Лирикалық шығарманы талдау жолдары



Кіріспе

І. Лирикалық шығармалардың түрлері және оны оқудың мақсаттары
1.1. Лирикалық шығармалардың түрлері, зерттелуі
1.2. Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік
мақсат.міндеттері

ІІ. Лирикалық шығармаларды талдау
2.1 Прозалық шығарманы талдау жолдары
2.2 Поэзияны Талдау жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына. оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын «мектептегі басты тұлға-мұғалім» десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой, танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын өлең өнерін («қазақтың қасиетті қара өлеңін») оқыту үрдісі оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктейді. Сондықтан бүгінгі тандагы мектеп проблемасы «Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын артгыру» оқушылардың өз «менін» қалыптастыру болса, лирикалық шығармаларды мектепте оқыту үрдісінде де педагогика жаңалықтарын қазіргі оқытып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бір жолы. Ұзақ жылғы тәжірибе мен зерттеу жұмысының нәтижесіндегі алдына қойған мақсат - баланы субъект ретінде оқу, ісіне қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.
Курстық жұмыстың негізгі тақырып нысанына алынып отырған лирика жанрының қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби процестегі алатын орнына, поэтикасына, жалпы лирика табиғатына қатысты әр түрлі ғылыми еңбектер жазылғаны белгілі. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, М.Дүйсенов, М.Базарбаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Ә.Нарымбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Әбдірахманова, Б.Көрібаева, ЖДәдебаев, Қ.М.Пазылов, Т.Шапай және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде [1] қазақ өлеңінің мәселелері әр қырынан жан-жақты зерттеу объектісіне айналып, қазақ лирикасының тарихи даму жолдары, ақындық өнердің сыры мен сипаты қарастырылып отыр.
Лирикалық шығармаларды оқыту әдістемесі тұрғысынан зерттеу жұмыстары кеңестік дәуір кезеңінде әдіскер-ғалымдар М.А.Рыбникова, В.В.Голубов, Н.И.Кудрящев, В.А.Николтский , З.Я. Рез еңбектерінде кеңінен жүзеге [2] асырылады.
Мәтін талдау барысында лириканың күрделі ішкі құрылымына, стильдік бітіміне, өлең сырына бойлату, ондағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын оқушыларға түсіндіру, шынайы адамдық сезім биігін ұғындыру арқылы оқушыларға эмоциялық , эстетикалық ләззат, әсер беру жолдарын қарастыру. Лириканы оқыту байланысты зерттеудің басты мақсаты - ақынға рухани жақындау, оны сезіну, ақынның сезім мен ой тереңдігіне бойлау, сол арқылы оқушының
1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.-Алматы, «Мектеп», 1965 ж.

2. Добролюбов Н.А. Үш томдық шығ.жинағы. – Алматы, «Жазушы», 1952 ж.

3. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, «Жалын», 1991 ж.

4. Аймауытов Ж. Бес томдық шығ.жинағы. 5-т: Алматы, «Ғылым», 1999 ж.

5. Оңғарсынова Ф. Екі томдық шығ.жинағы.2-т: Алматы, «Жазушы», 1987 ж.

6. Рахметова С., Қабатай Б., Әмірова Ә. Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал (байқау нұсқасы). – Алматы, «Атамұра», 2006 ж.

7. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы, Алматы, 1969, 244 б.

8. Ысмайылов Е. Әдебиет жайлы ойлар, Алматы, 320 б.

9. Дүйсенов М. Қазақ лирикасындазгы тақырып пен керкемдік шешім, Алматы, 1971, 12-13 б.

10. Базарбаев М. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Алматы, 1968, 258 6.

11. Қабдолов 3. Сөз өнері, Алматы, 365 б.

12. Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы, Алматы, 1973, 212 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І. Лирикалық шығармалардың түрлері және оны оқудың мақсаттары
1.1. Лирикалық шығармалардың түрлері, зерттелуі
1.2. Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік
мақсат-міндеттері

ІІ. Лирикалық шығармаларды талдау
2.1 Прозалық шығарманы талдау жолдары
2.2 Поэзияны Талдау жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды,
талантты адамын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі мемлекетіміздің
басты назарында.
Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына. оңтайлы әсер етуі үшін
дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру,
оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге,
бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда
мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі
тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға-
мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре
алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне
жұмсай алатын қазақтың ой, танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес
қосатын өлең өнерін (қазақтың қасиетті қара өлеңін) оқыту үрдісі оны
ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктейді. Сондықтан бүгінгі тандагы
мектеп проблемасы Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті
енгізу арқылы білім сапасын артгыру оқушылардың өз менін қалыптастыру
болса, лирикалық шығармаларды мектепте оқыту үрдісінде де педагогика
жаңалықтарын қазіргі оқытып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу -
оқыту мақсатына жетудің бір жолы. Ұзақ жылғы тәжірибе мен зерттеу жұмысының
нәтижесіндегі алдына қойған мақсат - баланы субъект ретінде оқу, ісіне
қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.
Курстық жұмыстың негізгі тақырып нысанына алынып отырған лирика жанрының
қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби процестегі алатын орнына, поэтикасына,
жалпы лирика табиғатына қатысты әр түрлі ғылыми еңбектер жазылғаны белгілі.
Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов,
М.Дүйсенов, М.Базарбаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Ә.Нарымбетов, Ә.Тәжібаев,
Т.Әбдірахманова, Б.Көрібаева, ЖДәдебаев, Қ.М.Пазылов, Т.Шапай және тағы
басқа ғалымдар еңбектерінде [1] қазақ өлеңінің мәселелері әр қырынан жан-
жақты зерттеу объектісіне айналып, қазақ лирикасының тарихи даму жолдары,
ақындық өнердің сыры мен сипаты қарастырылып отыр.
Лирикалық шығармаларды оқыту әдістемесі тұрғысынан зерттеу жұмыстары
кеңестік дәуір кезеңінде әдіскер-ғалымдар М.А.Рыбникова, В.В.Голубов,
Н.И.Кудрящев, В.А.Николтский , З.Я. Рез еңбектерінде кеңінен жүзеге [2]
асырылады.
Мәтін талдау барысында лириканың күрделі ішкі құрылымына, стильдік
бітіміне, өлең сырына бойлату, ондағы философиялық-эстетикалық,
поэтикалық ой арқауын оқушыларға түсіндіру, шынайы адамдық сезім биігін
ұғындыру арқылы оқушыларға эмоциялық , эстетикалық ләззат, әсер беру
жолдарын қарастыру. Лириканы оқыту байланысты зерттеудің басты мақсаты -
ақынға рухани жақындау, оны сезіну, ақынның сезім мен ой тереңдігіне
бойлау, сол арқылы оқушының оқырмандық сапасын арттырып, көркем сөздік
құдіретін түсіне білуге тәрбиелеу, оқушылардың өлеңге деген
қызығушылықтарын оятып, құмарлығын арттыру арқылы олардың жан дүниесін
байыта отырып, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік, инабаттылық тәрбие беру.

Жұмыстың міндеттері: Ү-ІХ сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытуға
байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды:
- лирикалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- мектеп бағдарламасына енген лирикалық шығармаларға шолу жасау, жүйелеу;
- лириканың жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісшдс танытудың жолдарын
саралап қарастыру;
- лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап
көрсету;
- оқушыларға лириканы дұрыс қабылдай білуге үйрету;
- лирикалық шығармалардың құрылысын меңгерту;
- лириканы оқытуда жеңілден - ауырға, түсініктіден-түсініксізге, жалқыдан-
жалпыға қарай деген дидактикалық принципті ұстаным ету
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Лирикалық шығармалардың түрлері және оны оқудың мақсаттары
1.1. Лирикалық шығармалардың түрлері, зерттелуі.

Лирикалық жанрдың да өзара түрлері бар. Бұл түрлер көрсетпек болған
өмір құбылыстарын қалай суреттеуі, ақынның көңіл күйі қалай берілуіне
байланысты. Бұл жанрға тән ақынның дүниетанушылығы, көзқарасы мен өзінің
ішкі сезімін, күйініш-сүйінішін дайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы,
жоғарғы айтылғандар тәрізді, қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш,
асқақты білдірсе, кейде мұң, зарды, кейде көңілдің бейжай қоңыр күйін
сездіруі мүмкін. Міне, осы сипаттарына қарап, лирикалық жанр әлденеше
түрлерге бөлінеді..
XVIII ғасырда дворян әдебиетіндегі лирикалық шығарманың негізгі бір түрі
ода болады. Бір таптық топтың ең керекті санаған адамы не нәрсесі туралы
ақынның өте қуанышты, өте көтеріңкі тілмен жазған лирикалық өлеңдерді ода
деп атайды (мысалы, әскердің жеңуі, сарайда болған мейрам т.б.). Россияда
ода жазушылар Ломоносов, Державин т.б. болды.
Қазақ хандарының дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы ақындардан
ода шығарушылар көп болған. Жәңгірдің хан боп тұрған кезінде ханның сарай
ақыны болған Байтоқ ақынның одаға жататын бірнеше өлеңдері бар.
Әртүрлі маңызды тақырыптарға жазылған қуанышты өлеңдер олардан кейін де
болған және күні бүгінге шейін бар. Бірақ бүгінгі оданың тақырыбы, мазмұны
бұрынғы одалардан мүлде бөлек.
XVIII ғасырдың аяқ кезі, ХІХ ғасырдың бас кезінде орыстың дворян
әдебиетіндегі оданы элегия шетке қаға бастады. Элегия деп өзінің жай
өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік,
табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда көңілдің
қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Сондықтан элегия қайғылы өлең деген
түсінік туды. Элегияның өрбіген дәуірі феодалдық-крепостнойлық құрылысты
капиталдық жаңа қатынас әлсіретіп, феодал құрылысы құлауға айналған дәуірде
болды. Соның салдарынан жеке бақыттылық, жеке рақатты аңсаған қайғылы ой,
жеке өмірді көксеген тілек элегияда терең із қалдырды.
Қазақ әдебиет тарихын алсақ, элегияның күшейген кезін ХІХ ғасыр деп
айтуға болады. Қазақ хандығы жойылып, отарлау саясаты күшейіп, қазақтың
ескі феодалдық өміріне өзгеріс ене бастаған кезде кейбір қазақ ақындарында
элегияға берілушілік көп болды. Мысалы, Шәңгерей ақынның көп өлеңдері де
элегияға жатады.
Сатиралық эпос сықылды, сатирамен жазылған лирикалық шығармалар да
болады. Сатира дворян әдебиетінде де болды. Бірақ олардың сатирасы
крепостнойлық қоғамның негізіне қарсы жұмсалған жоқ, сол қоғамның кейбір
жеке кемшіліктеріне ғана қарсы жұмсалды.
 Мысалы,  Россияда XVIIІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы жаңа туып
келе жатқан буржуазия әдебиетінде дворяндар үкіметінің жүгенсіздік
кесепаттарын мысқылдағанын көреміз.
Бірақ сатиралық лириканың төтенше дәуірлеген кезі тап күресінің
күшейіп, нағыз шиеленіскен дәуірде болды. Мысалы, ХІХ ғасырдың 60
жылдарындағы революцияшыл разночинецтер кертартпа помещик және ымырашыл
буржуазия ақындарымен қарсы күрестерінде сатираны көп қолданды. Сатиралық
көп өлеңдер жазды (Искра ақындары және Добролюбов, Некрасов т.б.).
Некрасовтың Ұмытылған деревня тағы осы сияқты көп өлеңдері сатираға
жатады. Бұл өлеңдерінде Некрасов феодалдық-крепостнойлық құрылыстың кейбір
кемшілігін түзеу үшін күрес ашып қана қоймай, сол құрылыстың негізіне қарсы
шығады. Революцияшыл-демократтық идеал үшін күреседі.
ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының ішінде сатиралық лириканы көп жазған
адам Абай болды. Ол елдегі болыс, билерді шенеп-мінеп, сынға алып,
мысқылдап жазған Дүтбайға, Болыс болдым, мінекей деген өлеңдері
сатиралық лирикаға жатады.
Қалың бұқараның революциялық қозғалысының кезінде өте өскен, көбейген
лириканың бір түрі әнмен айтылатын революциялық өлеңдер болды. Ән өлеңі деп
әнге салып айтуға арналып шығарылған өлеңді айтады. Ән өлеңі ауыздан-ауызға
көшіп жүреді. Еңбек уағында болсын, демалыс уағында болсын, демонстрация
кезінде болсын, коллектив болып ән салатыны мәлім. Әнмен айтылатын өлеңдер,
лириканың қай түрінен болса да, көпшілікке жақын тұрады. Ән жұртшылыққа кең
тарайды. Революциялық әндер арқылы қалың бұқара жұртшылығы зорлық-
зомбылыққа, қанаушылыққа қарсылығын, еңбек пен күреске әзірлігін,
қиыншылықты жеңетініне сенімін білдірді. Жұртшылыққа белгілі көп әндердің
авторы (ХІХ ғасырдың алдыңғы жарымындағы) француздың революцияшыл ақыны
Беренже болды. Пролетариаттың революциялық күресі де өзінің әнін туғызды.
Даңқты Интернационал әні жер жүзі пролетариатының гимні болды. Сол
сықылды көп жайылған әндердің бірі Коминтерн, Заводтар, тұрыңдар, басқа
да революциялық әндердің ішінен көп тараған әндер деп Біз ұсталар, Жас
қайрат, міне, осыларды айтуға болады.
Лирикалық шығармалар кейде тақырыбы, мазмұнына қарай да бөлінеді:
саяси-азаматтық лирика (тақырыбы да, мазмұны да әлеуметтік мәні зор ірі
мәселелерді сөз етеді); сүйіспендік, махаббат лирикасы (негізі әңгіме
сүйіспендік, махаббат туралы, кейде қуанышты, кейде қайғылы болуы мүмкін);
философиялық лирика (ақын лирикалық өлеңін философиялық терең мазмұнға
құрады. Мұндай лирикалар орыстың думы дейтін, қазақтың толғау деп аталатын
кейбір өлеңдеріне жақын келеді). Осылардың ішінде ерекше тұратыны - табиғат
лирикасы. Жаз, күз, қыс, теңіз, тау, орман, тоғай тәрізді әр алуан табиғат
құбылыстарын жырлауға арналған лирикалық өлеңдер. Әрине, лирикалық
өлеңдердің мазмұны да, түрі де, оларда байқалатын көңіл күйлері де ақынның
өмірге көзқарасымен байланысты.
Сөз өнерінің өзге тектері (эпос пен драма) тәрізді лириканың да
суреттейтін құбыльістары көп. Қандай суреткер болсын, қөркем шығарма
жазудага мақсат -өмірдегі өзекті шындықты көрсету. Осы тұрғыдан алғанда,
лириканың өзге текстерге, айталық эпосқа принциптік қайшылығы жоқ, олардан
тек тәсіл жағынан айырмасы бар Ендеше эпостық шығармалардың өмірдегі қат-
қабат, шытырман окиғаларды суреттеуде мүмкшдігі лирикадан әлдеқайда мол,
құрамы кең. Эпиқалық шығармалардың көбі сюжетке құрылады. Адам образын жан-
жақты бейнедеп, шындық сырын неғұрлым толық ашуға бейім.
Ал лирикалық шығарма олай емес. Көлем жөнінен эпосқа қарағанда,
әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім
басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер
философиялық ой маңына жинақталады. Ашуландырған, қуантқан, ренжіткен,
рақаттандырған, қинаған, мазасын алған. Не тыныштық берген нәрсенің бәрін
де лирика өзінің заңды еншісіңдей қабыл алмақ [5,343].
Академик Қ.Жұмалиев пікірінше; Лирика - өмір құбылысына ақынның көз-
қарасы, түсіну, сезімі, күйініші — сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы
да кейде қоңыр күйі де көрінеді [6,69].
Адамның психологиялық көңіл-күйі өзіңен-өзі құбылып өзгермейді. Көңіл-
күйдің, шаттық сезімнің, қуаныштың, мысқыл кекесін, ашу-ызаның, адам бойын
билеген ой-арманның пайда болуы өмірдің оралуан көрінісіне, жағдайға,
табиғатқа, әлеуметтік ортаға байланысты туады.
Мәселен, Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны хан-сұлтандарға деген
кекті ашу-ызадан туған сөздер. Өлеңді оқығанда ақынның қандай көңіл-күйінен
туындаған не сол сөзді айту үстінде оның жанын тербеген сезімнің көрінісі
байқалғандай болады.
Өзекті жанға бір өлім,
Орданды талқан қылып шабармын...
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман...
деген жолдарынан Баймағамбет сұлтанның алдында тұтқын дәрежесінде тұрып-ақ
қаймықпай, көтеріліс бағдарламасьша сай халықтың қайнаған кегі мен
өшпеңділігін білдіретін ерлікті айқын аңғаруға болады. Сол дәуірде бұл
мәселеге Махамбетпен ешкім таласа алмайды. Академик З.Қабдолов лириканы:
Нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры. Бір өленде бірнеше сөз болуы мүмкін.
Лирикадағы бас қаһарман -ақынның өзі. Лирикалық кейіпкер, әдетте ұнамды
кейіпкер. Лирикада тартыс та болады. Лирикада негізінен мінез болады
[6,70] - деп бағалайды.
Лириканың табиғаты, сипаты, түрлсрі туралы сонау көне дәуір ойшылдары
Аристотель, Әл - Фарабиден бастап XIX ғасырда5ы орыс классикалық сыны
өкілдерінін (В.Г.Белинский т.б.), бүгінгі қазақтың белгілі ақын-
жазушылары, ғалымдары еңбектеріиде кеңінен сөз болады.
Ұлы ағартушы, оқымысты Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының да кейбір
мәселелерімеи. шұғыдданған қазақтың поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын
зерттеген, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстырмақшы болған.
қазақ өлендерін Шоқан: жыр, жоқтау, қара өлеи, қайым өлең, өлең [7,41] -деп
бөледі. қайсысы ескі түр, қайсысы жаңарақ, олардың қайсысыи кімдер айтады,
міне осы жағынан талдаулар береді.
Қ.Жұмалиев Әдебиет теориясы еңбегінде [1,131] атап өтеді. Ода,
элегия, сатиралық элегия, ән өлең, ал З.Қабдолов Сөз өнерінде [1,343]
төмендегі түрлерін көрсетеді: баллада, идиллия, мадригал, ода, сонет,
арнау, канцонетта, элегия, эпиталама, эпитаорма, эпиграмма т.б.
Зерттеуші - ғалым С.Мақпырұлының Әдебиеттің тектері мен түрлері атты
әдістемелік талдау еңбегінде (3) лирикалық шығармалардың түрлерін
(жанрларын) ақынның қоршаған орта, қоғамдық шындық туралы толғаныс
сезімдерін, оны танып, бағалауын, жалпы көңіл-күйін таныту тәсілдерінің
сипатына қарай талдап көрсетеді: ән өлеңі, ода, элегия, сонет, сатира,
арнау, эпиграмма.
Лирикалық шығармаларды жүйелегенде тағы бір ескертетін нәрсе-оларды
тақырыптық тұрғыдан қарастырып талдау.
Бұл ретте академик З.Қабдолов: Әуелі Көне дүние тұсында, кейін
Классицизм кезінде сыршыл өлендерді түр-түрге бөліп келгендер болды. Бірақ
бұл онша жемісті әрекет емес, әншейін сырттай ғана жеңіл-желпі топтау,
дұрысында бұлайша бұтарлау лириканың мазмұнын жеделдетеді, сондықтан
қазіргі лирика бұлай жіктелмейді. Оның орнына әдебиет зерттеушілер шартгы
түрде болса да әрбір лирикалық өлеңді тақырыбына қарай талдап, саяси
лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы деген
сияқты санаулы салаларға ғана бөліп тексеріп жүр. Лириканы бұлай салалап
тексерудің бірқатар мәні бар: әр түрінен ақынның әр қырын тануға болады.
Айталық, махаббат лирикасы. Абайдың осы саладағы лирикасынан не аңғаруға
болар еді? Сөз жоқ, ақынның сұлулыққа көзқарасынан бастап гуманизміне
дейінгі талай қырын аңғарған болар едік. Бұларды өз алдына қойғанда,
ақынның творчестволық эволюциясын, суреткерлік шеберлікке жетілу сырын
таныған болар едік [1,331]- дейді.
Лирикалық шығармаларды топтастыру, жанрлық ерекшеліктерін бір ізге
түсіруде орыс галымдары М.Бахтин, В.Д.Сквозников, Л.Тимофеев, Д.С.Лихачев,
Г.Л.Абрамович, Г.Н.Поспелов, Л.Я.Гинзбург, Н.А.Гуляев, И.Гинберг,
Л.Г.Фризман еңбектерінің (8) мәні зор. Бүлардың пікір –көзқарастарының
арасында да өзара келіспеушіліктер, қайшылықтар кездесіп отырады. Десек те,
олар лириканың сыр-сипатын ашып, түрін түстеуге, қоғам жаңарған сайын қайта-
қайта оралып, жаңа қырынан келіп, құнды пікірлер айтып отыр. Осы
эергтеушіілердің тұжырымдарын жинақтап түйіндесек, лириканы екі улкен
салаға бөліп қарауға болады екен. Бірі- медиативті (толғау) лирика,
екіншісі - баяндау лирика (повествовательная лирика).
Соңғы кездері қазақ әдебиеттану ғылымында да қазақ лиркасының жанрлық
ерекшеліктері жайында ғылыми еңбектер жариялана бастады. Солардың бірі
Б.Кәрібозұлының Қазақ лирикасының жанрлық спецификасы атты еңбегі
[11,35]. Ғалым өз еңбегінде лириканы — арнау, толғау, баяндау лирикасы деп
үш топқа бөледі.
Бұл қазақ өлеңдерінің ерекшеліктеріне өте жақын келеді ғой деп ойлаймыз.
Дегенмен, мектеп бағдарламасындагьі берілген лирикалық шығармалардың дені
қалыптасқан тақырыптық түрлеріне қарай талдауға бейім боп келетіндігі. Бұл
жерде лириканы тақырыбына қарай топтап талдау, оны жазған ақынның
творчестволық бітімін пайымдау үшін айырықша мәні бар нәрсе: әр түрінен
ақынның әр қырын тануга болады [1,331] — деген академик З.Қабдолов пікірін
ескеруіміз керек. Зерттеуші ғалымдардың пікірлерін жүйелей келгенде,
лирикалық шығармалардың тақырыптық жағынан төмендегі түрлері бойынша
курстық жұымста тоқталмақпын. Ал, лирика, өлең жанрын: баллада, толғау
(монолог), арнау, жоқтау (эпитафия), мысқылдау (эпиграмма), мадақтау (ода),
бейне өлең. ой өлең, сонет, ән өлең - деп лирикалық шығармаларды талдауда
осы жүйеге сүйенетінімді айта кеткен жөн.
Қорыта келгенде, лириканың жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісінде
танытуға байланысты зерттеуші ғалымдар мен әдіскерлердің піқірлерін саралап
қарағанда байқағаным, мұғалім көркем мәтіндердің тақырыбы мен
кейіпкерлерін, идеялық мазмұнын талдап қана қоймайды. Сол мәтіннің түрін
(табиғат, көңіл күй, саяси т.б.) де атап, қай жанрға жататынын, сол жанрдың
ерекшелігін таныстырып отыруы дағдыға айналуы тиіс. Өйткені, жанрлық
ерекшелік деген - көркем мәтіннің өзге шығармалардан өзін айырып, танытатын
ерекшелік. Ол тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ғана емес, өзіндік
табиғатынан, баяндалу, бейнелену түрінен де, шығарманың композициясы, тілі,
көлемі жағынан да танылады. Әдебиетті оқытудағы әдістемелік жұмыс түрлері
көркем мәтіннің жанрлық ерекшелігіне де байланысты өзгеріп, алмасып
отырады. Осыған байланысты лирикалық жанр табиғаты сабақта қандай әдіс-
төсіддер қолдануды күні бұрын айқындауды талап етеді.

1.2. Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттері
Лирикалық жанрдың да өзара түрлері бар. Бұл түрлер көрсетпек болған өмір
құбылыстарын қалай суреттеуі, ақынның көңіл күйі қалай берілуіне
байланысты. Бұл жанрға тән ақынның дүниетанушылығы, көзқарасы мен өзінің
ішкі сезімін, күйініш-сүйінішін дайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы,
жоғарғы айтылғандар тәрізді, қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш,
асқақты білдірсе, кейде мұң, зарды, кейде көңілдің бейжай қоңыр күйін
сездіруі мүмкін. Міне, осы сипаттарына қарап, лирикалық жанр әлденеше
түрлерге бөлінеді..
XVIII ғасырда дворян әдебиетіндегі лирикалық шығарманың негізгі бір түрі
ода болады. Бір таптық топтың ең керекті санаған адамы не нәрсесі туралы
ақынның өте қуанышты, өте көтеріңкі тілмен жазған лирикалық өлеңдерді ода
деп атайды (мысалы, әскердің жеңуі, сарайда болған мейрам т.б.). Россияда
ода жазушылар Ломоносов, Державин т.б. болды.
Қазақ хандарының дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы ақындардан
ода шығарушылар көп болған. Жәңгірдің хан боп тұрған кезінде ханның сарай
ақыны болған Байтоқ ақынның одаға жататын бірнеше өлеңдері бар.
Әртүрлі маңызды тақырыптарға жазылған қуанышты өлеңдер олардан кейін де
болған және күні бүгінге шейін бар. Бірақ бүгінгі оданың тақырыбы, мазмұны
бұрынғы одалардан мүлде бөлек.
XVIII ғасырдың аяқ кезі, ХІХ ғасырдың бас кезінде орыстың дворян
әдебиетіндегі оданы элегия шетке қаға бастады. Элегия деп өзінің жай
өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік,
табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда көңілдің
қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Сондықтан элегия қайғылы өлең деген
түсінік туды. Элегияның өрбіген дәуірі феодалдық-крепостнойлық құрылысты
капиталдық жаңа қатынас әлсіретіп, феодал құрылысы құлауға айналған дәуірде
болды. Соның салдарынан жеке бақыттылық, жеке рақатты аңсаған қайғылы ой,
жеке өмірді көксеген тілек элегияда терең із қалдырды.
Қазақ әдебиет тарихын алсақ, элегияның күшейген кезін ХІХ ғасыр деп
айтуға болады. Қазақ хандығы жойылып, отарлау саясаты күшейіп, қазақтың
ескі феодалдық өміріне өзгеріс ене бастаған кезде кейбір қазақ ақындарында
элегияға берілушілік көп болды. Мысалы, Шәңгерей ақынның көп өлеңдері де
элегияға жатады.
Сатиралық эпос сықылды, сатирамен жазылған лирикалық шығармалар да
болады. Сатира дворян әдебиетінде де болды. Бірақ олардың сатирасы
крепостнойлық қоғамның негізіне қарсы жұмсалған жоқ, сол қоғамның кейбір
жеке кемшіліктеріне ғана қарсы жұмсалды.
 Мысалы,  Россияда XVIIІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы жаңа туып
келе жатқан буржуазия әдебиетінде дворяндар үкіметінің жүгенсіздік
кесепаттарын мысқылдағанын көреміз.
Бірақ сатиралық лириканың төтенше дәуірлеген кезі тап күресінің
күшейіп, нағыз шиеленіскен дәуірде болды. Мысалы, ХІХ ғасырдың 60
жылдарындағы революцияшыл разночинецтер кертартпа помещик және ымырашыл
буржуазия ақындарымен қарсы күрестерінде сатираны көп қолданды. Сатиралық
көп өлеңдер жазды (Искра ақындары және Добролюбов, Некрасов т.б.).
Некрасовтың Ұмытылған деревня тағы осы сияқты көп өлеңдері сатираға
жатады. Бұл өлеңдерінде Некрасов феодалдық-крепостнойлық құрылыстың кейбір
кемшілігін түзеу үшін күрес ашып қана қоймай, сол құрылыстың негізіне қарсы
шығады. Революцияшыл-демократтық идеал үшін күреседі.
ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының ішінде сатиралық лириканы көп жазған
адам Абай болды. Ол елдегі болыс, билерді шенеп-мінеп, сынға алып,
мысқылдап жазған Дүтбайға, Болыс болдым, мінекей деген өлеңдері
сатиралық лирикаға жатады.
Қалың бұқараның революциялық қозғалысының кезінде өте өскен, көбейген
лириканың бір түрі әнмен айтылатын революциялық өлеңдер болды. Ән өлеңі деп
әнге салып айтуға арналып шығарылған өлеңді айтады. Ән өлеңі ауыздан-ауызға
көшіп жүреді. Еңбек уағында болсын, демалыс уағында болсын, демонстрация
кезінде болсын, коллектив болып ән салатыны мәлім. Әнмен айтылатын өлеңдер,
лириканың қай түрінен болса да, көпшілікке жақын тұрады. Ән жұртшылыққа кең
тарайды. Революциялық әндер арқылы қалың бұқара жұртшылығы зорлық-
зомбылыққа, қанаушылыққа қарсылығын, еңбек пен күреске әзірлігін,
қиыншылықты жеңетініне сенімін білдірді. Жұртшылыққа белгілі көп әндердің
авторы (ХІХ ғасырдың алдыңғы жарымындағы) француздың революцияшыл ақыны
Беренже болды. Пролетариаттың революциялық күресі де өзінің әнін туғызды.
Даңқты Интернационал әні жер жүзі пролетариатының гимні болды. Сол
сықылды көп жайылған әндердің бірі Коминтерн, Заводтар, тұрыңдар, басқа
да революциялық әндердің ішінен көп тараған әндер деп Біз ұсталар, Жас
қайрат, міне, осыларды айтуға болады.
Лирикалық шығармалар кейде тақырыбы, мазмұнына қарай да бөлінеді:
саяси-азаматтық лирика (тақырыбы да, мазмұны да әлеуметтік мәні зор ірі
мәселелерді сөз етеді); сүйіспендік, махаббат лирикасы (негізі әңгіме
сүйіспендік, махаббат туралы, кейде қуанышты, кейде қайғылы болуы мүмкін);
философиялық лирика (ақын лирикалық өлеңін философиялық терең мазмұнға
құрады. Мұндай лирикалар орыстың думы дейтін, қазақтың толғау деп аталатын
кейбір өлеңдеріне жақын келеді). Осылардың ішінде ерекше тұратыны - табиғат
лирикасы. Жаз, күз, қыс, теңіз, тау, орман, тоғай тәрізді әр алуан табиғат
құбылыстарын жырлауға арналған лирикалық өлеңдер. Әрине, лирикалық
өлеңдердің мазмұны да, түрі де, оларда байқалатын көңіл күйлері де ақынның
өмірге көзқарасымен байланысты.
Сөз өнерінің өзге тектері (эпос пен драма) тәрізді лириканың да
суреттейтін құбыльістары көп. Қандай суреткер болсын, қөркем шығарма
жазудага мақсат -өмірдегі өзекті шындықты көрсету. Осы тұрғыдан алғанда,
лириканың өзге текстерге, айталық эпосқа принциптік қайшылығы жоқ, олардан
тек тәсіл жағынан айырмасы бар Ендеше эпостық шығармалардың өмірдегі қат-
қабат, шытырман окиғаларды суреттеуде мүмкшдігі лирикадан әлдеқайда мол,
құрамы кең. Эпиқалық шығармалардың көбі сюжетке құрылады. Адам образын жан-
жақты бейнедеп, шындық сырын неғұрлым толық ашуға бейім.
Ал лирикалық шығарма олай емес. Көлем жөнінен эпосқа қарағанда,
әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім
басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер
философиялық ой маңына жинақталады. Ашуландырған, қуантқан, ренжіткен,
рақаттандырған, қинаған, мазасын алған. Не тыныштық берген нәрсенің бәрін
де лирика өзінің заңды еншісіңдей қабыл алмақ [5,343].
Академик Қ.Жұмалиев пікірінше; Лирика - өмір құбылысына ақынның көз-
қарасы, түсіну, сезімі, күйініші — сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы
да кейде қоңыр күйі де көрінеді [6,69].
Адамның психологиялық көңіл-күйі өзіңен-өзі құбылып өзгермейді. Көңіл-
күйдің, шаттық сезімнің, қуаныштың, мысқыл кекесін, ашу-ызаның, адам бойын
билеген ой-арманның пайда болуы өмірдің оралуан көрінісіне, жағдайға,
табиғатқа, әлеуметтік ортаға байланысты туады.
Мәселен, Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны хан-сұлтандарға деген
кекті ашу-ызадан туған сөздер. Өлеңді оқығанда ақынның қандай көңіл-күйінен
туындаған не сол сөзді айту үстінде оның жанын тербеген сезімнің көрінісі
байқалғандай болады.
Өзекті жанға бір өлім,
Орданды талқан қылып шабармын...
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман...
деген жолдарынан Баймағамбет сұлтанның алдында тұтқын дәрежесінде тұрып-ақ
қаймықпай, көтеріліс бағдарламасьша сай халықтың қайнаған кегі мен
өшпеңділігін білдіретін ерлікті айқын аңғаруға болады. Сол дәуірде бұл
мәселеге Махамбетпен ешкім таласа алмайды. Академик З.Қабдолов лириканы:
Нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры. Бір өленде бірнеше сөз болуы мүмкін.
Лирикадағы бас қаһарман -ақынның өзі. Лирикалық кейіпкер, әдетте ұнамды
кейіпкер. Лирикада тартыс та болады. Лирикада негізінен мінез болады
[6,70] - деп бағалайды.
Лириканың табиғаты, сипаты, түрлсрі туралы сонау көне дәуір ойшылдары
Аристотель, Әл - Фарабиден бастап XIX ғасырда5ы орыс классикалық сыны
өкілдерінін (В.Г.Белинский т.б.), бүгінгі қазақтың белгілі ақын-
жазушылары, ғалымдары еңбектеріиде кеңінен сөз болады.
Ұлы ағартушы, оқымысты Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының да кейбір
мәселелерімеи. шұғыдданған қазақтың поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын
зерттеген, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстырмақшы болған.
қазақ өлендерін Шоқан: жыр, жоқтау, қара өлеи, қайым өлең, өлең [7,41] -деп
бөледі. қайсысы ескі түр, қайсысы жаңарақ, олардың қайсысыи кімдер айтады,
міне осы жағынан талдаулар береді.
Қ.Жұмалиев Әдебиет теориясы еңбегінде [1,131] атап өтеді. Ода,
элегия, сатиралық элегия, ән өлең, ал З.Қабдолов Сөз өнерінде [1,343]
төмендегі түрлерін көрсетеді: баллада, идиллия, мадригал, ода, сонет,
арнау, канцонетта, элегия, эпиталама, эпитаорма, эпиграмма т.б.
Зерттеуші - ғалым С.Мақпырұлының Әдебиеттің тектері мен түрлері атты
әдістемелік талдау еңбегінде (3) лирикалық шығармалардың түрлерін
(жанрларын) ақынның қоршаған орта, қоғамдық шындық туралы толғаныс
сезімдерін, оны танып, бағалауын, жалпы көңіл-күйін таныту тәсілдерінің
сипатына қарай талдап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту
Поэзиялық шығармаларды оқыту
Лириканы оқытудың тәсілдері
Көркем шығарманы талдау мен дамыту бағыттары
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
Әдебиетті оқыту әдістемесі
Драмалық шығармалар
Көркем шығарманы талдау жолдары
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Пәндер