Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі



Кіріспе
1 Қазақстан Республикасының еңбек құқығының көздері
1.1 Еңбек құқығы қайнар көздерінің ұғымы
1.2 Еңбек құқығының қайнар көзінің негізгі ерекшеліктері мен белгiлері
1.3 Халықаралық құқықтық актілер . еңбек құқығының қайнар көзі ретінде
2 Еңбек құқығы қайнар көздері жүйесінің ерекшеліктері
2.1 Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
2.2 Еңбек құқығындағы нормативтік актілердің түрлері
2.3 Еңбек құқығының қайнар көздерін талдау
2.4 Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің уақыттығы, кеңістіктегі және адамдар бойынша күші
Қорытынды
Глоссарий
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан - Конституция бойынша ерікті, дербес әрі демократиялық құқықтық мемлекет [Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл]. Осыған сәйкес оның дербес демократиялық заңдары да болуға тиіс. Осындай зандардың біріне Еңбек кодексі жатады. Бұл заңның негізгі атқаратын қызметі - коп салалы және аумақты бірыңғай еңбек қатынастарын жан-жақты реттеу және оны одан әрі қарай дамыта түсуге әсер ету.
Қазіргі қолданыстағы Еңбек кодексін 2007 жылғы 15 мамырда қабылдаған болатын[Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Еңбек Кодексi]. Содан бері 5 жылдан астам уақыттың ішінде бұл кодексіміз әжептеуір жақсы қызмет атқарып келеді. Әрине, оған заман талаптарына сәйкес көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Республикамыздың тәуелсіз егемендік дәрежесіне жаңа еңбек зандары, әсіресе жаңа Енбек Кодексі сай келеді. Ол дегеніміз пайда болып, жүргізіліп келе жатқан жаңа рынок тыныстарын, жалдамалы еңбекпен әлеуметтік әріптестік қатынастарын жүргізе отырып, халықты жұмыспен түгел қамтып, олардың әлеуметтік қамсыздандыру қарекеттерін толығынан іске асыру болып табылады.
Еңбек құқығы өмірден туған жаңа белестер мен оқиғаларға етене жақын, сезімтал, оларды тез қабылдап, електен өткізіп, жаңа бағытта дами тусуіне жол салады. Еңбек құқығы аясында, мәселен, әлеуметтік серіктестік, халықаралық еңбек құқықтары сияқты құқықтың жаңа салалары пайда болды. Рыноктық сауда қатынастарының заңдылығына байланысты еңбек әлемінде жұмыссыздық шыға бастады. Осыған сәйкес халықты жұмыспен қамту проблемасы туды, тиісінше осыған сәйкес заңдар да шығарыла бастады. Кәсіпкерлік қызметтермен байланысты орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, еңбек рыногына жұмыскерлерді тарту саясаты жүргізіліп жатыр.
Мұның бәрі сұраныс пен ұсынысты реттейтін рынок заңдылығына қызмет жасамақ.
Еңбек құқығының көздері жайында сөз еткенде еңбек туралы құқықтық нормаларының мазмұнын анықтайтын және олар туындайтын құқықтық еңбек нормаларының бастауын айтуға болады. Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мəселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров[11] атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын жəне олардың мазмұны анықталатын қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының жəне нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл
2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Еңбек Кодексi

Негізгі әдебиеттер:

1. Шайбеков К.А. ҚР еңбек құқығы. – Шымкент-Түркістан: 2007.
2. Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.
3. АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005.
4. Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана: 2004
5. Хамзина Л.А Трудовое право РК. Атамұра.
6. Абузярова Н.А. Значение нормативной обоснованности правовых актов в трудовом праве // Право и государство, 1998. № 2 (10). – С. 43-45.
7. Трудовое право зарубежных стран – Алматы, 2001. – 214с.
8. Международное трудовое право. – Алматы, 2000. – 211с.
9. Берешев С. Развитие социального партнерства в Казахстане: перспективы и проблемы. // Труд в Казахстане. 2001. № 4.
10. Нурланова Н. Регулирование социально-трудовых отношений на современном этапе.// Труд в Казахстане. 2002. № 6.
11. Уваров В.Н. Трудовое законода¬тельство РК, Алматы, 1997
12. Трудовое право России. Гу¬сев К.Н. - М.: ЮРИСТЬ, 1998.
13. Трудовое право/под ред. Смир¬нова. О.С. М. 1998
14. Кагазов О. Трудовое право РК.- Алматы, 2000.
15. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК – Алматы, 1999.
16. Сыроватская Л. А. Трудовое право. - М., 2000
17. Волкова В. Влияние контрольных механизмов международного права на развитие республиканского законодательства о труде//Фемида. - 2003. - N10. - С.20-23.
18. Идрисова С. Влияние международных договоров на развитие трудового законодательства Республики Казахстан//Правовая реформа в Казахстане. - 2003. - N3. - С.101-105
19. Волкова, В. Юридические особенности международных правовых актов о труде//Правовая реформа в Казахстане. - 2004. - N1. - С.102-106.
20. Абузярова Н.А. Трудовое право РК. – Актобе, 1997.
21. Гусов. К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. – М.:
22. Юрист, 1997.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

----------------------------------- -------

Қорғалуға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

_________ -------------------.

“ ___” ________ 2012 жыл

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: “Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі”

Мамандығы 050301 – Заңтану

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің --------

топ студенті
------------------

Ғылыми жетекші:
кафедра --------, з.ғ.к.
------------------

Алматы, 2012

Мазмұны:

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасының еңбек құқығының көздері
1.1 Еңбек құқығы қайнар көздерінің ұғымы
1.2 Еңбек құқығының қайнар көзінің негізгі ерекшеліктері мен белгiлері
1.3 Халықаралық құқықтық актілер – еңбек құқығының қайнар көзі ретінде
2 Еңбек құқығы қайнар көздері жүйесінің ерекшеліктері
2.1 Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
2.2 Еңбек құқығындағы нормативтік актілердің түрлері
2.3 Еңбек құқығының қайнар көздерін талдау
2.4 Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің уақыттығы, кеңістіктегі
және адамдар бойынша күші
Қорытынды
Глоссарий
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан - Конституция бойынша ерікті, дербес
әрі демократиялық құқықтық мемлекет [Қазақстан Республикасының
Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл]. Осыған сәйкес оның дербес демократиялық
заңдары да болуға тиіс. Осындай зандардың біріне Еңбек кодексі жатады. Бұл
заңның негізгі атқаратын қызметі - коп салалы және аумақты бірыңғай еңбек
қатынастарын жан-жақты реттеу және оны одан әрі қарай дамыта түсуге әсер
ету.
Қазіргі қолданыстағы Еңбек кодексін 2007 жылғы 15 мамырда қабылдаған
болатын[Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Еңбек
Кодексi]. Содан бері 5 жылдан астам уақыттың ішінде бұл кодексіміз
әжептеуір жақсы қызмет атқарып келеді. Әрине, оған заман талаптарына сәйкес
көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Республикамыздың тәуелсіз егемендік дәрежесіне жаңа еңбек зандары,
әсіресе жаңа Енбек Кодексі сай келеді. Ол дегеніміз пайда болып, жүргізіліп
келе жатқан жаңа рынок тыныстарын, жалдамалы еңбекпен әлеуметтік әріптестік
қатынастарын жүргізе отырып, халықты жұмыспен түгел қамтып, олардың
әлеуметтік қамсыздандыру қарекеттерін толығынан іске асыру болып табылады.
Еңбек құқығы өмірден туған жаңа белестер мен оқиғаларға етене жақын,
сезімтал, оларды тез қабылдап, електен өткізіп, жаңа бағытта дами тусуіне
жол салады. Еңбек құқығы аясында, мәселен, әлеуметтік серіктестік,
халықаралық еңбек құқықтары сияқты құқықтың жаңа салалары пайда болды.
Рыноктық сауда қатынастарының заңдылығына байланысты еңбек әлемінде
жұмыссыздық шыға бастады. Осыған сәйкес халықты жұмыспен қамту проблемасы
туды, тиісінше осыған сәйкес заңдар да шығарыла бастады. Кәсіпкерлік
қызметтермен байланысты орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, еңбек
рыногына жұмыскерлерді тарту саясаты жүргізіліп жатыр.
Мұның бәрі сұраныс пен ұсынысты реттейтін рынок заңдылығына қызмет
жасамақ.
Еңбек құқығының көздері жайында сөз еткенде еңбек туралы құқықтық
нормаларының мазмұнын анықтайтын және олар туындайтын құқықтық еңбек
нормаларының бастауын айтуға болады. Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл
қай органның қандай мəселелерге қатысты қабылдағанына байланысты
ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері.
В.Н.Уваров[11] атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура
мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы
нормаларды туындататын жəне олардың мазмұны анықталатын қасиеттен тұрады,
сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы
құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының жəне нысанының біртұтастығы
ретінде сипаттауға болады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек
қатынастарымен байланысты. Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек
жүзеге асырылған кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси
жəне əлеуметтік қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама-қайшы болуы
мүмкін. Мұндай жағдайда оларды реттеудің, еңбек қатынастары жүйесіндегі
белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін анықтаудың
қажеттігі туады.
Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін
мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек құқығы қайнар
көздерінің түсінігі мемлекеттік органдардың құқықты қалыптастыру, оған
заңдар, жарлықтар, қаулылар жəне өзге нормативтік құқықтық актілер нысанын
беру жөніндегі тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек құқығының
қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.
Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне
қоғамдық қатынастар, ондағы еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
мәселесіндегі құқықтық жүзеге асыру мен реттеу болып табылады.
Зерттеу пәні болып еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі, оның негізгі
ерекшеліктері мен белгiлері жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан
Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты
мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін
құқықтық аспектілер кіреді.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі
мақсаты – еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі ұғымына талдама (анализ)
жасау; тәжірибеде осы салаға қатысты кездесетін мәселелерді талқылау;
зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру
болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу
процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығы қайнар көздерінің
жүйесі институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда
қарастыру;
- Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі ұғымын салыстырмалы
құқықтық негізде зерттеу;
Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.
Методологиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның диалектикалық-
материалистік, жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері
пайдаланылады. Ал теориялық негіздері ретінде, мемлекет және құқық
теориясы, азаматтық құқық және конституциялық заңдарға байланысты
мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың
еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей
ғалымдарының меншік құқығы саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-
түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды
айқындауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты,
дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге,
дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге
азаматтық құқықтық заңдар, арнайы меншік құқығы саласына арналған заңдар,
сондай-ақ тақырыпқа сәйкес түрлі (басқа да) нормативтік құқықтық актілер
айтарлықтай септігін тигізді.
Дипломдық зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Тұтастай алғанда жұмыс
және оған қойылған проблемалар мен автордың берген тұжырымдамалары әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ кафедрасында өткен мәжілісінде қаралып (талқыланып)
мақұлданған.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-
зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және
деңгейіне байланысты кіріспеден жеті бөлімшеден құрылатын екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1 Қазақстан Республикасының еңбек құқығының көздері

1.1 Еңбек құқығы қайнар көздерінің ұғымы

Қайнар көзді бұлақ, бастау деп те айтады. Әрине ол су бастауы, су
шығатын жер. Су бұлақтан бастау алып, содан ол өзенге құяды, өзен дарияға
құяды. Құқық та осы сияқты әрбір заң, декреттер, қаулықарарлар, ережелер
мен жарғы-жарлықтардан бастама алады. Олардың әртүрлі құқықтық нормалары
бар, сөйтіп солардың қосынды жиынтығынан құқық ұғымы шығады.
Еңбек құқығын алатын болсақ, ол құқықтың көп салаларының бір саласы.
Сондықтан жалпы құқық туралы айтылған, жазылrан мәмілелер осы еңбек
құқығына да тиісті, демек онын да өзінше, өзіне тән қайнар бұлақтары бар.
Сондықтан кітаптың бұл тарауында осы еңбек құқығына тән қайнар бұлақтары
туралы сөз болмақ.
Құқықтың қайнар бұлағы н біз заң тұрғысынан (формальдық) және
материалдық тұрғыдан қарауымыз керек
Еңбек құқығының қайнар бұлағы материалдық тұрғыдан заңға енгізілген
мемлекеттік басқару сыныбы немесе халықтың өкілеттік құзіреті деп
түсінеміз. Оның мазмұны қоғам өміріндегі материалдық жағдайлармен
байланысты анықталады.
Формальдық жағынан, яғни заң тұрғысынан алып қарағанда құқықтың қайнар
бұлағы болып әрбір құқықтық нормативтік актілер, солардың жиынтығы жатады.
Ол нормативтік актілерде қоғамдық қатынастарды реттейтін тиісті құқықтық
нормалар болады. Сонымен қатар құқықтың қайнар бұлағына құқықтық принциптер
мен институттарды да жатқызамыз. қысқаша айтқанда құқықтың нормаларында
мемлекет пен халықтың күш-қайраты, құзіреті жинақталған.
Құқықтың қайнар көзі деп - құқық нормаларында көрініс тауып, арнайы
қалыптасқан заңдар, декреттер, жарлықтар, қаулылар, нұсқаулар, ережелер,
сондай-ақ, заң шығармашылықтың басқа да актілерін айтамыз. Ол актілер
құқықтың қайнар бұлағы болып танылыуы үшін қажетті жағдай, олардың қоғамдық
қатынастарды реттеудегі мынадай қасиеттерінің болуы шарт: жаңа құқықтық
нормаларды өмірге әкелу, өзгертіп тоқтату немесе олардың күшін жойып жіберу
сияқты ресми қабілеті болуы қажет. Құқықтық нормалар формальдық анықталған
сипаттамасымен де түрленіп ерекшеленеді. құқықтың қайнар бұлағынсыз олардың
құқықтық нормалары өмір сүре алмайды. мемлекеттік ерік тек белгілі бір
қайнар көздерде көрсетіліп бекітілген жағдайда құқық қасиетіне ие бола
алады[1].
Енді бұл мәселе жөнінде ғалымдар пікірлерін келтірейік.
З.С.Беляева[4], М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Университетінің
профессоры құқықтың қайнар көзі деп қоғамдық кооперативтік колхоздық
қатынастарды орнататын, өзгертетін немесе мүлдем жоятын нормативтік актілер
болып табылады дейді. Бұл келтірілген құқықтық қайнар көздер туралы
анықтаманың дұрыс жағы мұнда қоғамдық қатынасты жасаушы, жылжытушы,
өзгертуші немесе күшін жоюшы құқықтық нормалардың іс-әрекеті, құзіреті
көрсетілген.
1982 жылы шыққан В.И.Смолярчуктің[13] (Мәскеу) еңбек құқығы оқулығында
мынадай анықтама бар: "Советтік еңбек құқығының қайнар көзі -
кәсіподақтардың белсенді қатысуымен мемлекеттік құзіретгі органдардың,
жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек жағдайларын реттеу үшін және
мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен
кәсіпорындардың арасындағы еңбек қатынастарын реттеу үшін қабылдайтын
құқықтық актілері" делінген.
Мұнда келтірілген анықтама талапқа сай келмейді, өйткені онда елеулі
кемістіктер бар. Біріншіден, анықтама техникалық жағынан дұрыс
орындалмаған. "Кәсіподақ" және "реттеу" атаулары бірнеше реттен
қайталанады. Екіншіден, еңбек құқығының нормаларымен қоғамдық еңбек
қатынастары және олармен тығыз байланысты басқа да қоғамдық қатынастар
реттеледі, ал еңбек жағдайлары болса, олар қоғамдық еңбек қатынастарының
ұғымына кіреді.
Одан әрі жалғастырсақ, құқықтың қайнар бұлағы болып нормативтік
актілер танылады, ал нормативтік актілерге қоғамдық қатынастарды реттейтін
құқық нормалары кіреді. Оның үстіне, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру
қатынастары-бұлар таза еңбек қатынастары емес, олардан туындайтын
қатынастар. Бұл жерде даулы мәселе оның пәндік тәуелсіздігінде яғни бұл
қатынастардың еңбек құқығына немесе әлеуметтік қамсыздандыру құқығына
байланысты қатынастарға жататындығында.
Еңбек құқығының қайнар бұлағы туралы пікір А.И.Ставцеваның (Мәскеу)
еңбегінде[12] де келтірілген. Онда "Еңбек қатынастары және олармен тығыз
байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары нормативтік акті
болып табылады", делінген.
Мемлекеттік билікпен заң шығарушылықтың бірден-бір шынайы қайнар
бұлағы - халық болып табылады. ҚР Конституциясы бойынша халық өз билігін
республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады деп
көрсеткен. Халықтың және мемлекeтrің атынан сөз айту құқығы ҚР
Президентіне, сонымен қатар конституциялық қүзіреттілігі шегінде Республика
Парламентіне берілген. Республикалық басқару және басқа да мемлекeтrік
органдар өздерінің қузіртеттігі шегінде мемлекеттің атынан сөйлейді. Осымен
қатар еңбек қүқығы қайнар көздерінің қатарына құқықтық формадағы және
нормадағы қағидалар мен институттар жатады. Мысалы, мынадай жалпы қағидалар
- мемлекеттін егемендігі мен тәуелсіздігі, сондай-ақ жариялылық және
халықтық билік, сонымен қатар құқықпен заңның біріншілігі мен басымдьтығы
да жалпы құқықтың, онымен бірге еңбек құқығының қайнар бұлағы болып
табылады.
Тек егеменді және тәуелсіз мемлекет ғана мемлекеттік заңдар мен басқа
да нормативтік актілер шығара алады. құқық пен заңның басымдығы қағидасы
ғана құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі болып табылады.
Халықтық билік пен жариялылық қағидасы жалпы халықтық референдум
арқылы жузеге асырылады, осындай тәртіппен 1995 жылы 30 тамызда ҚР
Конституциясы қабылданған. Қазіргі таңда ҚР заң шығарушылық қасиетіне
иелене отырып, Президент атымен және Парламенттің атынан қажетті заңдар,
жарлықтар, қаулылар, заңдық ережелер қабылдайды.
Осындай қайнар көздің маңыздылығы бар қасиетке сонымен қатар еңбек
еркіндігі қағидасы да жатады, яғни мамандық таңдау еркіндігі және кәсіп
таңдау еркіндігі. қазіргі кезде, мысалы, кәсіпкерлік пен жеке шаруалар
қожалығы кең етек жайды.
Сонымен қатар жекеленген құқықтық институттар да құқықтың қайнар
бұлағы болып табылады. Мұндай институттарға ұжымдық шарттар мен келісімдер,
еңбек шарты, еңбек-келісім шарты және еңбек қорғау тағы басқа да құқықтық
институттар жатады. Олар осыған сәйкес еңбек қатынастарын реттейтін
құзіретімен құқық қайнар бұлағы бола алады. Алайда, еңбек қуқығы құқық
саласы ретінде жекеленген қуқықтық институттардың жиынтығынан тұратынын
ұмытпайық.
Сонымен, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті
органдарының еңбек жəне өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы
құқық шығарушы қызметінің нəтижелерін тануға болады. Басқаша айтар болсақ,
еңбек құқығының қайнар көздері – бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін
пайдалану жəне ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін
нормативтік құқықтық актілер.
Еңбек құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады жəне
оларды осы нормаларды қолдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР
Еңбек кодексі еңбек құқығының жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын
қайнар көзі, ал ұйым басшысының жұмыстан босату (немесе қызметке қабылдау,
ауыстыру, тəртіптік жаза тағайындау) туралы бұйрығы құқыққолдану актісі
болып табылады.
Жалпы алғанда еңбек құқығының барлық қайнар көздері қайнар көздер
жүйесін құрайды, мұнда олар өз мəні, бағыңыстылығы бойынша ҚР
Конституциясынан, еңбек туралы халықаралық-құқықтық актілерден (Халықаралық
еңбек ұйымының конвенциялары жəне ұсынысатыр, БҰҰ-ның актілері жəне өзге де
халықаралық шарттар) жəне республиканың басқа да міндеттемелерінен, сонымен
қатар ҚР Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Сотының нормативтік
қаулыларынан, ҚР Еңбек кодексінен жəне өзге де заңға сəйкес актілерден (ҚР
Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Еңбек жəне халықты
əлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары, өзге де министрліктер мен
ведомстволардың нормативтік бұйрықтарынан бастап, тіпті, локальдық
нормалардан (белгілі бір ұйым қызметкерлеріне арналған) тұратын ұжымдық
шарттардың нормативтік бөліктеріне, сонымен қатар, əлеуметтік-əріптестік
келісімдерге дейін белгілі бір кезектілікті құрайды.
1.2 Еңбек құқығының қайнар көзінің негізгі ерекшеліктері мен белгiлері

Қазақстан егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің территориясыңда
өзінің құқықтық нормалар шығарушылық кәсібін кең жүзеге асырады. Сондықтан
да біздің республикамызда еңбектік заң шығарушылық кең дамуда.
Еңбек заң шығарушылығының бір ерекшелігі - еңбек құқығының нормаларын
жасағанда кәсіподақтар қатысады. Олар:
а) ҚР кәсіподақтары заң шығару инициативасына иеленеді.
б) Заң шығаратын органдарға еңбек ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу
мәселелері бойынша өздерінің заң жобаларын усынады.
в) Кәсіподақтардың келісуінсіз, бекітуінсіз мемлекеттік органдар еңбек
туралы нормативтік актілерді қабылдамайды.
г) Маңыздылығы мол нормативтік актілерді кәсіподақ федерациясы
мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қабылдайды.
Еңбек құқығының нормаларының құрамында орталықтандырылған актілер мен
қатар, сондай-ақ локальдық актілер де кездеседі. Бұл актілерді кәсіпорын,
ұйымдар, шаруашылықтар әкімшілігі кәсіподақтың қатысуымен жергілікті
ерекшеліктерді ескере отырып қабылдайды. Олардың қатарына еңбек тәртібінің
ішкі ережелері, жалақы, сыйлықақы төлеу туралы ережелер мен актілер жатады.

Локальдық нормативтік актілер - жалпы еңбек заңдар шығармашылықтың
маңызды бөлігін құрайды. Сондықтан, локальдық нормалар - еңбек құқығы
нормаларының сипаттаушы белгісі болып, оларды жетілдіре түседі[2].
Еңбек құқығы нормаларының құрамында үлкен орынды еңбек министрлігінің
актілері алады.
ҚР еңбек министрлігі өздерінің актілерін ереже, инструкция, нұсқау
және түсіндірме турінде шығарады.
ҚР еңбек министрлігінің нормативтік актілері ай сайын шығатын
бюллетеньде жарияланады. Бұл осы актілердің еңбек кұқығындағы маңыздығын
көрсетеді.
Құқықтың қайнар бұлағының негізгі белгілері мына томендеriлер.
1. Нормативтік сипаттамасы, яғни бұларды құқықтың қайнар көзі деп
мойындау үшін, олардың құрамында жалпы нормалар болуға тиіс, сөйтіп олардың
қоғамдық қатынастарды реттейтін қасиеті пайда болады. Сондықтан да
нормативтік актілер нормативтік дәрежеде болып табылады, егер олар жаңа
нормалар шығар са немесе оларды өзгертсе немесе нормалардың күшін жоятын
болса.
2. Ресми сипаттамасы. Нормативтік акті қоғамдық қатынастарды реттеуші
қүқықгың қайнар көзі болып табылады, егерде бұның басықасыңда мемлекет
өзінің органдарымен тұратын болса.
3. Жалпығы бірдей міндеттемелік сипаттамасы. Нормативтік актілер
белгісіз, мекен-жайы (адресі) анықталмаған тұлғаларға яғни көпшілікке
арналады.
Нормативтік актілердің тұрақты қолдану қасиеті болуға тиіс. Олар бір
рет ғана қолданып қойылмай, тиянақты болып шығарылады, алынып тасталып,
заңдылық күшін жойғанша.
Ал белгілі бір тұлғалар мен бір реттік қолдануға шығарылған актілер -
бұлар нормативтік емес, олар құқықтық норманы қолдану актілері болып
табыдады. Осылайша олар занды фактілер деп аталады.
Еңбек құқығының нормаларында үш түрлі нормалар кездеседі императивті
(өктем), диспозитивті (рұқсат беруші), бағыттаушы (кеңес, ұсыныс) нормалар.

Құқықтың қайнар көзі деп белгіленген тәртіп бойынша қабылданған
нормативтік актілерді айтамыз. Олардың сомасынан заң шығарушылық тұрады.
Нормативтік актілер белгілі бір органдар мен әртүрлі формада шығарылады.
Олар әртулі заң күшіне ие болып, озара белriлi субординациялық ара-
қатынаста тұрады, яғни актілердің қандай органмен қабьтданғаңдығымен
байланысты. Мысалы: төмен тұрған органдардың актілері жоғары турған
органдардың актілеріне бағынады және оларға сәйкес келуі керек.
Осы жерден біз еңбек құқығының қайнар көздерінің белгілеріне жоғарыда
айтылғандарға тағы тоқтала кетеміз.
Еңбек құқығының көздері жайында сөз еткенде еңбек туралы құқықтық
нормаларының мазмұнын анықтайтын және олар туындайтын құқықтық еңбек
нормаларының бастауын айтуға болады. Бұл тұрғыдан алғанда еңбек құқығының
көздерін екі компонеттің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық
мазмұны мен обьектілендіру формасының бірлестігі деп сипаттауға болады.
Материалдық мазмұн құқықтық реттеуді қажет ететін еңбек қатынастарымен
байланысты. Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың бара-бар құқықтық тетігін
жасаудағы сұранымы мемлекеттің заң шығарушылық қызметін және жергілікті
жерлерде норма шығаруды (ұжымдық шарттар, келісімдер, т.б.) тездетеді.
Еңбек құқығы көзінің басқа бір ажыратылмас компоненті – еңбек туралы
құқықтық нормаларының обьектіленген айтылымының формасы. Бұл жерде әңгіме
формальдық, заңдық мағынадағы еңбек құқығының көзі жайында болып отыр.
Мәселе “құқық нормасының құқық көзінен тысқары болмайтындығында және бола
алмайтындығында”[16]. Норма шығару қызметі мен оның нәтижесі еңбек құқығы
көзін қалыптастырудағы біртұтас үзіліссіз процесс екенін атап өткен жөн.
Құқықтық нормаларды еңбекті ұйымдастыру және қолдану саласындағы жалпыға
бірдей харакет ережесі ретінде қалыптастырғаннан бастап заң шығарушылық
процесі аяқталады. Құқық нормаларын даярлау және рәсімдеу, қабылдау және
жариялау, ресми түсініктеме беру, жүйелеу және есепке алу рәсімі 1998 жылғы
24 наурыздағы “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан
Республикасының Заңында белгіленген. Норма шығаратын органдардың
өкілеттігіне және еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің шегіне байланысты
еңбек құқықтары нормаларының айтылу формалары да әртүрлі болады. Бұл
Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен
ведомстволардың бұйрықтары, т.б. болуы мүмкін. Бұлардың барлығы бір ортақ
түсінікті – нормативтік құқықтық актілер ұғымын береді.
Кең мағынада алғанда нормативтік құқықтық акт дегеніміз – референдумда
не мемлекеттің өкілетті органымен немесе лауазымды адамымен қабылданған
белгілі бір формадағы жазбаша ресми құжат, ол құқықтық нормаларды
белгілейді және олардың әрекетін өзгертеді, доғарады немесе тоқтата тұрады.
Еңбек құқығының көзі формальды (заңдық) мағынада мына негізгі
ережелермен сипатталады. Біріншіден, жалпыға міндеттілігі құқықтық
нормаларға тән мәндік қасиет. Бұл оларды басқа әлеуметтік нормалардан
(мысалы, қызметтік этикадан) ажыратуға мүмкіндік береді. Норма шығарушылық
практикада құқық нормасы (құқықтық норма) харакеттің нормативтік құқықтық
актіде көрсетілген, неше қайтара қолдануға есептелген және нормативтік
жағдайлар шеңберінде барлық адамдарға тарайтын жалпыға бірдей ереже ретінде
түсініледі. Екіншіден, мұнда еңбек туралы құқық нормаларын (заңдар,
жарлықтар, қаулылар, т.б.) айтудың және бекіту тәсілдерінің ерекше
формалары бар. Басқа сөзбен айтқанда, жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік
нормативтер болып саналатын құқықтық нормалар ғана құқық көзі (оның ішінде
еңбек құқығының) бола алады[9].
Сонымен, еңбекті ұйымдастыру және қолдану саласындағы харакеттің
жалпыға міндетті ережесі есебінде құқықтық норманы дайындау және
қалыптастыру нормативтік құқықтық актімен қатар, құқық нормасының сыртқы
айтылу формасы ретінде, құқықтық шығармашылықтың нәтижесі де болып
саналады, еңбек нормасының ресми формасы қызметін атқарады. “Құжаттық түрде
обьектіленген құқықшығарушылық актісі – деп жазады құқық теориясы
саласындағы белгілі ғалым С.С. Алексеев – тиісті заң нормалырының заңдық
көзі және сонымен қатар ресми түрде олардың бар екендігінің формасы болып
табылады”.[23]
Жоғарыда көрсетілгендей, еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық
нормалар көптеген нормативтік құқықтық актілерде өз бекімі табады. Бұл
актілердің жиынтығы еңбек туралы заңнаманы құрайды.
Еңбек құқығы және еңбек заңнамасы ұғымдарының бірлігі мен ара
қатынасын қарастырайық.
Сөз жоқ, еңбек құқығы және еңбек заңнамасы өзінің мәні және әлеуметтік
мақсаты жағынан, өзара байланысты, бір текті ұғымдар, еңбекті қоғамдық
ұйымдастырудың жалпы құқықтық қағидатына бағынады, бүтіндей ұлттық құқықтық
жүйенің элеметтері болып табылады. Еңбек заңнамасының жүйесі мен еңбек
құқығы жүйесін бір ортақ бастама біріктіреді: еңбек құқығы өзінің
бірлігінде құқықтың дербес саласын құрайтын, құқықтық реттеудің пәні мен
әдісі бойынша біршама ерекшеленген құқықтық нормалар жиынтығы. Еңбек
заңнамасының жүйесі бұл жағдайда еңбек құқығының сыртқы формасының
көрінісі, оның ішкі салалық мазмұны ретінде болады.
Сонымен қатар еңбек құқығы мен еңбек заңнамасының бірлігі олардың
өзінше дербес дамуын жоққа шығармайды. Еңбек құқығы саласы мен заңнама
саласының сәйкестігі бәрі бір олардың тепе-теңдігін көрсетпейді. Еңбек
құқығы саласының дамуы оның қалыптасуының обьективтік факторларымен
байланысты. Әңгіме жалпы қоғамдық – еңбек қатынастарымен, оның құрылымымен,
еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың элементтерімен заңды байланыс жайында.
Экономикалық реформа мен нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында еңбек
құқығының әлеуметтік рөлі артады, ол еңбек қатынастарын қайта құрудың,
еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудағы қоғамдық қажеттілікті
қанағаттандырудың ұтымды құралы бола алады. Ал, еңбек заңнамасы саласының
дамуын алатын болсақ, мұнда субъективтік факторлар бар. Бұл, мысалы құқық
шығарушылық тапқан. Заң шығарушының қалауы бойынша еңбек туралы құқықтық
норма салалық немесе кешенді заң актісінде бекітілуі мүмкін. Еңбек жайында
заңда белгіленген жалпы құқықтық норма заңнан төменгі нормативтік актілер
арқылы нақтыланады.
Еңбек заңнамасының жүйесі күрделі, көп деңгейлі құрылым, ол құқық
нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрылымының ішкі бірлігін
көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы
нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. (Тиісінше, еңбек құқығы
саласының құрылымдарын). Еңбек туралы заңнама Қазақстан Республикасы
бекіткен Халықаралық шарттардың еңбек туралы ұлттық заңдар алдында
басымдылығы бар, және, егер оны қолдану үшін Қазақстан Республикасының
заңын шығару шартта көрсетілмеген болса, тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығының көздеріне сипаттама
бергенде мыналарды ескерген жөн: нормативтік құқықтық актілердің өзіндік
үстемдіктеріне қарай еңбек заңдары жүйесін қалыптастырудағы кейбір
ерекшеліктерді, тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға құқығы бар
өкілетті органдардың құзырын; актілерді жариялаудың белгіленген тәртібін;
еңбек туралы халықаралық құқықтық актілердің, локальдық (жергілікті) норма
шығарушылықтың есепке алынуын және басқа факторларды. Мұнын бәрі тиісті
мемлекеттік органдардың құқық шығару процесін дұрыс ұйымдастыруға, еңбек
заңдарын жетілдіруге және нормативтік құқықтық актілердің жасалу және
қабылдану рәсімін жетелдетуге қажетті жағдай тудырады. Нормативтік құқықтық
актілердің өзіндік үстемдіктері дегеніміз олардың заңдық күшіне қарай
таралуы және өзара қатынасы. Мысалы, біз Қазақстан Республикасының
Конституциясын ең жоғарғы заңдық күші бар нормативтік құқықтық акті деп
танимыз. Әртүрлі нормативтік актілердің өзара заңдық күшін белгілегенде
заңнамада нормативтік құқықтық актінің деңгейі деген ұғым қолданылады. Бұл
еңбек туралы нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер
иерархиясында өзінің заңдық күшіне қарай алатын орнын (жалпы еңбек туралы
күшіндегі заңнамада) білдіреді.
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің иерархиясынан тиісті
актілер қабылдауға құқылы органдар ұғымы тікелей байланысты. Өкілетті
органдар дегеніміз Қазақстан Республикасының Конституциясында, Нормативтік
құқықтық актілер туралы Заңда (1998) сондай-ақ мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін анықтайтын заңнамада белгіленген,
өздерінің өкілеттігіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға
құқылы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Атап айтқанда өкілетті
органға Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының
Парламенті, Үкіметі, Конституциялық кеңесі, Жоғарғы соты, орталық атқарушы
органдар, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар, т.б. жатады.
Еңбек туралы құқықтық нормалар құқықтың басқа салаларының нормативтік
құқықтық актілерінде бекітілуі мүмкін. Мысалы, Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы  Заңында арнайы бап бар, онда азаматтардың діни
бірлестіктердегі, олардың кәсіпорындары мен мекемелеріндегі еңбек
қатынастарын реттеудің тәртібі көзделген.
Еңбек құқығы көздерін қалыптастыруда халықаралық келісімдер,
халықаралық ұйымдардың актілері маңызды роль атқарады. Мысалы, ТМД
елдерінің үкіметтері 1994 жылы 9 қыркүйекте қол қойған “Өздерінің еңбек
міндеттерін орындауға байланысты жарақат алып, кәсіби ауруға ұшырап немесе
денсаулығына басқадай нұқсан келтірген жұмыскерлердің алған зиянның орнын
толтыруға құқығын өзара мойындау туралы Келісім”[12], т.б.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (8 бап), халықаралық
ынтымақтастық қағидатын негізге алып Қазақстан халықаралық құқықтың
қағидаттары мен нормаларын мойындайтын және құрметтейді. Бұл тұрғыдан
алғанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 жылы 10 жеотоқсанда қабылдаған Адам
құқығының жалпыға бірдей декларациясына назар аударалық. Бұл халықаралық
құжатта еңбек құқығына тікелей қатысты бірнеше баптар бар. Мысалы, олар әр
адамның еңбекке, жұмысты еркін таңдауға, еңбектің әділ және ыңғайлы
жағдайына және жұмыссыздықтан қорғауға, ешқандай кемсітусіз еңбек ақыны тең
төлеуге, өз мүдделерін қорғау үшін кәсіпкерлер одағын құруға (23 бап);
жұмыс күнін ойға қонымды мөлшерде шектей отырып, демалып сайрандауға,
төленетін мерзімді демалыс алуға (24 бап); өз елінде мемлекеттік қызметке
теңдей қол жеткізуге (21 бап) және басқадай құқықтарын жариялады. Бас
ассамблея Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясын жариялағанда барлық
халықтар мен барлық мемлекеттердің осы құқықтар мен бостандықтарды әрбір
адамның және қоғамдағы әрбір органның сауаттылық және білімділік жолмен
құрметтеуін қамтамасыз етуге шақырады.
Еңбек құқығы көздерін қалыптастыруда Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ)
конвенцияларының маңызы ерекше. Көптеген онжылдықтар бойы еңбекті
қолданудың әртүрлі мәселелері бойынша конвенциялар қабылданды, атап
айтқанда – жұмыс бастылық саласындағы саясат туралы, кейбір салаларда
жұмысқа қабылданатын ең төменгі жас туралы, ананы қорғау туралы, жұмыс
уақытын қырық сағатқа дейін қысқарту туралы, т.б.
Анығына келсек, конвенция еңбек құқығының көзінен гөрі ұсыныстық
сипаттағы халықаралық құжатқа (шартқа) жатады, онда бір елдің ішкі еңбек
заңнамасына араласу мақсаты жоқ. Бірақ, егер қандай да бір конвенцияны
елдің парламенті бекітсе, ол еңбек құқығының көзіне айналады, еңбек туралы
ұлттық заңнаманың құрама бөлігі болады.
Еңбек құқығы көздерін қалыптастырудың тағы бір ерекшелігі – еңбек
ұжымдары мен кәсіподақтардың қатысуымен жергілікті норма жасау практикасы
(ұжымдық шарттар, келісімдер), Қазақстан Республикасындағы экономикалық
реформалар мен нарықтық қатынастар жағдайында еңбек қатынастарын ұжымдық –
шарттық әдіспен реттеудің рөлі артады. Ұжымдық шарттар мен келісімдердің
көмегімен тараптар жұмыс беруші мен жұмыскердің өзара мүдделері негізінде
еңбек жағдайын белгілей алады. Белгілі тәртіпте жасалып қабылданған ұжымдық
шарт жергілікті нормативтік – құқықтық актіге айналады.
Ал ұжымдық келісімдерді алатын болсақ, олар да нормативтік құқықтық
актілер болып табылады, онда белгілі бір аймақтардың, салалардың және
кәсіпкердің жұмыскерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыс бастылықты және
әлеуметтік кепілдікті белгілеудегі тараптардың міндеттемелері болады.
Сонымен, еңбек құқығының көздері туралы толық түсінікті генезистің
органикалық тұтастығын талдау (туындаудың материалдық негіздемесі), еңбек
туралы құқықтық нормаларды белгілі бір формаға қалыптастыру және бекіту
жолымен алуға болады.

1.3 Халықаралық құқықтық актілер – еңбек құқығының қайнар көзі ретінде

Еңбек құқығының қайнар көзіне халықаралық құқықтық актілерде жатады.
Олардың қатарына Қазақстан Республикасының қатысуымен қабылданған
халықаралық шарттар мен стандарттар еңбек қатынастарын, еңбек жағдайларын,
еңбек қорғау, еңбек дауларын және т.б. еңбек мәселелерін реттейтін
нормативтікқұқықтық құжаттар кіреді. Осылардың жиынтығынан халықаралық
еңбек заңдары (кодекс) құралады.
Атап айтатын жағдай - мемлекет қабылдаған ұлттық нормативтікқұқықтық
актілер халықаралық құқықтық актілерге қайшы келетін болса халықаралық
құқықтық нормалар басым келеді.
Қазақстан Республикасының өкілетті органдардың шетелдермен және
олардың ұйымдарымен жасалатын шарттар мен келісімдері егеменді
мемлекетіміздің атынан жасалады. Олар ресми түрде жасалып, бекітілгеннен
кейін (ратификацияланған) барлық Республика аумағында заңды күшіне енеді
және бұлжытпай орындалуы тиіс.
Халықаралық нормативтік құжаттар қазақстан Республикасының катысуымен
қостарапты және көптарапты болып қабылдануы мүмкін. Олар екі түрлі бағытта
болып келеді. Біріншісі - Қазақстан Республикасының ресми органдары олардың
лауазымды өкілетті кісілері (басшысы) қол қойып жасалған халықаралық
конвенциялар мен тағы басқа халықаралық шарттар мен келісімдер[3].
Еңбек мәселелері туралы құжаттар қабылдайтын органдар қатарына
Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) Европалық
регионалдық біріккен мемлекет бірлестігі, тәуелсіз мемлекеттер Одақтастығы
жатады. Олар осылардың атынан халықаралық конвенциялар мен ұсыныстар
қабылдайды. Бұл құжаттар әр мемлекет өздері рәсімдеп, мақұлдағаннан
(ратификациялау) кейін заң күшіне еніп, мемлекет аясында қолданыс табады.
Халықаралық конвенциялар мен стандарттардың халықаралық еңбек
қатынастарын реттеп, оларға дұрыс бағыт беру жолында атқаратын қызметі
орасан зор. Олар әр мемлекет аясында тиісті ретте рәсімделгеннен соң еңбек
құқығының ең бір маңызды қайнар бұлағы болып саналады. Бірақ олардың
ерекшелігі - олар әр мемлекет өз саласында ұсыныс (рекомендация) ретінде
қабылдайды. 1999 жылы ресми турде ратификацияланған халықаралық еңбек
ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстары 6 мыңға жетті. Оларды қабылдаған мемлекеттер саны
171 бодды, олардың ішінде біздің Егеменді тәуелсіз қазақстан Республикасы
да бар екендігін мақтанышпен айтамыз.
Әрине, ешбір тәуелсіз мемлекет халықаралық еңбек ұйымына зорлап
енгізілмейді, бірақ оған муше болғаннан кейін оның шешімдері мен
ұсыныстарын бұлжытпай дұрыс орындауға міндетті.
Халықаралық құжаттардан еңбекке қатысы бар халықаралық еңбек
ұйымдастырудың (ХЕҰ) актілерін айтамыз. Олар: Адам құқықтарының жалпыға
бірдей Декларациясы (1948 ж.); Адам құқықтары туралы халықаралық акті;
Нәсілдік алалаушылықгың барлық турін жою туралы конвенция (1965 ж.);
Әйелдерді алалаушьтықтың барлық турін жою туралы конвенция (1979ж.);
Балалар еңбегі туралы конвенция (І989ж.); Шетелдерден келген еңбекшілердің
құқықтарын қорғау туралы конвенциялар; Европа кеңесі (ЕС) қабылдаған Европа
Әлеуметтік Хартиясы (1991ж.); Адам қүқықтары мен бостандықтарын қорғау
туралы Европалық Конвенция (І950ж.), Жұмысшылардың негізгі еңбек қүқықтары
туралы Хартия (1989ж.) (Международные трудовые права, Алматы "Дәнекер"
2000ж.)

2 Еңбек құқығы қайнар көздері жүйесінің ерекшеліктері

2.1 Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері

В.Н.Уваров[26] атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге
бөлінеді: негізгі жəне туынды. Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі
нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар,
еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің
нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің
жəне Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің жəне өзге де орталық
мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мəселелері
жөніндегі мемлекеттік комитеттердің жəне өзге де орталық мемлекеттік
органдардың нормативтік қаулылары, мəслихаттар мен əкімдердің еңбекті
ұйымдастырудың жергілкті мəселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге əр
түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар жəне т.б. жатады. Туынды актілер
негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізінде қабылданады жəне олармен
бірге біртұтас жүйені құрайды.
ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Нормативтік құқықтық актілер
туралы заңының 4-бабына сəйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-
құкықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін
деңгейлерге сəйкес болады:
Қазақстандық құқықтың, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздерінің
арасында ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген.
Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар жəне Республиканың бүкіл аумағында
ол тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданатын заңдар мен
өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс[26].
Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сəйкес актілерге қарағанда артықшылық рөлге
ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сəйкес
актілерді қабылдау тəртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін
негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық,
соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа
ережелер бекітті. ҚР Конституциясы адам жəне азаматтың құқықтарын,
бостандықтарын жəне міндеттерін, заң мен сот алдында жұрттың бəрінің
теңдігін заңнамалық тұрғыда бекітті. Тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне
мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституция əркімнің еңбек ету
бостандығын, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз еңбекке
тыйымды жəне қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығын;
еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан
əлеуметтік қорғалуға құқығын жариялады. Конституция қызметкерлердің заңмен
белгіленген тəсілдерді пайдалана отырып, жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын
шешу құқығын мойындады. Əркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша
жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс
жəне мереке күндеріне, жыл сайынға ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда жəне заңға
сəйкес актілерде сипатталады.
Еңбек туралы заңдар (еңбек кодексі) жүйесінде заң шығарушы актілердің
маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілер
туралы заңына сəйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:
• Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
• констиуциялық заңдар;
• ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары;
• Қазақстан Республикасының кодекстері;
• заңдар;
• ҚР Президентінің заң күшіне ие жарлықтары;
• Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
• ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
• министрлердің нормативтік бұйрықтары;
• Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары;
• орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары жəне қаулылары;
• мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары
деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс. ҚР
Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының жəне ҚР Орталық сайлау
комиссиясының нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.
Заңның өзге заңға сəйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады. Бұл
заңдылық қағидасының мəнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану
саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер
мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мəселелері жөніндегі негізгі қағидалар
мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, əлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау
сияқты маңызды мəселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы
заңға сəйкес актілермен реттеледі.
Еңбек құқығының маңызды қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының
заңдары табылады.
ҚР Конституциясына жəне ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік
құқықтық актілер туралы заңына сəйкес заңдардың келесі түрлерін атап өтуге
болады:
1) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Олар ҚР
Конституциясында (62-б. 3-т.) белгіленген тəртіппен қабылданады. Мысалы:
мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7
қазандағы ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
заңы (33-б. 4-т.);
2) ҚР конституциялық заңдары. Конституциялық заң ретінде ҚР
Конституциясында осылай танылған жəне Конституцияда белгіленген тəртіпте
қабылданған заң танылады. Мысалы, ҚР 1991 жылғы 16 қазандағы ҚР
мемлекеттік тəуелсіздігі туралы конституциялық заңы;
3) жай заңдар. Мысалы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N
251 Еңбек Кодексi, Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан
Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы № 149-ІІ заңы жəне т.б.
Сонымен қатар, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде еңбек
қатынастары саласындағы заңға сəйкес актілер де танылады. Заңға сəйкес
актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге де нормативтік құқықтық
актілер жатады. Бұл – ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары, ҚР
Парламентінің жəне Үкіметінің нормативтік қаулылары, министрлердің
нормативтік бұйрықтары, мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері.
Заңға сəйкес нормативтік актілер 2 белгімен сипатталады:
1) заңға сəйкес нормативтік актілер заңдарға қайшы келмеуі жəне шегінен
шықпауы тиіс;
2) олар заңдарды орындауды ұйымдастыруға бағытталған.
ҚР Конституциясының 62-бабына сəйкес, Парламент Республиканың бүкіл
аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің
қаулылары, Сенат пен Мəжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне
енеді. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары
Конституцияға қайшы келмеуге тиіс.
Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуі
тиіс. Заңға сəйкес актілердің қатарынан ҚР Президентінің нормативтік
жарлықтары жоғары заңды күшке ие. Олар ҚР Парламенті мен оның Палаталарының
құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша қабылданады.
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары құрайды. Олар
жалпымемлекеттік сипатқа ие.
ҚР Конституциясының 69-бабына сəйкес Үкімет өз құзыретіндегі мəселелер
бойынша қаулы, ал Премьер-министр - өкімдер шығарады. Бұл актілер бүкіл
республика аумағында міндетті сипатқа ие.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасының ҚР
еңбек кодексінің орны ерекше. Бұл акт еңбек құқығының жүйесіне кіретін
қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін реттейді.
Еңбек саласындағы маңызды заңдарға Қазақстан Республикасы еңбек
құқығының қайнар көздері ретінде жалпы сипаттама. Қазақстан Республикасында
еңбек мəселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:
Халықты еңбекпен қамту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық деген пайда
болып, жұмыссыздардың саны көбейіп келе жатқан жағдайда қабылданған бұл акт
– біздің республикамыздағы халықты еңбекпен қамтуға бағытталған алғашқы
заң. Аталған заң еңбекпен қамту қағидасын бекітіп, еңбекпен қамту,
жұмыссыз, жұмыссыздың мəртебесі сияқты түсініктерді анықтады, сонымен
қатар, мемлекеттік органдардың жұмыс берушілермен жəне жұмыссыздармен қарым-
қатынастарын реттеді.
Осы заңға сəйкес еңбекпен қамту жəне жұмысқа орналастыру органдары да
жұмыс істейді. Қызметкерлер еңбек шартын бекітпестен бұрын аталған
органдармен қатынасқа түседі.
Ұжымдық шарттар туралы заң кəсіпорын, ұйым деңгейінен жоғары
əлеуметтік-əріптестік қатынастарды реттейді. Сонымен қатар, бұл заң ұжымдық
шарт жəне оның бекіту тəртібін реттейді жəне де алғаш рет ұжымдық шарттарды
жəне əлеуметтік-əріптестік қатынастарды бекіту бойынша ұжымдық
келіссөздерді жүргізудің тəртібін бекітті.
Еңбекті қорғау туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің
өмір жəне денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін реттейді.
Кəсіптік одақтар туралы заң Қазақстан Республикасында кəсіптік
одақтарды құрудың құқықтық негіздерін орнықтырды, олардың негізгі құқықтары
мен қызмет кепілдіктерін бекітті, кəсіптік одақтардың қызметкерлер
құқықтарын қорғауға байланысты жұмыс берушілермен жəне олардың
бірлестіктерімен, мемлекеттік билік органдарымен жəне жергілікті өзін-өзі
басқару органдарымен, заңды тұлғалармен жəне азаматтармен қарым-
қатынастарын реттеді.
Ұжымдық еңбек даулары туралы заң ұжымдық еңбек дауының түсінігін,
ұжымдық келіспеушіліктерді шешу мерзімін жəне тəртібін бекітті. Заңда
ереуілге шығудың анықтамасы, ереуілді қашан жəне қандай тəртіппен жариялап,
ұйымдастыруға болатыны, кімдердің ереуілге қатыса алмайтыны көрсетіліп,
ереуілге қатысушылардың кепілдіктері мен заңсыз ереуілге шыққаны үшін
жауапкершілік көзделген.
Мемлекеттік қызмет туралы заң – мемлекеттік қызметшілердің арнайы
еңбегін реттеуге бағытталған алғашқы заң. Заңда мемлекеттік қызметшілердің
түсінігі берілген, оларды қызметке алу жəне босату тəртібі, олардың
құқықтары мен міндеттері анықталған. Бұл заң мемлекеттік қызметшілер үшін
арнайы нормаларды (мысалы, мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірқатар
шектеулер) жəне демалыс уақыты, қосымша ақы төлеу бойынша жеңілдік-нормалар
жəне т.б. белгіленген. Бұл актіде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан
Республикасының еңбек туралы заңнамасының (заңдардың өзінде аталып өткен
кейбір ережелерді санамағанда) əрекеті таралатындығы аталып өткен.
Аталған заң қызметке конкурстық тəртіппен алуды жəне біліктілік
емтихандарын енгізді.
Заңдардан өзге барлық қайнар көздер заңға сəйкес актілер болып
табылады, олар: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары,
министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек жəне
халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары жəне т.б.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасындағы заңға сəйкес актілердің
ішінде ұсынушылық сипаттағы актілер да бар. Олардың негізінде локальдық
актілер де бар. Мысалы, ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау
министрлігінің Еңбек шартын (келісімін) жазбаша нысанда жасау туралы
ұсынысты жəне Еңбек шартының (келісімінің) үлгілік нысанын бекіту туралы
қаулысы.
Бұл актіде еңбек шартын жазбаша нысанда қалай жасасу туралы ұсыныстар
жəне келісімнің үлгілік нысаны келтірілген.
Ұсынушылық актілердің негізінде жергілікті жерлерде еңбек құқығының
локальдық нормалары жасалады.
Локальдық нормативтік актілерді басшылық (жұмыс беруші) белгілі бір
өндірістің ерекшеліктерін ескере отырып, кəсіптік одақ комитетінің
қатысуымен еңбек ұжымының жалпы жиналысында қабылдайды. Оларға, мысалы,
мына актілер жатады: ішкі еңбек тəртібінің ережелері, еңбек ұжымы мен жұмыс
берушінің арасындағы ұжымдық шарт, жыл бойғы жұмыс қорытындысы бойынша сый
ақы төлеу туралы ереже, еңбекті қорғау мəселелері бойынша əр түрлі
келісімдер.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлықтарымен қабылданған бірқатар актілер де бар. ҚР
Президенті Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күшке ие
жарлықтар мен өкімдер шығарады, олар заңға сəйкес актілер болып
табылғандықтан ҚР Конституциясына жəне заңдарына сəйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен еңбектің əр түрлі
мəселелеріне қатысты заңдарды орындауға қатысты нормалар қабылданады. Еңбек
жөніндегі арнайы орган – ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау
министрлігі. Бұл министрлік еңбекті қорғау, жалақы, халықты еңбекпен қамту
жəне əлеуметтік қорғау жəне өзге де мəселелер жөнінде актілер қабылдайды.
Мəслихаттар жəне əкімдер өз құзыреті шегінде өздеріне бағыңысты
аумақтарда еңбекті қолдану жəне ұйымдастыру мəселелері бойынша нормативтік
шешімдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 88-бабына сəйкес
мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері тиісті əкімшілік-аумақтық
бірліктің аумағында міндетті күшке ие. Егер мəслихаттардың шешімдері ҚР
Конституциясына жəне заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші сот
тəртібімен жойылуы мүмкін. Ал əкімдердің шешімдері ҚР Конституциясы мен заң
шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші ҚР Президентінің, ҚР
Үкіметінің немесе жоғары тұрған əкімдердің актілерімен жойылады, сонымен
қатар, сот тəртібімен де жойылуы мүмкін.
Нормативтік құқықтық актілер өз күшіне келесі мерзімдерде енеді:
1. Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР
Үкіметінің қаулылары – егер осы актілердің өздерінде не олардың күшіне енуі
туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, ресми түрде алғаш жариялағаннан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң;
2. ҚР Парламентінің жəне оның Палаталарының қаулылары – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Еңбек құқығының пәні
Еңбек құқығының қайнар көзі түсінігі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесі
Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының қайнар көзі
Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары)
Аграрлық құқық
Жер құқығы
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі
Пәндер