Басқару әдістері мен технологиялары



Басқару қызметінің социологиялық талдауының имиджі
Әлеуметтік.позитивтік технологиялар
Бүгінгі күні басқаруда қолданылатынәр түрлі әдістерді жетілдірудің проблемалары бүгінгі күннің маманы, болашақ басшының позитивті имиджін құрудің өзектісі болып саналады.
Грек тілінен аударғанда «әдіс» термині «мағлұмат, таным» дегенді білдіреді. Ғылымда бұл әдіс іс-әрекет, жүзеге асыру әдісі деп алынады. Егер басқаруды еңбек қызметінің ерекше түрі деп алатын болсақ, басқару әдісі- оны жүзеге асыру әдісі. Яғни, басқару әдісі келесі сұраққа жауап береді: басқару қызметі имиджінің міндеттері қалай, қандай әдістермен жүзеге асырылады? Басқару әдісін түсіну үшін бастапқы есепке алынатын: әдіс-тек қана нақты қызмет емес, сонымен қатар оны жүзеге асырудың жолдары. «Басқару әдісі» дегенде тек альтернативті моменттер ғана емес, сонымен қатар бұл іс-әрекетті таңдаудың да мүмкіншілігі.
Социологиялық талдау белгіленген ұйымның қызметін, оның әлеуметтік заңдылықтарының іс-әрекетін бұзуға болмайтын басқарудың қатысы барлығын жобалайды. Бұл методологиялық ереже басшымен әр уақытта ескеріле бермейді, басқарушылардың көбі, әдеттегідей, олардың айтқаны (тілегені) жұмыскерлердің орындауға тиісті заңы деп санайды. Бұл белгілі бюрократтық нәтижеге, орындаушыға бұйрықтар мен тапсырмалар, нұсқаулардың көп берілуіне әкеліп соқтырады. Ал бұйрықтар, өз кезегінде тексерісті, нақтылауды, негіздеуді талап етеді, яғни жұмыскердің мүмкіншіліктеріне жауап беруі керек. Егер олай болмаған жағдайда, ол тапсырмалар ешқашан толық орындалмайды, тек көп уақыт пен шығынды талап етеді. Әрине, бұндай қызметтің нәтижесі болмайды. Қызметтік әдіс мүмкіншілік пен осы бағыттағы заңның объективті орындалуына сәйкес келеді. Басқару әдісі басқарудың объектісі мен субъектісіне бағынатын заң жүйесімен тығыз байланысты. Басқарудың әр әдісі- тек іс-әрекеттің мүмкіншілігі ғана емес, сонымен қатар оны жүзеге асыру мүмкіншілігінің абстракциясы болып табылады.
Бүгінгі күн менеджерінің басты міндеті- қызметкерді басқару, ол тек нақты қызмет емес, сонымен қатар «экономика» және «қызметкер» түсініктерінің жалпы ұғымы ретінде алынады. Басқару функциясынан, басқару принциптерін жүзеге асыру шешімдеріне, бөлімдерге, органдарға, органдар жүйесіне, жеке қызметкерлерге ауысамыз, абстрактіден нақтыға көшеміз, бұл басқару ой-әрекетінің социологиялық талдауының методологиялық принциптерін жүзеге асыру болып табылады. Басқару әдістерін талдау және басшының қызметі - әлеуметтік институттың диалектикалық жолдарын танудың, яғни әлеуметтік басқарудың кезеңі болып саналады.
Басқару үрдісінің мәнін түсунудегі үлкен ілгері қадам С.Е.Каменицердің басқару әдісінің жеке адамдардың іс-әрекетімен, кез келген функцияның жүзеге асырылуына қатысы жоқ басқару әдісінің жалпы проблемаларын көрсету болып табылады. Сонымен қатар ол «басқару әдісі», «басқару принциптері» деген түсініктерді енгізген.
«Басқару әдісі» деген ұғымның социологиялық түсініктемесі қолданыстағы амал, тәсілдерді қайта қарауды болжамдайды. Толық классификацияны Г.Х.Попов берген. Ол басқару әдістерін екі классқа бөлген: басқару жүйесіне толық қатысты(басқарудың жалпы әдістері) және басқару жүйесінің жеке бөлімдеріне қатысты (жергілікті әдістер).Басқарудың
Имашева Л. Имеджелогия

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
ПОЗИТИВТІ ИМИДЖДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

4.1. Басқару қызметінің социологиялық талдауының имиджі

Бүгінгі күні басқаруда қолданылатынәр түрлі әдістерді жетілдірудің
проблемалары бүгінгі күннің маманы, болашақ басшының позитивті имиджін
құрудің өзектісі болып саналады.
Грек тілінен аударғанда әдіс термині мағлұмат, таным дегенді
білдіреді. Ғылымда бұл әдіс іс-әрекет, жүзеге асыру әдісі деп алынады. Егер
басқаруды еңбек қызметінің ерекше түрі деп алатын болсақ, басқару әдісі-
оны жүзеге асыру әдісі. Яғни, басқару әдісі келесі сұраққа жауап береді:
басқару қызметі имиджінің міндеттері қалай, қандай әдістермен жүзеге
асырылады? Басқару әдісін түсіну үшін бастапқы есепке алынатын: әдіс-тек
қана нақты қызмет емес, сонымен қатар оны жүзеге асырудың жолдары. Басқару
әдісі дегенде тек альтернативті моменттер ғана емес, сонымен қатар бұл іс-
әрекетті таңдаудың да мүмкіншілігі.
Социологиялық талдау белгіленген ұйымның қызметін, оның әлеуметтік
заңдылықтарының іс-әрекетін бұзуға болмайтын басқарудың қатысы барлығын
жобалайды. Бұл методологиялық ереже басшымен әр уақытта ескеріле бермейді,
басқарушылардың көбі, әдеттегідей, олардың айтқаны (тілегені)
жұмыскерлердің орындауға тиісті заңы деп санайды. Бұл белгілі бюрократтық
нәтижеге, орындаушыға бұйрықтар мен тапсырмалар, нұсқаулардың көп берілуіне
әкеліп соқтырады. Ал бұйрықтар, өз кезегінде тексерісті, нақтылауды,
негіздеуді талап етеді, яғни жұмыскердің мүмкіншіліктеріне жауап беруі
керек. Егер олай болмаған жағдайда, ол тапсырмалар ешқашан толық
орындалмайды, тек көп уақыт пен шығынды талап етеді. Әрине, бұндай
қызметтің нәтижесі болмайды. Қызметтік әдіс мүмкіншілік пен осы бағыттағы
заңның объективті орындалуына сәйкес келеді. Басқару әдісі басқарудың
объектісі мен субъектісіне бағынатын заң жүйесімен тығыз байланысты.
Басқарудың әр әдісі- тек іс-әрекеттің мүмкіншілігі ғана емес, сонымен қатар
оны жүзеге асыру мүмкіншілігінің абстракциясы болып табылады.
Бүгінгі күн менеджерінің басты міндеті- қызметкерді басқару, ол тек
нақты қызмет емес, сонымен қатар экономика және қызметкер
түсініктерінің жалпы ұғымы ретінде алынады. Басқару функциясынан, басқару
принциптерін жүзеге асыру шешімдеріне, бөлімдерге, органдарға, органдар
жүйесіне, жеке қызметкерлерге ауысамыз, абстрактіден нақтыға көшеміз, бұл
басқару ой-әрекетінің социологиялық талдауының методологиялық принциптерін
жүзеге асыру болып табылады. Басқару әдістерін талдау және басшының қызметі
- әлеуметтік институттың диалектикалық жолдарын танудың, яғни әлеуметтік
басқарудың кезеңі болып саналады.
Басқару үрдісінің мәнін түсунудегі үлкен ілгері қадам
С.Е.Каменицердің басқару әдісінің жеке адамдардың іс-әрекетімен, кез келген
функцияның жүзеге асырылуына қатысы жоқ басқару әдісінің жалпы
проблемаларын көрсету болып табылады. Сонымен қатар ол басқару әдісі,
басқару принциптері деген түсініктерді енгізген.
Басқару әдісі деген ұғымның социологиялық түсініктемесі
қолданыстағы амал, тәсілдерді қайта қарауды болжамдайды. Толық
классификацияны Г.Х.Попов берген. Ол басқару әдістерін екі классқа бөлген:
басқару жүйесіне толық қатысты(басқарудың жалпы әдістері) және басқару
жүйесінің жеке бөлімдеріне қатысты (жергілікті әдістер).Басқарудың
жергілікті әдістері басқарудың элементтерімен, функциясымен, органдарымен,
кадрларымен, техникасымен байланысты. Олардың классификациясы да басқару
жүйесінің құрылымына, элементтеріне байланысты.
Методологиялық тұрғыдан классификацияның бірнеше түрі берілген.
Біріншіден, әдісті оның мазмұны тұрғысынан қарауға болады, яғни, қоғамның
дамуының қандай объективті заңының ықпалына негізделген. Бұл принциптің
негізінде келесі әдістер көрсетіледі:
- экономикалық- баламалы таңдау мүмкіншіліктерінен белгілі бір
кәсіпорындағы экономикалық заң қолданылатын басқару шешімдері жүзеге
асырылатын әдістер таңдалып алынады;
- техникалық- техниканың дамуының әлеуметтік заңдары, өндіріс
технологиялары, еңбекті ұйымдастыру ерекшеліктері, өндіріс
қызметкерлерінің психоэмоционалды ерекшеліктері есепке алынады;
- әлеуметтік- өндіріс барысында қалыптасатын тұлғалар мен топтардың
қарым-қатынасы;
- жүйелік әдістер-біртұтас, күрделі элементтер жиынтығы ретіндегі
өндірісті зерттейді.
Екіншіден, басқару мақсатын жүзеге асыру әдістерін объект тарапынан,
басқару әдісінің бағытына қарай талдауға болады. Барлық әдістер адамдарға,
басқарудың объектісі және субъектісі ретінде бағытталған, сол адамдармен
жүзеге асырылады. Әдістер қызметкерлер ұжымына, жеке орындаушыларға
арналған.
Әр адамға әсер ету тұрғысынан басқару әдісін үш топқа бөлуге болады.
Біріншіге субъектілердің экономикалық қызығушылықтарына әсері бар
материалдық уәждеме жатады. Бұл әдіс тиімді әсер етеді, себебі бұл әдіссіз
қалған әдістер тиімсіз болып саналады. Екіншіге- адамдардың қоғамдық,
моральдық, құқықтық қызығушылықтарына әсері бар әдістер жатады. Бұл әдіс
әлеуметтің уәждеме деп аталады. Осы әдіске әсер етудің психологиялық
элементі- дәлелдеу, заңды, моральдық, эстетикалық нормалар мен ережелер
жатады. Үшінші топ- билік ету әдісі, мәжбүрлеу уәждемесі. Бұл жерде нақты
мәжбүрлеу немесе оны қолдану мүмкіндіктері жатады.
Үшіншіден, басқару әдісін ұйымдастырылған форма тарапынан да
қарастыруға болады. Басқарудың әр әдісі міндетті түрде оның шешімімен,
жүзеге асырылу жолдарымен байланысты. Басқару мен шешім диалектикалық
бірлікті құрайды.
Қабылданған шешім бойынша жеке, ұжымдық және бірлескен әдістер
қарастырылады. Әр түрлі техникалық әдістерді қолдану арқылы жүргізілетін
әдіске, мысалы, компьютерді қолдану арқылы басқарудың түрі жатады. Сөйтіп,
басқарудыі әдіс-тәсіодері әр түрлі. Басқару әдісінің бірнеше квалификациясы
болуы мүмкін. Олар бір-біріне қайшы келмейді. Теориядағы бірнеше
квалификация арқылы басқару әдісінің көпқырлылығын көрсетуге болады.
Психологиялық әдістің негізгі түрлеріне эмоционалдық түрткі, еңбекті
ізгілендіру және кәсіби оқыту мен іріктеу жатады.
Уәждеменің тұрақты мағынасы- адамдардың нақты мақсатқа жетуде
түрткілері. Уәждеме- басқару органының , басшының қажетті нәтижеге қол
жеткізудегі әдісі. Басқа уәждеудің түрлерінен ерекшеленетін психологиялық
уәждеме ішкі механизмдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.Уәждеу жүйесі
мен түрткі адамдардың ғылыми білімдеріне, нақты бір өнеркәсіп қызметкерінің
орташа қажеттілігіне негізделеді.Еңбекақы және басқа да материалдық
түрткілер бұл жүйенің элементі ғана болып табылады.
Өндіріс барысында қызметшілердің әлеуметтік психикасына ықпал ететін
үрдіс спецификалық заңдылыққа жүгінеді. Басқару әдістерін қолдану топтар
мен топтағы жеке адамның қызметіне бағытталғандықтан, әдістерді жобалауда
топтағы адам психикасының жұмыс істеу ерекшеліктері есепке алынады. Ұжым
мүшелерінің өзара қарым-қатынасы деңгейі есепке алынады. Егер ұжымның өзара
қарым-қатынасы үзілген болса, олардың қызмет ету нәтижесі төмендейді.
Басқару әдісін таңдау барысында әр басшы әдістерді қиыстырады, ол
әдістер алға қойылған міндеттердің талабына сәйкес келеді. Әдістердің
тиімділігін анықтау өте қиын. Дгенмен, ерекше әдістер, оның ішінде
экономикалық, қызметкерлерді басқаруда алдыңғы орында. Қызметкерлерді
басқару әдістері кешенді түрде жүзеге асырылады.Мондықтан әрі қарай ықпал
ету механизмін зерттеу керек, яғни, қолда бар техника мен басқару
технологияларын.
Техника- өнер, шеберлік,іскерлік- адам қызметінің жиынтығы, қоғам
қажеттілігіне қызмет етуге және өндіріс үрдімін жүзеге асыруға бағытталған.
Бұл жерде техника терминінің мазмұны кез келген іс пен өнерде қолданылатын
дағды мен тәсілдердің жиынтығы ретінде қабылданады.
Позитивті имиджді қалыптастыру проблемасына келетін болсақ, бұл жерде
техника басқару субъектісінің мақсатқа қол жеткізуде қолданатын біліктілік,
дағды, тәсілдің жиынтығы. В.П.Пугачевтің берген анықтамасына сәйкес,
техника әр басқарушы мен қызметкерге міндетті ұйымды басқарудың нормалары,
ережелері мен үлгілері. Кейде басқару техникасы түсінігінің орнына
басқару принциптері, менеджмент техникасы, менеджмент принциптері,
менеджмент концепциялары деген категориялар қолданылады. Басқару
теориясында негізгі басқару технилары дайындалған. Бұл рамкалық басқару
техникасы, өкілеттікті табыстау техникасы, мақсаттарды басқару
техникасы, жүйелі басқару техникасы. Басқару принциптеріне басқару
жүйесі элементтері арасындағы қарым-қатынастардың жалпы заңдылықтары
жатады.
З.П:Румянцева мен Н.А. Соломатинаның көзқарастарымен келісуіміз керек.
Олар басқару әдісі міндетті түрде іс-әрекеттің таңдау мүмкініктері бар
балама кезеңдерден тұруы керек дейді. Дәл осы қасиетімен басқару әдісі
басқару принциптерінен ерекшелінеді. Басқару принципі- үнемі және дәйекті
түрде қолданылатын әдіс.Яғни әдіс өз баламасын жоғалтқан сайын әдіс
принципке айналады.Басқару принципін таңдамаймыз, оған ереміз.
Технология термині өнер, шеберлік, кез келген қызметке әсер ете
білу дегенді білдіреді. Басқару технологиясы-басқару іс-әрекетінің
әдістері мен тәсілдері, көздеген мақсатқа тез жеткізеді. Технология-басқару
үрдісінің белгілі бір логикасы, орындалатын операциялардың бірізділігі оның
элементтері болып саналады: мақсат-мазмұн-іс-әрекет-нәтиже.
Басқару технологиясы- объектіні жаңашаландырудағы іс-әрекеттер мен
операциялардың жиынтығы. Барлық технологиялық үрдістердің жиынтығы, оның
қатал логикалық бірізділігі қажетті нәтижеге қол жеткізеді.
Технология қызметті алгоритмдендіреді, ол басқару міндеттері шешуге
бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Субъектінің қажетті бағыттағы жұмысын
жүзеге асыруды реттейді;объектінің реакциясын стандарттармен, ережелермен,
нормалармен, шарттармен, бұйрықтармен бақылап отырады; басқару үрдісі
алгоритмін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, технология тәртіпті, ережелерді,
нормалар мен тыйымдарды, операциялардың бірізділігін, жүзеге асырудың
кезеңдерін жоспарлайды. Бүгінгі қоғамда басқару технологиялары мемлекеттік
жүйелеудегі көп адамдардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларының шешілуін
қамтамасыз етеді.
Қазіргі білімнің деңгейі мен техниканың дамуы әлеуметтік қарым-
қатынастың кез келген түрін техникалық деңгейін өзгерте алады.
Әлеуметтік технологиялар өндірісте қолданылатын техникадан
өзгешеленеді. Егер өндірістік технология қатал нақты бір терімді және бір
элемент 2-ші элементті ауыстыра алатынын, сонымен қатар нәтиженің өзгеруі
мен өндіріс үрдісінің тоқталуын көрсетсе, әлеуметтік технологияда бастапқы
және соңғы нәтиже адам болып қалады. Бұл үрдістерді адам бойындағы
қасиеттер біріктіреді:вариабельдік, жартылай функционалдық, объектінің
белсенділігі. Әлеуметтік технологияны қолданудың үлгісі болып
қызметкерлерді кәсіби оқыту саналады.
Әблеуметтік технология өндірістік технологияны қолданғанда майысқақ
(жұмсақ) болып келедінәтижеге кепілдік бермейді, тіпті техникалық үрдістің
бәрін орындағанның өзінде. Басқару субъектісіне күштері мен бағыттары әр
түрлі, тіпті қарама қарсы көптеген ішкі факторлар мен әсерлер ықпал етеді.
Сондықтан әсер етудің тиімділігін алдын ала болжауға болмайды. Сол себерпті
басқару технологиясында объект реакциясын есепке алу және субъектінің іс-
әрекетін коррекциялау ретінде түсінілетін кері байланыс принципі ерекше
рөл атқарады.
Өндірісте басшы өндірістік тапсырмаларды орындауда қиындық туатын
қызметкерлерді анықтайды. Осыны анықтап алып, оларды қажетті деңгейге дейін
көтеру үшін әкімшілік жүйесімен ықпал етеді. Қызметкер үшін бұл
технологияның оқыту үрдісі элементтерін қайталау мүмкіндігі пайда болады.
Егер біраз уақыттан кейін қызметкер өзінің кәсіби дағдыларын қөрсете білген
болса, басшы үшін бұл қосымша оқыту үрдісінің жетістігі екендігі
дәлелденеді.
Егер ондай белгі болмаса- қызметкерді ауыстыру қажет.
Басқару технологиялары жүйелік және құрылымдық сипаттарымен
ерекшеленеді, сондықтан олар кейбір басқару әдістерін коррекциялай алады.
Басқару технологиясының басқа ерекшелігі- ұйымдастыру жұмыстарының
жоғарылығы. Басқару технологиясы әлеуметтік қатынас пен өндірістік алгоритм
және менеджмент әдістерін қолдану арқылы қол жеткізетін байланыстың жаңа
күйіне бағытталған. Басқару технологиясы элементтеріне жеке операциялар
жатады. Операцияларды алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша жасалған
формалдық және шығармашылық деп екіге бөлуге болады. Компьютер техникасын
енгізу басқарудың барлық үрдісін элементарлық операциялар жиынтығы арқылы
суреттеуге мүмкіндік береді, талдаудың сандық әдісі мен басқару шешімінің
мүмкіндіктерін болжай алады.
Формалдық операциялар ішінде құжатталған операцияларды, яғни ресми
құжаттарды көрсетілген және құжатталмаған, яғни ресми түрде қабылданбаған.
Басқару қызметкерлердің әрекетімен жүзеге асырылатындықтан және үрдіс
дамудың табиға және әлеуметтік заңдылықтарымен детерминирован, басқару
қызметі технологиясының да операцияларының логикалық тізбегі болады. Оның
жалпы сипаттамасын И.Н.Герчикова берген. Басқару технологиясының негізі 3
элементтен тұрады: мақсат таңдау, фирманы дамыту стратегиялары, басқару
шешімін қабылдау мен жүзеге асыру, басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету.
Біздің ойымызша, бұл кестені бастапқы және соңғы операциялар жүйесімен
фирманың экономикалық жағдайы мониторингімен, жоспардағы қорытынды
нәтижемен толықтырып отыру керек.
Стратегияны жүзеге асыру операциясы даму бағыты мен фирманың
өндірістік-қызметтік жұмысын жүзеге асыруды таңдайды. Стратегияны
дайындауда мақсатқа жету ресурстары мен мүмкіндіктерін бағалау жүзеге
асырылады; фирманың өсу және нығаю позициясын қамтамасыз ететін ішкі
факторларды талдау; пайда болған жағдайлар мен өзгерген шарттарға
икемделуге бағытталған сыртқы факторларды талдау; фирманың альтернативті
қызметі мүмкіндігін бағалау.
Өткізілген талдау нәтижесінде фирманың даму концепциясын жоспарлау
стратегиясы қалыптасады. Басқару шешімі- басшының басқару қызметінің нақты
нәтижесі. Шешім қабылдау басқарудың негізі болып саналады. Шешім қабылдау
мен тағайындау формалдық түрде суреттелмейді, бұл басшының шығармашылық
үрдімі. Теориялық суреттеуге дайындық кезеңі, ал шешім қабылдау мезгілі
дайындық операцияларының сапа нәтижесіне ауысуы болып табылады, мәселенің
мәнін интуиция арқылы сезіну және оны шешу.
Басқару шешімінің операциялары төрт кезеңнен тұрады: дайындық,
қабылдау, шешімді жүзеге асыру мен бақылау.
Дайындық кезеңі барысында жағдайдың микро- және макро деңгейіндегі
саяси, экономикалық және қаржылық талдау жүргізіледі. Талдаудың метадеңгейі
үлкен компанияларда қолданылады, олардың қызметінің федералдық мәні бар
және олар өнімнің, энергия қуатының, үкіметтің саяси тұрақтылығына белгілі
саясаткерлердің, кәсіподақ ұйымдары, ірі несие мекемелерімен қарым-
қатынасына байланысты. Бұл кезеңде шешімді талап ететін мәселелер
қалыптасып, пайда болады.
Екінші кезеңде альтернативті нұсқаларды бағалау мен дайындаудан
тұрады. Жүзеге асыру кезеңі барысында оны орындаушыға жеткізу шаралары
қабылданады, орындау барысы бақылауға алынады, қажетті түзетулер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жұмыстың мақсатты дайындау технологиясы
Имитациондық модельдеудің заманауи технологиялары
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Оқыту технологиясының сипаттамасы
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Студенттің өзіндік жұмысы
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Пәндер