Экономика негіздері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Экономика негіздері»
пәні бойынша
Семей қ.
Мазмұны
Тақырыптық жоспар
Сабақ №1.
БӨЛІМ 1. Экономикаға кіріспе.
4
5
Сабақ №2
Тақырып 1. 2. Э кономиканың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері
Сабақ №3
Тақырып 1. 2. Э кономиканың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері (қосымша)
5
5
7
7
Сабақ №4
БӨЛІМ 2. Экономикалық жүйелердің жалпы негіздері
11
11
Сабақ №5
Тақырып 2. 2. Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері
13
13
Сабақ №6
Тақырып 2. 3. Ақша. Тарих және қазіргі кезең.
15
15
Сабақ №7
Тақырып 2. 4. Нарық және оның қызмет ету заңдары
16
16
Сабақ №8
Тақырып 2. 4. Нарық және оның қызмет ету заңдары (Қосымша)
20
20
Сабақ №9
Тақырып 2. 5 Нарық субъектілерінің өзара әрекет ету заңдары. Бәсекелестік.
Сабақ №10
БӨЛІМ 3. Өндіріс және жаңа құнды айналымға енгізу
21
21
24
24
Тақырып 3. 1. Бизнес, әлеуметтік-экономикалық мәні және ұйымдастыру
Сабақ №11.
Тақырып 3. 1. Бизнес, әлеуметтік-экономикалық мәні және ұйымдастыру (Қосымша)
Сабақ №12
24
26
26
28
Тақырып 3. 2. Жеке капиталды жүзеге асыру
Сабақ №13
28
30
Тақырып 4. 1. Жалақы
Сабақ №14
30
32
Тақырып 4. 2. Пайда
Сабақ №15
32
34
Тақырып 4. 3. Жекеменшіктен түсетін пайда.
Сабақ №16
34
37
Тақырып 5. 1. Ұлттық шаруашылық: оның ерекшеліктері мен көрсеткіштері
Сабақ №17
37
39
Тақырып 5. 2. Ұлттық шаруашылықтың э кономикалық өсуі
Сабақ №18
39
40
Тақырып 5. 3. Макроэкономикалық теңсіздік
Сабақ №19
Тақырып 5. 4. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу
Сабақ №20
Тақырып 5. 5. Қазіргі дүниежүзілік экономика
Сабақ № 21 Сынақ сабақ
43
46
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР.
0702000
0801000
Сабақ №1
БӨЛІМ 1.
Экономикаға кіріспе.
Тақырып 1. 1: « Экономика және оның қоғамдағы рөлі».
Жоспар .
1. Экономика ұғымы және оның мәні.
2. Экономикалық теория мәні.
3. Экономикалық теорияның функциялары.
4. Экономикалық көрсеткіштер.
5. Ғылыми тану әдістері.
§1. Экономика ұғымы және оның мәні.
«Экономика» сөзі көне грек сөзінен шыққан: сөзбе-сөз, oikos - үй, шаруашылық; nomos - ереже, заң, жиынтығында - шаруашылықты жүргізу ережесі дегенді білдіреді. Берілген сөзді айналымға Ксенофонд енгізген болатын.
Қазіргі уақытта экономика сөзі келесі мағыналарға ие:
- экономика - бұл сөздің кең мағынасындағы шаруашылық, яғни адам өзінің іс-әрекеті үшін пайдаланатын барлық қажетті объектілер;
- экономика - бұл шаруашылықты жүргізу бойынша адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесі;
- экономика - бұл адам қажеттіліктерінің шексіздігі кезіндегі ресурстар мен мүмкіндіктердің шектеулі сипатқа ие болуымен байланысты, заңдар шығаратын және іс-әрекеттің көптеген нұсқаларының арасында тиімді талдау жасауға мүмкіндік беретін дербес ғылым;
Экономика бір жағынан сандық ғылым болып табылады, өйткені өзінің есептеулерінде математикалық әдістерді пайдаланады; сандық санаттар ретінде мыналар болуы мүмкін: өндіріс көлемі; уақыт нормасы; еңбек өнімділігі; өнімнің бірлігін шығаруға кеткен еңбек шығындары; пайда және т. б.
Сонымен қатар экономика сөздік ғылым болып табылады, ол сапалық санаттарды - (тиімділікті, рухани мүдделерді, өнімдер сапасын, қайырымдылықты) пайдаланады.
Экономика зерттелетін құбылыстардың ауқымдылығына орай екі түрге бөлінеді:
1) макроэкономика ірі салмақтар, аудандар, мемлекеттер және жалпы әлемдік экономика тұрғысында экономикалық құбылыстарды зерттейді.
2) микроэкономика жеке адамға, жеке отбасына, жеке кәсіпорынға немесе кәсіпорындар тобына қатысты экономикалық үрдістерді зерттейді.
§2. Экономикалық теория пәні
Ғылым ретінде жалпы экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет экономикалық теорияның классикалық мектебінің өкілі А. Смит тұжырымдады. Оның ойынша, бұл ғылым объективті адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз, осы қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын, адамдардың әртүрлі класстарының және топтарының арасында өнімнің бөлінуінің табиғи тәртібін және осы бөлумен байланысты қатынастарды зерттеу керек.
П. Самуэльсон пәннің өзіндік жалпылама анықтамасын келтіреді: «Экономикалық теория әртүрлі тауарларды өндіру үшін және түрлі адамдар мен қоғам топтарының арасында осы шақта және болашақта тұтыну мақсатында оларды бөлу үшін, ақшаның көмегімен және оның қатысынсыз, уақыт ағымында адамдар мен қоғам сирек өндіргіш ресурстардың қайсысын таңдайтындығы туралы ғылым».
К. Макконнелл мен С. Брю атап айтқандай: «Бұл ғылымның мәселелері әдетте жеке емес, қоғамдық көзқарас тұрғысынан зерттеледі. Тауарларды өндіру, айырбастау және тұтыну жалпы қоғам тұрғысынан қарастырылады».
Адамдардың мінез-құлқы қандай да бір әлеуметтік-экономикалық қатынастардың себебі емес, салдары. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуының экономикалық санаттары мен экономикалық заңдары аралық әсері арқылы, жалпы экономикалық теория адамдардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейді деген қорытынды жасауға болады.
Экономикалық теорияның зерттеу нысаны сирек қорларды басқару бойынша адамдардың іс-әрекетін басқару болып табылады.
§3. Экономикалық теорияның функциялары.
Кез-келген ғылым тәрізді, жалпы экономика бірқатар функцияларды атқарады: танымдық, теориялық-методологиялық, әлеуметтік, сындық, тәжірибелік, қолданбалы функциялар.
Танымдық функция - қоғамдық экономиалық үрдістер мен құбылыстарды зерттеп білуге, сондай-ақ оны түсіндіруге бағытталады.
Теориялық -методологиялық. Экономикалық теория - экономикалық ғылымдардың барлық жүйесі үшін негіз болып табылады.
Егер жалпы экономикалық теория қоғамдық өндірісті, бөлуді, айырбас пен тұтынуды басқаратын заңдарды зерттейтін болса, қалған барлық экономикалық ғылымдар - бұл заңдардың нақтылы жағдайларда көрінуін зерттейді.
Әлеуметтік функция, жалпы экономикалық теорияның мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін, халықты әлеуметтік қорғаудың мәселелерін және басқа да әлеуметтік сауалдарды қарастыруынан тұрады.
Сындық функцияда барлық құбылыстар сын тұрғысынан қаралады, экономикалық үрдістер мен құбылыстардың артықшылықтары, құндылығы мен кемшіліктері, оларды қолданудың мақсаттылығы анықталады.
Тәжірибелік, қолданбалы функция ғылыми негізде және мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын нәтижелі жүзеге асыруда шаруашылықты тиімді жүргізудің нақтылы принциптері мен тәсілдері бойынша алған білімдерін қолданудан тұрады.
§4. Экономикалық көрсеткіштер
Экономикалық көрсеткіштер бұрын, қазір және болашақта өтетін экономикалық объектілердің жағдайларын спаттайды. Кез-келген экономикалық көрсеткіш үш элементтен тұрады: көрсеткіш атауы, сандық мәні, өлшем бірлігі.
Экономикалық көрсеткіштердің көптүрлілігі олардың жіктелуін қарастырады:
- абсолюттық көрсеткіштер (көлемді, сандық) ;
- салыстырмалы көрсеткіштер (сапалық, меншікті) ;
- нормативтік көрсеткіштер - бұл жоғары тұрған ұйымдармен бекітілген немесе техникалық құралдар паспорттарында көрсетілген көрсеткіштер;
- ғылыми-техникалық көрсеткіштер - НТП жетістіктерін енгізу дәрежесін көрсетеді;
- есептік-статистикалық көрсеткіштер, есептік кезеңде кәсіпорын жұмысымен байланысты.
- Орташа көрсеткіштер құбылыстардың әдетттегі деңгейін көрсетеді;
- макро- және микроэкономикалық көрсеткіштер;
- өсудің көрсеткіштері.
§5. Ғылыми таным әдістері
Экономикалық ғылым кез-келген басқа ғылым тәрізді өзінің зерттеу пәні болады, оларды зерттеу кезінде жиынтығында оның әдісін құрайтын әдістер, тәсілдер мен құралдар қолданылады.
Экономикалық теория әдісі - амалдар мен тәсілдер.
Экономикалық теорияның келесі негізгі әдістерін ерекщелейді:
- Талдау - бұл бүтінді жеке бөліктерге бөлуге және әрқайсысын жекелей зерттеуге негізделетін таным әдісі.
- Синтез - талдау барысында бөлінетін бөліктерді біріктіруге және олардың жиынтығын зерттеуге негізделген әдіс.
- Индукция - бұл жалқыдан жалпыға қарай тұжырымдалатын таным әдісі.
- Дедукция - жалпыдан жалқыға қарай пайымдауға негізделетін таным әдісі.
- Аналогия - белгілі құбылыстан немесе үрдістен белгісізге қасиеттерді тасымалдауға негізделетін таным әдісі.
САБАҚ №2
Тақырып 1. 2: «Экономиканың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері».
Жоспар.
1. Көне дәуір мен орта ғасырлардағы экономикалық оқытулар.
2. ХІХ ғасырдың экономикалық оқытулары.
3. Қазіргі экономикалық теория.
§ 1. Көне дәуір мен орта ғасырлардағы экономикалық оқытулар.
Экономикалық ғылым - ең көне ғылымдардың бірі. Алғаш рет «экономия» («ойкономия») термині б. з. д. III ғасырда көне грек ойшылдары Ксенофонттың (б. з. д. 430-335 жж. ) және Аристотельдің (б. з. д. 384-322жж. ) еңбектерінде пайда болды. «Ойкономия» сөзі ретінде (үй, шаруашылық) Аристотель құлиеленушілік шаруашылық жүргізуді ұйымдастыру бойынша насихаттар жинағын түсінді.
Біртіндеп, осы мәлімттерге сүйеніп, феодалдық жер иеліктерін жүргізуге де насихаттар жиынтығы құрастырылады.
Экономикалық (тауар-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтықтың бұзылуына және мемлекеттің пайда болуына әкелді. Сол кезде жеке жер иелігін ғана емес, жалпы ұлттық, бүкіл мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережелерін анықтауға алғашқы ұмтылыстар жасалды.
Мемлекеттік шаруашылықты жүргізу бойынша жалпы ережелер «саяси экономия» атауына ие болды. «Саяси» терминін алғаш рет француз сарай адамы Антуан Монкретьен қолданды. Ол 1615 ж. Францияның шаруашылығын мемлекеттік басқарудың субъектісі ретінде қарастырған «Саяси экономия трактатын» жазды. Бірақ мұны ғылым деп атауға болмас еді.
Ғылым ретінде жалпы экономикалық теория XVI-XVII ғасырлар шегінде туындады. Бұл кезде тауар-ақша қатынастары кең дамыды, бұл олардың даму заңдылықтарын зерттеуге бастама болды.
Алғашқы экономикалық ілім «меркантилизм» (итальяндық «mercante» - саудагер, көпес) . Бұл ілімнің негізгі мазмұны: қоғам байлығының және молшылығының көзі деп, меркантилистер материалдық игіліктерді өндіруді емес, тауар және ақша айналымының өрісін есептеді. Олардың пікірінше, қоғамның жақсы тұрмысына сыртқы сауданы реттеу жолымен, тауарларды шеттен әкелуден шетке шығарудың басымдығымен және елдегі ақша капиталын (алтын, күміс) жинақтаумен жетуге болады.
Меркантилистік саясат елге алтын мен күмістің мүмкіндігінше көп мөлшерін тартуға бағытталған. Меркантилизм мектебінің өкілдері - Вильям Стаффорд (1554-1612жж. ), Томас Мен (1571-1641жж. ) .
Қоғамның байлығы саудада емес, өндірісте пайда болады деген ой алғашқыда физиократтар мектебінің еңбектерінде пайда болды. «Физиократтар» сөзі екі грек сөзінен құралған: «физис» (physys) - табиғат; «кратос» (kratos) - билік, табиғат билігі. Ф. Кенэ (1694-1774) бастамасымен ұлт байлағының көзі ауылшаруашылық еңбек, бұдан соң А. Смит (1723-1790жж. ) және Д. Рикардо (1172-1823жж. ) еңбектерінде ұлт байлығының көзі тек ауылшаруашылық еңбек емес, өндірістің барлық өрістеріндегі: ауылшаруашылық өндірісіндегі, өнеркәсіптік өндірістегі, құрылыс өндірісіндегі еңбек болып табылады дейді. Бұл идеялар «классикалық» (үлгілі) атауына ие болды, сондықтан бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектеп негізін қалаушылар деп аталады.
§2. ХІХ ғасырдың экономикалық оқытулары.
А. Смит пен Д. Рикардоның саяси экономиясының классикалық мектебінің теориялық концепцияларын дамыта және тереңдете отырып, Карл Маркс (1818-1883жж. ) және Ф. Энгельс (1820-1895жж. ) «марксизм» деген жалпылама атауға ие болған теориялық концепцияны құрды. К. Маркс жасаған басты ашулары: қоғамдық-экономикалық формациялар туралы ілім қалыптасты, капитализмнің даму заңдары ашылды, жаңа экономикалық жүйе ретінде социализс (коммунизм) пайда болды, қайта өндіру және экономикалық дағдарыстар теориялары, тауарда іске асқан еңбектің екі жақты табиғаты туралы ілім қосымша құн туралы ілім құрылды; абсолютті рентаның, жалдамалы еңбектің мәні ашылды. К. Маркстың негізгі еңбегі «Капитал» оны әлемнің әйгілі экономистерінің біріне айналдырды.
Бұл ілім жеке кемшіліктерсіз емес. Тек пайдалану қоғамы болып табылатын капиталистік қоғамның таусылуы туралы К. Маркстың қорытындылары тарихпен дәлелденбеді. Сонымен қатар, марксизмді қатаң сынға алумен қатар, әлемдік экономикалық ғылым пікірінше, марксизм экономикалық теорияның дамуындағы маңызды кезең болып табылады.
Соның ішінде, әйгілі америкалық ғалым, экономист Пол Самуэльсон экономикалық теорияның дамуына белгілі бір ықпал еткен үш атақты ойшылды ажыратады: А. Смит, К. Маркс және Дж. Кейнс.
К. Маркстың еңбектерінде баяндалған ойлар шетелдерде де, Ресейде де жеке ізбасарларын тапты. Соның ішінде Ресейде К. Маркс пен Ф. Энгельстің идеялары В. И. Ленинмен (1870-1924жж. ) белгілі бір деңгейде толықтырылды және бірақ өзгертілді.
В. И. Ленин К. Маркстың қоғамдық капиталды қайта өндіру және экономикалық дағдарыстар туралы теориясын талдауға басты назар аударды. Бұл жайтты оның «Ресейдегі капитализмнің дамуы» (1899ж. ) және «Нарықтар туралы мәселе жайлы» (1893ж. ) еңбектері дәлелдейді. Соның ішінде, осы еңбектерінде В. И. Ленин ірі өнеркәсіп үшін ішкі нарықтың қалыптасу үрдісіне талдау жасады және нарықтың ұйымдастырущы және біріктіруші күшінің маңызын анықтады. Бұл ТМД нарықтық экономикаға көшудің қазіргі жағдайларында да өзекті болып табылады.
XIX ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» теориясы құрылды. Бұл теорияның негізін қалаушылар австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921), Фридрих фон Визер (1851-1926жж. ), Эйген фон Бум-Баверк (1851-1914жж. ), сонымен қатар ағылшын экономисті Уильям Стенли Джевонс (1835-1882жж. ) және басқалар болды.
Маржинализм (ағылшын. «marginal» - шекті) . Маржинализмнің негізгі санаттары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономикалық-математикалық әдістер мен үлгілерді кең қолданады. Математикалық мектептің әйгілі теоретиктерінің бірі швейцар экономисті Леон Вальрас (1834-1910жж. ) болып табылады. Ол негізінде сұраныс пен ұсыныс талдауы жатқан жалпы-нарықтық тепе-теңдік үлгісін құрастырды.
§ 3. Қазіргі экономикалық теория.
Қазіргі экономикалық теория негізінен төрт ірі ағымдармен берілген:
- Біріншісі «неоклассикалық» деп аталады, ол қазіргі заманғы «монетаризм» және неолиберализм теорияларынан тұрады. Неоклассиктер - А. Смиттің тікелей ізбасарларының пікірінше, экономиканың субъектілеріне максималды экономикалық еркіндік берілсе, экономика жақсырақ қызмет ететін болады;
- Негізін қалаушы ағылшын экономисті Дж. Кейнс (1883-1946 жж. ) болып табылатын, «реттелетін капитализм» теориясы екінші ағымды құрайды;
- «Мағынасыз класс теориясы» (1899ж. ) кітабын жазған американ ғалымы, экономист Торстейн Веблен (1857-1929жж. ) негізін қалаушы болып табылатын «институционализм» (лат. «institutum» - белгілеу, мекеме) теориясы үшінші ағымды білдіреді. Бұл ағымға капиталистік қоғамның даму және түрінің өзгеру мәселелеріне арналған зерттеулер тән.
- Төртінші бағыт әлеуметтік-бағдарлы нарықтық шаруашылық теориясын білдіреді. Теорияның негізін қалаушылар мыналар болып табылады: неміс ғалымы, мемлекет қайраткері Людвиг Эрхард (1897-1977жж. ) және ғалым, экономист Вальтер Ойкен (1891-1950жж. ) .
Сонымен «саяси экономия» ма, әлде «экономикалық теория» ма?
Экономикалық ғылым төрт ғасыр (XVII-XX ғғ. ) бойы саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық теорияны анықтаудың кластық бағдарының келешегін қорғап, К. Маркс оның қолданысын бекітті. 1615ж. «Саяси экономика трактаты» кітабын жазған, Людвиг XIII патшаның сарай адамы Антуан де Монкретьен өз кезінде экономикалық ойды қолданысқа енгізді.
Ағылшын ғалымы, экономист Альфред Маршалл өзінің «Саяси экономия принциптері» (18/90ж. ) еңбегінде «саяси экономия» термині «экономикалық теория» терминіне тепе-тең деп санады. «Саяси экономия» - деп жазды ол, - «жақсы тұрмыстың материалдық негіздерін құрумен және пайдаланумен тығыз байланысты өріс болып табылады. Бұл нақты шындықтардың жиынтығы емес, нақты шындықтарды ашудың құралы ғана».
Экономикалық теория Д. Рикардо және К. Маркстың еңбек құны теориясына догмалық көзқарастардан арылды. XIX ғасырдың соңғы ширегінің аяғында құн мәселесін шешуде жаңа бағыт кең таралды, жоғарыда аталған шекті пайдалылық теориясы пайда болды.
Жаңа бағыттың басты идеясы: құнды тек шығындарға (еңбекте немесе «үш факторларда» - еңбек, жер және капитал) келтіру мүмкін емес. Құн (құндылық) эффекттің пайдалылық деңгейімен анықталады.
Қысқасы, экономикалық теорияның мазмұны бүгінде бұрыңғы көзқарастардың шектерінен асады. Ол толыққанды жалпы экономикалық теория, әртүрлі экономикалық мектептер мен бағыттардың теориялық экономикалық ойлары жетістіктерінің жиынтығы болып қалыптасты.
САБАҚ №3
Тақырып 1. 2: «Экономиканың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері» (қосымша)
План.
1. Меркантилизм и физиократизм.
2. Классическая школа в экономической теории.
3. Утопический социализм и коммунизм.
§1. Меркантилизм и физиократизм.
«Меркантилизм» термині итальяндық «mercante» (саудагер, көпес) сөзінен шықты. Бұл ұғымға 16-17 ғғ Еуропада таралған Экономикалық көзқарастардың жүйесі біріктірілген. Қарапайым түсінікте меркантилизм, сыртқы сауда есебінен өсетін бағалы металлдар түріндегі қоғамның байлығы. Сыртқы сауда сол кездер үшін мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастардың аса кең таралған формасына айналды. Бір мемлекет басқаға өзінде молынан кездесетін тауарларын сатты және өзіне жетпейтіндерін сатып алып жатты. Ол кездері бағалы металлдар ақша болып саналды, дәл солар арқылы тауар құны бағаланды. Сондықтан, сыртқы сауда нәтижесі, егер тауарды шығару (экспорт) оны енгізуге (импорт) қарағанда көп болса, жағымды болып бағаланады. Бұндай қалып белсенді сауда балансы деп аталды.
Бұдан басқа, меркантилизм алғаш рет мемлекеттің басқару қызметтерін, оның жоғарғы басшысын анықтады. Егер антикалық кезеңде жоғарғы басшы мүлікке, тіпті қол астындағылардың өміріне өктемдік жүргізетін әмірші, жаулап алушы ретінде қарастырылса, онда меркантилизм саясатына сәйкес «ұлттың әкесі» ұлттың бүтіндей баюына әкелетін экономикалық саясатты жүргізуге міндетті болды. Меркантилистер, мемлекеттік экономикалық саясат ретінде протекционизм болу керек деп санады, оның мәні мемлекет сыртқы нарықта отандық көпестікке барынша қолдау көрсетуді жүзеге асыру керек, ал шет елдік көпестерге қатысты ішкі нарықта әртүрлі шетеулерді орнатуы тиіс. Билеушінің даналығы белсенді сауда балансына қол жеткізу және мемлекетке алтын ағылуының ұлғаюы арқылы көріну керек болатын.
Алайда 18 ғасырдың өзінде меркантилизм экономикалық дамуды тежей бастады, өйткені сырқы нарықта бәсекелес мемлекеттер арасында күрделі қақтығыстар пайда бола бастады, сондай-ақ ішкі нарыққа бағытталған өндіріс ақырындап құлдырады; ішкі қажеттіліктерге бағытталған ауыл шаруашылығы мен кәсібі төмендеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz