Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 тарау. Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі
1.1 Жер құқық қатынастарының түсінігі және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Жер құқық қатынастарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3. Жер құқық қатынастарының қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2 тарау. ҚР.ның жер нарығы туралы түсінік
2.1. ҚР жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2. Жер пайдалану құқығы саласындағы жер құқық қатынастарының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3 тарау.Жер нарығы және жерге орналастыру
3.1.Жер нарығын реформалау мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2. Жерге орналастыру, жер мониторингі мен кадастры ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы қоғамдық қатынастар, оның ішінде жер қатынастары, Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының нормаларына сай дами бастады.
Ата Заңымыз адам құқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып, демокаратиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, өзіміз және ұрпақтарымыз үшін лайықты өмірді қамтамасыз етуді қалай отырып, конституциялық құрылыстың негіздерін жариялады. Орталықтандырылған тоталитарлық жүйе бойынша қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қатынастар адамдардың өскелең материалдық және рухани қажеттліктерін мейлінше, толық қанағаттандыру принциптеріне қайшы келіп, өмірдің өзі барлық әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қатынастарды қайта реттеуді, экономикалық-құқықтық реформаларды жүргізіп, іске асыруды талап етті.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында былай делінеді "... Идеологиялық және саяси ұрандармен бүркемеленген кеңестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін тазартуды талап етеді".
Бұл бағдарлама құқықтық мемлекет құрудың және заң шығару үрдісін жетілдірудің болашақ бағыттарын белгілеп берді. Ол үшін жер құқық қатынастарын бір жүйеге салып, қоғамға, халыққа қызмет ететін неғұрлым тиімді және қайшылықсыз табиғат байлықтары, оның ең қасиеттісі жер туралы басқа үндестікті заңдармен қамтамасыз ету керек. Бұл салада, ең алдымен, жер және басқа табиғат байлықтарын тиімді және ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету — еліміздің әлеуметтік және экономика саласындағы кезек күттірмес міндеттері мен мақсаттары екенін еске алуымыз керек.
Құқық қатынастарының ғылыми түсінігі нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінде, ондағы қоғамдық қатынастарды, соның ішінде жер құқық қатынастарын, ғылыми түрде жүзеге асыруда негізгі құралдардың қатарына жатады. Себебі, ол ғылымның жетістіктері мен ұжымдық тәжірибелерге арқа сүйейді. Сонымен бірге ол құқық нормаларын қолдану ауқымын белгілеп берумен қатар, нарық экономикасы өтпелі кезеңіндегі қатынастардың реттелу өрісін кеңейтеді және жетілдіруге қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті 1994 жылғы желтоқсанның 15-інде Жоғарғы Кеңес сессиясында сөйлеген сөзінде "Заң реформаға қызмет етуге тиіс" деп айтты.
Ғылыми зерттеулер жер қатынастарын реттейтін нормалдардың өрісін жетілдірумен шектелмей, ол нормалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін де анықтап беруге тиіс. Оның мақсатына теріс әсер ететін құбылыстарды, әрекеттерді болдырмау және олардың алдын алатын тәсілдерін, керек болған жағдайларда, олармен күрес жүргізу амалдарын белгілеп беріп, барлық қатынастардың еліміздің талабына сай жүзеге асырылуы жатады. Мемлекет қызметінде жер құқығы жер қатынастарының

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Архипов И.Г. Земельное право РК. – Алматы: «Борки»1997.
2. Аксененок Г.А. Земельное право – М., 1972.
3. Боголюбов С.А. Земельное право – М., 1998.
4. Ерофеев Б.В. Земельное право – М., 1998.
5. Петров В.В. Земельное право Росии. Стоглавъ, 1995.
6. Хаджиев А.Х. земельное право РК. Общая часть: Учебное пособие. – Алматы, 2002.
7. Абдраимов Б.Ж. Актуальные вопросы правоприменения при разрешении земельных споров. – Алматы, 1998.
8. Абдраимов Б.Ж. Вопросы правового механизма обеспечения в земельном процессе. Алматы, 1995., «Юрист».
9. Абдраимов Б.Ж. Проблемы совершенствования процессуальных форм реализации норм земельного права. – Алматы, 2001.
10. Абдраимов Б.Ж. Земельное законодательство и судебная практика. – Алматы, 2002.
11. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын Е. Возмещение экологического вреда по законодательству РК. – Алматы, 2001., «Юрист».
12. Абдраимов Б.Ж. Процесуальные особенности разрешения земельных споров. Алматы, 2003.
13. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК. – Алматы: «Жеті - жарғы»,. 1995.
14. Бектурганов А.Е. Надо учитывать национальные традиции. // Юридическая газета. – 1999. - №10(277)
15. Бектурганов А.Е. ҚР-ғы жер құқық қатынастары.- Алматы: «Жеті-Жарғы», 1997.
16. Бектурганов А.Е. Ждет земля хозяйна. Казахстанская правда, 18 апреля 2003.
17. Косанов Ж.Х. Право собственности, право землепользования и иные права на землю. Алматы, «Данекер», 2002.
18. Куанышев Е. Понятие ответственности за нарушение земельного законодательства. -1997-№6.
19. Стамкулов А.С. Проблемы земельного законодательства в Казахстане // Юридическая газета. – 2000, 1 марта.
20. Стамкулов А.С., Бектурганов А.Е. Некоторые вопросы права собственности на землю в РК // Вестник Минюста РК. -1995.-№2.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі
1.1 Жер құқық қатынастарының түсінігі және
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Жер құқық қатынастарының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
1.3. Жер құқық қатынастарының
қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2 тарау. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
2.1. ҚР жерге меншік құқығы мен басқа да
құқықтыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2. Жер пайдалану құқығы саласындағы жер құқық қатынастарының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3 тарау.Жер нарығы және жерге орналастыру
3.1.Жер нарығын реформалау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2. Жерге орналастыру, жер мониторингі мен
кадастры ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..35
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы қоғамдық қатынастар, оның
ішінде жер қатынастары, Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының
нормаларына сай дами бастады.
Ата Заңымыз адам құқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып,
демокаратиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап,
азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, өзіміз және ұрпақтарымыз үшін
лайықты өмірді қамтамасыз етуді қалай отырып, конституциялық құрылыстың
негіздерін жариялады. Орталықтандырылған тоталитарлық жүйе бойынша
қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қатынастар адамдардың
өскелең материалдық және рухани қажеттліктерін мейлінше, толық
қанағаттандыру принциптеріне қайшы келіп, өмірдің өзі барлық әлеуметтік-
экономикалық және құқықтық қатынастарды қайта реттеуді, экономикалық-
құқықтық реформаларды жүргізіп, іске асыруды талап етті.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік
бағдарламасында былай делінеді "... Идеологиялық және саяси ұрандармен
бүркемеленген кеңестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң
жүйесін тазартуды талап етеді".
Бұл бағдарлама құқықтық мемлекет құрудың және заң шығару үрдісін
жетілдірудің болашақ бағыттарын белгілеп берді. Ол үшін жер құқық
қатынастарын бір жүйеге салып, қоғамға, халыққа қызмет ететін неғұрлым
тиімді және қайшылықсыз табиғат байлықтары, оның ең қасиеттісі жер туралы
басқа үндестікті заңдармен қамтамасыз ету керек. Бұл салада, ең алдымен,
жер және басқа табиғат байлықтарын тиімді және ұтымды пайдалануды және
қорғауды қамтамасыз ету — еліміздің әлеуметтік және экономика саласындағы
кезек күттірмес міндеттері мен мақсаттары екенін еске алуымыз керек.
Құқық қатынастарының ғылыми түсінігі нарықтық экономиканың өтпелі
кезеңінде, ондағы қоғамдық қатынастарды, соның ішінде жер құқық
қатынастарын, ғылыми түрде жүзеге асыруда негізгі құралдардың қатарына
жатады. Себебі, ол ғылымның жетістіктері мен ұжымдық тәжірибелерге арқа
сүйейді. Сонымен бірге ол құқық нормаларын қолдану ауқымын белгілеп
берумен қатар, нарық экономикасы өтпелі кезеңіндегі қатынастардың реттелу
өрісін кеңейтеді және жетілдіруге қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті 1994 жылғы желтоқсанның 15-інде
Жоғарғы Кеңес сессиясында сөйлеген сөзінде "Заң реформаға қызмет етуге
тиіс" деп айтты.
Ғылыми зерттеулер жер қатынастарын реттейтін нормалдардың өрісін
жетілдірумен шектелмей, ол нормалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін
де анықтап беруге тиіс. Оның мақсатына теріс әсер ететін құбылыстарды,
әрекеттерді болдырмау және олардың алдын алатын тәсілдерін, керек болған
жағдайларда, олармен күрес жүргізу амалдарын белгілеп беріп, барлық
қатынастардың еліміздің талабына сай жүзеге асырылуы жатады. Мемлекет
қызметінде жер құқығы жер қатынастарының дамуының дұрыстығына және бұл
салада әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуына пәрменді ықпал ететін
құралы екенін де ұмытпаған жөн. Сондықтан жер қатынастарына құқықтық
реттеуді мемлекеттен ажыратып қарауға болмайды. Мұны еліміздің Ата Заңының
"Адам және азамат" деп аталатын екінші бөлімінен көруімізге болады.
Соған орай, жер құқық қатынастарын реттеуде объективті үрдістердің
қажеттіліктерін де еске алатын мемлекеттік басқару жүйесі ерекше орын
алады.
Жер құқығы — жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер
қатынастарын реттеуде оны құрал есебінде пайдаланады, оған бағыт береді,
оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі құқықтық
қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. Бірақ экология,
аграрлық құқықтар саласында жер құқық қатынастары туралы ғылыми зерттеулер
өте аз. Оның үстіне, олар бұрынғы Кеңестер Одағындағы орталықтандырылған
жер қатынастарына арналғандықтан, қазір еліміздегі дамып келе жатқан жер
қатынастарының принциптеріне сай келмейді. Сонымен бірге, мемлекеттік
тілде жер құқық қатынастары туралы зерттеулердің жоқтығы,
жарияланбағандығы ғылым саласының ұлттық өрісін тарылтып отыр.
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы -
Қазақстан Республикасының заң шығарушылық құқының өрісіне қарай зиянды
көрініс. Бұл туралы өз пікірімізді бұрын ортаға салғанбыз.
Жер туралы жаңа заңның Республикамызда жер құқық қатынастарын нарық
экономикасының талаптарына сай құруда атқаратын қызметі орасан зор. Оның
заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдаған заңдарымен
бірдей. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы (Қазақстан Республикасы
Конституциясының 49-бабы).
Келешекте Жер туралы Жарлыққа біз ұсынған толықтырулар мен қосымшаларды
және басқа ұсыныстарды ескере отырып, Парламент Қазақстан Республикасының
Жер кодексін қабылдауы мүмкін.
Оның мұндай заң шығарушылық құқығы - Қазақстан Республикасының егеменді,
тәуелсіз мемлекет ретінде бүкіл республика халқы атынан атқарылатын
қызметі. Оның қабылдаған заңдарының күшін өзінен басқа ешкім де жоя
алмайды. Бұл пікір бүрынғы Кеңес одағы кезінде айтылса да, қазіргі
тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасына тікелей қатысы бар.
Бұл зерттеу жұмысы, біріншіден, жер құқық қатынастары арқылы Қазақстан
Республикасның жер заңдарының мәнін, атқаратын рөлін, қызметін, екінші
жағынан, олардың қоғамдық қатынастарда алатын орнын белгілеп беру
мақсатын, сондай-ақ жоғарыда атап өткен жер құқық қатынастары
мәселелерінің кең ауқымды екенін еске алып, жер құқық қатынастарының
түсінігі, талаптары мен мазмұнына және аталған қатынастардың пайда болу,
өзгертулері мен қысқартылуына (жойылуына), жерді құқықтық қорғау
мәселелеріне жаңа заңдар негізінде талдау жасап, қорытындылар жасауды
көздеді. Қаралып отырған мәселелердің күрделілігі оның құқықтық
негіздеріне де байланысты. Кейінгі кезде жер құқық қатынастары азаматтық
құқық қатынастары сипатын ала бастады. Жаңадан Азаматтық кодекс, Жер заңы
және басқа да жерге байланысты мүліктік құқық туралы заң құжаттары
қабылданды. Құқықтық қатынастардың осындай негіздеріне және кейбір ғылыми
пікір таластарға да талдай жасалып, қорытындылады, пікір айтылып, түйін-
тұжырым жасалды.
1 тарау. Жер құқық қатынастарының түсінігі, сипаттамасы, түрлері және
қағидаттары
1.1 Жер құқық қатынастарының түсінігі және сипаттамасы
Қаралып отырған тақырыптың мазмұнын ашу үшін оған тікелей қатысы бар құқық,
құқықтық қатынастар, құқықтық реттеу, құқықтық нормалар және құқықтық
қатынастардың объектісі туралы ұғымдарға қысқаша тоқталып өту қажеттігі
туындайды. Сесебі, жер құқықтық қатынастарының түсінігі берушілер аталған
құқықтық ұғымдардың осы түсініктегі мәнін берегей бағалай бермейді. Соның
нәтижесінде жер құқық қатынастарының түсінігі және оның мазмұны толығымен
ашылмай қалады немесе дұрыс болып шықпайды.
Құқықтың бірнеше мәні бар. Жалпы әлеуметтік мағынадағы құқық мысалы,
ұлттардың өз тағдырын өзі шешу құқығы, кең құқықтығы, моральдік
(адамгершілік) құқығы, заңдылық құбылыс ретіндегі құқық (позитивный -
жағымды), былайша айтқанда, заңда көрсетілген, бекітілген құқық. Мысалы,
Қазақстан азаматтарының жер заңдарында көрсетілген жер пайдалану құқығы.
Заңдылық — құбылыс ретінде қаралатын заңмен тығыз байланысты. Мұндай
құқықты мемлекет белгілеген және өкімет басында отырған билеуші таптың
немесе бүкіл халықтың еркін білдіретін жалпы қоғамға міндетті нормалардың
(тәртіп ережелерінің) жүйесі деп атайды.
Совет Одағында белгілі заң ғалымдары А. В. Мицкеевичпен И.С.Самощенко да:
"Құқық дегеніміз — мемлекет белгілеген және өкімет басында отырған билеуші
таптың немесе бүкіл халықтың еркін білдіретін, бүкіл қоғамға міндетті
нормалардың (тәртіп ережелерінің) жүйесі",- деп түсіндірді.
Құқықтың мүндай түсінігі марксизм ленинизм құқықты билеуші таптың
материалдық тұрмыс жағдайы туғызған еркінің заңға айналуы, тап күресінің
нәтижелерін, мемлекет өкімет билігін өз қолында ұстап отырған таптардың
еркінің нығаюы деп қарауына байланысты болды. Соған орай, социалистік құқық
жұмысшы таптың және бүкіл халықтың мүддесін қолдайтын еркі деп
тұжырымдалды. Құқықты "өкімет басында отырған билеуші таптың" еркі деп
қараулары демократия принциптеріне және "бүкіл халықтың еркіне" сай
келмейді. Бұрынғы Кеңес Одағында күштеп халық атынан заң шығарушылық орын
алғаны белгілі. Ол кезде "үстем тап" пен бүкіл халықты бірқатарға қою
әдетке айналып, үстемдік орын алғанын айтпауға болмайды.
Әлеуметтік — саяси өзгерістердің даму барысына қарай кейінгі кезде заң
әдебиетінде "үстем таптың еркі" деген ұғымды алып тастап, құқыққа басқаша
түсінік беріле бастады. Мысалы: Р. 3. Лившиц "құқық дегеніміз жалпы
келісімділікті жүзеге асырудың нормативті бекітілген әділеттік" дейді.
С. С. Алексеевтің пікірінше: "Шынында құқық — бұл келісімнің, ымыраның,
әртүрлі мүдденің есепке алынуы".
Құқық "номалардың жүйесі", яғни жүріс-тұрыс бағытының жалпы міндетті
сипатында болады. Сондықтан құқық нормалары - құқықтық құралдардың негізгі
орталығы және ұйымдастырушысы.
Құқықтың сытрқы түрі (формасы) — заң, яғни оның негізі. Құқық заң арқылы
ғана белгілі қасиеттерге ие болады.
Қ. Сапарғалиев: "әр мемлекетте өзінің даму барысында құқықтық жүйесі
қалыптасады, ол салаларға бөлінеді, құқық саласы — қоғам өмірінің белгілі
бір саласындағы қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы" деді.
Құқықтың объективті және субъективті көрінісі (түрлері) бар.
Объективтік құқық — жалпыға бірдей міндетті, сырттай көріністі (формальный)
белгіленген нормалардың жүйесін көрсететін нормативтік реттеуші. Оның
көмегімен адам қадамының заңдылығын немесе заңсыздығын, құқығы мен
міндеттерін анықтап береді.
Субъективті құқық — адам қадамының (жүріс-тұрысының) заңды мүмкіншілігі,
яғни өзінің құқығы, заңдық мәні бар қадамын талап ету құқығы, заңды
мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға жүгіну құқығы.
Құқықтың мұндай көріністерінң әртүрлі реттеушілік мәні бар. Көп реттерде
объективті құқық субъективті құқыққа негіз бола алады. Мысалы, Қазақстан
Республикасының 1990 жылғы Жер кодексінің 3-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасының әрбір азаматы жер учаскесін алуға құқығы. Оны беру шарттары
мен тәртібі осы Кодекс бойынша белгіленді. Бұл баптағы құқық жоғарыда
айтылған объективтік құқыққа жатады. Себебі, субъективтік құқыққа ие болу
үшін аталған шарттар мен тәртіптерді жүзеге асыру қажеттігі бар. Сонда ғана
азамат субъективтік құқыққа ие бола алады.
Объективтік және субъективтік құқықтардың маңызына тоқтала келіп, Ә.
Стамқұлұлы объективтік құқығы жүзеге асырылмаған құқық, субъективтік құқық
жүзеге асырылған құқық болуы мүмкін деген пікірге келуі заң нормаларына
байланысты болды. Бірақ жер заңдарында азаматтардың кейбір жер құқықтары
объективті түрде де жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, қала шегіндегі жалпы
пайдаланатын жерді азаматтар және басқа заңды тұлғалар сол мақсатқа ресми
рұқсатсыз да пайдалана береді. Конституцияда көрсетілген құқықтардың да
объективтік түрде жүзеге асырыла беретіні бар.
С. С. Алексеевтің пікіріне зер салып қарасақ, объективтік құқық құрылымы
есебінде ерекшелігін ұмытпау керек. Субъективтік құқық — объективтік
құқықты өмірде іске асыру нәтижесі. Бірақ, жеке құқықта, әсіресе
келісімдерде (мәмілелерде) белгілі заң нормаларына арқа сүйемей-ақ,
субъективтік құқық пайда болуы мүмкін.
Біздің пікірімізше, объективтік және субъективтік құқықтардың ерекшеліктері
бар. Жердің азаматтық айналымда болу мүмкіндігі жағдайында субъективтік
құқық жер жөнінде жасалған мәмілелерге байланысты туындауы да мүмкін. Оның
өзінде де, сондай-ақ мәмілелер заң нормаларының шегінде жүзеге асырылады.
С.С.Алексеев, Л.С.Явичтің объективті құқық пен субъективті құқықтың
құрылымдық мән жағынан бірдей деуіне қарсы шығып, аталған құқықтар
өздерінің әртүрлі қатардағы құқықтық құбылыстарымен ерекшеленеді дейді. Бұл
пікірдің дұрыс екені біз келтірген жер заңдарындағы және су заңдарындағы
нормалармен дәлелденеді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Су кодекінің 24-бабында Қазақстан
Республикасының барлық заңды тұлғалары мен азаматтары, сондай-ақ заңдарда
көрсетілген жағдайларда басқа да ұйымдар мен адамдар да суды пайдалануға
құқылы делінген.
Сол сияқты Қазақстан Республикасының Конституциясында да белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жер жеке меншікте болуы мүмкін (6-бап).
Бұл объективтік нормаларды (Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-
бабы мен Су кодексінің 24-бабы) объективтік құқықты жүзеге асырған
субъективтік құқықтармен қатар қоюға болмайды. Субъективтік құқықтарда
құқық пен міндеттер қатар пайда болады. Объективтік құқықта субъективтік
құқыққа ие болуға байланысты міндеттер бола бермейді.
Сонымен құқық — объективті қажеттіліктің, субъективтік түсінудің нәтижесі
болып, болмыс өмірдің бейнеленуі. Онда мемлекеттің халық атынан мақсатты
еркі орын алады. Бұл жағдайда ол қоғамдық дамудың объективті заңдары
талаптарының құқықтық нормаларда іске дәл асырылуын белгілеп береді.
Қазақстан Республикасында құқықтық қатынастарды теориялық мәселелері
бұрынғы Кеңес Одағында дами бастады. Ол кезде заң әдебиеттерінде құқықтық
қатынатар құқық нормаларымен реттелген адамдар арасындағы өндірітік, саяси
және басқа қоғамдық қатынастарға байланысты туындайтын қатынастар ретіцде
қаралды. Ал құқық пен қоғамдық қатынастар арасында олар қоғамдық өмірдің
талабына сай құқықтақ реттеудің нәтижесі деп тұжырымдалды.
Құқықтық қатынастардың теориялық түсінігіне келсек, ол — ғылыми танымның
негізгі құрамы (элементі). Сол құбылыстың (оқиғаның) ақиқат қасиетін, оның
белгілі бір ерекшелігін, мәнін көрсетеді.
"Құқықтық қатынастарды талдау, оның мазмұнын ашып береді", деп жазды Е.
Пашуканис.
Құқықтық реттеу жөнінде ғалымдар арасныда бір пікірлік жақын көзқарас бар
сияқты.
Заң әдебиетінде құқықтық реттеу - мемлекеттің қоғамдық қатынастарда
қатысушылардың іс-әрекетіне ықпал жасаудың әртүрлі мысалдары мен
амалдарының жиынтығы. Оның мақсаты бүкіл қоғам немесе ұжымның мүддесін
көздеп, жеке субъектілерді қоғамда белгіленген тәртіпке бағындыру болып
табылады.
Қоғамдық реттеу С.С.Алекесеевтің пайымдауынша құқықты және барлық құқықтық
амалдардың жиынтығы жәрдемімен қоғамдық қатынастарға заңдық әсер ету болып
табылады.
Құқықтық реттеу қоғамдық қатынастарды мемлекеттің ұйымдастыру — басқару
қызметінде ерекше орын алады. Бұл салада заң шығарушылықтың негізгі бағытын
белгілеп береді. Ғылыми тұрғыдан қарағанда, құқықтық реттеудің тақырыбы,
тәсілі, механизмдері, құрылымы, сондай-ақ құқықтық салада оның орны мен
ерекшеліктері бар.
Құқықтың нормативтік сипатын ескеретін болсақ, заң әдебиетінде ол құқық пен
барлық басқа құқықтық көріністердің, сонның ішінде жеке актілермен,
құқықтық қатынастар және құқықтық санамен тығыз байланыстылығы еске
алынады.
Құқықтық қатынастардың түсінігіне оның аясы, реттелу тәсілі, әдісі,
механизмі, құрылымы және т.б. ғылыми анықтамалар жатады.
Р. О. Халфина құқықтық қатынастардың теориялық мәселелері жөнінде
ғалымдардың көзқарастарын талдай келіп, кейінгі кезде құқықтық қатынастар
мен құқықтық нормалар арақатынасы арқылы зерттеліп, нормалардың жүзеге
асырушысы, құқықтық реттеудің нәтижесі немесе құқықтық реттеу жүйесінің бір
тобына жатқызылып, құқықтық теориялық ұғымдар қатарынан орын алды. Бірақ
олардың нормалары мен арақатынасы байланысы ерекшеліктері туралы талас бар
дей келіп, ол құқықтық нормамен реттелген қоғамдық қатынастар деп жазды.
Мүхиддинов Н. Б. құқықтық қатынастардың негізгі белгілерін тексере келіп,
құқықтық қатынастар шын мәнінде белгілі құқық салаларымен реттелетін
қатынастар ретінде көрінеді, олардың арақатынасын ажырататын негізгі нақты
қоғамдық қатынастар жатыр деп тұжырымдаған.
Бұл айтылғандардан жер құқық қатынастардың түсінігін анықтау үшін, алдымен
жер құқық қатынастардың жағдайын біліп алу қажет. Онан кейін оның мәніне
көшу қажет.
Жер құқықтық қатынастардың теориялық мәселелері бұрынғы Кеңестер Одағында,
Қазақстан Республикасында да жете зерттелген жоқ.
Жер құқық қатынастарын ең алғаш зерттеген ғалым Г.А.Аксененок, қазақстандық
Ә. Еренұлы. Бұл мәселенің көптеген қырларын ашып, ғылыми тұжырымдар жасады.
Бірақ Н.И.Красновтың айтқанындай жер құқықтық қатынастардың өзекті
мәселелері әлі өзінің зерттелуін толық алған жоқ.
Жер құқық қатынастары қоғамдық қатынастардың ерекше сипатына тән. олардың
негізінде жерге меншік қатынастары жатыр. Құқық нормаларымен реттелген жер
қатынастары құқықтық қатынастардың келбетін (түрін) алады. Сондықтан жер
құқық қатынастары — меншіктік ерекше объектісі ретінде жерді пайдалану
саласында экономиклық қатынастардың сипаты мен бяндылығының заңдық нысаны
және идеологиялық ерікті қоғамдық қатынастардың ерекше түрі.
Ә. Еренұлы жер құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты белгілі бір
дәуірдің жемісі (нәтижесі), адам қоғамының материалдық өмір бейнесі
құқықтық қатынастардың негізінде алдымен меншік қатынастары жатыр деп
жазды. Жер құқық — қатынастарын зерттеген басқа ғалымдар да жерді
пайдалануға байланысты туындайтын барлық қатынастарды жер құқық
қатынастарына жатқызады.
Мысалы, Н. И. Красновтың айтуынша жер қатынастары — құқықтың тиісті
нормаларымен реттелген жер жөнінде адамдардың ерікті қадамының қорытындысы.
Ол жер құқығы нормаларының ұйғаруына байланысты жүзеге асырылатын және
қысқарылатын қоғамдық жер қатынастары.
Ю. Г. Жариков: "Жер құқық қатынастарының түсінігіне жердің меншік иесі
болып саналатын мемлекет пен жер пайдаланушылардың жерден табыс алуын да
жатқызу керек" дейді (жер пайдаланушылардың өнім алуы, мемлекеттік ренталық
табысы). Ю. Г. Жариковтың бұл көзқарасын Н.И.Краснов заңға негізсіз деп
қабылдамаса да, қазіргі кезде нарық экономикасы жағдайында оған мән беруді
қажет етеді.
Н.Д.Казанцев жерге меншік негізінде пайда болатын және құқық нормасымен
реттелетін қатынастар жер құқық қатынастары деп аталады дейді.
Аталып өткен жер құқық қатынастарының түсінігінің құрамында құқық нормалары
мен жер құқық қатынастары, адамның ерікті қадамы, жер пайдалану, жерге
мемлекеттік меншік бар. Бірақ бұл ұғымдарын жер құқық қатынастарының
түсінігінде бәрі бірдей орын алмайды. Орын алғанның өзінде жер құқық
қатынастарының түсінігін толық бере алмайды. Оның себебі, жерді тек
мемлекет меншігі деп қарап, барлық жер құқық қатынастары осы меншіктен
туындайды деп, бір жақты қарауда болып отыр. Жердің ең алдымен табиғат
объектісі, байлығы екенін ғалымдар ескере алмады.
Н. И. Краснов жер құқық қатнастарының жерге байланысты туындайтын
болғандықтан, өзінің сипатына қарай экономикалық қатынастар қатарына
қосады. Сондай-ақ, ол табиғаттың элементі ретінде және ауыл шаруашылығы мен
орман шаруашылығында немесе басқа әрекеттерде аумақтық орналастыру базасы
болып көрінеді дейді. Бұл тұжырымда жерді табиғаттың элементі ретінде
көрінеді деп тануы бұрыңғы жер құқық қатынастарының түсінігіне қарағанда
жаңалық болып табылады.
Бірақ ол бұл тұжырымды одан әрі жалғастырмады және оның мәнін ашқан жоқ осы
уақытқа дейін ғалымдардың жер құқық қатынастарының ерекшелігін, атап
өткеніміздей, жерге мемлекет меншігінің ерекшелігінен туындайды деп, жердің
табиғи тұрғысын, оның меншікке де негіз екенін, адамдардың, қоғамның
негізгі байлығы екенін орыннан ығыстырып, оны тек мемлекет меншігімен
пайдалану объектісі ретінде қарады.
Бұрынғы марксистік лениндік көзқараспен айтқанның өзінде де жерге меншік
барлық байлықтың бастапқы көзі деген дұрыс ұғым да еске алынбады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сай жер және оның қойнауы, су
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет
меншігінде болады. Ата Заңымыз бұл ретте жерді алдымен табиғат ресурсы деп
қарайды. Мұның өзі жер құқық қатынастарының ерекшелігін, адам өндірген
мүліктік қатынастардан айырмашылығын байқатады.
Табиғи байлыққа, жерге мемлекет тарапынан әртүрлі меншікке жол берілуі
немесе мемлекет меншігінде болуы оның табиғилығын өзгерте алмайды. Ал жер
қатынастарын құқықтық реттеу жалпы халықтың еркін білдіретін заң
қабылдайтын органдарға байланысты. Оның өзінде де заң қабылдаған орган
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, керек болса даму жағдайын еске алып,
соған сай жер қатынастарын дамытуды өзіне міндет етіп қоюы мүмкін.
Сондықтан жер құқық қатынастарын капиталистік немесе социалистік
мемлекеттер деп бөлуге болмайды.
"Капиталистік" елдер деген мемлекеттердің біразында, мысалы, Голландия,
т.б. жерге жеке меншік жоқ. Соған орай, оларды "социалистік" мемлекет деуге
болмайды. Жерге әртүрлі меншікке жол берілген елдерді оны үстем таптық
мүддесі үшін пайдаланып жатыр деуге де негіз жоқ.
Қазақстан Республикасында жер қатынастары арнаулы жер құқығымен реттеледі.
Оның заң негіздері - "Жер туралы" Жарлық,[13] Жер реформасы, Жер салығы,
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі [12] және басқа жер қатынастары
туралы заңдар.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде "Жер пайдалану құқығының
негізі мен пайда болуы, өзгеру және тоқтатылу тәртібі, жер
пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, соның ішінде жер пайдалану
құқығынан шеттетілу құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасының Жер
туралы заңдары белгіленеді делінген.
Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастарының мазмұны бұрынғы
Кеңестер Одағында қалыптасқан және басқа елдерде (мысалы Ресейде)
қалыптасқан жер құқық қатынастарынан айырмашылығы мен ерекшеліктері бар.
Оны барлық жер құқық қатынастарының мазмұнынан көруге болады. Жерге жеке
меншік құқығы, жер пайдалану құқығын сатып алу — сату кепілдікке өткізу
немесе капиталға қою сияқты жаңа жер ережелері жер құқық қатынастарының
ауқымын кеңейтіп, Қазақстан Республикасының халықтық, қоғамдық мақсаттары
үшін жаңа сатыда және нарық экономикасының қалыптасуына пайдалы қызмет
етеді.
Қазақстан Республикасында жер құқық қатынастарының ерекшелігі экономикалық
маңызы және табиғи қасиетті жер заңдарымен реттелетіндігімен айқындалады.
Жер мемлекет меншігі және заңда белгіленген негіздерде шарттар мен шектерде
ол жеке меншікте болуы мүмкін. Бұлардың қайсысы болса да халықтың игілігі,
алдымен табиғи байлық Қазақстан Республикасының әлеуметтік жөне
экономикалық даму негізі.
Қазақстан Республикасында жаңа қабылданған Жер туралы Жарлықта (1-бап) "Жер
құқығы қатынастары — жер ресурстарын басқаруға, жеке субъектілерге жер
учаскелерін бекітіп беруге, жерге меншік құқығын және басқа да заттық
құқықтарды жүзеге асырумен байланысты жер пайдалану мен қорғау жөніндегі
құқықтық қатынастар" деп белгіленген.
Бұл тұжырым біз атап өткен тұжырымнан өзгеше екені олардың мазмұнынан
белгілі болып түр. Біздің пікірімізше, ЖТЖ-ның бірінші бабында көрсетілген
анықтама жер құқық қатыгнастарының мазмұнын толық қамтымайды. Оның
дұрыстығы жер құқық қатынастарының туындауын жерге меншік құқығынан
басталатынын көрсету болып табылады. Басқа барлық жер құқық қатынастары
жерге меншік құқығынан туындамайды. Жер ресурстарын басқару, жекелеген
субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беру, жерге байланысты басқа
меншіктік құқықтар алдымен жер заңдарының нормаларынан (ережелері) және
жерге меншік құқығының мазмұнынан туындайды. Жаңа қабылданған Жер заңының
жер қатынастары туралы тұжырымында жердің табиғи ресурс екені
көрсетілмеген. Онда жердің бұл қасиетінен туындайтын жер құқық қатынастары
да бар. Оларды құқықтық реттеу жаңа Жер заңының көптеген баптарында орын
алған. Мысалы, Жер туралы Жарлықтың 2, 3, 6, 10, 28, 29, 33, 42, 72, 82, 89
— 92, 103 — 108, 112 — 114 және басқа баптары жердің табиғи объектісі
есебінде және жерге байланысты табиғи ортаны қорғауға арналған.
Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен тіршілігінің негізі ретінде жерді
сақтау Қазақстан Республикасы Жер заңының қағидаттарының бірі болып
саналады.
Жер құқық қатынастарының көптеген қырлары бар оның кейбір бастылары ғана
жоғарыда аталған Жер туралы Жарлықтың 1-бабында аталған.
Біз жер құқық қатынастарының тұжырымдамасында жер құқық қатынастарының
осындай көп қырлы екенін, олардың бәрін бір ғана сыйғызуға болмайтынын еске
алып, басты екі объектіден жер қатынастары туындайтынын басшылыққа алдық.
Олардың бірі — жер табиғат объектісі, екінші жер меншік объектісі. Бұл
объектілердің заңда алатын орны жер құқығы мен экология құқығы, оның
негіздерінің бірі — Қазақстан Республикасының Жер заңы. Сондықтан біздің
жер қатынастары туралы тұжырымдама Қазақстан Республикасының жер құқығынан
туындаса, Жер заңындағы жер құқық қатынастар туралы тұжырымдама Жер Заңының
нормаларынан туындайды.
Сонымен, жер құқық қатынастары дегеніміз — Қазақстан Республикасының табиғи
байлығы — жерге мемлекеттік меншік құқығының негізінде жер заңдарының
нормаларымен реттелген және пайда болатын қатынастар немесе жер құқықтық
нормалардың іс жүзіндегі көрінісі. Олар өзінің мазмұнымен ерекшеленеді.
1.2 Жер құқық қатынастарының түрлері.
Жер құқық қатынастарының түрлері дегеніміз - жер құқық қатынастарының
құрамдас бөлігі. Олар ер құқық қатынастарының қырларын көрсетіп, соған орай
олардың өзгешеліктерін айқындайды.
Жер құқық қатынастарының бөлінуі немесе түрлері жөнінде ғалымдар арасында
қалыптасқан пікір жоқ.
Г. А. Аксененок жер құқық қатынастарын екі топқа бөлгенмен, оған мыналарды
жатқызады:
1) жерге мемлекеттің ерекше меншігіне негізделген мемлекет пен жер
пайдаланушылар арасындағы қатынастар;
2) жер пайдалануға байланысты жер пайдаланушылар арасындағы қатынастар;
3) жерге билік және жерді басқаратын мемлекеттік органдар арасындағы
қатынастар;
4) жерге билік және жерді басқаратын органдармен жер пайдаланушылар
арасында жерді бөліп беру, қайтарып алу, есепке алу және жер
пайдаланушыларды тіркеуге алу, жерге орналастыру және т.б. туралы жер құқық
қатынастары.
Жер құқық қатынастарының түрлері туралы пікір білдіргендердің ішінде Ю. Г.
Жариков, Н. Т. Осипов, Н. И. Краснов және т.б. бар. Бірақ жер құқық
қатынастарын түрлерге жіктеудің немесе жүйелеудің жалпы теориялық негіздері
жоқ. Сондықтан аталған ғалымдар және құқық қатынастарының әртүрлі топтарын
немесе түрлерін көрсетеді.
Н. И. Красновтың пікірінше, бір құбылыстың өзін белгілеріне қарай бірнеше
топқа бөлуге болады. Жер құқық қатынастарын құқық пен міндеттерге
(мазмұнына қарай) субъектілер мен объектілерге қарай бөлу мүмкіндігі бар.
Бірақ жер құқық қатынастарын топтауға келгенде, бұлар негіз болмаған. Оның
жер құқық қатынастарын топтастыру мыналардан тұрады:
1-топ: жерге мемлекеттің ерекше меншік құқығы қатынастары;
2-топ: мемлекеттік жер қорын басқару саласындағы жер құқық қатынастары;
3-топ: жер пайдалану саласындағы жер құқық қатынастары;
4-топ: жерді қорғаудың құқықтық қатынастары.
Бұлардан басқа Н. И. Краснов жер құқық қатынастарын материалдық және іс
жүргізу (процессуальный) жер құқық қатынастарына бөледі. Оның ойынша
материалдық және құқық қатынастарының нормалары жер құқық қатынастарының
субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеп берсе, іс жүргізу жер
құқық қатынастарының нормалары жер құқық қатынастарының пайда болуы,
қысқаруы және жерді құқықтық қорғау мен жер құқық қатынастарының жүзеге
асыруын көрсетеді.
Бұл жер құқық қатынастарын топтастырудың бірінші және екінші топтары жер
құқық қатынастарының бір объектісі — жерге мемлекеттік меншік құқығы болып
табылады. Себебі жерге мемлекеттік басқару — жерге мемлекеттік меншік
құқығының мазмұнынан туындайды (жерге меншік құқығы — ие болады,
пайдаланады және басқарады).
Сондықтан жер құқық қатынастарын жіктеудің Краснов көрсетіп берген әдістері
мен топтары бұл мәселелер үшін түпнұсқа бола алмайды. Оның мынадай
себептері бар.
Бірінші - жер құқық қатынастарынды кездесетін құқықтар мен міндеттер
субъективтік құқықтардың мазмұны. Жер құқық қатынастарының субъектілері —
мемлекеттік басқару органдары, жер пайдаланушылар және басқа жер құқық
қатынастарында қатысушылардың заңда бекітілген құқықтары мен міндеттері
бар.
Екінші - жер құқық қатынастарында қатысушы субъектілері әртүрлі, соған орай
олардың құқықтары мен міндеттері де әртүрлі болады.
Үшінші - жер құқық қатынастарының негізгі объектісі — жер. Оның құқықтық
жағдайы заңда белгеліенген пайдалану мақсатына қарай белгіленеді. Жердің
субъектілерге мақсаты бөлініп берілуіне қарай да арнаулы құқықтар мен
міндеттер пайда болуы мүмкін.
Осы аталған жер құқық қатынастарының үш көрінісінің соңғысы жр құқық
қатынастарында ерекше орын алады. Ол жер құқық қатынастарының меншіктік
негізі бола алады. Оған мынандай дәлелдерді келтіруге болады.
Біріншіден жер жоғарыда айтқанымыздай табиғат объектісі;
Екіншіден, жер мемлекет және жеке меншік объектісі;
Үшіншіден, жер пайдалану объектісі;
Төртіншіден, жер меншік объектісі және табиғат объектісі. Сондай-ақ жер
пайдалану объектісі есебінде құқықтық қорғауға жатады.
Жердің осы аталып отырған барлық объектілік түрлерінің құқықтық жағдайлары
(бұл жерде олардың өзара байланысын жоққа шығара алмаймыз). Соған орай,
оларға байланысты құқықтық қатынастар да әртүрлі. Соңғы қатынастар
субъектілерінің құқықтары мен міндеттері де ерекшелеіктері мен заң
нормаларынан тиісті орындарын алады.
Жерге байланысты, әсіресе, жерге меншік құқығын жерді пайдалану құқығын
қорғауға және жерді табиғат объектісі есебінде қорғау құқығына байланысты
туындайтын қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, мүліктік жауапкершіліктерді жер
құқықтық қатынастарына жатқызуға болмайды. Жауапкершіліктің түрлерін жерді
аталған объектілер қатарында қорғау шараларының әдістері есебенде де
қарауға болады. Бірақ бұл жағдайда да жауапкершіліктің түрлері және
құқықтық қатынастарының аясы бола алмайды.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жер құқық қатынастарында нарықтық экономикаға
байланысты жерге жеке меншік құқығы, мүлік құқығы, жер пайдалану құқығын
сату — сатып алу, кепілдікке беру және басқа жер құқық қатынастарының пайда
болуы жер құқық қатынастарының ауқымының кеңеюімен бірге олардың реттелуіне
өзгерістер енгізді. Бұрын болмаған жер құқығында жаңа институттар (жерге
жеке меншік институты, жер салығы мен алымдар туралы институт, жер
сервитуты, т.б.) және мазмұны өзгерген жер құқық қатынастары пайда болды.
Олар жер құқық қатынастарын реттейтін заңдарда тиісінше орын алды.
Сонымен ғалымдардың құнды пікірлерін, жер туралы, жерген мүліктік құқық
туралы заңдардың және жаңа "Жер туралы Жарлықтың" нормаларын пайдаланып,
мынандай жер құқық қатынастарының түрін ұсынамыз:
1. жерге меншік және мүліктік қатынастар.
2. жер қорын басқару органдарының құзыретін реттейтін жер құқық
қатынастары.
3. жерге меншік және мүліктік құқық иелерінің құқықтары мен міндеттері
туралы жер құқық қатынастары.
4. жер қоры және оның түрлері туралы жер құқық қатынастары.
5. жерді пайдалануға бақылау жасау және жерді қорғау саласыңдағы жер құқық
қатынастары.
6. жерге орналастыру, жер мониторингісі және жер қадастыры саласындағы жер
құқық қатынастары.
7. жерге меншік және жер пайдалану құқықтарын қорғау саласындағы жер құқық
қатынастары.
Атап өткен жер құқық қатынастарының түрлерін мазмұнына қарай қысқартуға
болар еді. Мысалы, "жер қорын басқару органдарының қызметтерін реттеу жер
құқық қатынастарын", "жерге меншік және мүліктік құқық қатынастарында"
қарауға болады. Жер қорлары меншік объектісі болғандықтан оны жерге меншік
иесінің құқығының мазмұнынан туындайтын билеу элементі қатарында да қарауға
болады. Сол сияқты жер рентасы қатынастары да мемлекеттің жерге меншік
құқығынан туындайтын қатынастарға жатады. Жерге орналастыру, жер
мониторингісі, жер кадастры саласындағы жер құқық қатынастарында жерді
басқарудың құқықтық элементтері кездеседі. Жер пайдаланушылардың құқығын
қорғау саласындағы қатынастар жерге меншік құқығы, жерге мүліктік құқық
иелерінің құқығынан туындайды.
Жер құқық қатынастарының мұндай сипаты оның күрделілігінде. Оны осыған орай
ықшамдап бөліп-бөліп қарамаса, оларды мүмкіндігіне қарай, бір жүйеге
келтіру, түрлерін көрсету қиын болады.
Жер құқық қатынастарын осы тұрғыда қарау, оның мазмұнын толық ашып беруге
көмектеседі. 2 тарау. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
1.3 Жер құқық қатынастарының қағидаттары.
Жер құқық қатынастарының қағидаттары — заңдарда бекітілген негізгі
бастамалар. Реттелген және реттелетін жер құқық қатынастардың қағидаттарға
қайшы келетін тұжырымдары болмауы керек.
Ә.Стамқұлұлы "экология құқығының қағидаттары-мемлекет, қоғам,
кәсіпорындардың, өкімет органдарының, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен
азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы" деп
анықтама берген. [14, 16 б.]
Бізде осы анықтаманы қолдай отырып, жер құқық қатынастарында да қағидаттар
осындай қызмет атқаратынын басшылыққа аламыз.
Жер құқық қатынастары — экологиялық құқық қатынастарының бір саласы. Жер
құқығының өзі экология құқығының салалық бөлігі болғандықтан жер құқық
қатынастарының қағидаттарымен ұштасып жатады. Табиғи ресурстардың
ерекшеліктерін және оларды реттеу өзгешеліктеріне байланысты салалық
қағидаттар болады.
Қазақстан Республикасының құқығының жалпы қағидаттары, мысалы,
экономикалық, саяси, әлеуметтік және экологиялық қағидаттағы барлық құқық
салаларына тән болса, салалық құқықтарда қатынастардың реттелген құқықтық
қатынастардың өзгешеліктеріне байланысты олардың түпкі мақсатына қарай
қағидаттары болады. Ал экология құқығының немесе жер құқығының
қағидаттарының жер құқық қатынастарына қандай қатысы бар, сондай-ақ
өзгешелігі жоқ па деген сұрақтарға, өзгешелігі жоқ деуге болады. Себебі
экология құқығы және жер құқығының, жоғарыда көрсеткеніміздей, тақырыбы осы
қоғамдық салалардағы қатынастарды реттеу. Экологиялық салалық қағидаттар
құқықтық қатынастардың ерекшелігімен өзгешеліктер болуын еске алған жөн.
Бірақ ол өзгешеліктер жалпы экологиялық құқық қағидаттарына қайшы келмейді.
Жер құқық қатынастарының қағидаттары жер құқығында тиісті зерттеуін әлі
алған жоқ.
Жоғарыда аталған Г. А. Аксененоктың арнайы зерттеуінде де солай. Ол тек
қана жер қатынастарының ерекшеліктерімен шектелген. Жерді пайдаланудың
еңбекке негізделетін қағидатын атайды. Басқа қағидаттар жөнінде ешқандай
пікір жоқ.
Бірақ, экология құқығы бойынша, жерден басқа табиғи объектілердің құқықтық
жағдайы, пайдалану туралы қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде жалпы және
салалық экологиялық құқықтардың қағидаттары туралы пікірлер бар.
К. А. Шайбеков су заңдарының қағидаттарына мыналарды жатқызады:
1. су қорларына тек қана мемлекет меншігі;
2. су ресурстарын жоспарлы және кешенді пайдалану;
3. халықтың ауыз су және түрмыстық қажетіне су пайдаланудың бірінші
кезектілігі;
4. суды мақсатты пайдалану;
5. суды тегін және мерзімсіз пайдалану.[15, 163 б.]
Біз жер құқығында жер құқық қатынастарының қағидаттарын жаңа түрғыда
қарағымыз келеді.
Оған негізгі себеп: Қазақстан Республикасының егеменді және тәуелсіз
мемлекет болуына байланысты жаңа экономикалық—саяси даму барысында және
нарықтық экономика жағдайында жаңа жер қатынастары орнығуда. Бұл жаңа саяси-
экономикалық жағдай — жаңа жер құқық қатынастарын, оның қағидаттарын жаңа
тұрғыдан белгілеп берді.
Бірақ Қазақстан Республикасының жер құқығында бұрынғы қалыптасқан жер
құқығы қағидаттарының бұрынғы болмысын түгел жойды деуге болмайды.
Жерге жеке меншіктің және жерді пайдалану жерге меншік құқықтарын сатып
алу, сату туралы қатынастардың пайда болуы, жер құқық қатынастарының
қағидаттарына елеулі өзгерістер енгізді.
Мұндай өзгерістер Орта Азия республикаларында және Ресейде орын алып отыр.
Соған орай, Ресей ғалымдары да жер құқығының қағидаттары туралы бұрынғы
көзқарастың өзгертіп, жаңа тұжырымдарға келді.
Олардың қысқаша мазмұны мынандай.
Е. Н. Колотинская жер құқық қағидаттарына мыналарды жатқызады:
• жерге меншік құқығы;
• жердің азаматтық айналымда болуы;
• жердің мемлекет басқаруында болуы;
• жерде дербес шаруашылық жүргізу және барлық жерді пайдаланушылардың
субъективтік теңдігі;
• жер құқығын сот арқылы қорғау және жер заңын бұзғанын және оны
мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер үшін алғанда келген зиянды өтеу;
• жерді ұтымды пайдалану;
• жерді белгіленген мақсатта және тұрақты пайдалану;
• жерге ақы төлеу;
• жер құқығының экологиялығы.[16, 8-10 б.]
Біздің республикамызда жер заңдарында, соның ішінде Қазақстан
Республикасының 1990 жылғы қабылданған жер кодексінде жер заңдарының
қағидаттары арнаулы көрсетілген емес. Бірақ жер заңдарында қағидаттардың
белгілері жоқ деуге болмайды. Мысалы, жерді ұтымды пайдалану, мақсатты
пайдалану, ауыл шаруашылығы жерінің артықшылығы, жерді тегін пайдалану
сияқты қағидаттар жер заңдарының негізгі ақаулары болды. Сонымен бірге жер
ресурстарының тек қана мемлекет меншігінде болу қағидаты барлық жер құқық
қатынастарының сипатын белгілеп берді. Соған сәйкес жер пайдалану, қорғау,
басқару тәртіптері белгіленді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы жерге мемлекет меншігі
және заңдарда белгіленген шектер мен реттерге жеке меншік құқығын бекітіп
берді.[4] 1994 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен азаматтардың және ауыл шаруашылығына жатпайтын кейбір
кәсіпорында мен ұйымдардың жер пайдалану құқығын азаматтық айналымда болу
мүмкіндігіне жол ашып берді. Осы жағдайларға байланысты жаңа жер туралы
заңда бұл мәселе жаңа тұрғыдан айқындалып, онда мынандай жер заңдарының
қағидаттары, 3-бабында орын алды:
1. Жерді табиғи объект, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен
қызметінің негізі ретінде сақтау;
2. жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
3. экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4. жерді нысаналы пайдалану;
5. ауыл шаруашылығына арналған жерлердің басымдылығы;
6. жердің жай-күйі туралы ақпараттың ашық болуы;
7. жерді пайдалану және қорғау жөніндегі шараларды мемлекеттік қорғау;
8. жерге келтірілген залалды алдын алу немесе оның зардаптарын жою;
9. жерді пайдаланудың ақылық қағидаттары.
Аталған қағидаттардың ішінде "жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету",
"жерді нысалы пайдалану", "жерлерді пайдалану және қорғау шараларын
мемлекеттік қолдау" мазмұны мен іске асыру шаралары жағынан бір-бірінен
алшақтығы жоқ сияқты. Жерді ұтымды пайдаланудың негізгі жолы анық
мақсаттылығын белгілеп, жер пайдаланушыларға сол мақсатта бөліп беру болып
табылады. "Жерлерді пайдалану және қорғау шараларын мемлекеттік қолдау"
жерлерде ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету шараларына жатқызуға болады.
"Жердің жағдайы туралы мәліметтерді ашықтығы" немесе жариялылығы қағидатқа
жатпайды. Бұл — жерді басқару органдары міндеттерінің бір түрі.
Егер олар жер туралы мәліметтерді жасыратын болса, құқықтық жауапкершілікке
тартылуы мүмкін.
Сондықтан жер заңдарының қағидаттарына мыналарды жатқызуға болады:
1. Жерді табиғат объектісі, Қазақстан Республикасының халқының өмірі мен
тіршілгінің негізгі есебінде сақтау және қорғау;
2. Жерде экологиялық қауіпсіздік шараларын іске асыру;
3. Жерді мақсатты және ұтымды пайдалану;
4. Ауыл шаруашылық жерлерінің басымдылығы;
5. Жерге, жердің меншік иесіне және жер пайдаланушыларға зиян келтірмеу;
6. Ақылы және ақысыз жер пайдалану;
7. Жер нарығы тәртіптерін сақтау.

2.1. ҚР жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтыр
Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және
абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ
рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты
себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты
орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша
қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша
қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға
айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке
меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік
рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін
жерден де Жер Рентасы алынады. Оларға:
- тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента;
- құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады. [1]
Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі
ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер —
бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы
өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды,
яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.
Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс
өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы
ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.
Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану
құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде
белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін
төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.
Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz