Күкірт.Күкірт қышқылы


Мазмұны
I. Кіріспе . .
II. Негізгі бөлім
2. 1Күкірт. Алынуы, құрылысы, қасиеттері, қолданылуы . . .
2. 2. Күкіртті сутек . . .
2. 3. Күкірт оксидтері. . . .
2. 4. Күкірт (IV, VI) қышқылдары … . . .
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Күкірт - кең таралған элемент; табиғатта бос күйінде де, химиялық қосылыс түрінде де кездеседі. Ең көп таралған кендері: темір, немесе күкіртті, колчедан (пирит) ҒеS 2 , мысты колчедан (халькопирит) CuFeS 2 , қорғасын жалтыры (галенит) PbS, мырыш алдамшысы ZnS, киноварь HgS. Көп таралған табиғи сульфаттар: мирабилит Na 2 SO 4 ·10H 2 O, ғаныш CaSO 4 · 2H 2 O, ангидрит CaSO 4 , ащы тұз MgSO 4 ·7H 2 O. Сульфаттардың басым көпшілігі теңіздер мен мұхит суында еріген.
Күкірт қоспа ретінде әртүрлі органикалық және минералды қосылыстардың, көмірдің, мұнай мен табиғи газдың құрамына енеді.
Күкірт барлық тірі организмдегі белоктардың, аминқышқылдары- цистин және метиониннің, В 1 витаминінің және инсулин гормонының құрамына енеді. Ол жетіспеген жағдайда қойдың жүні баяу өсетіндігі, ал құстардың қауырсыны нашарлайтыны байқалған.
Жер қыртысында күкірт металдардың сульфидтері түрінде болған. Су мен көмір қышқыл газының әсерінен осы қосылыстардан күкіртті сутек бөлінеді:
CaS+H 2 O+CO 2 =CaCO 3 +H 2 S
Күкіртті сутек ауадағы оттегімен жеңіл тотығады:
2H 2 S+O 2 =2H 2 O+2S+126 ккал
Әсіресе бұл процесс күкіртбактерияның қатысуы кезінде жақсы жүреді, онда мұның нәтижесінде өмір сүрген қажетті энергия алынады. Осы тұста бөлінетін күкірт олардың денесінде жиналады:
SO 2 +2H 2 S=2H 2 O+3S
Табиғатта оттек жоқ болғанда немесе оның мөлшері жетіспегенде күкірт жинақталады. Оттек жеткілікті болғанда күкірттің тотығуы күкірт қышқылының түзілуі арқылы жүреді:
2S+2H 2 O+3O 2 =2H 2 SO 4 +251 ккал
Күкірт қышқылы жер қыртысында кездесетін және суда болатын тұздармен өзара әрекеттесуге түсіп, сульфаттар түзеді, мысалы:
CaCO 3 +H 2 SO 4 =CaSO 4 +H 2 O+CO 2
Алынатын сульфаттардың басым көпшілігі өзен суында әкетіліп, теңізге жеткізіледі, соңғылар кепкенде әртүрлі күкіртті қышқыл тұздарының қабаты пайда болады, олардың арасындағы бастысы ғаныш CaSO 4 ·2H 2 O. Сульфаттардың түзілуі ауадағы оттекпен сульфидтердің тікелей тотығуы кезінде де жүреді.
Жер қыртысындағы күкірттің түрлену процесінде биосфераның рөлі ерекше. Сульфаттармен бірге жиналатын органикалық қосылыстар жоғары температура кезінде оларды сульфидтерге дейін тотықсыздандырады, мысалы:
CaSO 4 +CH 4 =CaS+CO 2 +2H 2 O
Өсімдіктер жер қыртысынан сульфаттарды сорып алады, ондағы күкірт белокты құрауға жұмсалады. Өсімдіктегі белоктық заттарды ішінара жануарлар сіңіреді. Өсімдік және жануарлар организмдері өлгенде олардың белоктық заттары ыдырайды да күкірт күкіртті сутек түрінде бөлінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты :Күкірт, күкірт қышқылы, және оның қосылыстарының қасиеттерімен, пероидтық жүйедегі орнымен танысу. Күкірттің табиғаттағы манызын, қажеттілігін білу.
Күкірттің алынуы
Таза күкіртті алу көздері: табиғаттың таза сап кеніштері, коксті газдардағы күкіртті және күкіртсутек газдары, сол сияқты мұнай өңдеудегі (мұнай крекинг) газ. Сондай-ақ, күкіртті табиғи қалдықтар мен сульфидті кенді өртегендегі газдар.
Таза табиғи күкіртті бірге жүрген қоспалардан алдын ала тазартады. Мұнан кейін оны сұйық немесе газды күйге айналдырады (термиялық әдіс) немесе бумен, аса қыздырылған сумен балқытады (автоклавты балқыту) .
Күкіртті химиялық жолмен алады:
- белсенділенген көмір арқылы ауамен күкіртсутек қоспасын жіберген кезде:
2H 2 S+O 2 =2H 2 O+2S,
мұнда бөлінетін күкірт көмірде адсорбцияланады, ал одан оны көпкүкіртті аммониймен (NH 4 ) 2 S n бөліп алады;
- жоғары температура кезінде күкіртті газды көмірмен тотықсыздандырғанда:
SO 2 +С=СO 2 +S
- күкіртсутекті және күкіртті қышқылдардың ерітінділерін бірге қосқанда:
Н 2 SO 3 +2H 2 S=3H 2 O+3S
Сол сияқты күкіртті шахталы пеште пиритті қыздыру (600 0 С жоғары) жолмен де алады. Мұндай температурада пирит ыдырайды:
ҒеS 2 →ҒеS+S
Бос түріндегі күкірт-сары түсті омырылғыш қатты зат, диэлектрик, яғни ток өткізбейді. Күкірт молекуласында 8 атом бар және сақиналы формада болады. күкірт буы, арасында S 8 , S 6 , S 4 және S 2 түрінде кездесетін молекулалардан тұрады. Жоғары температура (1200 0 С) тұсындағы күкірттің буы негізінен екі атомдық молекуладан S 2 тұрады. Күкірт жылуды нашар өткізеді; суда мүлдем ерімейді. Бензолда, толуолда, бензинде, спиртте, эфирде және хлороформда біршама ерімтал. Күкірткөміртекте, фенолда, анилинде және қалайының тетрахлоридінде жақсы ериді.
Күкірттің бірнеше аллотропиялық түрөзгерістері бар:
- ромбалық(октаэдрлық) күкірт;
- моноклиндік(призмалық) күкірт;
- пластикалық(аморфты) күкірт.
Ромбалық күкірт табиғатта кездеседі; ол октаэдралық формадағы сары түсті кристалдық зат. Ол 112, 8 0 С температурада балқиды да 95, 5 0 С кезінде тұрақты күйде болады.
95, 5 0 С температурадан жоғары күкірттің тұрақты түрі моноклинді, ол қою-сары түсті ұзын ине тәрізді кристалдар. Күкірттің осы формасы энантиотропиялық қатынаста болады.
Егер балқыған және қайнауға дейін қыздырылған күкіртті өте тез (салқын суға құю арқылы) суытса, онда ол едәуір тез қатайып, жартылай мөлдір, жұмсақ қоңыр түсті серпімді массаға айналады. Оның мұндай түрөзгерісін пластикалық күкірт деп атайды, ол тұрақсыз және ақырында ромбалық күкіртке айналады.
Температураның жоғарылауымен күкірт молекуласының атомдық құрамы өзгереді: төменгі температурада оның құрамы S 8 формуласымен өрнектеледі, ал 500 0 С- S 6 , 1000 0 С- S 2 .
Күкірттің буын 1700 0 С дейін және одан да жоғары қыздырған кезде S 2 молекуласы жекеленген атомдарға диссоциацияланады.
Күкірт - типтік бейметалл, ол электртерістілігі бойынша галогендер, оттек және азоттан кейін тұрады және олармен тотығады.
Күкірт жай және күрделі заттармен қызу әрекеттеседі. Ол химиялық реакцияларда тотықтырғыш ретінде де, тотықсыздандырғыш ретінде де бола алады. Тотықтырғыш рөліндегі күкірт -2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Күкірт +2, +4, +6 тең тотығу дәрежесін көрсете отырып, электрондарын беруге де қабілетті.
Күкірт салқында фосформен тікелей және бірден қосылады, ал бром, оттек, хлор, сутек сияқты басқа белсенді бейметалдармен және барлық металдармен дерлік қыздырған кезде әрекеттеседі.
Күкірт пен сынаптың қоспасын жай ысқылай араластырғанда олар реакцияға түсіп, қара түсті зиянсыз сынап сульфидін түзеді:
Hg+S=HgS
Бұл әрекеттесуді төгілген сынапты жинап алу үшін қолданады. Мұндай процесті демеркуризация деп атайды.
Күкірт ұнтақталған темірмен әрекеттесіп (бұл қоспаны сулау керек), темір сульфидін түзеді:
Fe+S=FeS
Күкірт көміртекпен күкірткөміртек бееді. Бұл қосылыс қыздырылған (800-900 0 С) көмір бетінен күкірттің буын өткізген кезде алынады:
C+2S=CS 2
Күкірткөміртек CS 2 -ұнамсыз иісті, түссіз, жеңіл ұшатын және өте улы сұйықтық; майлар үшін жақсы еріткіш ретінде қолданылады Күкіртпен араласқан мырыш ұнтағы (шаңы) тиіскен шоқ әсерінен тұтанады.
Металдар арасында тек алтын, платина және рутений ғана күкіртпен әрекеттеспейді. Күкірт қалыпты температурада сілтілік және сілтілік жер металдарын, мысты, күмісті және сынапты тотықтырып, сәйкес сульфидтерді түзеді. Алюминий ұнтағы мен күкірт қоспасын магнийлік жаңқамен тұтандырса қызу әрекеттеседі:
2AI+3S=AI 2 S 3
Күкіртті ауада жағу күкірт (IV) оксидінің түзілуіне әкеледі:
S+O 2 =SO 2
Күкірт (IV) оксиді айтарлықтай мөлшерде тек платинаның немесе ванадий (V) оксидінің V 2 О 5 қатынасында ғана түзіледі.
H 2 +S H 2 S
Бұл реакция қайтымды және де ондағы тепе-теңдік 350 0 С дейін оңға қарай ығысқан, ал одан да жоғарылау температурада күкіртсутек ыдырайды.
Фосфор күкірпен ауасыздық жағдайында қыздырғанда Р 2 S 3 және Р 2 S 5 сульфидтерін түзеді.
Күкірт - тотықсыздандырғыш. Ол HNO 3 , KCIO 3 , KMnO 4 сияқты күшті тотықтырғыштармен әрекеттеседі:
S+2HNO 3 =H 2 SO 4 +2NO
S+6HNO 3 =H 2 SO 4 +6NO 2 +2H 2 O
Күкіртке тотығу-тотықсыздандыру реакциялары тән, онда тотығу дәрежесі мына тізбек бойынша өзгереді: -2, 0, +4, +6.
Әртүрлі тотығу дәрежесінде болатын күкірт атомдары өзара әрекеттесуге қабілетті, мысалы:
2H 2 SO 4 +S=3SO 2 +2H 2 O
Na 2 SO 3 +S=Na 2 SO 3
Күкірт ұнтақтарын сілтілермен қайнатқанда сульфиттер мен сульфидтер түзіледі (диспропорциялану реакциясы) :
3S+6KOH=K 2 SO 3 +2K 2 S+3H 2 O
Күкірт әртүрлі бейметаллдармен көптеген қосылыстар түзеді, олардың арасындағы аса маңыздылары жарты хлорлы күкірт S 2 СІ 2 , алты фторлы күкірт SҒ 6 , күкірткөміртек СS 2 .
Күкіртті резеңке өнеркәсібінде каучукті вулкандау үшін пайдаланылады. Ол едәуір мөлшерде сіріңкені, қара оқ дәрісін, отшашуды дайындау үшін жұмсалынады.
Күкірт химиялық өнеркәсіптегі күкірт қышқылының, күкірткөміртектің СS 2 , күкіртті қалайының SnS 2 («бекалтын»), күкіртті қышқыл мен оның тұздарының, өте ашық көк бояу және т. б. өндірісі үшін пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығында күкірт өсімдіктердің кейбір ауруларымен және зиянкестерімен күресу үшін қолданылады.
Күкірт медицинада қышыма ауруына жақпа май ретінде және кейбір тері ауруларын емдеу үшін де қолданылады.
Күкіртті сутек. Сульфидтер
Күкірт сутекпен біраз қосылыстар қатарын түзеді, олардың жалпы формуласы Н 2 S п . Бұл қосылыстардың арасындағы кеңінен белгілісі күкіртсутек Н 2 S, сондай-ақ көп күкіртсутектер Н 2 S 2 , Н 2 S 3 , Н 2 S 5 және т. б.
Күкірт жоғары температура кезінде сутекпен тікелей қосыла алады, нәтижесінде күкіртті сутекті Н 2 S түзеді. Әдетте, күкіртсутекті күкіртті металлға (негізінен, күкіртті темірге ҒеS) қышқылмен әрекет етіп алады:
ҒеS+2НСІ= Н 2 S+ҒеСІ 2
ҒеS+ Н 2 SО 4 = Н 2 S+ҒеSО 4
Күкіртсутек Н 2 S-жағымсыз иісті, түссіз улы газ. Қалыпты жағдайдағы оның 1 л салмағы 1, 54 г. Ол-82, 9 0 С аяз тұсында сұйылады. Күкіртсутек құрамында күкірті бар белоктарға шірінділік бактериямен әрекет еткенде түзіледі, сондықтан оның иісі бұзылған жұмыртқа иісіне ұқсас.
Табиғаттағы күкірсутек жанартау атқылағанда басқа газдармен қатар бөлінеді; ол сол сияқты кейбір арасан суларында да кездеседі.
Әдетте күкіртсутекті сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылдарымен сульфидтерге әрекет етіп алады:
2НСІ+ҒеS =ҒеСІ 2 + Н 2 S↑
Бұл мақсат үшін азот қышқылы жарамсыз, өйткені ол бөлінетін күкіртсутектің өзін тотықтырады.
Күкіртсутекті күкіртті сутекпен қыздырып та алуға болады (бұл реакция қайтымды) :
Н 2 + S Н 2 S
Немесе алюминийдің қатты сульфидіне суды қосып:
АІ 2 S 3 +6Н 2 О =2АІ(ОН) 3 + 3Н 2 S↑
Күкіртсутек организмде жинақталынатын удың қатарына жатады, яғни ол организмде ақырын жиналады. Ауаның 2000 бөлігінде Н 2 S бір бөлігі болса да ауыр улану пайда болып, бас ауырып, салмақ жоғалып қиналады, ал концентрация бұдан жоғары болса, өліп кетеді. Күкіртсутектің уландырушы әрекеті күкірттің металдармен, атап айтқанда темірмен әрекеттесуіне негізделген. Мұны қанға күкіртсутекті жіберіп көруге болады: қызыл түсті қан сол сәтте-ақ қара-көк түске ауысады. Күкіртсутекпен уланғанда, науқасты тез таза ауаға шығарып, шамалы хлоры бар таза оттекпен демалдыртып, жасанды демалу жасайды.
Күкіртсутекті ауада жаққан кезде жасылдау жалынмен жанады:
Н 2 S+3О 2 =2SО 2 +2Н 2 О
Егер күкіртсутектің жалынына салқын затты енгізсе, онда жалын температурасының төмендеуі салдарынан газдың толық жанбауы орын алады:
Н 2 S+О 2 =2S+2Н 2
Күкіртсутек - күшті тотықсыздандырғыш болғандықтан, оның S 2- ионы тотыға келіп, 2, 6 және 8 электронын жоғалта алады да тиісінше S, SО 2, SО 3 айналады. КМпО 4 , К 2 СгО 7 , НNO 3 , хлор, бромды су сияқты тотықтырғыштар, күкіртсутекті бос күкіртке дейін тотықтырады, мысалы:
2KMnO 4 +3H 2 SO 4 +5H 2 S=K 2 SO 4 +2MnSO 4 +8H 2 O+5S
H 2 S+Br 2 =2HBr+S↓
Күкіртсутек суда еріп, әлсіз күкіртсутекті қышқылды береді. Оның диссоциациясы екі саты бойынша жүреді:
H 2 S+H 2 O=H 3 O + +HS - К дисс. =10 -7
HS - +H 2 O=H 3 O + +S 2- К дисс. =10 -7
Күкіртсутекті қышқыл тұздардың екі қатарын түзеді: қышқылдық гидросульфидтер және сульфидтер. Көптеген металдардың сульфидтерін сәйкес тұздардың ерітіндісіне күкіртсутекті өткізу арқылы алуға болады:
Cu 2+ +S 2- =CuS↓
Немесе күкіртсутекті қышқылмен сілтілерді бейтараптап:
2NaOH+H 2 S→Na 2 S+2H 2 O
немесе жай заттардан синтез жолымен, не алмасу реакциясының көмегімен:
Zn+S→ZnS
FeCI 2 +(NH 4 ) 2 S→FeS+2NH 4 CI
Сульфидтедің ерімталдығы әртүрлі: олардың бірі (айталық Na 2 S, K 2 S, CaS) суда ерімтал, басқалары (FeS, ZnS және т. б. ) - сұйылтылған минералдық қышқылдарда ериді. PbS, CuS, Ag 2 S 3 сияқты сульфидтер тек концентрлік азот қышқылында ғана ериді.
Кейбір сульфидтердің нашар еритіндігі соншалықты, мұндай металдардың тұздары күкіртсутек ерітінділерінде сульфидтердің тұнбасын береді, мысалы:
Cd(CH 3 COO) 2 +H 2 S=CdS↓+2CH 3 COOH
NiCI 2 +H 2 S=NiS↓+2HCI
Әлсіз қышқылдың тұздары сияқты, сульфидтер суда ерімтал және гидролизденеді:
Na 2 S+H 2 O NaHS+NaOH
Қорғасынның ерімтал тұздарымен сульфидтердің әрекеттесуі-күкіртсутекті қышқылға және оның ерімтал тұздарына сапалық реакция болып келеді. Мұндайда қара түсті қорғасынның (ІІ) сульфиді бөлінеді:
Pb(NO 3 ) 2 +Na 2 S=PbS↓+2NaNO 3
Сульфидтер әртүрлі түске боялады: ZnS-ақ, CdS-сары, PbS және CuS-қара түсті. Бұл аналитикалық химияда катиондарды сапалық анықтау үшін қолданылады.
Табиғи сульфидтерден бірқатар металдарды алады: мыс, қорғасын, мырыш, күміс және т. б.
Оттекті қышқылдағы оттек атомдарын күкіртке ауыстыру тио қышқылдардың H 3 AsS 4 , H 4 SnS 4 және т. б. түзілуіне әкеледі.
Тиоқышқылдар деп күкірт атомының оттекті қышқылдардың анионындағы оттек атомдарының орынбасу өнімін атайды. Айталық, мышьяк қышқылына H 3 AsO 4 тиомышьяк қышқылы H 3 AsS 4 сәйкес; мышьякты қышқылға HAsO 2 -тиомышьякты HАsO 2 сәйкес. Бұл тиоқышқылдар бос күйінде белгісіз, бірақ тұрақты тұздар (тиотұздар) түрінде алынған:
As 2 S 3 +2(NH 4 ) 2 S 2 →As 2 S 5 +2(NH 4 ) 2 S
As 2 S 5 +3(NH 4 ) 2 S→2(NH 4 ) 3 AsS 4
Күкірт оксидтері .
Күкірттің келесі оксидтері белгілі: S 2 О, SО, SО 2 , SО 3 . Төменгі оксидтің құрылысы: S= S=О және ол аса берік емес. Ал, SО - радикал, ол тек әртүрлі газды тізбекті реакцияларда аралық өнім ретінде ғана пайда болатын қосылыс және жоғары химиялық белсенділігімен ерекшеленеді.
Күкірттің (IV) оксиді немесе күкіртті ангидрид SО 2 -түссіз газ, -10 0 С аяз кезінде сұйықтыққа қоюланады. Ол - өткір иісті, улы газ. Өсімдікке қатерлі әсер етеді, ол бөлінетін заводтардың маңындағы барлық өсімдік түрі күйіп қалады. Күкіртті газ ауадан 2 еседей ауырлау. Сондықтан оны болат баллонда сұйық күйінде сақтап, тасымалдайды.
Табиғаттағы күкіртті ангидрид газы жанартау атқылағанда, ал кейбір жерлерде-жер қыртысындағы жарықтан бөлінеді.
Күкірт жанған кезде күкіртті ангидрид SО 2 және шамалы мөлшердегі күкірт ангидриді SО 3 түзіледі:
S+О 2 = SО 2
Көп мөлшердегі күкіртті газ темір колчеданың (пирит) Ғе S 2 өртеген кезде алынады:
4FeS 2 +11O 2 =8SO 2 +2Fe 2 O 3
немесе күкіртті қышқылды тұздарға тұз не күкірт қышқылымен әрекет еткенде:
Na 2 SO 3 +2HCI=2NaCI+H 2 O+SO 2
немесе қыздырған кездегі күкіртті қышқылдың қышқыл тұзын ыдыратумен:
2NaHSO 3 =Na 2 SO 3 +SO 2 ↑+H 2 O
немесе қыздырғандағы мысқа концентрлі күкірт қышқылының әрекет етуімен:
Cu+2H 2 SO 4 =CuSO 4 +SO 2 ↑+2H 2 O
SO 2 молекуласы O 3 молекуласына ұқсас құрылған. Күкірт атомында жұптаспаған электрондық жұптың болуы SO 2 молекуласына қосылу реакциясына қабілеттілік береді, атап айтқанда, сумен, сілтілермен, негіздік оксидтермен әрекеттеседі:
CaO+SO 2 ↔︎CaSO 3
SO 2 +2NaOH→ Na 2 SO 3 +H 2 O
Күкірттің тотығу-тотықсыздану қатарында күкіртті ангидрид аралық орынға орналасады. Ондағы күкірт элементі, +4 заряды бола тұрып, не тағы да 2 электронын бере алады, не 4 немесе 6 электронды қабылдайды. Сондықтан SO 2 тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады.
Күкіртті газдың тотықтырғыштық қасиетін көрсету мысалы - оның күкіртсутекпен реакциясы:
SO 2 +2H 2 S=2H 2 O+3S
Күшті тотықтырғыштармен (KMnO 4 , HNO 3 , J 2 ) әрекеттесе келіп, күкіртті ангидрид тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді:
SO 2 +J 2 +2H 2 O=H 2 SO 4 +2HJ
Ауада күкірт ангидридіне дейін аз мөлшерде баяу тотығады:
2SO 2 +O 2 =2SO 3
Күкіртті ангидрид көптеген бояулар мен бояғыштарды түссіздендіреді. Мысалы, қызыл раушан гүлін жанып жатқан күкірттің үстінде ұстаса, яғни SO 2 атмосферасында тұтса, онда ол түссізденеді. Күкіртті газды жүн мен жібекті ағарту реакциясы қайтымды келеді, және уақыт өткен сайын бояу өзінің алғашқы түсіне қайтадан енеді. Күкіртті газбен ағартылған, сабаннан жасалған телпек түсінің өзгеруін осымен түсіндіруге болады. Күн сәулесі мен құрғақ ауа әсерінен олар өзінің кірлі-сары түсіне енеді.
Күкірт қышқылының өндірісі SO 2 каталиттік тотығуына негізделген. Сұйық күйдегі SO 2 көптеген органикалық және бейорганикалық қосылыстарды ерітеді.
Бесхлорлы фосформен күкіртті газ әрекеттескенде тионилхлорид түзіледі:
SO 2 +PCI 5 =POCI 3 +SOCI 2
Күкіртті газ ауру қоздыратын микроорганизмдерді, көгерту көздерін және т. б. жояды. Сондықтан, оны астық қоймаларын, парниктерді, жеміс сақтайтын орындарды ыстау SO 2 түтінімен өңдеу үшін пайдаланады. Құрғақ өрік, қара өрік және т. б. жидектерді дайындаған кезде SO 2 консервілеуші құрал ретінде қолданыс табады.
Күкіртті газ улы; оның ауадағы 0, 03-0, 05 мг/л концентрациясы жөтелді, қолқа мен өкпенің қабынуын тудырады.
Күкірт (IV, VI) қышқылдары .
Күкіртті қышқыл Н 2 SO 3 сатылы диссоциацияланатын, күштілігі орташа қышқыл болып келеді:
H 2 SO 3 H + +HSO - 3 К 1 =2·10 -2
HSO 3 - H + +SO 2- 3 К 2 =6·10 -8
Күкіртті қышқыл тотықсыздандырушылық қасиет көрсетеді, өйткені күкірт +4 тотығу дәрежесінен +6 тотығу дәрежесіне ұмтылады; мысалы, броммен жүретін реакция жеңіл өтеді:
H 2 SO 3 +Br+H 2 O=H 2 SO 4 +2HBr,
Бірақ та күкіртсутекпен әрекеттесе отырып, күкіртті қышқыл енді электрондарды қосып алып, тотықтырушы ретінде әрекет етеді:
2H 2 S=3S+3H 2 O
H 2 SO 3 қышқылдарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді:
H 2 SO 3 +2KOH→K 2 SO 3 +2H 2 O
H 2 SO 3 +Na 2 SiO 3 →Na 2 SO 3 +H 2 SiO 3 ↓
H 2 SO 3 +CaO→CaSO 3 +H 2 O
Күкіртті қышқылдың ерітінділерді ауада тотығады да күкірт қышқылы алынады. Тізбекті механизм бойынша жүретін тотығу процесінің катализаторы, айнымалы валенттіліктегі металдардың иондары, әсіресе мыстың иондары болады. Күкіртті қышқылды күкірт қышқылына галогендер, перманганаттар және басқа да күшті тотықтырушылар тез тотықтырады:
H 2 SO 3 +H 2 O 2 =H 2 SO 4
5H 2 SO 3 +2KMnO 4 =2H 2 SO 4 +2MnSO 4 +K 2 SO 4 +3H 2 O
Күкіртті қышқылдың өзі аса берік болмаса да оның тұздары тұрақты және таза күйінде алынады. Күкіртті қышқылдың тұздарын сульфиттер деп атайды. Ол екі негізді қышқыл ретінде екі типтегі тұз түзеді. Мысалы, натрий биосульфиті NaHSO 3 (ақталынған кездемедегі хлор ізін жою үшін қолданылады) және натрий сульфиті- Na 2 SO 3 .
Күкіртті қышқыл және оның тұздары ауадағы оттекпен біртіндеп тотығады да сәйкесті күкірт қышқылы мен сульфаттарға айналады:
2H 2 SO 3 +O 2 =2H 2 SO 4
2Na 2 SO 3 +O 2 =2Na 2 SO 4
сульфиттер қыздырған кезде диспропорцияланады:
4Na 2 SO 3 →3Na 2 SO 4 +Na 2 S
Сульфиттер оттектен басқа күкіртті де қосып алып, тиотұздар түзеді (қыздырса реакция едәуір үдей түседі) :
Na 2 SO 3 +S=Na 2 S 2 O 3
Натрий
тиосульфаты
Натрий гидросульфиті NaHSO 3 - күшті тотықсыздандырғыш, кездемені бояу кезінде қолданылады:
NaHSO 3 +CI 2 +H 2 O=NaHSO 4 +2HCI
Кальций гидросульфитін Ca(HSO 3 ) 2 ағаштан целлюлозаны (сульфитті целлюлозаны) алу үшін қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz