Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1.
Сөздік туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Сөздіктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.1. Түсіндірмелі сөздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2. Этимологиялық сөздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3. Фразеологиялық сөздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.4. Диалектологиялық сөздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.5. Терминологиялық сөздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.6 Аударма сөздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.7 Арнаулы сөздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.8 Синонимдік сөздіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3. Сөздікпен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.1 Сөздікпен жұмыс істеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қазіргі қазақ тілі лексикасын меңгеру үшін қазақ тілінің сөздіктері қолданылады.
Жалпы сөздік:
- жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы;
- тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралдар жүйесі; сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін.
Сөздіктің түрлері өте көп. Қазіргі кезде компьютер мен интернеттің пайда болуымен электронды сөздіктердің басымдылығы айқын болып келеді.
Сөздік максаты мен мәні жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі.
Тілдегі сөздер мен фразеологиялық тіркестерді жинап-теріп, оларды жүйеге келтіру жұмыстарын тексеретін тіл білімінің саласын лексикография дейді. Яғни бұл сөздік жасаудың методикасы мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз.
Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде, лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-катынаста болатын егіз ғылым. Сездіктердің сапасы осы ғылымдардың қаншалықты және қандай дәрежеде зерттелуіне байланысты. Зерттеу жұмыстары неғұрлым жорары әрі жемісті болса, шығарылран сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына да ерекше назар аударылады.
Сондықтан сөздік кез келген мекемеде емес, осы мамандықты жете меңгерген ғылыми маман кадрлардың шоғырланған жерінде жасалады. Біздер орыс сөздіктерінен лексикографиялық еңбектердің тек методикасы мен құрылысын ғана үйреніп отырғанымыз жоқ. “Октябрь революциясы” тудырған барлық жаңа құрылымдарды осы тілден кейде сөзбе-сөз тікелей қабылдасак, кейде өз сөзімізбен аударып алудамыз. Сол арқылы қазақ тілінің сөз байлығын шексіз молайтып, жан-жақты кемелдендірудеміз. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени-рухани тілектерді, пікірлерді білдіру керек болса, соның бәрін де нақтылы, әрі емін-еркін дәл жүзеге асыруға болатындай дәрежеге жеттік. Соның нәтижесінде тіліміздегі сөз байлығын жиып-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасауға мүмкіндіктер туып отыр. Қазіргі кезде орыс тілі білімінде қандай сөздіктер шықса, өзге ұлт республикалары да осы үлгіні шығармашылық жолмен пайдаланып, өз тәжірибелеріне ендіріп келеді. Советтік түркологиялық
1. Әуелбаев Ш. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы,
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы,1998.
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы:Ана тілі,1992.
4. Әуелбаев Ш. Бастауыш класс оқушыларының каллиграфиясын жетілдіру. А.,1987.
5. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. Алматы,1999.
6. Жұбанова М.Сауат ашу методикасының мәселелері.Алматы,1987.
7. Жұбанова М.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы,
8. «Қазақ тілін оқыту методикасы». Ә.Исабаев. Ташкент, 2003 ж.
9. Е.Абдувалидов. Жаңа педагогикалық технология.
Ташкент, 2001 ж.
10. Қ.Қабдықайырұлы. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. Аламты, 1999 ж.
11. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынастар: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000
12. С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1991 ж.
13. Ә.Ишмухамедов. Қызықты грамматика. Алматы, 1984 ж.
14. С.Рахметова. Кіші жастағы оқушылардың тілін дамыту. Алматы, 1978
15. Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова. Қазақ тілі. Алматы 2005-193б
16. К.Назарғалиев. Алматы : Атамұра, 2006-208б
17. Кононов.А.Н. Грамматика современного турецкого языка. - М-Л., 1956. – 309 с.
18. Сарбалаев Н. Адвербилизация туралы.- Қазақ тілі мен әдебиет. Алматы, 1994. - 35-39 б.
19. Гулямов А.Г. К вопросу об адвербиализаций в узбекском языке. Уч. записки ТГПИ.
20. Қазақ тілі энциклопедия. Алматы 1998ж – 362б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 1. Сөздік туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Сөздіктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.1. Түсіндірмелі сөздік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2. Этимологиялық сөздік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3. Фразеологиялық сөздік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.4. Диалектологиялық сөздік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.5. Терминологиялық сөздік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.6 Аударма сөздік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.7 Арнаулы сөздік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.8 Синонимдік сөздіктер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3. Сөздікпен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.1 Сөздікпен жұмыс істеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

2
КIРIСПЕ

Қазіргі қазақ тілі лексикасын меңгеру үшін қазақ тілінің сөздіктері қолданылады.
Жалпы сөздік:
oo жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы;
oo тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралдар жүйесі; сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін.
Сөздіктің түрлері өте көп. Қазіргі кезде компьютер мен интернеттің пайда болуымен электронды сөздіктердің басымдылығы айқын болып келеді.
Сөздік максаты мен мәні жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі.
Тілдегі сөздер мен фразеологиялық тіркестерді жинап-теріп, оларды жүйеге келтіру жұмыстарын тексеретін тіл білімінің саласын лексикография дейді. Яғни бұл сөздік жасаудың методикасы мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз.
Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде, лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-катынаста болатын егіз ғылым. Сездіктердің сапасы осы ғылымдардың қаншалықты және қандай дәрежеде зерттелуіне байланысты. Зерттеу жұмыстары неғұрлым жорары әрі жемісті болса, шығарылран сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына да ерекше назар аударылады.
Сондықтан сөздік кез келген мекемеде емес, осы мамандықты жете меңгерген ғылыми маман кадрлардың шоғырланған жерінде жасалады. Біздер орыс сөздіктерінен лексикографиялық еңбектердің тек методикасы мен құрылысын ғана үйреніп отырғанымыз жоқ. "Октябрь революциясы" тудырған барлық жаңа құрылымдарды осы тілден кейде сөзбе-сөз тікелей қабылдасак, кейде өз сөзімізбен аударып алудамыз. Сол арқылы қазақ тілінің сөз байлығын шексіз молайтып, жан-жақты кемелдендірудеміз. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени-рухани тілектерді, пікірлерді білдіру керек болса, соның бәрін де нақтылы, әрі емін-еркін дәл жүзеге асыруға болатындай дәрежеге жеттік. Соның нәтижесінде тіліміздегі сөз байлығын жиып-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасауға мүмкіндіктер туып отыр. Қазіргі кезде орыс тілі білімінде қандай сөздіктер шықса, өзге ұлт республикалары да осы үлгіні шығармашылық жолмен пайдаланып, өз тәжірибелеріне ендіріп келеді. Советтік түркологиялық
3
лексикографияның кұрамының бір саласы -- қазақ лексикографиясы да қазір даму, жетілу дәуірінде. Біздер сөздіктердің құрылым-құрылысы мен методикасын жылдан-жылға жетілдірумен келеміз. Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай іштей саралай отырып, оларды белгілі бір нормаға келтіру бірінші орынға қойыла бастады
Бұған дейінгі басылып шыққан сөздіктерде әртүрлі алалықтарға жол беріліп келді. Ең, алдымен, сөздердің жазылуында бірізділік жөнді сақталмады. Бұл әсіресе біріккен сөздер мен күрделі сөздердің, сөз тіркестерінің арақатынасы жөнінде біркелкі көзқарастың жоктығынан туғандығы рас. Лұғат (словник) жасалмай тұрып, сөздік құрастыруға болмайтындығын ескерсек, бір сөздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік жасауға үлкен қиындықтар келтіретіндігін түсіну қиын емес. Көркем шығармаларда кездескен диалектизмдер мен нұсқа сөздерді кез келген сөздікке орынды-орынсыз ендіруге жол берілді. Әдеби тілдің сөздігіне алынатын грамматикалық формалар мен тұлғалар да күні бүгінге дейін сараланып болды деуге келмейді. Сөз мағыналарының түр-түрін жіктеп-бөліп, оларға дәл түсінік беру, сөздерді қолданудағы арақатынасын айқындап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып көрсету -- сөздік жұмысына үлкен жауапкершілікті арттырып, қиындата түседі.

4
1. Сөздік туралы түсінік

Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда жасалды. Грекияда б.з.б. V ғасырда, Үндістанда б.з. XII ғасырда ("Хемачандра"), Ресейде XIII ғасырдан бастап сөздіктер құрастырылды. Түркі халықтарының алғашқы сөздігі XI ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридың "Диуани лұғат-ат-түрк" еңбегі саналады. Кейінірек екі тілді немесе көп тілді сөздіктер жасалды. Мысалы, араб-парсы, түрік-моңғол сөздерін салыстыру тұрғысынан Замахшаридың "Мұқаддимат әл-адаб" сөздігі (XII ғасыр), Әбу Хайянның "Китаб әл-идрак Ли-Лисан әл-атрак" атты қыпшақ тілінің грамматикасы мен сөздерінің жинағы (XIV ғасыр), Жамал әд-Диннің араб-қыпшақ сөздігі ретінде құрастырылған "Бұғат әл-мұштақ" (XV ғасыр) еңбектері. Қазақ тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің әлеуметтік қызметінің маңызды ерекшелігі: дерек көзі ретінде жылдам ақпарат алуға болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт береді, т.б. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін, технологиясын лексикография саласы зерттейді.
Сөздіктердің түрлер:
Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды лингвистикалық,
филологиялық және анықтама сипатындағы энциклопедиялық сөздіктер деп бөледі. Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталса, лингвистикалық сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің әбден қалыптасып, халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын нормалық тұрғыдан сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда жасалады. Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер, т.б. Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды дамытса, түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөзін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады.
Көп елдерде ұлттық тілдің түсіндірме сөздіктерін жасау мемлекеттің тіл саясатының негізгі бөлігі ретінде арнайы мемлекеттік бағдарламаларға енеді. Синонимдер сөздігі сөздің экспрессивті-стилистикикалық реңі мен мағынасын сол сөзге мағынасы жағынан жуық келетін басқа бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды. Омонимдер сөздік тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-қарсы сөздерді қамтиды. Фразеологиялық сөздіктер тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп, стилистик. сипатын айқындайды. Этимологиялық сөздіктер жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын

5
көрсетеді. Терминологиялық сөздіктер жеке ғылым салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді, олардың түрлері кәсіп салаларына қарай ұдайы толығып отырады.
Лингвоелтану сөздігі белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды. Топонимикалық сөздіктер жер-су аттарын түсіндіруге, қаламгер тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін, ұлттық тіл байлығын қолдану ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар. Техниканың дамуына байланысты сөздік түзудің компьютерлік технологиясы жасала бастады. Компакт-дискімен таратылатын немесе компьютерлік жүйенің серверлерінде орналастырылған түрлі электрондық сөздіктер бар.

6
2. Сөздіктің түрлері
2.1. Түсіндірмелі сөздік
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі - қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал. Тіліміздің лексика-граммататикалық, мағыналық, стильдік үлгілерін көрсетеді. Сөздік екі рет жарық көрген:
1) екі томдық түсіндірме сөздік (1959 - 61, жалпы редакциясын басқарған - академик І. Кеңесбаев). Мұнда 18135 сөз, 3371 фразеологиялық тіркес қамтылған;
2) он томдық академиялық сөздік (1974 - 86, жалпы редакциясын басқарған - А. Ысқақов). Мұнда 66 мың 994 атау сөз, 24 мың 508 фраезологиялық тіркес қамтылған, барлығы 91 мың 502 лексикалық бірлік алынып, оларға 103 мың 708 мағыналық сипаттама берілген. Сөздердің қазақ тілінің бүгінгі қолданысында бар екендігін дәлелдеу үшін 1089 автордың 2597 кітабынан, 180 жеке кітап пен жинақтан, 12 аударма әдебиеттен, 17 оқулықтан, 14 журнал мен 7 газеттен - барлығы 2827 жазба нұсқадан жалпы саны 250 мыңға жуық мысал-үзінділер келтірілген.
Сөздерді дұрыс таңдау, оларды орфография бойынша дұрыс жазу, әрбір атау сөздің қай тілден ауысқандығын, қай сөз табына қатысты екендігін, қай стилдік тармаққа жататындығын білдіру барысында түрлі лексикографиялық шартты белгілер қою және мағыналары мен мағыналық реңктерін дәл ашып, айқын түсінік беру арқылы орындалғандықтан, Қазақ тілі түсндірме сөздігі сөздерді дұрыс қолданудың анықтамалығы ретінде де маңызды рөл атқарады.
Қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 15 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін 10 000 дана таралыммен шығарып, жуырда Астанада тұсаукесерін өткізді. Бұл сөздік 1974 - 1986 жылдар аралығында жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен кейін араға ширек ғасыр салып барып, жарияланып отырған қазіргі лексикография талаптарына сай жасалған іргелі еңбек. Сөздіктің авторлары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары.
Сонымен, осындай қомақты дүниенің арқасында қазақ тіл ғалымдарының сөздік жасауда түркі дүниесінде бірінші орынға ие болып отырғанын айтсақ, артық айтқандық бола қоймас. Ендігі қызмет осы байлыққа, қазынаға
әркімнің қолы жететіндей ету.
Қазақ ғалымдары осындай жетістікке қалай қол жеткізіп отыр деген сұраққа көңіл бөлер болсақ, менің ойымша, сөздік жасау ғалымдардың жеке-жеке айналысатын жұ - мысы емес. Бұл үшін мықты ғалымдар мен жас ғалымдар тізе қосып жұмыс істеу керек. Өйткені, ол - өте ауқымды іс-шара. Ал түркі халықтарында ұжымдасып жұмыс істеу мәдениеті, қалайша екен, жақсы дамымаған. Бұл салада қазақ тіл ғалымдары осы жарты ғасырдай бұрын ұжымдасып жұмыс істеудің үлкен өнегесін көрсетіп, 1959 - 1974
7
жылдар арасында қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігін жасап шығарған еді. Енді осы тәжірибе Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында одан әрі жалғасын тапқан. ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла - масы аясында Қазақстан Республикасы Мә - де - ниет министрлігі Тіл комитеті қолжетімді таралыммен шығарған 15 томдық бұл сөздік Тәуелсіздік жылдарында тіл саласында атқарылған ауқымды істің бірі екендігі даусыз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін институт қазақ тіл ғалымдарының үлкен табысы ретінде көпшіліктің қолдануына ұсынып отыр.
1974 - 1986 жылдар аралығында жарық көрген 10 томдық сөздік ұлттық тілдің терең білгірі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Ысқақовтың редакторлығымен 65 000-ға жуық атау сөз бен 24 мыңнан аса тіркесті, барлығы 92 000-ға жуық лексикалық бірлікті қамтыған. Сөздік 2,5 мың автордың еңбектерінен 250 мыңға жуық дәлел-дәйектеме келтірілген, қазақ әдеби тілінің бай сөздік қорын сан қырынан аша алған, қоғам сұ - ранысын өтеуге толық жараған ұжымдық еңбек болды. Бүгінгі таңда он томдық сөздік
сирек кездесетін басылымдар қатарында.
Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты бір тілде, белгілі дәуірде, жалпы халықтық сипат алған сөздерге мағыналық, стильдік әрі грамматикалық жағынан сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму сатысындағы сөздік құрамыньщ сан мөлшерін біршама анықтау. Солардың мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету міндеті жүктеледі. Сонымен қатар сөздердің жазылуы мен айтылуы нормаларының еқ дұрыс деген қалпын айқындай отырып, соған нақтылы түсінік беруді қарастырады.
Сондықтан түсіндірме сөздік кейде нормативті сөздік деп те аталады. Нормативті түсіндірме сөздік біртомдық және көп томдық болып та, жасала береді. Қөлемнін, үлкендігіне қарай көп томдық түсіндірме сөздікті кейде академиялық сөздік деп те айтады. Орыс тілінде үш түрлі (17 том үлкен сөз-дік, төрт том орташа сөздік, бір том кіші сөздік) түсіндірме сөздік басылып шықты. Академик В. В. Виноградов: "Ұлт тілінің түсіндірме сөздіктері сөйлеу мәдениетінің ең күшті құралы ғана емес, сонымен бірге сол мәдениетінің жемісі" -- деп бағалайды. В. И. Ленин орыс әдеби тілінің жан жақты түсіндірме сөздігін жасаудың соншалықты қажет екендігін айтып, оны жеделдетіп шығаруға үлкен күш жұмсап, әкелік қамқорлық көрсеткен болатын. Демек, әрбір тілдің түсіндірме сөздігі әсіресе ғылым мен техниканың кемелденіп жетілген кезінде соншалықты қажет екендігін аңғарамыз. Бұл кезеңде бүкіл баспасөз, мектеп, радио, телевизияның барлығы да жүйеленген нормативті сөздіктермен ғана жұмыс істеуді талап етеді. Қазіргі біздің еліміздегі әрбір ұлт республикалдры өз ана тілінің түсіндірме сөздігін жасауға жаппай кірісті деуге болады. Бұл салада қазақ тіл мамандары да жемісті еңбек етіп келеді. "Қазақ тілінін, түсіндірме сөздігі" ең алғаш рет екі том болып, 1959 және 1961 жылдары басылып шықты.
Қай елдін, даму тарихын алып қарасақ та, әдеби тілдің нормативті сөздігі
8
бір мәрте емес, әлденеше рет жасалған. Олар бірден-бірге кемелденіп толығады, сараланып өңделеді. Ешбір елде жүйелі толық сөздік бірден жасалмаған. Қазақ ССР Ғыльм академиясының Тіл білімі институты 1967 жылдан бастап "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін" көп (он том) етіп шығару жұмысына бел шешіп, қайыра кіріскен еді. "Сабақты ине сәтімен" дегендейін, сол игілікті еңбекті шығару 1974 жылы басталып, соңғы томы (10-том) 1986 жылы басылып шықты. Бұл сөздіктің алға қойған мақсаты қазақ тілінің сөз қорындағы сөздерді мүмкін болғанынша түгел қамтып, хатқа түсіру, есебін алу, Тіліміздегі сөздердің, мән-мағыналарын дәл анықтай отырып, олардың, әдеби нормаларын белгілеу.
Сөздікте сөздердіқ қолдану аясы мен шегін, тарихи және территориялық таралу әдісін, сондай-ақ, змоциялы-экспрессивті ренін сипаттайтын да белгілер көрсетілген. Стильдік белгілер негізінен мынадай төрт топқа жіктеледі:
1. Әдеби тіл шеңберінен тыс қолданылуы шегін көрсететін белгілер: қарапайым сөз, тұрпайы сөз, сөйлеу тіліне тән сөз, диалектілік лексика
2. Әдеби тілдің белгілі бір саласында ғана жұмсалатынын көрсететін стильдік белгілер: кәсіби лексика, кітаби лексика, діни сөз, мифологиялық сөз, көнерген сөз, тарихи сөз, жаңа сөз, поэтикалық сөз т. б.
3. Ғылымның белгілі бір саласында ғана арнайы жұмсалатындығын көрсететін белгілер: биология , химия, музыка, медицина, спорт, авиация;
4. Сөздердің әр түрлі стильдік бояуын көрсететін белгілер: экспрессивті, эмоционалды сөз, сыпайы сөз, т. б.
Сонымен бірге сөздікте азын-аулақ болса да қай сөз қай тілден келгендігін көрсететін этимологиялық белгілер де көрстеліген. Мысалы: араб сезі, иран (парсы) сөзі, монғол сөзі, орыс сөзі (ор.) т. б.
Аталған неше алуан белгілер бұрынды-соңды шыққан түрік халықтары сөздіктерінің бәрінен де өте-мөте бай екендігін ескерсск, бұл сездіктің, бағасы мен құнын біршама арттыра түспек. Әрбір сөздің мағыналарына қысқа түрде тұжырымды анықтама беруге тырысқан. Сөздің негізгі заттық мағынасы алдымен беріледі де, онан соң қосымша және ауыспалы мағыналары келтіріледі. Сөз мағыналарының бәрі де белгілі цитаталармен құжатталынып, келтірілген мысалдар кімнен және онын қай шығармасынан алынғандығы автордың тегі, кейде өз есімі (Абай, Жамбыл, Махамбет т. б.) арқылы көрсетілген. Реестр сөздің анықтамасы, оған берілген грамматикалық, шығу төркіні (қай тілдің сөзі екендігі) мен қай стильге жататындығы туралы белгілер, бұларға келтірілген түрлі мысалдар, бір сөзбен айтқанда, сөздік мақала деп аталады. Әрбір сөздің мағынасы мен реңкін айқындауға берілген нақтылы мысалдар, келтірілген иллюстрациялық материалдар сөздің қолдану аясын, стильдік мәнін мүмкіндігінше толық және айқын етіп дәлелдеуді көздейді. Сол себептен олар атау сөзге қойылған грамматикалық, стильдік белгілерге сай, сөздің табиғатын, сипатын жан-жақты түсіндіріп, анық ашып беретідей болуы және мазмұны жағынан ұстамды да тұжырымды болып келуі қадағаланады.
9
Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі сияқты қомақты ғылыми көрнекті еңбек -- Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының шығарған шын мағынасындағы шынайы халық кітабы. Бұл көптің еңбегі -- өлмейтін еңбек, жоғалмайтын қазына. "Қазак тілінің көп томды басылымы -- бүкіл халықтың ғасырлар бойғы сары алтындай сақталған төл казынасы, ортаймай, толыса беретін рухани дәулеті".

2.2. Этимологиялық сөздік

Этимологиялық сөздік(грек. etymon - ақиқат, logos - сөз), белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анықтайды. Сөз тарихы, мағынасы тіл тарихымен, сол тілді жасаушы, қолданушы халық тарихымен, өткендегі тұрмыс-салтымен, мәдени-рухани өмірімен, өзге елдерге қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Орыс тілі бойынша А.Преображенский, М.Фасмер, Н.М. Шанский, В.В. Иванов, Т.В. Шанская, т.б. этимологиялық сөздіктері бар. Түркітануда Этимологиялық сөздіктің тарихыА.Вамберидің "Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі" (Лейпциг, 1878) еңбегінен басталады. 1969 ж. Хельсинкиде шыққан М.Рясяненнің "Түркі сөздерінің этимологиялық сөздік тәжірибесі", 1972 ж. Лондонда шыққан ағылшын ғалымы
Дж. Клосонның "XIII ғасырға дейінгі түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі", қазақ тілінің қысқаша Этимологиялық сөздігі (1966), т.б. жарық көрген. Этимологиялық сөздіктің анықтамасы этимологияның 2 түрлі негізіне сүйенеді:
1) Ғылыми этимология - сөз төркінін, морфемалардың даму тарихын дәл анықтап, ғылыми негізде түсіндіру;
2) Халықтық этимология - кейбір адамдардың жеке сөз мағынасын тұспалдап, топшылау.
Этимологиялық сөздіктегі ғылыми этимология 5 түрлі принципке (генеалогия, фонетика, морфология, семантика, этимология) сүйенеді.
Этимологиялық сөздікте материал түбірлес сөздердің ұясында, солардың бәріне ортақ негіз болған түбірден тараған сөздердің тобына беріледі. Ал кірме сөз болса, қай тілден қандай себеппен кіргені, егер төл сөз болса, сөзжасам процесінің тәртібі беріледі. Этимологиялық талдаудың мақсаты - сөздің байырғы, алғашқы түрінің, мағынасының тарихи даму, өзгеруін көрсету. Этимологиялық сөздікте қолданылатын этимологиялық зерттеулердің негізгі әдістері: салыстырмалы-тарихи, семантика-лингвистикалық география, морфемалық жіктеу тәсілі, т.б. Этимологиялық сөздіктің анықтамалары мен тұжырымдары, зерттеулері сөздің бастапқы түрін қалпына келтіруге, алғашқы уәжді анықтауға қатысты номинациялау мәселесімен, тіл даму тарихындағы ремектілі құбылыстарды анықтауға этнолингвистикамен, лексикологиямен, тарихи морфологиямен, т.б. тығыз
10
байланысты. Мысалы, ағайын сөзі тарихи тұрғыдан аға-іні деген екі сөзден тұрады. Қолқа сөзінің тарихи түбірі ескі түркі тілінде бар, яғни "қол - өтіну, тілеу, сұрау" деген етістік. Көптеген сөздердің мағынасы қолданыс тарихына байланысты өзгеріп кеткен. Осы бағытта қазіргі тілімізде мағынасы түсініксіз немесе тұлғасы о бастағы түрінің өзгеріп кеткен көптеген сөздердің сыры осы қатыста ашылып, сөздердің түп-төркіні, сыры белгілі болды.
Шығу тегі шет тілдік сөздердіқ қай тілден ауысқандығы, қандай формада айтылғандығы көрсетілген. Мәселен, такелаж деген орыс сөзі өзгере келе каталажка, ал қазақ тілінде әуелі каталашка, одан кейін кәтелешке болып кеткендігі түсіндірілген.
Сөздікте реестрге алынған сөзден кейін әдеби шығармалардың түрлі нұсқаларынан мысалдар келтірілген. Сонымен қатар біраз сөздерге түсініктеме беріліп отырған. Сөздік мақалаларда әр автордың берген талдауларынан басқа, жеке сөздін этимологиясы жаиында бұрынды соңды айтылған зерттеушілердің өзіндік пікірлері қоса қамтылған. Этимологиялық сөздіктен бірнеше мақалаларды келтірейік:
Артель. Содан кейін артель ұйымдасты да, мен мүшесінің біреуі болып кірдім
(С. Мұқанов). Бұл сөз тілімізге орыс тілінен еңгенмен, оның төркіні түркі тілдерімен байланысты. А. Г. Преображенский, Н. В. Горяевтардың талдауы бойынша, артель сөзі `татар тіліндегі ортақ және ел деген дербес сөздерден құралып, "бірлестік, ортақтық" деген мағынаны білдіретін болған. Басқалардың айтуына карағанда, артель сөзінің түбірі түркі тілдеріндегі орта, орталай, деген сөздермен байланысты. Сөйтіп, кезінде түркі тілдерінен орыс тіліне кірме сөз ретінде еңген артель сөзі казір өзгертілген түрінде, жаңа мағынада түркі тілдеріне кері ауысып, қолданылып жүр.
Барымта. Мұндай даудың арты әдетте барымтаға соғады (С. Мұқанов). Қейбір тілдердің фактілері бізді бұл сөздің этимологиясын ашуға жақындата түседі: туваша -- барымдаа -- 1) негіз; 2) себеп. Монғолша -- баримт негіз, дәлел, себеп, аргумент; 2) факт, жағдай; 3) есеп. Тіліміздегі барымта зат есімінің шығу төркіні "себеп, негіз дәлел, есеп" мағыналарына келіп ұштасады, өйткені барымта себепсіз, негізсіз, дәлелсіз болмайды. Біздіңше, түркі тілдеріндегі барымта сөзі монғолдың "негіз, факті, себеп, дәлел" мағынасындағы баримт сөзінен шыққан болуы керек. Баримт түркі тілдерінің артикуляциялық базасына сай барымта болып өзгерген және оның мағынасында абстрактылану пайда болған тәрізді. Барымта сөзінен барымта сөзінен барымталасу сияқты туынды етістіктер жасалған.
Этимологиялық сөздік -- білім салаларының өзара ұштасып қабысуынан талап ететін өте жауапты да қиын жұмыс. Ол туған халқымыздың ежелгі тарихын емін-еркін білумен қатар тарихи фонетиканы, грамматиканы, лексиканы да жете білуді талап етеді. Аталған сөздікті жасауда мақсат сөз төркінін іздеушілерге ой салып; бағыт-бағдар сілтеу екендігі даусыз.
11
Тіліміздегі түбір тұлғасы әзірге онша мәлім емес сөздердің, этимологиясын онан әрі жан-жақты анықтап, толық сөздік шығару -- болашақта атқарылатын іс.

2.3. Фразеологиялық сөздік

Фразеологиялық сөздік белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді. Орыс тілінің фразеологиялық сөздігі (ред. бас. А. И. Молотков) 1967жылы жарық көрді. Бұл сөздікте орыс тіліндегі төрт мыңнан астам фразеологиялық оралымдар қамтылып, олардың мағыналары талданған және айқындайтындай әдебиеттен мысал берілген. Мақала былайша құрастырылған: Воспрянуть (восстать) ото сна. Выйти из состояния апатии, подавленности, застоя, оживиться, пробудиться. Товарищ, верь: взайдет она, Звезда пленительного счастья; Россия вспрянет ото сна, И на обломках самовластья Напишут наши имена. Пушкин, К. Чаадаеву.
Фразеологиялық сөздік бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады. Фразеологиялық сөз тіркестері белгілі дәрежеде түсіндірме сөздіктерде де қамтылады. Фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал мен мәтелдерді өте-мөте қамтыған сөздік - В. И. Даль құрастырған орыс тілінің түсіндірме сөздігі.
Орыс тілі мен қазақ тілінде және т. б. Тілдерде қанатты сөздердің жинақтары бар. Қазақтың қанатты сөздерді атты жинақта (авторы - Н. Төреқұлов) фразеологиялық оралымдарды бір түрі - қанатты сөздерге талдау жасалып, төмендегі түрде түсіндіріледі:
Шықбермес Шығайбай. Қазақ ертерек, аңыздарында Шықбермес Шығайтай аты аталады. Бұл - өз құлқынынан басқаны ойламайтын, ешкімге еш нәрсесін бермейтін, ауысып - түйіспейтін нағыз барып тұрған сараңдардың бейнесін көрсететін жинақты ат. Ел арасында кездесетін осы сияқты сараңдарды қазақ нағыз Шықбермес екен деп Шығайбай атына байланыстыра айтады.
Сонымен, әр түрлі фразеологиялық сөздіктер мен жинақтарда фразеологиялық оралымдар мен олардың түрлері талданып түсіндіріледі.
Фразеологиялық сөздік -- тілдегі сан алуан тұрақты тіркестерді жинап, мағыналық жағынан бір жүйеге түсіретін лексикологиялық еңбек. Фразеологиялық сөздіктің басқа (түсіндірме, терминологиялық, диалектологиялық, аударма, арнаулы, т.б.) сөздіктерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде алғаш рет 11 мыңға жуық фразеологиялық тіркесті қамтитын Фразеологиялық сөздік 1977 ж. акададемик Қ.Кеңесбаевтың авторлығымен жарық көрген. Сөздікке қазақ халқының сан ғасырлық тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін бейнелейтін образды тұрақты тіркестер, жазба әдебиет шығармаларында кездесетін өрнекті сөз орамдары, сондай-ақ ауызекі тілде және мерзімді баспасөз беттерінде кездесетін тиянақты тіркестер тобы еңгізілген. Әрбір
12
фразеологизмнің мағынасына түсініктеме беріліп, қолданылу орайы көрсетілген. Сөздікте кездесетін алғыс, қарғыс мәнді, діни мағыналы фразеологизмдерге диалектілік тіркестерге стильдік белгілер қойылады. Фразеологиялық сөздікте тұрақты тіркестердің нұсқалары мен мағыналас фразеологизмдер арнайы айырым белгімен ерекшеленген. Етістікке бітетін фразеологизм ауызекі тілде, көркем шығармада қалай аталса, өзгеріссіз солай берілген. Етістік тұйық формада емес, көбінесе ашық райда берілген. Мысалы, Жүрегі тас төбесіне шықты. Жүрегі (зәресі) ұшты (шошынды), зәресі кетті. Қатты үрейлену, шошып кетті, қорықты. Менің жүрегім тас төбеме шықты, қалтырап кеттім. Оқ жыландай ирелеңдеп, жайдың оғы басталды. Жүрегі ұшып Күнайым, Ердің қасын бас салды. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен басқа 1988 ж. 2300 фразеологиялық тіркесті қамтитын "Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік", 2002 ж. "Мағыналас фразеологизмдер сөздігі" жарық көрді. Сөздікте жалпы ұғымның әр түрлі түсініктері нақтыланатын 3 мыңға жуық мысал бар.
Фразсологиялық сөздік тілдсгі сан алуан тұрақты сөз тіркестерді жинақтап, соларға кең түсінік береді. Біздің тіліміз фразеологияға соншалыкты бай.
Бұлар аз сөзбен көп ойды жеткізу үшін айырықша қызмет атқарады. Көркем образ жасауда да бұлардың алатын орны ерекше. Мәдениеті қарыштап дамыған елдердің көпшілігінде фразеологиялык сөздіктер бар. Қазақ тілінің тұңғыш фразсологиялық сөздігі 1977 жылы академик Кеңесбаевтың авторлымен жарыққа шықты. Сөздікте тілміздегі он мыңнан астам фразеологиялық бірліктерді қамтыған. Әрбір фразеологизмнің мағынасына түсініктеме беріліп, қолданылу орайы көрсетілген. Қазақ фразеологизмдерінің синонимдері мен варианттары да, мүмкін болғанынша, жинақталған. Кей жағдайда жекелеген фразеологизмдердің тууы мен жасалуы да сөз болады.
Сөздікке негіз болған Тіл білімі институтындағы жиналған үш миллионнан астам картотека қорындағы қыруар материалдар екендігі сөзсіз. Сонымен қатар автордың ұзақ жылдар бойы ел ішінде болып, солардан тірнектеп жинаған материалдарын да молынан пайдаланған. "Сөздіктің кұрылысы мен жасалу тәсілдері" атты кіріспе мақалада сөздіктің құрылым-құрылысы мен жасалу принциптері жайында кең түсінік берілген. Мұның өзі сөздікті пайдаланушы адамдарға үлкен себін тигізетіндігі даусыз. Кітапқа сөздік материалдармен қоса "Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы" деген көлемді теориялық мақала да ендірілген. Сонымен бірге "елтаңба туралы", "ай санау дәстүрлері туралы", "жыл қайыру жайлы" атты үш түрлі қосымша материалдар да бар. Сөздіктін сонынан "Шартты қысқартулар" тізімі мен индекс ретіндс "Сөз тізбе" берілген. Демек, сөздікті жасап шығаруға автор көп еңбек сіңіргендігі байқалып тұр.
Сөздіктің жетістігі мен қатар кем-кетік, кемшіліктері де жоқ емес.
Сөздіктің құрылымы мен құрылысын, жасалу принципін таныстыру, көрсету мақсатымен оқушы қауымға сөздіктен бірнеше мысалдар келтірейік.
13
Бас иді. 1. Разылық білдірді, көрсетілген құрметке ілтипат білдірді. Әнші әнін аяқтап, залдағыларға бас иді.
2. Мойынсұнды, көнді, алдына тізе бүкті, бағынды. Бірлігі бар, арманы бар, ойы бар. Бұл -- Қорея бас иетін ел емес. Өрісі қатты тарылды. Ел корғайтын ерлердің, аяғына барып бас иіп, Алдияр деп жалынды.
Қол тума. 1. Өз қолында өскен, асыранды. Бұл тұйе -- колхоздың өсірген қол тумасы.
2. Өз қолымен орнатқан, жасаған.
Ақ түйенің қарны жарылды. Қарық боп қалды; ит басына іркіт төгілді. (Ішкені алдында, ішпегені артында болып, молшылыққа батты). Сол күннен бастап Итбай аулында ак, түйенің қорны жарылды (С. М.).
Фразеологиялық сөздік белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді.
Фразеологиялық сөздік бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады.
Фразеологиялық сөз тіркестері белгілі дәрежеде түсіндірме сөздіктерде де қамтылады.

2.4. Диалектологиялық сөздік

Диалектологиялық сөздік (кітап) - қазақ тілі диалектілерінің, оның ішінде жеке сөйленістерінің лексикалық ерекшеліктері мен құрамында сирек кездесетін фонетикалық, грамматикалық құбылыстарынан мәлімет беретін сөздер қамтылған сөздік.
Сөздікте Қазақстан аумағында жиналған материалдармен қатар Қытай, Монғолия, Ауған, Иран, Ресей, т.б. шетелдердегі қазақ диаспорасының тілінен алынған деректер пайдаланылған. Сөздік тіл мамандарына, ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, оқу-ағарту ісі мен мәдениет қызметкерлеріне және қалың көпшілікке арналған. Редакциялар алқасы:
Ө. Айтбайұлы, С. Әбдрахманов, Ә. Кекілбаев, Е. Қажыбек, Ә. Қайдар, Б. Қалиұлы, М. Құлкенов, Ш. Сарыбаев, М. Серғалиев, Р. Сыздық, Х. Көбей.
Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті ерекшеліктер бар Бұлардың көпшілігі фонетика мен грамматикадан гөрі лексика саласында жиірек ұшырасады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлық түрінен де жергілікті ерекшеліктер табылады. Бірақ бір сөз табы (зат есім, етістік, сын есімдер) диалектілік сөздерге өте-мөте бай, ал қалған сөз таптарында олар соншалықты көп емес деуімізге болады.
Ауызекі тілдегі сөз айырмашылықтарын жинап-теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын салыстырып зерттеуге себін тигізеді. Ара-тұра әдеби тілдің сөз қорын көбейтуге де белгілі мөлшерде қолғабыс жасайтындығы даусыз.
14
Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктер негізінен көне тайпа тілдерінің
қалдықтары болса, екінші жағынан, басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер екендігі дәлелденген. 1937 жылдан бастап, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау қолға алынды. Сол экспедициялық материалдардың негізінде Ж. Досқараевтың "Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері" атты тұңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты. Сөздіктің алға қойған мақсаты: "Жұртшылықты халық тіліндегі лексикалық ерекшеліктермен таныстыру, олардың әр алуан мағыналарын түсіндіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен, кейбір басқа тілдермен қатынасын тіл фактілері бойынша салыстырып көрсету" еді. Кітапқа қазақ тілінің 1521 жер-гілікті ерекшеліктері ендірілпен. Сөздікте әр сөздің мағынасы бірде әдеби тілдегі баламаларымен, бірде сипаттама түрінде түсіндіріліп, тиісті мысалдар келтірілген. Мүмкіндігіне қарай, әрбір жергілікті диалектизм өзге түрік тілдеріндегі, атап айтқанда, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар және моңғол тілдерінің ескілі-жаңалы материалдарымен салыстырылып көрсетілуі еңбектің ғылыми құндылығын недәуір арттыра түскен. Қітапқа жеке сөздермен қатар жергілікті халықтың ауызекі тіліндегі бірқыдыру сөз тіркестері де қамтылып, оларға да тиісті түсініктер берілген. Мысалы: жамбар тарту, ауыздап жіберу, бала қүшақтау, бірі шек болу, еркектеп кету, орам болу, сұрам беру, жоқ ету, қайырма беріс, т. б. Сонымен бірге жалпы халыққа өте-мөте танымал белгілі сөздердің де орынсыз сөздікке еніп кеткендігі байқалады. Мысалы: аламан, ауу (егін туралы), бей-бас, дарбаза, долы (қатты дауыл), жасауыл, желек, жер шыгып ету, жылым, зығыр, кездік, кесел, мауыздау, миластыру, семіру, т. б.
Жеке сөздердің шығу төркінің (этимологиясын) әртүрлі жолмен анықтап, оларды құжаттандыруды бірізділік жөнді сақталмаған: бірі толық, енді бірі өте қысқа түсіндірілген.
"Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін" екінші рет профессор С Аманжолов 1959 жылы шығарды. Бұған 4000-нан астам жергілікті тіл ерекшеліктері енген. Автор қазақ тілі мамандарының әр жылдардағы жазып алған экспедициялық материалдарын молынан пайдалана отырып, сонымен қоса аудандық және облыстық газеттерден, халықтың ауыз әдебиеті мұралары мен көрнекті ақын-жазушылардың шығармаларынан бай материалдар жинап, солардың негізінде жазғандығы байқалады.
Ж. Досқараев пен С. Аманжоловтардың сөздіктерінің біреуінде кездескен сөз екіншісінен де табылып отырады. Алайда қайталаған сөздерге берілген түсінік көп ретте бірін-бірі толықтырып отырғанымен, кей жағдайда өзара алалықтар да тудырып отыратындығы аңғарылады. Мәселен, албар деген сөзге Досқараевтың сөздігінде қора (ашық қора) деп түсіндірілсе, Аманжоловтың сөздігінде ат қора (конюшня) делінген. Аяқкиіз -- іргелік киіз, үйдің іргесіне ұстайтын, ішіне төсейтін киіз.
Бірлі жарым ұсақ-тұйек кемшіліктері болғанымен, түптеп келгенде бұл екі сөздік қазақ диалектологиясын аяғынан тік тұрғызып, етек алып дамытуға үлкен үлес қосты. Онан кейін де жылма-жыл диалектологиялық
15
экспедициялар ұйымдастырылып, қыруар материалдар жиналды. Солардың нәтижесінде бірсыпыра адамдар ғылыми диссертациялар қорғап, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы деген дәрежеге ие болды. Сонымен қатар өңдеп, толықтырып, жаңа сөздік шығаратын да уақыт жетті.
Диалектологиялық сөздік әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер немесе сөйлеу дыбыстарына тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды. Белгілі бір диалектілерге тән сөздерді жинап, олардың сөздігін құрастырудың және оларды жете білудің тілдің тарихи даму жолдарын, оған тән заңдылықтарды айқындауда үлкен мәні бар. Ұлт тілінің ішіндегі жергілікті диалектілерге тән әр түрлі ерекшеліктерді салыстыру тілдің тарихи дамуын танып білуге көмектеседі.
Диалект сөздер бүкілұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ олар жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені, олардың басым көпшілігінің жалпыхалықтық тілде баршаға түсінікті баламалары бар. Диалектілік лексиканы Ш.Сарыбаев сәйкесті диалектизмдер, сәйкесссіз диалектизмдер, семантикалық диалектизмдер деп үшке жіктейді. Қалиев құрамы жағынан нағыз лексикалық диалектизмдер, лексика-семантикалық диалектизмдер, этнографиялық диалектизмдер деп бөледі. Ғалым диалектілік сөздер негізінен әдеби тіл лексикасына кірмейтінін дәлелдей отырып, оларды белгілі бір ұғымды білдіретін сөздер әдеби тілде жоқ болған жағдайда әдеби тілге енгізу керектігін ескереді.
Қазақ терминологиясында диалектілік лексиканың терминденуі арқылы жасалған терминдер тым жиі болмаса да кездеседі. Мәселен, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында қолданылатын төп сөзі биология терминдерінің қатарынан орын алған. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде бұл сөзге - сүйектен жасалған ботқа, каша. Көженің қоюы деген түсініктеме беріл - се, 1988 ж. жарық көрген биология арнаулы сөздігінде төп (барда) терминіне - малға жем ретінде пайдаланылатын спирт өндіргенде қалатын қоймалжың қалдық деген анықтама берілген. Сондай-ақ, кен ісі және ме - таллургия саласының түсіндірме сөздігінде кеуек сөзіне мынадай анықтама берліген: біртұтас материалдардың ішіндегі 0,01 мм-ден бірнеше мм-ге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды сөздік және қағаз сөздіктердің салыстырмалы мінездемесі
Сөздіктің алғы сөзінен үзінді
Python сөздіктері
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі
Шетел тілінің лексикалық дағдыларын оқыту технологиялары
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІ
Delphi-де қазақша - ағылшынша сөздік жасау
Қазақ тілінен орыс тіліне машиналық аударудың лингвистикалық сөздіктерін Apertium платформасының негізінде жасау
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер