Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Реферат
Тақырыбы: «Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері. »
Орындаған:
Тексерген:
Алматы-2013
Жоспар:
- Ұлт-азатық көтерілістердің себептері, сипаты, қозғаушы күші, нәтижесі.
- Кіші жүз жеріндегі ең ірі көтерілістер: Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет т. б.
- Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Кіріспе
XIX ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. XXғасырдың басында ол шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналады.
Капиталистік қатынастарға ерте көшкен елдер дамуы жағынан едәуір озып кетіп,
әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттерінің алдыңғы легін құрды. Ресей капиталистік экономика жолына кештүссе де, жедел дамып, орташа дамыған екінші лекте өзін нық сезінді. Азияның, Африканың, Латын Америкасының баяу дамыған елдерге қысым жасады, олардың олардың ішкі істеріне қолсұқты, байлығы мен шикізатын пайдаланды. Ресей де Азия елдерінде көз тікті, шет өңірледі өзінің отарына-шикізат, тұрақты нарық көзіне айналдырды.
Ресейдің алға шығуына негізгі кедергі-феодализм қалдықтары:биліктің патшалық болмысы, дворяндардың үстемдігі, помещиктік жер иелену, буржуазияның, халық бұқарасының саяси биліктен шеттетілуі болатын. Шаруалардың жерінің аздығы, олардың меншікке байланысты бөлшектенуі, елдің тұрмыс жағдайының ауырлығы, халықтың кедейлене түсуі, »бұратанда» деп аталған халықтардың ұлттық езілуі сияқты факторлар да Ресейді етектен тартты.
XXғасырдың басында капиталистік елдер арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Дамыған мемлекеттер бөлшектеніп кеткен отарларды қайта бөлгісі келді. Оларға арзан шикізат көзі жетіспеді. Өзара топ құрып одақтасқан бәсекелес әскери-саяси блоктар-үштік Одақ (Германия, Австрио-венгрия) пен Антанта (Франция, Англия, Ресей) тартысты 38мемлекет қатысқан дүниежүзлік соғысқа әкеліп соқтырды.
Қазақ сахарасының болмысы XXғасырдың басында күрделене түсті. Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізді. 1907-1912ж-дың өзінде елдің еуропалық бөлігіне 2млн мың 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды. Қазақтар шұрайлы жерінен айырылды. Сонау Столыпин реформасының бас кезінде -ақ «Санкт-Петербургские ведомость» газеті:»Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ…» -деп жазған болатын.
Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекттік заемдар таратылды, бажсалығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді(негізінен, азықты) теміржол станциясынатасуға мәжбүрболды.
Көтерілістің себептері және басталуы. Қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйе майданғажіберілді. Әскерге алынған отбасыларына көмек көрсетуді желеу етіп, батырақ қазақтарды кулактар шаруашылықтарын, кәсіпорындарға «ерікті түрде»жұмысқа тартты. 1916жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жертартып алуды ойластырды. А. Байтұрсынұлы сонау 1913 жылдың өзінде: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп жазған еді.
Көтерілістіңнегізгі себебі ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуінен болды. Отаршылдық болмысқа, туған елдің талануына, кіндік қаны тамған жерден айырылуғашыдамаған халық бұқарасы патша үкіметіне қарсы жаппай күреске шықты. Қазақтан қара жұмысқа алу - көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор еді.
Ұлт-азатық көтерілістердің себептері, сипаты, қозғаушы күші, нәтижесі
1.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісі. Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 - 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3, 17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т. б. ) 0, 21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ -қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс -украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық -зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 - 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өенркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді. Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн. пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473, 928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді. Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл щаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді. Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор -Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама -қарсылық, бір -біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды. Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық - зомбылығы 1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық - түлік екі - үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті. Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25 - 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып болып жазылды. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразлығына тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байдларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым - салық қағаздарын т. б. жойып жіберу секілді ашу - ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетеуі жиілей түсті. Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт - азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалстік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал - байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда - Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтев, Жетісуда - Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т. б. басқарды. Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол - 1916 жылы қазақ интелегенциясының көсемдері, яғни ұлт - азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады ? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне көрсете алмай, тағыда қырғыеға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны - халық көтерілісін тоқтату мүнкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады. Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жыл 27 ақпанда бас - аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ « Алаш » партиямының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалық көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді. Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас - көз болып, кейін аман - есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгер т. б. ) серіктерімен бірге майданға () атанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігітерінің елге оралуыекі талай еді. 1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак - орыс шоғырлары кірді. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер»деген тактикасында кеңінен қолданады. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал - губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылуларудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды. Олар: Басқару органдарының (облыстық, ауылдық ) қызметкерлері, жергілікті (бұтана) халықтың төменгі полицияда істеп жүргендері, имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер, мекемелерде қаражат мәселесімен айналасатын бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген бұратана әкімшілігінің бұратана халықтың өкілдері, дворян және құрметті азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтық қозғалыстан бұратана әкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүнкіндік берді. Көтерілістің Жетісудағы орталығы 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиенілінсуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал - губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от - жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12 - сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16 - сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 - інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 - сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында болды, тамыздың 8 - нде Ақсу жайлауында қазақ - қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жаотысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патшаәкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды. Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді. Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал - губернаторы М. А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың 12 - сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды. Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары құрылды. Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады.
Қазақстан Республикасы-қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы-қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды. ХХ ғасырдың басында Қазақстан, Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы отарлық өлкесі болды. Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына, Ресей алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады. Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-казак жерлерін (казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында ресейлік отарлаушылар Қазақстанның 45 миллион десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда, ең құнарлы 16 пайыздай бөлігіне иелік етті. 1917 жылы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен ресейлік қоныстанушылар (негізгі орыс ұлттарының өкілдері) сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23, 1 пайызын құрды. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады. Халықты тілінен. Дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: « . . . Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді халық . . . Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады . . . өздерің көз жазбай байқап отырғандай . . . чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді . . . Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдеп-ғұрыптарымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды . . . Енді бұл чиновнитер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін еркін иемденуде . . . Бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде . . . ». Патша үкіметінің отарлау саясаты өзінің шырқау шегіне жетіп, отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жетіп, отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Соның бірі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы еді. Ғылыми жұмысты жазудағы мақсатым: биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 90 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздікке жету - қазақ халқы үшін даңғыл жол болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қалыптасқан болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті күрестің тарихын зеттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. Кеңестік тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда, тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді. Шын мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек болатын. Бұрын азды-көп мәлім, сондай-ақ зеттеу жұмыстарына әлі тартылып үлгермеген тың деректік материалдарға сүйене отырып, көтеріліс қарсаңындағы және барысындағы жағдайлар шынайы түрде жазыла бастады. Әрине, Қазақстанның шынайы тарихын жазу- тәуелсіздікке қол жеткізудің жемісі. Дегенмен де, осы тақырыпқа тікелей қатысы бар жекелеген мәселелер әлі де болса жан-жақты, әрі терең зерттелген жоқ. Солардың бірі, атап айтқанда, осы көтеріліске байланысты кезінде көптеген өлең-жырлар шықты. Олардың көпшілігі уақыт өте фольклорға айналып кетті. Көтеріліске тікелей қатынасушы Көдек Маралбайұлы кезінде 1916 жылға арналған дастан шығарған. Ол қазақстандық оқырмандарға әлі толық таныс емес. Осындай дүниелердің қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны мен олардың көтеріліс тарихнамасына қатысы мен дерек көздері ретіндегі маңызын да ғылыми тұрғыдан қарастырған жөн. Мен осы ғылыми жұмысты жазуда тың материалдарды пайдалана отырып бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуалын, бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген кері әсерін, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басты себептерін және көтерілістің негізгі ошақтары Жетісу мен Торғай өңіріндегі көтерілістің барысын, Әулиеата уезіндегі Меркі бөлімшесіндегі көтерілістің ерекшеліктерін, ондағы Ақкөз батырдың өмірін ашу және көтерілістің тарихи маңызын атап көрсету міндетін алға қойдым. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында былай деп жазған еді: «Тарих бәрін де сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің формасы ретіндегі тәуелсіздікті сыйға алуға болмайды. Тәуелсіздік - бұл тарих толқынында субъект болу құқығын түсінетін және осы үшін жауап беретін халық болмысының бірден-бір формасы . . . ». 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында аса көрнекті орын алады. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Россия империясының езгісіне қарсы жойқын күреске шықты. Жаңа тарихи кезеңде, империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов және басқа халық батырлары кезінде, Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар көтерген бостандық үшін күрес туын қайтадан өз қолдарына алды. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін 1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстандық сипатқа ие болып, ұлан-ғайыр Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Көтеріліс ең алдымен отарлыққа қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz