Дина Нүрпейісова



Дина Нүрпейісова – қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің бірі. Оның есімі Қазақстанның түкпір-түкпіріне, тіптен Одақ көлеміне де кеңінен мәлім. Халық Динаны күйлері ел арасына кең тараған дәулескер күйші әрі тамаша домбырашы ретінде біледі. Улы Құрманғазының қадірлі шәкірті, лайықты мұрагері Дина музыканттардың жаңа жас буынына халықтың аспаптық творчествосының тамаша дәстүрін табыс еткен ғажайып дарын.
Дина 1861 жылы қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданында кедей шаруаның семьясында дүниеге келді. Оның бойына музыкаға деген құштарлық, ынта-ықылас домбыраны жап-жақсы тартқан өз әкесінен дариды.
Дннаның домбырашылық қабілеті ерте байқалады. Қаршадай қыз 4-5 жасында-ақ қолына домбыра алып, белгілі бір күйлердің сазын өз бетінше пернеге түсіруге талпынып талаптанады. Тоғыз жасында Дина домбыраны жап-жақсы игеріп алады. Осы кезде аса көрнекті халық композиторы Құрманғазы Динаның өнер жолындағы тұсауын кеседі. Алғыр қыз композитордың көп күйлерін үйреніп қана қоймайды, сонымен бірге онын орындаушылық тәсілдерін, мәнері, оң және сол қолдарының қайталанбас ерекше қағыс әдістерін бұлжытпай қағып алуға машықтанады.
Дина бұдан әрі Құрманғазы күйлерімен ғана шектелмей, өз репертуарын Дәулеткерей, Соқыр Есжан, Баламайсан, Әлікей, т.б. аса көрнекті халық композиторларының шығармаларымен байыта, толықтыра түседі. Жас домбырашы сол кезде қазақ даласында дәстүрге айналған домбырашылар сайысына қатысып, атақты ер күйшілерден кем түспей, шоқтығы биіктей береді.
Домбырашылар сайысы туралы Дина кезінде мынадай естелік айтқан еді: «Осындай бір кездесуде елге аса белгілі домбырашылар бас қосқан еді. Олардың ішінде Дәулеткерей де бар болатын, бірақ ол бұл кездесуге төреші ретінде қатысқанды. Сөйтіп, домбыра тартысы да басталды. Әр рудың ақсақалдары домбырашылардың ең тәуір дегенін жарысқа салды. Ысқақ

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Дина Нүрпейісова
Дина Нүрпейісова – қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті
қайраткерлерінің бірі. Оның есімі Қазақстанның түкпір-түкпіріне, тіптен
Одақ көлеміне де кеңінен мәлім. Халық Динаны күйлері ел арасына кең тараған
дәулескер күйші әрі тамаша домбырашы ретінде біледі. Улы Құрманғазының
қадірлі шәкірті, лайықты мұрагері Дина музыканттардың жаңа жас буынына
халықтың аспаптық творчествосының тамаша дәстүрін табыс еткен ғажайып
дарын.
Дина 1861 жылы қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданында кедей
шаруаның семьясында дүниеге келді. Оның бойына музыкаға деген құштарлық,
ынта-ықылас домбыраны жап-жақсы тартқан өз әкесінен дариды.
Дннаның домбырашылық қабілеті ерте байқалады. Қаршадай қыз 4-5 жасында-
ақ қолына домбыра алып, белгілі бір күйлердің сазын өз бетінше пернеге
түсіруге талпынып талаптанады. Тоғыз жасында Дина домбыраны жап-жақсы
игеріп алады. Осы кезде аса көрнекті халық композиторы Құрманғазы Динаның
өнер жолындағы тұсауын кеседі. Алғыр қыз композитордың көп күйлерін үйреніп
қана қоймайды, сонымен бірге онын орындаушылық тәсілдерін, мәнері, оң және
сол қолдарының қайталанбас ерекше қағыс әдістерін бұлжытпай қағып алуға
машықтанады.
Дина бұдан әрі Құрманғазы күйлерімен ғана шектелмей, өз репертуарын
Дәулеткерей, Соқыр Есжан, Баламайсан, Әлікей, т.б. аса көрнекті халық
композиторларының шығармаларымен байыта, толықтыра түседі. Жас домбырашы
сол кезде қазақ даласында дәстүрге айналған домбырашылар сайысына қатысып,
атақты ер күйшілерден кем түспей, шоқтығы биіктей береді.
Домбырашылар сайысы туралы Дина кезінде мынадай естелік айтқан еді:
Осындай бір кездесуде елге аса белгілі домбырашылар бас қосқан еді.
Олардың ішінде Дәулеткерей де бар болатын, бірақ ол бұл кездесуге төреші
ретінде қатысқанды. Сөйтіп, домбыра тартысы да басталды. Әр рудың
ақсақалдары домбырашылардың ең тәуір дегенін жарысқа салды. Ысқақ руынан
Түркеш сайысқа түсіп, Құрманғазының Терісқақпай күйін тартты. Бұл
орындауы жағынан өте қиын да күрделі күй еді, сондықтан оны Түркештен кейін
қайталап тартуға ешкімнің жүрегі дауаламады. Жиналған ел: Бұл күйді кім
тарта алар екен, – деп елеңдесіп қалды. Жұртшылық күйді тартуымды қалады.
Мен орындаған Терісқақпай оларға қатты ұнады.
Дина 19 жасында күйеуге ұзатылады. Ескі салт, әдет-ғұрып бойынша
қыздың тұрмысқа шыққаннан кейін өнермен, әсіресе домбырашылықпен айналысуы
ел арасында ұят саналған. Бірақ қарғадайынан өнер қуған Дина етектен
тартқан ескі салтқа бағынып, бас ұрмайды. Ол алған бетінен қайтпай,
бойындағы дарынын, домбырашылық шеберлігін асқан қайсарлықпен, өжеттікпен
жетілдіріп, дамыта береді.
Динамен соңғы бір кездескенде Құрманғазы оған күй шығар деген ақыл
береді. Ұстаз ақылын қабыл алған Дина әуелі белгілі бір күй тақырыбын қалап
алып, соны импровизациялайды, оны өзіндік соны музыкалық образдармен байыта
түседі. Оның жұртшылықты таңдай қаққызған табиғатынан бойына біткен асқан
дарыны, орындаушылық шеберлігіне тән нәзік мәнер айшықтар, штрихтық
техникасының шексіз байлығы, міне, осы қасиеттердің барлығы өз күйлерінен
ерекше көрініс табады. Жалпы Динаның композиторлық творчествосы мен оның
ғажайып орындаушылық өнері іштей біртұтас астасып жататын еді.
Дина домбырашылық өнердің Батыс Қазақстанда сол кезде қалыптасқан
дәстүрлі екі бағытын, атап айтқанда; жігерлі де өткір, әрі динамикалы
Құрманғазы стилі мен жүрекке жылы тиер лирикалы, әсем сазды Дәулеткерей
дәстүрін тамаша меңгерді. Дина өзінің күйшілік өнерінде асқақ шабыт пен от
жалынға толы жігер-күшті ерекше нәзіктікпен, әуезділікпен шендестіре
отырып, тыңдаушысын таң қалдырды.
Динаның Бұлбұл, Байжұма Жігер атты тырнақалды күйлері шын
мәнісінде халықтық дәстүрдің үздік нұсқалары болды. Бұл тұрғыдан алғанда
жарқын да тамаша мазмұнымен, музыкалық образдарының байлығымен Бұлбұл
күйі ерекше назар аударады.
Бұлбұл күйінің бір варианты домбырашы Махамбет Бөкейхановтың
орындауыңда А.В.Затаевичтің жинағына да енген. Ойшыл фольклорист, домбыра
музыкасын қатты қадірлеген А.В. Затаевич шығармаға былайша баға берді:
Халықтың үлкен өнерінің тамаша иесі. Пьеса өзінің тек шығысқа тән
характердегі ойшыл речитативімен, жұмсақ, дірілді фонда пайда болатын
біркелкі триольді кіріспе және интерлюдияларымен ерекше поэтикалық және
бейнелі рухқа бөленген. Жігерінің нажағай жарқылындай қуат-күші қандай
десеңізші! Оңтүстіктің бұлбұл үніне балқыған сиқырлы түнінен ләззат
алғаннан рақатқа бөлеуі қандай ғажап! Шехерезада ертегісіндей жан дүниеңді
ерітер мазмұнға толы бұл дүние тамаша интермеццосымен алуан түсте құлпыру
үшін өзінің Римский-Корсаковын күтіп тұрғандай. Бірақ, бұл – халық
музыкантының қос ішекті қарапайым домбыра арқылы берілген тамаша көңіл
күйінің, жан дүниесінің ғажайып үні.
А.В.Затаевич мысалға келтірген Бұлбұл күйінің бұл нұсқасының Дина
Нұрпейісованың күйімен интонациялық байланысы шалғайлау болса да, соның
өзіңде де тамаша домбырашының творчестволық ерекшелігінің қолтаңбасы айқын
байқалады. Ал бұл күйде тамаша көрініс тапқан бұлбұл образын қаз қалпында
жеткізе білу Динаның тек өзінің ғана қолынан келетіні сөзсіз. Бұлбұл
күйінің шығуына байланысты халық арасына тараған мына бір аңызға назар
аударайық. Қазақстанның батысында тумысынан дарын-таланты ерекше, бірақ екі
көзінен зағип болып, кемтарлық көрген жанның қайғылы тағдыры туралы Соқыр
қыздың әні атты ән кең тараған. Жан дүниесі бай, бірақ тағдыр тәлкегі мен
азабына тап болған сорлы қыздың образы қорғансыз құстың жай-күйімен
парапар. Егер А. Жұбановтың: Қазақ ауыз әдебиетінде табиғат образы үлкен
адам күйінің, сезімінің психологиялық негізі сияқтандырылып беріліп
отырылады, – деген сөзін еске алсақ, Дина күйінің де ән авторының ішкі жан
дүниесімен, терең тебіренісімен шабыттануы хақ. Дина Нұрпейісованың
Бұлбұлы – терең эмоциялық мазмұнмен суарылған, жарқын поэтикалық және
образды дүлдүл күй. Ол адамның туған табиғат аясынан алған әсерін, куанышты
көңіл күйін суреттейді. Күйдегі эмоциялық мазмұн жиынтығы домбыра
техникасының ерекше үздік әдіс-тәсілдері арқылы шешімін табады. Бұлбұл
күйінің метр-ырғағының әрбір екі такт сайын өзгеріп отыратын ерекшелігі,
алуан характерлі әуендік үлгілердің байлығы, бейнелі дыбыс элементтерін
еркін пайдалану, екпіннің, регистрдің жиі алмасуы, міне, осының бәрі бұл
шығарманы халық өнерінің терең мазмұнды туындыларының деңгейіне көтереді.
Байжұма күйі – халықтың ең сүйікті шығармаларының бірі, мұны Қали
Жантілеуов, Әзидолла Есқалиев, Қаршыға Ахмедияров сияқты белгілі
домбырашылар жиі орындайды. Байжұма атты күй Құрманғазы, Түркеш, Науша
т.б. халық композиторларының творчествосында да кездеседі. Байжұма –
халыққа белгілі домбырашының есімі. Осы домбырашының құрметіне арналған
және соның есімінен Байжұма деп аталатын күйлер ел арасына кең тараған.
Байжұманың аса шебер орындаушылық өнерін құрметтеген жоғарыда аталған
суреткерлердің бәрі де оған арналған шығармаларын орындауға қиын, асқан
шеберлікті, дүлдүлдікті талап етер техникаға құрады. Осылардың ішінде
Динаның Байжұмасы – музыкалық материалдарының жарқындылығымен, қолданған
бейнелеу тәсілдерінің, көркемділігімен ерекшеленетін көрнекті, шоқтығы
биік, жеке-дара туынды.
Дина күйлерінің бірі Жігер Дәулеткерейдің осы аттас күйінің
әсерінен туған тәрізді. Осы күйді сипаттай отырып А. Жұбанов былай деп
жазды: Динаның Жігері – Бапастың (Дәулеткерейдің) Жігерімен шалыса
түсетін сияқты. Динаның Жігері Бапастың Жігеріндей жасқаншақ, кібіртік
емес, екпінді, қайраты тасып, төгіліп отырады. Бұл арада да Дина өзінің
ұстазы Құрманғазы сияқты халық өміріне шешіле беріліп, музыкамен
араласады.
Орындаушылық өнердің осындай ғажайып негізінде, Дәулеткерей мен Түркеш
күйлеріне импровизациялық парафраза жасай отырып, Дина ерекше төл шығарма
тудырды.
Қазақтың домбыра күйлерінде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына
арналған Он алтыншы жыл немесе Набор атты шығармалар көп кездеседі.
Орта Азия мен Қазақстанда болған бұл көтеріліске қара жұмысқа адам алу
жөніңдегі патша өкіметінің жарлығы мен жергілікті болыстардың осы оқиғаны
пайдаланып елден пара алуы, халықты қанауы, шексіз әділетсіздігі түрткі
болды.
1916 жылдың оқиғасы, көтерілісті басқарған адамдар бейнесі халық
творчествосында, әдебиет пен музыкада тамаша көрінісін тапты. Осындай
шығармалардың бірі – Дина Нұрпейісованың Он алтыншы жыл (Набор) күйі.
Батыс Қазақстан күйлерінің композициялық дәстүрінде, баяндау мәнерінде
шығарылған бұл күй қалың бұқараның аяулы арманы мен жарқын болашағын
меңзейді. Басқа авторлардың осы оқиғаға арналған күйлеріндегі ауыр азапты,
қайғы-қасіретті бейнелейтін сарындар Дина күйінде ыза-кекті, мойымас
қайсарлықты, қарсылықты білдіретін арқаумен өтеді. Он алтыншы жыл күйінде
халықты кескілескен күреске, қарсылыққа шақырған ерлік пен қаһармандық рух
басым.
Ұлы Октябрь социалистік революциясының 20 жылдығын тойлау дайындығы
барысында республика астанасында халық творчествосы шеберлерінің II
республикалық слетін өткізу туралы шешім қабылданды. Оның негізгі мақсаты
байтақ республиканың түкпір-түкпірінен халық таланттарын іздеп табу еді.
Осы слетті ұйымдастырушылардың бірі, қазақ халық аспаптары әркестрінің
дирижері Ахмет Жұбанов халық таланттарының байқауына қатыстыру ниетімен
Дина Нұрпейісоваға домбырашы әрі композитор Смағұл Кешекбаевты арнайы
жібереді.
Көп ойланып-толғанған атақты домбырашы Алматыға біржола келуге бекінеді.
Әрине, қартайған шағында қоныс аудару оңай дүние емес еді. Әйтсе де, күйші
тәуекелге бел буып, жерлестерімен, туған-туыстарымен қоштасар шақта: Ұлы
Құрманғазының домбырасын сыйға алғанда оның өсиетін қалтқысыз орындауға ант
етіп едім. Енді Құрекеңнің және басқа күйшілердің асыл арманын орындаудың
күні туған сияқты. Мен жас талаптардың ұстазы болуға тас түйін боп
бекіндім, – дейді.
Сөйтіп. 1937 жылдың күзінде Алматыға келген Дина халық таланттарының
II республикалық слетіне қатысады. Дина байқауда өзінің Бұлбұлын,
Құрманғазының Төремұрат, Қайран шешем күйлерін орындайды. Ол өзінің
ғажайып күйшілік-орындаушылық шеберлігімен жұртшылық жүрегіне жол тауып,
тыңдаушыларын таңдай қақтырып, таң қалдырады, байқаудың бірінші сыйлығына
ие болады.
Кейіннен жемісті творчсстволық достыққа айналған Динаның Жамбылмен
алғаш кездесуі де осы кезеңге саяды. Олар өнер, оның халық өміріндегі орны,
жас таланттарды тәрбиелеп түлету, өнердегі халықтық, дәстүрді дамытып, одан
әрі жалғастыру жайында ұзақ әңгіме-дүкен құрып, кеңеседі. Бірі домбыра
тартып, екіншісі өлең шығарып, шүйіркелесе әңгімелесу үстінде олардың
болашақ жаңа шығарма туралы да ойлары ұшқындайды...
Динаның нәзік лирикалы Әсемқоңыры, динамикалы және салтанатты
Тойбастары – халықтың аспаптық музыкасының бейнелеу тәсілдері арқылы
қазіргі уақыт ағымы мен өмір тынысын тамаша суреттеген алғашқы төл
туындылары еді. Бұл шығармалардың жоғары дәрежелі көркемдік деңгейі,
әуенінің әсемдігі, музыкалық ойының табиғи дамуы Динаның творчестволық күш-
қуатының молдығын, дарынының түпсіз тереңдігін айғақтады. Аты аталған
күйлер, әсіресе, сүйікті немере қызының есімімен аталған Әсемқоңыр әлі
күнге дейін қазақ халқының қазіргі аспаптық музыкасындағы озық туындылар
екені сөзсіз. Күрделі дамыған формасы, бай динамикасы, қарама-қарсы
элизодтарының жиі алмасуы, ырғақтық суретінің алуан түрлілігі, варианттық
өзгерістердің молдығы, сезім тереңінен пайда болған әуен Әсемқоңыр күйін
ерекше мазмұндылыққа бөлейді. Күй музыкасы жарқын тональдылық, сезім
мөлдірлігі мен шынайылыққа толы. Бұл – тек қана жас адамға тән албырт
творчестволық дүниетанымынан, айқын мақсаттан туған дүние екені даусыз.
Еске алар бір жайт, халық музыкасын терең бағалаушы КСРО халық артисі,
композитор Мұқан Төлебаев Әсемқоңырды тек Дина Нұрпейісованың ғана емес,
халық композиторларының совет заманында шығарған күйлерінің шырқау биігі
деп таныды.
Слетте тамаша өнер көрсеткен Дина қазақ филармониясы мен Каз.ЦИК
атындағы халық аспаптары әркестрінің солисі болып қабылданып, жұртшылық
алдына шығып, халықтың шексіз сый-құрметіне бөленеді. Төңірегіне
шоғырланған әркестрдің жас музыканттарының Дина жетекші-ұстазы болады.
Динаның көп күйлері өз орындауында күйтабақтарға жазылады, домбырашы қазақ
радиосының эфиріне жиі шығады. 1937 жылы республика өкіметі Дина
Нұрпейісоваға Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домбыра аспабы құрылысы
Халықтың музыкалық шығармашылығы
БАЯНҒА ЛАЙЫҚТАЛҒАН ДОМБЫРА КҮЙЛЕРІ
Домбырашының концерттік орындаушылық репертуары
Казақ халқымыздың музықалық мұралары
Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысу
Қазақстанның музыка және балет өнері
Құрманғазы Сағырбайұлы
Василий Васильевич Верещагин (1842-1904)
Болат Сарыбаев
Пәндер