Қайта өрлеу дәуіріндегі итальян әдебиеті


Қайта өрлеу дәуіріндегі итальян әдебиеті
Данте
Данте Алигьери (май 1265. Флоренция - 14. 9. 1321. Ровенна) - итальян ақыны. Дворян әулетінен шыққан. Жасынан теологиямен, философиямен, астрономиямен, орта ғасырлық схоластикамен терең шұғылданды. Флоренцияның саяси өміріне белсенді араласты. Көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясында болды. Қала дворяндарының партиясы - «қаралар» ақтарды жеңеді де, Дантені отқа өртеу, дүние мүлкін конфискелеу туралы үкім шығарады. Осыдан кейін Данте бүкіл Италияны шарлап кетеді. Өмірінің соңғы 6 жылын Ровеннада өткізеді. Данте Беатриче деген әйелге ғашық болады, оның өміріне арнап жыр шығарған. Бұл жыр мен Дантенің басқа да прозалық шығармалары «Жаңа өмір» (1292) ктітабына енген. Оның моральдық, философиялық трактаты саналатын қара сөзбен өлең аралас «Пир» (1307-1308) шығармасы мол кездегі ресми тіл - латын тілінде емес, итальян тілінде жазылған. Халық тілін қорғау ниетімен «Халық сөзі туралы» (1305) атты кітап жазды. Онла бүкіл Италия үшін біртұтас ұлттың тіл жасау жөнінде пікір айтқан. «Монархия ттуралы трактатында» (1312-1313) дүние жүзі монархиялық идеалды қорғады.
Дантенің дүние жүзіне даңқы шыққан әйгілі шығармасы «Құдіретті комедия» (1307-1321) . Бұл поэманы орта ғасырлық мәдениетінің көркем синтезі деп санауға болады. Әдебиетке Данте орта ғасырдың ақырғы ақыны және жаңа заманның алғашқы ақыны болып кіреді. Бұл Италия қоғамының өтпелі дәуірін жан-жақты сипаттаған, бүкіл орта ғасырлық мәдениеттің философиялық-көркемдік түйіні іспеттес шығарма Данте өзі мұны комедия деп қана атаған, ал «құдіретті» деген сөз 16-ғ-да қосылды. «Құдіретті» деген сөз Данте поэмасының діни мазмұнын емес, оның поэтикалық шеберлігін көрсету үшін қолданған.
Комедия «Тамұқ», «Күнәдан тазару» («Ғарасат майданы»), «Ұжмақ» деп аталатын 3 үлкен бөлімнен (кантика) тұрады. Әр бөлімде 33 жыр бар. «Тамұқ» бөліміне қосылған 1 жырмен барлығы 100 жыр. Поэма 3 жол терцинамен жазылған. Оның композициясында 3 және 9 деген сандар көп кездеседі. Олардың мистикалық мәні бар. Бұл сандар христиандық діннің символдары болып табылады. Мысалы, Дантенің «Жаңа өмір» шығармасында 9 деген санға байланысты ақынның жеке өмірінде болған ең маңызды оқиғалар бейнеленген.
Поэманың фабуласы ортағасырлық клерикалық әдебиетте көп кездеседі. Бұл ол дүниенің құпиясын білгісі келген адам туралы әңгіме. Ондай тақырып Батыс Еуропа, ежелгі орыс және шығыс әдебиеттерінде кездеседі. ХІІ ғ. өмір сүрген араб ақыны Абенарабиде Дантенің поэмасына ұқсас шығарма болған. Данте араб тілін білген жоқ және ол кезде Абенарабидің шығармасы итальян тіліне аударылған жоқ, сондықтан Данте Абенарабидің шығармасына сүйенді деген пікір орынсыз.
Антик жазушылардан Данте поэмасының жазылуына үлкен ықпал жасаған Вергилий. Оның «Энеидасында» қайтыс болған әкесін көру үшін Тартарға түскен Эней батыр туралы баяндалады. Данте Вергилийдің тек қана сюжеттік детальдарын емес, оның өзінің бейнесін де пайдаланған. «Құдіретті комедияда» жер үстіндегі ақыл-ой бейнесіндегі Вергилийдің жетегімен күнәһар адамзат өкілі Данте тамұққа түседі. Одан күнәдан тазартатын тауға шығып, күнәдан тазарған соң, Беатриченің («құдіретті ақылдың» символы) жетегімен ұжмаққа кіреді, сөйтіп өмірін мәңгі бақи рақатта өткізеді.
«Құдіретті комедия» орыс тіліне бірнеше рет аударылды. Ең соңғы аударған М. Лозинскийге 1946 ж. СССР мемлекеттік сыйлығы берілді. Ақын М. Мақатаев «Комедияның» 1-бөлімін қазақ тіліне аударды, ол 1971 ж. жеке кітап болып шықты.
Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) - Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Бәрінен бұрын адам көзқарасындағы төңкеріс Италияда басталды (14-16 ғасыр, шамамен айтқанда, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы) . Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері - шынайылық, гуманистік дүниетаным (гуманизм қысқасы), көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.
Тез өзгеріп тұрған дүниеде барлығы да «құдайдың еркімен» болды дегенге сенім азая берді. Адамның күші мен қабілетіне деген сенім қайта жанданды. Жаңа мәдениеттің қайраткерлері көңілдерін ең алдымен адамға және оның ісіне аударды. Сондықтан оларды гуманистер (латынша - «гуманус» - адамгершіл) деп атады. Бұл жаңа дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі мамандықтағы, әртүрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдар - сол дәуірдегі қала интеллигенциясы (зиялы адамдар, қауым) - ақындар, философтар, суретшілер, мүсіншілер үлес қосты. Гуманистер озық ойдың еркін дамуына кедергі жасайтын орта ғасырлық моральға сүйенген дәстүрлер мен догмалық ережелерді өлтіре сынады: ғылыми зерттеу еркіндігіне жол ашылды.
Діннің шаттық өмірден бас тарту керек деген қағидасы дүниеге нақты назар аударумен, табиғатты зерттеумен алмасты. Ғалымдар бақылау жасап, тәжірибелер жүргізіп, табиғат құбылыстарын анықтауға, олардың себептерін түсінуге тырысты. Соның нәтижесінде шынайы ғылым, әдебиет пен өнер туды. Қайта өрлеу дәуірі гуманистік рух (адамгершілік), табиғат пен адамды зерттеуге негізделген мінез-құлық және сұлулық нормаларын тапты. Гуманист-жазушылар табиғатты жырлады, оның сұлулығына масаттанды. Жазушыларды енді ойдан шығарылған «әулиелер» емес, тірі адамдар, олардың қуанышы мен күйініші қызықтырды. Олар өз заманының оқиғаға толы өмірін жазды, өлеңдерінде адамның күшті сезімін жырлады. Гуманистік рух ұлттық дәстүрді ілгері дамытып, тарихи жаңа жағдайларға сай жаңаша түсіндірді. Гуманистер өмірдің мақсаты мен жоғары бақыт құдайға құлшылық етуде немесе әскери ерлік жасауда емес, адам мүддесі үшін еңбектенуде деп білді. Гуманистерді жан-жақты дамыған адамдар, рухы да, денесі де, ақыл-ойы да, сезімі де тамаша адамдар қызықтырды.
Гуманистер феодалдық тәртіпті сынай отырып, оны түгелімен жоққа шығарған жоқ. Олар билеуші тапты білімдендіру жолымен өмір сүріп тұрған құрылысты «жөндеуді» армандады; халық олардан өз тұрмысын жақсартуды күтуі керек.
Боккаччо (1313- 1375)
Джованни Боккаччо (1313 ж. Париж - 21. 12. 1375. Чертольдо, Флоренцияға таяу жерде) - итальян жазушысы. Қайта өрлеу дәуіріндегі алғашқы гуманист жазушылардың бірі. Ауқатты семьядан шыққан. Әке жолын қумай, жасынан сөз өнері жолына түседі. Латын, грек тілдерін үйренеді. Творчествосының алғашқы өлеңінде ондаған лирикалық өлеңдер, көне грек, рим мифологиясын негізге алып, «Филострато» (1338), «Геляда» (1339) атты роман жазды. Бұдан соңғы «Махаббат елестері» (1342) поэмалары мен «Амето» (1341) пасторалінде, «Фьяметта» (1343) повесінде адамға, табиғатқа жаңа көзқарас баяндалады, адамның ішкі рухани байлығы мадақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz