Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институты

Химия және экология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қызылорда облысы бойынша жергілікті

халық денсаулығына мониторинг жасау

Орындаған: Қалмұрзаева Ұ. А. - Э - 10 - 1 оқу тобының студенті

Қабылдаған: Асқарова Г. Ш. - т. ғ. к., аға оқытушы

Қызылорда, 2013 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: І.
КІРІСПЕ: АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА
3:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары
3: 4-8
: 1. 2
КІРІСПЕ: Денсаулық сақтау қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау
3: 9-10
: 1. 3
КІРІСПЕ: Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу
3: 11-13
: ІІ
КІРІСПЕ: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ МОНИТОРИНГТІК ТАЛДАУ
3:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Қызылорда облысы аумағының экологиялық жағдайы
3: 14-17
: 2. 2
КІРІСПЕ: Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы
3: 18-24
: 2. 3
КІРІСПЕ: Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері
3: 25-28
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 29-30
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 31

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адам табиғатпен физикалық және рухани үздіксіз байланысқан, ол өз өмірін сақтап қалу үшін табиғатпен тұрақты қарым-қатынаста болады. Адам өзі өмір сүретін ортада белсенді қызмет атқарады және өзінен төменгі сатыдағы эволюциялық дамушылармен пассив түрде араласса да, оларды өзіне үйретуге қадам жасайды. Адам мұндай қадамды мәдени түрдегі үйрету арқылы орындайды. Адам өмір сүретін орта- биосфера, бірақ адам оның жаратылысына қарсы өз қолымен көп әрекет етеді, бұл өз кезегінде биосфера психикасына терең әсер етіп, оның тіршілігіндегі қалыптасқан тепе-теңдігін бұзады. Нәтижесінде адам өмір сүретін орта - табиғат, жасанды күйге еніп, соның салдарынан жойылуға бет бұруда. Адамзаттың табиғатты оның заңдылықтарымен санаспай пайдалануы адамзаттың өзіне және оның өзі құрған қоғамының тіршілігіне қатер туғызуда. Соңғы кездері статистикалық мәліметтердің көрсетуі бойынша өнеркәсіптік өндірістер мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қарай адам денсаулығында болатын түрлі өзгерістер көбейе түскен. Сондықтан кез келген әлеуметтік жүйе табиғи ортамен сәйкестікте өмір сүруі қажет және өзінің еңбек заты мен табиғатты пайдалану әдістерін, өзінің өндірісін табиғат мүмкіндіктеріне сай жүргізуі шарт. Сонда табиғат та өз популяциясын және өмір салтын сол мүмкіндіктерге үйретеді. Табиғатпен санаспай өмір сүру адамның өмір-тіршілігіне, әсіресе денсаулығына көптеп әсер етіп, тіпті бұрын болмаған аурулардың пайда болуына жағдай жасап отыр. Ал, адамзат үшін ең басты байлық - денсаулық болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін экологиялық факторларды оқып - зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығының мониторингін оқып - зерттеу;

- Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінде

белгілеу.

Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 5 суреттен, 8 кестеден жинақталған. Жұмыстың жалпы көлемі 31 бет, пайдаланылған әдебиеттер саны 4.

  1. АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

1. 1 Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары

Денсаулық анықтамасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Уставында келесі түрде тұжырымдалған: «Денсаулық дегеніміз - бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық». Негізінен денсаулықты алты қыры бар деп, одан да толығырақ қарастыруға болады: физикалық денсаулық, психикалық және интеллектуалды денсаулық, жеке денсаулық, рухани денсаулық, эмоционалды денсаулық, әлеуметтік денсаулық. Физикалық денсаулық келесі түсініктерден тұрады: адам денесі қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.

Психикалық және интеллектуалды денсаулық - бұл психикалық аурудың және кем ақылдылықтың болмауы. Психикалық денсаулық адамның жаңа білімді қабылдауымен және қолдау қабілетімен, негізгі психикалық үдерістердің күшімен және қозғалғыштығымен сипатталады.

Әлеуметтік денсаулық - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде түсіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен кәсіби сапаның орны анықталады. Бұл адамның материалдық жағынан қажеттіліктерімен қамтамасыз етілуі, яғни оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі. Адамды қоршаған ортаның төрт компонентін бөліп көрсетуге болады. Оның үшеуі антропогендік факторлардың әсерінен өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі - тек адамзат қоғамына тән әлеуметтік орта. Адамның денсаулығы оның өмір-тіршілігі өтетін қоршаған ортасының, яғни тіршілік ортасының жай-күйіне тығыз байланысты. Адамның тіршілік ортасы түсінігі, бұл - табиғи және қоғамдық түр ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін табиғи және жасанды жағдайлар жиынтығы.

Демек, адамды «қоршаған орта» табиғи немесе жасанды орта болуы мүмкін. Соған байланысты қоршаған ортаға әртүрлі анықтама беруге болады. Қоршаған табиғи орта - адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи орта компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Қоршаған орта мен адамның өзара қарым - қатынасын зерттеуде екі негізгі мәселені бөліп көрсетуге болады. Олар орта факторларының адамға ықпал етуі және адамның қоршаған орта мен оның өзгерістеріне бейімделуі.

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондықтан да адам тіршілік құрамының бір бөлшегі болып есептеледі.

Адамның денсаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адам үшін демалатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының маңызы ерекше. Адамның мұқият ойланбай жасаған кейбір іс-әрекеттері, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері, әсіресе соңғы кездері оның өзінің денсаулығына кері әсер етуде. Мұндай жағдайлар әсіресе, Қазақстанда ерекше байқалады.

Қазіргі таңда ауыз су, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үлкен мәселеге айналып отыр. Өйткені, қоршаған ортаның ластануы өз кезегінде адамның экологиялық таза азық - түлікпен қамтамасыз етілуіне көп кедергі жасайды.

Сусыз өмір жоқ деп айтып жатамыз. Шынында да барлық тірі ағзалар секілді адам денесі де судан тұрады (эмбрионда - 97 %, жаңа туылған нәрестеде - 77 %, үлкен адамда - 60 %) және сусыз тіршілік етуі мүмкін емес. Егер адам денесінен 6-8 % суды жоғалтса, көңіл-күйі төмендейді, 10 % ағзада өзгерістер пайда болады, 15-20 % жоғалтулар байқалғанда адам өліп кетуі де мүмкін.

Адамға қажетті су нормасы тәулігіне - 2-2, 5-нан 5 л дейін. Американдық ғалымдардың есептеулері бойынша, суды тұтыну құрылымы: ішу және тамақ әзірлеуге - 5 %, дәретханадағы су толтыратын бөшкеде - 43 %, ванна және душ - 34 %, ыдыстарды жуу - 6 %, кір жуу - 4 %, тұратын орынды жинауға қажетті су - 3 %, басқа да қажеттіліктер - 5 %. Осындай қажеттіліктерді өтеу үшін таза су керек. Ал қазіргі су көздерінің ластануы өз алдына бір үлкен экологиялық мәселе. Су көздері бүгінде әбден ластанғаны сондай әлемдегі кейбір ашық су көздері өлі суға айналған, пайдалануға мүлде жарамсыз.

Ластануға судың барлық санаттары жатады: мұхит, континенттік, жер асты сулары. Ауыз судың сапасы халық денсаулығына әсер ететін бірден бір фактор. ДДСҰ мәліметтері бойынша су сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (көбінесе балалар) өледі, әртүрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн-нан 1 млрд-қа дейін жетеді.

Ауыз су проблемасы Қызылорда облысын да айналып өтпейді. Облыс бойынша ауыз судың сапасы Қызылорда қаласында өте нашар көрінеді. Ауыз су сапасының өз дәрежесінде болмауынан ішек аурулары, түрлі жұқпалы аурулар, әсіресе жаздыгүндері көп тіркеледі. Кейде сәбилердің өміріне қауіп төндіріп жататын кездері де жиі болып тұрады.

Соңғы кездері адамның шаруашылық еңбегінің нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы жиі байқалуда. Атап айтқанда, қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтардың атмосфера, гидросфера мен топырақ сияқты табиғи орта компоненттеріне шектен тыс шығарылуы, қоршаған ортаға қажет емес шу, жылу, сәуле шығаратын радиация, ультрадыбысты толқындар, діріл (вибрация) және тағы сол сияқты физикалық факторлардың пайда болуынан қоршаған ортаның физикалық-химиялық құрамы мен қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы ластаушылар мөлшерінің санитарлық-гигиеналық нормативтерден асып түсуімен сипатталады.

Қоршаған ортаның ластануы адамның физикалық денсаулығына, жүйке, психикалық жағдайына, болашақ ұрпақтың денсаулығына көп әсер етеді. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайының 50-52 %-ы - өмір сүру салтына, 20-25 %-ы - тұқым қуалау факторларына, 18-20 %-ы - қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12 % ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Дегенмен, соңғы кездері адам денсаулығы мен өмір-тіршілігіне қоршаған орта жағдайының анағұрлым көп әсер ететіні байқалады. Әсіресе, антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталған. Қатерлі ісік ауруларының 75-80 %-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, сәбилердің өлі туылуы мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халық денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн. -нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos -бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге, яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Соңғы кездері табиғи және физика-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен күйзелістік құбылыстар арқылы әсер етеді. 1-кестеде халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.

1 - кестеден адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлардан екенін көруге болады. Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.

ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша жыл сайын дүниежүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.

Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90 %-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23 %-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25 %-ға дейін артқан. Аурулар индустриальды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.

1 - кесте. Әр түрлі аурулардың әсерінен болатын халық өлімінің себептері

Аурулар
Оның ішінде өлімнің себебі, %
Өмір сүру салты
Қоршаған орта
Тұқым қуалаушы-лық
Денсаулық сақтау
№: 1
Аурулар: Жүрек аурулары
Оның ішінде өлімнің себебі, %: 54
9
25
19
№: 2
Аурулар: Қатерлі ісік
Оның ішінде өлімнің себебі, %: 37
34
29
10
№: 3
Аурулар: Жол-транспорттық
Оның ішінде өлімнің себебі, %: 68
18
1
12
№: 4
Аурулар: Атеросклероз
Оның ішінде өлімнің себебі, %: 49
8
25
18
№: 5
Аурулар: Диабет
Оның ішінде өлімнің себебі, %: 26
0
68
18
№: 6
Аурулар: Бауыр циррозы
Оның ішінде өлімнің себебі, %: 70
9
18
3
№: 7
Аурулар: Өзін-өзі өлтіру
Оның ішінде өлімнің себебі, %: 60
35
2
3
№: 8
Аурулар: Барлық күтпеген қолайсыз жағдайлар
Оның ішінде өлімнің себебі, %: 51
31
4
14
№: 9
Аурулар: Орташа алғанда
Оның ішінде өлімнің себебі, %: 48
16
25
11

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6, 5-тен 12 ШРК-ға көтерілуі балалар ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20 %-ға жоғарылауы - 1, 4 есеге артуына әкеледі.

Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған әр мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда - 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған.

Арал өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қауіпті зардабы адам денесіне енген дәрінің сауықтыру әсерін жойып жіберетіні байқалған. Мысалы, өкпе ауруына қарсы алдын ала вакцина еккенде, оның тиімді әсері болмайтыны жөнінде фактілер бар. Сол сияқты сүзек, қызылша және басқа жұқпалы ауруларға қарсы жас балаларға вакцина еккенде олардың бойында иммунитет пайда болмайтыны байқалып жүр. Адам ағзасындағы иммундық қорғаныс жүйесінің төмендеуі орасан қауіпті екені белгілі. Дәрігерлер оны «Экологиялық СПИД» деп атайды.

Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

1. Канцерогендер (латын тілінен аударғанда cancir - рак, генезис -шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 канцерогенді заттардың түрлері белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бенз(а) пирен және т. б. полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест және т. б. жатады;

2. Мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio - өзгеру) - хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, колхицин, кейбір вирустар және т. б. жатады;

3. Тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos - құбыжық) - жеке дамуда кемістіктерге, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т. б. ластаушылар жатады.

1. 2 Денсаулық сақтау қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау

Қызылорда облысының медицина саласы айтарлықтай оң өзгерістерге түсіп, өркендеудің жолына бет бұрды. Бұл ретте елімізде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілгені жақсы жаңалықтарға серпін беріп отыр. Осының арқасында науқас кісілердің күрделі оталар жасай алатын дәрігрлер мен емдеу орындарын өзі таңдауына мүмкіндік туды. Салада емдеудің жаңа тәсілдері пайда бола бастады. 2011 жылы Сыр өңірінің денсаулық сақтау саласында да көптеген оң өзгерістер орын алды. Бүгінгі таңда облыстық кардиологиялық орталық ауруларға коронация жасап қоймайды, сонымен бірге күрделі қан - тамырлар оталарын да орындай беретін болды. Біздің облысымызда халыққа медициналық қызмет көрсетуде 216 емдеу алдын алу ұйымдары жұмыс атқарса, 13 жеке медицина ұйымдары бар. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланған былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, облыстың денсаулық сақтау саласы да өз межелеріне жете білді. 2011 жылы саланы қаржыландыруға 23, 9 млрд теңге қаралып, 30, 7 пайызға өсті. Тұрғындарды жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етуге 84, 9 млн теңге бөлініп, 34, 4 пайыз артты. Емдеудің алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын толықтыру, халыққа көрсетілген медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында Қызылорда қаласындағы бір ауысымда 500 келуші қабылдайтын қалалық емхана, 200 төсектік перинатальдық орталықтың құрылыстары аяқталып, 2012 жылдың алғашқы айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Былтыр облыстық бюджеттің есебінен облыстың 4 елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт, Қармақшы ауданындағы Төретам кентінде ауылдық емханасын салуға және Қармақшы ауданындағы емханаға ғимарат сатып алуға қаржы бөлініп, толығымен іске асырылды.

Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.
Медициналық қызметтердiң сапасы кешендi ұғым болып табылады және ол көптеген көлемдi себептерге байланысты, олардың iшiнде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсiби деңгейiн және оны арттыруға деген уәждемесiнiң болуын, медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсету үдерiстерiн басқарудың қазiргi заманғы технологияларын енгiзудi, медициналық көмекке ақы төлеудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзудi бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердiң сапасын басқаруды жетiлдiру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейiн стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.
2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты мiндеттер қойды. Оның iшiнде Нұрсұлтан Әбiшұлы «Саламатты өмiр салты мен адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi қағидаты - мiне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты мәселесi болуы тиiс» екендiгiн атап көрсеттi.
Халық денсаулығының қазiргi жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiне жүргiзiлген талдау негiзiнде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және iске асыру тетiктерi айқындалды.

Бағдарламаны iске асыру медициналық қызмет көрсетудiң шығыны аз нысандарына өту үшiн жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасының деңгейiн арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесiн қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтiк қызметтердi енгiзуге, сондай-ақ халықтың өзiн-өзi сақтау мiнез-құлқының дәйектемесi, медицина персоналының кәсiптiк және жеке өсуi, денсаулық сақтау жүйесiн қоғамның қазiргi талаптарына және нарықтық жағдайларына бейiмдеу үшiн жағдай жасауға ықпал ететiн болады.

Соңғы жылдардағы қоғам дамуының түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістері жеке тұлғаға ғана емес, тұтас қоғамға ықпалын тигізуде. Сол себепті, қоғамның әлеуметтік-экономикалық негізін жақсарту үшін мемлекет тарапынан реттеу әдістерін пайдалана білудің маңызы үлкен.

Денсаулық сақтауда мемлекеттік емес сектордың қалыптасып келе жатуына байланысты нарықтық қатынастар жүйесіндегі денсаулық қорғаудың мәнін анықтаудың маңызы зор.

Денсаулық сақтау саласын реформалаудағы мақсатпен міндеттерді нақтылаудың экономикалық тетіктерін қалыптастыру - қазіргі кезеңнің ең өзекті мәселесі. Қазіргі уақытқа дейін денсаулық көрсеткіштеріне ықпал жасайтын негізгі факторлардың ауқымды мәселелері шешілмей келеді.

Тұрғындардың материалдық және мәдени қажеттіліктерінің деңгейі жоғары болған сайын денсаулықтың жақсаруына деген талаптары да артады. Сонымен қатар, мәдәниетті адамның қажеттілігі медициналық көмектің сапасына да дәрігерлік тексерудің техникалық жақтарына да әсер етеді.

Медициналық қызмет көрсету нарығын дамыту өзге елдерден ерекшеленеді, бүгінгі таңда нарықты жетілдіруде бірқатар мәселелер бар. Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің айырмашылықтарын ескере отырып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жоғарылатуға, медициналық ұйымдардың қызметінің экономикалық тиімділігін көтеруге, медициналық қызмет өндірісінің қаржылық тұрақтылығын жасауға, ынталандыруға байланыстықұрылған мемлекеттік және нарықтық реттеуді үйлесімді қолдану керек.

1. 3 Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу.

Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесiн және менеджменттi жетiлдiру тұтас алғанда, денсаулық сақтауды басқару органдарының атқарушы функцияларын, олардың бөлiгiн медициналық қызметтердi мемлекеттiк өнiм берушiлердiң дербестiгiн көтере отырып мемлекеттiк, мемлекеттiк емес және қоғамдық ұйымдарға кезең-кезеңмен бере отырып, орталықсыздандыру стратегиясы жалғасатын болады. Бiр уақытта кейбiр функцияны: мемлекет кепiлдiк берген медициналық көмектi қаржыландыруды, дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi, денсаулық сақтау саласында бақылауды орталықтандыру қамтамасыз етiлетiн болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал өңiрiнiң проблемалары
Қызылорда облысы туралы мағлұмат
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Арал экологиясының ахуалы
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
Байқоңыр ғарыш аймағын зерттеуде гаж технологиясын қолдану
Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің арасындағы келісім – шарт
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай?
Экология ғылымы және оның міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz