ҚР валюта жүйесі


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
I. ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ
1. 1 Валюта оның шығу тегі және даму тарихы . . . 5
1. 2 Қазақстанның ұлттық валютасы - Теңге . . . 8
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ
2. 1 Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары . . . 12
2. 2 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң дамуы, Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары және оның сыртқы экономикалық қызметке әсері . . . 16
2. 3 Төлем балансы және оның қазіргі кездегі жағдайы . . . 24
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Шетел мемлекеттерінің валюта жүйесі . . . 28
3. 2 Қазақстан Республикасындағы валюта жүйесіндегі өзекті мәселелер және шешу жолдары . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 40
КІРІСПЕ
Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж. М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.
Ақша көлемі мен айналымын қатаң салыстырмалы бағалар құрылымының сәйкестенуін арттырып, осыдан жалпы іске тартылудың өзгеруі және сұраныс пен ұсыныстың құрылымдық деңгейіне игі әсер етеді. Тұрақты баға деңгейімен үйлестірілген жалақыға сенімнің артуы шаруашылық ұйымдарына экономикалық негізді және тиімді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Жаңа классиктердің орталық идеяларының бірі экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып, экономикалық процестерді өз беттерінше болжай алады және үйлесімді шешімдер қабылдайды. Экономикалық обьектілер баға денгейінің болашағын болжай отырып, ағымдағы және келешектегі тұтынуды белгілей алады. Бұл жерде тұтынушылар пайдалылықты ұлғайтуға тырысады. Әрине, экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді әр қилы бағалау нәтижесінде теріс шешімдер қабылдауы мүмкін. Мысалы, өндірушілер бағалардың жалпы өсуін нақты тауарға сұраныстың артуы деп түсініп, тауарлар ұсынысын көбейтуі мүмкін. Бұл қателік жаппай сипат алса, белгілі бір мерзімнен кейін жалпы ұсыныс, жалпы сұраныстан артып кетеді. Алда мұның өзі құбылысқа айналса, өндірістің қысқаруына алып келеді.
Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаражаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.
Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар сәйкес бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы механизм болып табылады.
Бюджетті дұрыс пайдалану - қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды камтамасыз етілуіне, ғылыми - техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қаты-настарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай. бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды.
I. Валюта жүйесі, экономикадағы орны және рөлі.
1. 1 Валюта оның шығу тегі және даму тарихы.
Валюта (итал. «voluta» - құн, баға) - тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады:
1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), Мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы - теңге, Ресейдікі - рубль;
2) шет мемлекеттердің ақшасы;
3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы.
19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.
Бірінші топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары, т. б. ) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) харықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс сүштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салаларының өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасылымы жағдайларын жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатуының ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олар-дың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу карқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу жэне несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі эномикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:
- ұлттық валюта;
- ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:
а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында "еркін қолданылатын валюта" деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг;
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль;
б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі.
Еуропалық валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:
- әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем) ;
- валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
- валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
- валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
- халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзшік валюта жүйесі әлем-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.
1. 2 Қазақстанның ұлттық валютасы - Теңге.
Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды) .
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше, бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынады. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17, 9%, 1996 жылы - 15, 4% төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5, 17%, ал 2002 жылы - 3, 25% болды.
Негізінен, теңгенің он жылдық тарихын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:
1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және және қаржы рыноктарының қалыптасуы (1993-1996 жылдар) .
1995 жылдың аяғында - 8, 2% болған ЖІӨ өсу қарқыны төиендеуінің сақталуына қарамастан, осы кезеңнің аяғында инфляцияның деңгейін 60, 3%-ға дейін төмендетуге қол жетті.
1993 жылғы қарашада теңгенің енгізілу кезіне қарай Қазақстанның банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын: екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс істеді, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банке орталық банктің бірқатар функциялары берілді. Бұл өз валютвмызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуін едәуір жеңілдетті.
Банк секторын едәуір сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде 1993-1996 жылдар арлығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге азайды.
2-кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999 жылдар)
Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру процестері екінші деңгейдегі банктердің жалпы санының 55-ке дейін азаюына ықпал етті. Жекелеген банктер қайта ұйымдастырылды.
1998 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан рыноктық қатынастар негізінде құрылған және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген үш деңгейлізейнетақы жүйесіне көшті.
3-кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап) .
ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. 2003 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8, 6% болды.
Соңғы 3 жылда инфляцияның орташа жылдық деңгейі 13, 2% -дан 5, 9%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Инфляция 2003 жылдың 10 айында (2002 жылдың желтоқсаны - 2003 жылдың қазаны аралығында) 4, 2% болды.
Инфляция қарқынының баяулауы Ұлттық банкке қайта қаржыландыру ставкасын Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері ең төменгі деңгейге - 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Банк секторы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның үшеуі мемлекеттік. Қазақстан Даму банкін, Әсимданкті және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады.
Банк жүйесінің тұрақтылығы нығая түсуде. Оның валюта баламасындағы жиынтық меншікті капиталы 1, 4 млрд. Астам АҚШ долларын құрайды. ТМД елдері ішінде бір банкке келетін меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстан жетекші орында (43 млн. АҚШ доллары) .
Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5, 1 млрд. астам АҚШ долларына дейін 3 есе, ал халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) - 2, 1 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті.
Банктердің ресуртық базасының қарқын алуы оларға экономиканы кредиттеу қызметін едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда банктердің экономикаға кредиттері 5, 9 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті (ЖІӨ-нің 22%-ы) . Қазіргі кезде бенк активтерінің 57%-ға жуығы кредиттер түрінде экономиканың нақты секторына орналастырылды.
Жеті банкнота жасау үшін Т. Сүлейменовтің басшылық жасаған суретші-дизайнерлер командасы құрылды, оның құрамына Əлин М. Қ., Дүзелханов А. кірді. Олардың алдында ерекше жəне сонымен қатар аса жауапты жұмыс тұрды. Банкноталардың дизайны көркемдік ой тұрғысынан алғанда эстетикалық жəне сол сияқты одан əрі жаппай шығару, яғни полиграфиялық басу тұрғысынан алғанда барынша төзімді болуы тиіс болды. Біріншіден, банкноталар тарихи тұжырымдама тұрғысынан алғанда қандай болу керек екенін шешу қажет болды. Бұл тұжырымдама банкноталарды жалпы қағидаттарына жəне халықтың əдеби мұрасына негізделді. Көптеген нұсқалары болды - банкноталарда тарихи тұлғалардың суретін орналастыру; немесе қазіргі Қазақстан аумағында болған маңызды көне оқиғаларды; немесе халық аңыздарының, ертегілерінің, эпостарының кейіпкерлерін; немесе ұланғайыр даланың табиғат ландшафттарын, тамаша тауларды жəне жануарлар мен өсімдік əлемінің түрлерін көрсету. Дəстүрлерге, өз батырларына, табиғаты жəне кен қойнауы бай жер күнделікті жəне сонымен қатар жаңа елдің өзінше қайталанбас қасиеттерімен есте қалуы тиіс. Алуан түрлі ауқымды материалдар, сілтемелер, даулар жəне негіздемелер нəтижесінде банкноталардың бет жағына Қазақстанның мəдени мұрасын айқын көрсететін тарихи тұлғалардың суретін орналастыру шешілді. Банкноталардың сырт жағында ел үшін тəн табиғат жəне сəулет элементтері қамтылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында бел-гіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.
Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар бір-тіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жұз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында "Жібек жолы" жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57, 54 г құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10 мың тенгелік алтын монеталар кірді. Жиынтық 816 доллар тұрды. Сонымен Қазақстан теңгесі сонғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.
Ескі банкноттар
1. 000 теңге
20 теңге
200 теңге
200 теңге(жаңа)
5 теңге
50 теңге
500 теңге
II. Қазақстан Республикасындағы валюта жүйесін реттеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz