Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері



ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Экономикалық өсу концепциялары,
факторлары және кезеңдері туралы теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. 2. Экономикалық өсудің типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
КІРІСПЕ
Осы замандағы эконимикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты назар аударылады. Нақты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу пәні тек экономикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі институционалдық құрамдардың пропорциялары, өсу қарқынын өсіру немесе тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық көлемінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалық өсудің мәні – экономикалық негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру болып табылады: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар: біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы, екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкүндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің дамуын көрініс формалары туралы екі бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) ұлттық табыс (ҰТ) нақты көлемін өсу шапшандығымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштердің бір адамға шаққандағы өсуінің (көбеюінің) шапшандығымен өлшенетін, белгілі мерзімде ұлттық экономиканың дамуының қорытынды сипаттамасы деген түсінік кең тараған.Әдетте экономикалық өсуді мақсатарымен байланысты болады. Экономикалық өсудің бірінші әдісі көбінесе елдің экономикалық потенциалының молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады, екінші-халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда, немесе әр елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.Бүгінгі күні өсу теориаларында өлшеудің екінші әдісі көбірек қолданылыды. Экономикалық өсу деп Халықтың санының өсу шапшандығының артық болуына әкелетін, ұлттық экономиканың дамуы деп түсініледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1. Нұрсултан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті
2. Очерки экономической истории /Под ред. академика С.Б.Баишева. Алма-Ата, 1974.
3. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. /Под ред. проф. С. Д. Асфендиярова. 2-е издание. Алматы: «Казахстан». 1998.
4. Теоретическая экономика: Учебник. /Под ред. д.э.н. проф. У. К. Шеденова. Алматы-Актюбинск. 1999.
5. Титова Н.Е. История экономических учений. Курс лекций. М. 1997.
6. Толыбеков С. Е. Кочевое хозйство казахов в XVIII- начале XX века. Алма-Ата: Наука, 1971.
7. Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің үлгі бағдарламасы. Алматы: Қазақ университеті, 1999.
8. Экономикалық ілімдер тарихы. Алматы: Қазақ университеті, 1997.
9. Экономическая энциклопедия. Политическая экономия. М.: Советская энциклопедия, 1972-1980. Т. 1-4.
10. Энтони Б. Аткинсон, Джозеф Э. Стиглиц. Лекции по экономической теории государственного сектора. М.: Аспект Пресс, 1995.
11. Юность науки. Жизнь и идеи мыслителей экономистов до Маркса. М., 1985.
12. Ядгаров Я.С. История экономическихучений. М.: ИНФРА-М., 1997.
13. Жанагулов А.Ш., Сүіндіков Ж.С. Нарықтық экономиканын казіргі терминологиялық түсіндірме сөздігі. Караганды: КЭУ баспасы, 2003
14. Жанагулов А.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Ускенбаева А.Р., Cтепаницкая О.А «Экономика ілімдерінің тарихы» Қарғанды 2004
15. www.google.kz.
16. Новейшая история Казахстана. Сборник документов и материалов. т.1 (1917-1939г.г.). Алматы: «Санат». 1998
17. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы: Дәуір, 1992.
18. Назарбаев Н.Ә. Қазакстан-2030. Алматы, 1997.
19. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамүра, 1999.
20. Аникин А.В. Путь искании. Социально-экономические идеи в России до марксизма. М., 1990
21. Аубакиров И. А. Извлечение из опубликованных работ в разные годы. Алматы: Қазақ университеті, 2000.
22. Ашимбаев Т. А. Экономика Казахстана на пути к рынку. Тенденции и размышления. Алматы: Казакстан. 1994.
23. Баликоев В.З. Общая экономическая теория. Новосибирск, 1999

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті

Экономикалық теория пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Орындаған:

Тексерген:

Қарағанды 2011ж.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .4
1.1 Экономикалық өсу концепциялары,
факторлары және кезеңдері туралы
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .4
1. 2. Экономикалық өсудің
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..6
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ
ҮЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1 Экономикалық өсудің кейнстік
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2. Р. Солоудың неоклассикалық өсу
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .12
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАРАДИГМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 31

КІРІСПЕ
Осы замандағы эконимикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп,
өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты
көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы
жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып
табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның
келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты
назар аударылады. Нақты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу пәні тек
экономикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық
және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі
институционалдық құрамдардың пропорциялары, өсу қарқынын өсіру немесе
тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық
көлемінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалық өсудің
мәні – экономикалық негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру
болып табылады: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің
шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:
біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы, екіншіден, бар болған
өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін жоғарылату және қоғамдық
қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір
жаңа кезеңінде өндірістік мүмкүндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық
қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды
қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт
жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ
осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда
біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-
бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап
етеді.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің дамуын көрініс формалары
туралы екі бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)
ұлттық табыс (ҰТ) нақты көлемін өсу шапшандығымен өлшенетін немесе осы
көрсеткіштердің бір адамға шаққандағы өсуінің (көбеюінің) шапшандығымен
өлшенетін, белгілі мерзімде ұлттық экономиканың дамуының қорытынды
сипаттамасы деген түсінік кең тараған.Әдетте экономикалық өсуді
мақсатарымен байланысты болады. Экономикалық өсудің бірінші әдісі көбінесе
елдің экономикалық потенциалының молаю шапшандығын бағалау үшін
қолданылады, екінші-халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда, немесе әр
елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.Бүгінгі
күні өсу теориаларында өлшеудің екінші әдісі көбірек қолданылыды.
Экономикалық өсу деп Халықтың санының өсу шапшандығының артық болуына
әкелетін, ұлттық экономиканың дамуы деп түсініледі.

I – тарау Экономикалық өсудің теориялық негізі.
1.1 Экономикалық өсу концепциялары, факторлары және кезеңдері
туралы теориялары
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сүраныстың өз-геруімен түсіндіріледі
(Кейнс кресі, ІS-ІМ үлгісі). Жиын-тық үсыныс қысқа мерзімді кезеңце
қарастырылады. Сүраныс пен үсыныс талдырмасы (шок) жоне циклдік
тербелістерге байланысты экономиканың тепе-тендік жағдайынан ауытқуын
экономикалық саясат түрақтан-дыруға тырысады. Бірақ онім көлемінің қысқа
мерзімді ауытқуы, жүмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің
қозғалысымен берілген, оның есуінің кө-лемін үлғайту экономикалық өсумен
байланысты. Эко-номикалық өсуді жиынтық үсыныстың үзақ мерзімді динамикасы
(қүбылысы, жайы) ретіңде немесе өнім көлемі-нің осуі ретінде қарастыруға
болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық
теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.
Экономикада нақты пайданың өсуі "экономикалық өсу" деп түсіндіріледі және
әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады.
Сондықтан эко-номиканың өсуін өлшеу үшін абсолютгік арттыру немесе нақты
өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер
қолданылады. Мысалы:
∆Ү = Үt – Үt-1 немесе Үt = ∆Үt Үt-1,
t — уақыт индексі.
Экономикалық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшандығы
жағынан қарағанда, әдетте экономикада күрделі құрылымдық немесе
институтционалдық өзгерістер орын алмайды деп тұжырымдалады. Өндірістің
құрылымы мен институтционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ,
тұрақты деп есептеледі.Дамудың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және
сыртқы ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән
болады. Ұзақ мерзімді уақыт деп әдетте негізгі капиталдың өмірлік циклына
тең уақыт түсініледі. Осындай тұжырым экономикалық өсудің неокейнстік және
неоклассикалық теориаларына тән болады. Басқаша тұжырым экномикалық даму,
ұдайы өндірістік, индустриалдық және потиндустриалық теориаларда
қолданылады. Бұл теориалар тым ұзақ мерзімдегі эконмикалық динамиканың
мәселелерін зерттеп, талдайды. Осы мерзімде үкіметтің негізгі институттары,
басқару, инфрақұрылым объектері, экономикадағы құрылымдық өзара
байланыстар және оның сыртқы ортамен байланысы – осылардың барлығы
өзгеріске ұшырайды.
Тым ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі
ерекшеліктері болады:
1. Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп
есептеледі. Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді, екінші
жағынан, өзі құлдырау мен депрессияның кезінде дайындалған өзгерістердің
нәтижесі болып табылады. Сондықтан негізгі назар экономикалық өсуге емес,
экономикадағы глобальдық өзгерістерге, осылардың жаңа сапаға айналуының
тұрақты тенденциялары мен заңдылықтарына аударылады.
2. Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштермен қатар, экономикалық
дамудың микроэкономикалық, салалық және индустриалдық негіздері,
кәсіпкерліктің мәселелері; өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің және
үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа экономикалық құрылымдарының
қалыптасуы зерттеледі. Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету-экономикалық өсудің негізгі түпкі мақсаттары болып
табылады. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың
жоғарылауы болып табылады, осының құрамы:
1. Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа
жетуді ұлттық табыстың (ҰТ) жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы
көрсетеді.
2. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткіштерінде
орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып
отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар удару керек.
3. ҰТ халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
4. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін
көбейту.
Көпсалалы өндірістің тиімділігідеген түсінікті құратын
жағдайлардың барлығының жақсартылуы экономикалық өсудің тиімділігі болып
табылады. Осыған жататындар:
- тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және
әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
- бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе
оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
- халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің
териториялық артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен
кооперациялануын жетілдіру;
- басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек
өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, Х-тиімді
еместіктіжою;
- өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша аллокациясын
жақсарту;
Жаңа технологиялар игеру. Экономиклық теорияда экономикалық өсудің сапасы
деген түсінік оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады.
Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
- адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
- әлеуметтік инфаркұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
- адам капиталына инвестицияны өсіру;
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
- еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды
қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею
масштабын белгілейтін құбылыстар мен процестер белгілейтін өсудің
тиімділігі мен сапасының жоғарылу мүмкіндіктерін атайды.
Факторлады экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және
жанама деп бөледі. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық
мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіндіктерді ақиқатқа
айналдыратын факторлар жатады.
Тікелей бес негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен
ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:
- еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарлауы;
- негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
- өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдірілуі;
- шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен сапасының
өсуі;
- қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.
Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс фаторлары жатады: нарықтың
монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы,
несие алу мүмкіндіктерінің көбеюі және т.б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу
факторлары да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу
мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары: тұтынулық,
инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру
нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік өсуі нәтежиесінде
экспорттың кеңеюі.
Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи
дәрежесінің ұлғаюынан төмен болса, онда экономикада өсу шапшаңдығының
құлдырауы немесе өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.
Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:
өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар бойынша
нақты аллокациясы;
қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында болу тәртібі.
Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу қабілетіне және оның
тиімділігіне әсер етеді.
Экономикалық өсу потенциалын жүзеге асыруда табыстарды бөлу тәртібі
де маңызды рөл атқарды. Ол осы қызметін тек жұмысшыларды еңбек өнімділігін
арттыруға ынталандырған болса атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық
потенциалдың мүмкін қарқынмен өсуі үшін өндіріс факторларының меншік
иелерінің табысының өсу шапшандығы олардың өңімділігінің өсу шапшандығына
тең болуы қажет.

1. 2. Экономикалық өсуінің типтері.
Экономикалық өсудің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен
өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі
болуы мүмкін. Теория жағынан экономикалық өсудің негізгі екі типі болады:
экстенсивтік және интенсивтік.
Экстенсивті экономикалық өсу:
- олардың біліктілігін арттырусыз жұмыс істейтіндер санын арттыру;
- өндірістің материалдық факторын ұлғайту (шикізат, материалдар, отын,
жарамды жерлер және т.б.);
- технологияларды жақсартусыз капитал жұмсауды көбейту жолымен өндіріс
факторларын сандық тұрғыдан кеңейту есебінен өндірісті көбейту.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен
қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілігін
қолдану арқылы жүреді: жұмыскерлерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты,
отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты
көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу
қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады.
Интенсивті экономикалық өсу:
- негізгі қорларды (өндіріс құралдарын) жаңарту, ҒТП арқылы жаңа, неғұрлым
тиімді технологияларды енгізу есебінен материалдық байлықтар мен
қызметтерді өндіруді кеңейту;
- өндірісті ұйымдастыруды жақсарту (шаруашылық байланыстарының жаңа
құрылымдары, басқару, маркетинг, кооперация);
- негізгі және айналым қорларын пайдалануды жетілдіру, олардың
айналымдылығын, амортизациясын жеделдету және т.б.;
- жұмыс күшінің біліктілігін тұрақты өсіру, еңбегі ғылыми ұйымдастыруды
жетілдіру жолымен өндірістің қолдағы бар факторларын неғұрлым тиімді
(интенсивті) пайдалану есебінен өндірістің өсуі.
Интенсивтік жол - неғұрлым үнемді, сонымен бірге еңбек, капитал және
ресурс сыйымдылығы аз өндіріс. Мысалы, КСРО-да соңғы қырық жылда
мемлекеттік астық өндірісі, ескі техника негізінде, экстенсивті жолмен, тың
игеру есебінен 2,5 есе өсті. Сонымен бір мезгілде Батыста астық өндіру
тура сол көлемде өсті, бірақта ол интенсивті технология нәтижесінде жалпы
егістік жер көлемін қысқарту жағдайында болды. Қазіргі уақытта әлемде ҒТП
ескергендегі екі жолдың комбинациясы орта есеппен интенсивтік факторлар
есебінен өндіріс дамуының 70-75%-ын береді, экстенсивтілік есебінен - 25-
30%. ХІХ ғасырдың соңында, капитализм терең және кең ауқымда дамыған кезде,
экономиканың дамуы керісінше болды.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі жағдайында өндіріс көлемін
кеңейтуге өндіріс факторларын (жұмыс күшін, жерді, шикізатты, отынды)
қосымша тарту есебінен қол жеткізіледі. Аталған жағдайда өндіріс көлемінің
өсуі жиынтық шығындардың өзгеруімен қоса жүреді. Әдетте, қандай да бір
факторлардың үлес салмағына қатысты осы өсуді туғызатын экономикалық өсудің
басым түрде экстенсивті және интенсивті үлгісі туралы айтады. Шынайы
өмірде ерекше экстенсивті немесе интенсивті дамудың өмір сүрмейтіндігі
түсінікті, соған қарамастан, әрбір мемлекет өз дамуының қандай да бір
сатыларында экстенсивті немесе интенсивті түрде дамиды, негізінен, осындай
дамудың табыстылығы қандай өсу үлгісінің басым екендігімен айқындалады.
Нақты ҰЖӨ-нің үлестік өсуіне қатысты экономикалық өсуді оның сондай
үлгісіне жатқызу қабылданған: егер интенсивті факторлардың есебінен ҰЖӨ-нің
жартысынан көбі өндірілетін болса, онда мұндай экономика басым түрде
интенсивті дамиды және оған керісінше болады.
Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталды - өңдірістің
кенеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдіруі арқылы жүзеге
асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен
жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы
жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың
өзгеру қарқынынаң артық болып отырады.
Экономикалық өсудің типтерге бөлінуіне сәйкес, өсудің тікелей
факторлары негізгі екі топқа бөлінеді – экстенсивтікке және интенсивттікке.
Осы жағдай 1. сурете көрсетіліп отыр.

1. Сурет. Экономикалық өсудің факторлары
Осы заманда экономикалық өсуді типке бөлу, өсудің интенсивтік
факторларының нақты ЖҰӨ (ТҰӨ) өсіміндегі үлесіне сәйкес жүргізіледі. Егер
өсудің интенсивті факторларының нақты ЖҰӨ үлесі 50% артық болса, онда
экономикаға өсудің басымырақ интенсивтік типі тән болады. Керісінше, егер
салмағы ЖҰӨ жалпы өсімінің 50% төмен болса, онда экономикалық динамикаға
өсудің басымырақ экстенсивті типі тән болады.
Өндірісте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестігін белгілейтін
макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгерістеріне әсер етуіне байланысты, ҒТП
бірнеше типке бөлінеді.
Егер ҒТП дамуында еңбектің капиталмен жабдықталуының әрбір белгіленген
шамасына (КL-const) өндіріс факторларының шекті өнімділігінің ылғи бір
ғана көрсеткіші (шамасы) сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын
алады.
Егер еңбектің капиталмен жабдықталуы белгіленген жағдайда шекті еңбек
өнімділігі капиталдың шекті өнімділігінен тез өсіп отырса, экономикаға
еңбекті үнемдейтін техникалық прогресс тән болады. Керісінше жағдайда –
шекті еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен шекті капитал өнімділігінің
арақатынасы керісінше болғанда, ҒТП капитал үнемдейтін типі орын алады.

Егер ҒТП дамуында белгіленген еғбек өнімділігінің орта дәрежесіне
еңбектің шекті өнімділігінің бірдей шамасы сәйкес келсе (YtLt-const,
сондай-ақ DytDLt-const), онда осындай тип Солоу бойынша бейтарап деп
аталады. Егер капиталдың шекті өнімділігі тұрақты болғанда (DYtDKt-const)
оның орташа өнімділігі де (YtKt еұрақты болса), Харродтың пікірі бойынша,
техникалық прогресс бейтарап деп аталады.
II.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ.
2.1 Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері.
Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты
өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік
түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты
үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі
құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін таңдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс
факторларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда
болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік
факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы
сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше,
инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе,
капитаддың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза
инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы
деп айта алмаймыз, оның бағалылығы — халықтың жағдайын көтеруге негіз
болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну
бағасының динамикасын қарастыру керек.
Дж. Кейнстің концепциясы бойынша, жұмыспен толық қамтылған жағдайда,
макроэкономикалық тепе-теңдікке жету үшін, егер ЖҰӨ-нің барлық көлемін
өткізу үшін тиімді сұраныс жетімсіз болса, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын
көбейту арқылы және мемлекеттік қарыздың өсуі арқылы қосымша инвестициялар
жасау қажет.
Қосымша инвестициялар мультипликатор негізінде қосымша тұтыну заттарына
туынды сұраныс жаратады. Бұл ұлттық өндірістің барлық табиғи көлемін
өткізуге және жұмыспен толық қамтуға мүмкіндік береді. Осыдан кейінгі
экономиканың жағдайы Дж. Кейнстің назарына тыс қалған, өйткені оның
зерттеуі қысқа мерзіммен шектелген болатын.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге
белгілесе кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.
Сұраныс талдаудын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып
қарастырамыз. Бұл арқылы эконмикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің
шарттарын анықтауға болады.
Бұл мәселелермен экономикалық өсу теориясы бағытынан Кейнстің
ізбасарлары айналысты. Олар мынаған назар аударды: егер инвистициялар
қосымша тұтыну заттарына сұраныс тудырса, онда осы сұраныс, туынды байланыс
ретінде, жаңа өндіріс құрал-жабдықтарына, жаңа инвистицияларға да қосымша
сұраныс жаратады. Осы процесте сату көлемі маңызды рөль атқарады.Егер
көлемі өскен болса, онда осы процесс тудырған инвестициялар бұдан жоғары
шапшандықпен өседі және сатудың көлемі керісінше төмендегенде,
инвестициялар осыдан шапшан төмендейді.Осы жағдай мультипликатор принципін
акселератор принциптерімен толықтыруға мүмкідік берді.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болы табылады,
бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтев функциясы ретінде
қарастырылады. Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан
шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал
капиталдың (К) Ү-ке қатынысы (КҮ) және қор жинағы нормасы тұрақты брлып
келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәелді деп айтуға болады, ол – капитал.
Инвестицияның өсуі эконмикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің фкторы болып
табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда
мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:
∆ Ү АD = ∆І · m = ∆I (1 1-b) = ∆ I 1s

m – шығын мультипликаторы;

b – тұтынуға шекті бейімділік;
s – қор жинағына шекті беймділік;
∆Ү АS =α ∙ ∆K - жиынтық ұсыныстың өсуі;
α – капиталдың шекті өнімділігі.
Капиталдың ∆К өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамасыз
етіледі, осыдан ∆Ү АS =α ∙ І

Экономиканың өсуінің тепе-тендігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуінің
шартында пайда болады. ∆I s = α ∙ І немесе ∆I I = α ∙ s, яғни
инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағының шекті
бейімділігіне тең болуы керек.
Тепе-теңдік шарты бойынша инвестийия қор жинағына тең болғандықтан,
І = S, S = sY; s = const болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның
деңгейіне пропорционал болады, сонда ∆Ү Y = ∆І I = α ∙ s

Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-
теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады.
Ол капиталдың шекті өнімділігіне және қор жинағының нормаларына тура
пропорционал немесе ∆Ү ∆K – капиталдың қайтарылуының өсімшесіне тура
пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.
Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестицияның
өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.

Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік
қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімді кеңейтудің әрекеті және дамып
келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод
(1939ж)экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.
Акселератор принципіне сай, табыстың кез келген өсуі капитал
салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың өзгеруіне
пропорционалды:
It = v (Yt – Yt -1 )

мұндағы v – акселератор.
Егерде алдыңғы кезендегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, cұраныс
ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін жоспарлайды.Ал егерде экономикадағы
сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін кеңейтеді.
Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін
азайтады. Осы айтылғандарды формула арқылы былай өрнектеуге болады.
Yt – Yt -1 Yt -1 = a ∙ (Yt -1 – Yt -2 )
Yt -2
Егер а = 1болса, онда алдыңғы кезеңдегі сұраныс (t-1) ұсынысқа тең болады
егер а 1 болса, онда сұраныс ұсыныстан көп болады. Сондағы біздің
экономикадағы ұсыныс көлемі мынаған тең:
Yt = Yt -1 ( ( a ∙ (Yt -1 – Yt -2 ) Yt -2
) + 1)
Жиынтық сұранысты табу үшін акселератор үлгісі қолданылады (және
теңдік шарты І = S):
Yt = It s = v(Yt – Yt-1) s
Экономикаданың өсуі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың
тендігінен шығады.
v (Yt – Yt-1) s = Yt-1 (a ∙ (Yt-1 - Yt-2 Yt-2) +1)

Өрнектеп, келесі формуланы алуға болады:
v s (Yt – Yt-1 Yt-1 ) = a ∙ (Yt-1 - Yt-2 Yt-2) +1)
Алдыңғы кезендегі сұраныс пен ұсыныс өзара тең болады дейік, немесе
а =1. Сонда қабылданған шарттарға сай кәсіпкерлер берілген кезінде
өңдірістің өсу қарқынын өзгерусіз қалдырады:
Yt - Yt-1 Yt-1 = Yt-1 - Yt-2 Yt-2 = ∆Үt Yt-1
Алдында айтылып кеткенді келесі түрде көрсетуге болады:
v s (∆Yt Yt-1 ) = (∆Ү Yt-1) +1

Осыдан тепе-тендік көлемнің өсу қарқыны келесі болады:
∆Ү Yt-1 = s v – s

Харрод s v – s формуласын кепілділік өсу қарқыны деп атайды. Оны
қолдай отырып, кәсіпкерлер өздерінің шешімдеріне толық қанағаттанады.
Сұраныс ұсынысқа тең болып, олардың күткендері растала бастайды. Бұндай
экономикалық өсу толық өндірістік қуаттың қолданылуын қамтамасыз етеді,
бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда жүзеге аса бермейді.
Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай
қорытынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында
айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан алыстайды.
Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод табиғи өсу қарқынын енгізеді.
Бұл ең жоғары өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек
пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.

2.2. Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі
Кейнс үлгілерінің экономикалық өсуіне қарағанда неоклассикалық өсу
үлгілері көптеген шектеулерден айырылып, макроэкономикалық үрдістердің
ерекшіліктерін дәл сипаттайды. Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдіктің
тұрақсыздығының себебі, өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра
алмайтындығында екендігін Р.Солоу өзінің үлгісінде көрсетті. Ол үлгіде
Леонтьев функциясының орнына Кобб-дугластың өндіріс функциясын пайдаланды.
Бұл функцияда өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыратындағы белгілі.
Р.Солоу үлгісіндегі алғышарттар төмендегідей:
• капиталдың кемімелі шекті өнімділігі;
• масштаб әсерінің тұрақтылығы;
• ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы;
• инвестициялық лагтардың болмауы.
Факторлардың бірін-бірі алмастыруы (капиталмен қаруланудың өзгерісі)
технологиялық шарттармен ғана түсіндіріліп қойсайды және өндіріс
факторларындағы таза бәсеке нарығындағы неоклассикалық алғышарттарға
байланысты болады. Экономика жүйесінің тепе-теңдікте болуы үшін қажетті
шарт ол жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі.
Ұсыныс тұрақты масштаб әсері бар өндіріс функциясы арқылы өрнектеледі:
У = F (K, L) және кез келген z 0 үшін: zF (K, L) = F (zK, zL ).

Онда, егер z = 1L, онда YL = F (KL, 1) YL = y; KL = k деп белгілеп,
жоғарыдағы фенкцияны былайша өрнектейміз:
y = f (k)

Бұл функция өнімділік мен капиталмен қаруландыру арасындағы
тәуелділікті көрсетеді. Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті
өнімділігі кеміп отрады.
Солоу үлісіндегі жиынтық сұраныс инвестиция және тұтынумен анықталады:
у = i + c. Мұндағы і – бір жұмысбасты адам басына шаққандығы инвестиция,
с – бір жұмысбасты адам басына шаққандығы тұтыну. Табыс қор жинағының
нормасына байланысты тұтыну мен қор жинағының арасында бөлінеді. Тұтынуды
төмендегідей өрнектеуге болады:
c = (1- s) y
s – қор жинағы
y = c + i = (1-s) y + i, бұдан i = s ∙ y
Тепе – тендік жағдайында инвестиция қор жинағына тең және табысқа
пропорционал болады.
Сұраныс мен ұсыныстың тепе-теңдік шарты төмендегідей өрнектеледі:
f (k) = c + i немесе f (k) = is
Тауар нарығындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капиталдың
жиналуын өндірілген өнімге деген сұраныс анықтайды.
Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі
инвестиция мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал
қорын өсіреді, ал ығысу – азайтады.
Инвестиция қордың қорлануы мен жинақ нормасына тәуелді, бұл
эконмикадағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігінен туындайды: i = s · f(к)

к-ның кез келген мәні үшін, жинақ нормасы өнімді инвестиция мен
тұтынуға бөледі.

1-сурет. Инвестиция мен тұтынуға бөлінуі
y = f(k), i = s • f(k), c = (1-s) • f(k)
Амортизация төмендегідей жағдайдаларда ескеріледі: жылдағы
капиталдың толзуының салдарынан капиталдың тұрақты бір бөлігі ығысып
отырады (d – ығысу нормасы ), онда ығысу көлемі капитал көлеміне
пропорционал болады және мынаған тең:
d ∙ k
Бұл жағдай мына суретте бейнеленген:

2-сурет. Капиталдың ығысу көлемі

Инвестицияның және ығысудың капитал қорының динамикасына әсерін
төмендегідей өрнектеуге болады:
∆k = i - dk
немесе инвестиция мен қор жинағының теңдігінен төмендегіні алуға болады:
∆k = s ∙ f (k) - dk
Капитал қоры (k) (∆k 0), инвестиция ығысу шамасына тең болғанша өседі:
s ∙ f (k) = dk
Бұл жағдайдан кейін бір жұмысбастығы есептегендегі капитал қоры
өзгермейді, өйткені әсер етуші екі күш бір-біріне теңеледі (∆k = 0).
Инвестиция ығысуға тең болған кездегі капитал қорының деңгейі еңбектің
қормен қаруландыруының тепе-тендік деңгейі деп аталады және к* арқылы
белгіленеді. Экономика к* жеткен кезде ұзақ мерзімдегі тепе-тендікте
болады.
Тепе – тендік тұрақты деп есептеледі, өйткені к-ның алғашқы мәнінен
тәуелсіз экономика тепе-теңдік к* мәніне ұмтылады.
Егерде алғашқы к1 k* болса, онда жалпы инвестиция (s ∙ f (k)) мәні
ығысудан (dk) үлкен болады және капитал қоры таза инвестиция көлеміне
өседі.
Егерде k2 k* болса , бұл инвестицияның тозудан төмендігін көрсетеді,
демек капитал қоры азаяды және к* деңгейіне жақындайды .
Қор жинағының нормасы қор мен қаруландырудың тұрақты деңгейіне әсер
етеді. Қор жинағы нормасының өсуі S1-ден S2 инвестиция қисығын жоғары оңға,
S1 ∙ f (k) – дан S2 ∙ f (k) деңгейіне қозғайды.
Бастапқы жағдайда экономика капиталдың тұрақты қор жинағына, к1* - ге
тең, бұл жерде инвестиция ығысуға тең.

3-сурет. Қор жинағы нормасының өсуі
Инвестиция қор жинағы нормасының (i ́1 - i1) деңгейіне өскеннен
кейін, капитал қоры (k1*) тең және ығысу (dk1)- ге тең болып бұрыңғы
қалпында қалды. Мұндай шарттарда инвестиция ығысуды үлкейтеді, демек
капитал қорының деңгейі k1*-ден k2* өседі деген сөз.
Қор жинағының нормасы неғұрлым жоғары болған сайын, солғұрлым өнім
көлемі мен капитал қоры тұрақты тепе-тендік жағдайына ұмтылады.
Қор жинағының нормасының өсуі қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың
өсуін жылдамдатады. Бұл жағдайда экономика жаңа тепе-тендік нүктесіне
жетеді.
Дегенмен, қор жинағының үрдісі де, қор жинағының нормасы да,
экономиканың тұрақты өсуі механизмін түсіндіре алмайды. Экономиканың бір
тепе-тендік жағдайдан екінші тепе-тендік жағдайға көшуін көрсетеді.
Солоу үлгісін жетілдіру үшін, екі алғышартты кезек-кезек алып
тастаймыз.
Бірінші – халықтың саны тұрақты және жұмыспен қамтылғандар тұрақты
болады.
Екінші – технологиялық прогресс жоқ деп есептейміз.
Халықтың саны тұрақты n қарқынымен өседі. Бұл қормен қаруландыруға
инвестиция және ығысумен қатар әсер ететін жаңа фактор болып есептеледі.
Бір жұмысшыға шаққандағы капитал қорының өзгерісі төмендегідей болады:

∆к = i – dk – nk немесе ∆к = i – (d+
n) k
Халықтың санының өсуі ығысу сияқты қормен қаруландыруды төмендетеді.
Капитал қорының төмендеуі нәтижесіне емес, ол халыққа қайта бөлу арқылы
болады. Бұл жағдайда капиталдың ығысуын қамтамасыз ететін және пайда болған
жаңа жұмыс орындарын капиталмен қамту үшін қажетті инвестиция көлемі болуы
тиісті. n ∙k мәні бір жұмысшыға шаққанда қанша қосымша капитал қажет
болатындығын көрсетеді.
Экономикадағы тұрақты тепе-тендік шартын тұрақты қормен қаруланды-
ру (k*) жағдайында төмендегідей жазуға болады:
∆k = s ∙ f (k) - (d+ n) k = 0 немесе s ∙ f (k) = (d+ n) k
Бұл жұмыспен толық қамтылған жағдайды бейнелейді.
Экономиканың тұрақты жағдайында капитал және бір жұмысшыға шаққандағы
өндірілетін өнім, басқаша айтқанда қормен қаруландыру (к) және еңбектің
өнімділігі (у) тұрақты болады. Бірақ халық саны өскенде қормен қаруландыру
тұрақты болу үшін, халық қандай қарқынмен өссе, капитал соншалықты өсуі
керек.
∆Y Y = ∆L L = ∆K K = n

4-сурет. Халықтың өсу қарқынының ұлғаюы

5-сурет.Тұрақты тепе-теңдік жағдайы
Сонымен, халық санының өсуі тепе-теңдік жағдайындағы экономиканың
үздіксіз өсуінің негізгі бір себебі болып есептеледі.
Халықтың өсу қарқынының ұлғаюына байланысты (d+n)∙k қисығының бұрыштық
коэффиценті өседі, мұндай жағдай тепе – теңдік қормен қарулану деңгейінің
(к*) төмендеуіне немесе у-тің төмендеуіне әсер етеді.
Солоу үлгісіндегі технологиянық прогресті ескеру өндіріс функциясының
берілген түрін өзгертеді. Технологиянық прогрестің еңбекті қорғау формасы
пайдалынады.
Өндіріс функциясы төмендегідей бейнелінеді:
У=F (К, L ∙ Е)

Мұндағы Е – еңбектің тиімділігі, ал (L∙Е) – тұрақты Е тиімділігі болған
кездегі бірлік еңбектің саны.
Неғұрлым Е неғұрлым үлкен болған сайын, осы берілген жұмысшылар
Соғұрлым өнімді көп өндіреді.
Технологиялық прогресс еңбектің тиімділігінің өсуі Е, тұрақты g
қарқынымен өседі деп жорамалданды.
Технологиялық прогрестің үлгіге енуі, тұрақты тепе – теңдік жағдайының
талдауын өзгертеді.
Еңбектің бір бірлігіне сәйкес тұрақты тиімділігі бар капитал көлемін
к’ арқылы белгілесек, онда
k’ = K L*E ал у` = Y
L*E
Тұрақты тепе – теңдік жағдайында (5-сурет) қормен қаруландыру деңгейі
к* бір жағынан қормен қаруландыруды өсіретін инвестицияның әсерін, ал
екінші жағынан жұмыспен қамтылғандар санының өсуін және технологиялық
прогреске ығысудың әсерін қарастырады, онда еңбектің бір бірлігінің
тиімділігіне әсер ететін капитал деңгейі төмендейді:
s ∙ f (k’) = (d+ n +g) k’
Тұрақты жағдайдағы (k’*), (К) капиталдың жалпы көлеміне тең болғанда
технологиялық прогрестің болуы және өнімі көлемі (У), (n +g) қарқынымен
өседі. Бірақ халықтың өсуінен ерекше, өзгеше қормен қаруландыру
(KL)g қарқынымен өседі, ал бір адам басына шаққандағы өнімі (YL)
болады. Соңғы көрсеткіш халықтың әл-ауқатының көтерілгенін көрсететін шама.
Демек, Солоу үлгісі бойынша бір адам басына шаққандағы өнімнің өсуі
немесе өмір деңгейінің үздіксіз өсуінің бір ғана шарты болып технологиялық
прогресс есептеледі.
Сонымен, Солоу үлгісі арқылы ресурстар толық қамтылған кездегі тепе-
тендік жағдайында экономиканың үздіксіз өсуінің тетігі түсіндірілді.
1кесте. Тұрақты тепе-тендік жағдайындағы Солоу үлгісіндегі негізгі
айналымдардың сипаттамасы

Технологиялық прогресс Халық санының n Халық санының санының n
және халық санының өсуіқарқынымен өсу қарқынымен өсу және
болмаған жағдайда жағдайында технологиялық прогрестің
g қарқынымен өсуі
Айнымалы Өсу Айнымалы Өсу Айнымалы Өсу
қарқыны қарқыны қарқыны
L 0 L n ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Экономикалық өсу концепциялары
Экономикалық өсу басты макроэкономикалық категориясы ретінде
Экономикалық өсу жайлы
Дамушы елдердегi экономикалық өсу және қазақстан экономикасы
Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері
Экономикалық өсу туралы ақпарат
Экономикалық өсудің факторлары мен типтері
Экономикалық өсудің факторлары, үлгілері және проблемалары
Пәндер