Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.

I Бөлім. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері. ... ... ... ... .4.
1.2 Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары. ... .7.

II Бөлім. Пассивтік операцияларды ашып,
анализдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.
2.1. Уақытша бос ақшалай ресурстарды жинақтау ... ... ...11.
2.2. Пассивтік операциялар ... ... ... ... ... ... ... ..16.
2.3. Қазақстанның банктерінің мысалындағы пассивтік операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.

III Бөлім. Банктердегі депозитті ресурстардың сипаты және пошталық операцияларды жетілдіру ... ... ... ... ... ... ..23.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27.

Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... 29.
КІРІСПЕ

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялык банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Сол операциялар ішіндегі пассивті операциялар – комерциялық банктің ең маңызды операцияларының бірі болып келеді.
Бұл курстық жұмысты таңдаған мақсатым мынада – бүкіл кәсіп орындар ішіндегі ең бай кәсіп орынның бірі – коммерциялық банк болғандықтан, олардың қаржы – қаражаттының қалай, қандай жолдармен ұлғайып, өсетіндігін білгім келді. Қаржы – қаражатсыз ешқандай жұмыс, операция өте алмайтындықтан, қор жинайтын операция немесе пассивтік операция ең басты және ең бірінші операция деп санаймын. Ақша ақшаны жасайды, қаражатың болмаса ісің де жүрмейді.
Курстық жұмыс міндеттері:
• Тақырыпты толығымен ашып қарастыру;
• Пассивтік операциялардың мәнін ашып түрлерін көрсету;
• Қазақстандағы банктердің пассивтік операцияларына көз жүгірту;
• Пассивтік операциялардың қаражат тарту амалдары мен принциптерін анықтау;
Қолданылған әдебиеттер

1. Көшенова Б. А., Ақша несие банктер валюта қатынастары. Қ.Р. білім және ғылым министірлігі. Т. Рұсқылов атындағы қазақ мемлекеттік басқару академиясы. Оқу құралы. Алматы «Экономика» 2000. 154, 159 -164 – беттер.
2. Сабырова М.Е., Назар А.М., Ежеквартальный научно – практический журнал. Алматы экономика және статистика академиясы. Статистика, учет и аудит. Алматы. 4 (21) / 2005. ББК 65.262.1 С 12. 33 – 34 – беттер.
3. Саниев М. С., Ақша несие банктер. Алматы экономика және статисика институты. Егемен Қазақстанның 10 жыл торқау тойына арналады.
Оқу құралы. Алматы 2001. 151-153 – беттер.
4. Сейітқасымов Ғ. С., - жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА-ның корреспондент – мүшесі. Ақша, несие, банктер. Қ.Р. білім және ғылым министірлігі. Т.Рұсқылов атындағы қазақ мемлекеттік басқару академиясы. Оқу құралы. Алматы «Экономика» 2001. 295-305 – беттер.
5. Ежемесячный финансовый журнал - Ассоциация банков Р.К. - Банки Казахстана. №11 (113) 2006. 54 – бет.
6. Жетписова А. Е., Инновациалық Евразиялық университет. Реферат.
http://www.sano.rupublikstud_konf2.doc
7. Танбаев А. С., реферат. http://www.mark5.ru10424252index1.1.html

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары

Мазмұны:

1 Кіріспе.___________________________ ________________3.

I Бөлім. Коммерциялық банктердің қызметтері мен
операциялары. ___________________________________ _4.
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері. _________________4.
1.2 Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары. _____7.
II Бөлім. Пассивтік операцияларды ашып,
анализдеу._________________________ ____________________11.
2.1. Уақытша бос ақшалай ресурстарды жинақтау.__________11.
2.2. Пассивтік операциялар._______________________ ______16.
2.3. Қазақстанның банктерінің мысалындағы пассивтік
операциялар._______________________ ______________________20.
III Бөлім. Банктердегі депозитті ресурстардың сипаты және пошталық
операцияларды жетілдіру._________________________ 23.

Қорытынды._________________________ ___________27.
Қолданған әдебиеттер.________________________ ___29.

КІРІСПЕ

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды
орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-
әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде
қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялык банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Сол операциялар ішіндегі пассивті операциялар – комерциялық
банктің ең маңызды операцияларының бірі болып келеді.
Бұл курстық жұмысты таңдаған мақсатым мынада – бүкіл кәсіп орындар
ішіндегі ең бай кәсіп орынның бірі – коммерциялық банк болғандықтан,
олардың қаржы – қаражаттының қалай, қандай жолдармен ұлғайып, өсетіндігін
білгім келді. Қаржы – қаражатсыз ешқандай жұмыс, операция өте
алмайтындықтан, қор жинайтын операция немесе пассивтік операция ең басты
және ең бірінші операция деп санаймын. Ақша ақшаны жасайды, қаражатың
болмаса ісің де жүрмейді.
Курстық жұмыс міндеттері:
• Тақырыпты толығымен ашып қарастыру;
• Пассивтік операциялардың мәнін ашып түрлерін көрсету;
• Қазақстандағы банктердің пассивтік операцияларына көз жүгірту;
• Пассивтік операциялардың қаражат тарту амалдары мен принциптерін
анықтау;

I бөлім. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

1. Коммерциялық банктердің қызметтері

Коммерциялық банктердін негізгі атқаратын қызметтері:
• ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
• несие беру;
• шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• төлем құралдарын шығару;
• бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруын ұйымдастыру;
• сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын
жүргізу);
• клиенттерге кеңес беру.

Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып оны капиталға
айналдыру – банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және
жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың
иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие
операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланғап жинақ ақша әр
түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы
мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша каражаты жинақталып, кейін
ол капиталға айналады.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын
жургізуде банктердің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың
негізгі бөлігі қолмақол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің
тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін
есептейді.
Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем
жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі
жетілдірілуін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі
жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы
клиринг жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім
бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-
банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс
шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің
сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі
енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше кызметі төлем құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі
әсер етеді. Мысалы, егер клиент банкке 10 мың долл. Салып, оны талап
бойынша алынатын шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк
балансының активінде кассалық қалдық 10 мың долл. өседі, ал пассивінде
депозиттер де осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі
өзгермейді, себебі ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына
ауысты. Келесі мысал, Банк қарыздарға 10 мың долл. Сомаға несие беріп, оны
депозиттік шотқа есептеді делік. Онда шаруашылыктағы ақшаның жалпы көлемі
10 мың долл. өседі, себебі банк өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем
құралын, яғни чек шығарды. Осы депозит сомасына ақша массасы артты.
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын)
ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі
арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің
резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару
реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін
ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның
үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк
бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы кағаздарды
шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып әрі онымен тығыз байланыста
жұмыс істейді. ¥зақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар
акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың
тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару
жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-
ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін
өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік
береді. Ол үшін бағалы кағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды
ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді
түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік
облигацияларды қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл
нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан
түсетін аса көп пайданы өзіне алып, оларды аса ірі банктер тобы монополды
түрде жүргізеді. Мысалы, АҚШ-та онымен 6 коммерциялық және 13
инвестициялық банктер шұғылданады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың
(бойдақ-жесірлердің, жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару;
ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу
мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу);
құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға
көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар
бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті
тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл
болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б.
кызметтер атқаруы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен,
шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды
қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады.
Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп,
банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы кұпия мағлүматтарға ие
болады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинактауы банктердің клиенттерге
кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне,
бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және
табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа
акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп – несиелік және
кассалық кызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар
жүргізуге дейін нұсқау береді.
Бағалы кағаздарды шығару және олармен операция жүргізу
дегеніміз - бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың
бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы
қағаздарды шығару тәртібі және олардың айналыс ережесі туралы хабар;
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің
арасындағы бәсеке күшейе түсуде. бәсеке банктердің жаңа
қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттері ұсынатын қызмет түрлерін
өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады.
Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән
емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда.
Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда.

1.2 Коммерциялык банктердің пассивтік операциялары

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру);
комиссиялық – делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы)
және сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып
және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын
кұру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының
пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша
актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив
операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
• салым кабылдау (депозиттер);
• клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент – банктерге)
ашу және оларды жүргізу;
• өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және
жинақ сертификаттары);
• банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие
ресурстарынан;
• репо операциялары;
• еуровалюталық несие алу.
Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған
каражаттардан кұрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік
және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады.
Акционерлік капитал немесе жарғылық кор бағалы қағаздар нарығында
акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың
мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында
көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді,
дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның
томенгі аз мөлшерін бекітеді. Батыс елдерінің коммерциялық банктерінің
жарғылық капиталы 10-15 млн. ЭКЮ болады. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер
қаражаты есебінен, сондай-ақ өз қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің
дивидендтері және пайда есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады.
Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының темендеуінен
болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты
процентпен белгіленеді.
Бөлінбеген пайда шоты деген – ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер
арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда
жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне
жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Қазіргі
коммерциялық банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10% шамасында.
Коммерциялық банктердің өзгешелігі - олардың өзгенің қаражатымен
қызмет жасауы. Банк капиталының 90% - ке жуығы тартылған
қаражат. Тартылған каражаттың үлкен мөлшері банктің өз
капиталына байланысты анықталады. Әр елдерде өз капиталы мен тартылған
капиталдың арақатынасы әр түрлі болады. Ол нормативтер
1:10 қатынасынан 1:100 катынасына дейін ауытқиды. Мысалы,
Швейцариада ол 1:12 қатынасы болса, ал Жапонияда 1:83
қатынасына тең.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің,
халықтың және басқа банктердің қаражаттарың тартуы мүмкін.
Тартылған ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар
және ағымдағы пассивтер болып бөлінеді.
Басқарылатын ресурстар банкке тартылған мерзімді депозиттерді
және банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік
шоттардағы қалдықтардан құрылады.
Салым (депозит) – ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған
ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес
формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар деп
аталады. Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты түрі,
сондықтан ол активтік несие опрерацияларын жүргізудің негізгі ресурсы.
Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Салушысына қарай
депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді.
Банктен алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша алынатын
депозиттер болып бөлінеді. Талаппен алынатын депозиттерге
каражаттық немесе бөлік-бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша
дәл сол сияқты жолмен алынады. Бұл депозиттер клиент ашқан әр түрлі
шоттарда орналастырылып, қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз
есеп айырысуға алынуы мүмкін.
Талаппен алынатын салымдарда есептесу, ағымдағы және бюджеттік
шоттарда белгілі бір мақсатқа жұмсалатын, кориспонденттік шоттарда
басқа банктермен есептесуге арналған, сондай-ақ есеп айырысу
айналымына арналған қаражат сақталады. Салымның бұл түрі
негізінен тұрақсыз, себебі клиенттер өз шоттарындағы қаражатын үнемі
пайдаланатындықтан, ондағы қалдық мөлшері әркез өзгеріп отырады.
Сондықтан банктер бұл шоттар бойынша проценттік өсім төлемейді.
Салымдарды өзіне тарту үшін бәсекелестік жағдайында коммерциялық
банктер клиенттерді тарту және талаппен алынатын салымдарды
ұлғайтуды ынталандыру мақсатында шот иелеріне қосымша қызмет көрсетіп,
сондай – ақ олардың сапасын арттыруға ұмтылуда. Ағымдағы шот
иелері өз қаражатын чек кітапшаларымен немесе несие карточкаларымен алады
(атаулы ақша құжаты).
Мерзімді салымдар - ол салыну мерзімі және процентік
өсім төлеу мөлшері анық көрсетілген депозиттік шотқа салынған
ақша қаражаты. Төлем мөлшері салымның көлемімен мерзіміне байланысты
анықталады. Егер мерзімді салым иесі салымын келісілген мерзімнен
бұрын пайдаланғысы келсе, онда салым бойынша төленетін
процент мөлшері кемиді. Мерзімді салымдар ұзақ мерзімге
салынатындықтан, олар тұрақты ақша қаражаты. Сондықтан банктер
салымшылардың қаражатын ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік алады.
Мерзімдік салымның бір түрі – депозиттік сертификат. Бірінші рет ондай
куәлікті айналымға 1961 ж. АҚШ банктерінің бірі енгізді. Шот иесіне өтеу
мерзімі және төленетін проценттік мөлшер көрсетілген ерекше атаулы куәлік
(сертификат) беріледі. Депозиттік сертификат – ол белгілі бір ірі соманы
банкке салғандығы туралы берілетін жазбаша куәлік. Онда банктің міндетті
түрде сертификатты кері сатып алу мерзімі және төлейтін өсім ақысы
көрсетіледі. Мысалы, АҚШ банктерінің іс-тәжірибесінде депозиттік сертификат
кемі 100 мың долларға, ал Үлыбританияда 50 мыңнан 250 мың ф. Ст. Дейін
шығарылады. Депозиттік сертификат тек заңды тұлғаларға беріледі. Ол атаулы
және атаусыз (яғни иесі ұсынушы) болуы мүмкін. Депозиттік сертификат
бойынша салымды алу құқы басқа жаққа беру жазуы көрсетіліп берілуі
мүмкін. Бұл куәлікті шартта көрсетілгендей мерзімге немесе талап бойынша
берілетін етіп банктер шығарады.
Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін жинақ сертификатын
(кітапша) береді. Кітапша белгілі бір мерзімге және талаппен алуға да
беріледі. Банктің ресурсының халықтың жинақ салымдары маңызды роль
атқарады. Жинаққа толық сома немесе бөлек-бөлек сома салынады, кейін
жинақтың толық сомасы, ия біртіндеп бөлек-бөлек сомасы алынуы мүмкін.
Салушыға жинақты куәландыратын жинақ кітапшасы беріледі. Бұл салым түрі
өнеркәсібі дамыған елдерде кең тараған. Әдетте жинақ шотынан қолма-қол
ақшасыз төлемдер жүргізіледі. Клиенттердің тапсырмасы бойынша банк оның
жинақ шотынан электроэнергияны, телефонды және газды пайдаланғаны, газетке
жазылғаны үшін, оқушылардың мектептегі тамақтануына және т.б. қызметтерге
төлем аударады. Сондай-ақ бұл салымдар белгілі бір мақсатты уақытта алу
үшін, мысалы, демалысқа, туған күнге, жаңа жылдық мерекеге арнап салынады.
Сонымен депозиттер - коммерциялық банктер ресурстарының
маңызды көзі. Банктегі оның кұрылымы ақша нарығындағы конъюнктураға қарай
әрдайым өзгеріп тұрады. Дегенмен банк ресурстарын құрудың бұл
көзіне біраз кемшіліктер де тән. Банк клиенттерден қаражат тартқанда
бірсыпыра материалдық және ақша шығындарына тап болады. Одан басқа салымға
қаражат тарту көп жағдайда банкке емес, клиентке (салымшыға) байланысты.
Сондықтан несие ресурстары нарығындағы банктер арасындағы бәсекелестік
оларды депозит тартуға мүмкіндік беретін қызмет түрлерін дамытатын
шараларды жүргізуге мәжбүр етеді.
Қазіргі кезде коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін
басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие
ресурстары нарығының мүмкіндігін пайдаланады. Банкаралық несие
корреспонденттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте
бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу
үшін корреспонденттік шот ашады. Банкаралық несиені тарту тікелей сөйлесу
арқылы, ия болмаса қаржы делдалдары арқылы жүзеге асырылады. Егер банктер
өзара банкаралық несие туралы келіссе, онда ол келісім арнаулы шартпен
рәсімделеді. Бұл келісімдердің көбісі белгілі бір мерзімге жасалады.
Коммерциялық банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған
несие ресурстарынан несие алуы жатады. Орталық банк коммерциялық банктерге
несиені жарыс (конкурс) негізінде кайта қаржыландыру (рефинансирование)
ретінде, сондай-ақ ломбардтық несие формасында береді.
Коммерциялық банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі – кері
сатып алу келісімі немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма
арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушыларымен (дилерлермен)
жасалады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге
банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздарды сатып алады да,
кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі. Фирма қаражатты келесі күні
қайтаруы мүмкін, онда алатын процент мелшері депозиттік сертификаттан
әлдеқайда төмен болады. Бұндай келісім уақытша бос қаражатты тартудың бір
жолы.
Соңғы жылдары коммерциялық банктердің пассив операцияларының бірі
еуровалюталық несие кең өрістеуде.
Еуровалюталық несие – ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын
несие. Әлемдік қарыз капиталы нарығында, басты валюта болып доллар
есептеледі.

II Бөлім. Пассивтік операцияларды ашып, анализдеу.

2.1 УАҚЫТША БОС АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРДЫ ЖИНАҚТАУ

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен
тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының, айтып кетендей, тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен
салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі
деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден, банктер
қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың,
мекемелердің және халықтың уақытша бос каражаттар сомасын депозит түрінде
жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға
ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл
салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық обьектілерінде
орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және
нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек-ақыны төлеу,
сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды
төлеу үшін қажет. Меншікті капитал – банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы
сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті кор болып табылады,
банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін
банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан
басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі
бөлігі құралады.
Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару
мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен
жинақталатын несиелік ресурстардың меншігі мен өзіндік ерекшелігіне
байланысты қарыз беруді камтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ
болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік
банкісінің бөлімшелерімен кұрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО
Мемлекеттік банкісінің өзінде орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған
және ол республикалық кеңселер бойынша несиелік жоспар негізінде бөлінген,
ал республикалық облыстық қеңселер бойынша, облыстық бөлімшелер бойынша
бөлінген, сонымен катар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік
операциялармен айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктердің
депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының
жасалмағандығынан біз щетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке
тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар,
коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар,
жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен
орналастырады. Бұл бірнеше себептерімен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер
салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз
салымдарын кез келген уақытта кайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын
сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай кағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай
жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде
ерекше назар аударылуы кажет; депозиттік операциялармен карыздарды
беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара
байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар
қолдану;
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың
ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті
алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа
шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша
ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі
формаларда қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады.
Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық
жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу
біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, комппьютерлік техникаларды
қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды
факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген
немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі
шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз
шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін
толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде
компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен
пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондайақ ол пайда табу мақсатымен
қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы
шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан
кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген
клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды.
Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы каражаттар қалдықтары
мен талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге
вексельге немесе нақты несие бере алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе конто корренттік
шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар.
Депозиттік шот жағдайында клиеит шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе
аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал
контокорренттік есеп шоттарда теріс немссе оң қалдықтар болуы мүмкін.
Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып кана коймай, ол белгілі
бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-
бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан
несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп
аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардын жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз
пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі
кемшілік (салымшы үшін) – шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды
төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға
қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті
және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге
төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын
сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін салымшыларға ұсынады,
ол бір жағынан жоғары өтімділік денгейін, шоттарды есеп айырысу үшін
пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға
белгілі бір табыс алуды камтамасыз етті. Бұл шот – наушот деп аталады. Ол
тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін
пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы
бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын
депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде
табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл
аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар кұрайды. Терминнің өзінен
көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге
орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары
пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді,
өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді
салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін
пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері
алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді
салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге
дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген
күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді
пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала
алады.
Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу
туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту
мерзімдері – 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға
дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық
мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге
(хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған
түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинак
салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ
кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне
қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнтты демеу және
салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады.
Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен
қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық
ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары
қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар
халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.)
ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және
шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар
бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары АҚШ-та мерзімді салымдардың ең ірі түрлерін құрайды.
Мерзімдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Пассивті операциялар жайлы
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Банктердің дамуы
Мемлекетің бағалы қағаздары
Банк қызметінің пассивті операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы және коммерциялық банктердің операциялары
Пәндер