Жүйелеу және оның түрлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Нормативтік актілерді жүйелеу туралы жалпы түсінік
1.1 Нормативтік.құқықтық актілердің түсінігі және құқық жүйесі
мен заңнама жүйесінің ара қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Нормативтік актілерді жүйелеу ұғымы, ерекшеліктері
және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Нормативтік құқықтық актілерді инкорпорациялау ұғымы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.4 Кодификациялау ұғымы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2 Құқықшығармашылық, заң шығару техникасы және оның заңдарды жүйелеудегі алатын орны
2.1 Құқықшығармашылықтың түсінігі, принциптері және түрлері ... ...29
2.2 Құқықшығармашылық процесінің негізгі сатылары
(стадиялары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.3 Нормативтік.құқықтық актілерге түсінік беру ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.4 Заң шығару техникасы және оның заңдарды жүйелеудегі
алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
3 Құқықтық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру
3.1 Құқықты іске асырудың түсінігі, оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .53
3.2 Нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру ... ... ... ... ... ... ... ... 56
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
Кіріспе

Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет-ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, баскарып отырды. Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа түрлері (мораль, әдет-ғұрып, дәстүр, діни т.б.) реттеп, басқарып отырды. Кейін нормативтік актілер сол салалардағы қатынастарды бірте-бірте өзі реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым түріне айналып отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны[] дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл аткарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1). Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың занды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2). Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
3). Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар "акті" - деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4). Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде-мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер емірге субъективтік өзгерістерді қалыптастырады:
- мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
- мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;
- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл (өзгертулер мен толықтырулармен). Алматы, 2012.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы, 2011.
3. Алексеев С. С. Теория права М. БЕК, 2008
4. Хропанюк В. Н. Теория государства и права М, 2005, 2006
5. Хутыз М. Х. Сергейко П. Н. Энциклопедия права М., 2005.
6. Бейсенова А., Біржанова Қ., ҚР мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: “Жеті жарғы” 2007.
7. Сапаргалиев Г.С. Основные государства и права Казахстана.
Алматы, 2004.
8. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: “Жеті – Жарғы” Алматы., 2006.
9. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысща және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: “Жеті –Жарғы” 2006.
10. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: “Жеті – Жарғы” 2007.
11. Сапаргалиев Г.С. Мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы. Алматы, “Жеті – Жарғы, 2007.
12. Табанов А.С. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы, “Жеті – Жарғы, 2003.
13. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2005.
14. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.
15. Тихомиров Ю. А. Курс сравнительного правоведение. Москва 1996.
16. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды: Болашақ- Баспа, 2002.
17. Алексеев С.С. Как готовить закон. – М.: Известия, 1992. 14 декабря
18. Бабаев В.К. Общая теория права. - Н-н. 1993.
19. Братко А.Г., Лазарев В.В. Источники права: общая теория права и государства: учебник. - М.: юридическая литература, 1994.
20. Венгеров А.Б. Теория государства и права. – М.: Юриспруденция, 2000.
21. Дрейшев Б.В. Проблема качества закона. – М.: Правоведение,1988. - №4
22. Дюрягин И.Л., Приголкин А.С. Правотворчество в советском Государстве – М.: юридическая литература, 1974.
23. Ильин И.А. Порядок или беспорядок? - М. 1987.
24. Козлов Ю.М., Овсянко Д.М., Попов Л.Л. Административное право. Учебник. – М.: Юристъ, 2002.
25. Котельникова Е.А., Семенцова И.А., Смоленский М.Б. Административное право. - Р-н-Д.: Феникс, 2002.
26. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. - М.1997.
27. Лукич Р. Методология права - М.: Прогресс,1981.
28. Марченко М.Н. Теория государства и права. – М.1996. - 321, 322, 334 с.
29. Марченко М.Н. Общая теория государства и права, Том 2. – М.1985.
30. Пиголкин Л.С. Теория государства и права. Учебник, 1980.
31. Поленина С.В. Новое в системе законодательства РФ № 12. – М.: Государство и право, 1994.
32. Явич Л.С. Сущность права. - М. 1985.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Құқық және экономика институты

Мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасы

Қорғалуға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

_________

“___” ________ 2012 жыл

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: Жүйелеу және оның түрлері

Орындаған:

сырттай оқу бөлімінің студенті

Ғылыми жетекші:
кафедра доценты, заң ғылымдарының докторы

Алматы, 2012

Мазмұны:

Кіріспе ----------------------------------- --------------------------
------------------------------3
1. Нормативтік актілерді жүйелеу туралы жалпы түсінік
1. Нормативтік-құқықтық актілердің түсінігі және құқық жүйесі
мен заңнама жүйесінің ара қатынастары ----------------------------
--------------5
2. Нормативтік актілерді жүйелеу ұғымы, ерекшеліктері
және түрлері ----------------------------------- ---------------------
--------------------------12
3. Нормативтік құқықтық актілерді инкорпорациялау ұғымы және
түрлері ----------------------------------- --------------------------
-----------------------------19
4. Кодификациялау ұғымы және түрлері -----------------------------------
---------25
2. Құқықшығармашылық, заң шығару техникасы және оның заңдарды
жүйелеудегі алатын орны
1. Құқықшығармашылықтың түсінігі, принциптері және түрлері -------29
2. Құқықшығармашылық процесінің негізгі сатылары
(стадиялары) ----------------------------------- ------------------
----------------------------33
2.3 Нормативтік-құқықтық актілерге түсінік беру ------------------------
--------43
2.4 Заң шығару техникасы және оның заңдарды жүйелеудегі
алатын орны ----------------------------------- -------------------
----------------------------47
3. Құқықтық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру
1. Құқықты іске асырудың түсінігі, оның мазмұны ----------------------------
-53
2. Нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру -----------------------------
---56
Қорытынды ----------------------------------- ------------------------
----------------------59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- ----
--------------64

Кіріспе

Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамдағы құқықтың ең
күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы
қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым
көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет-ғұрып, мораль, діни т.б.
нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек
нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске
асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды
реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың
мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи
диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық
жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде
нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, баскарып отырды.
Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа
түрлері (мораль, әдет-ғұрып, дәстүр, діни т.б.) реттеп, басқарып отырды.
Кейін нормативтік актілер сол салалардағы қатынастарды бірте-бірте өзі
реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде
құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым түріне айналып
отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны[]
дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші
рөл аткарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1). Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары
қабылдайды. Қабылдаудың занды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2). Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның
маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
3). Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-
дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар "акті" - деген атпен
әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4). Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті
нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы
объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық
базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық
мүдде-мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер емірге субъективтік өзгерістерді
қалыптастырады:
- мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
- мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді
дамытады;
- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
- рухани сана-сезім, білім дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп,
басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады.
Бұл процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:
- құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
- лауазымды түлғалардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірибесін көтеру;
- мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заң әдебиеттерінде біздің зерттеп отырған
мәселелеріміз Алексеев С. С., Булгакова Д.А., Хропанюк В. Н., Хутыз М. Х.,
Сергейко П. Н., Бейсенова А., Біржанова Қ., Сапаргалиев Г.С., Жоламан Қ.Д.,
Ибраева А.С., Табанов С.А. еңбектерінде қарастырылған.
Диплом жұмысының мақсаты – нормативтік актілерді жүйелеу ұғымы,
ерекшеліктері және түрлерінен туындайтын мәселелерді талқылау. Жүйелеу
ұғымына жалпы шолу жасай отырып, тақырыпқа қатысты мақсаттар, зерттеу
объектілері, мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық пәндері
үшін маңыздылығы, сондай-ақ жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі сияқты
сауалдарға талдау жасап, кейбір заңның бөлімдеріне қатысты пікірлерді
ойларды тұжырымдау болып табылады.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
• жүйелеу ұғымынан шығатын өзекті мәселелерін қарастыру;
• нормативтік актілерді жүйелеу ұғымы, ерекшеліктері және түрлеріне қатысты
құқықтық сипаттама беру;
• нормативтік актілерді жүйелеу шараларын жетілдіруге бағытталған
әдістермен, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды талқылау.
Диплом жұмысының заты және объектісі. Қарастырылатын жұмыстың
мәселесін, атап айтқанда нормативтік актілерді жүйелеу ұғымы, ерекшеліктері
және түрлері мәселелерін кешенді түрде зерттеуге сәйкес зерттеудің
объектісі жүйелеуге қатысты орын алатын мемлекеттік құқықтық теориясы мен
конституциялық құқықтық жағынан жан жақты талқылау болып табылады.
Диплом жұмысының эмпирикалық негіздері.
1. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Парламент қаулылары
мен нұсқаулықтары және тағы басқалар;
2. Осы тақырып бойынша диссертациялық зерттеулер мен монографиялық
еңбектер;
3. Конституциялық іс жүргізу материалдары болып табылады.
Жұмыстың құрылымы Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың тұтастай көлемі – 65 бетті құрайды.

1. Нормативтік актілерді жүйелеу туралы жалпы түсінік

1.1 Нормативтік-құқықтық актілердің түсінігі және құқық жүйесі мен заңнама
жүйесінің ара қатынастары

Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде
құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің
дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Төменде көрсетілгендей құқық пен мемлекет қоғамның экономикалық,
әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды түлғалардың қарым-қатынастарын
реттеп, басқару үшін өмірге келді. Бұл объективтік процесс. Сондықтан
құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамиды. Қазақстан Республикасының
құқығы да осы үш бағытта дамуда:
қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп, басқару үшін
құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауда;
қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап,
оларды басқару үшін алдын-ала нормативтік актілерді дайындау;
қоғамның өткен дәуірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды
тәжірибелік қорытындылар жасап, құқықтық нормалардың сапа-сын жақсарту.
Құқықтық нормалар қоғамның экономикалық-әлеуметтік қажеттіліктері
арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқық тек қоғамның әлеуметтік-
экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді.[1] Сонымен бірге
адамдардың және заңды түлғалардың қарым-қатынастарында реттеп, басқарып
отырады. Осы процесте халықтың, ұйымдардың қоғамның дамуы қажеттілігін,
тілектерін жақсы дұрыс түсінуін - объективтік құқық дейді. Ал сол
объективтік процесті нормативтік актілер арқылы басқаруды - субъективтік
құқық дейді.
Бұл екі процестің арасында тығыз байланыс, бір-біріне тәуелділік, іс-
әрекетінде бірлестік болады. Бұларсыз объективтік және субъективтік процесс
дұрыс, жақсы дамымайды. Сондықтан мемлекет бұл процестің біржақты дамуына
жол бермеуге тиісті. Субъективтік құқықгың белгі-нышандары:
субъектілердің құқықтарының заңцы түрде болуы;
- ол қүқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы;
- субъектілердің бостандығы, құқықтарының дұрыс дамуы
мемлекеттің бақылауында, қорғауында болуы.
Қазақстан мемлекетінің құқығының объективтік және субъективтік
қалыптасу жолдары осындай. Бұл жолмен әлемдегі барлық мемлекеттер де өтті.
Құқықтың даму негіздері де, нысаны да ұқсас деуге болады. Тек аздап
ерекшеліктері бар. Мысалы, біздің Қазақстан мемлекетіміздің құқығының даму
процесінде діни нормалардың тәжірибесін және прецеденттік нормаларды өте аз
пайдаланады. Дамыған елдердің демократияны дамыту тәжірибелерін өте кең
пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының құқық нысанының түрлері:
құқықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр;
құқықтық прецедент;
нормативтік шарттар;
нормативтік құқықтық актілер.
Қазақстан мемлекетінің нормативтік актілерінің түрлері, жүйелері
Конституцияда толығымен көрсетілген. Мемлекеттіқ органдар, қогамдық ұйымдар
мен бірлестіктер, саяси партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің қүзыретіне,
өкілеттілігіне сәйкес нормативтік актілер шығарады. Олар Конституцияға
нұқсан келтірмеуге міндетті. Конституіщяның талаптарының дұрыс орындалуын
Президенттің аппараты мен Конституциялық Кеңес бақылап отырады.
Республика Конституциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші
бар және жай жарлықтар шығарады. Республика Президентінің жарлықтары
Конституция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін
шыгарылады. Респуб лика Президентінің жарлығымен:
Республика Президентінің актісін шығаруды талап ететін
Президенттің конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.
Конституцияда және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілік
заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің
барлық тармағының үйлесімді жүмыс істеуін қамтамасыз ету
мәселелері шешіледі:
Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет
пен басқа да мемлекеттік органдардың занда көрсетілген
міндеттеріне жатпайтын мәселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге
асырылады.
Республиканың экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы
жөніндегі стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер кабылданады.
Республика Парламентінің актілері: Парламент Республиканың бүкіл
аумағында міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің
Конституциялық және зандарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі
Парламенттің нормативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды,
Парламент, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты
қаулылар қабылдайды. [2,28]
Парламент пен Палаталар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үндеулер,
декларациялар, мәлімдемелер және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер
қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді
палаталар бірлескен отырыстарында қабылдаган кезде дауыс беру Палаталар
бойынша бөлек жүргізіледі.
Үкімет актілері - зандардың және Республика Президенті актілерінің
негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік
актілері және жеке қаулылары. Үкімет актілері алқалық отырыстарында дауыс
беру арқылы кабылданады, оған Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр өз
құзыреті бойынша жеке өкімдер шығарады, Үкімет қаулыларының және Премьер-
Министрдің өқімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.
Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал
Премъер-Министрдің өкімдерінің күшін Республика Президенті немесе Премьер-
Министр жоя алады.
Нормативтік - құқықтық актілер — ресми заңды иормативті мемлекеттік
күші бар нормалар.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның
халықтық мүдде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құрал. Оның
құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:
- нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен
немесе жалпы халықтық референдумда қабылданған нормалар;
- нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар құжаттары ерікті
орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;
- нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т.б.
болып шығады, олардың занды нысандары болады;
- нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды реттеп,
басқарады.
Нормативтік актілердің түрлері:
- занды күшіне қарай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді: заңдар
және заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дәрежесі жоғарылаған сайын
нормативтік актілердің де занды күші жоғарылай береді.
- нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т.б. қоғамның салаларына сәйкес;
- нормативтік актілердің іс-әрекетінің шеңберіне қарай үш түрі
болады: қоғамдық іс-әрекеттер, шектеулі іс-әрекеттер, төтенше іс-әрекеттер;
- субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік органдар)
нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: заңды шығарушы органдардың актісі;
заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.
Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол
қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң
қоғамдағы барлық нормалардың "Атасы"— деуге болады. Заңның белгі-нышандары:
- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
- заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
- заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен
өтуге тиісті);
- занды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;
- заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамтамасыз етіледі.
Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіне
асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияның басқа
да талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғарғы өкілді органы (49-6. 1-т.). Парламент аса маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заңға тәуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінеді:
жалпы қоғамдық, жергілікті, ведомствалық және мекемелік актілер.
Жалпы қоғамдық актілер — мемлекеттік әкімшілік-территориясына толық
заңды күші бар актілер (Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары).
Жергілікті басқару органының актілері - маслихаттың шешімдері, әкімдердің
бұйрықтары. Ведомстволық актілер министрліктердің бұйрықтары, шешімдері,
инструкциялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін
актілер[3,135].
Сот билігінің актілері — Конституцияның 75-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі
азаматтардың қүқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін қорғауды жүзеге
асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік актілерінің және
халықаралык шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға
қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және
заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттың
шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сондай-ақ олардың занды өкімдері,
талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында
барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен
азаматтардың орындауы үшін міндеті болып табылады.
Сот төрелігінің қағидалары:
- адамдардың кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен
танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бүзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыптаушының
пайдасына қарастырылады.
- Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді
(Конституцияның 77-бабы).
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - жалпы юрисдикция соттарының
қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі
мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Заңда көзделген іс жүргізу
нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот тәжірибесінің
мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (прецеденттік түсінік
береді).
Конституциялық бақылау Казақстан Республикасында Конституциялық
Кеңестің құзыретінде. Ол маңызды демократиялық институттың бірі болып
саналады, Конституцияның үстінен карауды және оның тікелей ықпалын
қамтамасыз етуді, азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқықтары мен
бостандықгарын қорғауды, биліктің бөлісу қағидаларын орындауды т.б. жауапты
қызметтерді атқарады.
Заңнамада, құқықтағы сияқты, оның ішкі құрылымы болып табылатын өз
жүйесі бар. Алайда, бұл түсініктерді келесі негіздер бойынша ажыратқан жөн:

1) егер құқық жүйесінің алғашқы элементі болып норма табылса, заңнама
жүйесінің алғашқы элементі болып нормативтік акт табылады;
2) егер құқық жүйесі мазмұн түрінде көрініс тапса, заңнама жүйесі
нысан түрінде көрініс табады;
3) егер құқық жүйесі объективтік түрде, қоғамдық қатынастарға сəйкес
қалыптасса, заңнама жүйесі субъективтік сипатқа ие, себебі, заңшығарушыға
тəуелді болып келеді;
4) егер құқық жүйесі негізгі, алғашқы сипатты иеленсе, заңнама жүйесі
туынды сипатқа ие, себебі, алғашықысы екіншісі үшін негізгі база болып
табылады;
5) құқық жүйесі мен заңнама жүйесі көлемі бойынша ажыратылады:
заңнама, бір жағынан, нормативтіліктің барлық түрлерін қамтымайды, себебі,
құқық заңнамамамен қатар əдет нормаларынан, нормативтік шарттардан жəне
заңды прецеденттерден де көрініс табады; екінші жағынан, нормалардың
атауларынан басқа да элементтерді қамтиды – преамбулалар, тараулардың
бөлімдердің, баптардың атаулары жəне т.б.
Құқық жүйесі объективтік күбылыс. Ол қоғамның диалектикалық даму
процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан,
құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық
нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес
қалыптасып елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп, басқарып жатады.
Сондықтан мемлекеттік органдар қүқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса
солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму
процесіне сәйкес қүқықтық нормалар жан-жақты талқыланып, бекітіледі.
Қоғамдық қатынастарды реттеп, басқару процесінде нормативтік актілер сала-
салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.
[4,98]
Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде
субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы
дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті
дағдарысқа ұшыратпай басқару керек. Бұл мәселемен мемлекеттің заң шығару
бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.
Заң жүйесі дегеніміз - құқыкты құрастыратын (калыптастыратын)
нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері). Нормативтік актілерсіз, заңсыз
құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.
Заң шығару жүйесінің негізгі салалары:
1. Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл
түрі құқық жүйелерімен үқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.б.
2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар нормативтік
актілер. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су
заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы зандар т.б.
3. Кешенді зандар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы:
шаруашылық, транспорттық т.б. зандар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше
салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.
4. Қорғаныс - әскери заң жүйелері. Бүл жүйе құқық жүйесінің басым
көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер,
қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.
Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен, қоғамдағы
құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін,
бостандығын т.б.
Заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді
субъективтік тұрғыдан біріктіріп, дамытып отырады. Құқықтың дамып,
қалыптасу кезеңдері:
1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.
2.Катынастарды реттеп, басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.
З.Объективтік түрғыдан қалыптасқан кұқықтық нормаларды заң жүйесіне
айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын
жеңілдету, нормативтік актілердің орындалуын жақсарту.
Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады.
Барлық мемлекеттер ол қүқықты дүрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік
актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар
болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.
Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары - құқық пен заңның дамуы
қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл
процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да терендеп, жақсара түседі.
Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары: 1). Қоғамдағы диалектикалық
құбылыстардың құқық пен заңды объективтік тұрғыдан дамытуы; 2). Құқық
жүйесінің дамуы; 3). Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.
Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара
байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары
нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы
қоғамдағы ең кұрделі, ең маңызды қүқық саласына айналуы объективтік
процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен қүқықтың міндеттері мен бостандығы
бірте-бірте теңесуге тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа
айналады. [5,113]
Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп, басқаруды бірте-
бірте қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі
азая беруі өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс
мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.
Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы
объективтік процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің
кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын,
сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.
Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму
процесі міндетті түрде заң шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға
объективтік, занды негіз деп толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму
процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі
органдарға беруге болатынына сенуге болады.Ол органдар өздерінің әкімшілік
территориясында мәселелердің басым көпшілігін өздері толық реттеп,
басқаруға көшуі мүмкін.

1.2 Нормативтік актілерді жүйелеу ұғымы, ерекшеліктері және түрлері

Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу - ықшамдау, ретке келтіру, оны
бірыңғай ішкі үйлесімді жүйеге түсіру дегенді білдіреді. Бұл орайда жүйелеу
кезінде қолданылып жүрген қалыптарды ретке келтіру (күші жойылған жекелеген
баптарды, тармақтарды, тармақшаларды, абзацтарды мәтіннен алып тастау және
керісінше, оған кейінгі барлық өзгерісті, толықтыруды, осындай өзгерістер
немесе толықтырулар енгізген актілер деректерін көрсете отырып енгізу;
актіден қалыптық нұсқаулар жоқ бөліктерді алып тастау, мәтінінде мұндай
бөліктердің болмау себептері туралы белгілер жасау; қалыпты актіге қол
қойған адамдар туралы мәліметтерді алып тастау, қолданылып жүрген актілерді
заңдардың салалары бойынша болу ғана емес, заңдарды жаңарту (түрлі
кодекстер, ережелер, жарғылар және т.б. жасау). Заңдарды жүйелеуді
реттестіру, яғни заңдарды белгілі бір ретке келтіруге, қалыпты актілердің
мазмұнын өзгертпей жиынтықтар мен жинақтар шығаруға және қолданылып жүрген
құқық қалыбын белгілі бір мәселе бойынша тиісінше қайта қараумен байланысты
қалыпты материалды тәртіптеуге, яғни кодификацияға бөлу заң әдебиетінде
кеңінен мәлім әрі сырт кейпінде де қолданылып жүрген қалыпты реттеуді
жинақтастырушы, сондай-ақ белгілі бір өзгерістерді, яғни өзгерістер
енгізілген қағидатты сипаттағы жаңа қалыпты актілерді басып шығаруды
білдіреді. [6,72]
Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу құқықтық реттеуді одан әрі
дамыту және жетілдіру, қоғамдық өмірдің қозғалысын, өзекті қажеттіліктерін
оңтайлы да тиімді бейнелеу үшін керек. қалыпты құқықтық актілерді іздеудің
оңайлылығына, олармен халықтың қалың бүқарасынын, қоғамдық белсенділердің
таныс болуына қол жеткізуде, жұртшылықтың құқықтық санасын өрістетуде,
азаматтардың өз конституциялық құқықтарын пайдалануын және заңдық
міндеттерін тиісінше орындауын, мемлекеттік аппараттың қызметін ойдағыдай
қамтамасыз етуде, сондай-ақ қалыпты құқықтық актілерді есепке алу үшін
жүйелеудің маңызы зор. Сөйтіп, қалыпты құқықтық актілерді жүйелеу
демократияны дамыту мен жетілдіруге, заңдылықты, мемлекеттік және қоғамдық
өмірді нығайтуға ықпал етеді.
Қазіргі құқық тәжірибесінде қалыпты құқықтық актілерді жүйелеудің төрт
тәсілі қолданылады:
1. Заңдар мен өзге де актілердің түрлі ыңғайдағы жиынтықтарын,
жинақтарын әзірлеу мен басып шығару (инкорпорация). Әдебиетте кездесетін ин
корпорация ұғымын қорыта келе оның мынадай аса маңызды белгілерін
тұжырымдауға болады:
1) жүйелеу түрлерінің бірі ретінде инкорпорацияның белгісі - қалыпты
құқықтық актілерді тәртіпке келтіру болып табылады;
2) инкорпорация дегеніміз - қалыпты құқықтық актілерді әлдебір жүйе
бойынша заң шығарушының жариялаған мәліметтері;
3) мұндай актілердің мазмұнындағы өзгерістердің көрсетілмеуі;
4) актілерге сыртқы редакциялық-техникалық өңдеу жүргізу: барлық соңғы
шыққан актілерге өзгерістерді енгізу, лауазымды адамдардың қойған қолдарын
алып тастау, күші жойылған деп танылған қалыпты емес, уақытша бөліктерді
алып тастау және т.б.
Заңдарды инкорпорациялаудын ең қарапайым мысалы қолданылып жүрген акт
мәтініне барлық кейінгі ресми өзгерістерін енгізіп, оны жаңа өзгертілген
нұсқасында жариялау болып табылады.
Егер акт жаңа нұсқасында ресми басылымдарда жарияланатын болса, онда
бұл әдіс қалыпты актілерді қайта жариялау деп аталады.
Белгілі бір ірі қалыпты құжаттарды немесе бүкіл заңдарды тұтастай
өңдеп инкорпорациялау әлдеқайда терең әрі құқық қолдану тәжірибесінде
мейлінше тиімді болып табылады. Мұндай инкорпорациялау қызметінің
нәтижесінде пәндік, салалық, ведомстволық немесе өзге де қағидат бойынша
заңдардың, басқа қалыпты құқықтық актілердің түрлі жинақтары мен
жиынтықтары жасалады.
Сөйтіп, қалыпты құқықтық актіні жинаққа, жиынтыққа кіргізбес бұрын оны
өңдеп алу қажет:
- күші жойылған жекелеген баптарды, тармақтарды, тармақшаларды,
абзацтарды мәтіннен алып тастау керек және керісінше, кейінгі барлық
өзгерістерді, толықтыруларды енгізген актілердің дерегін көрсете отырып,
қосу қажет;
- актіден қалыпты нұсқаулары жоқ бөліктерін алып тас тап, мәтінде осы
бөліктердің алыну себептері туралы ескертпе жасау керек;
- қалыпты актіге қол қойған адамдар туралы мәліметтер алынып қалады.
қалыпты-құқықтық актілерді былайша сырттай өңдеу олардың қалыптық
мазмұнын қозғамайды. құқық қалыптары ешқандай өзгертілмей, осы жүйелеу
кезінде қандай күйде қолданыста болса, сол қалпында инкорпорацияланады. Бұл
ретте қалыпты-құқықтық актілердің деректері, тармақтарының нөмірлері,
абзацтары және Т.б. толық сақталады.
Оның нақ осы белгісі - актінің қалыптық мазмұнының өзгермей сақталуы -
жүйелеудің әлдеқайда жетілген түрі ретінде инкорпорацияның консолидациядан
(топтастырудан), кодификациядан (сұрыптаудан) және актілерді есепке алудан
негізгі ерекшелігін білдіреді.
Заңдардың инкорпорациялануын сипаттаған кезде, әдетте, оның жалпы және
жеке (материалдық көлемі бойынша); хронологиялық (тізбектік) және жүйелік
(жүйелеу тәсілі бойынша); республикалық және ведомстволық (пән бойынша)
ресми, жартылай ресми (официозный) және бейресми (заңдық табиғаты бойынша)
болып бөлінеді. [7,210]
2. Заңдарды жүйелеудің екінші түрі - кодификациялау (сұрыптау), өзінің
кең ұғымында заңдарды жетілдірудің және тәртіпке келтірудін үлгілі әрі
мейлінше тиімді нысанын білдіреді. Ол қоғамдық катынастардын айтарлықтай
ауқымды саласын реттеуші және әдетте, құқықтың белгілі бір саласын, қосалқы
саласын, жеке құқық тұтқасын құрайтын қолданыстағы күллі қалыпты материалды
терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде жүзеге асырылады.
Жүргізілген талдау нәтижесіне сүйене отырып, заң шығарушы ғылыми
өлшемдердің негізінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігіне
қарай болашақ сұрыптаушы актінің тақырыбын айқындайды, уақыт тезінен өтіп,
өзінің мәнін сақтап қалған қолданыстағы қалыптық нұсқауларды таңдап алады,
сөйтіп, оларды сұрыптаушы актінің жобасына енгізеді, ескірген қалыптық
ережелер мен әлдебір түзетулерді қажет ететін ережелерді анықтайды,
қоғамдық өмірдің дамуындағы ағымдарды бейнелейтін жаңа нұсқауларды
әзірлейді. Сонымен, дамыған құқықтық жүйеде сұрыптаушы акт, әдетте, тиісті
мәселе бойынша барлық негізгі ережелерді өз бойына табиғи жинақта ған,
оларды белгілі тәртіпке жүйелеген жиынтық акт болып табылады. Ол сонымен
қатар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгілі бір, кейде
айтарлықтай елеулі өзгерістер және тың, ерекше ережелер де енгізеді,
қолданылып жүрген заңдардың сапалы өңделген қорытпасына айналады.
Сұрыптаушы актіні тиісті заң шығарушы орган бекітеді және бұл тұрғыда
сұрыптау құқықты туындатудың негізгі нысандарының бірі болып табылады.
Сұрыптаушылық қызмет барысында жаңа құжатты бекітумен қатар, әдетте,
сұрыпталған актіні қабылдаумен байланысты бұрын қолданылып келген қалыпты
актілер және олардың іс жүзінде күші жойылмаған бөліктері күшін жоюға
ұсынылады. Сондай-ақ егер жаңа сұрыпталған актінің қабылдануына орай
белгілі бір түзетулер жасау қажеттігі туындаса, қолданылып жүрген актілерге
енгізілетін өзгерістер әзірленеді. Сөйтіп, заңдарды ескірген, уақыт
талабынан қалған, тиімділігі аз актілерден тазарту мәселесі шешіледі.
Құқықтық реттеуде тұжырымдаушы бола отырып, сұрыптау сонымен қатар
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тәжірибесінде қоғамның соңғы
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатын да көздейді. Басқаша айтқанда,
сұрыптау - белгілі бір қолданылып жүрген қалыптарды бекіту және оларды
жүйелеу ғана емес, сонымен қатар жаңа құқықтық нұсқауларды әзірлеу,
заңдардың мәтіндерін жетілдіру болып табылады. Сұрыптаудың нақ осы қасиеті
оны құқықшығармашылық қызметтін мейлінше жетілген түрлерінің бірі ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.
Сұрыптауды, әдетте, жүйелеу және ең бастысы - заң актілерін
жетілдірумен байланыстырылады. Сондықтан оның нәтижелері тек өзіне тән
ерекше қасиеттермен сипатталатын негізгі әрі мейлінше заң күші бар
сұрыпталған акт түрінде көрінеді. Бұдан шығатын қорытынды, сұрыпталған
актіде айтарлықтай ұзақ уақыт кезеңіне (белгілі бір болашаққа) арналған
тұрақты қалыптар болуы тиіс. Сұрыпталған акт әрекетінің тиімділігі көп
ретте сол қоғамдық қатынастар дамуының ағымын, оның қозғалысын заң шығарушы
қаншалықты дәл ескертетініне байланысты болады.
Сұрыптаушы акт салыстырмалы алғанда дербес қалыпты нұсқауларды
біркелкі түзілген жүйеге келтіре отырып, әдетте, қоғамдық қатынастардың
белгілі бір саласын реттеуді жанартады. Оның бойында жаңалық сипаты
міндетті түрде болады, өйткені сұрыптау кезінде қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеудің белгілі бір аясына жаңа бөлшектер енгізіледі, заңдардағы
бос кеңістіктің, ақаулардың орны толтырылады. Сұрыптаушы акт жекелей
алғанда ірілендірілген (топтастырылған) актіден осылай ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының құқық шығарушы органдары қабылдайтын
сұрыпталған актілер қолданылып жүрген заңдардың негізін құрайды, бірақ
ағымдық көлемі бойынша шағын заңдардың және өзге де қалыпты құқықтық
актілердің кең шеңберін қабылдауға тосқауыл болмайды. [8,87]
Заңдарды ретке келтірудің жоғарғы нысаны, оны жаппай сұрыптау болып
табылады, тиісті мемлекет өкіметі жоғарғы органның (не өкімет пен
басқарудың) барлық жаңартылған және белгілі бір ғылыми негізделген жүйе
бойынша түзілген қалыпты нұсқауларын қамтыған сұрыптау жүргізу негізінде
заңдардың барлық саласында бірыңғай кең ауқымды акт (оны көбіне
"кодекстердің кодексі" немесе "кодекстер жиынтығы" деп те атайды) жасалады.
Республика заңдары дамуының қазіргі кезеңінде сұрыптаудың мұндай нысанына
әзірге қол жете қоймас, бірақ оны келешекте ескеру қажет, соңда заңдардың
барлық саласында өңделген, жаңартылған әрі осы заманғы бүкіл талапқа сай
келетін сұрыпталған актілеріміз болады. Осы орайда құқықшығармашылығы
барысында, мемлекеттік буындардың құқық қолдану қызметінде және қолданылып
жүрген қалыптарды нақты құқықтық қатынастарда іске асыруда қалыпты құқықтық
актілерді жүйелеудің күллі ұтымды тәсілін пайдалану өзекті мәселе болып
қала береді.
3. Жүйелеудің үшінші түрі - консолидация (топтастыру), яғни қалыпты
актілердің көптігін бір ірілендірілген актіге біріктіру. Жаңа іріленген акт
оған енген қалыпты актілерді ауыстырады, өйткені, құқық шығарушы орган оны
жаңадан қабылдап отыр және өзінің ресми деректері: атауы, қабылданған күні,
нөмірі әрі лауазымды адамның қолы бар. Былайша айтқанда, топтастыру
мемлекеттік органдардың құқық шығару қызметінің бір түрін білдіреді.
Соған қарамастан, бұл құқық шығарудың өзгеше тәсілі.
Оның басты ерекшелігі - топтастыру кезінде қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеудің мазмұны өзгермейді. Бұрын қабылданған актілердің қалыпты
нұсқаулары жаңа актіге өзгеріссіз біріктіріледі. Олар ең әрі кеткенде
редакциялық жөндеуге түседі: қарама-қайшылықтары, кайталанулар, үздік-
создықтығы жойылады, мазмұны ұқсас қалыпты нұсқаулар және Т.б. бір тармаққа
жинақталады.
Топтастыру шаруашылықты басқару, салық салу, әкімшілік жауапкершілік
мәселелері бойынша қалыпты актілерді тәртіпке келтіру мақсатында, бір
сөзбен айтқанда, ондаған, жүздеген шашыранкы қалыпты нұсқауларды олардың
мазмұнын өзгертпей біріктіруге болатын жердің бәрінде құқық шығару
қызметінде пайдаланады.
4. Жүйелеудің төртінші түрі - қалыпты құқықтық актілерді есепке алу,
яғни оларды жинау, сақтау және бақылау жағдайында ұстау, сондай-ақ есепке
алынған құжаттар арасынан қажетті құқықтық ақпаратты табуды қамтамасыз
ететін іздеу жүйесін жасауды білдіреді.
Есепке алудың негізгі міндеті құқықтық ақпараттарды жинау және
кажеттісін жедел іздеп табуға мүмкіндік беретін күйде ұстап тұру болып
табылады. Есепке алуға болатын актілерді жинау түрлі тәсілдермен жүзеге
асырылады. Олардың едәуір бөлігін қалыпты құқықтық актілерді ресми
жариялайтын жинақтардан алуға болады.
Есепке алынған қалыпты актілер жиыны ақпарат қорын құрайды, қалыпты
актілер онда белгілі бір тәртіпте сақталады. Бірнеше жүздеген немесе
мыңдаған актіден тұратын қор, әдетте, заң шығарушылық буындар бойынша
бөлімдерге бөлінеді. Актілер бөлімдер ішінде мерзімдік ретпен орналасады.
Картотека бірыңғай сыныптау негізінде жүргізіледі. Заңдар салалары бойынша
сыныптау бөлімдеріне, бөлімдер бөлімшелерге, ал кейінгісі қажетіне қарай
жекелеген тармақтарға бөлінген.
Қандай қалыпты актілер қолданыста екенін, оларға қандай өзгерістер мен
толықтырулар енгізілгенін білу үшін есепке алынған актілер мәтініне,
кейінгі барлық өзгеріс пен толықтыру енгізіліп отырады, яғни олар
бакыланған күйде ұсталып тұрады. Әлдебір мәселе (тақырып) бойынша
қабылданған қалыпты құқықтық нұсқаманы тез тауып алу үшін ақпарат-іздеу
жүйесі жасалады.
Іздеу мынадай түрде жүргізіледі:
1) құқықтық ақпаратқа туындаған қажеттілік қандай такырьшты немесе
қандай актілерді табуға жататыны жөнінде сұрақ түрінде рәсімделеді;
2) түскен сұрауға сай келетін әліпби-пән сөздігі немесе заңдар
салаларының айдары бойынша тақырыптар тізбесі анықталады;
3) журнал бөлімдері немесе картотека айдарлары бойынша сұрау
тақырыптарына сай келетін қалыптар бар қалыпты актілер анықталады;
4) берілген сұрауға сай келетін қалыптарды актілер мәтінінен оқу
арқылы іріктеу жүзеге асырылады. [9,64]
Қазір басқару саласында осы заманғы техника, соның ішінде компьютер
машиналары барған сайын кеңінен қолданылып жатқан кезде автоматты ақпарат
іздеу жүйесін жасау үшін мол мүмкіншіліктер ашылуда. қолмен іздеу жүйесінен
автоматты іздеу жүйесінің артықшылығы - құқықтық ақпарат іздеуді
айтарлықтай жетілдіреді және мемлекеттік буындар мен заңды тұлғалардың оған
деген қажеттілігін мейлінше толық қанағаттандыруды қамтамасыз ете алады.
Қазіргі кезде қазақстанда ведомстволық актілерді мемлекеттік тіркеу
жолға қойылған. Мемлекеттік тіркеуге мынадай жағдайда тиісті ведомстволар
өз актілерін жібере алады. қалыпты актіге: 1) қалыпты актіні шығару
негіздері (министрліктерді, мемлекеттік комитеттердің, ведомстволардың
құзыреті, жоғары органның шешімі, т.б. жағдайлар); 2) осы мәселе жөнінде
бұдан бұрын қабылданған қалыпты актілер туралы және оларды өзгерту туралы
ұсыныстардың қабылдануы немесе мемлекеттік тіркеуге ұсынылған актінің
қабылдануына байланысты күші жойылған деп тану туралы мәліметтер
көрсетілген анықтама тіркеледі. Бұл жұмысты қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың
қалыпты актілерді табыс еткен кезден бастап 30 күн ішінде жүзеге асырады.
Егер қалыпты актіні қосымша зерделеу жүргізу және сарапшыларды тарту қажет
болса ол тіркеу мерзімін ұзарта алады.
Қалыпты актіні тіркеуге мынадай жағдайда рұқсат берілмеуі мүмкін, егер
ол:
- азаматтардың заңдарда белгіленген құқықтары мен бостандықтарына
нұқсан келтірсе немесе оларға заңдарда көзделмеген міндеттерді жүктейтін
болса;
- оны шығарған орган құзыретінің шегінен шығатын болса;
- мүдделі министрліктермен, мемлекеттік комитеттер және
ведомстволармен келісілмеген болса, егер мұндай келісім міндетті түрде
заңда айқындалып көрсетілсе. Тіркеуге рұқсат етілмеген қалыпты актілерді
қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оларды шығарған органға
олардың заңға сәйкес келмейтіндігі туралы қорытындылармен бірге қайтарып
береді. Бірақ бұл шешімге наразылық келтіріп, шағымдануларына болады.
Демек, есепке алуды құқықтық ақпаратқа өз қажеттілігін қанағаттандыру
үшін не өзге субъектілерді құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін іс
жүзінде барлық мемлекеттік буын мен заңды тұлғаға сату мақсаттарында жүзеге
асырады.
Сайып келгенде, нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің
ерекшеліктері мынада:
1) әр мерзімде қолданыста жүрген актілерді бір-бірімен салыстыру және
оларды талдау;
2) құқық нормаларының мазмұнындағы қарама-қайшылықты, құқықтағы
ағаттыклы, бір мәселелерге арналған актілердің көптілігін жоюды, сонымен
бірге ескірген нормаларды табу;
3) жаңа актілердің жобаларын дайындау, қолданылып жүрген актілерге
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеу;
4) жаңадан қабылданған актілер, өз күшін сақтайтын бұрынғы актілерді
белгілі жүйеге топтастырып, заңдар жинағы мен жиынтықтарына жиыстыру.
Заңдарда жүйелеудің жеңілдеу ұғымы - бұл оларды ықшамдауға бағытталған
қызметтің бағыты.
Сонымен, жүйелеу – бұл нормативтік актілерді реттеу, оларды белгілі
бір жүйеге келтіру. Ол заңнаманы қолдану ыңғайлылығын арттыру үшін,
көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін қажет. [10,79]
Жүйелеудің түрлері:
1. Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өз-гертпестен
бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Мұн-дай жинақта əрбір акт
өзінің дербес мəнін сақтап қалады. Ин-корпорацияның қағидалары:
хронологиялық (оларды қабылдау уақыты бойынша), тақырыптық (белгілі бір
тақырып бойынша) жəне т.б.
Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақтардың үш түрін
бөліп қарастырады: ресми, официозды жəне бейресми. Ресми жинақ
құқықшығарушы орган өзі жинақты дайындап, жариялаған кезде орын алады.
Официоздық жинақ болып құқықшығарушы органның (мысалы, əділет
министрлігінің) тапсырмасы бойынша, бірақ оның ресми көрініс таппаған
қолдауы арқылы шығарылған жинақтар табылады. Бейресми жинақ болып ғылыми
мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша, құқықшығарушы органның арнайы
өкілеттіктерісіз шығарған заңнама жинақтары табылады.
2. Консолидация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір
жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Инкорпорациядан айырмашылығы –
мұндай жинақта əрбір акт өзінің дербес мəнін жоғалтады. Мұнда нормативтік
актілер олардың белгілі бір қызмет түріне қатыстылығы белгісі бойынша
біріктіріледі (табиғатты қорғау, білім жəне т.б.).
3. Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің
нəтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны.
Кодификация процесінде ескірген материалдар мен нормалардағы қарама-
қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс-тұрыс ережелері қалыптасады, олардың өзара
келісуі мен логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дəстүрлі
қалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол – бір сипатты қоғам-дық
қатынастардың белгілі бір саласын жан-жақты реттеуге мүмкіндік беретін ірі
акт.

1.3 Hормативтік құқықтық актілерді инкорпорациялау ұғымы және түрлері

Инкорпорация - қалыпты актілердің белгілі бір жүйе бойынша заң
шығарушының баспа бетіңде жариялаған мәліметтері. Заңдарды ретке келтіру
тәжірибесінде олардың түрлері көп әрі түрлі сыныптық негіздерге бөлінеді.
Заңдарды инкорпорациялау материалдардың орналасу реті; қалыпты
материалдарды іріктеу мен өңдеудің күрделілік дәрежесі бойынша түрлі
нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Қалыпты материалдарды қамту көлемі жөнінен инкорпорация жалпылама және
жекеленген болып бөлінеді.
Жалпылама ин корпорация деп мәні мен заңдық күші бойынша біртекті
қалыпты - құқықтық актілерді ретке келтіруді айтамыз. Бұл белгілі бір құқық
шығарушы органның күллі құқықтық актісін (мысалы, барлық заңдық актілер,
бір министрліктің, мемлекеттік комитеттің, ведомствоның актілері) немесе
ресми қолданыстағы барша республикалық заңды не бүкіл жалпыға міндетті
ведомстволық актіні және т.б. бір жинаққа құрастыру болып табылады. Жалпы
инкорпорациялау нәтижесінде қолданылып жүрген зандардың көп томдық жинағы,
зандардың жиынтығы, заң шығарушы органдар, жекелеген министрліктер,
мемлекеттік комитеттер, ведомстволар және т.б. актілерінің толық жинағы
пайда болды.
Жекеленген инкорпорация қоғамдық қатынастардың әлдебір жеке саласын
(не бірнеше саласын) реттейтін актілерді белгілі бір жүйеге келтірумен
байланысты. Сырт кейпінде ол белгілі бір мәселеге арналған құқықтық
актілердің тақырыптық жинақтары (мысалы, "Тұрғын үй заңдары", "Ауыл
шаруашылығы жөніндегі актілер жинағы", т.б.) түрінде көрінеді. Мұндай
жинақтарға оның мақсаты мен сипатына қарай көбінесе зандық күші әр түрлі
заңдар мен ведомстволық актілерге дейін енгізіле береді.
Инкорпорацияның аталған түрлерге бөлінуін дара инкорпорация деген атау
қойып, үшінші түрмен толықтыруға болады. Ретке келтірудің бұл түріне
белгілі бір дара қалыпты актілерді тәртіпке келтіруді (оның мәтініне ресми
өзгерістерді енгізуді) не белгілі бір мәселені реттеуші бөлек-бөлек
қалыптарды мәніне өзгеріс жасамай бір жерге жинауды жаткызған жөн. [11,63]

Қалыпты материалды бөлудің келесі негізі - оның орналасуының сипаты.
Ол зандардың хронологиялық (тізбектік) және жүйелік бөлудің барлық түрінің
негізі болып табылады.
Хронологиялық ин корпорация кезінде жинақтардағы күллі акт зандық күші
немесе дәрежесіне қарамай, оларды бекіткен күндер бойынша орналастырылады.
Айталық, қазақ КСР-нің Хронологиялық жинағына 1920 жылдан 1970 жылдарға
дейінгі кезең ішіндегі республикада қолданылып жүрген зандар мен үкіметтік
актілер енді. Жинаққа біріктірілген актілердің бастапқы мәтіні емес,
ескірген, қарама-қайшы қалыптардан (баптардан), сондай-ақ әлдебір
себептермен енгізу қажет емес деп табылған баптардан (қалыптардан) басқа
барлық өзгерісі мен толықтыруы жасалып, өнделген мәтіндер енгізілді.
Хронологиялық жинақ кітапша томдар түрінде шығарылды. Оның ішінде
қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу
кодекстері, сондай-ақ тарихи маңызы бар қазақ автономиялық республикасының
заң актілері (1920-1936 жылдар) жеке томдар болып жарық көрді. Небәрі 22
том шықты, оның соңғы екеуі ("Ежегодник") деген атаумен басылды. Сөйтіп,
хронологиялық жинақты әзірлеу және басып шығару ғана республикалық
қолданыстағы зандардың жайкүйі туралы нақты түсінік алуға 1966 жылдан
бастап мүмкіндік берді. Әрине, хронологиялық жинақтың барлық томдарын қарап
шығу (ал қазақстанда олар 20-дан астам) тіпті әліпбипәндік көрсеткіші
болғанның өзінде көп уақыт пен күш-жігерді алады және керекті мәселе
жөніндегі қалыпты нұсқаулар туралы толық мәлімет бере алмайды. Дегенмен,
кеңес уақытындағы, сондай-ақ талай шетелдердегі заңдарды жүйелеу тәжірибесі
зандарды тәртіпке келтіру үрдісінде хронологиялық ин корпорация көп
қолданғандығын көрсетіп берді (мысалы, алпысыншы жылдары қазақ КСР
заңдарының хронологиялық жинағын басып шығару) және қолданылып жүрген
заңдар туралы мәліметтердің анық көзі ретінде қазіргі кезеңдегі оның іс
жүзіндегі мән-маңызына елеулі дәлел болады.
Жүйелі инкорпорация кезінде барлық акт бөлімдерге, тарауларға,
параграфтарға, тармақтар мен тармақшаларға және жекелеген мәселелерге
пәндік белгілері бойынша орналасады. Мұндай жіктеудің мақсаты - оларды
пайдалануға ыңғайлы ету. Актілер жинағы ішкі құрылымдық бөлшектену кезінде
тақырыпты мақсатты дамытуды қамтамасыз ететіндей ретпен орналасады. Алайда,
бұл актілерді қисыны бойынша жалпыдан жалқыға қарай ретретімен орналастыру
мүмкін болмаған жағдайда белгілі бір шектерде хронологиялық тәртіпті
қолдануды теріске шығармайды. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда актілердің
"аралас" қағидатпен орналасуы да мүмкін. Айталық, жыл сайынғы қосымша жинақ
томдарда қалыпты актілер бөлімнің ішінде алдымен хронология бойынша
орналасады (бірінші бөлік), сонан соң екінші бөлікте алдыңғы бөлікте
орналасқан актілерге сілтеме жасалады, бұл орайда ол сілтемелер жинақтың
схемасы бойынша жүйелік тәртіпте орналасады.
Жинақ схемасының негізінде екі сыныптық белгінің үйлесімі - актілерді
қызметтің түрлері бойынша (өнеркәсіп, қаржы, несие, көлік, байланыс, ауыл
шаруашылығы және т.б.) және құқықтың салалары бойынша (қылмыстық,
азаматтық, еңбек, т.б.) орналастыру алынған. Бұл белгілер құқықпен
реттелетін қоғамдық қатынасатардың негізгі салаларымен анықталады.
Жүйелік ин корпорация сапалы болуы және зандылықтың нығаюына тиімді
ықпал етуі үшін ол мынадай талаптарға жауап беруі тиіс: 1) толық болуы,
яғни ин корпорацияның тиісті түрі мақсатты белгілейтін айқындау шегіндегі
бүкіл қалыпты нұсқауды бойына жинақтауы; 2) қолданыстағы зандардың жайкүйін
анық бейнелеуі; 3) қажетті қалыпты материалды ыңғайлы да жедел іздеуді
қамтамасыз етуі керек.
Қамтитын қалыпты материалдың деңгейі жөнінен инкорпорация
республикалық инкорпорациялау және ведомстволық инкорпорация болуы мүмкін.
Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және ведомстволардың
құқықтық актілерін қамтитын ведомстволық инкорпорация біршама ерекше
тұрады.
Тиісті инкорпорация жұмысын, әдетте, инкорпорацияланатын актілер
шығаратын органдар жүзеге асырады.
Республикалық немесе ведомстволық инкорпорациялаумен бірге,
республикалық және кейбір жағдайларда ведомстволық актілер қатар
жүйеленетін аралас инкорпорациялау болуы да мүмкін. Әдетте, бүл нақты бір
мәселе (авторлық, өнертапқыштық, су шаруашылығы, тұрғын үй мәселесі және
т.б.) бойынша түрлі сипаттағы жинақтар шығарылатын ішін ара инкорпорациялау
кезінде жүзеге асырылады.
Инкорпорацияны түрге бөлудің тағы бір негізі - шығарылатын жинақтардың
зандық күші. Бұл негіз бойынша инкорпорация ресми, жартылай ресми және
бейресми деп бөлінеді. [12,108]
Бастапқыда заң әдебиетінде инкорпорация осыған арнайы уәкілдік
берілген мемлекеттік органдар (ресми) немесе арнайы өкілеттігі жоқ ұйымдар,
сондай-ақ жекелеген тұлғалар (бейресми) жүзеге асыруына қарай ресми немесе
бейресми болуы мүмкін деген ой айтылды. Сыртқы белгі (ин корпорация ны кім
іске асыратынына байланысты) инкорпорацияны зандық күші бойынша бөлу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаң ісқысымының көлемін анықтау
Мұрағаттық қор шегіндегі құжатты топтастыру
Ақылды карталарды жасаудың негізі - жарқын ойлаудың табиғи процесі
Кодификация (сұрыптау) және инкорпорация (реттестіру) құқықтық нормаларды жүйеге келтірудің негізгі жолдары
Мұрағат тізімдемесі
Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі
Заң актлерін кодификациялау
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Мұрағаттық жолкөрсеткіш
Пәндер