Көкбай Жанатайұлы



Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді, рухани өмірімізді тас қамауда, шынжыр қоршауда қадағалап ұстап келген коммунистік саясаттың қанды торының үзілуі елімізге тың серпіліс әкелді. Өткен тарихымызға, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің ойы мен қырына, даму тарихына ұлттық көзқараспен жіті көз тігіп, әдебиетіміздегі орны ойсырап тұрған тұлғаларды түгендей бастадық. Кешегі кеңестік империяның дәуіріндегі идеологияның ықпалынан толыққанды түрде айтылмай келген төл әдебиетіміздің қатпарларына ұлттық көзқараспен жаңаша пайымдаулар жасауға мүмкіндік туды.
1951 жылғы Абай мұрасын талқылауға арналған ғылыми айтыстан кейін буржуазиялық - объективтік концепция делініп, енді ғана қанатын кең жайып келе жатқан кезде тоқырауға түскен Абайдың әдебиет мектебі қаншама жылдардан кейін қайта шаңырағын көтеруде. Ұлы Абайдың ақындық мектебінің талантты шәкірттері де өздерінің әділ бағаларын алып, халықпен қайта табысты.
Абайдың ақындық тәрбиесін көрген шәкірттердің ішінде ұлы ақынның қасында ширек ғасырдай жүріп, іні-досы болған Көкбайдың алар тұғыры өте жоғары. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында, төңкерістерге толы заманда өмір кешкен, ұлы Абайдай қазақ поэзиясының асқар шыңының ақындық тәлімін алған, артына мол әдеби мұралар қалдырған, ел ортасынан медресе, мешіт ашып, ұстаздық қылып, молда атанған, қажы Көкбай Жанатайұлының әдебиет тарихындағы алар тұғыры биік болғанымен, күні бүгінге дейін шығармалар жинағы жарық көрген жоқ еді. Соның сәті бүгін түскендей. Бұл күнді аңсап өткен жандар қаншама. Солардың ішінен Көкбай шығармаларын тірнектей жинаған Сейітқали Қарамендинді айрықша атап өткіміз келеді. Осы жинақты алғаш құрастырушылардың бірі де - С.Қарамендин. Оның болашақ Көкбай мұраларын жинап, зерттеушілерге айтып кеткен Аманаты бүгін орындалды деп білеміз.
Өз халқымыздың хандары туралы айту ұлтшылдық, "өзімдікі" деп таныған "өзгенің" хан-патшасын марапаттау ұлы достық болып табылған, соған лайықты

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
КӨКБАЙ ЖАНАТАЙҰЛЫ (1861-1925)

Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді, рухани өмірімізді тас қамауда,
шынжыр қоршауда қадағалап ұстап келген коммунистік саясаттың қанды торының
үзілуі елімізге тың серпіліс әкелді. Өткен тарихымызға, әдебиетіміз бен
мәдениетіміздің ойы мен қырына, даму тарихына ұлттық көзқараспен жіті көз
тігіп, әдебиетіміздегі орны ойсырап тұрған тұлғаларды түгендей бастадық.
Кешегі кеңестік империяның дәуіріндегі идеологияның ықпалынан толыққанды
түрде айтылмай келген төл әдебиетіміздің қатпарларына ұлттық көзқараспен
жаңаша пайымдаулар жасауға мүмкіндік туды.
1951 жылғы Абай мұрасын талқылауға арналған ғылыми айтыстан кейін
буржуазиялық - объективтік концепция делініп, енді ғана қанатын кең жайып
келе жатқан кезде тоқырауға түскен Абайдың әдебиет мектебі қаншама
жылдардан кейін қайта шаңырағын көтеруде. Ұлы Абайдың ақындық мектебінің
талантты шәкірттері де өздерінің әділ бағаларын алып, халықпен қайта
табысты.
Абайдың ақындық тәрбиесін көрген шәкірттердің ішінде ұлы ақынның
қасында ширек ғасырдай жүріп, іні-досы болған Көкбайдың алар тұғыры өте
жоғары. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында, төңкерістерге
толы заманда өмір кешкен, ұлы Абайдай қазақ поэзиясының асқар шыңының
ақындық тәлімін алған, артына мол әдеби мұралар қалдырған, ел ортасынан
медресе, мешіт ашып, ұстаздық қылып, молда атанған, қажы Көкбай
Жанатайұлының әдебиет тарихындағы алар тұғыры биік болғанымен, күні бүгінге
дейін шығармалар жинағы жарық көрген жоқ еді. Соның сәті бүгін түскендей.
Бұл күнді аңсап өткен жандар қаншама. Солардың ішінен Көкбай шығармаларын
тірнектей жинаған Сейітқали Қарамендинді айрықша атап өткіміз келеді. Осы
жинақты алғаш құрастырушылардың бірі де - С.Қарамендин. Оның болашақ Көкбай
мұраларын жинап, зерттеушілерге айтып кеткен Аманаты бүгін орындалды деп
білеміз.
Өз халқымыздың хандары туралы айту ұлтшылдық, "өзімдікі" деп таныған
"өзгенің" хан-патшасын марапаттау ұлы достық болып табылған, соған лайықты
стандартты коммунистік идеология кезінде Абылай хан, Кенесары мен Наурызбай
ерліктеріне ыстық ықыласын білдіре отырып жырға қосқан Көкбай Жанатайұлының
эпикалық шығармалары жарық көру, зерттелу түгіл, тар қапасқа қамалды.
Ақынның жеке өмірі де саяси кінәлаулардан құр қалған жоқ. Сол заманда
Көкбайдың діни бағыттағы өлеңдері ақын мұрасының зерттелуіне кедергі болды
десек те, Ленин жөнінде жазған өлеңі ақынға еш көмегін тигізе алмады.
Ақынның бай әдеби мұрасы: өлеңдері мен айтыстары, дастан-жырлары қаншама
уақыт бойы зерттелусіз қала берді. Көкбайдың бай мұрасының өз алдына жеке
жинақ болып жарыққа шықпауының өзі, ақын мұрасының зерттелу, жариялануының,
халыққа кең тарамауының мөлшерін танытады.
Көкбай Жанатайұлының қолжазбалары қазіргі таңға толық жеткен жоқ. Ақын
шығармалары шәкірттерінің, ағайындарының, жекелеген жинаушылардың орасан
зор еңбегінің нәтижесінде сақталды. Көкбай ақын туралы алғашқы там-тұмдаған
пікірлер 1933 жылдан бастап көріне бастады. К.Жанатайұлының Абай тәлімін
алған талантты шәкірті екендігіне, ұлы ақынның дәстүрін жалғастырушы
болғандығына тұңғыш ғылыми тұрғыда анықтама берген М.О.Әуезов еді. М.Әуезов
1934 жылғы "Абай ақындығының айналасы" мақаласында Абайдың төрт ақын
шәкіртінің бірі деп Көкбайды атайды.
Мұхтар Әуезовтің 1933 жылдан бастап Көкбайға жанашырлықпен қарауы,
ақын мұрасын зерттеп, жақсы баға беруі басқа әдебиетшілерге үлкен әсерін,
ықпалын тигізеді. Отызыншы жылдардың аяғы мен қырқыншы жылдардың басынан
бастап Көкбайдың өлеңдері мен поэмалары жинала бастайды. Ертелі - кеш ел
аузынан жиналған ақын шығармаларының қолжазба нұсқалары Қазақстан
Республикасы Ғылым академиясының Орталық Ғылыми кітапхана қорында және
Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде сақтаулы. Көкбай
шығармаларын осы кезден бастап жинаушылар деп Садық Қасиманов, Ермұхамбет
Жексембаев, Есентай Бердин, Кенжебаев Қасен, Күсембек Байғұттыұлы,
Абдулғафар Шайх әл-Рази сияқты адамдарды атаймыз.
М.О.Әуезовтің К.Жанатайұлының өмірі мен әдеби мұрасына арналған Абай
монографиясының жеке бөлімі "Көкбайдың ақындығы" атты мақаласы алғаш рет
1988 жылы шыққан "Абайтанудан жарияланбаған материалдар" кітабында жарық
көрді. "Көкбайдың ақындығы" деп аталатын бұл қолжазба К.Жанатайұлының
ғұмырнамасы мен әдеби мұрасына қысқаша ғана тұжырымдама жасаған мақала
болғанымен, Көкбай ақын турасында жазылған ең алғашқы толық еңбек. Елуінші
жылдардағы Көкбайтанудағы қомақты еңбек деп Қ.Мұхамедханұлының "Абайдың
әдебиет мектебі" атты кандидаттық диссертациясын атаймыз. Ғалым Көкбайды
Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушылар, дамытушылар, артына әдеби мұра
қалдырған ақын шәкірттер қатарында қарастырады.
Қазақ әдебиетінде Қайым Мұхамедханұлының "Абайдың әдебиет мектебі"
атты кандидаттық диссертациясының қорғалуымен қатар, осы тақырыпта айтыс
өршіп кетеді. 1951 жылдың маусымның он бесінен бастап ҚазССР Ғылым
академиясының Тіл және әдебиет институты мен Қазақстан Жазушылар Одағы
бірлесіп өткізген "Абайдың әдеби мұрасы" мәселесін талқылауға арналған
ғылыми айтыс дейтін үш күнге созылған үлкен жиналыс болды. Оның қорытындысы
былай болып шығады: "Абай мұрасын зерттеу" жөніндегі жақында өткізілген
айтыста "Абайдың ақындық мектебі" деген концепцияның ғылымға қарсы екендігі
және саяси зияндылығы әшкереленді. Айтыстың материалдарын зерттеп және
қорыта келіп, ҚазССР Ғылым Академиясының Президиумы былай деп табады: "Абай
мектебі" дейтін концепция тарихи шындыққа ешбір қатысы жоқ және
буржуазиялық-объективтік жалған концепция болып айыпталады. Сонымен Көкбай
сияқты Абай дәстүрін жалғастырушы ақын шығармаларының аузына қара құлып
қойылды.
Сол бір қуғындау, қудалау заманында "саяси беті теріс, кертартпа ақын"
атанса да Көкбай ел есінде жақсы сақталған. Сексенінші жылдардың басынан
бастау алатын Көкбай жөнінде жаңаша ойлаудың майда қоңыр, самал желі ескен
кезде, бұл жайлылыққа ақынды сүйер қауым бірден ықыластарын танытып жатты.
Көкбай мұрасымен оқушылар қауымы алғаш "ХIХ ғасырдағы қазақ поэзиясы", "Бес
ғасыр жырлайды" сияқты жинақтар арқылы таныса бастады.
К.Жанатайұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуде ғалым Болатжан
Абылқасымовтың алар орны ерекше. Көкбай ғұмырнамасы мен әдеби мұрасын жаңа
көзқараспен тыңғылықты түрде қарап шыққан ғалымның "Көкбай Жанатайұлы" атты
мақаласы 1988 жылы жарық көрді. 1990 жылдардың ішіндегі Абайтанудағы,
Көкбайтануда ең үлкен жеңіс - Қ.Мұхамедхановтың 1951 жылдары қуғындауға
ұшыраған, енді кітап болып шыққалы тұрғанда қатты сынға алынып, жарық
көрмей қалған еңбегінің қайта жарық көруі. Араға 43 жыл салып қайта оралған
Абайтанудың білгір маманы Қ.Мұхамедханұлының "Абайдың ақын шәкірттері" атты
ғылыми еңбегі Көкбай мұрасын тағы бір белеске көтерді. 1999 жылы осы
жолдардың авторы "Көкбай Жанатайұлының әдеби мұрасы" деген тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғады. Диссертация Көкбай мұрасын алғаш
монографиялық дәрежеде қарастырып шықты.

х х х

Өткір тілді, ұшқыр ойлы, импровизатор ақын К.Жанатайұлы 1861 жылы 26
маусымда Шыңғыстаудың етегінде, Тақыр өзенінің бойында, қазіргі Абай
ауданының Көкбай аулында дүниеге келген. Көкбай Тобықты ішінде Көкше
руынан. Ақын өзі туралы:

Тобықты арғы тегім,затым-Көкше,
Жасым кіші болса да, сөзім кексе.
Жанатай - әкем аты, атым - Көкбай
Сеңгірдей тасқа шыққан еп-ерекше,- дейді.

Көкбай алғашқы сауатын ауылда Төлетай деген молдадан ашады. Баласының
тек өлең-жырға ғана емес, өнерге, оқуға бейім екендігін, зеректігін,
ұғымталдығын байқаған әкесі оны Семей қаласына жібереді. Көкбай қалаға
келіп, мешіт жанындағы медреседе Қамали Қазіреттен мұсылманша дәріс алады.
К.Жанатайұлы мұсылманша оқумен тоқталмай 1878 жылы үш сыныптық уездік
училищеге түсіп оқиды. Орысша оқуға деген құштарлығы зор, әрі зейінді
Көкбай училищеге түскеннен кейін өзінің зеректігін байқатады. Орыс тілі,
арифметика, география, геометрия, сызу және татар тілі сияқты сабақтардан
жақсы деген бағалар алған. Ауылдан, қырдан келіп орыс мектебінде оқу
жылының бірінші жартысының өзінде сабаққа үлгеруі, тіпті жақсы бағалар алуы
үлкен жетістік еді. Сөйтіп, Семейдің уездік училищесінде, Қамали
медресесінде оқыған Көкбай елге келген соң үнемі Абай жанында болады.
Көкбай 1901 жылы Мұқыр болысына молда болып сайланады. "Семей облысы.
Бұйрық N81.1901.10 сентябрь. Семей уезі Мұқыр болысына Көкбай Жанатайұлының
молда сайлануы туралы бұйрық". Сонымен, Көкбай ұстазы Абайдың ақыл-
кеңесімен, рұқсатымен 40 жасынан бастап Тақыр өзенінің бойындағы қорасының
қасынан медресе салып, бала оқытуға кіріседі. Көкбай Жанатайұлы ел
ортасында медресе ашып, ағартушылық іспен айналысуымен қатар, мұсылманға
үлкен сауап болатын құдайдың үйі-мешіт салдырады. Мешіт 1908 жылы Абай
қайтыс болғанына төрт жыл болған кезде толық салынып бітеді.
Көкбай ақын 1913 жылы Мекке, Мәдинеге барып өзінің мұсылмандық парызын
өтеп қайтады. К.Жанатайұлы Тақырдағы медресесінде әрі ұстаз бола жүріп, сол
кезде құрылып жатқан уездік земствоның мүшесі болған. 1920 жылдардан ауырып-
сырқай бастаған Көкбай замана талабы сол болғандықтан, кеңес өкіметінің
саясатымен өзге жолмен оқытатын оқу әдісіне, жүйесіне қарсылығын білдірмей,
өзінің қаншама жыл ұстаздық еткен, маңдай тері, адал еңбегімен салынған
медресесін жаңаша дәріс беретін мұғалімдерге босатып береді. Көкбай
медресесі 1901 жылдан 1921 жылға дейін ескіше жұмыс істеген. 1921 жылы оны
жаңа оқу жүйесімен оқытатын мұғалімге босатып береді. Онда 1928 жылға дейін
мектеп болады.
К.Жанатайұлының денсаулығы жиырмасыншы жылдардың басынан бастап бұзыла
бастайды. Көкбай дертінің бет алысынан секем алып, қорқып, жақсы
дәрігерлерге қаралғанды жөн көреді. Сондықтан да ол 1922 жылы Омбы
қаласына, 1923 жылы Мәскеуге барып емделіп қайтады. Ленинградта
болады.Алайда К.Жанатайұлы меңдеп алған ауруынан оңала қоймайды. Сонда да
ол ауруға мойымай, емделуді, мықты мамандарға барып қарала беруді жөн
көреді. Ақырында К.Жанатайұлы ел-жұртымен қоштасып, бақұлдасып, 1925 жылдың
қазан айының басында Мәскеуге бармақ болып жолға шығады. Бірақ бұл ақынның
соңғы сапары болды. 1925 жылы Күшікбай кезеңінде ақын дүниеден қайтады.

х х х

Көкбай-Абай мектебінің адал ұлы. Өйткені ол-Абайдың ұлағатты принципін
мықты ұстанған ақиқатшыл, шыншыл тұлға. Ол құдай берген табиғи дарынының,
жаратылыс болмыс бітімінің арқасында Абай салған даңғыл жолдан таймаған
ақын. К.Жанатайұлының ақындық талантының ұшталуына, дүниетанымдық
көзқарасының кеңеюіне Абайдың, Абай мектебінің зор ықпалы болғаны белгілі.
М.Әуезовтің өзі Көкбайдың ақындығы туралы сөз қозғағанда: "Ол кезде Абай
айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік
ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып
жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарады", - деп, Көкбайдың жай ақындардың
бірі емес, талантты ақын екендігіне назар аудартады.
Көкбай, біріншіден, импровизатор ақын. Ақынның "Оспанға" ,
"Мұсажанға", "Молдабайға", "Төребайға", "Сараңбайға", "Зағипаға" сияқты
өлеңдерінің көпшілігі табан астында дүниеге келген. Ал, олардың көпшілігі
бірқақпайлар болып келеді. Олар табан астында шығарылған бір, не болмаса
екі шумақ көлеміндегі өлеңдер тобы. Бірқақпайлар көбінесе адам мінез-
құлқындағы, не кереғар ісіндегі кемшіліктерді әжуалауға, яки болмаса әзіл-
оспақпен келемеждеуге арналған. Көкбай өзі ұнатқан адамы болса пір тұтып,
асқақтата, мақтауын асыра жырлаған.
Абайдың өз тәрбиесінде болған және оның ақылы мен сыны бойынша
тақырыптар таңдап, көлемді шығармалар жазған "анық шәкірт ақындар" ішінде
ұлы ұстазының өлеңдеріне аты кірген де жалғыз ақын Көкбай болатын. "Ал,
кейін Көкбай шығарған өлеңдерді алсақ, бұл жағынан да Абайды үнемі өзіне
ұстаз, аға тұтқан Көкбай барын айқын танып отырамыз" ,- деп М.Әуезов
айтқандай, Көкбай өлеңдерінен Абай бейнесін үнемі кездестіріп отырамыз.
"Семейге Абай келсе, бізге думан", "Абайдан сабақ алдым бала жастан" деп
басталатын өлеңдерімен қатар, көптеген шығармаларында Абай ұлылығын жыр
етуден таймаған.

Абайдан сабақ алдым бала жастан,
Тең бар ма ойға терең онан асқан.
Алды бейіш, артына ырыс болсын,
Мен оның шәкірті едім ізін басқан,

-деп, Абайдың ақыл-ой тұңғиығына ешкімнің тең келе алмайтын ұлылық
тұлғасын тереңдік, шексіздік ұғымдары арқылы түсіндіріп, өзінің Абайдан
сабақ алған шәкірті екендігін мақтанышпен жырласа, енді бір өлеңінде
Абаймен бірге жүріп, ақыл - кеңесіне, өсиетіне ләззаттанып, сол арқылы
білім жолына түскендігін айтады:

Абаймен бірнеше жыл араластым,
Шешімін әр жұмбақтың ақылдастым.
Мұра етіп өсиетін, ләззаттанып
Жолына білім,өнер қалыптастым,- дейді.

Қаншама жыл Абай қасында болып, ұстазының ақылын бойына дарытқанымен
Көкбай өзінің Абайдан алған тәлім-тәрбиесін, дүниетанымдық көзқарасын өзіне
аз санайды. Абайдай ғұламаның айтқан ақыл-кеңесін, ой-танымдық өрісін аз
ұғып, көп меңгермедім, бардың қадірін білмедім деп өкініш тұтады. Ұстазының
дүниеден өткенін естіген талантты шәкірті:

Жаннатта жаның болғыр Абай құтып,
Жаныңда бос жүріппін шатып-бұтып.
Осындай ен дарияны жайлағанда,
Тым болмаса қалмаппын қана жұтып,-деп өлең шығарады.

Көкбай өлеңдерінің негізгі кейіпкерлері - замандастары, туыс-жақындары
мен ауылдастары, бір сөзбен айтсақ өз ортасы. Олардың дені арнаулар. Көкбай
арнаулары мазмұн жағынан алғанда мақтау және сынау түрінде туған. Мақтап
шығарған өлеңдеріне жоғарыда келтірген Абайға, Оспан мен Молдабайға,
Базаралыға, Ә.Бөкейханұлына, Ленинге арналған арнауларын жатқызуға болады.
Ал, көптеген өлеңдерінде елге зияны тимейтін, әркімнің өз мінезінің
ерекшелігі болып көрінетін одағайлықты жеңілдеу әзіл-қалжыңмен мысқылдап
мысал етеді. Көкбай шығармаларына зер салсақ, түрлі адамдар мінезін-құлқын
көрсетуге өте шебер екенін, ойын шындыққа, парасатқа сүйеніп айтқандығын
байқаймыз. Ақын өз заманындағы әділетсіздіктерді,өсімқор, мейірімсіз
байларды ащы сынға алады. Бірде ол елге сараңдығымен әйгілі болған
Алдырахметті ("Сараң байға"), билік үшін ырылдасқан шен құмарлықты
("Күлембай мен Дүтбайға" ), үй ішіне қарамай таң атқаннан ел кезіп жүретін
қыдырымпаздықты, еңбексіз ат мініп, ас ішкіш, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері.Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі.Абайдың ақын шәкірттері
Абайтанушы
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері жайлы
Абайдың ақын шәкірттері М.О.Әуезов зерттеулерінде
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Қайым мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы
Абай тұлғасы
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері
Шыңғыстауға қоныстануды тобықты жұртын
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. Міржақып пен Көкбайдың айтысы»
Пәндер