Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және жоюдың жолдары



1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
3. Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы
4. Зерттеу нысаны және әдістері
5. Қорытынды
6. Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі.
Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әр түрлі деңгейде, әр түрлі талаптармен, қолдан келгенінше игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады. Өз қажетін қанағаттандыру «алмақтың салмағы бар» деген қағида бойынша табиғатқа белгілі дәрежеде зиян келтіру, жапа шектірумен қабаттасып отыратынын бүгінде әркім біледі. Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі - қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Швецияда тұтыну қалдықтарының 25 -ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30  құрайды, Германияда 35 . Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың 2,5 -ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны 97,5 -ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады [1].
Жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануын, қалдықтарды қайта өңдеу және жою жолдарын талдау, негізінде оқып-зерттеу («Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС мысалында).
Зерттеу міндеттері:
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;
Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау;
Тұрмыстық қалдықтар проблемасын шешу мақсатындағы мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-әрекеттерге талдау жасау;
Қаланың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;
Қызылорда қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалану тәжірибесін - «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және жою жолдарына талдау жасау негізінде қарастыру;
Қызылорда қалалық тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру полигонына қоршаған ортаны ластаушы көз ретінде сипаттама беру;
Полигон айналасындағы санитарлық қорғау аймағының ауасы, суы және топырағының құрамына зертханалық талдау жасау;
Қаланың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларды ұсыну.
1. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.
2. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі: Оқулық /құрастырушы С. Арпабеков. – Алматы, 2004. - бет
3. Дүкенбаев К.Д. Өмір өзегі. – Алматы, 1996. – 272 б.
4. Құрманбаев Р.Х., Абитова Ж.Ғ. Қызылорда қаласында тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасаудын мәселелері
5. Құрманбаев Р.Х., Абитова Ж.Ғ. Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен жою жолдары

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Жоспар:

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
3. Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы
4. Зерттеу нысаны және әдістері
5. Қорытынды
6. Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі.
Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат
байлықтарын әр түрлі деңгейде, әр түрлі талаптармен, қолдан келгенінше
игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады. Өз қажетін
қанағаттандыру алмақтың салмағы бар деген қағида бойынша табиғатқа
белгілі дәрежеде зиян келтіру, жапа шектірумен қабаттасып отыратынын
бүгінде әркім біледі. Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай
зияндардың бірі - қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен
ластауы.Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің
өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Қаныш
Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша,
Швецияда тұтыну қалдықтарының 25 (-ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі,
Жапонияда ол 30 ( құрайды, Германияда 35 (. Ал, Қазақстанда коммуналдық
тұрмыстық қалдықтардың 2,5 (-ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны 97,5 (-ы
компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан
Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай
емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде
өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады [1].
Жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануын,
қалдықтарды қайта өңдеу және жою жолдарын талдау, негізінде оқып-зерттеу
(Ибрайхан и К-ЛТД ЖШС мысалында).
Зерттеу міндеттері:
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және
оларға талдау жасау;
Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға
талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау;
Тұрмыстық қалдықтар проблемасын шешу мақсатындағы мемлекет тарапынан
жасалып жатқан іс-әрекеттерге талдау жасау;
Қаланың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;
Қызылорда қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалану тәжірибесін -
Ибрайхан и К-ЛТД ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және
жою жолдарына талдау жасау негізінде қарастыру;
Қызылорда қалалық тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру полигонына
қоршаған ортаны ластаушы көз ретінде сипаттама беру;
Полигон айналасындағы санитарлық қорғау аймағының ауасы, суы және
топырағының құрамына зертханалық талдау жасау;
Қаланың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларды
ұсыну.
Зерттеу нысаны. Қызылорда қалалық тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта
өңдеу, кәдеге жарату және орналастырумен айналысатын Ибрайхан и К-ЛТД
ЖШС.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:
Экология оқулықтарына, ғаламтор-қорларына, тұрмыстық қалдықтар проблемасына
байланысты мемлекеттік, облыстық бағдарламаларға талдау жасау;
Ибрайхан и К-ЛТД ЖШС-нің атқаратын қызметі мен тұрмыстық қалдықтарды
орналастыру тәжірибесімен танысу;
Ибрайхан и К-ЛТД ЖШС-нің тұрмыстық қалдықтарды орналастыру полигоны
айналасындағы санитарлық қорғау аймағының топырағы, атмосфералық ауасы мен
су көздерінің сапасына зертханалық талдау жасау негізінде тұрмыстық
қалдықтардың зияндарын белгілеу.
Ғылыми зерттеудің жаңалығы.
Тұрмыстық қалдықтарды жоюдың бір жолы қалдықтарды полигондарға орналастыру
әдісінің экологиялық зияндары анықталды.
Полигонның айналасы мен қала ішінде ретсіз жатқан қалдықтардың қоршаған
ортаға зияндары бірдей екені тұжырымдалды.
Жұмыстың практикалық құндылығы. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу
(кәдеге жарату) және жоюдың әр түрлі жолдары туралы материалдар
жинақталып, жүйеленді. Тұрмыстық қатты қалдықтар орналастырылатын
полигондардың санитарлық қорғау аймағының ауасы, суы және топырағының
құрамы анықталып, қала ішіндегі үйінділердің айналасында да осындай
жағдайдың қалыптасу мүмкіндігі жоғары болатыны тұжырымдалды.
Қорғауға ұсынылатын нәтижелер мен тұжырымдар:
1. Тұрмыстық қалдықтарды жоюдың бір жолы қалдықтарды полигондарға
орналастыру әдісінің экологиялық зияндары анықталуы.
Полигонның айналасы мен қала ішінде ретсіз жатқан қалдықтардың қоршаған
ортаға зияндары бірдей екені жөніндегі тұжырымдама.
Зерттеудің сынақтан өтуі. Зерттеу нәтижелері Биология, география және
экология кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде тыңдалды.
Автордың жеке үлесі. Мәселенің қойылуы мен оның шешімі, барлық
эксперименттік жұмыстар мен алынған нәтижелерді талдау және материалдарды
ғылыми мақалалар мен тезистер түрінде дайындау автордың тікелей қатысуымен
орындалды.
Жариялымдар. Диссертация материалы бойынша 2 мақала жарияланды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыс 16 сурет, 20 кестеден
жинақталған. Жұмыстың жалпы көлемі 95 бет, пайдаланылған әдебиеттер саны75.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тұрмыстық қалдықтармен ластану және олардың қоршаған ортаға әсері
Тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы – экологиялық мәселе
Адам баласының кез келген шаруашылық және тұрмыстық іс-әрекеті әр
түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды. Бұл өз кезегінде халықтың
денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің жойылуына, қоршаған
ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан қалдықтарды
жинау, жою, зинсыздандыру, өңдеу және пайдалану – қоршаған ортаны қорғаудың
басты мәселелерінің бірі [1(.
Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-
жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда
болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар
жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі – тамақ қалдықтары. Бұл
қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың
түрленуіне байланысты.
Қалдықтарды пайдалану құны және олардың шикізат ретіндегі бағасы
жоғарылаған кезде, рыногқа ірі жеке компаниялар тартылған. Мұндай
компаниялар елді мекендерден алшақ орналасқан, құнды емес, яғни құнарсыз
арзан жерлерді қалдықтарды көмуге пайдаланады. Өйткені, олар тасымалдау
және орналастыру шығынын көтеруге қабілетті болып келеді.
Қазіргі таңда облыстарда өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың
статистикалық есебі ғана алынып отырған жағдайы бар. Ешбір облыста
қалдықтардың кадастры жүргізілмейді. Қалдықтардың көлемі мен құрамы және
олардың алып жатқан ауданы жөнінде дәл мәліметтің болмауы мәселенің шешімін
қиындатады. Сондықтан да болса керек Республика бойынша тұрмыстық
қалдықтардың жинақталуы жөніндегі статистикалық мәліметтер әр БАҚ-да,
ғаламторда әр түрлі. Қалдықтарды басқаруды жолға қою ең алдымен оларды
инвентаризациялаудан басталады.
Еліміздегі жыл сайын түзілетін ТҚҚ -дың жалпы көлемі 13,9-15 миллион
м3 деп бағаланады. Ірі қалаларда (тұрғындар саны шамамен 500 мың)
жинақталатын қалдықтардың орташа мәні соңғы уақытқа дейін жан басына
шаққанда 1,3-тен 2,2 м3 аралығында болса, дамыған елдерде бұл мән 0,3-тен
0,6 м3 аралығында ауытқиды. Қазақстанда ТҚҚ-ды зиянсыздандырудың бір ғана
түрі - полигондарға орналастыру қолданылады. Республикада қалдықтардың
жалпы көлемінің тек 5 ( кәдеге жаратылады не жағылады. Полигондардың
кейбіреуінің арнайы рұқсаты бар, десе де олардың көбісінің тіпті жобада жоқ
және экологиялық-санитарлық талаптарға сай емес екені, оларда ТҚҚ-ды көму
және орналастыру кезінде технологиялық ережелердің сақталмайтыны
анықталған. Орналастыру жүйесінің көрсететін қызметі бар болғаны әкелінген
қоқысты трактор техникасы көмегімен тығыздау ғана. Нәтижесінде жел тұрғанда
қоқыстар құрамындағы жеңіл компоненттер үйіндіден кез келген мүмкін
қашықтыққа еркін ұшып шыға алады.
Қазіргі таңда ҚР Үкіметінде Тұрғын үй, коммуналды шаруашылық туралы
заңның жобасы жасалды. Заң жобасын талқылау және оған ұсыныстар мен
өзгерістер енгізу мақсатында Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық
Агенттігінің жанынан тәуелсіз комиссия құрылды. Комиссия жобаны талқылау
үшін 2010 жылы 25 наурыз күні семинар-форум ұйымдастырды. Семинар-форум
Қызылорда қаласында өтті. Семинар-форум Қазақстанда алғаш рет ТҚҚ-ды
басқару саласында жұмыс атқаратын кәсіпорындары өкілдерінің басын қосты.
Семинар форумға қатысушылар Қазақстандағы қалдықтарды басқаруды жүргізу мен
дамыту, қалдықтарды жинау мен өңдеу және осы бағытта жұмыс атқаратын
кәсіпорындардың республикалық ассоциациясын құру жөнінде ұсыныстар жасады.
Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе
болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді.
Тұрмыстық қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе.
Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады.
Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Сонан
соң қалдықтар химиялық құрамына қарай органикалық және бейорганикалық деп
бөлінеді. Қалдықтарды жалпы жіктеу 2 суретте көрсетілген [1-3].
Тұрмыстық қалдықтар

Газ тәрізді Қатты
Сұйық

Органикалық
бейорганикалық

Зиянды
Зиянсыз

Пайдаға асырылатын
Пайдаға асырылмайтын

Жанатын Жанатын Жанбайтын
Жанбайтын
қатты сұйық
қатты сұйық

2-сурет. Тұрмыстық қалдықтардың жалпы жіктелуі.
Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып
бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар
жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.
Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде
түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-
аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика
түрінде жапыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады.
Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі.
Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары –
макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі майлар мен
еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін
камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда
немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Ал жағу
үдерісінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі. Кейбір
қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.
Улы қалдықтарды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылдау
үшін олардың қауіптілік (уыттылық) сыныбын негізге алу маңызды. Қалдықтар
уыттылық сыныбы мен қоршаған ортаға келтіретін зиянына байланысты үш топқа
бөлінеді:
• Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтар;
• Сақтау көлемі мен мерзімі шектелген қалдықтар,
• Үш жылға дейінгі ұзақ мерзімге сақтауға рұқсат етілген қалдықтар.
Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтардың уыттылық сыныбы жоғары
болады.
Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде
топтастырылады [5]:
• тамақ қалдықтары;
• макулатура;
• консерві қалбырлары;
• фольга;
• металл сынықтары;
• шыны ыдыстар;
• хлоры жоқ пластмасса заттар;
• хлоры бар пластмасса заттар;
• батарейкалар.
Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған
электронды-сәулелік түтікшелер негізінде жұмыс істейтін компьютерлер,
телевизорлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар сияқты т.б. электр
құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға
салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді. Мысалы, дербес компьютердің
бөлшектерінде болатын қауіпті компоненттер:
• электронды-сәулелік түтікшеде болатын қорғасын;
• ескі электронды-сәулелік түтікшелерде болатын мышьяк;
• сурьманың үш тотығы өртке қауіптілікті күшейтеді;
• пластикпен қапталған бөліктер мен кабельдер өртке қауіпті;
• түзеткіштер сұлбасындағы селен;
• жартылай өткізгіштер және басып шығаратын құрылғыдағы кадмий;
• магниттік қасиеті бар кобальт;
• ауыстырып-қосқыштардағы сынап;
• металдарды тотығудан сақтайтын хром.
Қорғасын, мышьяк, сурьма, кадмий, кобальт, сынап, хром және
пластиктердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияны көп. Сондай-ақ
көптеген ұйымдарда әлі күнге электронды-сәулелік түтікше негізінде жұмыс
істейтін компьютерлер бар. Олар қолданыстан шыққан күннің өзінде жұмыс
бөлмесінде сақталып тұрған жағдайлар да кездесіп жатады.
ТҚҚ-дың құрамында болатын қалдықтар:
• Макулатура;
• Медициналық қалдықтар;
• Істен шыққан құрал-жабдықтар;
• Қолданыстан шығып қалған аккумуляторлар мен қоректену элементтері;
• Ағаш қалдықтары;
• Мұнай өнімдерінің қалдықтары;
• Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары;
• Полимер қалдықтар, пластмассалар;
• Өндірістік қалдықтар;
• Радиоактивті қалдықтар;
• Шыны сынықтары мен қалдықтары;
• Құрылыс қалдықтары,
• Тоқыма қалдықтары және тері;
• Түсті металл сынықтары;
• Қара металл сынықтары;
• Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар;
• Электрондық сынықтар.
ТҚҚ-дың құрамында болатын заттардың анағұрлым тиімді әрі толық
топтастырылуы осы сияқты. Мұнда жоғарыда айтылған электр құралдарының
қалдықтары бір ғана атаумен, яғни электрондық сынықтар деп берілген.
Тұрмыстық тұтыну қалдықтарының ішінде гигиеналық мақсаттарда
пайдаланылатын заттардың қалдықтары да қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсер етеді.
Гигиеналық қалдықтар:
• Памперстер;
• Төсемдер;
• Тампондар;
• Мақтасы бар таяқшалар;
• Гигиеналық ылғал майлықтар.
Гигиеналық қалдықтардың құрамында болатын химиялық заттар:
Трибутилен (tributyltin);
Толуол (toluene);
Ксилол;
Стирол (styrene);
Этилбензол (ethylbenzen);
Изопропилбензол (isopropylbenzen);
Полиакрилат.
Барлық түзілетін қалдықтарды мамандардың өз бетінше топтастыруы
қарастырылды. Дегенмен, ҚР-ның Қоршаған Ортаны Қорғау Министрлігі
қалдықтардың толық сыныптамасын жасап, пайдалануға ұсынды.
Қалдықтар сыныптамасы ҚР Қоршаған Ортаны Қорғау Министрінің 2007 жылғы 31
мамырдағы №169-ө бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде
2007 жылы 2 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің
тізіліміне №4775 болып енгізілді.
Сыныптама ҚР-ның Экологиялық кодексінің 17 бабының 29 тармақшасына сәйкес
дайындалған және бекітілген.
Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын және оларды тасымалдау,
кәдеге жарату, сақтау және көму мақсаттары үшін аластауды бақылау туралы
Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленді.
Олар:
1. Жасыл – индекс G;
2. Янтарь түсті - индекс A;
3. Қызыл түсті – индекс R.
Қалдықтарды сыныптау, қалдықтарды дәйекті түрде қарау мен олардың басты
белгілерін айқындауға негізделеді.
Зерттеу нысаны және әдістері
Ибрайхан и К-ЛТД ЖШС 1998 жылы 13 наурызда құрылған. Компанияның Бас
директоры Мұсабаев И.М. 2008 жылдың желтоқсан айынан бері компания халықты
экологиялық сауаттандыру мақсатында Табиғат тынысы деп аталатын
экологиялық газет шығарады. 2009 жылдың маусым айынан бері жергілікті
теледидар арқылы Табиғат тынысы хабарын жүргізіп келеді [50, 51].
Компания негізінен тұрмыстық және өнеркәсіптік қатты қалдықтарды кәдеге
жаратумен және полимер қалдықтарды өңдеумен айналысады. 2004 жылдан бері
полимер-құм шатыр қаптағыш, тротуарға арналған плиталар (тақталар) жасайды
және қағаз-картон қалдықтарын өңдейді. 2006 жылдан бастап мұнай
қалдықтарын (мұнай қоймаларының мұнай шламдары, механикалық өндіріс
қалдықтарын) өңдеп, тауарлық өнім ретінде брикеттелген қатты және сұйық
отын дайындайды. Компания еңбегінің бірі бұрғылау шламдары мен резеңке
қалдықтарын өңдеу. Бұрғылау шламы сөндірілген әктас қосылып, одан әрі күріш
қауызы қосылған құрылыс материалы - сазды блок дайындау арқылы
залалсыздандырылады. Сазды блок дайындау солидификация әдісімен жүзеге
асырылады. Сондай-ақ, серіктестік пластмасса ыдыстарды престеп жинақтайды
да, тиісті жерлерге жөнелтіп отырады.
Бүгінгі таңда компания автоқақпақтақтарды кәдеге жарату мақсатында
тәжірибелік жұмыстар жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, автоқақпақтардан
төменгі температурадағы пиролиз әдісімен көмірсутекті конденсат (КСК) алу
арқылы пешке жағылатын сұйық отын дайындау және резеңке қақпақтарды тротуар
плиткалар дайындау үшін пайдалану.
Ибрайхан и К-ЛТД ЖШС 2008 жылдан бері ТҚҚ-ды морфологиялық құрылымына
қарай бөлек жинауды ұйымдастырады. Бөлек жинау үшін SSI SCHAFER (Германия)
контейнерлері, ал тасымалдау үшін арнайы МАN қоқыс тасығыш машиналарын
пайдаланады. ТҚҚ-ды бөлек жинау тәжірибесі әзірге неміс контейнерлерін
сатып алуға мүмкіндігі бар жеке фирмаларда ғана жолға қойылған. Тұрғын үй
секторы бұл мәселе бойынша қамтылмаған.
Мейрамханалар мен кафелер:
Арбат мейрамханасы, Бәйтерек кешені, Алладин кафесі, Керуен түнгі
клубы, Астана рестораны, Қыз-Жібек мейрамханасы, Сарыарқа
мейрамханасы, Байқоңыр мейрамханасы, Олимп кафесі, Каир түнгі клубы,
Ақниет кешені, Жақсылық кафесі, Альбион мейрамханасы, Мимино
кафесі, Шейх и S мейрамханасы және т.б.;
Дүкендер:
Маржан дүкені, Нұрбақыт дүкені, Ақниет сауда орталығы, Азиз дүкені;
Жеке секторлар:
Дүйсенов, Құттыхожаев, ЧЛ Атабаев, ЧЛ Ерназаров,
ЧЛ Дуйсенов, ЧЛ Илясов, Мұстафаев, ЧЛ Чегай,
ЧЛ Қадыров С , Қайырбекова А, Жубатханов М,
ЧЛ Турманбетова К, ЧЛ Бегімбаев, ЧЛ Боданов, ЧЛ Аймаганбетова, ЧЛ
Калымбетова, ЧЛ Жуманов, ЧЛ Ерназаров, ЧЛ Алибеков, ЧЛ Каиырбаев,
ЧЛ Кушеров, Байсакалов және т.б. Барлығы – 35.
Тұрғын үй секторы:
Белкөл қыстағы.
Осы тұрмыстық тұтыну қоқыс-қалдықтарын бөлек жинау тәжірибесі алдағы
уақытта тұрғын үй секторын қамтитын болса, нұр үстіне нұр болар еді. Мұндай
кең ауқымды жұмысты атқару үшін Ибрайхан и ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтардың басқарылуы
Қоршаған орта тұрақтылығы мен қауіпсіздігі
Аймақтағы тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеу жолдары
Құрылыс қалдықтарының мәселелері
Экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау үшін, қалдықтар жүйесін жан-жақты зерделеп, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру
Қалдықтарды физика-химиялық әдіспен утилизациялау технологиясы
Өнеркәсіп саласы
Тұрмыстық қатты қалдықтарға сипаттама
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортада ыдырау мерзімі
Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу тарихы
Пәндер