Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама


Жоспар
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
- Тауарлы материалдық қорлардың есебі.
1. 2 Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама.
1. 3 Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтардың есебі
1. 4 Тауарлы материалдық қорларды түгендеу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бюджеттік есептің ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субьектінің нарықтағы іс-қимылын анықтау, бәсекелес-субьектіні айқындауға, сондай-ақ субьектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бюджеттік есептің басты мақсаттары болып табылады. Бюджеттік есеп-ол бюджет операциялары жөнінде ақшалай түрде ақпараттарды жинау, тіркеу және қорытудың үздіксіз жүйесі.
Бюджеттік есепті жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілеттілік орган тағайындалады. Экономиканың мәдениеттің, ғылымның, білімнің және халықты мемлекеттік басқарумен жалпы ұлттық және аймақтық міндеттерді шешуде маңызды роль атқарады. Барлық бюджеттік мекемелер үшін біріңғай мемлекеттік есеп саясатын қалыптастыратын негізгі құжат бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулық (№30, №110, №141) . Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл бюджеттік есептің негізгі тармағы нарықтағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау.
Бүгінде бюджеттік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол нарықтағы қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Бұл курстық жұмысым кіріспеден және бірнеше бөлімдерден тұрады. Кіріспеде жалпы бюджет туралы және курстық жұмысымның толықтай мазмұны жайлы ескердім. Ал 1-ші бөлімшелерде жалпы тауарлы материалдық қорлардың мәні және есебі, олардың негізгі шоттары және сондай-ақ олардың корреспонденциясы көрсетілген.
Екінші бөлімшеде тауарлы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама жайлы, яғни тауарлы материалдық қорлар қандай құжатта жүргізілетіні және қалай жүргізілетіні жайлы мағлұмат алуға болады.
Үшінші бөлімшеде қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтардың есебі көрсетілген. Онда тауарлы материалдық құндылықтардың есебін ұйымдастырудың маңызы және оның әдістері қарастырылған.
Төртінші бөлімшеде тауарлы материалдық құндылықтарды түгендеу жайлы толық атап көрсетілген.
- Тауарлы материалдық қорлардың есебі.
... жалғасыӨндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлар еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын толық және дер кезінде құжаттау; көлікті дайындау шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; КДШ -ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалыс туралы дәл мәліметтерді алу.
Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер - дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар- өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторларына тәуелді болып келеді.
Тауарлы-материалдық запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескерілуі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (өткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.
Бұл бөлімнің шоттарында бюджеттік ұйымға тиесілі құрылыс материалдары, қондырғы жабдықтары, материалдар, тамақ өнімдері, отын мен жанармай, мал азығы, жем, ыдыс, машиналар мен жабдықтардың запас бөлшектері, қосалқы шаруашылықтардың өнімдері мен бұйымдары,
малдың төлдері мен бордақыдағы малдар, оқулық, ғылыми және басқа
мақсаттарға арналған материалдар, сондай-ақ оған пайдаланылатын және лабораториялық сынақтағы материалдар, шаруашылық шарттарындағы ғылыми -зерттеу жұмыстарына арналған арнаулы жабдықтар есептеледі.
Материалдық запастар есепке алуда және есеп беруде, берерменнен алынған несие үшін проценттердің төлемін, жабдықтау, делдал, сыртқы экономикалық ұйымдар төлеген үстеме бағаларды ( үстеме ақыларды), тауарлық биржалар қызметтерінің, кедендік баждарды, өзге ұйымдардың күшімен жүзеге асырылатын тасымалдау, сақтау және жеткізу шығындарын қоса, оларды сатып алу шығындары бойынша анықталатын олардың іс жүзіндегі құны бойынша көрсетіледі.
Материалдық запастарды есептеудің негізгі міндеттері: барлық материалдық құндылықтардың сақталуын және қозғалысы мен дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету; запастар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау, белгіленген тәртіппен өткізуге жататын, пайдаланусыз материалдарды дер кезінде анықтау; бюджеттік ұйымның қоймаларында тұрған қалдықтар туралы нақты мәліметтер алу болып табылады.
Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және есебін дұрыс жолға қою мақсатында, қоймалық есептің ойдағыдай ұйымдастырылуын қамтамасыз ету керек. Материалдық құндылықтарды сақтау арнайы бейімделген бөлмелерде ( қоймаларда) жүргізілуге тиіс. Материалдық құндылықтарды қоймалық жайларда орналастырудың тәртібі оларды қабылдау, беру және түгендеу жөніндегі операциялардың тездігін қамтамасыз етуі керек. Материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату үшін жауапкершілік бюджеттік ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын белгілі бір материалдық жауапты тұлғаға жүктеледі. Бұл тұлғалардың ауыстырылуы қоймаларда түгендеу жасаумен және бюджеттік ұйымның басшысы бекітетін қабылдау-тапсыру актілерін жасаумен бірге жүргізілуге тиіс.
Материалдық құндылықтардың сақталу орыны қажетті таразылық жабдықпен, өлшеу аспабымен, өлшейтін ыдыспен және басқа да бақылау жабдықтарымен жарақталуы қажет.
Материалдық құндылықтардың есебі материалдық атаулары және жауапты тұлғалар бойынша сандық және сомалық тұрғыда жүргізіледі.
Қоймадағы материалдық құндылықтардың есебін материалдық жауапты тұлға тек атаулар, сорттар және сан көрсеткіші бойынша ғана материалдық 017 қоймалық есеп кітабында жүргізеді.
Бухгалтерлік қызмет қоймадағы материалдық құндылықтардың келіп түсуін және бөлінуін бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ материалдық есебі жөніндегі өз жазбаларын қоймада жүргізілетін жазбалармен салыстырып отырады.
Материалдар мен тамақ өнімдері кірістер жөніндегі есептеу тіркелімдеріне бастапқы құжаттардың негізінде құндылықтар түскен күнмен жазылады.
Бастапқы құжаттарда мынадай деректер көрсетілуге тиіс: материалдар мен тамақ өнімдері кімнен түскендігі, атауы, сорты, саны, бағасы, сомасы, қоймаға түскен уақыты және осы құндылықтарды қабылдаған материалдық жауапты тұлғаның қойған қолы. Берермен құжаттарының деректерімен алшақтық болған жағдайлардан 429 қабылдау актісі жасалады. Актіні қабылдау комиссиясы міндетті түрде қойма меңгерушісін және мүдделі жақтарды қатыстыра отырып, екі дана жасайды. Актінің бір данасы қабылданған материалдық құжаттарды есептеу үшін, екіншісі- берерменнің наразылық хатын рәсімдеу үшін қолданылады.
Қоймадағы материалдарды беру бюджеттік ұйымның басшысы бекіткен құжаттар бойынша жүргізіледі. Материалдарды беру үшін мынадай құжаттар қолданылады.
а) Н. 433 жолдама қағазы ( талап қағазы) қоймадан материалдар берілген кезде және материалдардың бюджеттік ұйымның ішінде ауыстырылған кезінде қолданылады. Жолдама қағаз ( талап қағазы), әдетте бір дана көшіріледі;
б) Н. 298 және Н. 299 меню-талапхаты қоймадан тамақ өнімдерін беру үшін қолданылады. Меню -талапхаты күн сайын тамақ өнімдерін бөлудің нормалары және тұтынушылардың саны туралы деректері негізінде жасалады.
Тұлғалардың тамақ өнімдерін беру және алу туралы қолдары қойылған меню-талапхаттары кестеде белгіленген мерзімде, бірақ айына үш реттен сиретпей, бухгалтерлік қызметке тапсырылады.
Емдеу-профилактикалық ұйымдарда тамақ өнімдерін беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша өкілетті ведомствоның нұсқауымен белгіленген құжаттар бойынша жүргізіледі.
в) Н. 397 шөп және жем беретін ведомость. Шөп пен жем қоймадан белгіленген нормалардың шегінде босатылады; ұйымдардың мұқтажына материалдар беретін Н. 410 ведомость ай бойында шаруашылық материалдарын, оқулық және басқа мақсаттарға арналған материалдарды беру үшін қолданылады. Бұл орайда жазуларды хронологиялық ретпен жүргізбеу керек, материалдардың әрбір түрі бойынша айдың аяғында жалпы қорытынды алу үшін, материалдардың әрбір түрі үшін белгілі сан мөлшерінде жол қалдыру қажет;
д) Н. 431 алыс-беріс картасы материалдар мен отынды күн сайын босатқан кезде, сондай-ақ ай бойында белгілі бір уақыт аралығы арқылы қолданылады.
Алыс - беріс картасы әрбір алушыға материалдардың бірнеше атауы бойынша тікелей мақсат бойынша жұмсау үшін жазып беріледі. Бұл карта екі данада жазылады, оның біреуі алушының қолымен-қоймада, екіншісі алушыда сақталады.
Босатылған кезде алыс-беріс картасы-15 күндік мерзімге, ал уақ-уақ босатылған кезде-бір айлық мерзімге беріледі.
Материалдар мен отын алушы алыс-беріс картасының өзіндік данасын көрсетуі бойынша белгіленген лимит шегінде беріледі. Материалдарды белгіленген лимиттен артық босату Н. 434 жолдамахат ( талапхат) бойынша жүргізіледі.
Егер қоймадан отынды ілеспехат ( талапхат) немесе алыс-беріс картасы бойынша беру мүмкін болмаса, отынның шығынын есептен шығару қалдықты өлшеу актісі бойынша жүргізіледі. Өлшеу актісі бойынша отын белгіленген жұмсау нормаларымен салыстырғанда кем шыққан жағдайда, бюджеттік ұйымның басшысы артық жұмсаудың себебін анықтау және тиісті жағдайларда-төлеттіру шараларын қолданады;
е) жол парағы автомобиль бензинін шығысқа шығару үшін қолданылады. Бензин іс жүзіндегі жұмсалуы бойынша есептен шығарылады, бірақ автомобильдердің жекелеген маркалары үшін белгіленген нормалардан артық болмауға тиіс;
ж) Н. 1-т ( нысандық) ведомствоаралық тауарлық-көліктік жалдамахат ұйымның өз мұқтажы үшін өз автомобилдерімен жүк тасуда қолданылады.
Материалдар мен тамақ өнімдерін есептен шығару, егер олар әртүрлі бағалармен сатып алынған болса, оларды сатып алған немесе орта баға бойынша жүргізіледі. Қайтарылатын немесе алмастырылатын ыдыстар, бостары ( босатылғандары) да, материалдық құндылықтар сақтаулы тұрғандары да, тиісті топтар немесе түрлер бойынша, берермендердің шоттарында көрсетілген бағалармен есептеледі.
Ыдыстар қайтарылған немесе сатылған кезде сатып алынған баға мен ыдыстың сатылған бағасы арасындағы айырмашылық іс жүзіндегі шығыстарға жатқызылады.
Материалдық запастарды есептеу үшін мынадай шоттар арналған.
03 «Бұйымдар және өнімдер»;
04 «Жабдықтар, құрылыс материалдары мен ғылыми зерттеулерге арналған материалдар»;
05 «Малдың төлдері және бордақыдағы малдар»;
06 «Материалдар және тамақ өнімдері».
03 «Бұйымдар және өнімдер» шоты
Бұл шотта өндірістік ( оқулық) шеберханалардың қосалқы ауылдық және оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың дайын бұйымдары мен өнімдері, сондай-ақ дайын баспа өнімі есептеледі.
03 «Бұйымдар және өнімдер» шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
030 «Өндірістік ( оқулық) шеберханалардың бұйымдары»;
031 «Қосалқы ( оқулық) ауылдық шаруашылықтардың өнімдері ».
030 «Өндірістік ( оқулық) шеберханалардың бұйымдары» қосалқы шотында өндірістік ( оқулық) шеберханаларда әзірленген дайын бұйымдар, сондай-ақ дайын баспа өнімі есептеледі. Дайын бұйымдар мен баспа өнімі оны дайындауға жұмсалған іс-жүзіндегі шығындардың деректері бойынша анықталатын іс-жүзіндегі құн бойынша есептеледі. Қоймада дайын бұйымдар мен баспа өнімі қабылдау актілерінің немесе басқа да құжаттардың негізінде кіріске алынады. Дайын өнімнің сомасына 030 қосалқы шотының дебеті және 080 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жүргізіледі. өткізілген өнімнің сомасына 030 қосалқы шоты кредиттеледі және 280 қосалқы шоты дебеттеледі. Дайын бұйымдар мен дайын баспа өнімінің талдама есебі атауы, мөлшері мен құны және сақталу орны бойынша Н. 296-а карточкаларында жүргізіледі.
031 Қосалқы ( оқулық) ауылдық шаруашылықтардың өнімдері қосалқы шотында қосалқы ауылдық шаруашылықтардың және оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың өнімдері есептеледі.
өнімді кіріске алған кезде 031 қосалқы шоты дебеттеледі және 081 қосалқы шоты кредиттеледі. Өнімді өткізген кезде өткізілген өнімнің жоспарланған құны 031 қосалқы шотының кредитінен 281 қосалқы шотының дебетіне жазылады. Шаруашылықтың мұқтажына арналған өнім 06 шоттың тиісті қосалқы шотына 031 қосалқы шоттан көшіріледі.
Мұндай жағдайда, бір жылда алынған ауылдық шаруашылығы өнімінің іс жүзіндегі құны жоспарланғаннан жоғары болса, өткізілмеген өнім бойынша айырмашылықтың сомасына 031 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша қосымша жазу жүргізіледі, ал өткізілген өнім бойынша 281 қосалқы шоты дебеттеледі және 081 қосалқы шоты кредиттеледі.
Егер бір жылда алынған ауыл шаруашылығы өнімінің іс жүзіндегі құны жоспарланғаннан төмен болса, онда айырмашылықтың сомасына өткізілмеген өнім жөнінде 031 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша, ал өткізілген өнім жөнінде 281 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша теріс санды бухгалтерлік жазу жүргізіледі.
Қосалқы ауылдық қосалқы және оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың өнімін талдамалық есептеу атауы, саны, құны және сақталу орны бойынша Н. 296-а карточкаларында жүргізіледі.
04 «Жабдықтар, құрылыс материалдары және ғылыми зерттеулерге арналған материалдар» шоты.
Бұл шотта салынып жатқан обьектілерде орнатылуға тиісті жабдықтар, құрылыс материалдары, құрылғылар, тетіктер мен бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша күрделі салымға бөлінген қаражаттың есебінен алынған басқа да материалдық құндылықтар, ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған ұзақ пайдаланылатын материалдар, сондай-ақ шаруашылық шарттарындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау үшін сатып алынған арнаулы жабдықтар есептеледі.
04 «Жабдықтар, құрылыс материалдары және ғылыми-зерттеулерге арналған материалдар» шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
040 «Қондырғы жабдықтары»;
041 «Күрделі құрылысқа арналған құрылыс материалдары»;
043 «Ғылыми зерттеулерге және лабораториялық зерттеуге арналған ұзақ пайдаланылатын материалдар».
040 «Қондырғы жабдықтары» қосалқы шотында қондыруға әзір құрылыстық құрылғылар мен тетіктер есептеледі. Оларға мыналар жатады: металл, темірбетон және ағаш құрылғылары; блоктар және ғимараттар мен құрылыстардың жиналмалы бөліктері; жиналмалы элементтер; жылу, жеделдету, санитарлық-техникалық жүйелерге арналған жабдықтар ( жылу қазандары, радиаторлар және т. с. с) .
Бұл қосалқы шотта, сондай-ақ монтаждауды қажет ететін және қондыруға арналған отандық және шет елдік жабдықтар есептеледі. Монтаждауды талап ететін жабдықтарға олардың бөліктері жинақталып және ғимараттар мен құрылыстардың іргетасына бекітілген соң ғана іске қосылуы мүмкін жабдықтар, сондай-ақ осындай жабдықтардың запас бөлшектер жиынтығы жатады. Бұл орайда жабдықтардың қатарына орнатылған жабдықтың құрамындағы монтаждауға арналған бақылау-өлшеу аппаратурасы мен басқа да аспаптар енгізіледі. Аталған қосалқы шотта құрылыс үшін қажетті басқа да материалдық құндылықтар есептеледі. Бұл қосалқы шот бойынша талдамалық есеп жабдықтардың құрылғылар мен тетіктердің түрлері, саны және құны бойынша Ф. 296-а карточкаларында жүргізіледі.
041 «Күрделі құрылысқа арналған құрылыс материалдары» қосалқы шотында күрделі құрылысқа арналған қаражаттың есебінен сатып алынған және құрылыс-монтаж жұмыстарында пайдаланылатын құрылыс материалдары есептеледі.
Құрылыс материалдарына мыналар жатады: силикат материалдары ( цемент, құм, қыйыршақ, әк, тас, кірпіш, қыш және т. с. с) ағаш материалдары ( бөрене, тілінген тақтайлар, фанера және т. с. с), құрылыс материалдары (темір, қаңылтыр, болат, табақталған мырыш және т. с. с) ;
Металл бұйымдар ( шегелер, гайкалар, болтттар, құрсаулар және т. с. ) ; санитарлық -техникалық материалдар ( крандар, муфталар, тройниктер және т. с. ) ; электротехникалық материалдар ( кабель, шамдар, патрондар, роликтер, байлайтын заттар, сымдар, сақтандырғыш тетіктер және т. с. с) ; химиялық-сұйық заттар ( сыр, олифа, және т. с. ) ; және басқа осындай материалдар.
Қосалқы ауылдық шаруашылықтарда бұл қосалқы шотта жеміс-жидек, жүзім бақтарын өсіруге арналған, егілетін материалдар және т. сс. есептеледі. Құрылыс материалдарының талдама есебі материалдардың атауы, саны және құны бойынша н. 266-а карточкаларында жүргізіледі.
043 Ғылыми зерттеу және лабораториялық сынаққа арналған ұзақ пайдаланылатын материалдар қосалқы шотында ғылыми зерттеу институттарының ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған жоғарғы оқу орнының лабораториясына немесе басқа да құрылымдық бөлімшелеріне қоймадан алынған, бірнеше мәрте немесе ұзақ уақыт пайдаланылатын материалдар есептеледі.
043 қосалқы шотында есептелетін материалдардың номенклатурасын бюджеттік ұйымның басшысы анықтайды. Бюджеттік мәдениет ұйымдарында осы қосалқы шотта қоймадан өнер туындыларын, мұражайлық құндылықтар мен сәулет ескерткіштерін жаңғырту және жөндеу үшін алынған қымбат бағалы материалдардың есептелуі мүмкін.
043 қосалқы шотының дебетіне қоймадан алынған материалдар жазылады, бұл орайда 06 шотының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. Қоймадан аталған жұмыстарды орындау үшін алынған материалдар бюджеттік ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғаның жауапты сақтауында болуға тиіс. Бұл тұлғалар материалдарды атаулары мен саны бойынша н. М-17 кітабында есепке алынуға міндетті. Материалдардың шығыс үшін есептен шығару бюджеттік ұйымның басшысы бекіткен актілердің немесе басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі. Жұмсалған материалдардың сомасына 043 қосалқы шоты кредиттеледі және 08, 20, 21-ші шоттарды қосалқы шоттарына сәйкес дебеттеледі. 043 қосалқы шоты бойынша талдамалық есеп материалдардың атауы, саны, құны мен материалдық жауапты тұлға бойынша н. 296-а карточкаларында жүргізіледі.
05 «Малдың төлдері және бордақыдағы малдар» шоты
Бұл шотта малдың барлық түрлерінің төлдері мен бордақыдағы малдар, құстар, үй қояндары, терісі бағалы аңдар, ара әулеттері олардың құнына қарамастан есептеледі. Бұл шот тек қосалқы ауылдық шаруашылықтарда ғана қолданылады. Төлді және бордақылауға арналған малды сатып алған кезде, егер мал банк жәрдемақысы есебінен сатып алынған болса 050 қосалқы шотының дебетіне және тиісінше 111, 178 және 248 қосалқы шоттарының кредитіне жазу жүргізіледі.
Өз шаруашылығыңда төлдету арқылы алынған төлдер сол күні төл алынған актінің негізінде кіріске енгізіледі және алынған төлдің құны, 050 қосалқы шотының дебетіне және егер қосалқы ауылдық шаруашылықтарда шығындардың есебі 211 қосалқы шотында жүргізілсе, 081, 140, 230 немесе 400 қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазу жүргізіледі.
Алынған қосымша салмақ пен өнімнің құнына 051 қосалқы шотының дебеті және 081, 400 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жүргізіледі.
Бордақылау аяқталған соң сойылған малдардың құны 050 қосалқы шоттарының кредиті бойынша есептен шығарылады. Бұл орайда алынған өнімнің құны актінің негізінде 031 қосалқы шотының дебеті бойынша кіріске алынады. Сойылған малдардың құны мен алынған өнімнің құны арасындағы айырмашылық 050 қосалқы шотымен хабарламада 081 немесе 400 қосалқы шотына жатқызылады.
Материалдық-жауапты тұлғаның кінәсінен малдар жоғалған жағдайда, шаруашылыққа келтірілген зиян заңда белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғалардан қайтарып алынуға тиіс.
031 қосалқы шотында және 050 қосалқы шотында есептелген мал өнімінің және мал төлдері қосқан салмақтың жоспарлы өзіндік құны жылдың аяғында алынған өнімнің немесе артық шығынның сомасына үйлестіріледі. Өнімнің жоспарланған және іс жүзіндегі құны арасындағы анықталған айырмашылыққа, артық шығын жағдайларында оңсандармен және үнем жағдайларында-теріс сандармен 031 қосалқы шоты мен 050 қосалқы шоты дебеттеледі және 081 немесе 400 қосалқы шоттары кредиттеледі.
Мал төлдерінің талдама есебі олардың түрлері мен жасының топтарына қарай, ал бордақыдағы малдар тек түрлері бойынша н. 395 « малдарды есептеу» кітабында жүргізіледі. Есеп малдардың тірідей салмағы, қосылған салмағы, қосылған өнімі туралы деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиісті.
06 «Материалдар және тамақ өнімдері» шоты
Бұл шотта материалдар және тамақ өнімдері олардың заттық сипаттамасы бойынша есептеледі.
06 «Материалдар және тамақ өнімдері» шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
061 «Тамақ өнімдері»;
062 «Дәрі-дәрмектер және байлау-таңу құралдары»;
063 «Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары»;
064 «Отын, жанар әне жағар материалдар»;
065 «Шөп және жем»;
066 «Ыдыс»;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz