Қытай мәдениеті

Мазмұны
1 Қала, қолөнер және сауда
2 V.IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті
3 Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
4 Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылысы
5 Діннің таралуы
6 Пайдаланған әдебиет
III-VII ғасырлар аралығында Қытай мемлекетінде қалалар көбейе бастады. Үздіксіз соғыстарда қалалар қирап,орнына қайтадан жаңа қалалар бой көтеріп отырды. Қалалар негізінен сауда жолдарында, теңіз жағаларында салынды. Ежелгі Қытай мемлекетінде Чанъань, Лоян, Тайюань, портты қала Гуанчжоу өсіп жетілді Қалалар көркейіп, қолөнер мен сауданың орталығына айналды. VII-IX ғасырларда темір өндіру ұсталық өнердің күшеюіне әкеліп, темірден шеге, кемелерге керекті зәкір, ауыл шаруашылығына қажетті құралдар шығарыла бастады. Мата тоқу өндірісі кең етек алды. Мата мақтадан тоқылды. Ежелгі қыш өндірісімен қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қытай фарфоры күні бүгінге дейін дүние жүзіне әйгілі. Сонымен қатар кітап басу ісі тез дами бастады. Қағаз өндіріліп, баспаханалар салынып, кітапты көптеп шығару қолға алынды.
VI-VIII ғасырлар аралығында сауда жедел дамыды. Қалаларда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ішкі сауда күшейді. Қала саудасы тұрақты дүкендер мен жайма базарында жүргізілді. Сонымен бірге жекелеген тауарлар сатумен айналысатын базарлар да болды. Мысалы, жібек базары, дәрі-дәрмек, мал, киім, зергерлік бұйымдар сататын базарлар жұмыс істеп тұрды.
Ішкі саудамен қатар, сыртқы сауда да дамыды. Монғолиямен, Оңтүстік Сібір елдерімен сауда жүргізілді. Дүние жүзіне әйгілі болған Ұлы Жібек жолымен Жоңғария, Қашғария және Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан арқылы Батыс Еуропа елдерімен сауда жасалды. Сауда керуендері Қытайдан жібек мата, шай, қағаз, алтын және күмістен жасалған тауарлар, сырлы қыш ыдыстар, дәрі-дәрмек т.б. артып, ұзақ қиырларға сапар шекті. Қытай теңіз арқылы да әр түрлі елдермен сауда жасады. Теңіз саудасының орталығы Цзяжу, Чжаньцзян, Гуанчжоу портты қалалары болды. Теңіз арқылы үнді, парсы, араб елдерімен сауда жасасты. Тынық мұхит аралдары және Жапония елімен сауда жүргізді. Сауда кеме өндірісінің өсуіне әкелді. Ірі сауда кемелері 600-700 адамға дейін алып жүре алатын дәрежеге жетті. Сауда ақша айналымын өсірді. Қытай - ежелден теңге шығарып келген ел. XI ғасырдың басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады.
Дереккөздер
1 Қазақстан тарихы. Очерк. 149-174-бб.
2 Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар
3 Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
4 Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан, 119-146-беттер.
5 Абусейтова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI-века. А., 1985
6 Левшин А.И. Описание киргиз-казачъих, или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1 Қала, қолөнер және сауда
2 V-IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті
3 Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
4 Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылысы
5 Діннің таралуы
6 Пайдаланған әдебиет

1 Қала, қолөнер және сауда
III-VII ғасырлар аралығында Қытай мемлекетінде қалалар көбейе бастады. Үздіксіз соғыстарда қалалар қирап,орнына қайтадан жаңа қалалар бой көтеріп отырды. Қалалар негізінен сауда жолдарында, теңіз жағаларында салынды. Ежелгі Қытай мемлекетінде Чанъань, Лоян, Тайюань, портты қала Гуанчжоу өсіп жетілді Қалалар көркейіп, қолөнер мен сауданың орталығына айналды. VII-IX ғасырларда темір өндіру ұсталық өнердің күшеюіне әкеліп, темірден шеге, кемелерге керекті зәкір, ауыл шаруашылығына қажетті құралдар шығарыла бастады. Мата тоқу өндірісі кең етек алды. Мата мақтадан тоқылды. Ежелгі қыш өндірісімен қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қытай фарфоры күні бүгінге дейін дүние жүзіне әйгілі. Сонымен қатар кітап басу ісі тез дами бастады. Қағаз өндіріліп, баспаханалар салынып, кітапты көптеп шығару қолға алынды.
VI-VIII ғасырлар аралығында сауда жедел дамыды. Қалаларда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ішкі сауда күшейді. Қала саудасы тұрақты дүкендер мен жайма базарында жүргізілді. Сонымен бірге жекелеген тауарлар сатумен айналысатын базарлар да болды. Мысалы, жібек базары, дәрі-дәрмек, мал, киім, зергерлік бұйымдар сататын базарлар жұмыс істеп тұрды.
Ішкі саудамен қатар, сыртқы сауда да дамыды. Монғолиямен, Оңтүстік Сібір елдерімен сауда жүргізілді. Дүние жүзіне әйгілі болған Ұлы Жібек жолымен Жоңғария, Қашғария және Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан арқылы Батыс Еуропа елдерімен сауда жасалды. Сауда керуендері Қытайдан жібек мата, шай, қағаз, алтын және күмістен жасалған тауарлар, сырлы қыш ыдыстар, дәрі-дәрмек т.б. артып, ұзақ қиырларға сапар шекті. Қытай теңіз арқылы да әр түрлі елдермен сауда жасады. Теңіз саудасының орталығы Цзяжу, Чжаньцзян, Гуанчжоу портты қалалары болды. Теңіз арқылы үнді, парсы, араб елдерімен сауда жасасты. Тынық мұхит аралдары және Жапония елімен сауда жүргізді. Сауда кеме өндірісінің өсуіне әкелді. Ірі сауда кемелері 600-700 адамға дейін алып жүре алатын дәрежеге жетті. Сауда ақша айналымын өсірді. Қытай - ежелден теңге шығарып келген ел. XI ғасырдың басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады.
2 V-IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті
V-VI ғасырларда Қытай мемлекетінде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады. Адамдардың табиғат жөніндегі танымы кеңейіп, халық емшілігі,
аспан әлемі туралы көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Жоғарыда айтқанымыздай, Ежелгі Қытайда кағаз жасау, кітап шығару, шөптердің құрамын біліп, дәрілер әзірлеу ерте дамыды. Халық емшілігі ғылымы дүние жүзіне әйгілі бола бастады.Будда дінінің таралуы жаңа дүниетаным тудырып, идеалистік көзқарас қалыптасты. Материалистік танымның негізін қалаған философ Фань Чжэнь еңбегінің маңызы зор болды. Қытай жиһангерлерінің еңбегі жаңа жерлерді білуге мүмкіндік ашты. Қытай географтары Үндістанға, Орта Азия елдеріне сапар шегіп, ондағы тұрғын халықтар өмірінен еңбектер жазды. 645 жылы Үнді жеріне барған Сюань Цзянь үнді халықтарының тарихы туралы кітап жазды.Ли-Бо Ян Цзянь мен Ян Гуан император сарайында кітапхана жинақтады. Қытайда каллиграфиялық жазудың негізі қаланды. Қытай мәдениеті будда идеологиясының ықпалында дами бастады. Будда шіркеуінде және оның маңында Будданың бейнесін салу, пагода тұрғызу (бірнеше қабат биік мұнаралар) қолға алынды.
VIII-X ғасырлар аралығында Қытайда білім беру, оқу ісі дами бастады. Көптеген мектептер ашылып, халықты жазу, окуға үйрету қолға алынды. Қытайда ақындар мен жазушылар көбейді. Ақындар Ли-Бо (701-762), Ду Фу (712-770), Бо Цзюй-и (772-846) еңбектері дүниежүзілік классикалық қорға қосылды. Қытай жазушысы Хань Юй (768-824) будда дінін сынап еңбек жазған. Адам тағдыры, әлеуметтік теңсіздік оның өлеңдері мен романдарының негізгі арқауы болды. Бұл кезеңде Қытайда будда және даосизм ілімдерін уағыздаушы конфуцийлік ағым кең етек алды.
Қытайдағы ортағасырлық кезеңнің басы 220 жылы Хань империясының ішкі тұрақсыздықтың, ең алдымен сары белбеулілердің көтерілісінің нәтижесінде құлауымен сипатталды. Күшті үйлер деп аталған бірнеше ақсүйек тектерінің арасындағы күрес өрши түсті. Бұл күрестің нәтижесінде Цвинь жаңа династиясының (265-420 ж.ж.) негізін қалаған Сыма тегі алға шықты, бұл кезде Қытай қайта бірікті. 280 жылы император Сыма Янь жаңа жарлық қабылдады, оның негізінде әрбір жер иеленуші (16 мен 60 жас аралығындағы) 120 му (6,6 га) жер алатын, оның 215-і мемлекетке кетсе, 35 бөлігі жер иеленушіге қалатын. Салық төлеуші халық жылына 20 күн мемлекет үшін тегін жұмыс істейтін. Азия құрлығының шығысы мен Тынық мұхиттың батыс жағалауына орналасқан тарихы ұзақ, жері кең, халқы көп үлкен ел. Құрлықтағы территориясының көлемі 9 млн 600 мың шаршы шақырым, жер көлемі жағынан Ресей мен Канададан кейінгі үшінші үлкен елге жатады. Теңіздегі аралдарының саны 7600 ден асады, Тайван аралы Қытайдың ең үлкен аралы, оның көлемі 35798 шаршы шақырым. Қытай құрлықта 14 елмен, теңізде 8 елмен көрші. Қытайдың 23 провинциясы, 5 ұлттық автономиялы өңірі, орталыққа тіке қарасты 4 үлкен қаласы және 2 ерекше әкімшілік ауданы бар. Мемлекетінің бүкіл халқы 56 ұлттан құралған, халқының жалпы саны 1 миллиард 300 миллион, оның ішінде этникалық қытайлардың саны бүкіл халық санының 92 пайызын құрайды. Астанасы - Бейжің.Қытай өз өркениетін өте ертеден бастап дамытқан ел. Қытайдың 5 мың жылдан артық тарихы және мәдениеті бар. Сондай-ақ ежелгі төрт өркениетті елдің бірі, ертедегі компас, қара дәрі, қағаз жасау техникасы және баспа техникасы осы елде ойлап табылып, адамзат мәдениетінің ілгерілеуіне өзіндік үлестерін қосты.Бүгінгі ҚХР 1949 жылы 1 қазан күні құрылған. Кейбір құжаттар мен әдебиеттерде жаңа Қытай деп те аталады. Қазіргі Қытай социалистік саяси жүйені ұстанады. Бұл саяси жүйе - бір елдегі екі жүйені негізгі арқау етеді. Осындағы бір ел - екі жүйе дегеннің мағынасына тоқталар болсақ: бір ел дегеніміз ұлы құрлықтағы территория мен Тайвань, Гонконг (Шияң гаң), Макао (Аумын) аралдарының бәрі бір ғана Қытай мемлекетінің құрамына кіреді дегенді ұғындырады, екі жүйе дегеніміз ұлы құрлықта социалистік жүйе, Тайвань, Гонконг, Макао аралдарында капиталистік жүйе бойынша мемлекет саясаттары жүзеге асырылады дегенді білдіреді. Қытай көп ұлтты, көп дінді мемлекет, халықтардың діни сенімдеріне еркіндік берілген. Сондай-ақ дін мен саясаттың ара қатынасы
III -- ғасырдың соңында Қытайға ғұндар, кейін юн, цян, жужан, тобог және тибет тайпалары басып кірді. ІУ-УІ ғасырларда Солтүстік Қытай нағыз соғыс алаңы болды. Жаулап алушылардың арасынан Солтүстік Вэйдің тоби династиясы бөлініп шықты, олар V ғасырдың соңында өз патшалығын орнатты. 477-485 .ж.ж. императордың жарлығының нәтижесінде үлестіру жүйесі қайтадан енгізілді. Ол ауыл шаруашылығын көтеруге және Оңтүстік Қытайдағы халықтың қайтып келуіне біршама әсер етті. VI ғасырдың екінші жартысында Солтүстік және Оңтүстік Қытайдың бірігуіне қажеттік туындады. Себебі, VI ғасырдың ортасында (551 ж.) Қытайдың солтүстік шекараларына қауіп төндірген аса күшті көшпенді мемлекет Түрік қағанаты құрылды.
Б.э.д. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағыс тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бүл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте -- ли, шығыста -- и, батыста -- цзян немесе жун, оңтүстікте -- мань. Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген.Б.э.д. III мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан эрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына және оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс и тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды. 1 кезең -- Шан Инь кезеңі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ ғ.ғ.) -- құлиеленушілік қоғамның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезеңде, сонымен катар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан (б.э.д. ХҮІІІ -- ХҮ ғ.ғ.) -- таптардың пайда болуының бастапқы кезеңдері ғана тән; э) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ -- XI ғ.ғ.) -- таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді. Тарихы
Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны -- өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды -- адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті -- әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.
3 Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті.
Қытай жерінде құлдык коғам ыдырағаннан кейін феодалдық қатынас дами бастады. Соңғы құлдық мемлекет Хань империясы күлаған кезде Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар -Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань, Шаньдань аймактарына дейінгі жерлерді алып жатты.
Қытай - ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел. Әсіресе суармалы егіс кең етек алды.Қытай елі күні бүгінге дейін жібек елі деп аталады. Оның
себебі, Қытайда ежелден жібек құрты өсіріліп келеді. Сондықтан да Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталады. Қолөнер өте жақсы дамыған, әсіресе қыштан жасалған ыдыстар, қола және темір бүйымдар шетке көп шығарылған.
Қытайда жер иелігінің екі түрі болды. Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп есептелді. Императорға қызмет атқарған адамдарға жер берілді, олар шаруалардың жерлерін басып алып, өздерінің жер иеліктерін кеңейтіп отырған. Сонымен қатар шаруалардың да үлестік жерлері болған. Әр шаруаға 120 му жер берілген. Қытай императорларының сарайы. 1 му - 0,06 га. Шаруа 70 му жердің өнімін өзі пайдаланып, ал 50 му жердің өнімін мемлекетке өткізіп отыруға міндетті болған. Феодалдық қатынас тереңдеген сайын күшейе түскен бақталастық ішкі соғыстар IV ғасырда Цзинь империясын әлсіретті.
Феодалдық бытыраңқылықты пайдаланып, IV ғасырдың басында Қытайдың солтүстіғіндегі көршісі ғұн тайпалары шабуыл жасайды. 311 жылы ғұндар Лоянды, 316 жылы екінші астанасы Чанъанды алады, Қытайдың солтүстік аймағын түгелдей бағындырады. Сөйтіп өз мемлекетін құрады.

Қытай жеріне көрші тұрған ғүндардан басқа көшпелі тайпалар - моюн, сэньби, танғұт-тибет, тоба т.б. да әлсін-әлсін шабуыл жасап тұрған, бірақ олар өздерінің жеке мемлекетін құра алмаған. 589 жылы Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет құрылады. ЯнъЦзянъ елдің императоры болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай мәдениеті орталығында өткен іс-тәжирибесінің барысы туралы есеп
Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Ежелгі Қытай өркениеті
Ежелгі қаңлылар
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Ежелгі Шығыс мәдениеті туралы мағлұматтар
Ежелгі Қытай мәдениеті туралы ақпарат
Пәндер