Банктің депозиттік операциялары және оның ҚР дамуы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Депозиттік операциялардың экономикалық маңызы мен мәні . . . 5

1. 2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты . . . 11

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ы мысалында 2. 1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі депозиттік базаны бағалау . . . 18 2. 2 “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ның депозиттік операцияларын талдау . . . 21

2. 3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несие және депозит нарықтарындағы операцияларын салыстырмалы талдау . . . 25

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттік операциялары және оларды сақтындыру жүйесінің дамуы . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 39

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 1 наурыз айындағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында:Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей «Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл - жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика» /1, 3 б. /. Ал бұл мақсаттарға жету үшін осы іскерлікті жүзеге асыруға және шығарылатын өнімдердің жоғары бәсекелік қабілеттілігін орнатуға көмектесетін банк жүйесінің несиелері болып табылады. Бұл несиелер, өз кезегінде, банктердің тартылған ресурстары арқылы берілетініне көзіміз жетеді. Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау - Үкіметтің басты міндеті. Оны іске асыру үшін 2012-2011 жылдарға арналған Үкімет бағдарламасы жасалып бекітілді. Бұл бағдарлама бойынша резиденттердің депозиттері 1654 млрд. теңгеден 2011 жылы 3525 млрд. теңгеге өсуі жоспарлануда /2, 6 б. /.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерi Конституцияға, «Қазақстан Республикасының банктерi мен банктiк қызмет туралы» 1995 жылдың 31 тамызындағы Қазақстан Республикасының заңына, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 12-маусым 2012 жылғы ҚР кодексіне, «Валюталық реттеу туралы» 3аңға, «Екiншi деңгейдегi банктердегi клиенттердiң бaнктік шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібi туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы заңға сәйкес депозиттiк операцияларды жүргiзедi.

«Банктер және банктiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 3аңына сәйкес «депозит - бiр тұлғаның екiншi тұлғаға - банкке (соның iшiнде Ұлттық банкке) оларды номиналды­ түрде қайтару шартымен, бiрiншi ретте талап еткенде сондай - ақ белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн қайтарылу шартына байланыссыз, толығымен немесе бөлiктеп, алдын-ала келiсiлген өсiммен немесе өсiмсiз, тiкелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы бойынша үшiншi тұлғаға берiлетiн ақшалар» /3/.

Коммерциялық банктердiң өздерiндегi бар несие ресурстарын сұранысқа ие болып отырған ұзақ мерзiмдi несиеге бере алмауы, ол да ресурстарды орналастыру барысындағы әлi де шешiлмеген ­мәселелердiң бар eкeнiн көрсетедi. Атай кетер болсақ, олар:

- депозиттiк салымдар көлемiнде қысқа және орта мерзiмдегi салымдар үлесiнiң көп болуы, бұл банктердiң ресурстарды ұзақ мерзiмге бере алмауына алып келедi;

- ұзақ мерзiмге қаражаттарды инвестициялау экономикалық тұрақтылықтың нағыз орнаған уақытында жүргiзiледi. Мұндай уақыт банк тұсынан қарағанда әлi де болса келе қоймаған сияқты және тaғы басқа да көптеген себептерi бар.

Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерi қазiргi уақытта жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесiне депозит түрiнде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Олар өз тәжiрибелерiмен бiрге шетелдiк банктердiң озық тәжiрибелерiн де енгiзуде.

Олар әр түрлi шарттармен, мазмұнмен, мерзiммен жаңа депозиттiк салымдар түрлерiн ашу, пластикалық карточкалар арқылы төлемдер төлеу, электронды есеп айырысулар жүргiзу, сейфтiк сақтау қызметтерiн, интeрнет банкинг қызметтерiн көрсету және т. б. тәжiрибелердi енгiзуде.

Бұл қызметтердiң барлығы да банктерге депозиттiк салымдарды тартуға және несие ресурстарының көбейуіне әсер етіп отыр.

Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру мәселелерін зерттеуге көптеген ғалымдарының еңбектері арналған. Бұл ғалымдар: Б. И. Алехин, А. В. Аникин, Ю. А. Бабичев, В. И. Колесников, О. И. Лаврушин, Я. М. Мукин, Г. С. Панова, В. М. Усоскин және т. б.

Депозиттердің экономикалық мәнін түсіндірген отандық ғалымдар: Ш. Р. Абдилманова, Г. Т. Калиева, К. К. Ильясов, У. М. Искаков, Ж. О. Ихданов, Н. К. Мамыров, Д. М. Мажитов, В. Д. Мельников, Г. С. Сейткасымов, Н. Н. Хамитов, А. Челекбай және т. б.

Жұмысты зерттеуде шетелдік экономист ғалымдардың депозиттерді теориялық - әдістемелікжәне тәжірибелік тұрғыдан зерттеп жазған еңбектері едәуір көмектесті. Экономиканың дамуындағы банктердің алатын орны мен рөлін зерттеген келесі ғалымдарды атап өтуге болады: Дж. Кейнс, Р. Коттер, Р. Смит, Э. Родэ, Д. Рикардо, И. Фишер, М. Питерс, П. Самуэльсон және т. б. авторлар.

Зерттеудің объектісі болып Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру табылады жәнеКоммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастырудағы қалыптасқан экономикалық қатынастары ұсынылады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен мiндeттepi . Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын зерттей отырып, заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін тартудағы мәселелерді қарастыру.

Жұмыстың мақсатынан туындайтын негiзгi мiндeттep :

  • ақша-несие қатынастары жүйесiндегi "депозит" экономикалық категориясының мәнi мен мазмұнын зерттеу;
  • “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ның депозиттерін талдау және оларды басқа банктердің балама депозиттерімен салымтыру;
  • депозиттердi сақтандыру қорының қызметi мен мiндеттерiне теориялық және тәжiрибелiк материалдар негiзiнде талдау жүргiзу;
  • депозиттердi сақтандыру қорының қызметiне талдау жасай отырып, оны жетiлдiру жолдарын анықтап беру.

1 ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Депозиттік операциялардың экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының едәуір бөлігі меншікті қаражаттармен қатар, тартылған қаражаттар құрайды. Сондықтан да банктің беретін несиелер көлемі тартылған қаражаттарға тікелей байланысты болып келеді. Банкте тартылған қаражаттар құрамына қарай әр түрлі болып келеді. Олардың басты түріне банктің клиенттерімен жұмыс процесі кезінде тартылған, сол сияқты басқа да несиелік мекемелерден қарызға қаражаттары жатады.

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екі топқа бөлінеді:

(1 сызба)

1. Депозиттік қаражаттар.

2. Депозиттік емес қаражаттар

Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттары

Депозиттік Депозиттік емес

қаражаттар қаражаттар

Мерзімді Орталық банк несиесі

депозиттер

Талап етуге Басқа банктерден алған

дейінгі

депозиттер

Жинақ салымдары

1 - сызба. Банктің тартылған қаражаттар құрылымы.

Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) - бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға - банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік операциялар - банктің негізгі пассивтік операцияларын құрайды. Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады.

Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі - бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.

Кеңес экономистері депозиттерге мерзімді салымдарға орналастырылған қаражаттарды жатқызады. Бұл әлемдік банктік тәжірибеге сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі - уақытша бос қаражаттарын тарту және инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады. [21. 15-14б]

Кез келген ел экономикасының дамуы жинақтаулардың инвестицияларға өту тиімділігімен тығыз байланысты. Республиканың ішкі жинақтауларын тарту қажеттілігі, ең алдымен, инвестициялық ресурстар тапшылығы және тікелей шетелдік инвестициялар үлес салмағының ұлғаю мәселесімен белгіленеді. Осыған байланысты, нарыққа өту жағдайында ұлттық ақша ресурстардың мобилизациясы, тұрғындар жинақтауларының банк жүйесіндегі несиелік ресурстарға құйылуына әрекеттесетін депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; зейнетақы активтерінің нарығы; қор нарығы; валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуы арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие. Тұрғындар өзге қаржы нарығының сегменттеріне жинақтаулар салу тәжірибесінің жоқтығы бұл сегменттердің жеткіліксіз дәрежеде дамымауына әкеліп соқтырады.

Халықаралық банктік тәжірибеде депозиттер 4 топқа бөлінеді:

I - топ, мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері - депозиттік сертификаттар ;

II - топ, талап етуге дейінгі депозиттер;

III - топ; халықтың жинақ салымдары;

Мерзімдік депозиттер тобы, әдетте мерзімдеріне қарай жіктеледі:

  • 3 - ай мерзімге дейінгі депозиттер;
  • 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
  • 9 - айдан бір жылға дейінгі депозиттер;
  • Бір жылдан жоғарғы уақыттағы депозиттер;
  • Депозиттік сертификаттар

Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, «жасанды» депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп - айырысуы мүмкіндігін беру барысында.

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай - ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. [23. 24-38б]

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • бағалы қағаздар.

Сондай - ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  • мерзімдеріне қарай;
  • салым иелерінің категорияларына қарай;
  • қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  • пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  • банктің, активтік операциялары бойынша Жеңілдіктер алуына қарай;

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • жеке тұлғалардың шоттарына;
  • кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
  • жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
  • қаржылық мекемелерінің шоттарына;
  • шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік акционерлік кәсіпорындардың, сондай - ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырусыдағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
  • банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  • талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Депозиттер
Транзакциялық шоттар
Талап еткенге дейінгі салымдар
Жинақ және мерзімді салымдар
Куәләндыратын чектер
Жинақтық салымдар
Жинақтық салымдар: Нау шоттары және басқа да шоттар
Жинақтық салымдар: Кәдімгі жинақ салымдар

1. 2 - сызба . АҚШ-тың коммерциялық банкілеріндегі депозиттер.

АҚШ - тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шотты және куәләндырылған чектер сияқты депозиттер Америка бантерінде кеңінен қолданылады.

Нау - шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер.

Нау шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады;

  • бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
  • бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
  • салым иелерінің бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.

Куәләндырылған чектер шоттары - бұл куәләндырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттарды білдіреді. Куәләндырылған чектер - бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәләндырылуы.

Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады. Оның мынадай ерекшелігі бар:

  • ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
  • шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
  • салымдардың сақтандырылуы;
  • иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.

Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті. [24. 16-20б]

Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • меншікті-мерзімді депозиттер;
  • алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

  • 30 күнге дейін;
  • 30-90 күнге дейінгі;
  • 90-180 күнге дейінгі;
  • 180 күннен 360 күнге дейінгі;
  • 360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

  • есп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары.

Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: оперцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және тағы басқа. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.

Жинақ салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдардың мынадай ерекшеліктері болады:

  • ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
  • шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
  • ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдар;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағымдық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталық салымдар.

1. 2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты

Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді, оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру - бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық банк экономиканың субъектісі ретінде банктің клиенті және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан біріне сай келмейтіндігі айқын. Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат , ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды. Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады- бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.

Банктердің депозиттік саясатының мақсаты - олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.

Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:

  • халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;
  • талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
  • клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;
  • қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін арттыру;

Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:

  • барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды тұлғалардың бос ақшалай қаражаттарын тарту;
  • ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін дайындау және енгізу;
  • инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
  • депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар
Банктің бухгалтерлік балансының құрылымын талдау
Қазақстан Республикасының банк жүйесі мазмұны
Цеснабанктің бір филиалы
Қазақстандағы банк реформасы
Коммерциялық банктер туралы
Банк қызметінің мәнін сипаттау
Банкілік ресурстар: құрамдау көздері және реттеу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz