Азаматтық құқықтықта сенімхат
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1.ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ... 5
1.1 Азаматтық құқық туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Азаматтық құқықтық реттеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2. СЕНІМХАТТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Сенімхаттың азаматтық құқықтық қатынастардағы орны ... ... ... ... .18
2.2 Сенімхаттың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚТА СЕНІМХАТТЫҢ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3.1 Сенімхаттың жасалу жолдары, тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

КІРІСПЕ
Қазак тілінің мемлекеттік тіл ретінде өз дәрежесін иеленудегі аса өзекті сала – ісқағаздарын жүргізу екендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мемлекеттік басқару органдарының барлығы ісқағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру үстінде. Міне, осы орайда мемлекеттік органдарда мамандардың қазақ тіліне шорқақтығынан, білетіндердің ресми стилге төселмеуінен, терминдік қолданыстардағы бірізділіктің қалыптаспауынан, маман-аудармашылардың тапшылығынан, қазақ тілінің жаңа технологияларға жедел икемделмеуінен түрлі қиыншылықтарға ұшырап отыр.
Ісқағаздарын жүргізу – бұл құжаттар дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет саласы. Соңғы кездері басқаруды құжаттандырумен қамтамасыз ету (БҚҚ) деген термин жиі қолданыла бастады. Бұл термин іс жүргізудің ұйымдастыру-техникалық негізін жетілдіруге байланысты, құжаттармен жұмыс жасау саласына есептеуіш техника құралдарын, ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудың қазіргі заманғы ақпараттық технологияларын енгізуге байланысты пайда болды.
Ісқағаздарын жүргізудің негізгі элементтерінің бірі – құжат жасау болып табылады. Құжат жасау дегеніміз – ақпаратты қағазға немесе басқа тасымалдаушыға жазу (түсіру) болып табылады. Ол бекітілген нормативтік-құқықтық актілердің ережелері бойынша жүзеге асырылады және заңдық күші болады.Заңдық күш құжаттың қолданыстағы заңнамаға, оны шығарған органның құзыретіне, ресімдеудің бекітілген тәртібіне байланысты болады.
Басқару құжаттары мекеме құжаттарының негізін құрайды және ісқағаздарын жүргізудің нысаны болып табылады.
Сенімхат – белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенің жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.
Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, ақшалай сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін т.б. толып жатқан жағдайларда берілед
Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.
Үлкен жауапкершілік жүктейтін іс-әрекетті орындауға немесе қымбат мүлікті алуға берілген сенімхат нотариалдық тұрғыдан куәландырылуы мүмкін. Кей жағдайда қойылған қолдар сенімхатта керсетілген адамдар жұмыс істейтін мекемелердің кадрлық қызмет көрсету орындарымен де куәландырылуы мүмкін. Сенімхат ұйымдар тарапынан өз қызметкерлеріне де беріледі. Бұл жағдайда сенімді өкілге қандай құқықтар берілетіні дәл көрсетіледі. Ондай құқықтарға келісім жасау, фирма атынан келіссөз жүргізу, жұмысшы жалдау немесе тауар қабылдаулар жатады.
Курстық жұмыстың алдына қойған міндеті – сенім хат тусінігін анықтау және рәсімдеу тәртәбәне сипаттама жасау.
Курстық жұмыстың пәні – сенім хат.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: 1995.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы: 2009.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы;
«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресімдеу және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы;
Ақанова Д.Қ., Алдашева А.М. Ресми іскерлік қазақ тілі // Алматы, «Арман»,2002
Бөрібаева С.Б. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу // Алматы, «Зият Пресс»,2006
Дүйсенбекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу //Алматы, «Ана тілі», 2005
Жақыпов М.К., Сапарбекова А.А. Іс қағаздарында жиі қолданылатын сөз тіркестері // Алматы,1998
Жахина Б.Б., Құрманова А.Қ., Қайырбекова И.С. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы //Көкшетау,2003

1-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ... 5
1.1 Азаматтық құқық туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Азаматтық құқықтық реттеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .10
2. СЕНІМХАТТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1 Сенімхаттың азаматтық құқықтық қатынастардағы орны ... ... ... ... .18
2.2 Сенімхаттың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚТА СЕНІМХАТТЫҢ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .15
3.1 Сенімхаттың жасалу жолдары, тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... .. ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 33
КІРІСПЕ
Қазак тілінің мемлекеттік тіл ретінде өз дәрежесін иеленудегі аса өзекті сала - ісқағаздарын жүргізу екендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік басқару органдарының барлығы ісқағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру үстінде. Міне, осы орайда мемлекеттік органдарда мамандардың қазақ тіліне шорқақтығынан, білетіндердің ресми стилге төселмеуінен, терминдік қолданыстардағы бірізділіктің қалыптаспауынан, маман-аудармашылардың тапшылығынан, қазақ тілінің жаңа технологияларға жедел икемделмеуінен түрлі қиыншылықтарға ұшырап отыр.
Ісқағаздарын жүргізу - бұл құжаттар дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет саласы. Соңғы кездері басқаруды құжаттандырумен қамтамасыз ету (БҚҚ) деген термин жиі қолданыла бастады. Бұл термин іс жүргізудің ұйымдастыру-техникалық негізін жетілдіруге байланысты, құжаттармен жұмыс жасау саласына есептеуіш техника құралдарын, ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудың қазіргі заманғы ақпараттық технологияларын енгізуге байланысты пайда болды.
Ісқағаздарын жүргізудің негізгі элементтерінің бірі - құжат жасау болып табылады. Құжат жасау дегеніміз - ақпаратты қағазға немесе басқа тасымалдаушыға жазу (түсіру) болып табылады. Ол бекітілген нормативтік-құқықтық актілердің ережелері бойынша жүзеге асырылады және заңдық күші болады.Заңдық күш құжаттың қолданыстағы заңнамаға, оны шығарған органның құзыретіне, ресімдеудің бекітілген тәртібіне байланысты болады.
Басқару құжаттары мекеме құжаттарының негізін құрайды және ісқағаздарын жүргізудің нысаны болып табылады.
Сенімхат - белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенің жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.
Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, ақшалай сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін т.б. толып жатқан жағдайларда берілед
Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.
Үлкен жауапкершілік жүктейтін іс-әрекетті орындауға немесе қымбат мүлікті алуға берілген сенімхат нотариалдық тұрғыдан куәландырылуы мүмкін. Кей жағдайда қойылған қолдар сенімхатта керсетілген адамдар жұмыс істейтін мекемелердің кадрлық қызмет көрсету орындарымен де куәландырылуы мүмкін. Сенімхат ұйымдар тарапынан өз қызметкерлеріне де беріледі. Бұл жағдайда сенімді өкілге қандай құқықтар берілетіні дәл көрсетіледі. Ондай құқықтарға келісім жасау, фирма атынан келіссөз жүргізу, жұмысшы жалдау немесе тауар қабылдаулар жатады.
Курстық жұмыстың алдына қойған міндеті - сенім хат тусінігін анықтау және рәсімдеу тәртәбәне сипаттама жасау.
Курстық жұмыстың пәні - сенім хат.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.2. АЗАМАТТЫҚҚҰКЫҚТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Қазақстан Республикасының бір тұтас құкық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын -- азаматтық құқык. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде калыптасып келе жаткан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен ретгелінетін құқык қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтык құкығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқык теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз кажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категориянын, негізінде азаматтық құкығына саларетіндетек анықтама ғана емес, оның басқа құкық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-шібабында 1-шітармағындакөрсетілгендей, азаматтық зандармен тауар-акты қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке катынастар реттеледі. Сонымен катар, мүліктік қатынастарға байланысы жок мүліктік емес жеке катынастар да азаматтық зандармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке катынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін қоғамдық катынастардын негізгісі болып табылатыны -- мүліктік катынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, коғамның негізін қалайтын тауар-ақша катынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерініа кез келгенінін қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік катынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс кұрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдык қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тғгыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарга байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топка бөлінеді. Азаматтык зандармен реттелетін мүліктік катынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға кұндык, маңызы жок катысушылардың коғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлырын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құкығы пайда болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік катынастарға бай-ланысы жокмүліктік емес жеке катынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе занды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтык қатынастарды жаткызуға болады. Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен кадір-қасиетіне кол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Сондай-ак Ата Занның 33-бабы азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын атай келе, азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен кадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады десе, осы баптың келесі тармағында тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы атап көрсетілген'. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеқе қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардын субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар),
'Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, Жеті жарғы, 1995 ж. Жеке тұлға ұғымы алғашқы рет 1994 жылғы Азаматтық Кодексінде көрсетілген.
заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумактык бөлініс: 1964 жылғы Азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтык қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Азаматтық кұқық дегеніміз -- азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтык құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтык кодекс екінші Конституцияға теңестірілген.
Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -- мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар.
Мүліктік қатынастар дегеніміз -- мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге ,беру) байланысты қатынастар. Баскаша айтқанда, мүліктік қатынастар -- материалдық игіліктермен (мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық катынастар. Мысалы, сату -- сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Муліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -- мүліктік катынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік катынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке катынастар.
мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдык меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын -- мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
А Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жәбірленушінің материалдык, жағдайын және т.б.
Жеке өмірге тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қол сұкпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтык-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, кұқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің муліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда олмәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқықтың қағидалары.
Азаматтың құкықтың қағидаларына:
:: тараптардың теңдігі;
:: шарт еркіндігі және таңдау құкығы;
:: еркіндік;
:: меншікке қолсұкпаушылык;
:: біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
:: азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
:: бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету;
:: азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтыққұқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
Азаматтық құқықтың жуйесі
Азаматтык құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық құқықтыңжалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құкығы және міндеттемелік құкығы.
Ерекше бөлімді, негізінен, нақты катынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар -- айырбас, жалға алу, сатьш алу-сату, интеллектуалдық меншік, авторлыққұкык және өсиетнама.
Азаматтыққұқықтың қайнар көздері
Азаматтық құқықтыңқайнар көздеріне мыналар жатады:
:: ҚазақстанРеспубликасыныңКонституция сы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген
6-бапта:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жене бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.
2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
З.Жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекетменшігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін деп жария етілген.
:: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқыктық катынастардың негіздері, азаматтық құқыктың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституцияльщ заң күші бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқыктьщ актілері жатады.
Әдеттегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін деп көрсетілген.
Халықаралық шарттар (конвенциялар). Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық кұкықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға карағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халыкаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары колданылады.
Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз -- тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған қүқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.
1.2 Азаматтық құқықтық реттеу тәсілдері
Азаматтық құқық сала ретінде толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау қажет. Көптеген ғалымдардың тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар және ол құқық жүйесінің салаларына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық - құқықтық қатынастардың ерекшелігіне байланысты азаматтық құқығының реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың заңды теңдігі, яғни азаматтық құқығының субьектілері азаматтық айналымға түсу процесінде бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқықпен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы.
Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.
Диспозитивтік норма дегеніміз- тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық кодекстің көптеген нормалары көрсетілген ережелерге бағынады. Мәселен, Азаматтық кодекстің 238-бабы,
яғни шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығы пайда болатын кезеңі.
Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келіп, азаматтық құқыққа сала ретінде төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтық құқық Бірақ азаматтық құқық жеке мүліктік емес қатынастарды, сонымен қатар тікелей
Мүліктік қатынастарды да реттейді. Осы уақытқа дейін жеке мүліктік емес қатынастарды бұзу мүліктік сипатта болады деген пікір қалыптасты. Яғни ол үшін жауапкершілік мүліктік сипатта болмауы тиіс. Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құықтарын бұзу, тиімсіз мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соқтыруы мүмкін.
Сонымен, азамат туралы жалған мәлімет жариялау, оған жұмысқа тұруға немес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан жаңа заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет жариялау арқылы келтірілген рухани залалды өтеу құқығына ие болды. Ал азаматтар үшін құқықққа қарсы іс-әрекет арқылы келтірілген физикалық кемісітушілікті өтетуге құқылы.
Азаматтық кодекстің 1-бабында былай деп көрсетілген:
1. Азаматтық заңдармен тауар- ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынсатр, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет сондай-ақ әкімшілік аумақтақ бөліністер болып табылады.
2. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық бұзушыға мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соғады.
Ал заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 44-бабында көрсетілгендей.меншік иесі қаржыландыратын мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Меншік иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті мүлікті меншіктенуші жауапты болады.
Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған жағдайда екіншісіне жүктейтін тең құқылы талаптар арасында құрылады. Азаматтық талап жауапкершілікте болу фактісін көрсетеді.
Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.
Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық Кодекстің 7- бабында көрінс тапқан. Азаматтық кодекстің 271- бабы осы кодекстің 7- бабында көрсетілген тұжырымға сүене отырып, міндеттемелердің қалай пайда болатыны айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруде немесе өзге де негіздерден пайда болады.
Азаматтық кодекстің 7- бабы әртүрлі құқықтық қатынастарының мүмкіндік болу негіздерін тізбелеп келтірген.
Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар. Бұл ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада Азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының заңды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімнің жүргізетіңдігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдайда да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында Азаматтық міндеттемені де дүниеген әкеледі.
Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі заңдық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.
Міндеттеменің пайда болу негізіне құқықққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған-біреудің мүлкін қасақан не кездей соқ иелену, зелел келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады. Міндеттеме азаматтық кодекстің 271-бабында қарыстырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.
Міндеттеме өзінің мазмұнына, обьектілерінің салалы ерекшеліктеріне және субьектілерінің сипатына қарай мынанадай түрлерге бөлінеді:
1. Жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме.
2. Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
3. Борышқор әрекетін нақты анықтайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
4. Қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (Бұл міндеттеме субьект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе толықталуына әсер етпейді);
5. Басты және тәуелді міндеттемелер;
6. Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түріндегі міндеттеме.
Міндеттеме жағымды мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен несие берушінің әрекет сипатын айқындай түсу.
Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұның өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міндеттеме жиі кездеседі, мәселен, саянсай тұрғызуды айтуға болады. Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тартуын, несие берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз Мысалы, автор өз шығармасын жасалған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс. Міндеттеме бір жақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме дегеніміз мінджеттемега қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де, екіншісінен тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әр жақтың әрқайсысының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу-сату міндеттемесін мысалға келтірген дұрыс, бұл міндеттемеде сатып алушының да, сатушының бірқатар құқықтары мен міндеттері ескеріледі. Мұндай жағдайда Азаматтық кодекстің 269-бабының 3-тармағына сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасуға міндетті басқа тараптың барышқоры және сонымен бірге оған талап талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болвып есептеледі.
Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай ақшаны беру және т.б. Бірақта мазмұны талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеші әрекет таңдалынады. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұнадай міндеттеме балама деп аталады.
Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады. (мысалы, мүсіншінің міндеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай міндеттеме борышқордың немесе несие берішінің қайтыс болумен байланысты тоқтатылады. (АК - тің 376-бабы).
Міндеттеменің туындауына орай шартты, шарттан тыс деп те, сондай-ақ бір жақры еркін құжатт міндеттемесі депте бөледі. Міндеттеменің шартты тобы өте көп кездеседі(сату-сатып алу тасымалдау, сақтандыру және т.б)
Шарттан тыс міндеттеем әр жақтың келісім бойынша пайда болмайды, керісінше азаматтық құқықтық кез-келген субьектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай-ақ негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкіне жинағандарын заңсыз сатып алу және жинау, мәмлемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайын да да көрінеді. Бұл жайында Е. Баянов былай айтады: "Міндеттеменің пайда болуы заңды тұлғалардың мүлкіне және олардың өздеріне зиян келтіру салдарынан туындауы да мүмкін Азаматтық құқық теориясында мұндай міндеттемелерді шарттсыз міндеттемелер деп те айтады"
Талапкердің пайдасына өндірілетін құқыққ бұзушыға жүктелетін санкциялар қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда құқық бұзушы зиян келтіріп қана қоймай арам ниетпен жасалса және қоғамдық, мемлекттік қызығушылықты тудырса, онда заңда белгіленгендей белгілі мөлшерде немесе толық мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы мүмкін.
Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары эквиваленті өтелетін сипатта болады. Бұдан шығатын қорытынды, талапкерге зиян немесе шығынды эквивалентті түрде өтейді. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның конпенсациялық сипатта болуында. Оның мақсаты - талапкердің мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру.
Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шегін анықтайды. Талапкерге мүліктік сфераны қалпына келтіру тек қана оған келтірген зиянды немесе шығынды толығымен өтеген кезде пайда болады. Сондықтан азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктерінің бірі келтірілген зиян немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік жауапкершілік мөлшерінің сәкес келуі.
Бұл жалпы ереженің кейбір қолданылмайтын кездері бар. Егер де жауапкершілік мөлшері заңмен шектелмеген болса, берілген жағдайды түсіндіре отырып, азаматтық құқық экономикалық қатынастарды реттеумен қоса тәрбиеленуші және контрагентке міндеттемені орындату үшін ықпал етуші сипатқа ие.
Азаматтық құқық қатынастағы тараптардың заң бойынша теңдігі азаматтық айналымдағы юридистикалық жауапкершілікті мойындау қажеттігінен туындайды.
Бұрынғы азаматтық заңдылық бойынша бір-біріне ұқсас теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал қолданыла бермеді. Бұл жерде негізгі қатысушы шаруашылық іс-әрекеттер жеңілділіктермен артықшылықтарды пайдалан білді. Осыған ұқсас жауапкершілік мөлшерінің шектелуі құрылыс, транспорт, кәсіпорындарда және басқа да ұйымдарда етек алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы міндеттемені бұзған кәсіпорындарды және ұйымдарды жеңіл өнеркәсіп саласын мәжбүрлеу шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты осындай жағдайлар заңның кейбір тұстарының өзгертулеріне әкеп соқты.
Жоғарыдағы мысалдан бір шешімге келетін болсақ, азаматтық- құқықтық жауапкершілік мүліктік сипатағы санкция қолданумен байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға қатысыушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда әсер ететінмәселе, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (байланысты емес) мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалар жиынтығы.
1. СЕНІМХАТ ТҮСІНІГІ
2.1 Сенімхаттың азаматтық құқықтық қатынастардағы орны
Сенімхат (ағылш. warrant; power of attorney; proxy; -- сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхат - белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің орындалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылады. Құжат аты мен негізгі мәтін жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес жазылады.
Сенімхат -- белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын іс кағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.
Сенімхат кез келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, ақшалай сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін т.б. толып жaтқан жағдайларда беріледі.
Сенімхат куәлігін жеке тұлғаның ауызша арызы негізінде мекеме басшысы бере алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және сенімхат алушы адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз жеткізуге тиіс.
Ұйым жетекшісі сенімхат берушіге сенімхат алушынын өз өкілеттігін сенімхат арқылы басқа бір адамға беруге құқы бар екендігін жөне сенімхат беруші жазбаша арыз беру арқылы сенімхаттың күшін жойдьгруға құқы бap екендігін ескертуі қажет.
Сенімхат меншікке деген құқық тудырмайды. Сенім білдірген адам кез келген уақытта сенімхаттың күшін жоя алады. Сенімхат берген адам қайтыс болған жағдайда, сенімхаттың күші жойылады және сенімхат бойынша біреуге берілген мүлік, сенімхат берген адамның мұрагерлеріне өтеді. Мұрагерлер мәселесін шешуге де тура келеді. Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.
Сатып алушыға сенімхат бойынша автомобиль сатып алудың қажеті жоқ, өйткені: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz