Қылмыстық құқық міндеттері



Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Қылмыстық құқықтың ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Қылмыстық құқықтың пәні, әдісі және жүйесі
2.1 Қылмыстық құқықтың пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.2 Қылмыстық құқықтың әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.3 Қылмыстық құқықтың жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

3. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары
3.1 Қылмыстық құқықтың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3.2 Қылмыстық құқықтың қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қолданыған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Көптеген авторлардың айтуынша, қылмыстық заңдар деп «адам басымен» жауап беретін, яғни өмірімен жауап беретін заңдар аталады. Мұнда сөз адамның «басымен» байланысты, орыстың «уголовное» сөзі «голова» сөзімен түбірлес жатуында деп жорамалдайды. Бұл деректер нақты емес. Дей тұрғанмен, қылмыстық құқықтың ұғымы барлық уақытта заңмен, яғни қылмыстық әрекет үшін жазаны анықтаушы заңмен байланыстырылып отырылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- бабына сәйкес мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген мүдделерді бірінші орынға қояды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабы қылмыстық заңдылық тарихында бірінші болып қылмыстың алдын алу міндетін қояды.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуының заңды фактісі қылмыс жасау болып саналады. Қылмыстық- құықтық қатынас субъектілері болып, бір жағынан қылмыс жасаушы тұлға, екінші жағынан мемлекет тарапындағы құқық қорғау органдары саналады. Қылмыстық –құқықтық қатынастың мазмұны құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтарымен және міндеттерімен анықталады.
Бағамдық жмыстың мақсаты қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары тақырыбын толығымен ашу болып табылады.
Осы мақсат негізінде келесідей міндеттер туындайды: қылмыстық құқықтың түсінігіне тоқталу; қылмыстық құқықтың жүйесі және оның міндеттерін ашып көрсету; қылмыстық құқық қағидаларын ашу.
1.Қазақстан Республикасының Коституциясы
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы
3.Ағыбаев А.Е қылмыстық құқығы., Жалпы бөлім. Алматы – 2000ж
4.Алауханов Е.О.,Үмбеталиев С., Рахметов С.М. Қылмыс құрамы. Алматы, 2000ж
5.Бұқыбай Д.Б. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы –Алматы, 2003 –253бет.
6.Жүнісов Б.Ж. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім): Оқулық басылым – Қарағанды: 2000ж – 240 бет
7.Жоламанов А.С Қылмыстық құқық., Жалпы бөлім. Алматы – 2001ж
8.Игнатов А.Н., Костарев Т.А. Уголовная ответсвенность и состав преступления. Лекция. М.,1996г
9.Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). –Алматы, 1997г
10. Кудрявцев В.Н. , Келина С.Г. Принципы советского уголовного права. – М., 1998 г
11. Мұқажанова М. Қылмыс құрамының субъективтік жағы Алматы, 2001ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Қылмыстық құқықтың
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..4

2. Қылмыстық құқықтың пәні, әдісі және жүйесі
1. Қылмыстық құқықтың
пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..6
2. Қылмыстық құқықтың
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...9
3. Қылмыстық құқықтың
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..12

3. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары
1. Қылмыстық құқықтың
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 15
2. Қылмыстық құқықтың қағидалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қолданыған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...28

Кіріспе

Көптеген авторлардың айтуынша, қылмыстық заңдар деп адам басымен
жауап беретін, яғни өмірімен жауап беретін заңдар аталады. Мұнда сөз
адамның басымен байланысты, орыстың уголовное сөзі голова сөзімен
түбірлес жатуында деп жорамалдайды. Бұл деректер нақты емес. Дей
тұрғанмен, қылмыстық құқықтың ұғымы барлық уақытта заңмен, яғни қылмыстық
әрекет үшін жазаны анықтаушы заңмен байланыстырылып отырылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексі Қазақстан
Республикасы Конституциясының 1- бабына сәйкес мемлекеттің ең қымбат
қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
белгіленген мүдделерді бірінші орынға қояды. Сонымен бірге Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабы қылмыстық заңдылық тарихында
бірінші болып қылмыстың алдын алу міндетін қояды.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуының заңды фактісі қылмыс жасау
болып саналады. Қылмыстық- құықтық қатынас субъектілері болып, бір жағынан
қылмыс жасаушы тұлға, екінші жағынан мемлекет тарапындағы құқық қорғау
органдары саналады. Қылмыстық –құқықтық қатынастың мазмұны құқықтық қатынас
субъектілерінің құқықтарымен және міндеттерімен анықталады.
Бағамдық жмыстың мақсаты қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары
тақырыбын толығымен ашу болып табылады.
Осы мақсат негізінде келесідей міндеттер туындайды: қылмыстық құқықтың
түсінігіне тоқталу; қылмыстық құқықтың жүйесі және оның міндеттерін ашып
көрсету; қылмыстық құқық қағидаларын ашу.

1.Қылмыстық құқықтың ұғымы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы құқықтың негізгі саласының
бірі болып саналады. Ол белгілі бір материалдық игілікті жасау
барысындағы қоғамдық қатынастарды реттемейді. Солай бол тұрса да оның
ретейтін нәрсесі жеткілікті.
Қылмыстық құқық қылмыс жасалғаннан кейінгі мемлекет атынан құзыретке
ие болған құқық қорғау органдары мен қылмыс жасаған адам арасындағы
қоғамдық қатынастарды ретейді. Қылмыстық- құқықтық қатынастың пайда
болуының заңды фактісі қылмыс жасау болып саналады. Қылмыстық – құқықтық
қатынас субъектілері болып, бір жағынан қылмыс жасаушы тұлға, екінші
жағынан мемлекет тарапындағы құқық қорғау органдары саналады. Қылмыстық –
құқықтық қатынастың мазмұны құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтарымен
және міндеттерімен анықталады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың мәні қылмыстық құқықты реттеу
әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты. Қылмыстық – құқықтық реттеу
жолдары жақтардың тең еместігімен сипатталып, бұл жерде бағыныштылық
заңы бой алады. Қылмыстық құқық қоғамдық қатынас субъектілеріне
қылмыстық жауаптылыққа тартумен, жаза тағайындаумен әсер етеді.[1]
Қазақстан республикасының Қылмыстық кодексінің 2- бабына сәйкес
қылмыстық құқық міндеттері: адамдар мен азаматтар құққықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін, коғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық
тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің, заңмен қорғалатын мүдделерін
қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін
қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық құқық сонымей бірге алдын алу мен тәрбиелеу қызметін де
атқарады. Алдын алудың жалпы және арнайы түрлері бар. Жалпы алдын алу —
қоғамға сенімсіз азаматтар тарапынан жасалатын қылмыстарды болдырмауға
әрекет жасау. Арнайы алдын алу — қылмыс жасаған адамның одан әрі қылмыс
жасауын болдырмауға әрекет жасау. Қылмыстык құқықтың тәрбиелік қызметі
қылмыстық заңдарды жариялаумен және адамдардың қылмыс жасағандарға
төзбестік көзқарастарын калыптастырумен, заңдарды
іс жүзінде қолданылуымен көрінеді. Қылмыстық құқық өзіне жүктелген
міндеттерді қылмыстық заңда көрсетілгендей бағыттау және жаза тағайындау
арқылы жүзеге асырады.

2. Қылмыстық құқықтың пәні, дісі және жүйесі

2.1. Қылмыстық құқықтың пәні

Кез келген мемлекеттің құқық жүйесі бірнеше салалардан:
конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық және т.б. құқық
салаларынан тұратыны белгілі. Осы құқық слаларының ішінде қылмыстық құқық
та бар. Құқық жүйесінің құрамдас бөлігі бола тұра қылмыстық құқық жалпы
құқыққа тән барлық белгілерді (номативтілік, орындау міндеттілігі және
т.б.) қамтитын құқық саласы болып табылады. Басқа құқық салаларына ол ең
алдымен пәнімен, яғни қоғамдық қатынастарды реттеу шеңберімен (аясымен)
ерекшеленеді.
Логика ғылымына сәйкес пән ұғымы – бұл танымның белгілі объектісі
немесе қабылдауға, атауға, анықтауға болатын нәрселердің барлығы.
Қылмыстық құқықтың реттеу пәні өте кең, оған мемлекеттік және
қоғамдық құрылыс, меншік, жеке адам және оның ар-ожданы, құқықтары мен
бостандықтары, құқықтық тәртіп және сонымен бірге басқа құқық
салаларымен реттеліп қойған қоғамдық қатынастардың шеңбері де кіреді.
Қылмыстық құқықтың реттеу пәнінің ерекше белгісі болып қылмыстың жасалуымен
байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады, яғни қылмыстық құқық
заңмен қорғалатын қатынастарға қауіпті қол сұғушылық жасалу салдарынан
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқықтық реттеудің нәтижесінде
бұл қатынастар қылмыстық-кұқықтық қатынастар деген атауға ие болады.
Қылмыстық құқықтық реттеу пәнін мынадай үш негізгі катынастар құрайды.
Оның бірінші түрі қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастар деп
аталады. Бұл қатынас қылмыстың жасалуына байланысты туындайды. Бұл-
қылмыстық заңмен тыйым салынған қылмыстық әрекетті жасаған адам мен
мемлекеттің атынан сот, тергеуші, прокурор, анықтау органдары арасындағы
қатынас.
Аталған құқықтық-қатынастың әрбір субьектілері белгілі бір құқықтарды
иемденеді және оларға жүктелген міндеттерді атқарады. Яғни, қылмыс
жасаған адам қылмыстық заң қылмыс жасаумен байланыстырған
қолайсыз салдарға шыдауға және қылмыстық құқықтық
нормамен қарастырылған жазаны өтеуге міндетті. Ал екінші субьект-сот,
тергеу, прокуратура, анықтама органдары бірінші субьектіні сол
міндеттерді орындауға күштеп мәжбүрлеуге құқылы.
Сонымен, қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастардың пәні болып қылмыс
оқиғасының орын алуына байланысты пайда болатын қылмыстық жауаптылық, жаза
тағайындау немесе одан босатуды жүзеге асыру табылады.
Қылмыстық құқық пәнінің құрамына кіретін қатынастың екінші түрі
адамдарды жазамен қорқыту арқылы қылмыс жасаудан сақтандыруға байланысты
қатынастар. Яғни, мемлекет қылмыстық-құқықтық тыйым салу арқылы азаматтарды
қылмыс жасаудан бас тартуға міндеттейді және қоғамдағы адамдардың тәртібін
реттеп отырады. Бұл қатынас ескертушілік немесе алдын алушылық қылмыстық
құқықтық қатынас деп аталады.
Осы жоғарыдағы қылмыстық қүқықтық нормаларды қамтитын тыйымдардың
азаматтарға әсер ету сипаты бойынша, қоғамды шартты түрде үш топқа бөлу
қарастырылған. Оның бір тобын қылмыстық құқықтық тиымдарды
орнату қажеттілігін тудырмайтын азаматтар құрайды. Олар
қылмыстың басқа адамдардың, қоғам мен Мемлекеттің мүдделеріне
қарсы құбылыс екенін сезінгендіктен, сонымен бірге
қылмыстың өздерінің жақсылық пен жамандық туралы жеке
адамгершілік көзқарастарына да қарсы екендігін үғынғандықтан қылмыс
жасамайды. Екінші топтың мүшелерін жазаның қорқыту күші
жеткіліксіз деп ойлайтын және сонда да қылмыстық-құқықтық тыйымдардың
болуына карамастан қылмыс жасайтын адамдар құрайды. Сондықтан да
өте қатал деп саналатын кылмыстық жазалардың өзі
қылмыстық әрекеттерді жасаудан барлық адамдарды бас тартқыза
алмайды. Үшінші топты, яғни аралықтағы топты қылмысты дәл сол қылмыстық
жазадан сақтанып жасамайтын адамдар құрайды екен. Сонымен, қылмыстық-
құқықтық тиым іс жүзінде қоғам мүшелерінің барлығын емес тек белгілі бір
бөлігінің ғана іс-әрекетін реттейді.
Қылмыстық кұкық пәніне кіретін қоғамдық
қатынастардың үшінші түрі-реттеушілік кылмыстық-құқықтық
қатынастар деп аталады. Бұл қатынастар кылмыстық
әрекетті болдырмайтын қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік
және т.б. жағдайларда қауіпті қол сұғушылықтан қорғау
кезінде келтірілген зияндарға азаматтардың құқықтарын бөліп
береді. Мысалы, қажетті қорғануда өз құқығын жүзеге асырушы
жеке адамның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне қол сұққан екінші
адаммен кұқықтық қатынасқа түседі және сол қол сұғушыға зиян келтіре отырып
қорғану құқығына ие болады. Екінші жағынан қорғанушының іс-әрекетін занды
деп тануға тек ғана құқық қорғау органдары өкілетті. Әрбір жағдайда тек
сот, прокуратура және тергеу органдары ғана қауіпті қол сұғушылықтан
қорғану кезінде келтірілген зиянмен байланысты оқиғаларды
жан-жақты қарауға және оны келтірген зияны үшін жауаптылықтан ресми
түрде босатуға міндетті.

2. Қылмыстық құқықтың әдісі

Осы жоғарыда аталған қоғамдық қатынастырды реттеу үшін арнайы әдістерді
қолдану кажет. Әдіс дегеніміз -қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатындағы
құқық саласының ықпал ету шараларының жиынтығы.
Әрбір қылмыстық құқықтық қатынастардың өзіне тән әдістері
бар:
1). Қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану әдісі,
- қылмыстық жауаптылықтан және қылмыстық жазадан босату әдісі;
- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану әдістері жатады.
2). Реттеушілік қылмыстық-кұқықтық қатынастарға:
- барлық қоғам мүшелеріне жеке адамға, қоғам мен мемлекетке
келтірілген қауіпті әрекеттермен белсенді күресу құқықтарын бөліп беру.
Мысалы, қажетті қорғану құқығы.
3). Ескертушілік қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық тиым салуды орнату әдісі жатады.
Сонымен, қылмыстық құқық - бұл қандай әрекеттердің қылмыс болып
табылатынын және қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шаралары осы қылмыс жасаған адамға тағайындалатынын, сонымен бірге
қылмыстық жауаптылықтың негізі мен қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босатудың негіздерін белгілейтін құқық нормаларын біріктірген құқықтың бір
ерекше саласы.
Қылмыстық-құқықтың ауқымын құрайтын ерекше бөлінген қоғамдық
қатынастарға оларды реттеудің өзіндік әдістері сәйкес келеді. Әдіс қоғамдық
қарым-қатынастарға оларды реттеу мақсатында құқықтық әсер ету құралдарының
жиынтығы ретінде құқық саласының маңызды сипаттамасы болып табылады, сондай-
ақ құқықтың салаларға бөлінуіне қосымша негіз сипатында бой көрсетеді.
Құқықтық реттеу тәсілінің проблемасы - заң ғылымдарының ең күрделі және
әлі де болса жеткіліксіз зерттелген тақырып болып есептеледі. Қылмыстық-
құқықтық ғылымда бұл үрдіс курстар мен оқулықтардағы кіріспе тараулар
санатында ол, әдетте қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзғаны үшін жаза қолдану
деңгейінде ғана қалады1. Ал, шын мәнінде құқықтық реттеу тәсілі — көптеген
тарамдармен бейнеленетін едәуір толымды ұғым. Солардың ішінен мыналарды
атап өтуге болады:

1) құқықтарды және заңдылық міндеттерді белгілеудің тәртібі;

2) берілген құқықтардың анықтығы мен олардың субъектілері іс-
қимылдарының дербестілігі;
3) қүқықтық қарым-қатынастар туындататын фактілерді сұрыптау;
4) шаралар жүзеге асырылатын қүқықтық қарым-қатынастардағы тиісті
жақтардың өзара қатынастарының сипаты;
5) субъективтік құқықтарды қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері.

Көрсетілген мінездемелердің үйлестірілулеріне орай әдетте құқықтың
жалпы теориясында құқықтық реттеудің үш тәсілін (түрін) ерекшелейді:
ерік беру;
жарлық беру;
тыйым салу.

Алғашқы тәсіл азаматтық-құқықтық реттеумен байланыстырылады, оның ерік
берушілік бағыты ең алдымен азаматтық құқық субъектілерінің шамалары
ауқымын айқындайды, олардың құқық қабілеттілігі мазмұнының, азаматтық-
құқықтық байланыстардың туындауының негізделуінде, азаматтық құқықтарды
қорғау тәсілдерінің ілгері тұратын-дығында жатыр және т.б. Жарлық беру
болса реттеудің әкімшілік-құқықтық түрі ретінде бой көрсетеді (материалдық
әкімшілік құқық негізінен жарлық беру сипаты бар заңдылық міндеттерін
тиянақтайды). Тыйым салу құқықтық реттеу тәсілі ретінде қылмыстық құқықпен
байланыстырылады (қылмыстық құқықтың жеке адамға, қоғамға және мемлекетке
қауіпті тәртіпке тыйым салынуының үлгілерін тұжырымдауды да анықтауға
мүдделі екені есепке алынады).
Құқықтық реттеудің түрлерін мұндай дәстүрлі сұрыптаудан ерік беру тек
қана азаматтық, жарлық беру - әкімшілік, ал тыйым салу - тек қылмыстық
құқыққа ғана тән деген ұғым әсте туындамайды. Құқықтық реттеудің үш түрін
де заңның әртүрлі салаларынан кездестіруге болады, бірақ бір салада ерік
беру алда тұрса, екіншілерінде - жарлық беру, үшіншілерінде - тыйым салуға
жетекші рөл берілген. Айталық, азаматтық құқықта тыйым салу (қорғау)
шамалары да бой көрсетеді, бірақ рұқсат беретін шамалармен салыстырғанда
олар бұл салада тек көмекші рөл атқарады. Әкімшілік құқықта тыйым салу
шараларының ара салмағы едәуір жоғары реттеудің қылмыстық-құқықтық тәсілі,
сондай-ақ тек қана тыйым салумен шектеле алмайды. Мәселен, бұрын атап
өтілгендей, қылмыстық заңның қажетті қорғану жайлы шамалары мүмкіндік
берудің мұндай түрлері жайлы қылмыстық-құқықтық тәсілдің өзіндік түрі
ретінде пайымдауға мүмкіндік береді.
Құқықтық реттеудің аталған үш түрінің құқықтың әр саласында қосымша
өзіндік мүмкіндіктері болуы кәдік, олар салааралық тәсілдер сипатында
орнығуы да мүмкін. Мұндай тәсілдер салалар арасындағы әдістерді нақтылай
түседі.
Мәселен, қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қарым-қатынастар мынадай
түрлермен реттеледі:
қылмыстық құқық шамаларының (қылмыстық жазаның) санк-
цияларын қолдану;
қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату (бұған кәме-
летке жасы толмағандарға тәрбиелік әсер етудің еріксіз шара-
ларын қолдану да кіреді);
медициналық сипаттағы еріксіз шараларды ес түсін білмейтін күйде
қылмыстық заң тыйым салған қоғамға қауіпті әрекеттер жасағандарға және
қылмыс жасалғаннан кейін психикалық бұзылуға ұшырағандарға қолдану - мұндай
жағдай жазаны та-ғайындауға немесе оны орындауға мүмкіндік бермейді; есі
дұрыс болғанымен қылмыс жасаған және психикалық бұзылуға душар болғандарға,
сондай-ақ қылмыс жасаған және маскүнемдік пен нашақорлықтан емделуге мәжбүр
деп табылған тұлғаларға қолдану.
Іс жүзінде осы үш тәсілдің де құқықтың өзге салаларында әрқилы дәрежеде
өздеріне ұқсас үрдістері бар. Айталық, санкцияларды қолдану әкімшілік
құқыққа да, азаматтық құқыққа да тән болып келеді; бұл салаларда құқық
бұзуға қауаптылықтан босату мүмкіндіктері де қарастырылған. Бірақ, сыртқы
ұқсастықтарына қарамастан, бұл тәсілдер қылмыстық құқықта мазмұны жағынан
өте ерекше болып бөледі. Мәселен, сол санкцияларды қолдану тәсілін алайық,
қылмыстық жаза қылмыстық-құқықтық санкцияларды жүзеге асыру санатында
мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатал түрі болып табылады.

3. Қылмыстық құқықтың жүйесі

Қылмыстық құқықтың жүйесі Жалпы және Ерекше белімдерден тұрады.
Жалпы бөлімде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі мен
міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен одан босату негіздері,
қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі
күші, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза
және оның мақсаты мен жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан
босатудың басты мәселелері зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және. оларды жасағаны үшін
белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз
байланысты, сондықтан осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды.
Қылмыстың мақсаты жөнінде қылмыстық құқык теориясында бірнеше ойлар
айтылған. Мысалы, профессор Е.І. Қайыржановтың айтуынша, мақсат дегеніміз
- қандай да бір әрекеттерді қолдану немесе іске асыру арқылы қол жеткізуге
ұмтылатын әлеуметтік нәтиже, ал міндет деген сол нәтижеге жету жолдары.
Яғни, қоғамда мақсатсыз міндеттер (болмайды, ал міндет мақсатсыз тууы
мүмкін емес деген сөз.[2]
Бұл тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқықтың негізгі мақсаты қылмыскерді
жазалау немесе белгілі бір мемлекетте, қоғамда қауіпті болып табылатын
әрекетті жасағаны үшін қаралау емес, керісінше, қоғамға кауіпті әрекеттерді
болдырмау және қылмыстың алдын алу болып табылады және бұл жөнінде
қылмыстық занда көрсетілуі тиіс.
Қылмыстық құқық құқықтың дербес саласы бол тұрса да құқықтың
басқа да салаларына ұқсас. Атап айтқанда, әкімшілік құқықпен ұқсас.
Екеуіне де құқық бұзушылық жасаған адамдарға әжбүрлеу, жазалау жолдарымен
әсер ету тән. Қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті
айырмашылығы олардың қоғамға қауіптілігімен сипатталады. Әрекеттің
қоғамға қауіптілік дәрежесін бағалау заңмен бегіленеді, сонымен бірге
қолданылатын мәжбүрлеу шараларының сипаты анықталады.
Әкімшілік шараның да алдын алу сипаты болады, бірақ оның қылмыстық
құқықтық шаралрдан айырмашылығы – ол сипатына қарай ауырлығы онша емес
және соттауға жатпайтын, қоғамға қауіптілігі де онша емес тәртіп
бұзушылықта қолданылады.
Қылмыстық құқық міндеттері жалпы болғандықтан, әсіресе қылмыстық іс
жүргізу және қылмыстық – атқарушылық құқықтарымен де тығыз байланысты.
Құқық қорғау органдары өздерінің қызмет процесінде қылмыстық істері қарау
жұмысында қылмыстық іс жүргізу заңдарын басшылыққа алады. Қылмыстық
құқық мемлекет пен қылмыс жасаған тұлғаның арасындағы пайа болған қарым-
қатынасты реттейді. Ол қылмыстық жауаптылықтың, қылмыстың құрамын және
тағайындалатын жазаның жалпы ережлрін белгілейді. Қылмыстық іс жүргізу
нақты бір қылмыс жасалған жағдайда, оны кім жасады және ол үшін қандай
жаза тағайындау жөніндегі мәселелерге байланысты мемлекеттік органдар мен
азаматтардың арасындағы қатынасты реттейді.
Қылмыстық іс жүргізу қылмыстық құқыққа қарағанда мазмұны мен
нысандарының йырмашылығына тәуелді. Бұл әрине қылмыстық іс жүргізудің
өзіндік ерешекшеліктері болмайды деген ойға әкеп тіреуі тиіс емес.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы нақты қылмыстық – құқықтық қатынасты
белгілейтін белгілі бір өкімет органдарының қызмет түрін реттейді.
Осыған орай, қылмыстық іс жүргізудің өзін қылмыстық – құықтық қатынасты
белгілейтін айырықа құқықтық нысан деп айтуға болады. Осындай
түсініктің өзінде де қылмыстық іс жүргізуге қарағанда материалдық
қылмыстық құқықтың шешуші роль атқаратындығы көрініп тұрады. Қылмыстық
іс жүргізудіңқызметтік ролі қылмыстық - құықтық қатынастың өзі осы
қылмыстық процессуальдық қатынастар арқылы беліленіп және жүзеге
асырылатындығында, ал соңғысы бастапқысына байланысты туындап, жүзеге
асады және дамиды.

3. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары

3.1 Қылмыстық құқықтың міндеттері

Ал осы негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін қылмыстық заң мынадай негізгі
міндеттерді алдына қояды:
1). қылмыстық жауаптылықтың қағидалары мен шарттарын
анықтау;
2). қылмыстық жауаптылықтың негізін анықтау;
3). қылмыс ұғымының жалпы белгілерін анықтау;
4). қоғамға қауіпті әрекеттердің шеңберін анықтау;
5). қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын жаза түрлерін
анықтау.
Қылмыстық құқықтың бұдан басқа да міндеттері бар олар жоғарыда аты
аталған негізгі міндеттерді толықтырып нақтылап отырады.
Қылмыстық заңдар қоғамның тыныштығын сақтай отырып, қоғамға тәрбиелік
және жалпы ескертушілік тұрғысынан да әсер етеді. Қылмыстық зандағы мына
әрекетті жасасаң жазаланасың! деген жариялану фактісінің өзі қоғам
мүшелеріне әсер етеді. Сонымен бірге, сот процесінің өзі де қылмыскерді
ғана емес сот залында отырған қоғамның басқа мүшелерін тәрбиелеп және
қылмыс жасамауды ескертуге ықпал жасайды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 2-бабына сәйкес
қылмыстық заңның міндеттері болып:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi мен мiндеттерi
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Конституциядан қылмыстық құқық
Қылмыс құқықтың пәні,түсінігі,міндеттері мен принциптері
Қылмыстық құқық жайлы мәлімет
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық құқық ұғымы
Қылмыстық құқықтың теориялық аспектілері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Пәндер