Әлеуметтік қызметкердің этикалық нормалары


Жоспар:
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
І. Тарау. Әлеуметтік қызметкерді маманданған этикалық көрсеткіштері мен өлшемдері.
1. 1 Әлеуметтіктік қызметкердің этикет проблемасына ғылыми көзқарастарды талдауы . . . 7
1. 2. Әлеуметтік қызметкердің жеке адамгершілік құндылығы . . . 17
ІІ. Тарау Әлеуметтік қызметкердің клиентпен жұмыс барасындағы тұлғалық сапасы мен қасиеттерінің рөлі.
2. 1 Әлеуметтік қызметкер мен клиенттің арасындағы мәселені шешу барасындағы этикалық кодекстерінің өлшемдері . . . 29
2. 2. Әлеуметтік жұмыстағы халықаралық этикалық стандарттар . . . 39
2. 3 Әлеуметтік жұмыстың этикалық принциптерінің халықаралық
Декларациясы . . . 42
Қорытынды . . . 46
Әдебиеттер тізімі . . . 47
Кіріспе
Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс қоғамның және мемлекеттің ажырамас бөлігі, бұл әлеуметтік қызметкерлер саясатқа, экономикалық қоғамның әлеуметтік құрылымына және қоғамдық қарым-қатынастарға қосылады, халықты әлеуметтік қорғау саласында этикалық нормативтік қызметкерелрін формациялау үшін қажеттіліктерді қалыптастырады. Соған сәйкес мемлекет және қоғам үшін барлығы әлеуметтік институттарға, әлеуметтік қорғау институттары және әлеуметтік жұмысқа қатысты барлық міндеттерді орындайды - сациумды сақтау және стабилизациялау міндеттері, болашақта жан-жақты дамысту үшін қоғамдық қарым-қатынастарды қолдау және гармонизациялау және шарттарды қамтамасыз етуге, яғни жағдайға байланысты мемлекеттегі қауыпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету фауторларының бірі болып табылады.
Қоғам гуманды болу үшін азамзат өміріндегі барлық салаларында гуманизм мен этика прициптері жекешелендіріп енгізу қажет. Мұнда болашақ әлеуметтік қызметкерлердің этикалық бағыттары өте маңызды: ол өзінің жүретін ортасында және қоғам, мемлекет алдында жақсы, белсенді және тұрғындардың әртүрлі категорияларына қажетті көмек көрсету (мүгедектерге, қария жасындағы адамдарға, жас отбасыға және т. б. ) олардың тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және қалыпты тұрмыс құруға, сонымен қатар ең алдымен әлсіз қорғанған жіктер мен топтарға, жеке тұлғаларға әртүрлі деңгейлерде көмек көрсету қажет.
Әлеуметтік қызмет көрсету қазіргі кезде мемлекеттік жүйенің ажырамас бөлігі, әлеуметтік саланың нағыз бір жетекші дамыған қозғалысының компаненті. Қазіргі әлеуметтік қызмет көрсетудің құрылған жүйесі - бұл қоғамның әлеуметтік маңызды саласы, бірнеше адамдардың көшпелі кезеңдегі қиындықтарын әртүрлі адамгершілік - әлеуметтік қызмет тәсілдерімен бейімдеуге бағытталған, әлеуметтік оңалту немесе жекешелеген адамдарды, отбасыларды кіріс жиынтықтары белгілі қиын, ауыр жағдайға топ болған адамдарға көмектесу.
ҚР Конституциясынды (1-бап) көрсетілгендей өзін-өзі әлеуметтік дамытушы ретінде көрсету қажет. Ал егер әлеуметтік сипаты мемлекеттің әлеуметтік қызмет бағыттары арқылы көрінеді. Әлеуметтік қызмет мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі, жалпылай айтқанда, мемлекеттің әлеуметтік сипаты екі бағытқа бөлінеді:
бірін, ші бағыты - адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектенрге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы отбасыларға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көиек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту.
Екінші бағытта - адамдарға денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдинетті дамытуға, халықтың жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.
Ең алдымен әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға, ұйымдарға, жүздерге емес, қоғам мен адамдарға тұтастай қызмет етеді. Өйткені мемлекеттің асыл қазынасы - адам өмірі, олрадың құқықтары мен бостандықтығы. Сондықтан да мемлекет барлық адамдарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетеді, қоғамдағы ауыртпалықшылығы да теңдей бөлу әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге талпынуы керек.
Баянды дамыту аса маңызды құрамдас бөлігі - күшті әлеуметтік саясат жүргізу. Біздіңше олар мыналарды көздеуі керек:
- Халықтың экономикалық және әлеуметтік жағынан қауқарсыз жіктерге мемлекеттік тиімді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету; Еңбекке жарамды халықтың неғұрлым жрғары жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс табуына мүмкіндік беретін экономикалық жағдайды қамтамасыздандыру; Медициналық қызмет көрсету мен жалпы білім алудың оңайлығын және халықтың берілетін игіліктер мен көрсетілетін қызметтің түрлерін таңдап алуының мүмкіндіктерін, олардың сапасын қамтамасыз ету.
Бұл мақсаттардың бәрі де маңызды, өйткені олар қоғамдық татулықтың айқындаушы факторы болып табылатын орташа таптың ауқымды жішін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға жәрдемдеседі. Жаһандық тәжірбие көрсетіп отырғандай, қоғамдық татулықтың негізгі - үкіметтің көпшілік азаматтардың мүддесін білдіріп, соны қорғауы. Ал саяси немесе экономикалық мүддені анық білдіретін кең әлеуметтік жіктерді жоқ елдерде үкімет қоғамның негізгі жіктерінің арасындағы жалпақ шешімге айналады.
Тақырыптың өзектілігі:
Жалпы адамзаттық құндылықтар ең өзекті мәселелердің біріне айналып, жеке дербес өзгешеліктермен көрінеді.
Міне, осындай мәселелерді талқылай отырып, жазылған дипломның мақсаты: Болашақ әлеуметтік қызметкерлерге этика, мароль, адамгершілік туралы білім беру және бұл білімді мамандандырылған қызметке қолдану.
Зерттеу жұмысының міндеттеріне тоқталар болсақ:
- маманданған топтар өкілдері мен бірлестіктердің жеке іс-әрекеті мен жүріс-тұрыстарында нормативті қарым-қатынасты регломентациялау;
- әлеуметтік сфера мамандардың этикалық санасын қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: Әлеуметтік қызметкердің клиент арасындағы белең алған әлеуметтік көкейкесті мәселелер, оларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатқан жұмыстар.
Менің курстық жұмыстың объектісі: Болашақ әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби оқыту, әлеуметтік білім беру жүйесі.
Зерттеудің теориялық методологиялық негіздеріне тұжырымдама:
Әлеуметтік қызметкердің клиентке қатысты этикалық міндеттерінің негізгі стандарттар технологиясының алғашқы құжаттарының бірі « Әлеуметтік қызметкердің және әлеуметтік педагогтардың этикалық кодексін» ұсынады. Кодексті өңдей отырып, әлеуметтік жұмысқа қатысты халықаралық құқықтық құжаттарының негізгі мазмұнын есепке алу керек. Осы мақсатта «Адам құқығының жалпы Декларациясы»(1948ж. ), Саяси және азаматық құқығы туралы халықаралық пакт» (1966ж. ), «Бала құқығы туралы конвенция» (1989ж. ) және басқа да құжатарды қарастырды.
Этикалық білім - әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметіндегі қажеттіліктердің бөлігі. Оның қызметке деген қабілеттілік клиентке үсынылған қызметтің сапасын доғарлату этикалық нормалармен сәйкес келеді.
МФСР Ассациясы мүшелерінің арасында және осы мемлекеттің әлеуметтік қызметкерлер арасында этикалық проблемалар бойынша талқылау жүргізіліуде міндеттер қойылды. Келешекте этикалық принциптердің өндеуде негізгісі “әлеуметтік жұмыстың этикасы: принциптері және стандарттары” іске асырылады, олар екі құжаттан тұрады: “әлеуметтік жұмыстағы этикалық принциптердің халықаралық Декларациясы” және “Әлеуметтік қызметкердің халықаралық этикалық стандарттар”.
Осы құжаттарды әлеуметтік қызметкер маманына байланысты негізгі этикалық принциптер үсынылады. Олар басқа да саладағы өкілдер және әріптестермен, клиенттермен, рекомендация жүргізу. Құжаттар әрқашанда тұзетіледі және өзгерістерге ұшырайды.
Зерттеудің тәжірбиелік мәнділігі:
- Қазіргі кездегі әлеуметтік қызметкердің қоғамда алатын орны мен маңыздылығы талқыланады;
- Әлеуметтік қызметкердің клиент арасындағы белең алған мәселелері, олардың пайда болу себептері көрсетіліп, оларды шешу жолдары, құралдары анықталады;
- Мұнда этикалық кодекстің мақсаты, міндеті, принциптері, стандарттары және т. б. анықталынады.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс біздің мемлекетімізде жас және өзінің гуманистік потенциалын толығымен алып көрсетілген жоқ, әлеуметтік қызметкер арасындағы әлеуметтік қорғау қызметкері әлеуметтік мәрбесіне түнушілік ролі өсуде. Көбінесе, өзін осы қайрымды қызметке арнай отырып, өзінің отандастардың өмірлік қызметінің жағдайын жақсартуға қызмет іздеді, сонымен қатар көбінесе көмек көрсетуге әлсіз болды. Осы әлсіздіктің салдары көбінесе заңдылық базасының жетілмеуінен, әлеуметтік қорғаудың қаржылық жүйесінің жетіспеушілігінен және әлеуметтік жұмыс маңыздылығынан және әлеуметену мәртебенің жұмыс обьективтілігіндей жоғарғы құрылының жеке өкілдері жағынан түсінбеушіліктің болуы, сонымен бірге әлеуметтік қызметтіндегі клиенттің саның обьективті себептері бойынша бүкіл өседу.
Мұндай жағдай қалыпты деп санауға болмайды. Әрине, экономикалық дағдырыс жағдайында кейбір мәселелерді шешу мүмкін емес - мысалы, өмірлік сапаны жақсарту үшін клиенттің санын төмендетін және әлеуметтік бюджетті жоғарлату мүмкін емес. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкердің сенімділік негізінде маман сияқты жағымды қалыпқа салу профессионалдық қызметті құру маңызды, олардың қайырымды істері үшін әлеуметтік қорғау жүйелері және қоғамдық шектеулі ресурстары қолданылады.
Қазақстан Республикасындағы болашақ әлеуметтік қызметкерлерді даярлауда оқудан тыс оларды адамгершілікке, әділеттілікке, адалдыққа, ізгілікке, жауапкершілікке, гумандылыққа, мейрімділікке, сабырлыққа, қоғамдық құндылықтарға игеру нәтижесінде, әлеуметтік қызметкер клиентке жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетеді.
Зерттеуде қолданылатын әдістер:
Әдістер - бұл мақсатқа жетудің қысқа жолы. Әлеуметтік жұмыстағы әдіс бұл - клиентті қорғау мен көмек көрсету туралы алға қойған мақсатқа жетуді айтамыз. Бұл жұмыста мен қоғамдық экономикалық, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастыру әдістерін қолдануы.
Қоғамдық-экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен түрлі мұқтажын қанағаттандыруға байланысты. Психологиялық және педагогикалық әдіс - тура емес, жанама клиентке, оның мінез-құлқы мен көңіл күйіне әсер ету арқылы жүргізілетін әдістер түрі. Адамның санасына ақырындап әсер ету, тәрбиелеу, оның өзгеруіне әкеп соғады. Үлкен маңызды әдістердің түрлері: дәлелдеу, түсіндіру, кеңес, мысалдармен таныстыру, әлеуметтік терапия және оның еңбектегі, лтбасындағы, топтық ойын түрлері.
Ұйымдастыру әдісі адамдардың мінез-құлқының себебіне байланысты болады, яғни қоғамдық және еңбек тәртібі өз санасымен, ойлау қабілетімен жүзеге асырылса, онда ол жауапкершілік пен борышын жүзеге асырады. Ондай шаралар түсіндіру түрінде, ұйымдастыру түрінде өтеді.
І. Тарау Әлеуметтік қызметкердің маманданған этикалық көрсеткіштері мен өлшемдері.
1. 1. Әлеуметтік қызметкердің этикет праблемасына ғылыми көзқарастарды талдау.
«Әлеуметтік жұмыс» түсінігі бірнеше мағыналы түсінігі бар, ол анықталған қоғамдық құбылысты білдіруге қолданылады, қоғамдық ғылым бір өз теориясы, методологиясы, категолриялық жүйесі, кәсіби әрекеті сонымен қатар оқу пәні болады.
Әлеуметтік жұмыс :
1) сақтандырудан, қолдаудан әлеуметтік қызметте қиындықтары бар бөлек тұлғаларға адамдар тобы және қоғамға жекелей және қоғамдық көмек көрсететін әлеуметтік іс-әрекеттің түрі. Әлеуметтік жұмыста әлеуметтік және гуманитарлық мәселелерді шешуге принциптерін және ғылыми бағыттар қатарын қолданады.
2) көп деңгейлі сипатты оқу пәні, ол жоғарғы және орташа арнайы оқу орындарында оқытылады, сонымен қатар әлеуметтік ортаның қызметкерлеріне өз білімін жоғарылату жүйесінде де оқытылады. Оның мақсаты мен міндеттері әлеуметтік жұмыс технология жүйесіндегі теориялық білімімен және керек мәліметтер мен білетінін оқыту, болашақ әлеуметтік қызметкердің өз-өзін тәрбиелеумен өзінің кәсіби сапасын қалыптастыры алады.
Әлеуметтік жұмысты адамдарды мемлекеттік және мемлекет аралық іс-әрекеттің спецификалық түрі ретінде, тұрғындардың өмірін мәдени, әлеуметтік және материалдық деңгейде қамтамасыз ету мақсатымен анықтауға болады.
Әлеуметтік қызметкер әлеуметтік жұмыс теория негіздерін пайдаланады. Оның қайырымдылық, ұяты, адамгершілік, адамзаттық және әлеуметтік әділеттілік сезім-талдылығы сияқты арнайы кәсіби және адамгершілік сапасы болу керек.
Әлеметтік жұмыстың негізгі категориялары - көмек беру түсінігі. Әлеуметтік жұмыс ауру адамдарға, әлеуметтік қамтамасыз етілмеген адамдарға қолдау мен көмек қажет ететін адамдарға экономикалық, психологилық көмек көрсететін нақты практикалық әрекеттің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты адамның қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған проблемаларын жеңугекөмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мақсаты нақты әлеметтік процесстердің заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және дамуын, қоғамдағы жеке адамның азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін психолого-педагогикалық және басқарушылық факторларының динамикасын зерттеу.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы белгілі ресейлік маман С. И. Григорьевтің айтуынша, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі пәніне адамның жеке және әлеуметтік субъективтивтілігінің өмірлік күшін қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ету заңдылықтары, сондай-ақ өмірлік күш пен оларды жүзеге асыруға, реабилитациялауға арналған құралдарды біріктіру механизмін жетілдіру жатады.
Одан да басқа айқындамалар ұсынылып отыр. Мысалы, профессор П. Д. Павленектің ойынша, әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамның іс-әрекетінің салаларын көрсетеді дейді, ондағы оның қызметі әлеуметтік сала және белгілі-бір шындық - мемлекеттік, қоғамдық және жеке ұйымдардың өзіне тән әлеуметтік іс-әрекеттері, жеке адамның, отбасылардың, басқа да қоғамдағы топтар менг жіктердің әлеуметтік проблемаларын шешуге бағыттылған мамандар мен белсенділер туралы объективті білімді жасау және теория жүзінде жүйелеуден тұрады.
Қазақстандық мамандардың пікірінше, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі объектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуына бағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеуметтік процестердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әртүрлі факторлар динамикасы жатады.
Көзқарастардың мұндай алуан түрлілігітүсінікті де. Ол әлеуметтік жұмыстың дербес ғылым ретінде және оқу пәні ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде әлі де болса қалыптасу, осы саладағы шетелдік тәжірибені игеру кезеңінде екендігіне байланысты. Тек ірі еуропалық және солтүстік америкалық жалпылама теоретика-методологиялық зерттеулерді ТМД елдерінің ғылыми шеңберіне енгізудің өзі әлеуметтік жұмыстың он мыңнан астам тұжырымдамаларды құрады. 1
Жалпы әлеуметтік жұмыстың теориясының бөлімі ретіндегі пәніне адамдардың күштері мен әлеуметтік маңызы бар қажеттіліктерін қалыптастыру мен жүзеге асыруға, туындаған проблемалық жағдайларды жеңуге әсер ететін заңдылықтар мен технологиялар болып табылады.
Әлеуметтік қызмет - әлеуемттік қатынас саласында адамдарға кәсіби көмек көрсету үшін құрылған құрылым.
Әлеуметтік қызмет - бұл әлеуметтік өлшем жүйесі, сонымен бірге мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдасқан құрылымдардың халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және олардың өмірлеріндегі қиын жағдайларына көмек көрсету, азаматтардың ауыр жағдайды жеңіп өздерін жігерлендіруіне ұмтылдыру.
Әлеуметтік қызмет көрсету қазіргі кезде мемлекеттік жүйенің халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің ажырамас бөлігі, әлеуметтік саланың нағыз бір жетекші дамыған қозғалысының компоненті. Қазіргі әлеуметтік қызмет көрсетудің құрылған жүйесі - бұл қоғамның әлеуметтік маңызды саласы, миллиондаған адамдардың көшпелі кезеңдегі қиындықтарын әр түрлі әлеуметтік-адамгершілік қызмет тәсілдерімен, бейімделуге бағытталған, әлеуметтік оңалту немесе жекелеген адамдарды, отбасыларды кіріс жиынтықтары белгілі қиын, ауыр жағдайға тап болған адамдарға көмектесу.
Әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қызмет жұмыстары әлеуметтк-экономикалық қолдау, әлеуметтік - тұрмыстық көрсету, медициналық - әлеуметтік, психо-педагогтік, құқықтық қызметтер көрсету өмірде қиын жағдайға тап болған жекелеген адамдармен отбасылардың әлеуметтік бейімделулері мен оқалуларын жүзеге асыру.
Әлеуметтік қызмет көрсету әлеуметтік-экономикалық қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогтық, құқылық қызмет көрсету, қиын, ауыр жағдайларға тап болған жекелеген адамдар мен отбасыларды оңалтумен олардың әлеуметтік бейімделуін жүзеге асыру деп түсіндіріледі.
Р. Баркердің әлеуметтік жұмыс сөздігінде әлеуметтік қызмет көрсету өздеріне-өздері қажет қызмет көрсете алмайтын, біреудің көмегін қажет ететін адамдардың қажеттілігінің орындалуына, олардың дұрыс жетілуіне нақты әлеуметтік қызмет көрсету делінген.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет жұмыстарын реттеп отыру үшін негізгі болып, заңнама - нормативті актілер табылады:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 1993 жылғы 17-қарашадағы № 57 “Жалғыз басты қариялар мен еңбекке жарнамсыз азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің ережесін бекіту туралы” бұйрығы.
“Жалпы типтегі мүгедектер мен қариялардың интернат - үйлерінің Ережесі туралы” еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 1997 жылы 13-тамызда бекіткен бұйрығы.
“Психо-неврологиялық интернаттық Ережесі туралы” еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бекіткен 1997 жылы 23-тамыздағы бұйрығы. Әлеуметтік қызмет көрсету мынандай принциптерге негізделеді: атаулы, өз еркілік, адамгершілік, приоритеттілік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға кәрі адамдар мен мүгедектерге қызмет көрсету құпияны жарияламау, аурудың алдын-алу бағыты: адам мен азаматтың құқығын сақтау; әлеуметтік қызмет көрсету тәртібінің барлық түрлерін ұстану.
Әлеуметтік қызметтің негізі әлеуметтік жүйе ретінде түр құрылымын түсіну, әлеуметтік қызмет көрсетудің түр мен тәсілдерін анықтау, халыққа жекелеген мекеме құрылымдарында әлеуметтік қызмет көрсету; аумақтық және ведомстволық элемент жүйлерімен әлеуметтік қызмет; әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру; әлеуметтік қызмет көрсетуде ресурстық қамтамасыз ету.
Айтылған жүйелік және әлеуметтік қызмет көрсету элементтерін тұрақтылық, нақтылық, сапалы айқындылық, халықты тиімді әлеуметтік қолдауға бағытталған. Сондықтан да әлеуметтік қызмет көрсетудің мәні мекмелердің халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуі, нақты аталған әлеуметтік қызмет әр түрлі субъектілердің әлеуметтік жұмыстары. Әлеуметтік қызмет құру мәселесі аумақтық сонымен бірге ведомствалық позициядан қаралу керек. Әр түрлі Министерлікпен, ведомоствалардың әлеуметтік қызметі аумақтық әлеуметтік сеттің ажырамас бөлігі болады. Бұндай аймақтық бүгін жиі болып саналмайды. Халыққа әлекметтік қызмет көрсетудің мекемесі екі әкімшілік бағынышта болады және көп қаржыландыру көрсету көздері болады. Алайда тәжірибе жүйелік әлеуметтік қызмет төңірегінде бөлек ведомствалар барын айта алады: денсаулық сақтау, білім беру, МВД, халықты жұмыспен қамту және т. б.
Қазіргі заманда мүдделі болып ресми құжаттар мен әр түрлі министерствалар ведомоствалардың әлеуметтік қызметке бар қатысы бар мәселелер бойынша болады. Оларды сарапатау әлеуметтік қызметті дамыту мен ұйымдастыруда екі ерекшелік барын көрсетеді.
Әлеуметтік қызметті халықтың жекелеген санаттарына - жастарға, балаларға, әйелдерге, отбасыларға және т. б. сет құру қажеттілігіне талпынысқа негізделу.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық жүйесін құру қажеттілігіне негізделген олар мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық және жекелеген мекемелер мен кәсіпорындардың әлеуметтік қызмет көрсетуде олардың ведомоствалық бағыныштылықтарына қарамай үйлесуге және өз қызметтерін жөндеп отыруға талпыну.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі қызметінің екі тобы бар:
- қызмет - жұмыстарының негізгісі (профилактикалық, әлеуметтік-оңалту, бейімделу, қорғап-күзету, әлеуметтік қамқорлық) ;
- мәдени - адамгершілік қызметтері (жеке тұлға ретінде адамгершілік) .
Бұндай тәжірибелік жүзеге асыру әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық элементтерімен түр деңгейлерімен тығыз байланысты. Әлеуметтік қызмет көрсетудің қызметтері макро және микро деңгейлерімен әлеуметтік қызмет көрсетудің негізінде көрінеді. Әлеуметтік қызметтің негіздері олардың мақсаттық бағыттарына, қызмет саласы мен әрине әлеуметтік қызметтің клиенттерінің контингент спецификасы байланысты бөлінеді.
Шаруашылық экономикалық байланыстар қарқынды ыдырай бастады. Мүліктік дифференцация процесі жеделдетіліп ұлтаралық келіспеушілік орын ала бастады. Сөйтіп қоғамда терең әлеуметтік наразылықтардың қалыпты алғы шарттары пайда болды. Әлеуметтік шиеленістердің өсуіне әкелді. Осындай жағдайда әлеуметтік ортада реформа жасап, халықты әлеуметтік жағынан қорғаудың тиімді жолдарын жасау қажеттілігі туындайды.
Өркениетті қоғамның ерекше көрінісі ретінде әлеуметтік жұмыс мәселелері бой көтерді. Адамның тарихи және өзіндік есейуі диалектикалық процесте көрінетіні белгілі. Ол дегеніміз, біріншіден, адамның адамзаттық деңгейіндегі әрекеті болса, екіншіден, өзіндік біркелкілігін сақтай алу деген сөз.
Жалпы адамзаттық құндылықтар ең өзекті мәселелердің біріне айналып, жеке дербес өзгешеліктерімен көрінуі ерекшелене бастады. Олар өзара тығыз байланысты. Өйткені әркім мөзіндік ерекшелігін көрсетіп, даралана алмаса адамзат туралы жалпы адамзаттық құндылық туралы айту да мүмкін емес.
Сонау Платон мен Аристотель ертедегі Христиандық социал - утопистер Кант пен Гегель, Маркс идеяларынан бастап, әлеуметтік әділеттілік мәселесі жалпы адамзаттық құндылық қатарына енеді. Бірақ оның түсінілуі, жүзеге асуы жөніндегі ой-пікір бірдей емес, тіпті белгілі дәрежеде қолайлы жағдайлар жасалған адам құқы жөніндегі заңдар жүйесі қалыптасқан қоғамның өзінде де қоғам мүшелерінің көпшілігі өмір сүру деңгейлеріне қанағаттанбайтындығын білдіріп отырады.
Көптеген әр түрлі бейнелер арасындағы қазіргі қоғамның жағдайын және тенденциясын дамуын анықтауда екі ерекшелік бар. Олардың мағынасын бағалау қиын.
Оның біреуі мемлекеттік қызмет әлеуметтік құжаттарға және әлеуметтік бағыттылықққа ие болады. Яғни, даму приоритеттерін анықтау кезінде қоғамның жоғары құндылығы ретінде адамның қажеттіліктерін есепке алады. Осыған сәйкес мемлекеттік әлеуметтік саясат құрылады. Қандай бір өркениеттік қоғамның ажыратылмайтын саласы болып әлеуметтік қорғау жүйесінің эфективті және тармақ құру болып табылады. Басты мақсат қиын жағдайларға тап болған индивидтерге, топтарға күнделікті және жан-жақты көмек көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz