ЕК бағдарламалық қамтамасыз ету және техникалық құралдары
Тарау 1. ЭЕМ.ді программалық қамтамасыз ету
1. ДК.дің мүмкіндіктері, есептеу машинасының классификациясы ... ... ... .3
2. ДК.дің негізгі құрылғылары, олардың қызметі, сипаттамалары ... ... ... ...6
3. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
4. ДК.дің перифериялық құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
5. ДК.дің кезеңдері, олардың классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
6. ДК.дің қызмет көрсетуі бойынша қрапайым жұмыстарды меңгеру ... ...20
Тарау 2. MS DOS операциялық жүйесі
7. MS DOS операциялық жүйесінің негізгі командалары ... ... ... ... ... ... ... 21
Тарау 3. Компьютерлік желілер
8. Компьютерлік желілермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
9. Компьютерлік желілердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
10. Компьютерлік желілердің жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жұмыс принципі мен мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ...30
11. Желілерде ақпарат алмасу. Интернетте ақпарат іздеу ... ... ... ... ... ... ... ..33

Тарау 1. ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз ету
Сабақ тақырыбы: ДК-дің мүмкіндіктері, есептеу машинасының классификациясы
1. ДК мүмкіндіктері
2. Есептеу машинасының шығу тарихы
Информатикада қолданылатын компьютердің орны ерекше.
«Compute» ағылшын тілінен аударғанда – «есептеу» дегенді білдіреді. Яғни ақпаратты өңдеудің техникалық құралы. Біздің елімізде оны кейде ЭЕМ деп те атайды. Біз бүгін ЭЕМ көптеген танымал түрлерін қарастырамыз, соның ішінде Дербес компьютерді.
Ғылыми – техникалық процесс әртүрлі есептеу машиналарын құруға алып келеді. Олар ұйымдастыру құрылымымен және функционалды мүмкіндіктерімен өзгешеленеді.
Есептеу машиналарының маңызды сипаттамалары:
- Машина бір уақыт бірлігінде – MIPS, орындайтын операциялардың орташа мөлшерімен өлшенетін тез әрекеттілігі;
- ЭЕМ-де жүргізілетін сандарды ұсынудың түрі және разрядтылығы;
- Оқыту құрылғыларының сиымдылығы және тез әрекеттілігі.
Бұл параметрлер бойынша есептеу машиналарын бөлу мынадай:
Параметр Супер ЭЕМ Улкен ЭЕМ Кішкене ЭЕМ Микро ЭЕМ
Өнімділігі MIPS 1000-100 000 10-1000 1-100 1-100
Ішкі жад сыйымдылығы Мбайт 2000-10 000 64-10 000 4-512 4-256
Сыртқы жад сыйымдылығы 500-5 000 50-1 000 2-100 05-10
Разрядтылығы бит 64-118 32-64 16-64 16-64
Қазіргі уақытта бұйымдарды микроминиатюралаумен байланысты конструктивтік орындалуы бойынша ДК жіктелуінің жаңа белгілері пайда болды:
Салмағының төмендеуі мен көлемінің кішіреюі LAPTOP (тізелік компьютерлер), NOTEBOOK (компьютер блокнот) HANDHELP (қол компьютері) деп аталатын компьютерлерді шығаруға алып келді.
LAPTOP – компьютерде пернетақта мен жүйелік блок жоғары жағынан қақпақ сияқты өзінің электронды негізімен байланысты сұйық кристалды дисплеймен жабылатын бір корпуста орналасқан.
ЭЕМ мен дисплей арасындағы байланыстырушы сымдар корпуста жасырылған. Компьютерді жеңіл тасымалдауға және қолданушының тізесінде ұстауға болады. LAPTOP үлгісінің көпшілігінде монохромды дисплей қолданылады, өйткені түрлі-түсті дисплейлерді қолдану компьютердің жылдам қымбаттауына әкеледі. LAPTOP класының компьютерінің салмағы 3,5 кг артық болмауы керек.
NOTEBOOK (компьютер блокноттар) бір бетінің өлшемі А4 стандартты қағазындай, толық емес пернетақтасы бар (80жуық пернесі бар). NOTEBOOK-тің жинағында орындайтын, компьютерге және телефондық желіге кабельмен жалғанған және үстелдік блок түрінде орындалған модем мен факс-модемді қолдануға болады.
HANDHELP ДК – стандарты А4 қағазының бір бетінен кем емес өлшемді ДК, сондықтан олар жұмыс жағдайына дайын, әрқашан қол астында. Бұл үлгілер электр желісіне қатыссыз жұмыс істей алады.
Программалар автономиялық жұмыс кезінде сыйымдылығы 32,64 немесе 128 Кбайт болатын бағдарлама жазылған қатты карточкалар көмегімен енгізіледі. Ол карточкаларды қайта бағдарламалауға болады, мәтінге енгізілген есептеулердің нәтижесін, электрондық кестелер жасау, т.б. жұмыстар нәтижесін сақтау үшін пайдаланушы орнатылған батарейкасы бар ROM CARO-ны қолданады. Бұл карточкалар өте шағын (2*5), осы қасиеті оларды ондағы бағдарламаларды, деректерді немесе пайдаланушы жұмысының нәтижелерін оқу үшін дербес компьютер корпусының арнайы тесігіне қоюға мүмкіндік береді.

1. В.Э. Фигурнов «IBM РС для пользователя.», Москва, «Инфра-М», 1996.
2. В.М. Боярин «Программное обеспечение персональных ЭВМ», Москва «Наука» 1990г.
3. Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. «30 уроков по информатике»,
Алматы: 1999г.
4. Ю. Шафрин «Информационные технологии»
5. Симонович С.В. «Информатика базовый курс» Санкт-Петербург, «ПИТЕР» 2001г.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
ЕК бағдарламалық қамтамасыз ету және техникалық құралдары
Мазмұны
Тарау 1. ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз ету
1. ДК-дің мүмкіндіктері, есептеу машинасының
классификациясы ... ... ... .3
2. ДК-дің негізгі құрылғылары, олардың қызметі,
сипаттамалары ... ... ... ...6
3. Жүйелік блоктың ішкі
құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
4. ДК-дің перифериялық
құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
5. ДК-дің кезеңдері, олардың
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
6. ДК-дің қызмет көрсетуі бойынша қрапайым жұмыстарды меңгеру ... ...20
Тарау 2. MS DOS операциялық жүйесі
7. MS DOS операциялық жүйесінің негізгі
командалары ... ... ... ... ... ... ... 21
Тарау 3. Компьютерлік желілер
8. Компьютерлік желілермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі
ұғымдар мен
анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...23
9. Компьютерлік желілердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
10. Компьютерлік желілердің жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың
жұмыс принципі мен мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... .30
11. Желілерде ақпарат алмасу. Интернетте ақпарат
іздеу ... ... ... ... ... ... ... .. 33

Сабақ тақырыбы: ДК-дің мүмкіндіктері, есептеу машинасының
классификациясы
1. ДК мүмкіндіктері
2. Есептеу машинасының шығу тарихы
Информатикада қолданылатын компьютердің орны ерекше.
Compute ағылшын тілінен аударғанда – есептеу дегенді білдіреді. Яғни
ақпаратты өңдеудің техникалық құралы. Біздің елімізде оны кейде ЭЕМ деп те
атайды. Біз бүгін ЭЕМ көптеген танымал түрлерін қарастырамыз, соның ішінде
Дербес компьютерді.
Ғылыми – техникалық процесс әртүрлі есептеу машиналарын құруға алып
келеді. Олар ұйымдастыру құрылымымен және функционалды мүмкіндіктерімен
өзгешеленеді.
Есептеу машиналарының маңызды сипаттамалары:
- Машина бір уақыт бірлігінде – MIPS, орындайтын операциялардың орташа
мөлшерімен өлшенетін тез әрекеттілігі;
- ЭЕМ-де жүргізілетін сандарды ұсынудың түрі және разрядтылығы;
- Оқыту құрылғыларының сиымдылығы және тез әрекеттілігі.
Бұл параметрлер бойынша есептеу машиналарын бөлу мынадай:
Параметр Супер ЭЕМ Улкен ЭЕМ Кішкене ЭЕМ Микро ЭЕМ
Өнімділігі MIPS1000-100 000 10-1000 1-100 1-100
Ішкі жад 2000-10 000 64-10 000 4-512 4-256
сыйымдылығы
Мбайт
Сыртқы жад 500-5 000 50-1 000 2-100 05-10
сыйымдылығы
Разрядтылығы 64-118 32-64 16-64 16-64
бит
Қазіргі уақытта бұйымдарды микроминиатюралаумен байланысты
конструктивтік орындалуы бойынша ДК жіктелуінің жаңа белгілері пайда болды:
Салмағының төмендеуі мен көлемінің кішіреюі LAPTOP (тізелік
компьютерлер), NOTEBOOK (компьютер блокнот) HANDHELP (қол компьютері) деп
аталатын компьютерлерді шығаруға алып келді.
LAPTOP – компьютерде пернетақта мен жүйелік блок жоғары жағынан қақпақ
сияқты өзінің электронды негізімен байланысты сұйық кристалды дисплеймен
жабылатын бір корпуста орналасқан.
ЭЕМ мен дисплей арасындағы байланыстырушы сымдар корпуста жасырылған.
Компьютерді жеңіл тасымалдауға және қолданушының тізесінде ұстауға болады.
LAPTOP үлгісінің көпшілігінде монохромды дисплей қолданылады, өйткені түрлі-
түсті дисплейлерді қолдану компьютердің жылдам қымбаттауына әкеледі. LAPTOP
класының компьютерінің салмағы 3,5 кг артық болмауы керек.
NOTEBOOK (компьютер блокноттар) бір бетінің өлшемі А4 стандартты
қағазындай, толық емес пернетақтасы бар (80жуық пернесі бар). NOTEBOOK-тің
жинағында орындайтын, компьютерге және телефондық желіге кабельмен
жалғанған және үстелдік блок түрінде орындалған модем мен факс-модемді
қолдануға болады.
HANDHELP ДК – стандарты А4 қағазының бір бетінен кем емес өлшемді ДК,
сондықтан олар жұмыс жағдайына дайын, әрқашан қол астында. Бұл үлгілер
электр желісіне қатыссыз жұмыс істей алады.
Программалар автономиялық жұмыс кезінде сыйымдылығы 32,64 немесе 128
Кбайт болатын бағдарлама жазылған қатты карточкалар көмегімен енгізіледі.
Ол карточкаларды қайта бағдарламалауға болады, мәтінге енгізілген
есептеулердің нәтижесін, электрондық кестелер жасау, т.б. жұмыстар
нәтижесін сақтау үшін пайдаланушы орнатылған батарейкасы бар ROM CARO-ны
қолданады. Бұл карточкалар өте шағын (2*5), осы қасиеті оларды ондағы
бағдарламаларды, деректерді немесе пайдаланушы жұмысының нәтижелерін оқу
үшін дербес компьютер корпусының арнайы тесігіне қоюға мүмкіндік береді.
Қалта компьютері
Сабақ тақырыбы: ДК-дің негізгі құрылғылары, олардың қызметі,
сипаттамалары
ДК – бұл электрондық аспаппен орындалатын, программамен басқару
арқылы ақпаратты автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы.
Компьютердің синонимі – ЭЕМ. Дербес компьютердің құрамына кіретін
жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін
құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып
алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды.
Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт
құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:
• жүйелік блок;
• дисплей немесе монитор;
• пернетақта;
• тышқан.
Жүйелік блок
Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың
ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері
орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты
есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және
ақпарат тасуыштар енеді.
Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына
қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Монитор
Монитор — мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған кұрылғы.
Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады.
Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі
тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені
жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы.
Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу
бірлігі ретінде дюйм кабыдданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14", 15",
17", 19", 20", 21". Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар
кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді
мониторларды пайдаланған тиімді.
Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан
тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым (экран
қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын, алынатын бейне соғұрлым
анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ен көп
тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25 - 0,27 мм.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы
пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан
оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
Дисплей – компьютердің тілі. Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы
барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес
компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын
мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың
ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде
орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай
бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық
электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді.
Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті
нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп
атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе
көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және
көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін
көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын,
оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да
жоғары болады.
Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200
пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор
шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-
ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған.
Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар танымал болып келеді. Бұрын
мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін
компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын
компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.
LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі
заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән
кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің
әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық
сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге
қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз.
Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы -
көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ
мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл
мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.
СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың
түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта:
мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге
болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік
ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге
мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі
динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды.
Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ
мониторларды таңдайды.
Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады. Экранның диагоналі
дюйммен(1 дюйм =2,54 см) өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан
жоғары болады.
Пернетақта
Пернетақта — дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол
алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен
пернетақтаның бірігіп кызмет аткаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына
жатады.
Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден
тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген.
Алфавиттік-цифрлык пернелер тобы символдардан тұратын акпаратты
енгізуге арналған.
Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде
орналаскан он екі перне кіреді (Ғ1-Ғ12). Бұндағы әрбір перне кандай да бір
функционалдык қызмет атқарады.
Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында
орналасқан. Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі
сипатталған:
• Еnter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі;
• Аlt және Сtrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді;
• Таb пернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін
колданылады;
• Еsс пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін колданылады;
• Рrint Screen — ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны
алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға
арналған;
• Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдар мен бас әріптерді енгізу
үшін, сонымен катар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың
орнына қолданылады;
• Ноmе — меңзерді жолдың басына алып келеді;
• End — меңзерді жолдың аяғына апарады;
• Delete — мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған
перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою
үшін де қолданылады;
• Раgе uр және Раgе Down — бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу;
• Сарs lock пернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады;
• Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.
Тышқан
Тышқан - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш
батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі козғалысы
экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен
байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады
және оның он немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады.
Осылайша басуды шерту деп атайды.
Монитор мен тышқан бірігіп колданушы интерфейсінін жаңа түрі —
графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері
өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.
Курс тақырыбы: ЭЕМ-ны программалық қамтамасыз етуге кіріспе
Сабақ тақырыбы: Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары
Жүйелік блок – компьютердің ең негізгі құрылғысы, оның ішінде
компьютердің басты құрылғылары орналасқан.
• Аналық плата
• Алынбайтын (қозғалмайтын) қатты магниттік дискіде (винчестер) жазылуға
және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтаушы.
• Иілгіш дискіге арналған дискжетек
• Компакт дискіге арналған дискжетек
• Видеокарта
• Дыбыстық карта
Аналық платаның ішінде:
• Процессор
• Микропроцессорлық комплект (чипсет)
• Шина
• ТСҚ
• ОСҚ
• Слоттар (қосымша құрылғыларды қосу үшін қажет)
Процессор – машинаның барлық жұмысын басқару үшін және арифметикалық
және логикалық операцияларды орындауға арналаған. Процессор компьютердің
миы болып табылады.
Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және
компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын
электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше
процессорлар жұмыс істейді.
Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі
процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, оңда олар программалық
деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған
программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.
Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар
топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Іntel Pentium процессорлары х86
топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16-разрядты Іntel - 8086
процессоры болып табылады. ІВМ РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы
процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Іntel 80286, Іntel 80386,
Іntel 80486, Іntel Pentium 60,66,75,90,100,133; Іntel Pentium ММХ, Іntel
Pentium Рrо, Іntel Pentium II, Іntel Сеleron, Іntel Pentium III
процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар
шығаратын тек Іntel фирмасы болса, кейінірек АВМ, Сугіх фирмалары да
процессор шығарумен айналыса бастады.
Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне)
мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік — олардың жұмыс жылдамдығының
көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Іntel Pentium типтегі
процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200 және 233 МГц жиілікпен
жұмыс істейді.
Процессордың негізгі бөліктері:
• Арифметикалық-логикалық құрылғы
• Басқару блогы
• Жад регистрлері
Арифметикалық-логикалық құрылғыда сандық және символдық
ақпараттармен арифметикалық және логикалық операциялар орындалады.
Басқару құрылғысы компьютердің барлық компоненттерінің жұмысын
үйлестіреді, яғни белгілі бір басқару сигналдарын (басқарушы импульстарды)
қалыптастырып, қажетті уақытта оларды жіберіп тұрады, операцияларды орындау
үшін жад ұяшықтарының адресін пішімдейді және адрестерді ЭЕМ-нің сәйкес
блоктарына жібереді.
Тактілік жиілік пен разрядтылық процессордың мінездемесі болып
табылады.
Жұмыс барысында процессор нақты бөлінген уақыт бірлігінде, яғни
уақыттың бір аралығында – тактта нақты операцияларды (жазу, оқу, екі санды
қосу сияқты) орындайды. Неғұрлым бір тактіге аз уақыт кетсе немесе
процессордың тактілік жиілігі жоғары болса, соғұрлым ақпараттың өңделуі тез
болатыны анық.
Процессордың тактілік жиілігі мегагерцте өлшенеді. 1 МГ тактілік
жиілік процессордың секундына бір миллион операцияларды орындауына
эквивалентті. Pentium процессорының тактілік жиілігі қазір 1000 МГц
деңгейіне дейін жетеді.
Процессорде өңдеу кезінде оған түскен деректердің мазмұны үшін
өзінің ұяшығының ішкі жады болады. Оларды регистрлер деп атайды.
Процессордың регистрлерінде деректер бір байтта, екі байтта немесе
сегіз байтта орналасуы мүмкін.бұл бір байтты регистрлі процессордың бір
тактіде бір байт өлшемдегі деректерді өңдей алатынын білдіреді.
Процессордың разряды неғұрлым көп болса, онда компьютер соғұрлым көп
информацияны бір такт ішінде өңдеуі мүмкін.
Компьютердің өнімділігі ішкі жад көлеміне, процессордың тактілік
жиілігіне, процессордың разрядтылығына байланысты.
Шина
Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен
жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан.
Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және
командалық шина.
Ішкі жад. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, өйткені
процессор тек сонымен ғана жұмыс істейді. Процессорды информациямен
қамтамасыз етіп, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны оперативті деп те
атайды.
Ішкі жад сақтау құрылғысының екі түрінен тұрады:
1. Тұрақты сақтау құрылғысы
2. Оперативті сақтау құрылғысы.
ТСҚ тұрақты программалық және анықтамалық информацияларды сақтау
үшін қолданылады, ондағы сақталатын информацияны тек жылдам оқуға ғана
мүмкіндік береді. ТСҚ-да информацияны өзгертуге болмайды.
ОСҚ информацияны (бағдарламаны немесе деректерді) уақытша жазу,
сақтау және оқу үшін арналған. Компьютерді өшірген кезде оперативті жадтың
мазмұны өшіріледі.
Компьютердің ішкі жады реттелген электрондық элементтердің
жиынтығынан тұрады. Әрбір элемент екі тұрақты жағдайдың біреуінде тұруы
ммүкін. Яғни, екілік разряд болып табылады немесе, басқаша айтқанда, бір
бит информацияны сақтай алады.жадтың 8 элементі 1 байт информацияны сақтауы
мүмкін.
Компьютердің ішкі жадындағы әрбір байттың өз нөмірі болады.
Ұяшық деп аталатын жадтың бөлігін құрайтын байттар жағдайға
байланысты екіден, төрттен, сегізден бірігуі мүмкін. Бұл жағдайда
кіргізілген байттардың біріншісінің нөмірі ұяшықтың нөмірі болып табылады.
Мысалы, егер ұяшық 3,4,5 нөмірлі байттардан құрылған болса, онда ұяшықтың
нөмірі 3 болады. Ұяшықтың нөмірі ұяшықтың адресі деп аталады. Ұяшықтың
адресін біле отырып, оған информацияларды жазуға немесе одан
информацияларды оқуға болады.
Ішкі жад дегеніміз – берілген уақытта процессормен өңделетін
деректерді және бағдарламаны сақтауға арналған электронды элементтердегі
жад.

Сабақ тақырыбы: ДК-дің перифериялық құрылғылары
Дербес компьютердін сыртқы құрылғылары
Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы, ал оған сырттан
қосылған құрылғы сыртқы құрылғы немесе перифериялық деп аталады.
Жүйелік блокқа сырттан қосылатын құрылғылар 4-ке бөлінеді:
1) берілгендерді енгізу құрылғылары (пернетақта, тышқан,
трекбол, сканер, джойстик, графикалық планшет (диджитайзер
– графикалық информацияларды, кескінді арнайы қаламұш
планшеті бойынша жылжыту жолымен қолдан енгізуге арналған))
2) берілгендерді шығару құрылғылары (монитор, принтер)
3) берілгендерді сақтау құрылғысы (стример)
4) берілгендермен алмасу құрылғысы (модем – алшақтағы
компьютерлердің информация алмасуына арналған құрал)
Енгізу құрылғылары
Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып
табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және
т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен
басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа
орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық
бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.
Графиктік мәліметтерді енгізуге арналган құрылгылар
Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер
(дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің
көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл
жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы
программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі
мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.
Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп
аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы
құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу
принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік
деп бөледі.
Мәліметтерді сақтау құрылғылары
Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді
сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-
тасуыштары жатады.
Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған
құрылғылар. Стримерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) көлемі
жүздеген мегабайтқа жетеді.
ZІР - тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға
негізделген Lomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық
иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын
дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5
дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.
Sony компаниясы жасап шығарған НіҒD құрылғысы кәдімгі стандарттық
иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт
болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге
бейімделген.
Мәліметтермен алмасу құрылгысы
Модемдер (Модулятор + ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер
арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын
құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және
сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-
жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б. деп бөледі.
Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялық жолмен
түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне
бағытталады.
Модем немесе модемдік плата бір-бірінен алшақ орналасқан компьютерлерді
телефон желісі арқылы өзара байланыстыру үшін қолданылады. Модем (екі
сөздің қосындысынан шыққан модулятордемодулятор) – телефон желісі арқылы
сырттан келіп түскен аналогті сигналды сандық кодқа өзгерту үшін немесе
осыған кері әрекетті орындау үшін қолданылатын құрылғы. Модемнің ақпаратты
өткізу жылдамдығы Кбитсекундпен (қабылдау - 56 Кбитc, жөнелту - 33
Кбитc) өлшенеді.
Iшкі және сыртқы модемдер
Модемнің ішкі (жүйелік блоктың ішінде орналасады) және сырқы (жүйелік
блоктан бөлекорналасып, онымен кабель арқылы байланысады) түрлері болады.
Ішкі модемдерді бөлек сатып алудың қажеті жоқ, олар жүйелік блоктың
ішінде, аналық плата орналасады. Бұл модемге келіп түскен барлық мәліметті
арнайы драйвер немесе процессордың өзі өңдейді. Сондықтан жұмыс кезінде
бұндай модемдер процессорға артық салмақ түсіреді және бұлардың
программалық жабтықтамасы операциялық жүйеге тәуелді болады. Сыртқы
модемдердің бағасы қымбат болғанымен, жұмыс істеу сенімділігі мен байланыс
сапасы жоғары. Модемнің алдыңғы панелінде жұмыс режимі туралы мәлімет беріп
отыратын жарық индикаторлары орналасады.
Модемдердің сонымен қатар дауыстық модем, факс-модем және ADSL-модем
деген түрлері бар. Дауыстық модемдер дауыстық хабарламаларды (голосовые
сообщения) жіберуге мүмкіндік береді және автожауапберуші қызметін атқара
алады. Факс-модемдер факс-машинаға немесе өзі секілді факс-модемдерге
факстарды жөнелтіп, қабылдай алады. Соңғы кездері ADSL-модемдер қолданысқа
еніп келеді. Еліміздегі танымал Megaline қызметін пайдалану үшін осындай
модемдердің болуы қажет. ADSL-модемдерді пайдаланып интернетке шығу үшін
телефон желісінің өзі болса жеткілікті (сегіздіктің қажеті жоқ). Бұл
модемдер компьютерді интернетпен үздіксіз байланыстырып тұрады және бұрынғы
модемдер секілді арасында қосылып тұрудың қажеті жоқ. ADSL-модемдердің
ақпаратты өткізу жылдамдығы өте жоғары (қабылдау 8 Мбитс, жөнелту 1 Мбитс-
ке дейін).
Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің
бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық
диодты (LED) принтерлер бар.
1 2 3
1- матрицалық, 2- сия бүріккіш, 3- лазерлік принтерлер
Олардың ішіндегі басып шығару сапасы және конструкциясы бойынша ең
қарапайымы матрицалық (инелік) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде
принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып,
бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады. Матрицалық принтерлердің
қағазды басып шығару сапасы мен жылдамдығы төмен, олар жұмыс кезінде шу
шығарады. Сол себептен қазір бұл принтерлер көп қолданылмайды десе де
болады.
Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерлерден айырмашылығы
– тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі
түсті сұйық сияны кішкене тесіктер (сопло) арқылы бүрку тәсілі қолданылады.
Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бөлек нүктелерден бағаннан соң
баған болып қалыптасады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны оңай
ауыстырып отыруға болады. Түрлі түсті кескінді салғанда, принтер алдымен
кескінді бір түспен бояйды да, содан кейін оның үстіне басқа түстерді
салады. Бояулар араласып, қағазға әдемі түрлі түсті сурет шығарады.
Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен
жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің
әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты
қызып оған жабысады.
Сублимоционалдық принтерлер арнайы қағазға термобалқу технологиясы
негізінде жасалған. Ол фотосурет басып шығаруда жиі қолданылады.
Жарық диодты (LED) принтерлердің лазерлік принтерлерден айырмашылығы
лазерлік сәулелердің орнына жарық диодты матрицалар қолданылады. Сондықтан
LED принтерлері біршама арзандау болып келеді.
Плоттер
Плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық
объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін әдетте арнайы шығару
құрылғысы - плоттер қолданылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін
сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографиялық,
электростатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша
плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттерлердің
негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдығы – 100-1000 ммс, ең
жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру
мүмкіндігі бар Ең үлкен мүмкіндік қабілеті және кескіннің анықтығы лазерлік
плоттерлерде болады, бірақ олардың бағасы қымбат
Сканер
Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу
үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып,
компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық
сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі
электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-
ақ түсті немесе түрлі түсті болады.
Планшетті(сол жақта) және қол
сканері(оң жақта)
Сканерлердің негізгі екі түрі болады:
• - Қол сканері
• - Планшетті сканер
Қол сканерлері қазіргі супермаркеттерде қолданылып жүрген штрих-кодты
оқитын сканерлерге ұқсайды. Бұндай сканерлерді пайдаланып ақпаратты
компьютерге енгізу үшін оны қолмен ұстап отырып, қағаздың үстімен өткізіп
шығу керек. Планшетті сканерлер кәдімгі ксероксқа ұқсайды: бұндай
сканерлердің қақпағы ашылып, ішіне қажетті сурет немесе мәтін
орналастырылады да сканер өзіне қажетті ақпаратты көшіріп алады.
Планшетті сканерлердің барлығы дерлік қазір түрлі түсті болады.
Курс тақырыбы: ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етуге
кіріспе
Сабақ тақырыбы: ДК-дің кезеңдері, олардың классификациясы
1) ЭЕМ-ның буындары
2) Микропроцессордың даму кезеңдері
ЭЕМ-нің даму кезеңін 5 буынға бөлуге болады:
1) Электронды лампалар негізіндегі компьютерлер (1946-1956).
АҚШ-тың Пенсильванск университетінде ең алғашқы электронды лампалы ENIAC
компьютері пайда болды. Бұл компьютерде 18 мың электронды лампа қолданылды.
Салмағы 30 тонна, жерді алып орналасқан.
1952 жылы КСРО-да ЭЕМ БЭСМ ең алғашқы үлкен жылдамдықты компьютер
пайда болды. Оны жасаған академик Лебедев.
2) Жартылай өткізгішті құрылғы – транзисторларға негізделген ЭЕМ-дер (1956-
1964)
Транзисторлы комьютердің пайда болуына байланысты компьютердің қуаты
артты, жылдамдығы өсті, көлемі кішірейді. 2-ші буынға жататын КСРО-дағы ең
алғашқы машина Минск деп аталды. Оның құрамында 25 мың транзистор болды.
БЭСМ -6 компьютері пайда болды. Жылдамдығы – секундына 1 млн. операция.
3) Төменгі дәрежелі интеграциямен (құрылған) микросхема негізінде құрылған
компьютерлер (кіші интеграция).
Алғашқы микросхема АҚШ-та 1958 жылы пайда болды. Микросхема
негізделген алғашқы компьютер IBM-360 1965 жылы АҚШ-та пайда болды. КСРО-да
3-ші буынның алғашқы компьютерлері 1972 жылдан бастап шығарылды. Олар ЕС
сериясына жатады.
4) Микропроцессорларға немесе үлкен интегралды схемаларға негізделіп
жасалған ЭЕМ-дер (1971 жылдан бастап қазіргі күнге дейін).
Микропроцессор дегеніміз – 1 микросхемаға жинақталған арифметикалық –
логикалық құрылғы. Алғашқы микропроцессор 1971 жылы АҚШ-та пайда болды
(INTEL-4004). Оның разрядтылығы 4 бит. 1976 жылдан бастап ДК дәуірі
басталды. Ең алғашқы ДК –Apple.
1981 жылы 16 битті микропроцессор INTEL – 8088 негізінде құрылған IBM
фирмасының IBM-PS сериялы компьютері шығарыла бастады. Осы компьютерлер
қазіргі компьютерлердің стандарты болып қалды. 1983 жылы осы INTEL – 8088
микропроцессоры негізінде IBM-PSХТ компьютері пайда болды. Оның ерекшелігі
– құрамында қатты диск бар.
1989 жылы – Pentium, 1995 жылы Pentium-Pro, 1997 жылы – Pentium-2,
1999 жылы Pentium-3 микропроцессорлары пайда болды. Қазіргі кездің көптеген
компьютерлері Pentium процессорына негізделіп құрылған.
5) Болашақта компьютерлердің 5-ші буыны пайда болуы мүмкін.
5-ші буын компьютердері жасанды интеллект, көру және есту сезімдерін
қабылдайтындай дәрежеде өте үлкен интегралды микросхемалар магниттік және
оптикалық құрылғылар негізінде жасалады.
Сабақ тақырыбы: ДК-дің қызмет көрсетуі бойынша қрапайым
жұмыстарды меңгеру
Компьютерлік жүйелерді пайдалану
Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты,
компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі - жұмыс өнімділігін арттыру
болып саналады. Егер компьютерді есеп-қисап жасау, мәліметтерді өндеу
немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдапансаңыз, сіз бір сағатта
көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір
минутта 60-тан 80 сөзге дейін жмесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса,
орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір
компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.
Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудағы екінші себеп -
мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман
адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз оқи
алады екен. Мысалы, Чикаго каласының телефон анықтамалығы 788 000 адамдар
атауынан, ал адрестер мен телефон нөмірлерін коссақ, 32 000 000 жол
информациядан тұрады екеа Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты
оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал, орта мүмкіндікті компьютер оны
30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон
станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады.
Дәлдік пен ұкьштылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші себеп -
олардың дәлдігі мен үқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге нақты
мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дүрыс жолдарын көрсетсек, ол әрқашанда
қатесіз дүрыс нәтижелер береді. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп
айтылады. Мүндайда компьютердің қателеспейтінін, қатенің себебі
мәліметтердің оған дұрыс берілмегендігінен, немесе осы мақсатқа арналған
мәліметтерді өңдеу алгоритмінің қате болғанынан екенін ашып айту кажет.
Тарау 2. MS DOS операциялық жүйесі
Сабақ тақырыбы: MS DOS операциялық жүйесінің негізгі
командалары
1) MS-DOS ОЖ-нің негізгі және транзитті командалары
2) Каталогтарға және файлдарға қолданылатын командалар
Негізгі командалар дегеніміз – компьютер жадыгда тұрақты сақталатын және
жылдам орындалатын резидентті немесе орнатылған командалар.
Транзитті командалар дегеніміз – дискіде сақталатын, қажет уақыт оқылатын,
сосын орындалатын кірме командалар.
Негізгі командалар екіге бөлінеді:
1. Каталогтарға қолданылатын командалар
2. Файлдарға қолданылатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz