Өндірістік тәжірибе есебі. Прокуратура туралы


Құқықтану пәндері кафедрасыКүндізгі оқу бөлімінің 1 курс студентіАЛМАТЫ Қ. ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕөткен өндірістік тәжірибеЕ С Е Б Іөндірістік тәжірибенің басталу мерзімі« » мамыр 2013 жөндірістік тәжірибенің аяқталу мерзімі« » маусым 2013 жТексерген:Алматы қ., 2013:

Құқықтану пәндері кафедрасы

Күндізгі оқу бөлімінің 1 курс студенті

АЛМАТЫ Қ. ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ

өткен өндірістік тәжірибе

Е С Е Б І

өндірістік тәжірибенің басталу мерзімі

« » мамыр 2013 ж

өндірістік тәжірибенің аяқталу мерзімі

« » маусым 2013 ж

Тексерген:

Алматы қ., 2013

Күндізгі оқу бөлімінің 1 курс студенті

АЛМАТЫ Қ. ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ

өткен өндірістік тәжірибе

Е С Е Б І

Мамыр айының 27-нен маусым айының 29-шы жұлдызына дейін мен, Алматы қаласы Жетісу аудандық прокуратурасында өндірістік тәжірибені өткіздім.

Тәжірибе барысында, Қазақстан Республикасының Прокуратура Органына қатысты іс-өндірісімен, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сондай ақ тергеу кеңсе жұмыстарымен, ондағы әкімшілік және қылмыстық құжаттарды есепке алу мен сақтауды қалай жүзеге асыратындығымен, оларды рәсімдеу, сондай-ақ іс-қағаздарын толтырулармен таныстым, және тәжірибе жетекшімен бірге оның өндірісіне келіп түскен қылмыстық материалдармен таныстым.

Жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында Прокуратура қызметін реттейтін түрлі нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ жалпы қадағалау бөлімшесінің қандай міндеттерді жүзеге асыратындығымен таныстым.

Тұтастай алғанда, өндірістік тәжірибені құқыққорғау органдары ішінде Алматы қаласы жетісу аудандық прокуратурасында өткізу маған өте ұнады және өту барысында, оқу процесінде өткен теориялық базаны жетілдіруге нақты тәжірибеде өткізу танымдық және білімді көтеруге септігін тигізді.

Тәжірибені өткізу жоспары:

күні:

күні

Мазмұны:: Мазмұны:
күні: I. Танымдық кезең
күні:

1 апта

Мазмұны:: Алматы қаласы Жетісу аудандық прокуратура қызметімен таныстым. Оның ішкі құрылымдық жүйесі болып есептелетін құрама бөліктерімен, атап айтқанда: жалпы қадағалау, қылмыстық және азаматтық істер секілді бөлімшелермен таныстым. Өндірістік тәжірибемнің алғашқы кезеңінен және тәжірибе аяқталғанға дейін жалпы қадағалау бөлімінде өткізіп, өзіме керекті тәжірибелік білімімді жинақтадым;
күні:

2 апта

Мазмұны:: Тәжірибелік аптаның бұл кезеңінде, жалпы прокуратура қызметіне қатысты заңнамалармен және түрлі нормативтік құқықтық актілермен таныстым. Сондай ақ тәжірибе барысында, өзім өтіп жатқан жалпы қадағалау бөлімшенің қызметін сол теорияда танысқан нормативтік актілермен салыстырмалы түрде анализ жасап, өзіме келесідей түйін жасадым.
күні:

3 апта

Мазмұны:: Тәжірибелік аптаның үшінші кезеңін, өтіп жатқан бөлімінде ішкі және сыртқы хат жазысу, яғни іс өндірісіне танысуға арнадым. Ондағы корреспонденттік және түрлі іске маңызды құжаттар сақталатын қылмыстық деп аталатын кеңсемен таныстым, танысу барысында қылмыстық істер қалай тіркелетіндігі, неше мерзімде қарастырылатындығы, қандай басшылыққа жүктелетіндігі сияқты жұмыстарды үйрендім. Одан басқа, кеңсе қызметкерімен алфавиттік жүйемен қылмыстық істерді қалай тіркейтіндігімен үйреніп, өз бетімше автоматтандырылған «KARD» жүйесіне рәсімдеп көрдім.
күні: II. Өндірістік қатысу
күні:

4 апта

Мазмұны:: Өндірістік тәжірибемнің бұл аптасын, тәжірибе жетекшімнің қарауымен бірге Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заң ы н қоладана отырып өндірістік түрде жекеше қатысуға кірістім. Аптаның бұл күндері біз, ең алдымен қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған деп сезiктелген азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген белгiленген ережелердiң сақталуын тексеруге қажеттi басқа құжаттарды тексеруден бастадық. Әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстап, тексеру материалдарын, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қажетті зерттеулер жүргіздік;
күні:

5 апта

Мазмұны:: Бұл аптада - қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды тiркеуден өткізіп, фотосуретке түсiрдік, дыбысын жазып, кино және бейнекөрiнiске түсiрдік, сондай-ақ саусақтарынан дактилоскопия жасадық; әкiмшiлiк құқық бұзу iстерi жөнiнде алдын ала тергеу, анықтама және iс жүргiзу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiздік
күні: Қосымша қызметтер
күні:

Өндірістік тәжірибе барысында, қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдардың, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдардың оқшаулау жағдайында ұстау үшін тергеу жүргізетін уақытша ұстайтын оқшау бөлмелерінде болдық;

«Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қайшы қол сұғудан қорғауға» байланысты тақырыпта өткен іс шарасына қатысып, көптеген мәліметтерді назарыма алдым. Және де прокуратура қоғамдық тәртiптi қорғауға және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, соның iшiнде мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың жәрдемiмен, ұйымдар мен азаматтардың ерiктi қатысуымен қорғауға және қамтамасыз етуге; қылмыстың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және ашуға; әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге міндеттері жүктелгендігін түсіндім

күні: Қорытынды
күні: Тәжірибелік аптамның соңғы күндерін тәжірибені қорғауға маңызды деп табылатын құжаттарды жинаумен, сондай-ақ тәжірибеге қатысты есепті әзірлеумен айналысып қорытынды жүргіздім. Меніңше, Қазақстан Республикасының прокуратурасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылатындығын түсіндім.

маусым 2013 жыл

(ҮЗІНДІ)

Прокуратура туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат

1 ТАРАУ

Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.

3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.

2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентiне ғана есеп бередi.

3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы прокуратурасында өндірістік тәжірибеден өту
Практиканы қорытындылау
Көкшетау қаласының прокуратурасы бойынша өндірістік тәжірибе есебі
Алматы қ. Алмалы аудандық прокуратурасының мемлекеттік мекемесінде өткен өндірістік тәжірибе есебі
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Прокуратура құқық қорғау органы ретінде
Еңбекті қорғау ережелері жайлы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту
Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы әрекет етуінің қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz