Табиғи талшықтар



І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Талшықтар жайлы жалпы түсінік.
2.2.Талшықтардың классификациясы.
2.3. Жүн.
2.4. Жібек.
2.5.Кендір талшығы.
2.6.Мата.
2.7. Маталарды алу технологиясы.

ІІІ.Қорытынды.

IV.Пайдаланған әдебиеттер
Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциалын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан-жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудын қарқынды жолына кешіру негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Қиімге қойылатын талаптар гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық түрғыдан бөлініп қаралады.
Гигиеналық талаптардың өзі — адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал еткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс.
Киім жасау үшін талшықтар қолданылады.Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Өсімдік тектес (циллюлозалық — мақта, зығыр, кендір, т. б.) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оғанжататындар — капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен жәнебасқалар.
Синтетикалықталшықтардыңнегізінде де күрделіорганикалықкосындылар — полимерлер бар. Оларқарапайыммолекулалардысинтездеуаркылыалынады.
Жасандыталшықтаралумүмкіндігінбіріншіболып XVII ғасырдаағылшын Р. Гук айтқанеді, бірақөнеркәсіптежасанды жібек XIX ғасырдағанаалынды.
Целлюлозалықталшықтарданеңбіріншінитраттыжібек (1890 ж.), кейін — мыс-аммиактыжәневискоздыжібектералынды. Ацетаттыжібекбіріншідүниежүзіліксоғыстьщсоңынақарайалынды. Россиядағывискоздыжібекшығаружөніндегібірінші завод Мытищидесалынды. Ол 1913 жылы 136 т вискоза талшығынөндірді. Қазіргікездехимиялықталшықтарөндірухимиялықөнеркәсіптінірісаласынаайналды. Барлыктоқыма тал-шықтарының 30%-на жуығыжасандыжолменхимиялықзаводтардаалынады.
IV.Пайдаланған әдебиеттер

1.Қазақстан энциклопедиясы. 4-том, 144-бет.
2.Шаңырақ энциклопедиясы.
3.Қазақ Совет энциклопедиясы. 7-том
4.Қазақстан энциклопедиясы. 4-том, 141-бет
5.Қазақстан энциклопедиясы. 3-том, 599-бет
6.«Химия негіздері» К. Аханбаев. 247-249 б.
7.Всюченко«Органикалық химия»
8.Л.А. Цветков.«Органикалық химия»
9.Қазақ Совет энциклопедиясы. 5-том

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Талшықтар жайлы жалпы түсінік.
2.2.Талшықтардың классификациясы.
2.3. Жүн.
2.4. Жібек.
2.5.Кендір талшығы.
2.6.Мата.
2.7. Маталарды алу технологиясы.

ІІІ.Қорытынды.

IV.Пайдаланған әдебиеттер

І.Кіріспе

Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциалын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан-жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудын қарқынды жолына кешіру негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Қиімге қойылатын талаптар гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық түрғыдан бөлініп қаралады.
Гигиеналық талаптардың өзі -- адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал еткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс.
Киім жасау үшін талшықтар қолданылады.Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Өсімдік тектес (циллюлозалық -- мақта, зығыр, кендір, т. б.) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оғанжататындар -- капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен жәнебасқалар.
Синтетикалықталшықтардыңнегізінде де күрделіорганикалықкосындылар -- полимерлер бар. Оларқарапайыммолекулалардысинтездеу аркылыалынады.
Жасандыталшықтаралумүмкіндігінбірін шіболып XVII ғасырдаағылшын Р. Гук айтқанеді, бірақөнеркәсіптежасанды жібек XIX ғасырдағанаалынды.
Целлюлозалықталшықтарданеңбіріншіни траттыжібек (1890 ж.), кейін -- мыс-аммиактыжәневискоздыжібектералы нды. Ацетаттыжібекбіріншідүниежүзіліксоғ ыстьщсоңынақарайалынды. Россиядағывискоздыжібекшығаружөнінд егібірінші завод Мытищидесалынды. Ол 1913 жылы 136 т вискоза талшығынөндірді. Қазіргікездехимиялықталшықтарөндіру химиялықөнеркәсіптінірісаласынаайна лды. Барлыктоқыма тал-шықтарының 30%-на жуығыжасандыжолменхимиялықзаводтард аалынады.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Талшықтар жайлы жалпы түсінік

Талшық - ұзын,жұқа және жіп секілді материал. Талшықтар майысқақ болғандықтан, оларды иірілген жіпке айналдырып, маталар жасауға болады.Кейбір талшықтар табиғи өнімдер болса, кейбірін химиялық процесс арқылы алады.Табиғи талшықтар жануарлар мен өсімдіктерден алады.
Химиялық талшық, жасанды талшық -- табиғи органикалық және синтездік полимерлерден алынатын талшықтар. Шикізатқа байланысты оның синтездік (синтездік полимерлерден) және жасанды (табиғи полимерлерден) жолмен алынатын түрлері болады. Кейде бейорганикалық қосылыстардан (шыны, металл, базальт, кварц) алынатын талшықтарды да химиялық талшық деп атайды. Жасанды химиялық талшыққаацетат, вискоза, мыс-аммиакты талшық, штапель, т.б., ал синтездік химиялық талшыққа полиамид, полиэфир, полиакрилнитрил, полипропилен, т.б. көптеген талшықтар жатады. Химиялық талшық өнеркәсіптемоноталшық (ұзын жеке талшық), штапель талшық (талшықтың қысқа кесіндісі), филамент жіптер (жіңішке, өте ұзын талшықтарды ширатып жасаған буда) түрінде шығарылады. Филамент жіптің қолдануына қарай тоқыма және техникалық немесе арқан (мықты жуан жіп) сияқты түрлері шығарылады. Химиялық талшықты әр түрлі заттардан (желім, шайыр) алу мүмкіндігі жөнінде 17 және 18 ғасырларда түрлі пікірлер айтылған, бірақ 1853 жылы ағылшын ғалымы Аудемарс шексіз жіңішке жіпті нитроцеллюлоза ерітіндісін спирттің эфирдегі қоспасына араластыру арқылы алу әдісін ұсынды. 1891 жылы француз инженері И. де Шардоннеосындай жіпті өндірістік көлемде шығаруды алғаш ұйымдастырды. Қазіргі кезде химиялық талшық өндіру күшті дамып келеді. Қазір кең қолданылатын синтездік полиамид талшығы 1940 жылы (АҚШ) шығарылды. 1954 -- 60 жылы полиэфир, полиакрилонитрил және полиолефин синтездік талшықтары өндірілді. Химиялық талшық -- берік, өзінің пішінін сақтайтын, ылғал, жарық әсеріне тұрақты зат. Химиялық талшыққа жаңа тоқыма бұйымдарын дайындау үшін табиғи талшық қосуға болады. Химиялық талшық арнайы ерітінді немесе балқыма дайындау, қалыптау, талшықты өңдеу процестері арқылы өндіріледі. Арнайы ерітінділер дайындау үшін бастапқы полимерді тұтқыр-аққыш күйге келтіріп, ерітінділерді механикалық қоспалардан, ауа көпіршіктерінен, т.б. тазартады және оған жылу мен жарыққа тұрақтылығын арттыратын әр түрлі заттар қосылады. Арнайы ерітінді металдан жасалған көп тесікті кішкене қалып -- филер арқылы өткізіледі. Қолданылуына қарай филердің диаметрі, тесіктер саны әр түрлі болады. Қалыптау процесінің жылдамдығы жуандығына, қалыптау әдісіне байланысты. Бұдан кейін талшық әр түрлі реагенттермен өңделеді. Құрамындағы кіші молекулалы қосылыстар, еріткіштер кетіріледі, қышқылдар, тұздар, т.б. заттардан жуылып, тазартылады және кептіріледі. Химиялық талшық өнеркәсіптің әр түрлі саласында жібек, жүн, мақта талшықтарының орнына қолданылады. Қазақстанда Қостанай қаласында мыс-аммиакты жасанды штапельталшығын өндіретін зауыт бар.
2.2.Талшықтардың классификациясы

Талшықтардың классификациясы -- талшықтар табиғи және химиялық деп бөлінеді. Табиғи материалдардан: мақта, кенеп, жүн, табиғи жібектен бірден алынатын талшықтарды табиғи талшықтарға, ал химиялық әдістер көмегімен көмегімен өндірілетін талшықтарды химиялық талшықтарға жатқызады.
Химиялық талшықтарды , ары қарай, жасанды және синтетикалық деп бөледі.
Жасанды деп, табиғи жоғары молекулалық заттарды (мысалы, клетчаткалар, белоктар) өңдеу жолымен алынатын талшықтарды атайды. Оларға вискоза, ацетат, казеин және басқа да талшықтар жатады.
Синтетикалық деп синтетикалық полимерлерден жасалатын талшықтарды атайды.
Синтетикалық талшыққа мысал ретінде капрон талшығын алуға болады. Синтетикалық талшықтарды алу үшін алдымен мономерлерге синтездейді; мономерлерден полимер, ал полимерлерден синтетикалық талшық жасап шығарады.Синтетикалық талшықтардың смола балқымасынан қалыптасуы(мысалы: капрон), қондырғыда жүру процесі: ұсақталған смоланы бункерден қондырғының балқу жүретін бас тетігіне береді. Қыздырылып тұратын торда смола балқиды. Қоймалжың балқыма фильерге түседі, одан жіңішке ағым түрінде шахтаға шығады. Шахтаға суық ауа беріледі. Ағым суығанда жіңішке талшықтар алынады. Оларды әр түрлі жылдамдықпен айналып тұратын роликтерге созады және жіпке айналдырады.

Химиялық талшықтардың табиғи талшықтармен салыстырғанда көптеген қолайлы жақтары бар.
Біріншіден, химиялық талшықтарды жасауға жұмсалатын қаржы табиғи талшықтарға қарағанда аз кетеді. Екіншіден, химиялық талшықты өндіру сияқты географиялық және климаттық жағдайларға байланысты болмайды, оны кез келген жерде және көп мқлшерде өндіруге болады. Үшіншіден өзінің негізгі қасиеттері мықтылығы, әр түрлі әсерлерге төзімділігі, жылу сақталғыштығы, мыжылмайтындығы жөнінен химиялық талшықтар табиғи талшықтарға қарағанда жақсы болады. Олар шірімейтін болғандықтан, автомобиль доңғалақтарына қосылады, оны әр түрлі арқандар, балық аулайтын аулар жасауға қолданылады.
Химиялық талшықтар алу үшін полимерлер еріген немесе балқыған синтетикалық полимерлер болулары керек. Оларды жоғары қысыммен тар фильерлерден өткізгенде ауа арқылы түзілген талшықтар кебеді, сонан соң оларды орауға немесе созуға келеді.
Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап жоғары механикалық беріктік. Ол затта ісер ететін, молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.

Жасанды талшықтар
Жасанды талшық табиғи органикалық полимерлерден синтездеу арқылы алынатын химиялық талшық. Ж. т. ең алғаш өнеркәсіптік масштабта 1891ж. Францияда целлюлоза нитратынан өндірілді. Ж. т. ға вискозалы, мыс. , аммиакты, ацетатты, ақуыздық Ж. т. тар жатады. Вискозадан, мыс. , аммиакты және ацетатты талшықтарды алуға, көбінесе, мақта целлюлозасы пайдаланылады. Белоктық талшықты алуға өсімдіктекті және жануартекті(мыс. , казеин)ақуызды қолданылады. Ж. т. ты полимер ерітінділерінен құрғақ немесе ылғал әдіспен қалыптап, тоқыма не арқан жіп ретінде шығарады. Ж. т. тың кемшілігі гигиеналық және гидроскопиялық қасиеттерінің төмендігі. Алайда берік, төзімді әрі арзан болғандықтан Ж. т. өндіру артуда.

Вискоза талшығы

Ағаш целлюлозасын сілті және күкірт, көміртегімен өңдеп, одан шыққан тұтқыр ерітіндіні өте кішкене тесікті фильерадан сығып өткізу жолымен өте жіңішке жіп алынады. 1м3 ағаштан 200кг целюлоза, 160кг жіп не 1550 м тоқыма алынады. Вискоза талшықтарын мақта, табиғи жібек, жүн, бір қатар синтетикалық заттармен араластырып, іш киімді, көйлектік, костюмдік маталар, трикотаж даярлауға пайдаланылады.
Мыс аммиакты[өңдеу]
Мыс оксидінің аммиакты ерітіндісінде қысқа мақта талшықтарын ерітіп алады, оны жүнге қосып кілем тәрізді мата алады. Екеуі табиғи талшықтарға ұқсас: беті тегіс, иілгіш, созылғыш, жылтыр, жұм-сақ, бірақ мықтылығы, әсіресе, ылғал тигенде нашар. Сондықтан мүмкіндігінше созуға, үйкеуге, ширатуға, ұзақ қыздыруға болмайды. Ал құрғатқан кезде беріктігі бұрынғы қалпына келеді.

2.3. Жүн

Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк.
Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады. Жүннен тоқылған, бірақ киілген бұйымдар мен тоқымаларды өңдеуден алынған жүн де табиғи жүнге жатады, бірақ ескі немесе қалпына келтірілген жүн деп аталады. Қазіргі өнеркәсіп жүннен басқа мақта, зығыр, кендір, жүт, кенеп және басқа да өсімдік текті талшықтарды, сондай-ақ химия өнеркәсібі жасап шығаратын жасанды және синтетикалық талшықтарды пайдаланады.
Жүн -- терінің арнаулы түзіндісі, ол белокты қосылыс -- кератиннен тұрады. Жүн кератинінің ерекшелігі мынада: онда басқа белоктардағыға қарағанда күкірттің мөлшері едәуір көп болады.
Жүн эмбрионалдық кезеңде-ақ қалыптаса бастайды. 60 -- 70 күндік эмбрионның терісінде жүн талшықтарының фолликула деп аталатын бастамасы пайда болады. Оны бірінші реттік және екінші реттік фолликулалар деп бөледі. Жүні әркелкі болып келетін қойдың бірінші реттік фолликуласынан қылтық, сондай-ақ аралық немесе өлі жүн өсіп жетіледі, ал биязы жүнді қойларда одан -- неғұрлым қалың түбіт өсіп жетіледі. Бірінші реттік фолликула түзілуден бірнеше күн өткен соң екінші реттік фолликула пайда болады. Шағын өлшемді болып келетін екінші реттік фолликуладан неғұрлым жіңішке түбіт талшықтар өсіп шығады. Қозы туғаннан кейін теріде жаңадан фолликулалар түзілмейді.
Фолликулалар санының аз немесе көп болуы малдың тұқымына, тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, сондай-ақ саулықтарды буаз кезінде азықтандыру жағдайларына байланысты. Фолликулалардың келешектегі дамуы да азықтандыруға байланысты болады. Қозы қолайсыз жағдайларға тап болғанда онда түзілген фолликулалар толық жетіле алмайды және осының салдарынан түк (жүн) түзе алмайды. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: буаз саулықтарды құнарлы азықпен азықтандыру және төлдерді күтіп-бағудың жақсы жағдайларын түзу арқылы фолликулалардың жетілуіне ықпал жасауға және осы арқылы қойдың жүн өнімділігін арттыруға болады. Шамамен 120 күндік эмбрионның фолликулаларынан қылшықтар өсіп жетіле бастайды, олар бұдан соң біртіндеп терінің бетінде пайда болады.
Фолликулалар теріде топ-топ болып орналасады. Осындай топтың әрқайсысына бір бірінші реттік және бірнеше екінші реттік фолликулар, бір тер безі және бірнеше май бездері кіреді. Терінің қылшықпен бірігіп өскен учаскесі түк үрпісі деп, ал талшықтың үрпіні қоршап жатқан төменгі бөлігі -- түк баданасы деп аталады. Түк (жүн) осы беліктен өседі. Түк баданасының клеткалары қоректік заттарды қан тамырларының капиллярлары арқылы қабылдайды. Клеткалар бөліну жолымен көбейеді және біртіндеп үрпіден қашықтай береді, ал қашықтай келе олар қорек қабылдауды тоқтатады да қасаңданады, сөйтіп, жансыз қасаң түзілістерге айналады. Міне, осы түзілістер жүн талшықтарының массасын құрайды. Қылшықтың теріде болатын бөлігі түк түбірі деп, ал терінің бетіне шығып тұрған қалған бөлігі түк өзегі (кіндігі) деп аталады. Талшықтың түбірі тұрған жерді түк қынабы деп атайды. Қынаптың бүйір жақтарына май бездері орналасқан. Олардың шығару өзектері қынаптың ішкі жағына оның жоғарғы бөлігінен келіп кіреді. Құрылысының осындай болуының арқасында қылшықтың түбір белігі май бездерінің секреті -- тері майымен үнемі майланып тұрады.
Қылшықтың құрылысы. Әр түрлі қылшықтардың өзіне тән гистологиялық құрылысы болады. Түбіт талшықтары қабыршақты және қыртысты қабаттан тұрады, ал басқа қылшықтардың бұған қоса өзек қабаты болады.
Қабыршақты қабат -- талшықты судың, күн мен шаң-тозаңның және т. б. бүлдірушілік әрекетінен қорғайтын, оның сыртқы қабықшасы. Ол әр түрлі пішінді қасаңданған клеткалардан тұрады. Мәселен түбіттің қабыршақты қабаты қыртысты қабатты қамтитын сақинаға ұқсас. Неғұрлым жуандау келген басқа талшықтардың қасаңданған клеткалары үй шатырындағы бірін-бірі ұштаса жабатын черепица тәрізді жалпақ болады. Осындай құрылысының арқасында қылшық жал тәрізденіп келеді. Қабыршақтың зақымдануы қылшықтың мықтылығын, серпімділігін және басқа да физикалық қасиеттерін бұзады.
Қыртысты қабат -- қылшықтың негізгі массасы. Ол ұршық тәрізді клеткалардан тұрады және қабыршақты қабаттың астыңғы жағында болады. Талшықтың мықтылығы, серпімділігі мен созылғыштығы қыртысты қабаттың касиетіне байланысты. Қыртысты қабаттың клеткаларында бояғыш зат -- пигмент болады, жүннің түсі осы пигментке байланысты.
Өзек қабаты тек қана қылтықта, өлі жүн мен аралық жүнде болады. Ол талшықтың ортаңғы белігін алып жатады және өзара бос байланысқан клеткалардан тұрады. Қлеткалардың арасындағы қуыста ауа толы болады. Өзек қабаты тұтас қара сызық немесе үздік-үздік сызық түрінде қылшықтың ортаңғы бөлігіне орналасады. Бұл қабат неғұрлым мықты жетілсе, талшықтардың беріктігі соғұрлым нашар болады. Мұндай қылшықтардың бұйрасы аз және кейде тез үзіледі.

А) Жүн талшықтарының түрлері

Жүн талшықтарының түрлері. Қойдың жүнін талшықтары жөнінен мынадай негізгі түрлерге бөледі: түбіт, қылтық, аралық жүн және өлі жүн. Қылтықтың түрлері ретінде қатаң қылшық пен қозы жүн кездеседі.
Түбіт -- жүннің ең бағалы бөлігі болып табылады. Биязы жүнді қойлардың жүні түбіттен тұрады. Түбіт қылшықтарының жіңішкелігі 14,5 -- 25 микрон аралығында, ал ұзындығы 5 -- 15 см аралығында болады. Түбіт талшықтары әрқашан да жақсы бұйраланып тұрады. Қылшық жүнді қойлардың жүнінде де түбіт болады, ол, әдетте, оның төменгі қатарын түзеді.
Қылтық -- жүннің маңызы шамалы бөлігі. Ол әр текті ұяң және қылшық жүннің құрамына кіреді. Қылтығы аз иректелген. Ол әрқашан дерлік түбіттен ұзын болады (роман қойларының жүнінен басқа). Қылтығының жіңішкелігі 50 -- 150 микрон аралығында және онан артық та болады.
Өзінің техникалық сапасы бойынша аралық жүн қылшықтардың бағалы түрлерінің бірі болып табылады. Оған едәуір мықтылық пен серпімділік қасиет тән. Оның бұйралығы әдетте толқын тәрізді болып келеді. Жуандығы жөнінен түбіт пен қылтықтың арасындағы орташа түр болып саналады. Аралық жүннің орташа диаметрі көбінесе 26 -- 50 микрон аралығында болады. Аралық жүн -- жартылай биязы жүнді қой түқымдары жүнінің негізі, ол барлық ұяң және қылшық жүнді қойларда да кездеседі. .
Өлі жүн -- мата жасау ісіне жарамсыз келеді. Ол морт, қатты болады, бұйрасыз және бояу алмайды. Өлі жүн талшығының жуандығы 100 -- 400 микрон аралығында болады. Қой жүнінде өлі жүн кездескен жағдайда бұл жүннің құндылығы күрт кемиді.
Қатаң қылшық дегеніміз қылтықтың жоғарғы жартысында шайыры жоқ түрі. Осының нәтижесінде талшық қатты, морт болып, қалыпты қылтыққа карағанда мықтылығынан айрылады. Жабағы жүнде кездесетін қатаң қылшық жүннің құндылығын кемітеді.
Қозы жүн дегеніміз биязы жүнді койдың бір жасқа дейінгі қозыларының жүнінде кездесетін талшықтар. Қозы жүн өте ұзындығымен, талшықтарының жуандығымен және бұйрасының аз болуымен көзге түседі. Жүнді бірінші рет қырқудан кейін мұндай талшықтар, әдетте, түседі де, оның орнына биязы жүнді қойларға тән талшықтар өседі.
Жабын жүннің өнеркәсіптік маңызы жоқ. Бұл қысқа жүн, талшықтары түзу және өте қатаң. Ол қойдың сирақтарында, бастың бет бөлімінде, кейде құйрығы мен құрсағында өседі.

Ә) Жүннің түрлері

Жүннің мынадай түрлері болады: биязы, биязылау, үяң және қылшық жүн. Биязы жүн диаметрі 25 микроннан аспайтын түбіттен тұрады. Ол жақсы ұсақ бұйраларының болуымен, мықтылығымен, созылғыштығымен және басқа да жақсы қасиеттерімен көзге түседі. Ол биязы жүнді қойлардан, сондай-ақ қылшық жүнді қойлар мен биязы жүнді қойлардың қошқарының жоғары қанды буданынан алынады. Ең жақсы биязы жүн меринос жүні деп аталады.
Биязылау жүн де бір текті болып келеді және неғұрлым қылшықты түбіттен немесе аралық биязы жүннен немесе диаметрі бойынша ажырату қиынға түсетін осы талшықтардың қоспасынан тұрады. Биязылау жүн талшықтарының жуандығы 25 микроннан астам. Биязылау жүнді қой тұқымынан, қойдың тез жетілетін етті тұқымдарынан, сондай-ақ қылшық жүнді қой саулықтарын жартылай биязы жүнді қойдың қошқарларымен шағылыстырудан алынған кейбір будандардан осындай жүн алынады. Биязылау жүннің ерекше бір түрі -- кроссбред жүнін жүннің осы түріне жатқызады, ол өзіне тән бұйрасының болуымен, талшықтарының жіңішкелігінің біркелкілігімен, өте ұзын болуымен және кейде өңінің жылтырлығымен көзге түседі. Биязы жүнді қой саулықтарының линкольн қойының қошқарларымен буданынан, сондай-ақ кейбір таза тұқымды қойлардан (солтүстік кавказдық етті-жүнді, тянь-шаньдық қой, т.б.) осындай жүн алынады.
Әр текті жүн ұяң жүн деп аталады. Мұндай жүн I -- II ұрпақтың (қылшық жүнді қойдың саулықтары X биязы жүнді қой тұқымының қошқарлары) буданынан, тәжік және сараджи тұқымының қойларынан алынады. Ол түбіттен, аралық жүн мен айтарлықтай жіңішке қылтықтан тұрады.
Б) Жүннің техникалық қасиеттері

Жүннің техникалық қасиеттеріне оның талшығының ұзындығын, жіңішкелігін, бұйралығын, мықтылығын, иілгіштігі мен созылғыштығын, серпімділігін, өңінің жылтырлығы мен түсін жатқызады. Қойларды бонитировкалау мен жүнді кластарға бөлу кезінде осы қасиеттерге қарай отырып, жүннің құндылығын белгілейді.
Жүн талшығының ұзындығы -- оның құндылығын анықтайтын, жүннің негізгі қасиеттерінің бірі. Жүннің табиғи ұзындығын талшықтың иректерін түзетпестен, табиғи күйінде штапелінде немесе тұлым жүнінде өлшейді. Жүн талшығын көрместен, иректері түзетілгенше созып алған өлшемді қылшықтың нағыз ұзындығына жатқызады.
Қой жүні талшықтарының жуан жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14, 2-25 мкм, ұзындығы менирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25, 1-35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т. б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға. Бағып, күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т. б. ешкі тұқымының жүні биязылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады.
Жүн талшықтарының ұзындығы қойдың тұқымына, жынысы мен жасына, жылына неше рет қырқылатынына және малдың жеке ерекшелігіне байланысты. Биязы жүнді қой тұқымдарынан ең қысқа жүн алынады, оның ұзындығы, әдетте, 5 -- 10 см болады. Кейбір биязылау етті-жүнді қой тұқымдарынан ең үзын жүн алынады. Мысалы линкольн, куйбышев және басқа қой тұқымдарының жүнінін. ұзындығы 12 айлық кезінде 20 -- 40 сантиметрге жетеді. Қылшық және үяң жүнді қойлардың жүн талшықтарының ұзындығы 20 -- 30 сан-тиметрге жетеді. Көктемгі қой қырқу кезінде олардың жүнінің ұзындығы 7 -- 10 сантиметрден 25 -- 30 сантиметрге дейін, ал күзгі қой қырқу кезінде 7-ден 15 сантиметрге дейін жетеді. Қойдың жасы өскен сайын жүн талшықтарының ұзындығы өзгереді. Бір жастағы қозыларда ол барынша ұзын болады. 5 -- 6 жастан асқан қойлардың жүнінің өсуі баяулайды.
Малдың денесінде ұзындығы әркелкі жүн өседі. Қойдың жаурыны мен бүйірінде және санында ең ұзын, ал бауырында ең қысқа жүн талшықтары өседі. Жүннің ұзындығы қойды азықтандыру дәрежесіне байланысты және ол жүн қырқу шамасына күшті әсер етеді: жүн талшықтары неғұрлым ұзын болса, басқа жағдайлардың бәрі бірдей болған кезде, қырқылатын жүннің мөлшері соғұрлым көп болады.
Жүн талшықтарының ұзындығы оның жіңішкелігімен көбінесе кері қатынаста болады. Неғұрлым жіңішкелеу келетін, бір текті жүн неғұрлым жуандау келетін жүн талшықтарынан көп жағдайда қысқалау келеді. Алайда мал тұқымын асылдандыру жұмысын іскерлікпен жүргізе білу арқылы жүн талшықтарының ұзындығы оның қажетті жіңішкелігіне сай келетін қой отарларын құруға болады.
Жүн талшығының жіңішкелігі -- жүннің сапасын анықтайтын, маңызды қасиеттерінің бірі. Оны қылшықтың көлденең қимасының диаметрін өлшеу арқылы анықтайды да, микронмен белгілейді. Жуылған 1 кг биязы жүннен (талшықтарының орташа диаметрі 20 -- 25 микрон) 3 -- 4 м2, ал 1 кг қылшық жүннен (45 -- 55 микрон) бар болғаны 1 м2 шамасында сапасы жақсы жеңіл мата жасап шығаруға болады.
Қойды бонитировкалау, жүнді кластарға бөлу және сорттау кезінде оның талшығының жіңішкелігін көз мөлшерімен анықтайды, бірақ ол үшін мол тәжірибе керек. Бақылау үшін жіңішкелігі алдын ала микроскоппен дәл анықталған жүн үлгілерін (эталондарды) пайдаланады. Қазіргі уақытта біздің елімізде барлық бір текті жүннің (биязы және биязылау) жіңішкелігін анықтау үшін жүнді кластарға бөлудің бірыңғай системасы (жүйесі) жасалған. Бұл жүйе бойынша бір текті жүннің 13 негізгі класы белгіленген, оларды сапа деп атап, 80, 70, 64, 60, 58, 56, 50, 48, 46, 44, 40, 36 және 32 цифрларымен белгілейді. Көрсетілген әрбір сапаға жүннің белгілі бір жіңішкелігі сай келеді.

2.4. Жібек

Жібек құртының пілләссынан өндіріліп, тоқыма мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Кейде ол талшықтан тоқылған матаны да жібек деп атайды. Жібек құрты қуыршаққа айналар алдында арнаулы бездері бөлетін жібек жіпше піллә түзеді. Өндірістік жібек негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін(асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынады. Асыранды жібек құрты барлық жібектің 90% береді. Көп еібек қажет ететіндіктен жібек ең қымбат талшық саналады, сондықтан қазір жасанды жібек өндірісі жолға қойылған. Жалғыз пілләдан алынған талшық тым жіңішке болғандықтан, тікелей өндірісте қолданылмай, тек жібек қасиетін зерттеу үшін пайдаланылады. Жібектің механикалық қасиеттері жоғары әрі жақсы диэлектрик, 120-130 С ыстыққа төтеп береді, тек 160-170С та ыдырай бастайды. Табиғи жібек талшықтарынан тоқылған маталарды ерте замандарда адамдар өте жоғары бағалаған. Жібек маталар алғаш Қытайда шығарылып, Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропа елдеріне таралған. Жібек құрты қазір тек Оңт. Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында, Қытай, Жапония, Үндістан және т. б. елдерде өсіріледі.

2.5.Кендір талшығы

Кендір талшықтары беріктігімен қатар ұзын әрі жіңішке, жұмсақ әрі жылтыр келеді. Сондықтан одан тоқыма өндірісінде пайдаланылатын жіп иіріледі. Кендір талшығы кендір паясынан алынады да, сапасына(ұзындығына, жуандығына және түсіне)қарай бөлініп, түту машинасына жіберіледі. Түту нәтижесінде тал, тал ұзын талшықтармен қатар шатысқан қысқа талшықтар да алынады. Бұлар сапасына қарай әр түрлі жұйемен иіріледі. Ұзын талшықтардан жіп иіру үшін түтілген кендір алдымен дестелеуүш машинадан, сонан соң 3-4 лента машинасынан өткізіліп шүйкеленеді. Шүйкеленген талшық иіру машинасында қажетті мөлшерге дейін жіңішкертіледі де, беріктігі тиісті шамаға жеткізіле ширатылады. Қысқа талшықтардан жіп иіру үшін олар алдын ала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқыма талшықтары
Басқа талшықтар араласқан жасанды жіптерден тоқылған маталар
Жасанды талшықтар
Талшықтың ұзындығы және сызықтық тығыздығы
Материалдарының түрлерінің құрылымы
Жасанды талшық материалдан жасалған киімдердің гигиеналық қасиеті
Синтетикалық талшықтар өндірісі
Талшықтар қоспасынан жасалған текстиль маталарын колорирлеу
Химиялық талшықтардың классификациясы
Табиғи және синтетикалық талшықтар
Пәндер