Негізгі өндіріс шығындары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

1. Шығындар теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1 Шығындар түсінігі, жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2. Калькуляциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1. Материялдық шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Еңбек шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3. Үстеме өндірістік шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Кіріспе

Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.
Фирманың тепе-теңдік нүктесі және максималды пайдасы шеткі табыс пен шеткі шығындар тепе-теңдігі жайында (MR=MC) фирма осындай арақатынасқа қол жеткізгенде, онда ол өндірісті енді ұлғайтпайды, өнім шығару тұрақталып фирма тепе-теңдігі сақталады.
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыруда екі ұйымдастырушылық аспект бар: қолданылатын бухгалтерлік шоттар жүйесі мен шығындарды топтастыру тәсілдері. Мұндай есепті ұйымдастыруға мына факторлар әсер етеді: қызмет түрі; басқару құрылымы, кәсіпорын мөлшері, ұйымдастыру құқтық пішін және т.б.
Техникалық көзқарас өндірістік шығындардың тұрғысынан басқару есебін аналитикалық есеп деп қарайды. Шоттардың жұмыс жоспарын жан-жақтылау дәрежесі басшылардың басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат қажеттілігіне байланысты.
Басқару есебін ұйымдастыру, сонымен қатар есеп объектісіне байланысты, дәлірек айтқанда, түрлері, пайда болу орындары және жауапкершілік орталықтарына қарай айқын топтасуын көздейді.
Сонымен менің курстық жұмысымымда өндірістік шығындар және оның ұйымдастырылу туралы айтып өтемін.Онда өндірістік шығындардың мәні, мағынасы және есебінің әдістер туралы, сонымен қатар өндірістік шығындардың негізгі элементтер және өзіндік құның калькуляциясы туралы ашып көрсетемін
1. «Экономикалық теория» - С. Әкімбеков, А. С. Баймұхаметова.
2. «Экономикалық теория бойынша оқу құралы» - Бимендинова Л. А, Жатқанбаев Е. Б,Күренкеева Г. Т
3. «Микроэкономика» - Мамыров, Нұрғалиев, Тілеужанова.
4. «Микроэкономика» - Мұхамедиев Б. М.
5. «Кәсіпорындағы бұхгалтерлік есеп» - Радостовец В. К, Ғабдуллин Т. Ғ, Радостовец В. В, Шмидт О. И.
6. «Басқару есебі» - 2008ж. Адайбеков. 7. «Басқару есебі оқулық» - В. Л. Назарова, М. С. Жапбарханова, Д. А. Фурсов, С. Д. Фурсова. 8. «Введение в управленческий и пройзводственный учет» - К. Друри. 9. «Управленческий учет» - Т. П. Карпова.
10. «Қаржылық талдау « 2005 ж - Дұйсембаев К.Ш .,Жумагалиева Ж.Г. 11. «Теория анализа хозяйственности « - Баканов М.И. ,Шеремет А.Д.
12. «Бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспары» 13. «Ержанов М.С. Қазақстандық кәсіпорындардағы есеп саясаты» Алматы Бико 1997. Ержанов М.С.
14.Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.
15.Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. Алматы, Кәуса бұлақ баспасы, 1999

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1. Шығындар теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Шығындар түсінігі, жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.2. Калькуляциялау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...11
2.1. Материялдық шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Еңбек шығындары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3. Үстеме өндірістік шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Кіріспе

Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.
Фирманың тепе-теңдік нүктесі және максималды пайдасы шеткі табыс пен шеткі шығындар тепе-теңдігі жайында (MR=MC) фирма осындай арақатынасқа қол жеткізгенде, онда ол өндірісті енді ұлғайтпайды, өнім шығару тұрақталып фирма тепе-теңдігі сақталады.
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыруда екі ұйымдастырушылық аспект бар: қолданылатын бухгалтерлік шоттар жүйесі мен шығындарды топтастыру тәсілдері. Мұндай есепті ұйымдастыруға мына факторлар әсер етеді: қызмет түрі; басқару құрылымы, кәсіпорын мөлшері, ұйымдастыру құқтық пішін және т.б.
Техникалық көзқарас өндірістік шығындардың тұрғысынан басқару есебін аналитикалық есеп деп қарайды. Шоттардың жұмыс жоспарын жан-жақтылау дәрежесі басшылардың басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат қажеттілігіне байланысты.
Басқару есебін ұйымдастыру, сонымен қатар есеп объектісіне байланысты, дәлірек айтқанда, түрлері, пайда болу орындары және жауапкершілік орталықтарына қарай айқын топтасуын көздейді.
Сонымен менің курстық жұмысымымда өндірістік шығындар және оның ұйымдастырылу туралы айтып өтемін.Онда өндірістік шығындардың мәні, мағынасы және есебінің әдістер туралы, сонымен қатар өндірістік шығындардың негізгі элементтер және өзіндік құның калькуляциясы туралы ашып көрсетемін


1- бөлім. Шығындар есебінің түсінігі

1.1 .Шығындар есебінің түсінігі , жіктелуі.

Әрбір кәсіпорын жоғары деңгейдегі пайданы қамтамассыз ету үшін шешімдер қабылдауға міндетті. Бұл шарт орындауда негізгі талаптардың бірі - шығындарды азайту болып табылады. Ол үшін:
1. Өндіріс шығындарының құрамы мен құрылымын білу қажет. Құрылымды білу үшін - қайда көңіл аудару керек деген сұрақ тұады.
2. Шығындарды талдап, олардың тиімді пайдалануын, реттеуді және бақылауды ұйымдастыру;
3. Щығындарды шектеу, өнімнің сапасына сәйкес және оның бағаның негізі болатындығын естен шығармау;
4. Шығындардың өзгеру заңдылығын білу. Тасмалдау шығындарды төмендету мәселесі алдында тұрады.
Шығындардың есебін жүргізу мәселесі - ертеден келе жатқан мәселе.
Шығындар дегеніміз - белгілі мақсатта пайдаланылған ресурстар көлемінің ақшалай көрінісі, яғни нәтижесінде өнім өндіріп, өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Шығындар тек қарапайым шығындар емес, нарықтық құн формасын алған ресурстар шығындары аталады.
Өндірістік шығындарды жіктеп берудің бірнеше жолдары бар:
oo экономикалық элементтері бойынша - еңбекақы, материалдар, амортизациялар; Өзіндік құнының баптары. Ол калькуляция элементтеріне байланысты.
oo технологиялық процестер бойынша - тікелей және үстеме шығындар. Негізгі шығындар - өнімнің құрамына енетін шығындар. Үстеме шығындар - тікелей апаруға мүмкіндігі жоқ.
oo құрамы бойынша - бір элементтік, кешендік және жанама болып бөлінеді. Бірэлементтілер- бірэлементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар). Кешенділер- бірнеше элементтен тұратындар. Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді.
oo өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша - тікелей және жанама;
өндіріс процесіндегі рөліне байланысты - өндірістік және өндірістік емес. Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына құрайтын барлық шығындар.
oo шығын жасаудың сай келетіндігіне сәйкес - өнімділік, өнімділік емес. Өнімді(жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар. Өнімді емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.
oo жоспарға енгізу мүмкіндігіне байланысты - жоспарланған және жоспарланбаған;
oo өндіріс көлеміне қатысты - тұрақты және айнымалы шығындар. Тұрақты - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Айнымалы - шығарылған өнім көлеміне сәйкес өзгеретін өндірістік шығындар.
1. пайда болуының кезектілігіне сәйкес - ағымды және бір жолдық. Ағымдағы - жиі мерзімде болып тұратын шығындар. Бір жолдық - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б төлеуге арналғандар.
oo дайын өнімге қатынасы бойынша - аяқталмаған және дайын өнім шығындары;
Өнімнің өзіндік құнын анықтауда қорларды бағалау және пайданы анықтау бағытында шығындар:
енетін немесе кіретін және болған шығындар;
тікелей және жанама шығындар;
негізгі және үстеме шығындар;
өзіндік құнға енетін және мерзімді шығындар;
шешім қабылдау және шоспарлау шығындары:
тұрақты және айнымалы
тұрақты бағалауға қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;
қайтарымсыз шығындар;
енгізілген шығындар және жоғалтылған пайда;
жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар;
релеванттық және иррелеванттық шығындар. Релеванттық шығындар - басқару шешімін қабылдағанда өзгеретін шығындар. Иррелеванттық шығындар - басқару шешімін қабылдағанда өзгермейтін шығындар.
Кәсіпорын шығындарын басқару күрделі процесс. Өзінің мәні жағынан ол кәсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процесстерінің барлық жақтарын қамтиды.
Есеп тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруда жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруда жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылданған анықтамасы-бұл шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін оларды сандық өлшеу (заттай және құнды көрсеткіштермен, тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін шығару арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.
Бірақ мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің ойымызша өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруі немесе басқару есебінің өндірісті қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғы шарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сәйкес есеп ақпараттық тасқын ретінде тек қана іс әрекетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын үлгілеу үшін ақпараттар дайындайды.
Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебін басқару үлгісінің сәйкесінше өткендегі, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.
Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:
oo кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты қамтамасыз ету;
oo болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін нормативті және жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;
oo дайын өнімді бағалау және қаржылық нәтижелерді есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;
oo құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің экономикалық нәтижелерін анықтау және бағалау;
oo ұзақ мерзімді сипатқа ие , өндірістік және технологиялық бағдарламалардың өзін ақтауы, өнім түрлерінің пайдалылығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.
Өндіріс шығындары есебінің маңызды сипаттамасын қорытындылай келе, тағы да оның негізгі бағытын айта кетеміз- өндірістік қызметті бақылау және оны жүзеге асыру үшін шығындарды басқару.

1.2. Калькуляциялау

Калькулыциялау - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу . Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақытылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькулыция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуде, сондай - ақ жұмыс пен көрсетілген қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып, қорытылады.
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.
Калькуляциялаудың міндеті - шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай - ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі - калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.
Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері ) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.
Жоспарды калькуляциялаудың бір түрі - сметалық калькуляция ; оны бір рет шығатын (бірегей ) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығыннның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында - төмен. Сондықтан есепті жыл басында өнімнің нормативті өзіндік құны жоспарлыдан жоғары, ал есепті жыл соңында - төмен.
Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақты ) калькуляциясы жоспарланатын кәсіпорынға байланысты (өндіріс бойынша жоспарды асыра орындау мен орындамау, шығындарының кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты емес (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың мөлшері, электр энергиясына, отынға, газға, суға және т.б. тарифтердің өзгеруі ) себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді.
Нормаға сәйкес (нормативті ) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын кәсіпорындарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Кәсіпорындар жыл бойы ұйымдастырушы - техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляция жоспарлыға қарағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы деңгейін өте дәл көрсетеді.
Жобалық (проектные) калькуляция - келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың жаңа технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады.
Шамаланған (провизорная ) тоғыз ай немесе басқаша кезең ішіндегі нақты шығын мен алынған өнім (табыс), төртінші тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі шығындар мен күтілетін бұл өндіру бойынша есептер негізінде жасалады. Бұл калькуляциялардың мәліменттері ағымдағы жылдың өнім өндіру қорытындыларын алдын - ала анықтау үшін қолданылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялағанда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялау объектісінің өлшеушісі болып саналады, әдетте, өнімнің сәйкес түріне арналған техникалық шарттарды немесе стандарттарда және заттай бейнеленетін өнім өндіру жоспарында қабылданған өлшем бірліктеріне сай келуі тиіс.
Өндірілетін өнім, технологиялық процесте, өндірістік ұйымдастыруда сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолданылатын калькуляциялық сан түрлілікке алып келеді. Ұқсас белгілері бойынша олардың барлық жиынтығы жеті топқа тоғысады, олардың мазмұнын нақты үлгілерде қарастырамыз.
Заттай ( натуральды ) бірліктер бұл өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынушыларға өткізілетін өлшем бірліктеріне (дана, тонна, килограмм, киловатт - сағат, погон метр, текше метр, шарша метр, литр және т.б. ) сәйкес келеді .
Ірілендірілген заттай (натуралды) бірліктер біртекті өнім жиынтығын аралық калькуляциялау үшін қолданылады (белгілі бір артикулдық 100 пар аяқ киімі, белгілі бір түрдегі шойынның тоннасы, дербестенбеген сыраның гектолитрі, ішкі балықтың центнері, темірбетон бұйыдарының текше метрлері және т.б. ) өнімнің нақты түрлерін кейінгі калькуляциялау үшін заттай бірліктер (натуралды ) қолданылады.
Шартты - заттай бірліктер өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы мүмкін (100 % - тік спирт, құрамында пайдалы заттары бар минералды тыңайтқыштар ).
Құндық бірліктер - көтерме (өткізу ) бағадағы қосалқы бөлшектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.
Еңбек бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін қолданылады (1 нормасағат, 1 нормаауысым ).
Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т.б. шұғылданатын өндірісте қолданылады (тасымалдық тоннакиллометр, машинаауысым және т.б. ).
Техникалық - экономикалық көрсеткіш калькуляция бірлік ретінде біртекті бұйымдардың пайдалы тұтынылатын бірлігіне шаққандағы шығындарды салыстыру үшін (трактор өндірісінің шығынын қуаттылық, бірлігіне, пресс өндірісінің шығынын өнімділік бірлігіне есептелу ) қолданылады.
Калькуляциялық бірліктерінің сан түрлілігі нақты жағдай үшін негізделген әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәйкес тұтыну құнын көрсетуге,әр - түрлі кәсіпорындармен салыстыруға болатындай, баға белгілеу бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте салалық нұсқауларда келтіріледі.
Калькуляциялауға ең алдымен қатысы бар өндірістік шығындар есебі (өндірістік есеп ), калькуляциялаудың алғышарттары болып табылады. Өндірістік есеп жүйесінде белгілі бір үлгімен дайындалған ақпарат негізінде ғана өндірісті басқаруда объективті қажетті процесс болып шығатын өнімнің өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін.
Бұрын болған калькуляциялық жүйелерді бір мақсатты - өзі өндірген дайын өніммен жартылай өнімдердің қорын бағалауды көздейтін, ол өндірісушілік мақсат пен ішкі есептілікті жасауға, сондай - ақ пайданы анықтау үшін қажет еді. Бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан калькуляциялаудың бұрынғы жүйелері бойынша көптеген басқару міндеттерін шешу үшін жарамды ақпарат болмайды.
Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарынан болжауға мүмкіндік береді:
өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
өнімнің ең ұтымды , қолайлы бағаларын белгілеу;
шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
жұмыс істеп тұрған технология мен станок парқын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау;
Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйенеді. Нақты калькуляциялау мәліменттері өзіндік құн жөніндегі жоспарлы тапсырмалардан ауытқу себептерін талдау және өзіндік құнды кейінгі жоспарлау үшін, жаңа техника мен заманға лайық технологиялық процесстерді және т.б. еңгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу үщін қолданылады.
Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорыннның бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдалынады.
Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.
Егер бөлімшенің өнімі (көрсетілген қызметі) кәсіпорынның ішінде толығымен тұтылатын болса, трансфертті бағаның шамасы таза есептік және тұтастай кәсіпорыннның қаржылық жағдайына әсер етпейді.
Сондықтан, өндірістік есеп пен калькуляциялау өнімнің өзіндік құнына ғана емес, тұтастай кәсіпорыннның басқару жүйесінің негізгі элементтері болып табылады.
Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарады . Клькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы ( шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да ) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтін түрлері бойынша құрастырады.
Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құннның калькуляциясы өндірістік шығындар есебі мәліменттері бойынша шығарылған өнімнің ( жұмыстың, көрсетілген қызметтің ) өзіндік құнын есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді есепке алғаннан кейін есептеледі.
Басқару есебінде ай сайын жалпы тауар шығарудың өзіндік құны мен өзіндік құнының егжей - тегжейлендірілгенін көрсеткіштері мысалы өнімнің жеке түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады.
Өнімнің ( орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің ) өзіндік құнын калькуляциялауда меншік түрлерінің барлық ұйымдары 7 "Тауарлық - материалдық қорлар есебі " бухгалтерлік есеп стандарттарын және оған әдістемелік ұсыныстарды, сонымен қатар "Қорлар " ҚЕХС - ын басшылыққа алады. Өндірістік құнды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық - өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері және ұйымның есептері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек .
Кәсіпорын басшылығы нарыққа көшу қазіргі заманғы, құбылмалы жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақпарат қажет , олардың бірі - өзіндік құн .
Өнімнің өзіндік құны - оның шығару мен өткізуге арналған , ақшалай түрде бейнеленген шығындар кәсіпорын өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің ) өзіндік құны өндіріс процессінде табиғи ресурстарын , материалдарды, отынды, энергияны , негізгі құрал - жабдықтарды , еңбек ресурстарын , қолданылумен байланысты шығындардан сондай - ақ өндіру мен өткізуге шыққан шығындардан жиналады .
Өнімнің өзіндік құнына мыналар кіреді:
кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы және еңбек керек - жарақтары шығындары (өндірісті дайындау мен игеру шығындары, өндірісті технологиясы және ұйымдастыру, тапқырлық және үнемділікпен байланысты шығындар ; техника қауіпсіздігін қамтамассыз ету бойынша шығыстар;
кадр жинақтау , дайындау және қайта даярлаумен байланысты шығыстар; салықтар , өндірісті басқару шығыстары және т.б. );
өнімді өткізуге: буып - түю, орау, сақтау, тиеу мен тасымалдауға; делдалдық қызметке төлеу, коммисиялық алымдар мен сыйақылармен; жарнамаға шығатын шығындармен байланысты шығыстар;
өнімді осы кәсіпорында өндіру мен өткізуге байланысты емес, бірақ олардың өнімнің өзіндік құнына кіргізу жолымен орнын толтыру жай ұдайы өндірісті (геология - барлау жұмыстарына, жерді қайта өңдеуге шығындар, тамыр жіберген ағашқа суға төлеу ) қамтамассыз ету үшін қажетті.
Сонымен қатар, өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің ) өзіндік құнына ақаудан, жұмыстың өндірісшілдік себептерге байланысты тоқтап қалуынан болған шығындар, метериалдық құндылықтардың кем шығуы, өндірістік зақым (сот шешімі негізінде ) алуға байланысты еңбекке қабілеттілігін жоғалту салдарынан жәрдемақы төлеу де кіреді.
Басқару есебі жүйесінде өзіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі тым реттелмеген. Бұл өзіндік құн салық салу мақсаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінігі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бұл есеп жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері (қандай басқару міндеті шешілуіне байланысты ) қолданылуы мүмкін.

2- бөлім. Негізгі өндіріс шығындарының есебі

2.1. Материалдық шығындар есебі

Өндірістегі өнім шығындарының басты үш негізгі элементтері бар: негізгі (тікелей) матералдар; тікелей еңбек ақы шығындары (бұдан былай тексте өндірістік жұмысшыларының негізгі еңбек ақылары ретінде көрсетіледі); жанама шығындар (бұдан кейін жалпы өндірістік шығындар, кейде оны үстеме шығындар деп те атайды). Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8110 Негізгі өндіріс бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау үшін 8110 Негізгі өндіріс шоты арналған. Осы шоттың 1310-материалдар, 3350- жұмысшылардың еңбек ақысы, 8410- үстеме шығыстары жинақталады, содан соң жыл соңында 8110 Негізгі өндіріс шотына қорытындыланады.
Енді осы аталған элементтердің әр қайсысын қарастырайық. Алдымен материалдар есебіне көңіл бөлеміз, сосын жұмыс күшіне. Демек, бізге осы кезенде біршама процедуралармен және оған сәйкес құжаттармен толықтанысып алуымыз керек, содан соң, материал есебі мен бақылау процедурасын зерттейміз.
Шикізат және материалдар- өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Қазіргі кездегі өндірістік ортада шаруашьшық етуші субъектілер көп бөлшектер мен өлшеуіштерді қажет ететін, кең ассортиментті өнімдер өндіреді. Сондықтан, мұндай шаруашылық субъектілері де материалдарды басқару және жоспарлау мәселелері кешенді мәселелер болып табылады.
Ол үшін алдымен шаруашылық субъектілері де материалдарды босату және алу, тапсырыстардың типтік процедурасын қарастырамыз. Материалдарды басқару және жоспарлаудың бірінші сатысы - қорлардың оптимальды деңгейін анықгау.
Қорларды басқарудың басты мақсаты: шикізаттан дайын өнімге дейін -- қорлардың барлық түрлеріне капиталды жұмсаудың оптимальды деңгейін анықтау және шаруашылыққа қажет деңгейдегі мөлшерін ұстау болып табылады. Қорлардың оптимальды деңгейін белгілеу кезінде тұтынушылар сұраныс пен өндіріс мұқтаждарын жеткілікті дәрежеде қанағаттандыру үшін, аталған деңгейді тұрақты түрде қадағалап отыру керек.
Осымен қатар, онда шамадан тыс қорларды болдырмауын, әр заматта қорларға жұмсалған қаражаттардын тиімділігін және олардың басқа да тиімді пайдалану жолдарын іздестірген жөн.
Қорлардың оптимальды деңгейін белгілеу, сол қорларды бақылау үшін керек, бірақ біздің басты мақсатымыз - шикізат пен материаддар есебінің процедурасын карастыру: сондықтан бұл арада біз қорлардың оптимальды деңгейін қалай белгілеуге болатындығы жөніндегі мәселені қозғамаймыз.
Бәрімізге белгілі, материалдардың қорлану деңгейі олардың кірісімен тәуелді болады. Сақгауда жатқан материалдардың әрқайсысы бойынша оптимальды қорды қамтамасыз етуге қойма меңгерушісі жауапты. Ол қойма есебі (форма М-15) карточкасында қолдағы бар материалдар санының оперативтік немесе жедел есебін жүргізеді. Егер оның есебі компьютерде жасалатын болса, онда есеп карточкасының орнына тапсырыс орындары мен материалдардың қалдықтары жазылған дисплейі жеткілікті болады. Өндіріс сұранысы мен қойма ұсынысы арасындағы сәйкессіздік жабдықтау бөліміне белгілі бір мөлшерде кайтадан тапсырыс беру арқылы жойылады. Егер компьютерленген жүйе әрекет етсе, онда компьютер, қор деңгейін тапсырыс орнына (нүктесіне) жеткенде, тапсырысты автоматты түрде басады.
Жүйенің маңызы босалқылар қос бункерлік сақтаумен қорытындыланады. Бұл кезде қоймашы материалдың әрбір атауы екі негізін карточкамен көрсетілетін негізгі картотеканы енгізуі тиіс. Бұдан басқа, пайдаланылмаған запастар пакетіне салынған қайталама тапсырыс карточкасы болады. Пакетте сенімді сақталған материалдар тобы көрсетіледі. Пакеттер негізгі запас таусылғанша тиісуге болмайды. Ал негізгі материал босалқасы таусылып, пакет ашылған кезде, қайтадан тапсырыс берілуі тиіс.
Қосбункерлік сақтау жүйесін енгізгенге дейін материалдарды жылдам сатып алу тапсырмасының санын және жылдам сатып алумен байланысты шығындары ескеріледі.
Ұсынылған жүйе материалдар тапшылығын 0,5-0,75 пайызға айына төмендете алады. Жұмсалатын материалдардың жетіспеу себептері болып саналатыны:
қысқа уақыт аралығында күтпеген сұраныс;
өндірісте дайын тетіктердің ұзақ ұсталынуы;
бекітілген мерзімде жеткізу туралы келісімді орындаудың жеткізілуі үшін қиындығы;
тексеру кезінде анықталмаған ақау.
Материалдарды сатып алу. Жабдықтау бөлімі тапсырыс көшірмесін алған кезде, сатып алу сұрақтарымен айналысатын қызметкер бөлімдегі сарапшылардың (агенттер) ақпаратына сүйене отырып, материалдарды жеткізушіге өтініш жазылады. Тапсырыстың көшірмесі осы құжаттың мәлеметтерін, тауарлар келген кезде тексеру үшін қоймаға жіберіледі.
Материалдарды қабылдау. Қоймаға материалдарды қабылдау кезінде оларды жеткізуші толтырылған жүк накладнойының және жеткізуге тапсырыс көшірмесінің мәліметтерімен салыстырып қарайды.
Қойма алынған тауарларды кіріс ордеріне немесе басқадай кіріс құжаттарға енгізеді және қойма карточкасының (қабылданды) бағанасына қажетті жазуларды жасайды. Тауардың алынғаны туралы құжаттар жабдықтар бөлімі және бухгалтерияға беріледі. Жабдықтау бөлімінде тапсырыстың орындалғаны белгіленеді, ал бухгалтерияда тек нақты алынған тауарлар үшін ғана төлем жасау үшін бұл құжат жеткізушінің шотымен салыстырылады. Жеткізушіден шот әдетте тауарлар алынғаннан кейін бірнеше күннен кейін тапсырылады, бухгалтерия материалдың әрбір түрін бағалау үшін осы шоттың мәліметтерін пайдаланады. Сосын алынған тауарлар туралы жазулар материал босалқыларының мәліметтері көрсетілетін жиынтық ведомстің сәйкесінше бағанасына енгізіледі. Мұндай ведомстің мысалы 5.2. кестеде көрсетілген.

5.2 кесте. Босқалқылар есебінің кітабы

Материал
Код
Ең жоғарғы мөлшері
Ең аз мөлшері

Алынғаны
Босатылғаны
Қалғаны
Мерзім
ИТП №
Мөлшері
бағасы
сомасы
талаптары
Мөлшері
бағасы
сомасы
Мөлшері
бағасы
сомасы

Бұл құжатта нақты бар материалдардың әрбір жекелеген түрлерінің мөлшері мен құны белгіленеді. Кәсіпорындарда мұндай есепті жүргізу үшін есептеу техникасы пайдалануы тиіс.
Материалдарды босату. Жоспарлы-өндірістік бөлім өндірістік жоспармен жоспарланған босалқы деңгейіне сәйкес өндірістік процестің жүзеге асуына жауап береді. өндіруге кірісу үшін құжатты негіздеме болып жоспарлы-өндірістік бөлімнің белгілі бір өндірістік бөлімшеге (цехқа) берілген өндірістік тапсырыс болып саналады.
Жоспарлы-өндірістік бөлім сондай-ақ тапсырысты орындау үшін қажетті материалдардың мөлшерін анықтап, өндірістік тапсырысқа қоса тіркелетін қажетті материалдарды қоймадан босатуға талаптаманы (ҚБТ) аударады.
5.3 кесте Қоймадан босатуға талаптама

Талап ететін материалдар (үстеме шығындардың тапсырысы немесе ведомосы) цех
№ мерзімі
Мөлшері
түрі
Код №
салмағы
бағасы
сомасы
Ескерту

Шебер

Цех бастығы осы тапсырысты алғаннан кейін құжаттарды сәйкесінше материалдармен алмастыру үшін қойма меңгерушісіне береді. Осыдан кейін қойма меңгерушісі қойма карточкасының босатылды бағанасына құжаттарда жазылған мәліметтерді түсіреді. Сосын ол талаптаманы бухгалтерияға немесе есептеу орталығына жібереді.
Көптеген кәсіпорындар бұл талаптаманың орнына тәжірибеде материалдарды босатудың шекті ведомосын немесе шекті картасын пайдаланады.
Бухгалтерия ҚБТ құжатын алғанда онда көрсетілген материалдардың әрбір түрі бойынша бағасы мен сомасын қояды. Бұл мәліметтер әрбір босатылған материалдар үшін алынды бағанасынан, ал бағасы-сәйкесінше сол материалдардың айналым ведомосынан алынады.ҚБТ құжаттарындағы ақпарат айналым ведомосын мөлшері және сомасы бағаналарына көшіріп, әрбір материалдардың нақты түрінің мөлшерінің балансы мен жиынтығы есептелінеді. Осы операциялар компьютердің көмегімен орындалатын кәсіпорындарда кейбір тіркелімдердің қажеті жоқ. Мысалы, компьютерге алынған және босатылған материалдардың мәліметтері енгізілуі мџмкін, бұл кезде қойма карточкасы мен материалдар босалқысы есебінің кітабын пайдаланудың қажеттігі жоқ.
Материалдар есебінің жүргізілу тәртібі. әрбір босатылған материалдың құны бағалау әдісін таңдауға тәуелді түрде тапсырыс нөмірі бойынша шығындарға немесе сәйкесінше үстеме шығындарға енгізілуі тиіс, бұл қажетті ақпарат алғашқы құжаттан алынады.
Материалдар есебінің жүргізілу тәртібі төмендегі суретте сызбамен көрсетілген (сурет 5.6.).
Қоймадан босату құжаттары
Тауардың
алынғаны жөнінде ескерту

Қойма есебінің карточкасы
Алынды Басатылды

Жазу Жазу

Шот фактураның мәліметтері бойынша бағалау
Айналым ведомосының
Мәліметтері бойынша бағалау

Айналым ведомосы
Алынды (дебет) Босатылды (кредит)
Жазу Жазу

Үстеме шығындар
шоттары
Тапсырыс
шоттары

Жазу
Жазу

5.6. Сурет. Материалдар есебін жүргізу тәртібі

2.2. Еңбек шығындар есебі

Жұмыс күшіне арналған шығындардың есебі мынадай мақсаттан тұрады - кызметтің түрлері бойынша жүмыс уақытына кететін шығындарын анықтау; шығарылған өнім деңгейі немесе ауысымы (сменасы) бойынша тапсырмалардың орындалу деңгейі; еңбек ақынының есептелуінің айқындығы, жүмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айырысу; жалақы қорының пайдалануьш бақылау т. б..
Еңбек ақы шығындары бірыңғай болып келмейді, сондықтан басқарудың талаптарын қанағаттандыру үшін оларды жіктейді. Кез келген жіктеменің негізінде біртектес күбылыстарды сипаттайтын қағидалар жату керек. ШС тәжірибесівде жүмыс күшінің шығындарын есептеу үшін келесі топтамасы қолданады:
жалақының түрлері бойынша -- негізгі және қосымша;
элементтері бойынша -- кесімді істелген жүмысына карап төленетін,
сыйақылар, сыртқы себептердің салдарынан болған еріксіз тоқтауларға
төлеу, т. б.;
кызметкерлердің қүрамы бойынша -- тізімді-штаттық, келісім-
шарт бойынша жүмыс істейтінтіндер және т.б.;
:: қызметкерлердіц категориялары бойынша -- жүмысшылар,
қызметкерлер, оның ішіндегі басшылар, бас мамандар, яғни ИТЖ
Еңбек ақы бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:
кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен,
сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;
ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін
берілетін сыйлық ақылар, кәсіптік шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін төленетін тарифтік ставкалары мен айлық ақыларға қосылатын үстемақылары;
жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік
сипаттағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімінен тыс жұмыс, көп ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, мамандықты қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды немесе ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшінзаңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымшаақылар;
қоланылып жүрген заңдарға сәйкес жекелеген салалардағы
қызметкерлеріне тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық - түліктің құны, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке
пайдалануында қалатын заттардың (арнайы киім- кешекті қоса алғанда) құны немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша
демалыстарға ақы төлеу, мемлекеттік міндеттерді орындаумен, медициналық тексерулерден өтумен байланысты уақыттар;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдардың
қайта құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір
мезгілдік сыйақылар төлеу;
кәсіптік- техникалық учелищені бітірген түлектерге немесе жоғарғы
және арнаулы орта оқу орындарын бітіріп шыққан жас мамандарға жұмыс басталар алдында демалысқа ақы төлеу;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еңбеқ ақысы төмен жұмыстарды
атқарғаны үшін ақы төлеу;
уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс жүзіндегі жалақы мөлшеріне дейін заңдарда бе,лгіленген қосымша ақы төлеу;
жұмысшы- донорға тексеруден өткен, қан тапсырған және әрбір қан
тапсырған күннен кейін демалыс алған күндері үшін ақы төлеу;
Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар, Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы (21% мөлшерлемесі бойынша) көрініс табады. Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі болып , жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдерден басқасы түгел кіреді.
Жұмыс күші өндірістік қызметте негізгі орынды алады және өндірістік ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады. Тек жұмыс күші, нақты еңбек қана қосымша құнды құрады. Осы себеп қана еңбек ресурстарын тиімді пайдалану қатынасын анықтайды немесе адамдарсыз, ұжымсыз ұйымдар өз мақсатына қол жеткізе алмайды.
Басқару есебі жүйесінде жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебі негізгі орындардың бірін алады және өндіріс шығыны есебінің бөлігі ретінде көрініс табады.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебі келесі бағыттар бойынша жүргізілуі тиіс:
1. Жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебі жіктелу топтары бойынша-технологиялық операцияларда жұмыс атқаратын өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы; үстеме шығындардың құрамына енетін еңбек ақы.
2. Әрбір жұмысшыға келетін еңбек ақыны есептеулер мен ұсталымдар есебі; жекеленген қорлар мен бюджеттен тыс ұйымдар әртүрлі аударымдар есебі.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебінің мақсаты-әрбір қызмет түрі бойынша еңбек уақытының шығынын анықтау; ауысымдық тапсырысты орындау деңгейінің шамасын анықтау; еңбек ақыны шынайы есептеу; еңбекке ақы төлеу бойынша жұмысшылармен есеп айырысу; еңбек ақы қорын пайдалануды талдау.
Еңбек ақы шығындары біртектес болмайды, сондықтан басқару талаптарын қанағаттандыру мақсатында оларды жіктейді. Кез келген жіктеудің негізіне біртектес құбылыстарды сипаттайтын принциптер енгізілуі тиіс.
Мысалы, тікелей еңбек ресурстарын басқарумен байланысты қызметкерлер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндіріс шығындары
Өндіріс шығындары және оларды басқару
Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Өндіріс шығындары. Өндіріс шығындарының классификациясы
Кәсіпорын шығындары және оларды басқарудың тиімділігін арттыру
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Өзіне меншікті өндіріс шалафабрикатының есебі
Шығындар
Өндірістік шығындар туралы ақпарат
Пәндер