Итмұрын


Мақсаты: 1) жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктерді қорғау;
2) емдік қасиетін ашып көрсету;
3) дәрілік өсімдіктерді медицинада және күнделікті өмірде қолдана білуге, табиғатты сүюге және қорғауға баулу;
Міндеті: 1) дәрілік шөптерді ажырата білу;
2) оларды жинау, кептіру, сақтау тәсілін білу;
3) өсімдікті тану, оның ерекшеліктерін білу.
Жоспар
- Кіріспе
Өсімдік жайлы не білеміз?
- Негізгі бөлім
а) Дәрілік өсімдіктер
ә) Дәрілік өсімдіктерді өсіру
б) Дәрілік өсімдіктерді жинау
в) Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар
г) Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспалар
- Қорытынды.
Кіріспе
Итмұрын, раушан, қоңыр раушан - жабайы және қолдан өсірілетін өсімдік. Қазақстанда өседі. Өсімдіктің жемісінде С және басқа да витаминдер көп. Одан жасалған дәрілер витамин ретінде және ас қорытуды жақсартуға, сон-дай-ақ бауыр және өт қалтасы қабынуына қарсы дәрі ретінде қолданылады. Итмұрынның жемісінен және ұрығынан “Раушан майы” және “Каротолин” препараттары жасалады. Олар күйген жерді және тері ауруларын емдегенде, сондай-ақ рентген сәулесімен емделгенде қолданылады. Итмұрынның рау-шан атты түрінен “Холосас” препараты дайындалады.
Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Өсім-діктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жа- пырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыт- тың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың дәрі- лік қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдік- терді түнде жинау керек екендігін ұсынған. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер даладағы дәрілік өсім- діктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп өсірумен айналысқан. Египет мамандары тұңғыш рет осы дәрілік қасиеті бар өсімдік- терге классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын, қақырық түсуін жеңілдететін топтар- ға бөлген.
Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек ба- ғытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды. Дәрі- лік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Грекия елі біраз рөл атқарған. Грекия дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жа- зып, оларды ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы то- лық ғылыми тұрғыдан түсінік берген.
Дәрілік өсімдіктер. Өсімдіктердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер, стероид, тритерпен, алкалоид, глико- зидтердің, микроэлементтер, ақуыз, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Әдетте өсімдіктің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде пайда- ланылады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұн- тақ т. б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пай- даланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Дәрілік шөптермен, сондай-ақ синтетикалық медицина- лық препараттармен емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Дәрілік өсімдіктерді өсіру. Дәрілік қасиеті бар өсімдіктердің кейбіреулерін үйде егіп өсіруге болады. Егер осы істі дұрыс қолға алатын болсақ, бірінші- ден, бұл табиғатқа жасаған көмегіміз, яғни табиғаттағы өсімдік байлығына аз болса да қосымша қор болады. Екіншіден, дәрілік өсімдіктер қысы-жазы қол астымызда болып, керек уақытында еш жақтан іздемей-ақ пайдалануға бола- ды. Өсімдіктер санын көбейту бұл жұмысқа ынта қоюға байланысты. Үй ішінде өсімдіктерді өсіруге алдын ала жәшік, қыш құмыра, полиэтиленнен іс- телінген ыдыстарды дайындау керек. Осымен қатар құнарлы топырақ, құм, қарашірік, ұсақталған тастар әзірленуі тиіс. Бұдан кейін қажетті өсімдік егіл- ген ыдыстарды қоятын орын дайындап алған дұрыс. Өсімдіктерге жарық то- лық түсетін болуы керек. Жарық жеткіліксіз болса люминесцентті шамды тәулігіне 8-10 сағаттай жағып, қосымша жарық беріледі.
Өсімдікті үйде өсіргенде ең жауапты жұмыстың бірі - ыдыстардағы топы- рақтан ылғал үзілмеуі керек. Оларға пайдаланылатын суды біраз тұндырып алып құйған дұрыс. Дәрілік өсімдіктерді өсіргенде олардың әрқайсысының биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аударып отырған жөн. Бұл өсімдіктердің біразы тек вегетативтік жолмен, ал кейбіреулері тұқымынан немесе тамыр түйнектерінен өсіп-өнеді. Сонымен қатар олардың өсіп-өнуі табиғат жағдайы- ның әр түрлі өзгерістеріне орай құбылмалы келеді.
Мысалы, итмұрынды тамыр бөлшектерінен, сабақ кесінділерінен, болмаса дәнінен егіп өсіруге болады. Сабақ кесінділерін дайындау үшін өсімдіктің жас, бір жылдық бұтақтарының жоғарғы жағынан алады. Осы алынған кесін- ділерді 10х3 см схемасымен отырғызу керек. Бұл өсімдіктер тамырланғаннан кейін 20х30х8 см схемасымен қайтадан отырғызылуы тиіс. Осылай өскен екі жылдық көшет қайтадан 40х40х40 см схемамен шұңқырларға отырғызылады.
Дәрілік өсімдіктерді жинау. Өсімдіктерді жинауға шығар алдында олар туралы толық мағлұмат беретін нұсқауларымен жете танысқан жөн. Сонымен қатар күрек, пышақ, секатор, қайшы сияқты құралдардың болғаны дұрыс. Өсімдік жапырағын, гүлін және тамырын жинаған кезде осы жоғарыдағы аталған құралдарды ұқыпты әрі орынды түрде пайдаланып, кесіп болмаса қа- зып алған дұрыс. Бұлай болмаған күнде өсімдіктер қатты зақымданады. Неге десеңіз, өсімдік гүлін я жапырағын қолмен жұлғанда оның тамырынан жұлы-нып қалуы мүмкін. Жиналған өсімдіктерді салатын рюкзак, себет, кішігірім қаптар ала шыққан жөн. Өсімдікті бір жерден бірнеше жыл қатарынан жи- науға болмайды. Дәрілік өсімдік өсіп тұрған жерлерде сол өсімдіктің бола- шақта өсіп-өнуі үшін әр маусымда белгілі бір мөлшерін қалдырып отырған дұрыс. Сонымен қатар өте жас өсімдіктерге тимей, толық пісіп жетілгендерін алу керек. Себебі бұларда биологиялық белсенді заттар мөлшері басымырақ болады, яғни бұл қасиет өсімдіктердің өсу кезеңі мен мөлщеріне байланысты деген сөз. Сондықтан өсімдіктің қай мүшесін қай мезгілде жинау керек екен- дігін де білген дұрыс. Өсімдік тамырларын толық пісіп жетілген уақытта, күз айларында жинайды. Ал жазғытұрым жинауға тура келетін болса, онда та- мыр өсіп өнуі басталмай тұрған кезде жинау керек. Өсімдік жапырағын то- лық гүлдеу мезгілінде жинайды. Ондайда төменгі және ортаңғы жапырақтар жиналады. Зиянды жәндіктермен, аурулармен зақымданған жапырақтарды жинауға болмайды. Гүлдерді өсімдіктер гүлдей бастағанда жинайды. Зақым- данған және қатты ластанған гүлді де жинамаған дұрыс. Бүршіктерді жазғы- тұрым ерте, ол ашылмай жаңа бөртіп тола бастағанда жинайды. Өсімдік қа- бығын бүршік толығып, сөл жүре бастағанда уақытта жас бұталардан жина- ған дұрыс. Олардың қабығын жинау үшін пышақпен екі жерден көлденең, арасын 20-30 см етіп жарты сақина жасап тіледі. Содан кейін олардың арасын жоғарыдан төмен қарай екі жерден тіліп қосады да, жоғарғы жарты сақина тіліктен бастап пышақ ұшымен көтеріп, қабығын сындырып алады. Бұл жағдайда өсімдіктің текк жарты қабығы алынады да, қалған бөлігі өсімдікте қалып, сөл жүру үдерісін жалғастыра береді. Өсімдік шөбін негізінде гүлде- ген мезгілде жинайды. Ол үшін өсімдікті жапырағы көп жоғарғы жағын гүлімен қоса, төменнен екі-үш жапырақ қалдырып кесіп алады. Сарғайған зақымданған жапырақтарды алып тастау керек. Өсімдіктің жемісі мен дәнін пісіп жетілгенде жинайды. Кейбір өсімдіктерде олар ертерек пісіп, түсіп қалу қаупі туады. Сондықтан ондай өсімдіктердің жемісі мен дәнін ертерек жинау- ға да болады.
Өсімдік жапырақтарын, гүлдері мол сабағын күн ашық, құрғақ уақытта, ер- теңгі шық кепкеннен кейін жинаған жөн.
Өсімдік тамырларын қазып алғаннан соң жабысқан топырақтарын салқын сумен жуып тазартады. Өсімдіктерді жинауға кіріскенде бір ескеретін нәрсе: жинайтын адам қолына қолғап кигені дұрыс. Себебі көптеген өсімдіктер тіке- некті келеді.
Жинап алынған өсімдіктерді дереу кептіріп алған жөн. Себебі тез кептіріл- ген өсімдіктерде оның дәрілік қасиеті мен сапасы көбірек сақталатыны дау- сыз. Жиналған өсімдік мүшелерін кептіру жұмысы көлеңке, жел қағып тұра- тын жерге қағаз немесе басқа төсеніш жайып, әлсін-әлсін аударып отырып кептіру керек. Жақсы кептірілген өсімдік қолмен уқалағанда бірден морт етіп сынып кетеді. Кептірілген өсімдікті қағаздан жасалған қапшыққа немесе кар- тоннан істелген қорапқа салып, ішіне қағаз төсеп, қараңғы және құрғақ жерде сақтайды. Оларды жіпке тізіп, іліп я болмаса ағаш үстіне жаю керек. Әр түрлі зиянкестер тимеуін қамтамасыз еткен дұрыс. Өсімдік сақтайтын жерде өткір иісті ( керосин, нафталин т. б. ) заттардың болмағаны жөн. Улы қасиеті күшті- рек өсімдіктерді бөлек сақтау керек.
Ұзақ сақталған (2-3 жыл) өсімдіктердің сапалылығы жаңа жиналған өсім- діктерге қарағанда төмен болады. Сондықтан жыл сайын тек керекті мөлшер- де ғана жинап, жаңа жиналған өсімдіктерді ғана пайдалануға тырысқан жөн. Дәрілік өсімдіктерді қала төңірегінен, үлкен жол бойынан жинамай, алысы- рақ ашық даладан жинаған жөн. Себебі қалаға жақын немесе жол бойында өскен өсімдіктер автомобильдердің түтінімен бірге шығатын қорғасын т. б. заттармен ластанбай тұрмайды.
Емге керекті өсімдік тұнбасын дайындауға эмальді немесе шыны ыдысты пайдалану керек. Бір ескерте кететін нәрсе: осындай емдік өсімдіктерді жинау алдында міндетті түрде дәрігерге көрініп, ауру диагнозын анықтап, қандай шөпті қанша мөлшерде, қай уақытта қалай пайдалануға болатынын білген дұрыс. Дәрігердің кеңесі ғана емделудің бірден-бір дұрыс жолын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар дәрілік мақсатта қолданылып жүрген өсімдіктердің улы қасиеті бар екендігін ескере отырып, оны пайдаланған уақытта емдеуге керекті мөлшері міндетті түрде дәрігердің бақылауымен қадағаланады.
Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар. Дәрілік өсімдіктер құрамында көптеген биологиялық әсерлі заттар болады. Осы өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланғанда сол заттар адам ағзасына еніп, әр түрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. Өсімдіктердің дәрілік қасиеті осы биологиялық әсерлі заттардың тобына алкалоидтар, гликозидтер, эфир майлары, сапониндер, илік заттары, витаминдер, ағзалық қышқылдар т. б. көптеген заттар кіреді.
Алкалоитар - табиғаттағы күрделі азотты заттар. Бұлар өсімдіктерде тұз- дар немесе олардың негізі түрінде болады. Алкалоидтардың фармакология- лық қасиетте- рі алуан түрлі және әсерлі. Өсімдіктегі алкалоидтар мөлшері 2-3 пайыздан болады. Алкалоидтардың әсіресе орталық жүйке жүйесіне тигізетін физиоло- гиялық әсері өте күшті.
Гликозидтер молекулалары қанттан және қансыз, азотсыз заттардан тұра- тын топтарға жатады.
Эфир майлары - өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесе- тін күшті иісті жеңіл ұшатын зат.
Витаминдер - ағза тіршілігіне өте қажетті органикалық зат. Оның аз ғана мөлшерінің өзі адам, жан-жануар тіршілігінің өсіп жетілуіне мүмкіндік туғы- зады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz