«Мұнайдың химиялық анализі» бағдарлы элективті курсын оқыту әдістемесі


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе .: І. Кіріспе .
3: 3
І. Кіріспе .: 1. Әдеби шолу
3:
І. Кіріспе .: 1. 1 Элективтік курстардың негізгі түрлері, жіктелуі . . .
3: 6
І. Кіріспе .: 1. 2 Мұнайдың шығу тегі, қасиеттері және жіктелуі . . .
3: 15
І. Кіріспе .: II. Негізгі бөлім . . .
3: 28
І. Кіріспе .: 2. 1 «Мұнайдың химиялық анализі» бағдарлы элективті курсының күнтізбелік оқу жоспары . . .
3: 29
І. Кіріспе .: 2. 2 Элективті курс бойынша сабақ жоспары . . .
3: 31
І. Кіріспе .: 2. 3 Элективті курстың зертханалық жұмысының әдістемесі . . .
3: 48
І. Кіріспе .: 2. 4 Бағдарлы элективтік курстың тиімділігін зерттеудің нәтижелері . . .
3: 52
І. Кіріспе .: 2. 5 Элективті курс бойынша оқушылардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысы . . .
3: 56
І. Кіріспе .: III. Қорытынды . . .
3: 62
І. Кіріспе .: IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 64
І. Кіріспе .: V. Қосымшалар . . .
3:

Кіріспе

Қазақстан әлемнің байырғы мұнай шығаратын елдерінің бірі болып табылады, оның табиғи байлықтары орасан зор, атап айтқанда табиғи жанғыш қазбалар қорлары: мұнай, газ және көмірге өте бай мемлекет. Қазақстанның көмірсутек потенциалы мамандардың айтуына қарағанда әлемдік қордың жалпы көлемі бойынша жеткілікті дәрежеде. Мұнайдың анықталған қоры бойынша Қазақстан әлемнің алдыңғы елдерінің қатарына кіреді. Мұнай мен газ Қазақстанның барлық аудандарында дерлік кездеседі. Осындай бай өлкеде мол байлықтарды игеру үшін, оны халықтың игілігіне жұмсау үшін де мұнай-химия ғылымын дамыту бірінші кезекке қойылды.

Химиялық білім оқушыларды көмірсутегі шикізаты, энергетика, жанар-жағармай және мұнайдың химиялық құрамын анализдеу мәселелерін шешуде нақты көзқарастармен, түсініктермен қамтамасыз етеді.

Орта мектепте оқытылатын химия ғылымы - табиғатты танып білуде және қоғамның материалдық игілігін жасауда маңызды рөл атқаратын жаратылыстану ғылымдарының бірі. Химия іргелі ғылым ретінде ғылым мен техниканың басқа салаларының да өсіп - өркендеуіне тікелей әсер етеді. Ол салалар - биология, физика, математика, техника, электроника, энергетика, құрылыс, көлік және агроөндірістер мен микробиология, мұнай-химия т. б. Химия пәнін жақсы меңгерген оқушының келешекте осы салаларда маман - қызметкер болып шығуына мүмкіндік мол.

Оқушылардың жалпы білім деңгейі мен ой - өрісін кеңейтіп, теориялық білімді өмірмен, ғылымды еңбекпен тығыз байланыстыру мақсатында «Мұнайдың химиялық анализі» элективтік курсын жүргізудің маңызы зор. Элективтік курс мұғалімнің басшылығымен оқушылардың пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға негізделген.

Соңғы жылдары біздің еліміз мұнайдың қоры мен өндіру көлемі бойынша шет мемлекеттер арасында алдыңғы қатарға шықты, мол мұнайымызды дұрыс ұқсата алмасақ, байлығымыз ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп қалуы мүмкін. Соған орай мұнай-химия саласын дамытуға баса назар аударуда.

Мектептің химия курсында мұнай химиясы тақырыбына өте аз уақыт беріледі, ал тақырып төңірегіндегі зертханалық жұмыстар тіпті жоқтың қасы десе де болады. Осы тұрғыдан алғанда мектеп оқушыларына мұнай химиясы саласына бағыт беруді күшейту керектігі айқын мәселенің бірі. Зерттеуімізді осы мәселеге бағыттау барысында бірнеше қайшылықтарды байқадық:

1. Орта мектептің жоғары сатысындағы оқу бейінін таңдау қажеттігі мен оқушыларды бағдар алуға жеткілікті түрде дайындықтың ғылыми негіздегі элективті курстың жасалмауы арасында қайшылық туып отыр.

2. Негізгі мектепте химиядан бейімді білім беруді іске асыру қажеттігі мен қазіргі кезде орындауда ғылыми әдістемелік нұсқаудың болмауының арасындағы қарама-қайшылық.

3. Қазақстанда сапалы мұнай өндіру мен күнделікті тұрмысқа, құрылысқа қажетті өнімдер өңдеу мақсатында болашақ жастарды осы мамандыққа бағыттау керек екендігі және бұл мәселеге арналған элективті курстың болмауы да біздің диплом жұмысымызға негіз болды.

Жоғарыда көрсетілген қарама-қайшылықтарды шешудің тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру мақсатымен дипломдық жұмыс тақырыбын « Мұнайдың химиял ы қ анализі » бағдарлы элективті курсын оқыту әдістемесі деп таңдадық.

Зерттеу жұмысының өзектілігі - Элективтік курс бағдарламасында мұнай-химия ғылымының негіздері, ғылыми-техникалық прогреске бағытталған мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу мәселелері, қазіргі заманғы технологиялар кеңінен қарастырылып, химиядан бағдарлы білім беру бағыты іске асырылады.

Зерттеу мақсаты - негізгі орта мектеп бағдарламасына «Мұнайдың химиялық анализі» элективті курсының оқыту әдістемесін жасау. Оқушыларға мұнай және мұнай өнімдерінің химиялық құрамын, тұрмыста қолданылуын, өмірдегі маңыздылығын ұғындыру, Қызылорда облысындағы мұнай кеніштері мұнайының құрамына физика-химиялық талдау жүргізіп, тек жанармай отыны ретінде ғана емес басқа да тұрмысқа қажетті өнімдер синтездеуді ұсыну, оқушылардың мұнай химиясы жайлы дүниетанымын арттыру, химиядан алған білімдерін пайдалана отырып, күнделікті өмірмен байланыстыра білуге тәрбиелеу.

Зерттеу міндеті - Оқушылардың жалпы білім деңгейі мен ой - өрісін дамытып, химиядан алған теориялық білімдерін өмірмен, ғылыммен тығыз байланыстыру, олардың химия пәніне қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс жасауға, шығармашылық ізденіске баулу, кәсіби бағдар беру.

Зерттеудің проблемасы: бір жағынан оқушының болашақ мамандығын дұрыс таңдай алатын шығармашылыққа қабілетті тұлға болып қалыптасуын қажетсініп отырған қоғам сұранысын қанағаттандыратын жалпы орта мектептегі оқу процесінде оқушылардың бағдарын анықтай алуына мүмкіндік беретін элективтік курстардың қажеттілігі мен осы проблемалардың теориялық және практикалық тұрғыдан талданып зерттелуінiң жеткiлiксiздiгiнен туындап отырған қарама-қайшылықтар зерттеу жұмысының көкейкестілігін анықтайды.

Зерттеу нысаны - «Қабілет» бейімді білім беру лицейінің 10-сынып оқушыларын химия пәні бойынша оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні - негізгі орта мектеп химиясын бағдарлы элективті курстар арқылы оқыту үрдісі.

Егер, негізгі мектеп химиясына байланысты элективті курстар іріктеліп, осыған лайықты бағдарламалары дайындалса, оның мазмұны химия пәнінің базалық мазмұнымен тығыз байланыста құрылса, элективті курстардың бағдарлық негізі анықталса, оны жүзеге асырудың жолдары мен әдістері білім беру үрдісіне енсе, онда ол оқушылардың химиялық білім, білік, дағдыларының сапасының жоғарылауына және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал етеді.

Қойылған мақсаттарды іске асырып, болжамды тексеру үшін келесі міндеттер қойылды:

- элективті курстар арқылы химияны тереңдете оқыту негізінде оқушылардың бағдарын қалыптастыру жолдарын көрсету;

- химияның бағдарлы элективті курстарының қойылатын талаптарын, бағдарламалық мазмұнын және жүйесін анықтау;

- химияның бағдарлы элективті курстарын оқытудың әдістемесін беру;

- бағдарлы элективті курстарды оқыту әдістемесін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Негізі мектеп химиясы бойынша элективті курстардың мазмұнын жасау шарттары анықталып, ғылыми тұрғыдан негізделді.

Бағдарлы элективті курстар химия пәні бойынша оқушылардың білімін тереңдетіп, қызығушылығын арттыра отырып, мектептің жоғары сатысында дұрыс бағдар таңдауға негіз болатындығы сараланды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:

«Мұнайдың химиялық анализі» бағдарлы элективті курс бағдарламасы мен оны оқытудың әдістемесі жасалды.

Зерттеудің сарамандылық маңыздылығы:

элективті курс бойынша оқушыларға мұнайдың химиялық құрамын анықтау және мұнайдың тығыздығын, механикалық қоспалардың, хлорлы тұздардың мөлшерін, мұнайдан суды бөлу және мұнай құрамындағы су мөлшерін анықтауды үйрете отырып, тәжірибе барысында зерттеу.

Зерттеу нәтижелерін химия пәні мұғалімдерін қайта даярлау жағдайларында, сондай-ақ 12 жылдық орта білім беру үрдісінде қолдануға болады.

«Мұнайдың химиялық анализі» атты бағдарлы элективтік курсында әрбір оқушы бойында ақыл-ой мен сарамандық іс- әрекеттердің дараланған сипаты қалыптасады, теориялық және сарамандық мазмұндағы жаңа мәселелерді шеше білу шеберлігі пайда болады, яғни химия маманына тән арнаулы қасиеттер дамиды. Химияны қызығушылықпен оқып үйренгенде оған деген құштарлықтары артады, мектеп бітіргеннен кейін мұнай-химия кәсіптерін меңгеруге жағдай жасайды.

1. Әдеби шолу

1. 1. Элективтік курстардың негізгі түрлері, жіктелуі

Бағдарлы даярлықтың негізгі көздеген мақсаты-таңдау курстарын, ақпараттық жұмыстарды, бейімдік бағдарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың өзін-өзі анықтауына ықпал ететін білім беру кеңістігін құру. Бағдарлы даярлық 9-сыныптан басталады. Басты міндеті жасөспірімдердің әрі қарай оқу жолын таңдауында маңызды және өмірлік қадамдарын айқындауға байланысты кешенді жұмыстарды жүргізу болып табылады. Бағдарлы оқытудың негізгі субъектісі-оқушы. Бағдарды таңдауда оқушы жауапты шешім қабылдайды. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда ата-ана жанама рөл атқарғанымен, оқушының бағдар таңдауында ықпалы зор. Таңдаған мамандығына сай және бағытына сәйкес оқушы санасында күмән туғызбау үшін ата-анамен пікірлесе отырып, дұрыс бағыт-бағдар беру-педагогтің міндеті. Бағдарлы білім беруді ұйымдасқан түрде нәтижелі жүзеге асыруда мұғалім негізгі кілт болып табылады. Сондықтан мұғалім оқушының бағыт таңдауына дұрыс септігін тигізіп, жан-жақты көмек көрсетуі тиіс.

Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттануымен өз өміріне қаншалықты көңіл толатындығының арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан кәсіп таңдау болашаққа үңілу болса, екінші жағынан ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу, яғни “менің мықты және әлсіз тұстарым, менің қолымнан не келеді, неге қабілеттімін, келешекте қандай пайда келтіре аламын” деген сауалды өзіне қоюы болып табылады.

Мамандық таңдағанда біріншіден қызықтыратын мамандықты таңдау қажет, екіншіден оны игеретіндей білімді болу керек, үшіншіден оқу орнын дұрыс таңдай білу қажет.

Елбасымыз Н. Назарбаев: «Отанымыздың бүгіні мен болашағы сіздердің еңбектеріңізге тікелей байланысты, бірлесе, ұйымдаса және ұстаздық ұлағатпен жұмыс жасағанда ғана біз ортақ табыстарға жете аламыз» деп атап айтты.

Бүгінгі күні бағдарлы оқытуды жүзеге асыру оқушылардан, ата-аналар қауымы мен ұстаздардан көп еңбектенуді және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі мамандығын дұрыс таңдаған білімді де саналы тұлға-ел болашағы.

Алайда, бұған дейінгі зерттеу нәтижелері бүгінгі таңдағы білімге, оның нәтижесіне, оқу үрдісінің субъектісі болып отырған оқушының әрекетіне қойылып отырған жаңаша талаптарға толық мағынасында жауап бере алмайды. Субъект ретінде оқушының белсенді әрекетінің бір қыры оның өзінің болашақ бағдарын таңдауы болып табылады. Оқушы осы таңдау арқасында болашақ кәсібін де таңдайды.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің осы заманғы басты бағыттары - дүниежүзілік деңгейдегі мәдениет пен білім қорын бойына сіңірген, өз бетінше шешім қабылдауға, әр істе шығармашылық әрекет жасауға қабілеттері бар тұлға қалыптастыруға бағытталған өзіндік бақылауға бейімдеу жүйесінің және осы мақсатта пайдаланылатын элективтік курстардың мазмұны мен әдістемесінің теориялық-практикалық тұрғыдан жеткілікті талдану қажеттiлiгi зерттеу жұмысының өзектiлiгiн анықтайды.

Элективтік курстардың түрлері және олардың оқыту үрдісіндегі рөлі

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурызда Халыққа жолдауында «Біздің адамдарымыз оқып-үйренуге тиіс, бүкіл әлемде адамдар өмір бойы оқумен өтеді. Мына жағдайда қайта оқуға, сөйтіп бүгін қажет болып отырған мамандықты игеруге мүмкіндік те бар, қажеттілік те бар»-деді. Яғни Елбасының айтуынша оқушы кезінде дұрыс бағдар алмағандықтан қайта оқуға, жаңа мамандық алуға мәжбүр болады. Демек мектеп қабырғасында жүрген кезінде-ақ оқушы өмірлік кәсібіне бағдарлануы аса маңызды мәселе. Сондықтан мұғалім және ата-ананың көмегі арқасында болашақ бағдарын тек оқушы өзі таңдауы тиіс. [1]

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3-ші бабында: адамның бас бостандығы мен құқықтарын құрметтеу жайлы айтылса, осы заңның 11-ші бабында: оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау жайлы айтылған. Заңның 47-ші бабында: тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу жоспарына сәйкес альтернативтік курстарды таңдауға құқылы, - делінген. [2]

Элективті курс-оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын бейімдік мазмұнды толықтыратын пәндердің оқу жоспарының жаңа элементі болып табылады. Элективті курстарды жалпы білім беру бағдарламаларының тақырыптарына кіргізуге болады.

Элективті курстар мектептің жоғарғы сыныптарында бейімдік білім беру жүйеде маңызды рөл атқарады. Факультативтік курстардан айырмашылығы элективтік курстар міндетті. Латыншадан аударғанда «electus» «таңдамалы » деген мағына береді. [3]

Осы заманғы білім берудегі оқу пәнінің ерекшеліктері мен олардың оқушының бағдарын анықтаудағы атқаратын қызметтері

80-ші жылдардың ортасында жалпы химиялық білім берудің негізгі функциясы ретінде «алдыңғы ұрпақ жинақтаған, қорытындыланған, логикалық және дидактикалық өңделген химиялық танымдылық түрінде қайта жаңғырту, қолдану, еселеп арттыру болып есептелінді» [4] . Әлбетте, білімді қолдану және еселеп арттыру өзінің өзектігін бүгінгі күнге дейін сақтап келе жатыр, бірақ дегенмен пәндік оқытудың атқаратын қызметтері білім берудің өзінің осы заманғы дамушы парадигмасы тұрғысынан өз өзектілігін сақтайды. Дамытып оқыту жүйесінде әрбір оқу пәнін төмендегідей қарастыру қажет:

  • бірыңғай жалпы мектептік үйретуші-тәрбиелеуші-дамытушы ортаның ұйымдастыруына арналған бастапқы негіз және субстрат ретінде;
  • оқушының білімдік, әрекеттік жеке іс-тәжірибесі функционалды сауаттылық және біліктілік жүйесін қалыптастыру және дамыту көзі ретінде;
  • гуманисті бағдарланған құндылық-мақсаттық жеке басқа басымдылық беру және ғылыми дүниетанымды қалыптастыру тәсілі ретінде;
  • ғылыми білімнің әрбір адам өміріндегі маңыздылығын және осы заманғы қоршаған дүниемен байланыстарының өзектілігін көрсету құралы ретінде;

Бұл жетістіктің міндетті жағдайларына жататындар: оқу-тәрбие үрдісінің алдында сәйкес келетін мақсаттар қою және оларды іске асыруды қамтамасыз ететін материалды оқыту мазмұнына енгізу, сонымен қатар білім алушылардың оқу-танымдық әрекетінің сипаты мен белгілі құрылымының әдепкі жобасын жасау (ОТӘ) . Сондықтан, атап кеткен мәселелерді шешу үшін химия оқу пәнінің мазмұны мен ОТӘ өзіндік ерекшеліктерін анықтау манызды міндеттеріне жатады.

Мектептік оқытудың мазмұнын құру және қалыптастыру ұстанымдары әдебиетте кең қарастырылған. Педагогика және әдістемемен жүйеленген дидактикалық ұстанымдарының ішінен келесілерді көрсетуге болады:

  1. Осы заманғы деңгейдегі ғылым мен техниканың дамуы білім берудің

мазмұнына сәйкестігі.

  1. Жаратылыс ғылыми білімнің гуманистік бағдарланған құндылық

тәрбиеге бағытталуы; экологиялық императивті ашу, ғылыми білімдердің рөлі мен адамзаттың осы заманғы глобальді (үлкен, ірі) проблемаларын шешуде қолданылу перспективалары (экологиялық, шикізаттық, энергетикалық және т. б) .

3. Ғылыми дүниетанымның негіздерін қалыптастыруға және қоршаған дүниені әрі қарай танудың перспективаларын ұғынуға.

4. Құзырлы (компетентная), функционалды сауатты және әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру міндеттеріне сәйкестігі.

5. Күнделікті тірлікпен алуан түрлі байланысуды және оны дамыту перспективаларын оқытуда жүзеге асыру.

6. Оқушыларда әртүрлі сипатты еңбекке даярлықты және дағдыларды қалыптастыруға, стандартты емес міндеттерді шеше білуге тәрбиелеу.

Химия қарқынды дамып келе жатырған ғылым болып табылады . Сондықтан бірінші ұстанымда оқу және ғылыми білімдердің сәйкестігі туралы айтылады. Оқу пәні ешқашанда ғылымның қысқаша аналогы болып табылмайды. Оның мазмұны, бір жағынан, оқушыларда ғылыми білімдердің негіздерінің қалыптастыру мақсатымен, ал екінші жағынан-арнайы тәрбиелеуші, дамытушы мақсаттарымен анықталады.

Химия оқу пәнінің мазмұның ерекшеліктерін талдап жинақталған түрде төмендегідей анықталады:

1. Оқу пәнінің мазмұны біртұтас. Зат, химиялық реакциялар және химиялық технологиялар туралы химиялық ұғымдар арасындағы өзара байланысқан жүйелер курстың базистік негізі болып табылады (В. Н. Верховский, А. Д. Смирнов, С. Г. Шаповаленко, Ю. В. Ходаков, Д. А. Эпштейн, П. А. Глориозов, Н. Е. Кузнецова, Е. Е. Минченков және т. б) . [5, 6] Бұл жүйелердің мазмұны ғылыми теориялардың жүйелі түрде ауысуына қарай (атом-молекулалық ілім, заттың электрондық құрылыс теориясы, электролиттік диссоциация теориясы, химиялық құрылыс теориясы) ашылады. Оқу пәнінің тұтастығы біріншіден аталған ұғымдардың теориялық жүйелердің біртіндеп дамуымен және өзара байланыстылығымен анықталады.

2. Химия оқу пәнінің мазмұнында химиялық заңдар мен заңдылықтар үлкен рөл атқарады.

3. Химияның негізгі зерттеу пәні ретінде өзгеретін зат қарастырылады.

4. Химиялық тіл: символика, терминология, номенклатура - оларды құрастыру ережелері, өзгерту, атау беру-химия ғылымының айқын ерекшеліктерін көрсетеді [7]

Оқу мотивациясының дамуы әдістемелік проблема ретінде

Мотив - оқыту үрдісіндегі ең маңызды элемент болып табылады. Бірақ осы уақытқа дейін мотивация мәселесі химияны оқыту әдістемесінің теория мен практикасында ешқандай орын алып жатырған жоқ. Соңғы жылдары жеке оқыту әдістемелерде оқушылардың оқыту мотивациясының даму мәселесіне көп көңіл бөледі. Бірақ бұны аса зерттелініп жатырған мәселеге жатқызуға болмайды. Тек қана білімді меңгеру үрдісінде үлкен роль атқарады.

Химияны дамып жатқан оқыту әдістемесін құрастыру негізі ретінде оқыту мотивацияның даму мәселесін қарастырайық. Жүргізгіш идеяның нақты мақсатты методикалық бағдарламаның орта мектепте пәнді оқу мотивациясының дамуы мен ынталандаруын жетілдіру психолого-педагогикалық ғылымда мәселенің күйін қысқаша сипаттау мақсатында анықтаймыз.

Ең бастысы мотив, мотивациялық сфера деген түсініктердің мазмұнына, олардың құрылымына және тұлғаның даму функцияларына тоқталып кетейік .

Мотив - бастан кешіру, күйзеліс, бір әрекетке итермелеуші қылық. «Мотивте, тұлғаның қозғаушы күші сияқты, объективті дүниенің адамға әсері көрсетілген. Бұл тек санада ғана көрсетілмей, шындыққа да белгілі нақты қарым-қатынаспен пайда болады».

Егер әрекетке жұмылдырғанда мотивтер соңғы тұлғалық мағынаға ие болып, оларды мәнтүзуші деп атайды. Іс әрекеттің мәні оның мотивінің өзгеруі арқылы өзгереді. Сондықтан «оқытудың саналылық мәселесі, балаға білімді игеріп алуға ие болатын, мәннің мәселесі болып табылады». Сонымен - тиісті қызметтің мотивациясы саналылық оқытудың жетістіктін негізі болып табылады. Біздің жағдайда - химияны оқыту мотивациясы.

Мотивациялық сфера мотивтердің құрылымының ең маңызды рөл атқарады. Реалды оқу қызметі әрқашанда полимотивтендірілген немесе көп мотивті. Сондықтан мотивацияның қалыптастыру мен даму өрісін өте күрделі, көпкомпонентті және көпфазалы процесс ретінде қарастыру керек.

«Мотивациялық сфера құрылысында қажеттіліктерді, мотивтерді, мақсаттарды және қызығушылықтарды ерекшелеуге тиістіміз. Оның басты сипаттамасы мотивтер болып табылады, яғни пәнге бағыттылығы». Сонда, мотив өз бетінше феномен ретінде, сонымен қатар мотивациялық өрістің сипаттамасы ретінде қарастырылады.

Пән мұғалімінің оқушының бағдарын зерттеу әдістемесі

Оқу мотивациясының (күйінің) диагностикасы оны дамытудың қажетті жағы болып табылады. Оқушының мотивациясын зерттеу кезінде: мотивтер, мақсаттар, эмоциялар, оқу білігінің қалыптасқандығы талдау пәні ретінде болады. Сондықтан осы проблемамен айналысып келе жатырған А. К. Маркова, Т. А. Матис, А. В. Орлов және Г. И. Щукина секілді мамандардың, ғалымдардың еңбектерінде осы мәселе кеңінен қарастырылады. [8, 9]

Оларды мына тұрғыдан қарастырған жөн :

1) оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптасқандығы мен сипаты;

2) оқу біліктерінің қалыптасқандығы;

3) оқушылардың өзіндік бағалауының сипаты;

4) оқу процесіне және оқуға эмоционалдық қатынасы.

Аталған сапалардың бәрі де тұлғаның күрделі интегративтік біліміне жатады. Бірақ, біз ұсынылып отырған әдістемені төменде берілгендей жеңіл түрде қарастыруды жөн деп есептейміз:

1. Танымдық қызығушылық.

Бұл проблеманы академик Г. И Щукина мен оның шәкірттері терең түрде зерттеп шыққан. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарының даму деңгейін анықтау үшін оларды жоғары, орташа, төмен деңгейлерге бөліп берген жөн. Химия пәні мұғалімінің оқушының сабақ үстіндегі жұмысын үнемі бақылап отыруы, оның оқу әрекетінің нәтижелерін зерттеуі (өзіндік жұмыс, бақылау және шығармашылық жұмыс) танымдық қызығушылықтың даму деңгейі жайлы пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы тұжырымды басқа білім аймағындағы танымдық қызығушылық деңгейі жайлы мәліметпен толықтыруға болады. Осылай ету мұғалімді оқушы тұлғасын «бір жақты» бағалаудан құтқарып, анықталған қызығушылықтарды химия пәнін оқытуда пайдалануға мүмкіндіктер береді. [9]

2. Жалпы оқу білігінің қалыптасқандығы.

Жалпы оқу білігінің қалыптасуымен оқу мотивациясының дамуының тығыз байланысты екендігін көптеген зерттеушілер көрсетіп келеді. Бірақ химик - мұғалім үнемі оқушылардың үлкен топтарымен жұмыс істейді, сондықтан оқушыларды зерттеу және алынған нәтижелерді тіркеп отыру мақсатқа сәйкес әрекет жасауды ұйымдастыру және тіпті тұлғаның жеке сапаларының даму динамикасын бақылау мақсатында пайдалы екендігі даусыз.

3. Оқушының өзіндік бағалауының сипаты

Мотивациясының дамуы үшін оқушының оқу еңбегіне даярлығын өзінің бағалауының зор маңызы бар. Оқушы ретінде (оқушы - жанұядағы бала, біреуге жолдас, топ лидері және т. б) әртүрлі рөлде бола отырып біртіндеп өзін орынды немесе орынсыз бағалауы қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Бейіндік оқу
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Биологияны оқытуда элективті курстарды пайдалану
Бейіндік оқытудың жүйесі
Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі
Теориялық білімін тәжірибе жүзінде пайдалана алуы
Бидай селекциясында заманауи биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz