Түсімдер есебі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТҮСІМ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы түсімнің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінен түсетін түсім..9

2. ТҮСІМ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Түсімді тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Түсім есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Ақпаратты ашып көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Кәсіпорынның түсімдері - деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің № 18 «Түсім»- деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін және міндеттемелердің азаюы негізінде капиталдың көбеюін яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.
Мұндай түсімдерге:
 Дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын түсімдер;
 Қызмет көрсетуден алынатын түсімдер;
 Дивиденттер, ролятилер және пайыз түрінде алынатын және тағы басқа түсімдер жатады.
Бұл жоғарыда аталған түсімдерр қатарына кәсіпорынға келіп түскен, кіріс етілген және кәсіпорынның төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:
 Алдын ала аванс ретінде алынған түсім;
 Алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы. Сондай-ақ
қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің нәтижесін барынша дұрыс бағалау мүмкін болмаған уақытта түсім жұмсалған шығындар мөлшерінде ғана танылады.
Алынған түсімдер кәсіпорынның қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
 Негізгі қызметтен алынған түсімдер;
 Негізгі емес қызметтен алынған түсімдер;
Қаржы есептілігін дайындау және таныстыру принциптерінде акционерлердің салымдарымен қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті кезеңінің ішінде активтердің көбеюі немесе азаюы немесе міндеттемелердің азаюы нысанында табыс экономикалық пайданың ұлғаюы ретінде танылады.
Табысқа кәсіпорынның түсімі де, басқа түсімдер де кіреді. Кәсіпорынның түсімі - олар қызметтің әдеттегі түрлерінен келіп түскен қаражаттың түсуі, олар әр түрлі аталады, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер. Осы стандарттың мақсаты белгілі бір операциялардың және жағдайлардың түрлерінен пайда болатын түсімнің есептеу тәртібін анықтауынан тұрады. Түсімді есепке алу кезіндегі басты мәселе оны тану кезеңін анықтаудан тұрады. Түсім кәсіпорынның сенімді түрде өлшенетін болашақ пайданы алу мүмкіндігі болған жағдайда танылады. Бұл белгілерді қанағаттандыратын жағдайларды анықтайды және осылайша түсім танылады. Сонымен қоса, оның ішінде бұл белгілерді қолдану бойынша тәжірибелік нұсқаулар бар.
Кәсіпорынның негізгі қызметтен алынған түсімдері мен негізгі емес қызметтен алынған түсімдерінің қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Тасмаганбетов Т.А., Омаров А.Ш., Әлімбекова Б.А., О.Ж. Рабатов,
Байболтаева М.Ә., Радостовец В.К.. Қаржы есебі (оқу құралы) –Алматы: Дәуір, 1998.
2. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергов Н.А., Жантаева А.Ә..
Қаржылық есеп (оқу құралы) – Алматы: Дәуір, 2001.
3. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергов Н.А.. Бухгалтерлік есеп теориясы
және негіздері – Алматы: Экономика, 2005.
4. Назарова В.Л.. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік
есеп (оқулық) – Алматы: Экономика, 2005.
5. Төлегенов Э.Т.. Бухгалтерлік ақпарат жүйесі. – Алматы: Экономика,
2001.
6. Андросов А.М. Бухгалтерский учет. – Москва.: Финансы и статистика,
1996.
7. Андреев В.Д.. Практический аудит. – Москва.: Экономика , 1996.
8. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергов Н.А., Төлегенов Э.Т., Байдаулетов М.Б.. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы. – Алматы: Экономика, 1998.
9. Энтони Р., Рис Дж. Учет: ситуации и примеры. – Москва.: Финансы и статистика, 1999.
10. Шишкин А.К. , Микрюков В.А. , Дышкант И.А.. Учет, анализ, аудит на предприятии. – Москва: Аудит, Юнити, 1996.
11. ҚР-ң «БЕ және қаржылық есеп беру туралы» Заңы 24.06.2002 №329-11
12. Кеулимжаев К.К: и др. «Финансовый учет» Алматы. 2003г
13. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами»(часть 1,2) Алматы, 2003г.
14. Под редакцией Р.М.Рахимбековой «Финансовый учет на предприятии» учебник. Издательство «Экономика» Алматы 2003г.
15. Концептуальная основа для подготовки и представления финансовой отчетности. 29 октября 2002 г. №542.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТҮСІМ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы түсімнің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінен түсетін
түсім..9

2. ТҮСІМ
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Түсімді
тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Түсім
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Ақпаратты ашып
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 24

КІРІСПЕ

Кәсіпорынның түсімдері - деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік
есебінің № 18 Түсім- деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі
активтердің көбеюін және міндеттемелердің азаюы негізінде капиталдың
көбеюін яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.
Мұндай түсімдерге:
– Дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын түсімдер;
– Қызмет көрсетуден алынатын түсімдер;
– Дивиденттер, ролятилер және пайыз түрінде алынатын және тағы
басқа түсімдер жатады.
Бұл жоғарыда аталған түсімдерр қатарына кәсіпорынға келіп түскен,
кіріс етілген және кәсіпорынның төлеген сомалары мына жағдайларда
жатқызылмайды:
– Алдын ала аванс ретінде алынған түсім;
– Алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы. Сондай-ақ
қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің нәтижесін барынша дұрыс
бағалау мүмкін болмаған уақытта түсім жұмсалған шығындар
мөлшерінде ғана танылады.
Алынған түсімдер кәсіпорынның қызметінің түріне және бағытына
байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
– Негізгі қызметтен алынған түсімдер;
– Негізгі емес қызметтен алынған түсімдер;
Қаржы есептілігін дайындау және таныстыру принциптерінде акционерлердің
салымдарымен қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті
кезеңінің ішінде активтердің көбеюі немесе азаюы немесе міндеттемелердің
азаюы нысанында табыс экономикалық пайданың ұлғаюы ретінде танылады.
Табысқа кәсіпорынның түсімі де, басқа түсімдер де кіреді.
Кәсіпорынның түсімі - олар қызметтің әдеттегі түрлерінен келіп түскен
қаражаттың түсуі, олар әр түрлі аталады, оның ішінде сату, сыйақы,
пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер. Осы стандарттың мақсаты
белгілі бір операциялардың және жағдайлардың түрлерінен пайда болатын
түсімнің есептеу тәртібін анықтауынан тұрады. Түсімді есепке алу кезіндегі
басты мәселе оны тану кезеңін анықтаудан тұрады. Түсім кәсіпорынның сенімді
түрде өлшенетін болашақ пайданы алу мүмкіндігі болған жағдайда танылады.
Бұл белгілерді қанағаттандыратын жағдайларды анықтайды және осылайша түсім
танылады. Сонымен қоса, оның ішінде бұл белгілерді қолдану бойынша
тәжірибелік нұсқаулар бар.
Кәсіпорынның негізгі қызметтен алынған түсімдері мен негізгі
емес қызметтен алынған түсімдерінің қосындысы оның жиынтық табысын
құрайды. Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен
алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады.
Өткізу құны кәсіпорынның активті сатып алушының немесе
пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.
Кәсіпорынның түсімдері мынадай шарттар қанағататдырылған
кезде танылады:
– Түсім сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;
– Кәсіпорының экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы
болған жағдайда;
– Кәсіпорын сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда;
– Мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған
шығындар дұрыс бағаланған жағдайда;
Қаржы есеп беру кезеңде кәсіпорынның түсініктеме жазбахатында
мыналарды ашып көрсетулері тиіс:
a) түсімді тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның
ішінде қызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу
кезеңдерін айқындау тәсілін.
б) есепті кезең үшін танылған түсімдердің әрбір маңызды түрінің
сомасын, соның ішінде:
▪ тауарлар өткізу;
▪ қызметтер көрсету;
▪ пайыздар;
▪ роялти;
▪ дивиденттер нәтижесінде туындайтын түсімдерді, олардың
ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде
туындайтын, түсімдердің әрбір маңызды түріне енгізілген
түсімдер сомасын.

1. КӘСІПОРЫНЫҢ ТҮСІМДЕРІН ТАЛДАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы түсімнің ролі

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің
экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның
табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл түсімдер немесе пайдалардың
сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде Түсімдер ұғымы келесідей түрде
анықталады:
Түсімдер дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының
өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі
экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акциянерлер
салымдарынан есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне
әкеледі.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы бухгалтерлік
есеп туралы заң күші бар Қазастан Республикасы Президентінің 2732
Жарлығында анықталған. Жарғылықтың 13-бабында былай делінген: Түсімдер
– бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің
азаюы. Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті түсімдерді алу
мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге
асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық
нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді өткізуден
алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс;
салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық
салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше
жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық
нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Түсім жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды
және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір
экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса,
енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің
ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті
сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік
бермейді.
Нарық жағдайында түсімнің ролі айтарлықтай артты. Өзіміз
білетіндей жоспарлы – дерективті экономика жағдайында оның ролі
төмендетілген болатын. Табыс табу кез келген кәсіпорынның мақсатты
функциясы ретінде төмендетіледі. Нарықтық экономикаға көшумен табыс
оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара
байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін
өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің
мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі
өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип
өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның
өндірістік – техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр
кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті
қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы
кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар
банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелермен,
сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен
жабылуы мүмкін.
Түсім есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы,
банктермен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері
орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық
қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын
сипаттайды. Түсім бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық
деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың
табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында түсімнің ролі ол атқаратын
қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде түсім
қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға
дейін қызметті жатқызады. Ол негізінен тек екі қызметті атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік
даму көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі,
табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр
жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде
көрсетеді. Осыдан түсімді құру және бөлу мәселелерінің маңыздылығы
көрінеді, оның шешілуі кәсіпорынның тиімділігінің алынған және
оның иелігінде қалатын түсім көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз
етеді.
Түсім өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей
негізгі шарттар қажет болады:
1) Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің
қоғамдық
қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек
өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі
қажет.
2) Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау
жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3) Табысты бөлу механизімі белсенді роль атқаруы керек және
өндірістің
дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы
тиіс.
4) Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының
жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу,
акциздер, жал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы
қорлар, салымдар, пай төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары,
несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және тағы
басқалары) ғана мүмкін.
Бірақ түсімнің абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне
жатады. 500 мың теңгелік түсім кәсіпорынның салынған капиталының
мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемінің түсімі
болуы мүмкін. Сәйкесінше, бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай
деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын түсімді нақты
бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және
табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі
көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері
қолданылады.
Кәсіпорының табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне кәсіпорынның өзі
де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорын да табыстылықтың
абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау
жасау қажет.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорының шаруашылық қызметінің
негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды
осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
▪ Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын
бағалау;
▪ Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
▪ Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық
өлшеу;
▪ Табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларының және тенденцияларын
зерттеу;
▪ Табыстың өсу резервтерін анықтау;
▪ Кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты
тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
▪ Табыстылықтың әр түрлі коэффиценттерін және олардың
деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

1.2 Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінен түсетін
түсім

Кәсіпорынның негізгі қызметтен алатын түсімдері – деп
кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды
сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың
барысында тапқан түсімдері саналады. Кәсіпорынның негізгі қызметтен
алынатын түсімдерінің есебі 60-Негізгі қызметтен түскен түсім- деп
аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің
шоттары тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден
тағы басқа операциялардан алынған түсімдерді, сонымен қатар сатылған
тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен
баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға
арналған.
Бұл шоттар:
6010 – Өнімдерді сатып өткізуден және қызмет көрсетуден алынатын
түсімдер.
6020 – Сатылған өнімдердің қайтарылуы.
6030 – Сатудан және бағадан жеңілдіктер.
6100 – Қаржыландырудан алынатын түсімдер.
6110 – Сыйақылар бойынша түсімдер.
6120 – Дивиденттер бойынша түсімдер.
6130 – Қаржылық жалдан алынған түсімдер.
6140 – Жылжымайтын мүлікке салынған инвестициядан алынған түсімдер.
6150 – Қаржылық құралдардың әділетті құнының өзгеруінен алынатын
түсімдер.
6160 – Қаржыландырудан алынатын өзге де түсімдер.
6200 – Басқа да түсімдер
6210 – Активтердің шығуынан алынған түсімдер.
6220 – Тегін алынған активтерден түскен түсімдер.
6230 – Мемлекеттік субсидиядан алынған түсімдер.
6240 – Құнсызданудан болған зияндардың орнын толтырудан алынған
түсімдер.
6250 – Бағамдық айырмашылықтардан алынған түсімдер.
6260 – Операциялық жалдан алынған түсімдер.
6270 – Биологиялық активтердің әділетті құнының өзгеруінен алынған
түсімдер.
6280 – Басқа да түсімдер.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен
түсімдері – деп кәсіпорынның нақтылы негізгі қызметтерінен басқа
жұмыстарды орындауы барысында тапқан түсімдерін айтады. Кәсіпорынның
мұндай қызметтерді атқаруы, жұмыстарды орындауы барысында алған
түсімдері 62 – Негізгі емес қызметінен түскен түсім -деп аталатын
бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді. Кәсіпорынның өз
меншігіндегі материалдық емес активтерін сатудан түскен түсімдерінің
есебі 6210 – Материалдық емес активтерін сатудан түскен түсімдер –
деп аталатын шотта жүргізледі. 6210 – Негізгі құралдарды сатудан
алынған түсім - деп аталатын шотта кәсіпорынның негізгі құралдарды
сатуы, өткізуі есептен шығаруы барысында алған түсімдері
есептелінеді. Құнды қағаздарды сатуы барысында кәсіпорынның тапқан
түсімдерін есептеу үшін бухгалтерлік есеп бас шоттар кестесіндегі
6210 – Құнды қағаздарды сатудан түскен түсім деп аталатын шотта
қарастырылған. Кәсіпорынның пайыз және дивидент түрінде алатын
түсімдері 6120 – Акциялар бойынша дивиденттер және проценттер
түріндегі түсім - деп аталатын шотта есептелінеді. 6250 – Бағамдық
айырмашылықтан түскен түсім шотында валюталар бағамының өзгеруі
нәтижесінде оң бағамдық айырмашылықтан алынған кәсіпорынның түсімі
есептелінсе, 6260 – Атқарушы үкімет органдарының субсидиялары - деп
аталатын шотта кәсіпорынға жоғарғы үкімет органдарынан қайтарымсыз,
тегін келіп түскен заттардың, ақша қаражаттарының және мүліктердің
есебі жүргізіледі.
Ал кәсіпорын осы жоғарыда аталған басқа негізгі емес қызметтері
болып саналатын көрсеткен қызметтері мен атқарғаны жұмыстары
нәтижесінде алған түсімдері 6160 – Басқалары - деп аталатын шотта
есептелінеді. Кәсіпорынның бұндай түсімдеріне басқа заңды және жеке
тұлғалардан тегін келіп түскен материалдық емес активтер, негізгі
құралдар, материалдар, ақша қаражаттары, айыппұлдар, өсімақылар және
тағы басқа төлемдер жатады.
Кәсіпорынның материалдық емес активтерін, негізгі құралдары мен
құнды қағаздарын басқаларға сатқан және негізгі емес қызметінен
алатын басқадай түсімдеріне 1210 – Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің дебиторлық қарызы, 1255 – Басқа да дебиторлық қарыздар.
1020 – Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары. 1040 – Есеп айырысу
шотындағы ақша қаражаттары. 1010 – Кассадағы ақша қаражаттар - деп
аталатын бас шоттардың тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, қандай
мүліктердің сатылғандығына қарай 6210 шоттарының тиістісі
кредиттелінеді. Сондай-ақ, 5320 – Инвестицияларды қайта бағалаудан
болған төленбеген қосымша капитал шотының дебеті мен 6210 – Құнды
қағаздарды сатудан түскен табыс деп аталатын шоттың кредиттінде
шығып қалған қаржылық инвестицияларды қайта бағалаудан алынатын
табыс сомасы көрсетіледі.
Кәсіпорынның басқа заңды және жеке тұлғаларға берген қарыздары
мен несиелері үшін алатын пайыз түріндегі түсімдеріне, сондай-ақ
дивидент түрінде алатын түсімдеріне 1270 – Есептелінген проценттер
шоты дебеттелініп, 6120 – Акциялар бойынша дивиденттер және проценттер
түріндегі түсім шоты кредиттелінеді.
6250 – Бағамдық айырмашылықтан түскен түсім шоты кредиті бойынша
1210 – Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық қарызы,
1610 – Берілген аванстар, 1020 – Валюталық шоттардағы ақша
қаражаттары, 1040 – Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары. 1010 –
Кассадағы ақша қаражаттары, 4410 – Алынған аванстар және 3310 –
Жабдықтаушы және жеткізіп берушілермен есеп айырысу - деп аталатын
шоттардың тиістісінің дебетімен валюталар бағамының өзгеруі
нәтижесінде оң бағамдық айырмашылыққа сәйкес түсімдер алынған
уақытта корреспонденцияланады.

2. ТҮСІМ ЕСЕБІ
2.1 Түсімді тану

Ұйымға экономикалық пайданың операциямен байланысты тиісті ағынның
пайда болуы ықтимал болған жағдайда ғана түсім танылады. Алайда, түсімге
кірген соманың инкассациялануы жөнінде белгісіздік туған жағдайда, соңына
дейін алынбаған сома немесе өтелу мүмкіндігі жойылған сома, басынан
танылған түсім сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады.
Пайыздық түсім беретін инвестицияны иеленудің алдында төленбеген пайыз
жиналып қалса, кезектегі пайыз кірісі иеленудің алдындағы және иеленуден
кейінгі кезеңдер арасында бөлінеді, тек иеленуден соңғы бөлігі түсім
ретінде танылады.
Түсім мынадай негізде танылуы тиіс:
1. пайыздық табыс 39 Халықаралық қаржы есептілігі стандартының ХҚЕС 9
және AG5-AG8 тармақтарында белгіленгендей пайыздық тиімді
мөлшерлемесі әдісі негізінде танылуға жатады;
2. роялти тиісті шарттың мазмұнына сәйкес есептеу әдісі бойынша
танылуы тиіс; және
3. дивидендер акционерлердің төлемді алу құқығы орнағанда ғана
танылуы тиіс.
Егер шарт мазмұнын ескере отырып түсімді тану үшін басқа сәйкес
келетін жүйелі ұтымды негіз болмаса ғана, роялти тиісті шарттардың
талаптарына сәйкес жинақталады және әдетте осы негізде танылады.
Тауарларды сатудан түскен түсім мынадай аталған талаптар
қанағаттандырылғаннан кейін танылуы тиіс:
1. кәсіпорын сатып алушыға тауарларды иеленумен байланысты елеулі
тәуекелдерді және сыйақыларды аударғанда;
2. кәсіпорынның әдетте иелену құқығымен байланысты қауымдасатын және
сатылған тауарларды бақыламайтын дәрежеде басқаруға қатыспағанда;
3. түсім сомасы сенімді өлшенгенде;
4. кәсіпорынға мәмілемен байланысты экономкалық тиімділіктің пайда
болуы ықтимал болып табылғанда; және
мәмілемен байланысты кеткен немесе күтілетін шығындар сенімді өлшенуі
мүмкін болғанда.
Егер кәсіпорын иеленумен байланысты елеусіз тәуекелдерін сақтап
қалса, мәміле сату болып табылады және ол бойынша түсім танылады. Мысалы,
сатушы оған тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз ету үшін өзіне
меншіктік заң құқығын қалдыруы мүмкін. Осындай жағдайда егер кәсіпорын
иеленумен байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет табыстарының есебі
Дербес шоттарда
Табыстар мен шығыстар есебі туралы
Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебі
Төлем көзінен салық салынатын кірістерге жеке табыс салығы
Бизнес - жоспар құрылымы, қызметтері, бөлімдерінің мазмұны
Ақша қозғалысы
Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі
Пәндер