Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Инфляцияның теоретикалық негіздері
1.1 Инфляция ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Инфляцияның түрлері және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
II Инфляцияның себептері және экономикалық.әлеуметтік салдарлары
2.1 Инфляцияның пайда болуының себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
III Қазақстан Республикасындағы инфляция көрсеткіші және антиинфляциялық саясат
3.1 ҚР инфляция деңгейі және көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.2 ҚР инфляцияға қарсы саясат және инфляция деңгейін төмендету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты:
Жалпы инфляцияның мәнін және оның нарықтық жүйеде маңызы жөнінде мәліметтер жинақтап, жүйеге келтіру, инфляци туралы бар білімді тереңдету, қағидаларын талқылап, толық мәліметтер беру.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі таңда инфляция түсінігі кең таралған және де қазіргі экономиканың ырғақтылығына байланысты инфляцияның ролі өсіп келеді.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға

1. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.
2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,
Алматы – 2001.
1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы «Экономика»-2000ж
2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»
Алматы «Экономика»-2000ж
1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
2. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г
3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.
5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы - 1997
6. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше» // Ақиқат -1996ж
7. «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002
8. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.
9. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Алматы – Экономика, 2003ж.
10. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым
11. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.
12. Сәйденов Әнуар. Ұлттық валюта: белесті жылдар бедері. //Егемен Қазақстан 2005ж. – 15 қараша, 6 бет.
13. «Банки Казахстана» №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар.
14. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.
15. «Банки Казахстана» №8, 2006ж. //Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі баспасөз-релизі 2006 жылғы 16 тамыз.
16. Қаржы-инвестициялық журнал «LS(Личный счет)» №2(17) Қыркүйек-қазан 2008жыл
17. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г
18. Егемен Қазақстан газеті 26 қараша 2008 жыл.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Инфляцияның теоретикалық негіздері
1.1 Инфляция ұғымы мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Инфляцияның түрлері және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
II Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
2.1 Инфляцияның пайда болуының
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .12
2.2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
III Қазақстан Республикасындағы инфляция көрсеткіші және антиинфляциялық
саясат
3.1 ҚР инфляция деңгейі және
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .18
3.2 ҚР инфляцияға қарсы саясат және инфляция деңгейін төмендету жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты:
Жалпы инфляцияның мәнін және оның нарықтық жүйеде маңызы жөнінде
мәліметтер жинақтап, жүйеге келтіру, инфляци туралы бар білімді тереңдету,
қағидаларын талқылап, толық мәліметтер беру.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі таңда инфляция түсінігі кең таралған және де қазіргі экономиканың
ырғақтылығына байланысты инфляцияның ролі өсіп келеді.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның
көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл
әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл
атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі
инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның
ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау
қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма
инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. Инфляция
термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына
қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы
жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты
болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық
әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың
құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса,
бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан
артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық
сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың
көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына
байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға
деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша
жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция
тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық
және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір
елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және
төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері: ақша
тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға
қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент
деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың
оның ұсынысынан артық болуымен байланысты
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға
болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі –
сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар
реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды
көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны
төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты
арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны
болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге
бағытталады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік
нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір
елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз
өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау
жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ
ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада
стагфляция деп аталады.
I Инфляцияның теоретикалық негіздері
1.1 Инфляция ұғымы мен мәні
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым
арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар
мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда
инфляция көтерілу, қабыну дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына
негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен
сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының
қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге
десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі
болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз
ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша
байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық
атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға
ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың
көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға
қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп
саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың
дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар
тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін
біледі. Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады,
нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға
бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан
диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік
береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл
жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе
гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар
деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше есеге өседі, ақша тез
құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы
ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың
пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі
тез қамтиды. 2, 287б.
Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды,
керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң
нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді
экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін
мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс – шаралар
бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар
рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі.
Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға
баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны
қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан
қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға
деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың
монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық
жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі
мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның
кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген
себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті,
күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай
түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша
ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен,
бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен
байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің
бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі.
Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Сонымен
баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Мысалы, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың
өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі
төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек
өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта шығын инфляциясы
деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі
1.2 Инфляцияның түрлері және олардың жіктелуі
Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын.
Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін
өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген
елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер
инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор
ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным)
жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10%дейін болады.
Бұл экономикаға қауіп туғызбайды.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) –
экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі
қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке (
Кэган бойынша айына 50% ) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция
кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен
көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық,
тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де
айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және
баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі
(ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі
емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі
қарқынмен өседі. 14, 105б.
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн.
Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы
мақсатпен жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез
өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу
мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың
кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының инфляциялық тосу психологиясын
туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған
елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы
тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;
және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі
әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын
үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның
қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың
деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.
Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда
болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын Пигу әсері, немесе
нақты кассалық қалдықтың әсері деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта
кететін тағы бір ескертпе, Пигу әсері икемді бағалар мен икемді процент
жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз
батыс экономистерінің пікірінше, Пигу әсері экономикада нақты болатын
жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді. 14, 106б.
Нарықтық экономиканың механизмі — бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол
жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын
немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сүранымның
темендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның
шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен
қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады.
Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, нарықта
тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр
болады. Процестің жаппайауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік
жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені
өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды,
жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды.
Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады
және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз
кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға —
халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді
шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.Батыс елдерінің
экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде
сұраным инфляциясы және шығын инфляциясы анықталады. Бұл консепцияларда
инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.
Сұраным инфляциясы жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің
сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы,
өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс
құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық
мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға
байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі.
Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем
ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық
өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте
көрсетілген. 2, 98б.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы
сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика
жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса,
бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.
Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным
қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2)
өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан
кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.
Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады.
Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін
бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық
топтар үшін бірдей болмайды. 2, 99б. Инфляцияның әр түрін
оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде
қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі
ретінде көрінуі мүмкін.
ХХ – ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік
нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде – бір

өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау

стагфляция деп аталады. 2, 105б.
Мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс – шаралар
жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің
өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны
асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі
нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын
(бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүмкін емес.
Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен - өзі
және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны
бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға
қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс – шаралар саясатын қолдану қажет.
Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты:
Біріншіден,халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін
кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде
жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің
белсенді іс шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен
күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің
мұндай саясаты тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың
дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден,салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту
арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет
тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден,ақша айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр
жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін
қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден,сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет
тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың
экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және
өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет
болады.
Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-
қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның
өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен
тиімділігінен болады. 16, 503б.
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл -
импортталатын жөне экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік
валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан
туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте
депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері
артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны
кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша
ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық
бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе
жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық
корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын
монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық
операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын
жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және
коммерциялық және орталық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.
Инфляцияныц көріну нысаны— ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға
және қызметтерге бағаның көтеріліуінде тұлғаланатын оның сатып алуға
жарамдалығының тиісінше төмендеуі.
Инфляцияның табиғатыақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар
ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде.
Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің
арналымын — тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді
орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді.
Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен
оған қарсы тұратын құнның натуралдық-заттай компоненттерінің сәйкестігі
жағдайында көрінеді.
Жалпы алғанда мұндай тәуелділік айырбас тендеуі арқылы көрінеді:
Р х Q= М х V,
мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының
жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (М — ақша массасы, V — айналыс
жылдамдығы) білдіреді.
Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде
материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді
өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу
қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи
орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің
себептері де болып табылады. 15, 504б.
Қазіргі мемлекет қаржы-қаражатының, бірақ өзінің негізгі бөлігінде тауар
айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан
функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік
қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени - ақпараттық мақсаттық, білімге,
басқаруға, қорғанысқа, жүмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында
мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына жәрдемдесуі мүмкін,
өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра
отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем
қабілеті бар сұранымды туғызады.
Тұралаушы экономикада мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар алу жолымен жұмылдырылуы мүмкін
бос ақшалары сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады.
Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша шығару
(эмиссия) болып табылады.
Өндірістік емес сфераны қаржыландыру міндетіліктермен қатар мемлекет
дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстармалы төмен бағаларды
қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін
қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық
субъекгілерге турақаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін
жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруде
банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуде көрінеді; сондай-ақ бұл
шаруашылық жүргізуші субъекгілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі
мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған
көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат
беру болады.15, 216б.
Сонымен қорытатын болсақ, экономистер инфляцияны екі типке бөледі:
сұраныс инфляциясы және шығынның өсуімен байланысты болатын ұсыныс
инфляциясы деп. Ұсыныс инфляциясынан туындайтын екі түрлі инфляция бар: 1)
еңбек ақының өсуімен байланысты болатын; 2) ұсыныс экономикасы механизмінің
бұзылуынан болатын.

2.1 Инфляцияның пайда болуының себептері
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі
диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі
себептерін қарастырып көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен
табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы.
Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық
банктің несиелі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған
болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны
қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру
жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жургізілетін
болса, түптен келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы ХХ ғасырда нарық
құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа
фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен
ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға
ұмтылады. Төртіншіде, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың
дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты
инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қаупі артады. Өндірушілер де
шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап өздерінің
өнімдеріне бағасын арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын
ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Инфляцияның
себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгісі бір комбинациясы
қалыптасады.
Дисбаланстің себептерін әртүрлі жағынан түсіндіруге болады.
Инфляция ұғымының теоретикалық негізі өзінің арсеналында үш негізгі
бағыттан тұрады: инфляцияның Кейнс теориясынан; монетаристік сандық
тұжырымдамадан; төтенше шығындардың теориясынан.
Инфляцияның Кейнс теориясы шаруашылық етуші субъектілердің
кірістері мен шығындарының талдауынан шығады және жиынтық сұраныстың
көбеюіне олардың әсер етуінен шығады, бұл өндіріспен, жұмыспен қамтылудың
өсуіне әкеліп соқтырады. Сонымен бірге жиынтық сұраныстың өсуі инфляцияның
өсуіне себепші болады. Ақшаның монетаристік теориясы инфляцияның себептері
ретінде қағаз ақшаларымен айналым арналарының сандай ернелеушілігін көрді.
Төтенше шығындар теориясының авторлары (Дж.М. Кейнс, У.Тори, Р.Куэн)
бойынша жалақымен байланысты шығындар ғана инфляцияның себебі болады.
Бағаның өсуінің шын мәніндегі инфляциялық себептерден
маңыздыларын бөлуге болады. Біріншіден, айналымға жіберілген ақшалай
салмаққа мемлекет жағынан бақылаудың жоқтығы. Екіншіден, мемлекеттік
бюджеттің тапшылығында айқындалатын мемлекеттік шығындардың
теңгерімсіздігі. Егер бұл тапшылық жаңа ақшалай массаны басып шығару арқылы
толтырса, онда айналымда ақшалар массасының өсуіне әкеліп соқтырады.
Экономиканы милитеризациялаумен байланысқан бюджеттік шығындар, әсіресе
инфляциялы қауіпті болып табылады. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджеттің хроникалық тапшылықтарының басты себептерінің бірі болып
табылады. Үшіншіден, ХХ ғасырда бағалар деңгейінің жаппай жоғарлауы нарық
құрлымының өзгеруімен байланысты. Қазіргі замандағы нарық айтарлықтай
дәрежеде олигополистік болып табылады. Олигополист бағанның үстінен едәуір
билік жасауға ие. Төртіншіден, кәсіподақтардың қызметі. Мысалы, ұзақ
инфляция, 60-шы жылдардың аяғында, 70-ші жылдарда көптеген кәсіподақтарды
еңбек келісімшарттарына инфляцияны есепке ала отырып, кірістерін автоматты
түрде түзететін өмір қүнының өсіміне түзетулер енгізуге мәжбүр етті.
Бесіншіден, экономиканың рационалды емес құрылымы, бір сала екіншісіне
залал келтіре отырып шеттен тыс дамуы.
Инфляцияның пайда болу себептері сыртқы да, ішкі де болуы мүмкін. Сыртқы
себептерге көбінесе мыналар жатады: сыртқы саудадан түсетін түсімдердің
қысқаруы, сыртқы саудалық және төлем балансының теріс сельдосы, шикізат пен
мұнайға бағаның бірнеше есе өсуімен сүйемелденетін құрылымдық әлемдік
дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, экологиялық). Қазақстандағы
инфляциялық құбылыс, мысалы, қазақстандық экспорттың маңызды бабын құрайтын
жағармайға әлем нарығында бағаның құлауын күшейтті, сондай-ақ астықтардың
едәуір импорты жағдайларында астық нарығындағы қолайсыз коньюнктура.
Банктердің ұлттық валютаны шетелдіктердікіне айырбастауы қағаз ақшаларының
қосымша эмиссиясына қажеттілікті тудырады, бұл инфляцияға апарады.
2.2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары

деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың
(конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ,
уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады,
қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс
қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай
қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды
тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер
етеді, экономнкада Танзи-Оливер әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады.
Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып
зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады.
Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы
жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында
бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері
азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры
құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір

төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляция және жинақтар. Инфляция жинақтардың иелеріне қатты нұсқан
келтіруі мүмкін. Бағаның өсуімен нақты құн немесе сатып алушылық қабілет
қара күнге деп жинақталған жинақтар азаяды. Инфляция кезінде банктегі жедел
есеп шоттардың, сақтандыру полистарының, жыл сайынғы түсімдердің және
көзделген ауыр жағдайларды жеңіп шығу үшін бір кезде жетіп отырған басқа да
қағаздай активтердің нақты құны. Әрине, жинақтардың барлық нысандары пайыз
әкеледі, бірақ дегенмен егер инфляция деңгейі пайыздық мөлшерден асатын
болса, онда жинақ құны түсетін болады.
Инфляция және несиелі қарым – қатынастар. Инфляция сондай-ақ дебиторшы
мен несиешінің арасындағы кірістерді бөледі. Әсіресе, көзделген инфляция
несие берушілердің (қарыз берушілердің) есебінен дебиторшыларға (қарыз
алушыларға) пайда әкеледі. Инфляция соңғы екі онжылдықта сатып алушыға
күтпеген бақыт әкелді, мысалы, 60-шы жылдардың ортасында қойылған пайыздық
мөлшермен үйлер кепілге қойылды. Бір жағынан, инфляция салынып
тасталғандарға берешектің нақты ауыртпалығын едәуір жеңілдетті. Екінші
жағынан, үйлердің номиналды құны бағаның жалпы деңгейінен жылдамырақ өсті.
Номиналды ұлттық кіріс, демек, салық жиындары да инфляция кезінде өседі,
ал мемлекеттік қарыздың мөлшері өспейді. Бұл инфляцияның үкіметке
мемлекеттік қарыздың ауыртпалығын жеңілдетеді. Инфляция осындай пайданы
үкіметке әкелгендіктен, кейбір экономистер ашық түрде сұрақ қояды: қоғам
үкіметтің ынта қоятындығына сене ала ма? Шынында да, Бразилия сияқты кейбір
елдер бір кезде өздерінің қарыздарының нақты құнын төмендету үшін
инфляцияны соншалықты кең қолданды, қазір несие берушілер қарызды өздерінің
валютасында емес, америкалық доллармен немесе қандай да бір басқа тұрақты
валютада алуына мәжбүрлейді. Бұл инфляцияның елдің ішінде қолдануын
болдырмайды. Кез келген инфляция ел ішінде төлеуге қажетті қарыздың құнын
емес, оның валютасының нақты құнын төмендетуге әкеліп соқтырады.
Инфляция және салықтар. Инфляциядан болатын шығындардың тағы да бір
маңызды элементі (дүрыс күткен жағдайларда, бірақ институттардың толық емес
бейімділігі) салық жүйесінің инфляциялық үрдістерге бейімделу
тауқыметтерінен пайда болады. Мұнда екі ірі проблема бар. Біріншіден, баға
деңгейінің өсуінен салық төлемдерінің үлесі нақты кірістердің жалпы
көлемінде өседі, осылайша салықтардың прогрессивті өсімінің эффектісі
туады. Егер салықтар кейінгісінің көлеміне қарамай-ақ номиналды кірістерге
тұрақты пропорцияда тұрса, онда ешқандай жағдайда адамдар салық түрінде
өздерінің кірістерінің бірдей бағаның деңгейінен байланысты болатын
пайыздарын төлеуші еді. Салық салу нормасында оның прогрессивті нысанын
қолданған кезде номиналды кірістердің деңгейімен бірге ұлғаю бет алысы
болады, онда инфляция номиналды кірістердің өсіміне келе отырып, нақты
кірістердегі салықтардың да үлесін өсіреді. Екінші меселе капиталдың салық
салуымен байланысты. Капиталға салық салу кірістері жақсы кездерде де
күрделі мәселе болып жүрді. Мұндай капиталдан түскен табысқа кіріс ретінде
немесе арнайы, аса төмен мөлшерлеме ретінде салық салынуы керек пе, деген
негізгі сұрақ туындайды. Экономикада инфляция пайда болған кезде осы
проблема одан сайын қиындай түсті, өйткені капиталдың өсімі нақты
табыстарға қарағанда инфляцияға аса жедел әсер етеді. Бірде бір елде
капиталға салық салуға инфляцияның әсерінен болатын салдарлардың
бейтараптандыруында айтарлықтай табысқа қол жеткізе алмады. Салықтар
саласындағы кейбір мамандар инфляциядан болатын залалдардың көбі, оның
нақты салық салу капиталын өсіруінде де санайды.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта
бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың
өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан
нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі
әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.
Филлипс қисығы.
Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын
экономисі О.Филлипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сұраным инфляция үлгісін
(моделін) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания
статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбек ақы келісімдері мен
жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық
сызықты (функцияны) анықтаған.
Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5-3%-тен артық өсуі
бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға
мен еңбек ақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша
айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру
арқылы қысқартуға болады. Кейіннен американ экономистері Р. Солоу және П.
Самуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген.
Олар Филлипс моделінде еңбек ақы мөлшерлемесін (ставкасын) тауар
бағаларының өсу карқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі
экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту,
экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауда
қолданылады.
1.-сурет.
Филлипс қисығы. Қисық сызықтың жылжуы стагфляциялық жағдайды көрсетеді
Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс кисығын қысқа мерзімдік экономика
жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздық пен
инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және
оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.
Осы жағдайлардың арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ерекше.
Мәселе мынада: үкіметтің жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс-
әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен.
Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады.
Сонда Филлипс қисығы концепциясына сєйкес инфляцияның өсуі жұмыссыздықты
қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне
байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны
номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді.
Еңбек ұсынысы өспейтін болады.
Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек факторына қосымша
сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция
деңгейінен артық көтеру талабы кєсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты
пайданы азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер косымша жұмысшыларды жұмысқа алуды
тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын қысқартып,
жұмыссыздықты арттырады. Бұл мәселеге 60-шы жылдары американ экономисі
М. Фридмен ерекше назар аударған еді. Оның айтуынша, жұмыссыздықпен
инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс-әрекет екен.
Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес
еместігі анықтылған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни
стагфляция басталуы мүмкін.
Филлипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция баламасын, талдау құралы
ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал
тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70-ші жылдары энергия ресурстарына
бағаның тосын өскен кезіндегідей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты
бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда,
статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім
үшін тұракты экономикалык заңдылықты көрсетпейді.
Филлипс қисығының орнына 1979 ж. бастап АҚШ-та және Англияда
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz