Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері 5
2 Жоспарлау процесінің маңызы мен сипаты 8
2.1 Жоспарлаудың негізгі жіктеулері 16
3 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткештері
16
4 Өндірістік бағдарлама және оның негізгі көрсеткіштері 19
5 Бизнес.жоспардың құрылымы 21
6 Бизнес.жоспар және оны жасау жолдары 25
7 Бизнес.жоспарды іске асыру 28
8 Кәсіпорынның табиғатты қорғау қызметінің экономикалық механизмі
30
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ӘДЕБИЕТТЕР 34

КІРІСПЕ
Бизнес бірін-бірі өзара толықтырушы іс-әрекеттер мен операциялардың кешенінен тұрады. Оның бірі – жоспарлау.
Жоспарлау жеке мәмілелерді іске асыру бағдарламасы мен мәмілелерді құрайтын негізгі операциялардың жүргізілуін білдіреді. Бизнес жеке мәмілелердің жүзеге асырылуын және негізгі операциялардың жүргізілуі бағдарламасын сипаттайды. Егер мұндай жағдайда бірімен-бірі байланысты бірнеше мәмілелер іске асырылатын болса, онда олардың өзара әрекеттесуін жоспарлай отырып, үздіксіз процесс ретінде бизнес-жоспармен жұмыс істеу қажет.
Бізнес-жоспар мәмілелер жүргізу бағдарламасы және соның негізінде пайда табу, яғни қойылған мақсатқа жетуге бағытталған жоспарлы ұйымдастырылған іс-әрекет жүйесін түсіндіреді.
Бизнес-жоспар кәсіпкерге өзінің фирма жұмысын іске асыратын мәмілелердің сенімділігін, өтімділігін негіздейтін құжат ретінде қажет. Сонымен қатар бизнес-жоспар кәсіпкердің өз ісінің белгілі бір коммерциялық құпиясы ретінде де түсіндіріледі.
Бизнес-жоспар бүкіл бизнес операцияларды жүргізу үшін қажетті келісімшартты анықтайды.
Қаржылық жауапкершілік пен мудделік – бір процестід – шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталаңдырмаларып жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның – экономиканың негізгі буыны – кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъекті сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта – қаржы жоспарында (болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болмайды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың – жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (үлгшеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға – бірлестік, ассоциация, концерн және т.с.с, кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бердалиев К.Б. Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Басқару негіздері(Оқу құралы): – Алматы: Экономика, 1997.
2. Горфинкель В.Я., Швандар Б.А. Кәсіпорын экономикасы, Москва, ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
3. Қалдыбаев О., Темірбаев А. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. - Алматы, «Санат», 1997.
4. Оқаев Қ.О., Дюнова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. - Алматы, 1994.
5. Раицкий К. А. Кәсіпорын экономикасы, Москва, 1999.
6. Сейтқазиева А.М. және басқалар. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.- Алматы, «Экономика», 1998.
7. Сейітқазиева А.М., Бекназарова А.Т. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік. Оқу құралы, - Алматы, «Тұран», 2001.

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері 5
2 Жоспарлау процесінің маңызы мен сипаты 8
2.1Жоспарлаудың негізгі жіктеулері 16
3 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткештері
16
4 Өндірістік бағдарлама және оның негізгі көрсеткіштері 19
5 Бизнес-жоспардың құрылымы 21
6 Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары 25
7 Бизнес-жоспарды іске асыру 28
8 Кәсіпорынның табиғатты қорғау қызметінің экономикалық механизмі
30
Қорытынды 32
Әдебиеттер 34
Кіріспе
Бизнес бірін-бірі өзара толықтырушы іс-әрекеттер мен операциялардың
кешенінен тұрады. Оның бірі – жоспарлау.
Жоспарлау жеке мәмілелерді іске асыру бағдарламасы мен мәмілелерді
құрайтын негізгі операциялардың жүргізілуін білдіреді. Бизнес жеке
мәмілелердің жүзеге асырылуын және негізгі операциялардың жүргізілуі
бағдарламасын сипаттайды. Егер мұндай жағдайда бірімен-бірі байланысты
бірнеше мәмілелер іске асырылатын болса, онда олардың өзара әрекеттесуін
жоспарлай отырып, үздіксіз процесс ретінде бизнес-жоспармен жұмыс істеу
қажет.
Бізнес-жоспар мәмілелер жүргізу бағдарламасы және соның негізінде
пайда табу, яғни қойылған мақсатқа жетуге бағытталған жоспарлы
ұйымдастырылған іс-әрекет жүйесін түсіндіреді.
Бизнес-жоспар кәсіпкерге өзінің фирма жұмысын іске асыратын
мәмілелердің сенімділігін, өтімділігін негіздейтін құжат ретінде қажет.
Сонымен қатар бизнес-жоспар кәсіпкердің өз ісінің белгілі бір коммерциялық
құпиясы ретінде де түсіндіріледі.
Бизнес-жоспар бүкіл бизнес операцияларды жүргізу үшін қажетті
келісімшартты анықтайды.
Қаржылық жауапкершілік пен мудделік – бір процестід – шаруашылық
жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталаңдырмаларып жасау мен іске асыру
процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның – экономиканың негізгі буыны –
кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъекті сферасындағы қаржы мен
коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің
мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің
дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала
қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы
нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта – қаржы жоспарында
(болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады.
Кәсіпорынның болмайды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы
көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың – жоспарлаудың орнына болжау
қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды
ғылыми өңдеудің (үлгшеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың
негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам
кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және
кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға – бірлестік, ассоциация, концерн
және т.с.с, кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл
ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
1 Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері
және көрсеткіштері
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын
дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі
жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның
әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау
методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері
жатады. Жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
– жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық
негіздеуді ұлғайту;
– қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
– өндірісті техникалық-экономикалық негіздеу;
– баланстық есептеулер жүргізу;
– өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;
– материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
– еңбек өнімділігін арттыру;
– жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
– жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық-экономикалық
нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз
қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын
энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының
қолданылуын көрсететін көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктерін, технологияның, өндірісті және енбекті ұйымдастырудың
жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы
өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар
бойығала жасалынады:
– нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны,
қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);
– материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал, отын, жылу,
энергия, жабдықтардың үлестік нормалары);
– еңбек құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі
құрал-жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды қолдану
нормативтері);
– өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының
ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар,
отынның қорлары);
– іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың
жобада берілген өндіріс қуатын игерудің нормасы. Бұл арқылы
өндіріс қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек
шығындарынын нормасы еңбек өнімділігінің деңгейің, жұмыс уақытының
қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық
ресурстар шығынының улестік нормасы арқылы қажетті материалдың жеке түрлері
анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін
қолданылады.
Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың
көрсеткіштерін анықтайды.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
– сандық;
– сапалық;
– көлемдік;
– үлестік.
Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі; сатудың
көлемі; жұмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі, әртүрлі
өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек
өнімділігінің өсуі; өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор
сыйымдылығы; өнімнің сапасы жатады. Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-
бірімен тығыз байланыста болады. Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы
көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге – бір-бірімен байланысты бірнеше
көрсеткіштердің арақатынасы жатады; мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен
металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және
құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды
жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін,
өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте нормасағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері - көрсеткіштердің құнын керсетеді. Құн өлшемі арқылы
өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өні жоспарланады.
2 Жоспарлау процесінің маңызы мен сипаты
Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады,
сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістіқ даму карқыны,
материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты
функциясы ретінде жоспарлау:
– ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
– алға қойылған мақсатқа жетудін, жолдары мен әдістерін
белгілейді;
– міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді
қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен
ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырьш мақсаттарды белгілеу және сол
мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу табылады. Нарық
жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру
мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста
болады. Басқаша айтқанда, жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап береді.
Біздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай?
Болашақта біз қандай болуымыз қажет?
Осы жолда нендей кедергілер орын алған?
Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын
төмендегідей міндеттерді атап өтуге болады:
1) нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны
орындаудағы іс-әрекеттер;
2) қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да
ресурстары іздестіру;
3) басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және
ақпараттар тасқынын реттеу;
4) еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен
құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын
қарастыру;
5) сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді
орындауға қол жеткізу.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара
байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы тұста жоспарлауды ұйымның
даму бағатын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар
бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.
Алғашқы кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы
алар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу
орындалады.
Екінші кезенде бастапқы мақсаттар шеңберінде жаллы ұйымның және оның
әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалынып, олардын, орындалу
мерзімі белгіленеді. Міндеттерге жағдайдық сай келуі, олардың жүзеге
асырылу мумкіндігінің болуы, нақтылығы және тартымдылығының орын алуы
талаптары қойылады.
Үшінші кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер
жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру
орын алады.
Төртінші кезеңде өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті
баламаны таңдап алу арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.
Соңғы кезеңде жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда
түзетулер және өзгерістер енгізу әрекеттері орындалады.
2.1 Жоспарлаудық негізгі жіктеулері
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде стратегиялық
жоспарлау, тактикалық жоспарлау, индикативті жоспарлау және ұйым ішіндегі
жоспарлау орын алады.
Стратегиялық жоспарлау. "Стратегия" ұгымы ежелгі грек еліндегі ауқымды
өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында "генерал
шеберлігін" береді.
Стратегиялық жоспарлау – ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың
қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін
жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу,
сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стратегияны
ұғыну әрекеттері орындалады.
Ресурстарды бөлу қызметі барлық қоғамдық ресурстардың шектеулілігімен
байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық
ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге
қол жеткізуге бағытталады.
Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған
ортадағы экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени, техникалық факторлардың
әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары
факторларды зерттеп, солар тарапынан төнетін қауіп-қатерді анықтайды.
Ішкі үйлесімділікті орындау дегеніміз – стратегияны іс жүзіне
асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз тұстарын
басқарушылық зерттеу; бағалау арқылы мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету.
Осыған орай басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг,
қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтері енгізіледі.
Ұйимдық стратегияны ұғыну басқарудағы осыған дейінгі орын алған
тәжірибе, кешенді жоспарлар мен деректерге сүйене отырып дамудың бағытын
белгілеуді ұсынады. Ал енді осы айтылғандарды қорытындылай келе,
ұйымдардағы стратегияны анықтап өтейік.
Кәсіпорын (ұйым) деңгейіндегі стратегия.
І. ӨҢДІРІС:
Өндірістің талап етілетін деңгейі қандай?
Қор мөлшері қанша мерзімге алдын ала есептелгені орынды?
Қаржы салуды қалайша тиімді орындауға болады?
Өндіріс барысына оған еңбек күшінің біліктілігі сай келе ме?
Жабдықтау, құрастыру бөлшектерін кімнің жасағаны дұрыс?
ІІ. ҚАРЖЫ:
Ағымдағы және күрделі шығындар мөлшері қандай?
Айналым қаражатын қалайша арттыруға болады?
Қаржы жағдайын талдауды дамыту жолдары қандай?
Қаржы көздері, ресурстар ауқымы қандай?
ІІІ. МАРКЕТИНГ:
Нарықтағы қайсы сегментке үлкен көңіл бөлу қажет?
Өнімді еткізу саласындағы қаражат қалай бөлінуі керек?
Ұсынылатын өнімнің сапасы мен құрамы қандай болуы тиіс?
Баға саясаты қалайша тиімді жүзеге асырылады?
Нарық үлесі мен бәсекелесу қабілеті қандай деңгейде?
ІV. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:
Персоналды (қызметкер құрамын) оқыту мен дамытудың тиімді шаралары
қандай?
Басшы қызметкерлерді даярлауға қойылатын талаптар қандай?
Іс-әрекетті бағалау, ынталандыру мұқият орындала ма?
Болашақта қызметкерлерге қандай талаптар қойылады?
Басқаруға катысуды қалайша дамытуға болады?
V. МӘДЕНИЕТ:
Әдеп-ғұрып пен дәстүрді қолдауға қандай шаралар қажет?
Фирма репутациясын (беделін) сақтап қалу жолдары қандай?
Ұйымдағы қарым-қатынасты қалайша жетілдіруге болады?
Қоғамдық пікірді жақсарту шаралары қандай?
Стратегиялық жоспар қабылданған кезде ол бүкіл ұйымның болашағын
анықтайтындай, нақтылы деректермен негізделіне отырып, кәсіпорын
айқындылығын білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жүзеге
асырады. Аталған жоспар ұйымның барлық дамуын белгілей отырып, тек қана
тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де
болуы тиіс. Міне, осының бәрі стратегиялық жоспардық белгілерін анықтап
береді.
Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда
бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатты орындағанда ғана
жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылдағаннан кейін оны орындау
бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат, іс жосығы
(процедура) және ереже арқылы жүзеге асырылады.
Тактика – ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-
қимылдың қысқа мерзімді үйлестірілуі.
Саясат – мақсатқа жетуді жеңілдету үшін шешім қабылдау мен іс-қимылды
жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты
орындаудағы тиянақты да түпкілікті шешім қабылдауда тәуекел мен
ізденістерді пайдалануға, еңбек ресурстарын тиімді қолдануға және оларды
әлеуметтік қорғауға жағдай тудырады.
Іс-жосығы (процедура) ұйым қызметінің барысы қайталанатын жағдайда
алдын-ала қарастырылған нақтылы бір іс-қимылды басшылықтық орнықты деп
ұғынып, қалыпты шешімдер қабылдауын білдіреді. Осындай шешімдер басшылыққа
бірқатар ұтыстар әкеледі. Дегенмен, осыған дейінгі іс-қимылды толық
қайталауға болмайды, себебі әр жағдайдың өз ерекшелігі болады. Және де
процедура нақтылы жағдайдағы іс-қимыл жиынтығын беретін болғандықтан
орындаушыға аз мөлшерде еркіндік пен балама (альтернатива) беріледі, ал бұл
бірқатар кедергілер мен келіспеушіліктер тудырады.
Кішігірім міндеттер мен шектеулі сұрақтарды шешуде орын алатын іс-
әрекеттердің нақтылы жиынтығы ереже деп аталады. Ереже арқылы басшылық
орындаушының міндеттерін нақтылы белгілеп, барлық күш-жігерді тек шектеулі
мақсатты орындауға бағыттайды.
Ереже мен процедура міндеттерді орындауда қызметкерлерге жоғарғы
ықтималды нәтиже беруге тиісті бағытты белгілеуде, қажетсіз шешімдердің
қайталануына жол бермеуде, нақтылы жағдайда орындаушының қимылын болжауда
және тура салыстырулар жүргізуде маңызды орын алады. Атап көрсететін бір
жағдай, 1994 жылы АҚШ-та өнімді шығарудың қарқынды өсуін қамтамасыз етуге
тиісті өндірісті дамытудың бесжылдық жоспары қабылданған. Сонымен қатар,
батыстағы ірі концерндер өз кәсіпорындарына орта мерзімді жылдық
тапсырмалар беріп отырады.
Өндіріс пен экономиканы басқарудың тиімділігін дамыту мақсатында
тактикалық жоспарлаудың қолданылуы орынды.
Тактикалық жоспарлау. Ұйымның дамуын бейнелейтін кешенді стратегиялық
жоспарды орындауда басшылық қысқа мерзімге есептелінген, егжей-тегжейлі
тактикалық жоспарға сүйенеді. Тактиканың сипатты белгілері:
1. Стратегияның дамуында әзірленуі;
2. Орта буындағы басшылықтың қабылдауы;
3. Стратегияға қарағанда, қысқа мерзімге есептелінуі;
4. Нәтижені бағалау тез уақытта нақтылы іс-әрекеттің орындалуына
қарай жүргізілуі.
Ал енді осы белгілеріне қарай тактикалық жоспардың қабылдануы мен
бастапқы міндеттерін анықтап өтейік.
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесі барлық қызметті орындаудағы әр қилы
басқару саласының нақтылы шектелген әрі жекелеген жоспарларынан тұрады.
Осыған орай ұйымда тактикалық жоспарлау шеңберінде арнайы қабылданған
өндірістік жоспар, шикізат жоспары, еңбек күшінің жоспары, маркетинг
кешенінің жоспары, тауар айналымының жоспары, қысқа мерзімді қаржы жоспары
орын алады.
Тәжірибеде басшылық көптеген жоспарларға өзгерістер енгізіп жетілдіріп
отырады, яғни басшылық жоспарды үнемі басқарып отыруы тиіс.
Индикативті жоспарлау. Қазіргі кездегі өндірістің, күрделене түсуі
жағдайында айқын экономикалық құрылымдық саясаттың қабылдануы мен жүзеге
асырылуын халық шаруашылығының басым салаларының дамуындағы мемлекеттік
бағдарламаларына негізделген индикативті жоспарсыз елестету қиын. Жоспардың
аталған түрі нарықтық экономика кең етек алған көптеген дамыған елдерде
қолданылады. Мысалы, Жапонияда үш жолы он жылдық мемлекеттік жоспар
қабылданады. Дегенмен, батыс елдерінде қолданылатын индикативті жоспар
біздегі жоспарлардан бірқатар өзгеше болып келеді. Оның себебі қоғамдық
және жеке, қысқа мерзімді және ұзақ уакыттағы мүдделерді тепе-теңдікті
ұстауда жүйеге әкімшілдік араласу емес, экономикалық реттеу арқылы ықпал
етуінде.
Индикативті жоспар кең мағынасында мемлекеттің әлеуметтік экономикалық
дамуындағы басымдылық (приоритет) пен ғылыми дәлелденген мақсаттарды
анықтауды, осыларға байланысты өлшемдер (параметрлер) жүйесін және міндетті
орындау әдістерін береді.
Жеке аймақтың, кәсіпорынның және азаматтардың құқықтары мен мүдделері
сақталына отырып, нарықты экономикада индикативті жоспар арқылы әлеуметтік-
экономикалық саясаттың бағыт-бағдарламасы мен оны жүзеге асыру әдістемесі
орындалады.
Индикативті жоспарлау жүйесі: стратегиялық, орта, мерзімді және
ағымдағы жоспарлардан құралады. Стратегиялық жоспар бөлімдеріне енетіндер:
– әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау;
– әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы;
– бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер;
– ұлттық бағдарламалар.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өндіріс мүмкіндіктерінің,
экономиканың сыртқы және ішкі даму тенденцияларының мемлекеттік реттеу
жүйесінің нәтижелілігі мен әрекеттілігінің өндіргіш күштердің салалық дамуы
мен қозғаласының деңгейін бейнелейді.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасында мемлекеттік реттеудің
тікелей және қосалқы құралдары арқылы экономикалық саясаттың мақсаттары мен
басылымдықтары, оған жетудін, әдістері мен жолдары қарастырылады.
Бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық даму қарқынының
болжамын, қоғамдық өндірістің құрылымын, мемлекеттің, кәсіпорындардың
кұрылымын, мемлекеттіқ, халықтың қаржы қорларын анықтайды.
Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық стратегиялармен
мемлекеттік реттеуді жузеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдылықтарды
тиімді орындауда бастапқы құрал болып табылады.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан–2030". Барлық қазақстандық-
тардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан
халқына Жолдауында айқын көрсетілген.
Ұйым ішіндегі жоспарлау. Жалпы экономиканың жетістіктері оның әрбір
субъектісінің, жекелеген фирмалар мен кәсіпорындардың өндіріс нәтижесімен
анықталады. Соңдықтан да қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында өндіріс
саласын басқарудың алғашқы буыны – микродеңгейде немесе ұйымдарда –
жоспарлауға маңызды көңіл бөлу қажет.
Ұйым ішіндегі жоспарлау фирманың сыртқы ортаға бейімделу барысын,
мақсаттар мен ықтималды стратегияларды қалыптастыруды және олардың
орындалуындағы қажетті іс-қимылды бейнелейді.
Ұйым ішіндегі жоспарлаудың мақсаты: ұйымның сыртқы ортасындағы
белгісіздік пен тұрақсыздықтың кертартпа зардаптарын жою; күш-жігермен
көңіл-күйді негізгі мақсаттарды орындауға бағыттау; экономикалық қызмет
жасауды қамтамасыз ету; бақылауды жеңілдету болып табылады.
Фирма деңгейіндегі жоспарлау ұйым болашағын бейнелей отырып келесі
кезендерден тұрады:
– мумкіндіктерді бағалау (ресурстар, өндіріс, т.б.);
– нақтылы жоспардың мақсаты мен нәтижесін анықтау;
– жоспардың негізгі көрсеткіштерін бейнелеу;
– іс-әрекеттердің тиімді бағыт-бағдарламасын белгілеу;
– қажетті баламаны таңдап алу;
– жоспардың орындалуын қамтамасыз ету.
3 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері
мен көрсеткештері
Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады.
Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) - негізгі
бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи
өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру карастырылады.
Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау,
құрамдастыру жоспарланады.
Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы –
ғылыми-техникалық прогресті жыл-дамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды
қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару
жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге
стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен
техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған
өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың
санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту
арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту,
өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи
өлшемдегі еңбек өнімділігін колдану және т.б. жатады.
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда
өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері - нақты
еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық
ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі
көрсеткіштері - жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық,
еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының
айналысы, капитал сыйымдылыға және материал сыйымдылығы.
Күрделі қаржы және күрделі кұрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар
салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен
объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің
технологиясын дамытуды; механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды.
Негізгі көрсеткіштері – өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды
іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс
қуатының өсімі, қүрделі қаржылардың көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының
көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.
Материалдык-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп
өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер
жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды
нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда
шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың
жолдары қарастырылады.
Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және
оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін
жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші
салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін өндірістік
жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бөлімнің негізгі бір
көрсеткіші - жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады.
Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша өндіріске қажетті
жұмысшылар саны белгелінеді.
Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін
шығындардың келемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың
көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде
қолдану.
Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz