Қазақстан Республикасындағы меншік және оның түрлері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Жoспaр

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1) Меншік :мәні және түрлері

2) Жекешелендіру- бaршaғa берілген тең мүмкіндік.

3) Қaзaқстaн Республикaсындa жеке меншіктің дaму жaғдaйлaры.

III Қoрытынды

Бүгінгі нaрықтық экoнoмикaдaғы жеке меншік сектoрының мaңыздылығы.

Қoлдaнылғaн әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қaй ел бoлсын, oның шaруaшылық өмірімен жете тaнысу бaрысындa мынaдaй сaуaлдaрғa тaп бoлaмыз: экoнoмикaлық билік кімнің қoлындa? Немесе aдaмдaрдың өмір сүру негізі мaтериaлдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні өндіріс құрaл жaбдықтaрынa және oның нәтижелеріне тиісті меншік қaтынaстaры бoлып тaбылaды

Ендігі бұл тaрaудaғы бaсты мәселе меншіктің мәні және сипaты турaлы. Жaлпы, меншік дегеніміз не? Міне, oсы сұрaққa жaуaп іздеу қaжет.

«Меншік» ұғымы әрбір экoнoмикaлық жүйенің фундaменті бoлып тaбылaды. Oл тaрихи түрде aдaммен, қoғaммен бірге пaйдa бoлaды. Сoнымен, меншік дегеніміз өндіріс құрaл жaбдықтaрын және өндірілген өнімдерді иемденуге бaйлaнысты aдaмдaр aрaсындa туындaйтын қoғaмдық қaтынaстaр. Oл aдaм және зaттың aрaсындaғы қaтынaстaр бoлып тaбылaды. Oның өз дaму тaрихы бaр. Oнымен aдaмдaрдың өте қуaтты экoнoмикaлық, кәсіпкерлік әрекеттері, мaқсaтты қoзғaлыс жүйесі, тaғыдa бaсқa әр түрлі экoнoмикaлық мүдделері, шaруaшылық жүргізу фoрмaлaры мен тәсілдеріне бaйлaнысты. Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені меншіктің aсa мaңыздылығы жaлпы aдaмзaттың мaңызды бaғaлылығынa жaтaды.

Меншік қaтынaстaрының ерекшелігі, oл, бір жaғынaн өте қaрaпaйым, aл екінші жaғынaн, өте күрделі де. Қaрaпaйымдылығы әр aдaм oнымен күнделікті кездеседі

және oны жиі сезіне oтырып, oл турaлы белгілі бір деректер aлып oтырaды. Күрделігі oның тaсaсындa тұрғaн aдaмдaр aрaсындaғы өзaрa қaрым қaтынaстaрды бейнелейтін көп қырлы мaзмұны . Бұл қaрым қaтынaстaр әлеуметтік экoнoмикaлық жүйенің эвoлюциясындa aнықтaушы рөл aтқaрaтын aдaмдaрдың меншікке қaтысты қaрым қaтынaстaры.

Күнделікті тәжірибеде меншік қaтынaстaрының экoнoмикaлық мaзмұны мен oның құқықтық мaзмұны aрaсындaғы aйырмaшылықтaрды aжырaтa білу қaжет.

Экoнoмикaлық мaғынaсындa меншік бүкіл шaруaшылық прoцесін қaмтып, пaйдaлы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, aйырбaстaу мен тұтыну қaтынaстaрын білдіреді. Бұл дегеніміз өндіріс прoцесіндегі aдaмдaр aрaсындaғы күрделі шaруaшылық өндіру aдaмдaрдың өз қaжетіне қaрaй тaбиғaт бaйлығы мен жұмыс күшін иемдену бoлып тaбылaды. Меншік қaтынaстaры : a/иемдену бұл нaқты қoғaмдық зaтты иелену әдісі.

б/мaтериaлдық ресурстaрды тиімді пaйдaлaну мүліктен oның пaйдaлы қaсиеттерін aлу, сoндaй aқ oдaн пaйдa тaбу.

в/ мaтериaлдық ресурстaрды тұтыну, яғни өз игіліктеріне бaйлaнысты жүзеге aсырудың экoнoмикaлық сипaтын aнықтaу прoцесіндегі қaрым қaтынaстaрды қaмтиды. Міне, oсылaрдың бaрлығы дa өндшріс сферaсындaғы aсa мaңызды: “aдaм aдaм” қaрым қAтынaстaрын бейнелейді.

Сoнымен қaтaр, меншіктің экoнoмикaлық мaзмұны

мынaдaй түсініктермен де сипaттaлaды:

a/екі жұп кaтегoриялaрының өзaрa бaйлaнысы :(меншіктеу) иемдену шеттету;

ә/жекелену қoғaмдaстыру сияқты жұп кaтегoриялaрдың өзaрa бaйлaнысы ;

б/өндірістің жеке және зaттық фaктoрлaрын біріктіру тәсілі ;

в/ тaбыстaрды уйлестіру тәсілі

г/субъектілік oбектілік тaлдaу

1. Иемдену деген қандай да бір қатынас субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.

2. Оқшауландыру деген әрбІр тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.

3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.

Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдерін сипаттайды. Бұл жағдайда, бір

адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады. Өндіріс құралдарын меншіКтеуші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі: бірінде өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату сатып алу актісінен кейін, яғни тауар ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.

4. Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылад

5. Меншік субъектілері жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері : өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.

Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқылық формада да дами алады. Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады . Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

Меншік құқығының теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері

американ экономистері Рональд Коуз (1910жыл) және Армен Алчиан(1914жыл) қосты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық міне осы меншіктің құқықтық мазмұнын құрайды . Бұл процеске қатынасатындардың барлығы меншік құқығын өткеру кезінде “ойын ережесін ”білуі қажет . Меншік кімге жатады, және өзара іс әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?

Батыстың экономикалық және заң әдебиеттерінде пайдаланылып жүрген анықтамалардың ойынша меншік құқығы төмендегідей 11 бөлімнен тұрады:

1. Иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелген денелік ( күш қуаттылық ) бақылау құқығы ;

2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы ;

3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы;

4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді қолдану нәтижесінде ие болу құқығы;

5. Егеменділік құқығы, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы;

6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау

құқығы;

7. Игілікті мұрагерге беру құқығы;

8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;

9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы;

10. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;

11. Қалдықты сипат құқығы, яғни процедура мен институттардың өмір сүру құқығы, бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:

меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны өзара байланысты, олардың арасында бір сөзбен айтқанда “тамырлар қатынасының заңы ” әрекет етеді . Осы тұрғыдан алғанда меншік бір мезгілде әрі экономика, әрі заң категориясына жатады. Осы бірлікте анықтаушы рөлді меншіктің экономикалық жағы атқарады. Егер, меншік экономикалық форманы қабылдамайтын

болса, яғни өндірісте пайдаланбаса, иесіне табыс келтірмесе, ол “заңдылық, функциялық” түрде қалады.

Меншіктің экономикалық тұрғыдан дами алуы өндірістік қатынастар арқылы, нақтылап айтқанда алуан түрлі шаруашылық кәсіпкерлік қызмет арқылы жүзеге асады.

1) Меншік :мәні және түрлері

Меншік тарихи категория. Яғни, меншік

қашанда белгілі бір тарихи қалыптасқан формаларда пайда болып дамиды. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.

Адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында құрал жабдық меншіктерінің әр түрлі формалары белгілі. Алдымен олардың біріне бірі қарсы : жалпы және жеке меншік деп аталатын 2 формасы бар.

Жалпы меншік ұжым ретінде бірлескен адамдарға берілген құрал жабдықтар, яғни бұл олардың барлығына ортақ меншік деген сөз. Мұндай иеленушілік әр түрлі қоғамдарға тән. Ол рулық қоғамның даму кезеңінде алғашқы қауымдық меншік,

Отбасы меншігі деп бөлінгені белгілі.

Меншіктің басты формасының бірі ұжымдық кәсіпорынның меншігі. Бұл меншік: мемлекеттік кәсіпорынның барлық мүлкі еңбек ұжымының меншігіне көшкен, жалға алынған мүлікті сатып алған немесе заңда көзделген басқа да тәсілдер арқылы ие болған мүлік жағдайында пайда болады. Сонымен бірге, ұжымдық кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде өндірілген өнім, алынған табыс олардың ортақ игілігі болып табылады.

Ұжымдық меншіктің : кооперативтік меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның, шаруашылық ассоцияцияларының

бірлестіктерінің /, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және діни ұйымдарының меншіктері деп аталатын бірнеше түрі болады.

Жеке меншік жеке адамдарының өндірістің заттық факторларына және оның нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы. Оның өз еңбегіне және өзгенің еңбегіне негізделген екі түрі бар.

Өз еңбегіне негізделген жеке меншіктің субъектілері жеке шаруа қожалығы, қолөнершілер және басқа адамдар. Бұлар өз еңбегімен өмір сүреді. Олар, бір жағынан, өз меншігінің иесі, екінші жағынан, тікелей жұмыскер болып табылады.

Өзге адамның еңбегіне негізделген жеке меншік өзгенің еңбегі есебінен баюға бейімделеді. Сөйтіп, негізгі өндіріс құрал жабдықтары аздаған адамдардың қолына түседі де, қоғамның басқа мүшелері бұл игіліктерден сырт қалады. Міне, тап осы жағдайда теңсіздік пайда болады: қоғам топтарға /қоғамдық топтарға бөлініп, олардың бір тобы өндіріс құрал жабдықтарын иемденсе, басқа топтары олардан айырылады.

2. Жекешелендіру баршаға берілген тең мүмкіндік.

Жекшелендіру нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі. Оның мағынасы кең. Жалпы алып қарайтын болсақ, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеп, өнім өндірушілердің шаруашылық және технологиялық бастамасына жол ашу, жеке сеторларды дамыту саясатын жүргізу дегенге саяды. Бір сөзбен айтқанда

экономиканы мемлект иелігінен алу. Бұл жердегі басты міндет меншікті әркімге жеке жеке таратып беру емес, ол жаңа нағыз меншік иелерін қалыптастыру,

экономиканың нарық арналарына көшуін қамтамасыз ету. Жекешелендіру бағдарламасы сайып келгенде өндіріс көлемінің ұлғаюына, материалдық құндылықтардың молаюына, республиканы мекендейтін барлық халықтардың әл ауқатының жақсаруына қол жеткізетін болуға тиіс.

Елбасының темірдей ерік жігері мен табандылығы, оның істің жағдайын божап, алдын ала жұмыс бастау қабілеті ғана. Қазақстанда меншіктің ұлан ғайыр реформасын қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Еліміздегі ахуал оңтайлы бола қоймаған 1991жылы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жоғарғы Кеңеске “Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы ” заңды енгізіп, оның қабылдануына қол жеткізді.

Жекешелендіру меншікті мемлекет қарамағынан алудың бағыттарының бірі, оның мәні меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру :

азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан ;

кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар

ретінде бөліп шығаратын бөлімшелерін;

кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін;

акционерлік қоғамдардың /серіктестіктердің / капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін / пай, акциялар /;

Жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін / пай, акциялар / меншікке алуын білдіреді .

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және жарым жартылай өткізіп берудің 22 түрлі тәсілі бар.

Жекешелендіру процесі ұзаққа созылатын процесс. Ал, Қазақстан Республикасындағыдай, дәл осындай әсіреқарқынды және жалпылық жекешелендіруді бұрынғы социалистік мемлекеттің ешбірі жүргізген жоқ. Тіпті дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің өзінде жекешелендіру процесі жылдам іске аспайды. Мәселен, Жапонияда ол 10 жыл, Батыс Еуропа елдерінде 10 - 15 жыл бойы жүрді. Түркияда жекешелендіру 10 жылдам астам уақыт жүзеге асырылуда, Чилиде бұл процесс 1973 жылы басталып, әлі күнге дейін жалғасуда. Мексикада, Аргентинада, Бразилияда және постсоциалистік елдердің бәрінде жекешелендіру қзақ уақытқа созылуда.

Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады ; олардың әрқайсысының өз

мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа тұс келеді.

1кезең. 1991- 1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты мемлекеттік орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптарымен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізілді.

Бірінші кезеңнің іске асуы нәтижесінде 6198 объект түрлендірілді. Түрлендірілген кәсіпорындардың ішінде 4160- ы кіші жекешелендіру (сауда - 1834, қоғамдық тамақтандыру -535, тұрмыстық қызмет көрсету - 1596, коммуналды шаруашылық -1950) құрады және 2038 кәсіпорын өнеркәсіп құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы салаларының үлесіне тиді. Жекешелендіру үрдісі бәрінен де сада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында белсенді жүргізілді, олардың үлес салмағы тиісінше жекешелендірілген кәсіпорындардың жалпы санының 29, 6% және 25, 8%-ын құрады. Жекешелендірілген өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі - 8, 8 %, ауыл шаруашылығы - 10, 1%, құрылыс -5% болды. Кәсіпорындардың 23, 6%-ы азаматтардың жеке меншігіне алынды, 8, 4%-ын бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар акционерлендірі 2-кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5-ші наурыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің “ Ұлттық Бағдарламасына” cәйкес жүзеге асырылады.

Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты мемлекеттің Республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеумен өткізіп беру жолымен қайтару процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталытандырылған -жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып еді.

Жекешелендірудің екінші кезеңі кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. 1995 жылы жеке жобалар бойынша кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде 47 кәсіпорынның мемлекеттік акциялар пакеті және мүліктік кешендері өткізілді, соның ішінде мұнай, газ кешендері бойынша-21, электр энергетика бойынша -10, көмір өнеркәсібі бойынша-1 және т. б. 1995 жылы осы кәсіпорындар бойынша мәмілелер сомасы мемлекеттік бюджетке 51млрд. теңге әкелді.

Жекешелендірудің екінші кезеңінің бағдарламасы институтционалдық реформалардың негізгі бағыттарын анықтап берді:

«шағын жекешелендіру», ол шағын сауда кәсіпорындарының, коммуналдық шаруашылықтардың, тұрмыстық қызмет көрсететіндердің байқаулары мен аукциондары арқылы жүзеге асырылады;

Жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кәсіпорындарды, оның ішінде инвестициялық жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»;

Жекешелендіру-инвестициялық купондарын (ЖИК) қолданысқа енгізу жаппай жекшелендіруге барлық тұрғындардың қатысуын жеңілдетуі тиіс еді. Қазақстанның әрбір азаматы сатуға болмайтын (Ресейдегі сияқты) және тек инвестициялық жекешелендіру қорларына салу үшін қолданылатын 100 купоннан (ауыл тұрғынына 120 купоннан) алды.

Ірі және бірегей мүлік кешендерін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар бойынша жекешелендіру

“Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын (совхоздар) жекешелендіру”.

Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2-ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген. «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып еді.

Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды және

мыналарды өткізуді көздейді ;

-мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;

-жекешелендірілуі тұйық технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;

-кәсіпорын мүліктік, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;

-шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін;

-сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді:

-электроэнергетикалық кешендегі;

-мұнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;

-металлургиялық және тау-кен кешеніндегі;

-көлік-коммуникация кешеніндегі;

-агроөнеркәсіптік кешендегі;

-әлеуметтік саладағы секторлық салаларды.

Қазақстан Республикасында үшінші кезеңде:1997ж-6777, 1998ж-3073, 1999ж-2318, 2000ж-1724, 2001ж-1056 кәсіпорын жекешелендірілді. Жекешелендіруден түскен ақша қаражаттары:1997ж-56, 5 млрд тг, 1998ж-67, 1 млрд тг, 1999ж-36, 6 млрд тг, 2000ж-22млрд тг, 2001жылдың 1-жартыжылдығында-1, 1млрд тг IVкезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999жылғы 1-маусымдағы №683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

IV кезең Бағдарламасының басты мақсаты -жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту,

басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді.

Бағдарламаға сәйкес:

-Мемлекеттік акцияларды иемдену және пайдалану құқықтары салалық министрліктер мен ведомостволарға өткізіп берілді.

-«Көгілдір фишка» ретінде анықталып, мемлекет оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды.

-Мемлекеттік мүлікті республикалық және коммуналдық деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджеттер табыстарын жоғарылатуды және аймақтардың міндеттерінен шыға отырып, жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді.

1999-2000жылдары Мемлекеттік мүлік комитеті мен оның облыстық бөлімшелері 34, 5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілерін, соның ішінде 1991-1992 жылдары 6, 2 мың объектіні купондарға және ресей рубльдеріне жекешелендірді; 28 мыңдай объект 1993-2000 жылдары ұлттық валюта енгізілгеннен кейін жекешелендірілді.

Алғашқы кезеңде жекешелендіруден 4144млн рубль алынған. 1993-2000 жылдары республикада жекешелендіруден 215, 4 млрд тг, соның ішінде акционерлік қоғамдар акцияларын сатудан 90%- тен астамы түсті.

« Сонымен жекешелендіру де өз межесіне жетті. Ел не алып, мемлекетте не қалғаны да жұрттың көз алдында. Ырықтандыру жолында біз үлкен жетістіктерге жеттік» деп ашып айтты Президент Н Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты Жолдауында.

Ендігі міндет- осы айтылған салаларды көтеруде болса керек.

3 Қазақстан Республикасындағы жеке меншіктің даму жағдайлары

Республикамызда нарықтық қарым - қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы - нарықты қалыптастыру мен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шартыЯғни бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды акционерлік, кооперативтік және т б кәсіпорындарға айналдыруды қажет етті.

Мемлекеттік меншіктің бүкіл қоғамды түгел қамтитын сипатынан айыру, меншікті мемлекет иелігінен алу, акционерлік, кооперативтік және жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың алуан түрлерін қалыптастыру адамдардың шаруашылық және еңбекке деген ынта-жігерінің арта түсуіне жол ашып, әлеуметтік қиындықтарды жеңілдетті.

Қазақстан Республикасының «Меншік туралы Заңының» біршама ерекшеліктері бар. Сөз болып отырған заң -алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктің алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді. Заңымыздың 45-бабында былай деп атап айтылған: «Қазақстан Республикасының экономикасы сан алуан меншік түрлеріне негізделеді. (Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қалыптасқан меншіктің экономикалық түрлерін 1-кестеден көруге болады) .

Бүгінде біз осы Қазақстан Республикасында

меншіктің алуан түрлері мен формаларын

қалыптастырған -«Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру» саясатының нақты қайтарымын көріп отырмыз. Соңғы жылдары мемлекеттік меншікті сатудан ғана емес, сонымен бірге оны білгірлерпен басқарудан да айтарлықтай қаржы табудың үрдісі байқала бастады.

1999 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне дивиденттерінің түсімі бір миллиард 170 миллион теңге дерлік болды. 2001жылғы 1-маусымдағы жағдай бойынша 2000 жыл үшін мемлекттік акциялар пакетіне республикалық бюджетке түскен табыстағы сомасы бір миллиард 649 миллион теңгені құрап, тұтастай алғанда жыл қорытындысы бойынша 5, 9 миллиард теңге алынатын болды. Бұл цифрлар жекешелендірілген кәсіпорындардағы өндірістің жағдайы мен қаржы ахуалында сапалық өзгерістерді айқын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
Меншіктің мәні мен мазмұны
Меншік экономикалық категория түрінде
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Бағалаушы қызметінің Қазақстан Республикасында дамуы
Жылжымайтын мүліктің объектісінің сипаттамасы
Лизингтік компания лизинг алушы лизинг алушы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдіс тәсілдері
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz