдарлар – балалардың секіріп жететін немесе асып түсетін жерін көрсететін – сызық және жалауша қолданылады. Балалардың ойын аласа кедергіден (10-15 см.) жеткілікті биіктікте секіріп өтуге, екі аяғымен бірдей немесе бір аяғымен қатар қойылған екі матрацқа немесе басқа қалыңдау заттарға секіріп түсуге бөлулеріне көмектеседі. Кейде баланың едәуір қатты және алысқа секіруі жерге түскен кезінде артқа қарай жығылумен аяқталады. Бұлай болмау үшін аяқтарын топыраққа тиісімен-ақ қолдарын дереу алға шығару керек. Қолымен бірге бүкіл денесі де алға қарай ауысады.
Жүгіріп келіп биіктікке және ұзындыққа секірген кезде жүгірудің жігерлілігі оның соңына қарай екпінін арттыру сияқты қасиеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясының пәні
Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
Қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы тәрбиелеудің басты құралы. (Мектепалды даярлық тобы)
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Балабақшадағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Үйретудің ойындық тәсілдері
Дене шынықтыру тәрбиесінің міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста салауатты өмір салтын ұйымдастыру
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету
Мектепалды даярлық топта оқиғалы - рөлді ойындарды ұйымдастыру мен өткізу
Пәндер